Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Новости

Саркан қаласындағы «Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі» ұжымымен кездесу

Категория: Новости
Дата: 18.02.2022
Просмотры: 503 Печать страницы
Саркан қаласындағы «Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі» ұжымымен кездесу

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША                                               ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ       

   ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ                                                        РЕВИЗИОННАЯ КОМИССИЯ ПО

  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ                                                     АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ                                                                               

ХАТТАМА                             ПРОТОКОЛ

         

               2022 ж. «17»ақпан                                                        № 1

        _____________________________________________________________________________

        Талдықорған қ., Абай көшесі 241 үй                                                                        г. Талдыкорган ул. Абая д.241

        тел: (87282) 24-13-89, Ф. 24-13-11                                                                         тел: (87282) 24-13-89, Ф. 24-13-11                          

 

Төрағалық етуші                                                            Абзал Керімбекұлы Жаншабай

 

                  

 

Zoom желісі арқылы қатысқандар:

Комиссия мүшесі                                                        Жарқынбек Орынбасарович  Усенбаев   

Тексеру комиссияның мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері                              34 қызметкер        

 

Күн тәртібі:

 

      1.Сыбайлас жемқорлықты алдына алу және көзін болдырмау, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

       2. Саркан қаласындағы «Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі» ұжымымен кездесу.

 

Сөз алғандар: Тексеру комиссиясы аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Абзал Керімбекұлы Жаншабай отырыстың күн тәртібімен таныстырып, Тексеру комиссиясының бас маман- мемелекеттік аудиторлар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатынын айтты. 2022жылғы 16 акпанда  Инстаграм желісінде Саркан қаласындағы «Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі» ұжымында жазылған аудиожазба тарап кетті, бірақ, біз оған сенбейміз де ондайға жол бермейміз, ойткені әр-бір мемлекеттік кызметші:

      - адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

      - өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;

      - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;

      - мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

     - жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге құқылы деді.

      Алдын ала осы мәселеге қатысты техникалық оқыту өткізіп отырмыз, сіздердің әр-бір әрекеттеріңіз бақылауда, аудит объектілеріне барғанда шайға, демалуға баруға тыйым салынатындығын ұмытпаңыздар, сіздерді сақтыққа шақырамын.

      Күн тәртібі бойынша, сөз,  тексеру комиссия мүшесі Ж.Усенбаев алып, жемқорлыққа қарсы әрекет жөнінде ашықтық, айқындық, заңдылық принциптерін басшылыққа ала отырып, қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті және оған деген «нөлдік төзімдікті» қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларды жүйелендіру керектігін айтты.

       Екінші сұрақ бойынша, Аудит объектілеріне барып, кездесу өткізіледі.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ