Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Новости

Пресс релиз Талдыкорган

Категория: Новости
Дата: 16.04.2019
Просмотры: 588 Печать страницы

Алматы  облысы  бойынша  тексеру комиссиясының 2018 жылғы  Талдықорған қаласы  бойынша  жергілікті бюджетінің атқарылуы  туралы (Жергілікті  атқарушы   органның  есебіне  қорытынды) есебінің   іске асырылу мәселесі  бойынша

 

 

                                                   ПРЕСС    РЕЛИЗ

 

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V Заңының 29-бабына сәйкес Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясымен (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) Талдықорған қаласының бюджетінің 2018 жылғы атқарылуы туралы есебіне (бұдан әрі – Есеп) қорытынды есебі әзірленді.

Есептің бірінші бөлімінде Талдықорған қаласының 2018 жылға арналған негізгі  әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қысқаша талдамасы көрсетілген.

Есептің екінші бөлімінде Талдықорған қаласының бюджеттің атқарылуына талдау жүргізілген. Бөлімде кіріс түсімдері, салықтық және салықтан тыс түсімдер, түсімдер бойынша бересілер, шығындардың орындалуы, мемлекеттік қаржылық активтерді сатып алу, аудандық бюджеттің дебиторлық және кредиторлық берешектері, аудандық бюджеттің тапшылығын (профицитті) қаржыландыру және оның қаржыландыру көздері бойынша талдау деректері көрсетілген.

Үшінші бөлімде Талдықорған қаласының  дамыту бағдарламасының іске асырылуына  бағалау жүргізілді.

Төртінші бөлімде бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігіне және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне бағалау жүргізілді.

Талдықорған қаласы бойынша жергілікті бюджетінің 2018 жылғы атқарылуы туралы қортынды есебі Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының  қауылысымен бекітілді және қорытынды есеп Талдықорған қаласы бойынша мәслихатына жіберілді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ