Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Новости

Жиналыс

Категория: Новости
Дата: 14.01.2020
Просмотры: 587 Печать страницы
Жиналыс

           2020 жылдың 13 қаңтарында Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы-әдеп жөніндегі уәкіл Жаншабай Абзал Керімбекұлының бастауымен тексеру комиссияның қызметкерлеріне жиналыс өтті. Онда ең алдымен әріптестерді жаңа жылмен құттықтап, жылдың басталуына сәттілік тіледі. Өткен жылдағы нәтижелерді ескере отырып, ағымдағы жылды жоспарлап, талқыға салып таныстырды.

         Арнайы уәкілеті органнан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменттінің бас маманы Марлен Беккулов қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңында енгізілген өзгерістер туралы баяндады. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құқық қағидалары бойынша жұмыс бабында, тексерістерге шығу кезінде қызметтік тәртіпті сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, сонымен қатар іскерлік әдепті ұстау керектігін айтты. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоюлуда. Жиын соңында қызметкерлерге мемлекет мүддесін (автокөлік) жұмыстан тыс пайдалануы туралы департаменттің арнайы түсірген бейнесюжетін қызметкерлердің назарыңа ұсынды.

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ