Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Новости

ZOOМ жүйесі арқылы өткізілген техникалық оқу

Категория: Новости
Дата: 10.08.2021
Просмотры: 356 Печать страницы

Мемлекеттік аудит қатысушыларымен ZOOМ жүйесі арқылы өткізілген

техникалық оқу бойынша жиналыстың

ХАТТАМАСЫ

Талдықорған қаласы                                                   10 тамыз 2021 жыл сағ 11-00

         Төрағалық еткен: комиссия мүшелері Ж. Үсенбаев, Б.Мұхамеджанов

Қатысқандар: Алматы облыстық мәслихат аппараты басшысының орынбасары С.Нұрахметов, Алматы облыстық мәслихат депутаты, бюджеттік комиссияның мүшесі Г. Ахметова, аппарат басшысы - тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілі - А.Жаншабай, бөлім басшылары - мемлекеттік аудиторлар Н.Қалқаев, А.Қадір, Қ.Есенаманов, бас маман-мемлекеттік аудиторлар - Қ.Дайырбеков, С.Желдібаев, М.Темірбаева, Г.Кожагулова, Н.Нұрғалык, Ж.Дәурембекова, Г.Назырова, Б.Рысхан, Ш.Сыздықова, М.Ботабеков, Ғ.Қазақбекеков, Қ.Молдашев, С.Шиғамбаева, Е.Өтегенов, Б.Жұмашев, А.Сәді, Ш.Бектенова, С.Тұрсынбаев, Н.Пирмаков, Ш.Сағынбеков, Ж.Шағжанов, Г.Искакова, Д.Мусина, С.Елубаева, Х.Баилов, Б.Орманов.

 

Күн тәртібі:

Ақсу, Кербұлақ аудандарының мемлекеттік мекемелерінде жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілетін аудиторлық іс-шаралар бойынша негізгі кезең алдында мемлекеттік аудит тобының қатысушыларына техникалық сабақ (нұсқама) өткізу.

 

Тыңдалды:

Сөз алған: Ж. Үсенбаев Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін мемлекеттік аудит жүргізу барысында қатаң сақтауды тапсырды.

         Қазақстан Республикасының барлық заңнамаларының талаптарын орындау керектігін айтты.

         Мемлекеттік аудит топтарының жетекшілеріне мемлекеттік аудит жүргізу барысында мемлекеттік аудиторлардың қызметтік міндеттерін орындамаған жағдайлары және атқарушылық еңбек тәртіптерінің бұзылуы орын алған жағдайда жедел түрде ақпарат беру керектігі ескертілді.

         Сөз алған: Б.Мухамеджанов  мемлекеттік аудит жүргізу барысында мемлекеттік аудиторларға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттары талаптарының толық сақталуын, сыртқа мемлекеттік аудит жүргізу барысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңмен, қағидамен, рәсімдік стандарттармен және методикалық басшылықтарды негізге ала отырып белгіленген талаптарға сәйкес аудит нәтижелерін қалыптастыруды тапсырды.

         Мемлекеттік аудит жүргізу барысында мемлекеттік аудит объектілерінің қызметкерлерімен іскерлік қарым-қатынас орнатып сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол бермеу керектігін атап айтты.     

         Сөз алған: С.Нұрахметов мемлекеттік аудит объектілерін тексеру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негіз қалаушы буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың пайда болуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді айқындау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу керектігі айтылды.

Сөз алған: А.Жаншабай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларының толық сақталуын қамтамасыз етулері қажет екендігін айтты.

Елімізде орын алып отырған карантиндік жағдайға байланысты шектеулерді сақтауды тапсырды.

         Сонымен қатар аудит объектісінде, қоғамдық орындарда жат әдеттен аулақ болып, жұмыс тәртібін сақтап, тапсырылған жұмысты уақытында аяқтау керектігіне және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісін болдырмауға ерекше көңіл аудару керектігін айтылды.

Сөз алған: Г. Ахметова - жоспарланған аудиторлық іс-шаралара бойынша техникалық оқуда айтылғандарымен толығымен келісті және депутаттардаң аудит жүргізу барысында қосымша сұрақтар туындаған жағдайда жолданатынын айтты.

        

 

 

Жиналыста төрағалық еткен                                 Ж. Үсенбаев

 

                                                                                    Б.Мұхамеджанов

 

Хатшы                                                                        Н. Тұрсынбек

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ