Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Новости

жиналыс

Категория: Новости
Дата: 18.02.2020
Просмотры: 522 Печать страницы

2020 жылы 18 ақпанында Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының акт залында тексеру комиссиясының төрағасы М.М.Мұсаевтың бастауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ж.С.Жұмабаев, Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет  істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы М.С.Бекқұлов қатысуымен тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне жиналыс өткізілді.

Күн тәртібі бойынша бірінші сөз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ж.С.Жұмабаевқа беріліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабына сәйкес енгізілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою туралы ұсынысты және СТТБ тіркелген қылмыстық істерде анықталған басқа да заң бұзушылықтар туралы айтып өтті. Екінші сөз кезегі Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет  істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы М.С.Бекқұлов: Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы заңындағы өзгерістері мен толықтырулары туралы қысқаша мәліметтер берді. Үшінші сөз кезегінде Алматы облыстық тексеру комиссиясының төрағасы М.М. Мұсаев тексеру комиссиясының 2019 жылғы жұмыстарының қорытындылары және 2020 жылдарға арналған жұмыс жоспарлары туралы баяндады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуы, әдеп кодексі нормаларын қатаң сақталуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылып, жұмыста жүргенде, объектіге шыққанда адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге, мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс деп, ұжымға қатаң ескерту жасалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ