Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Новости

Пресс релиз Қаратал ауданы

Категория: Новости
Дата: 29.03.2019
Просмотры: 528 Печать страницы

 

Алматы  облысы  бойынша  тексеру комиссиясының Қаратал ауданы  бойынша  жергілікті бюджетінің 2018 жылғы  атқарылуы  туралы (Жергілікті  атқарушы   органның  есебіне  қорытынды) есебінің   іске асырылу мәселесі  бойынша

 

 

                                                   ПРЕСС    РЕЛИЗ

 

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V Заңының 29 – бабына сәйкес Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы-мен (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) 2018 жылға арналған Қаратал ауданының бюджетінің атқарылуы туралы есебіне (бұдан әрі – Есеп) қорытынды есебі әзірленді.

Есептің бірінші бөлімінде Қаратал ауданының 2018 жылға арналған негізгі  әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қысқаша талдамасы көрсетілген.

Есептің екінші бөлімінде  Қаратал ауданының бюджеттің атқарылуына талдау жүргізілген. Бөлімде кіріс түсімдері, салықтық және салықтан тыс түсімдер, түсімдер бойынша бересілер, шығындардың орындалуы, мемлекеттік қаржылық активтерді сатып алу, аудандық бюджеттің дебиторлық және кредиторлық берешектері, аудандық бюджеттің тапшылығын (профицитті) қаржыландыру және оның қаржыландыру көздері бойынша талдау деректері көрсетілген.

Үшінші бөлімде аудит және талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша Қаратал аудандық бюджеттің негізгі параметрлерінің орындалуын бағалау, соның ішінде Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің  принциптеріне сәйкес, жергілікті мемлекеттік органдармен тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуін, Қазақстан Республикасы заңнамасына аудандық бюджет қаражаттарының пайдаланылуын бағалау ұсынылған.

Төртінші бөлім аудит объектілерімен бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда, бюджеттік және өзге де заңнамаларды сақтау бойынша Тексеру комиссиясының негізгі тұжырымдары мен ұсыныстарынан тұрады.

Қаратал ауданы  бойынша  жергілікті бюджетінің 2018 жылғы  атқарылуы  туралы қорытынды есебі Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қауылысымен бекітілді және қорытынды есеп Қаратал ауданы бойынша мәслихатына жіберілді.

   

       

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ