Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Новости

Денсаулық сақтау объектілерінде жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау

Категория: Новости
Дата: 30.07.2021
Просмотры: 473 Печать страницы
Денсаулық сақтау объектілерінде жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2021 жылға аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы мен оған ведомствалық бағыныстағы 43 кәсіпорындарда жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау,  жергілікті бюджет қаражатын пайдалану және жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Денсаулық сақтау обьектілері қызметінің тиімділігіне және олардың бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімді пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізу бойынша қамтылған қаражаттың және  активтердің көлемі 120 537 731,5 мың теңгені құрады, оның ішінде бюджет қаражаты 22 859 818,0 мың теңге, активтер 97 677 913,5 мың теңге.

Жалпы анықталған бұзушылықтар 1 633 439,2 мың теңгені құрады, оның ішінде:

378 914,8 мың теңге бюджетке қаражаттың түсуі кезіндегі заңнаманы бұзушылықтар;

1 175 916,1 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (оның ішінде 46 341,2 мың теңге өндірілуі, 1 129 574,9 мың теңге қалпына келтірілуі тиіс);

36,8 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты (активтер);

78 571,5 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты (активтер).

Сонымен қатар 57 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар және 5 жүйелі олқылықтар мен кемшіліктер орын алған.  

Жүргізілген аудиторлық іс-шарамен қамтылған облыс аумағындағы денсаулық сақтау кәсіпорындарында Қазақстан Республикасының салық кодексінің баптары сақталмай 18 кәсіпорында сауықтыруға арналған жәрдемақылардан жалпы сомасы 83017,2 мың теңге

 

 

 

әлеуметтік салығы, 85006,1 мың теңге  төлем көзінен жеке тұлға табыс  салығы ұсталмаған.

Сонымен қатар «Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі №179 қаулысының және «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 140 – бабының 4 – тармағының талаптары бұзылып, 16 денсаулық сақтау кәсіпорындарымен жалпы сомасы 245 727,9 мың теңгені құрайтын таза табысының бөлігі бюджет есебіне аударылмағаны анықталды.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 140 – бабының 4 – тармағына сай таза табыстың бір бөлігін аудару мерзімін бұзғаны үшін 17 кәсіпорынға 6910,7 мың теңге өсімпұл есептелді.

Жекелеген кәсіпорындармен құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша мердігерлерден өзіне алған міндеттерді уақытылы орындамауына байланысты жалпы сомасы 1337,3 мың теңге тұрақсыздық айыпұлдардын өндіріп алу қамтамасыз етілмеген, соның ішінде:

-«Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны – 264,6 мың теңге;

-«Талдықорған тері-венерологиялық диспансеры мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны – 123,9 мың теңге;

- «Облыстық қан орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны – 3,3 мың теңге;

- Қарғалы ауылының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны – 34,9 мың теңге;

- «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны – 672,0 мың теңге;

- «Талдықорған қалалық емханасы»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны – 38,2 мың теңге;

- «Сарқан аудандық орталық  ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны – 149,7 мың теңге;

-«Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны – 50,6 мың теңге.

«Көксу аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында «Алғабас ауылының дәрігерлік амбулаториясының корпусын күрделі жөндеу» нысаны бойынша  нақты орындалған жұмыстардың орындалған жұмыс актілерінен 1862,7 мың теңге сомасында ауытқуы анықталды.

Кәсіпорындар қызметкерлеріне жалпы сомасы 360,8 мың теңге негізсіз төлемдер жасаулар орын алған,  соның ішінде:

- «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында -227,2 мың теңге ;

-«Қарғалы ауылының Аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 42,5 мың теңге;

-«Талдықорған қалалық емханасы»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 55,1 мың теңге;

 -«Талдықорған тері-венерологиялық диспансеры мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 36,0 мың теңге.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңыңда  көзделген мемлекеттік мүлікті басқару қағидатын сақтамау нәтижесінде жалпы сомасы 78 571,5 мың теңгеге негізгі құралдарды тиімсіз пайдаланулар анықталды, соның ішінде:

- «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы»  мемлекеттік мекемесінде 1464,0 мың теңге;

- «Кәусар» облыстық оңалту орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 404,0 мың теңге;

-«Ескелді аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 10990,0 мың теңге;

-Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының «Аудандық ауруханасы»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 48393,5 мың теңге;

-«Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында 17320,0 мың теңге.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 334202,6 мың теңге өндірілді, 921 228,1  мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 11 кәсіпорындар бойынша материалдар жолданып, 15 әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттама толтырылып жалпы сомасы 773005 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

«Алматы облысы бойынша кірістер Департаменті» мемлекеттік мекемесіне  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 205 бабына сәйкес таза табысының бөлігін уақтылы бюджет есебіне аудармаған үшін 17 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар бойынша хат жолданып 10 денсаулық сақтау кәсіпорындардың басшылары «Ескерту» түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылармен қатар жекелеген денсаулық сақтау кәсіпорындарында «Жауапты тұлғаны тағайындау туралы» ҚР ДСМ 17.08.2020 ж. №98 бұйрығымен бекітілген лауазымдық нұсқаулықты бұза отырып, тиісті біліктілік санаты жоқ мамандар бөлім меңгерушілігі қызметіне тағайындаулар жасалған. Атап айтқанда:

- Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасында;

- Ескелді аудандық орталық ауруханасында;

- Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы аудандық ауруханада;

- Райымбек аудандық ауруханасында;

- «Облыстық жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясы» МКК-да;

- Ұйғыр аудандық ауруханасында;

- Облыстық перинаталдық орталықта;

- Көксу аудандық орталық ауруханасында .

«Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы бұйрығының 3-тарауының 43-тармағын бұза отырып, кейбір кәсіпорындармен тізілімге енгізу үшін бірыңғай операторға даму жоспарының орындалуы бойынша электрондық есепті уақтылы жібермеу фактілері орын алған.

Жоғарыда келтірілген бұзушылықтар аудитпен қамтылған денсаулық сақтау кәсіпорындарымен әлі де болса Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнама талаптарын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарын, Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы Ережесінің талаптарын толық сақтамауларынан орын алған.

Мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің басшысы келесі шараларды қабылдасын:

- 2021 жылдың 20 тамызына дейін Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктері қаралсын;

-  Аудит барысында анықталған заңбұзушылықтар назарға алынсын және 2021 жылдың 20 тамызына дейін бюджет есебіне өндірілуге жататын 91053,4 мың теңгенің жергілікті бюджет есебіне өндірілуі, бухгалтерлік есептілік бойынша қалпына келтірілуі тиіс 208 346,8 мың теңгенің қалпына келтірілуі қамтамасыз етілсін, соның ішінде:

«Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 68291,3 мың теңге өтелуі тиіс;

«Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында 20859,4 мың теңге өтелуі тиіс;

 «Көксу аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 1862,7 мың теңге өтелуі тиіс;

 «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 40,0 мың теңге өтелуі тиіс;

 «Райымбек аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында 208 346,8 мың теңге бухгалтерлік есептілік бойынша қалпына келтірілуі тиіс.

 - Ведомстволық бағынысындағы денсаулық сақтау ұйымдарымен таза табыстың белгіленген бөлігін тиісті бюджет есебіне толық және уақтылы аударылуы үнемі қадағалауға алынсын;

 -Кадрларды іріктеу және қызметке тағайындау кезінде  тиісті біліктілік санаттарының болуын талап ететін лауазымдардың біліктілік сипаттамалары басшылыққа алынсын;

 -Медициналық персонал (қызметкерлер) сертификаттарының қолданылу мерзімдерін аяқталуы үнемі қадағалауға алынсын.

«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу аудандық орталық ауруханасы», «Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы», «Райымбек аудандық ауруханасы», «Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету станциясы» және «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарына мемлекеттік аудит нәтижелерінің қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамалары жіберілсін.

«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жүргізілген аудит барысында анықталған заңбұзушылықтарға құқықтық баға беру мақсатында тиісті материалдар құқық қорғау органдарына жолдансын.

Алматы облысының Әкіміне және Алматы облыстық Мәслихатына аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша хат жіберілсін.

 

Назарларыңызға Рахмет!

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ