Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Новости

жиналыс

Категория: Новости
Дата: 26.02.2020
Просмотры: 475 Печать страницы

2020 жылдың 26 ақпанында Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы М.М.Мұсаев мекеменің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне жиналыс өткізді. Жиналыста қарастырылған бірінші мәселе бойынша 2019 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заңының қабылданғаны жөнінде әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маман-заңгері Г.Т.Назырова тексеру комиссияның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Заңның қабылданған өзгерістер мен толықтырулары туралы тоқталып өтті: 1) 234-1 бап. Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану; 2) 722-1 бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары; 3)804-бап.Әкімшілік құқықтық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар.

Екінші мәселе бойынша аппарат басшысы-әдеп жөніндегі уәкілдің төрағасы А.К.Жаншабай Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы заңындағы өзгерістері мен толықтырулары туралы қысқаша мәліметтер берді. Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуы, әдеп кодексі нормаларын қатаң сақталуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылып, жұмыста жүргенде, объектіге шыққанда адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс екенін айтты.

Үшінші, мемлекеттік аудитті жүргізу және жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудит әдістемесін қолдану мәселелері бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Б.А.Мұхамеджанов баяндады. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін айқындау, мемлекеттік аудитті жоспарлау, тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау, мемлекеттік аудитті жүргізу, анықталған сәйкессіздіктерді жүйелеу және есептілікті құрастыру туралы айтылды.  

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ