Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Новости

Ескелді ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау

Категория: Новости
Дата: 15.10.2021
Просмотры: 419 Печать страницы
Ескелді ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау

Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Ескелді ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудиті жоспарланған.

Осы аудиторлық іс-шараға жауапты, мен Манамұратов Қанат Манамұратұлы, Тексеру комиссиясының мүшесі.

Аудиторлық іс-шараның топ жетекшісі Тексеру комиссиясының бөлім басшысы-мемлекеттік аудитор Базарбаев Дидар Темірғалиұлы.

Аудиторлық іс-шара 2021 жылдың 18 қазанынан бастап 5 қараша аралығында жүргізіледі, аудитпен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 31 желтоқсаны аралығындағы кезең қамтылады.

       Бүгінгі жиын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидасының 82 тармағына сәйкес техникалық оқуға арналады.

            Жиынға облыстық Мәслихаттың депутаты Бигарова Сәуле Тасқынбайқызы, Алматы облысының тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі Жаншабай Абзал Керімбекұлы және Тексеру комиссиясының аудиторлары қатысып отыр.

Аталған жиынның басты мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.

 Әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатының есте сақтауымыз қажет.

Аудиторлармен аудит объектісі арасында жұмыстан басқа қарым қатынас болмауы керек, ол дегеніміз бірге тамаққа бару, сыйлықтар беру сондай-ақ тағы басқада заңға қайшы іс-әрекеттер болып табылады. Мемлекеттік аудит тек Қазақстан Республикасының Заңнамалының талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

Осыған байланысты Әдеп жөніндегі уәкілі Жаншабай Абзал Керімбекұлына сөз берілді.

Сұрақтарыңыз барма? Сәуле Тасқынбайқызы сұрағыңыз, қосатыныңыз барма?

Ал енді, басқа Сұрақтарыңыз жоқ болса, жиынды аяқтайық, сау саламат болыңыздар,  бәріңізге сәттілік тілеймін.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ