Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Панфилов ауданы қорытынды

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 13.10.2020
Просмотры: 518 Печать страницы

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының Төрағасы М.Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

І. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы:

Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және өңірлердегі жеке тұрғын үй құрылысының және су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуінің тиімділік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы, өңірлердегі жеке тұрғын үй құрылысының және су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Панфилов ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2. «Панфилов аудандық Мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;

3. «Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4. «Панфилов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5. «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;

6. «Панфилов ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7. «Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

8. «Панфилов ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

9. «Панфилов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;

10. «Панфилов ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

11. «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;

12. «Панфилов ауданы Әкімінің аудандық кітапханасы»  мемлекеттік мекемесі;

13. «Панфилов аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Панфилов ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

14. «Панфилов аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 2 Панфилов ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;;

15. «Панфилов ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

16. «Панфилов ауданының Жаркент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

17. «Панфилов ауданының Қоңырөлең ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

18. «Панфилов ауданының Пенжім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

19. «Панфилов ауданының Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

20. «Панфилов ауданының Шолақай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

21. «Панфилов ауданының Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

22. «Панфилов ауданының Басқұншы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

23. «Панфилов ауданының Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

24. «Панфилов ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

25. «Панфилов ауданының Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

26. «Панфилов ауданының Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

27. «Панфилов ауданының Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

28. «Панфилов ауданының Жаскент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

29. «Панфилов ауданының Талды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

30. «Панфилов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып): Н.Қалқаев- топ жетекшісі- бөлім басшысы – мемлекеттік аудитор (№1192), М. Ботабеков - бас маман – мемлекеттік аудитор (№0302), Г.Қалдарбекова – бас маман – мемлекеттік аудитор (№0306), Қ.Молдашев - бас маман – мемлекеттік аудитор (№1274), Н.Пирмаков - бас маман – мемлекеттік аудитор (№0887), Ш.Сағынбеков -бас маман – мемлекеттік аудитор (№1297), Г.Искакова - бас маман – мемлекеттік аудитор (№0305), С.Тұрсынбаев - бас маман – мемлекеттік аудитор (№0320), Ж.Шағжанов - бас маман – мемлекеттік аудитор (№1354), С.Мұхашев - бас маман – мемлекеттік аудитор (№0314), С.Желдібаев - бас маман – мемлекеттік аудитор (№1349), Н. Нұрғалық - бас маман – мемлекеттік аудитор (№0316), Б. Жумашев - бас маман – мемлекеттік аудитор (№1395), Ғ.Қазақбеков - бас маман – мемлекеттік аудитор (№0316), Қ.Дайырбеков - бас маман – мемлекеттік аудитор (№1348), М.Темирбаева - бас маман – мемлекеттік аудитор (№1287), Ж.Нұрханов - бас маман – мемлекеттік аудитор (№1351), М.Нұрғожаев-жетекші маман- мемлекеттік аудитордың ассистенті, Б.Рысхан -жетекші маман- мемлекеттік аудитордың ассистенті.

1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:

2018 жылдың қаңтарынан бастап, 2019 жылдың  желтоқсанын қоса алған кезең.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Панфилов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамудың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау:

         Алматы облысының Панфилов ауданында 1 қала және 13 ауылдық округ бар. Аудан орталығы облыс орталығы Талдықорған қаласынан 282 шм және жақын жердегі темір жол станциясы Алтынкөлден 34 шм, Құндыздыдан 20 шм қашықтықта орналасқан.

         Ауданда 2020 жылдың 1 қаңтарына халықтың саны 130017 адам, 41 этнос өкілдері тұрады, оның ішінде қазақ  66,6% (86592 адам), ұйғыр 28,4% (36925 адам), орыс 3,5% (4551 адам), басқа ұлт 1,5% (1950 адам) құрайды. Қала халқының саны 42946  адам, ауыл халқының саны 87071 адам.  Халықтың орналасу тығыздығы 1 шм-ға 12,2 адамнан айналады.

         2019 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 12372,2 млн.теңгені құрады. Облыстық тауарлы өндіріс көлеміндегі ауданның үлесі 1,3 пайызды құрайды.

2019 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 48798,3  млн. теңгені құраған.

Негізгі капиталға салынған инвестиция 2019 жылы  39 168,9  млн.теңгені құрады. Жалпы облыстың инвестиция көлеміндегі ауданның үлесі 6,1 пайызды құрады.

Әлеуметтік қорғау саласында халықты жұмыспен қамту, халықтың әлеуметтік осал тобын қолдау және қорғау мақсатында дәйекті белсенді саясат жүргізілді.  2019 жылы 53,0  млн.теңгеге әртүрлі әлеуметтік көмек шаралары жасалды.

Жұмыс күші 64228 адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны 61150 адам, жұмыссыз халық 3078 адамды, ал жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады. 

Білім беру саласының бюджеті 2019 жылы 10,7 млрд.теңгеге жеткен. Ауданда мектепке дейінгі мекемелер саны 82-і құрады, оның ішінде: 33 шағын орталық, 12 мемлекеттік, 35 жеке меншік бала бақшалары жұмыс істейді. Өнер мектебі, балалар үйінің ғимараты, гуманитарлық-техникалық колледжінің және кәсіптік лицейдің жатақханалары күрделі жөнделді.

2019 жылдың қорытындысымен өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 12372,2 млн.теңгені құрап, өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 2018 жылға 102,1 пайызды құрады.

Ауданның жалпы өндірілген өнімінде тау-кен қазушы және кен шығарылатын  өндіріс 2,0 % құрайды, есепті  кезеңде 252,7 млн теңгеге өнім өндірілді, өңдеу өнеркәсібі 77,0 % құрады, 9530,3 млн. теңгеге өнім шығарылды. Электр және сумен қамту жүйесі жалпы өндірістік өнеркәсіп өнімінің 18,6% немесе 2272 млн.теңгені құрайды.

Даму бағдарламасына сәйкес 25 жаңа жұмыс орнымен бір кәсіпорын іске қосылды («КАЗ Прод Групп» ЖШС-аяқ киім өндіру бойынша жоба құны-150,0 млн.теңге). Қайта өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция 1924,1 млн.теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген жалпы өнім көлемі 48,8 млрд.теңге, 2018 жылдың кезеңіне НКК 103,1% құрады немесе 7,9  млн.теңгеге артық. Ет 19215 тонна,  сүт 43042 тонна, жүн  799,5 тонна, жұмыртқа 6537,4 мың дана өндірілді. Ірі қара малы, қой және түйе саны өсті.

 Егін шаруашылығында жалпы егістік жер көлемі 332 гектарға ұлғайып,  43951 гектарды құрады. Дәнді-дақылдың жалпы өнімі 168,7 мың тоннаны құрап, 2018 жылдың деңгейінен 1293 тоннаға жетті, оның ішінде жүгері 1226 тоннаға көбейіп, 166,2 мың тоннаны құрады. Өткен жылға қарағанда картоп, көкөністер, бақша өсімдіктері, жемістер, жүзімдіктер өсіру ұлғайды. Ауданда 2324  гектар жеміс ағаштары, оның ішінде: 1677 га жеміс беретін жаста және 123 гектар жүзім өсірілуде.

Мал шаруашылығында малды асылдандыру және элиталық тұқым өсіру шаруашылықтары жұмысын жақсарту жалғастырылды. Ауданда асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар саны 30, тұқым шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар саны 8.

"Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту" жобасы аясында бордақылау алаңдарын құру бойынша шаралар қодануда. 2019 жылы екі шаруа қожалығы 120 млн.теңге несие алып, 124 бас ірі қара мал сатып алды.

Өсімдік шаруашылығында қарқынды технологияларды пайдалануға көңіл бөлінуде. Тамшылатып және жаңбырлатып суғару әдісі 1580 га пайдалыналады, оның ішінде 1300 га "Жаркент Фрукт" ЖШС-не, 280 га жүгері "Көктал Агро"ЖШС-не келеді.

           Шағын және орта кәсіпкерліктің өсу динамикасы сақталып келеді. 01.01.2020 жылдың жағдайы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 9005 бірлікті (99,3%) құрады, өндірілген өнім, жұмыс және қызмет көлемі 37,8 млн.теңге (101,8%), Шағын кәсіпкерліктен бюджетке түскен төлемдер 3,5 млрд. теңгені (202,7%) құрады. Оларда жұмыс істейтіндер саны 23565 адам (100,1%).

Кәсіпкерліктің сауда саласы, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету салалары табысты дамуда. Есепті жылы ауданда 30 жаңа ШОП нысандары іске қосылды (магазиндер, монша, офистер, техникалық қызмет көрсету станциялары, стоматологиялық кабинет, сурет студиясы т.б.) ашылды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2019 жылы 12647,2 млн.теңгені құрап, 2018 жылдың деңгейіне нақты көлем көрсеткіші 39,7% болды.

Есепті жылы 220 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, жалпы алаңы 24227 шаршы метр.

          Барлық көздерден тартылған инвестиция көлемі қолданыстағы бағамен алғанда 39168,9 млн.теңгені құрады, оның ішінде бюджет есебінен 7488,4 млн.теңге немесе жалпы сомадан 19,1%, кәсіпорындардың өз қаржылары есебінен және басқа да қаражат есебінен 31680,6 млн.теңге немесе 80,9%, оның ішінде 2893,0 млн.теңге резидент емес.

          2019 жылы бөлшек тауар айналымының көлемі 12476,7 млн. теңгені құрап, нақты көлем көрсеткіші салыстырмалы бағада – 99,6% болды.

Аудан бойынша сауда саласында 613 нысан жұмыс істеуде, жұмыс істейтін қызметкерлердің саны  930  адам, сауда кәсіпорындары мен мекемелердің жалпы алаңы 41560 шаршы метр. Ауданда 233 қоғамдық тамақтандыру, 216 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету нысандары бар.

Туристік салада 22 туристік фирмалар, 32 қонақ үй, 3 шипажай, 1 балаларды сауықтыру лагері қызмет көрсетеді. 2019 жылы ішкі туризм бойынша 31790 адам ауданымызда болып, көрсетілген қызмет көлемі 258,0 млн.теңгені құрап (2018 ж-253,0 млн.теіге), 2018 жылдың деңгейімен салыстырғанда 100,6 пайызды құрады. Тұрақты 7 туристік маршрут жұмыс істейді.

Көлік. Ауданда 5 заңды тұлға көлік кәсіпорындары жұмыс істейді, оның 2-уі (ЖШС «Уркер», ЖШС «Жар Жолаушы») жолаушылар тасымалдаумен, және 3-уі (ЖШС «Авто Жар ЛТД», ЖШС «Алан Транс», ЖШС «Афари») жүк тасымалдаумен айналысады. Аудан ішінде 2 маршрут бар, автобустармен тасымалдаумен Лесновка және Еңбекші ауылдары қамтамасыз етілген.

Өткен есепті мерзімде көлік кәсіпорындарымен 12,9 млн.тонна жүк тасымалданып, жүк тасымалдау айналымы 505,6 млн.тонна/шм құрады,  15,8 млн.жолаушы тасымалданып, жолаушы тасымалдау айналымы 365,0 млн.жолаушы/шм құрады.

Жолдар.  Ауданда темір жолдың ұзындығы 67 шм, жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары  881 шм жолдарды құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар 153 шм,  облыстық маңызы бар 197 шм, аудандық маңызы бар 531 шм.

2019 жылы Жаркент қаласында 9,8 шақырым құрайтын автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде: 17 көшеде ұзындығы (9,2 км) құрайтын автомобиль жолдарына  508,5 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

- Жаркент қаласында 16 көшеге  ұзындығы (3,8 мың шаршы метр ) құрайтын автомобиль жолдарына 8, 58 млн теңгеге ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу жұмыстары жұргізілді.

- Дарбазақұм ауылына 1 көшеге ұзындығы 0,6 км құрайтын автомобиль жолдарына 15,8 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жұргізілді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін елді мекенде қамтамасыз ету мақсатында Жаркент қаласында "Бекнұр" ЖК-мен  16 бағдаршамға қызмет көрсету үшін 3,2 млн.теңгеге келісім шарт жасалды.

Сумен қамтамасыз ету. Ауданда бар 42 елді мекеннің 41-де орталықтандырылған, 1-і орталықтандырылмаған су жүйелерін пайдаланады.

Газбен жабдықтау

"APLConstruction" ЖШС (бұдан әрі – компания) ауданда блоктық қуаты 17250 м3/сағ ГРПБ –У1–150Г-2В (ПГБ - Жаркент) блоктық газ реттеу пунктін орната отырып, жобаланып отырған қысымдығы жоғары  қуаттығы 0,6 Мпа АГРС-Жаркент-ПГБ-Жаркент қоспасына дейін ұзындығы 8,8 шм жоғары қысымды жеткізуші газ құбырының құрылысын жүргізуде. Сондай – ақ АГРС алаңында кесу нүктесінен жалпы ұзындығы 21,85 шм Қорғас – Шығыс қақпасы АЭА аумағына дейін 1.2 Мпа қысымдығы жоғары жеткізуші газ құбырын орнату жүргізілуде.

Компания 2017 жылдың мамыр айынаң бастап көше аралық  тарату желілерінің құрылысын бастады. Бүгінгі күні 162,0 мың қума метр, 10 ШГРП салынды, олар 4000-нан астам жеке меншік үй иелігін қамтамассыз етіп отыр. Табиғи газға қосылу құрылыс-монтаж жұмыстарына 2200-ден астам шарт жасалды, оның ішінде 1150 тұрғын үй иелеріне  жылыту және тағам дайындауға табиғи газ қосылып. 32 шағын коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын газдандырылды, Жаркент крахмал-сірне зауыты өз өндірісін табиғи газға аударды.

2019 жылы компания 60 мың куб метр көше аралық газ құбырын, 4 ШРП салды, нәтижесінде 10 ШГРП, 150,0 мың куб метрден астам газ тарату желілерін құрады және 4000-нан астам жеке меншік үйлерді қамтиды. Жаркент қаласын газдандыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау мерзімі инвестициялық бағдарламаға сәйкес 2021 жылы көзделген.

Елді мекендерді телефон байланысымен қамтамасыз ету

Телекоммуникация қызметін 17 байланыс бөлімшелері көрсетеді, ол 24 телефон станцияларында жүзеге асырылады, олардың 24-і  де санды, 3400 нөмірге радио арқылы ұстайтын 5 станция, 16 нөмірлік 2 спутниктік станциялары жұмыс істейді. Жалпы құрастырылған сыйымдылық 20464 нөмір, оның ішінде іске қосылған 15960 нөмір, оның ішінде 5580 ауылдық елді мекендерге қарайды. Кең жолақты интернет ADSL (Megaline) технологиясын пайдаланатын 6776 абонент бар. Жаркент қаласында байланыс саласында жаңа қызмет көрсету мақсатында 4096 номер жаңа технология бойынша 8-МАД қосылды, оның ішінде 3424 нөмір іске қосылған. Сонымен бірге, Жаркент қаласында және 8 ауылдық елді мекенде (Үлкеншыған, Пенжім, Қорғас, Көктал, Алмалы, Головацкий, Қоңырөлең, Алтыүй ауылдарында) радиус аумағы 1000 метр жерде тұратын тұрғындарға IDTV қызметі көрсетіледі.   

Елді мекендерді көріктендіру. Елді мекендерді көріктендіру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына 161,8 млн.теңге жұмсалды.

2019 жылы "Нұркент жаңа қаласы стелласының" аумағын аббатандыру және көгалдандыру жұмыстарының 2-ші кезегін орындауға -27,2 млн.теңге, " Нұркент жаңа қаласының символы "стеласының  күтіп ұстау жұмыстарына- 9,8 млн. теңге, Жаркент қаласының "Бөлек батыр" саябағыдағы "Ұлы Жебе монумент" газондарын күту жұмыстары  3,0 млн. теңгеге   жұмсалды.

Лесновка ауылының Пащенко көшесін, Головацкий ауылының Тен Ин Гер көшесін жарықтандыру үшін ЖСҚ даярланды, Әулиеағаш ауылында Ы.Сейітов көшесін жарықтандыру үшін ЖСҚ әзірленіп, бөлінген қаражат толығымен игерілді.

"Алмалы ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салу" нысанының ЖС-ың түзетуге  4,1 млн.теңгеге бөлінді.

"Жаркент қаласының кәріздері мен сүзу алаңдарын қайта құру және салу" нысаны бойынша 13,8 млн.гена, "Шежін ауылының су тарту құрылыстарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары" нысаны бойынша 18,3 млн. теңгеге , "Кішішыған ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салу" нысаны бойынша 734,6 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленді.

Жалпы 3374 жаңа  жұмыс орны құрылды (2018ж-1535 жұмыс орны), тұрақты 2379 жұмыс орны, оның ішінде ауыл шаруашылығында-414, құрылыста-682, білім беру-297, қызмет көрсету – 945, сауда -31, өнеркәсіп-1, сондай ақ 995 уақытша жұмыс орны ашылды.

2019 жылы 3 бос орын жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің нәтижесі бойынша 35 адам тұрақты жұмысқа орналастырылып, 15 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, 320 адам әр түрлі кеңестер алды.

Жалпы 4392 аз қамтылған отбасына (20772 адамға) 2,7 млрд.теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

Балаларды үйде  тәрбиелеу мен оқыту бойынша 167 мүгедекке 7,0 млн.теңге,                   2 соғыс ардагерлері мен мүгедектерге әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге 181,8 мың теңге тағайындалып төленді.

Ұлы Отан соғысының 2 ардагерлері мен мүгедектеріне біржолғы көмек ретінде әрқайсысына 500,0 мың теңге төленді, жалпы сома 1,0 млн теңгені құрады.

2019 жылы жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 74 мүгедек арбамен қамтамасыз етілді. 182 адам протездік-ортопедиялық, корсет және басқа да қажетті құралдармен, 60 адам тифлоқұралдармен, 21 адам сурдоқұралдармен, 992 мүгедек гигиеналық құралдармен, 257 адам санаторлық-курорттық емделуден өтті, 178 мүгедекке жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы жеке көмекшілер қызметі ұсынылды.

1 топтағы мүгедектерге  аудандық емханада және басқа да әлеуметтік нысандарда әр түрлі қызметтерді алу үшін қызмет көрсетуге "Инватакси" қызметі ұйымдастырылды.

Ауданда 18 жасқа дейін мүмкіндігі шектеулі бала саны 730 оның ішінде 16 жасқа дейінгі саны-624.

Үй жағдайында 138 мүгедек-балаларға әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетеді.

Аудан бойынша 121 жалғыз басты және қарт азаматтар анықталып есепке қойылды, оларға әлеуметтік қызметкерлер үйде қызмет көрсетеді.

Ауданда мемлекеттік жалпы білім беретін 50 мектеп бар, оның ішінде: 45-орта,  1- негізгі, 4-бастауыш. Оларда оқитын бала саны 25511. Мұғалімдер саны -2983,оның ішінде: жоғары оқу орнын бітіргендер -2724,  арнайы-орта -258. Жоғары санатты -453, бірінші санатты -752, екінші санатты  -560.

2018-2019 оқу жылы 1024 түлек бітірді, оның ішінде 418 бала немесе 40,8% -ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Аудан бойынша орташа балл-74,0% құрады. "Алтын белгіге" үміткер 52 оқушы, ҰБТ қорытындысы бойынша 18-і (34,6%), "Үздік Аттестатқа" үміткер 49 оқушы, ҰБТ қорытындысы бойынша 8-і (16,3%) өз білімдерін дәлелдеді.

Ыстық тамақпен 36 мектепте  2490 оқушы қамтылған.

Ақарал, Сарпылдақ, Қызылжиде ауылынан Керімағаш-Арасан орта мектебіне,  Құндызды станциясынан Шолақай ауылындағы Босақов атындағы орта мектепке   88 оқушы тегін тасымалдаумен қамтамасыз етілді.

Ауданда 57 мәдениет мекемелері жұмыс істейді, оның ішінде 29 мәдениет үйлері мен клубтар, 26 кітапхана, 2 музей  және 1 Ә.Қастеев атындағы сурет галереясы.

"Халықтық" 6  ұжым бар.Ауданда  58 ескерткіш, оның ішінде 47 сәулет және қала құрылысы, 8 ансамбль, 1 ескерткіш тасы "Орбұлақ" (Белжайлау) және 2 табиғат ескерткіші бар.

Барлық мемлекеттік органдарда құжат айналымы мемлекеттік тілде жүргізіледі. 2019 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс жүргізу құжат айналымының жалпы көлемінің үлес салмағы 100% - ды құрады.

Ауданның денсаулық сақтау саласында "Панфилов көпсалалы ауданаралық ауруханасы" ШЖҚ МКК құрамында 300 адам қабылдайтын ауысымды балалар емханасы және 500 адам қабылдайтын  ауысымды ересектер емханасы бар, 300 адам қабылдайтын ауысымды әйелдер консультациясы және 320 төсекке арналған стационар, 25 төсекке арналған 2 ауылдық аурухана, 16 дәрәгерлік амбулатория фельдшерлік акушерлік пункт, 14 фельдшерлік пункт жұмыс істейді.

Аудандық емхана қызмет көрсету радиусы– 111 шм.

Ауданда 208 дәрігер, оның ішінде 35 – жеке ЕПҰ (10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз етілуі– 16,0) және 1055 орта медициналық қызметкерлердің, оның ішінде 39 – жеке ЕПҰ (10 мың тұрғынға шаққанда орта медициналық қызметкерлерімен  қамтамасыз етілуі– 81,2)

2019 жылы  1000 тірі туғанға  шаққанда сәби өлімі 7,0 пайыз немесе 24 жағдай,  2018 жылы 5,9 пайыз немесе 20 жағдай тіркелген. Ана өлімі тіркелмеді. Өлім-жітім және қатерлі ісік, туберкулез  аурулары азайды.

2019 жылы Басқұншы ауылында дәрігерлік амбулаториясы ғимаратын күрделі жөндеуі аяқталып 103,0 млн.теңге жұмсалды.

Ауданда жалпы дене шынықтырумен айналысу үшін жағдай жасау мақсатында 164 спорт нысандары жұмыс істейді, олардың 152-сі мемлекеттік.  Оның ішінде: Алтыүй ауылында 2 спорт кешені, Жаркент қаласында «Дәулет-Жаркент» балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі, 1 орталық стадион, 58 спорт залдар,  8 спортзал мекемелердің ішінде, 93 спорт алаң, 3 бассейн. Тұрақты түрде  дене шынықтыру және спортпен айналысатын халық саны 38100 адам құрайды немесе 29,3% (2018 жылы- 36450 немесе 27,6%).

Ауданда салауатты өмір салтын және ұлттық спорт түрлерін насихаттау жұмыстары жан-жақты жүргізіледі.

  2019 жылы аудан құрама командасы 60 облыстық жарыстарға қатысты (2018ж.-55). Халық арасында салауатты өмір салтын  қолдау үшін 2019 жылы 167 түрлі спорттық іс-шаралар өткізілді.

 Ауданда Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері, Грек-Рим күресінің еңбек сіңірген спорт шебері (Н.Теңізбаев), Азия, Әлем, халықаралық турнирлердің чемпиондары мен чемпионат  жүлдегерлері,  Қазақстан Республикасының  бірнеше дүркін чемпиондары мен жүлдегерлері  (Ж.Жадраев, Н.Нұрбеков, Т.Нұрым, К.Сергазиев, С.Сайдахметов, Ж.Оспанбеков, Ж.Сыдықов, Р.Шахарбек, Д.Куресбай, Ж.Қашқын, Н.Нұрахмет, Е.Мұхаметжан,  Г. Кабдунасыр, А.Өсім) және көптеген басқа  атақты спортшылар бар.

 Республикалық және облыстық жарыстарда  аудан спортшылары үнемі жүлделі және құрметті орындар алады.

01.01.2020 жылға бюджетке жинайтын салық және басқа төлемдер болжамы 104,0%-ға орындалды немесе болжамдағы 15,0 млрд.теңге орнына 15,6 млрд.теңге жиналды, оның ішінде жергілікті бюджетке болжамдағы 5,0 млрд.теңге орнына 5,2 млрд.теңге жиналып, болжам 102,8 пайызға, аудандық бюджетке 3,0 млрд.теңге жиналып, 103,5 пайызға орындалды.

Жергілікті кірістер бойынша болжам 100,5%-ға орындалды. Жергілікті бюджет бойынша жалпы шығыстар 18,8 млрд.теңгені құрады. Бюджет қаржысы 99,9%-ға игерілді.

2.2. Панфилов ауданында Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және өңірлердегі жеке тұрғын үй құрылысының және су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуінің жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

Мемлекеттік аудитпен 30 жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік мекемелер бойынша жалпы сомасы 20 616 173,1 мың теңге жергілікті бюджет қаражаты қамтылды.

Мемлекеттік аудит барысында Панфилов ауданының жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер бойынша жалпы сомасы 32 550,1 мың теңге бұзушылықтар анықталды, Оның ішінде; Бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 296,0 мың теңге, бюджет қаражатын пайдалану бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы көлемі 32 254,1 мың теңгені құрады. Сонымен қатар 1 рәсімдік сипаттағы бұзушылық анықталған.

2.2.1. Панфилов ауданы бойынша жергілікті бюджет қаражатының пайдалану тиімділігін жиынтық талдау және бағалау:

Анықталған 32 550,1 мың теңге қаржылық бұзушылықтар келесі мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік мекемелері бойынша анықталған:

1. «Панфилов ауданы әкімінің аппараты»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырындағы №256 қаулысының 3 тармағының 2 тармақшасының талаптары сақталмай, мекеме қызметкерлеріне 16,0 мың теңге іс-сапар шығындары артық есептеліп төленген.

Осымен қатар ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 116,118-тармақтары талаптары сақталмай, «ЖетысуЭнерготрейд» ЖШС-гі арасындағы салыстыру актілері басшылыққа алынбай,  2018 жылдың 31 желтоқсанына пайда болған 205,1 мың теңгенің кредиторлық қарызы өткен жылдың берешегі ретінде және 69,7 мың теңгеге қызметкерлер алдында және басқада тұлғалармен іс-сапар шығындары бойынша есеп айырысуда кредиторлық берешектер ретінде көрсетілмегені анықталды.

2. Панфилов ауданының «Жаскент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 9 - бөлімінің  243, 244 тармақтарының № талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттары» Ережесінің 5 тарауы, 16 тармағы талаптары сақталмай 2018 жылдың 31 желтоқсан жағдайы бойынша  бухгалтерлік есепке жалпы құны 200,0 мың теңгені құрайтын сатып алынған кеңсе жиһазы мекеменің теңгеріміне алынбағандығы анықталды.

3. «Панфилов ауданының Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» Ережесінің 236-тармағының талаптары және  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттары» Ережесінің  16 тармағының талаптарына қайшы   2019 жылы  сәуір-мамыр айында алынған - жалпы  құны 136,6 мың теңгегенің стендтері бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде алынбаған.

4. «Панфилов ауданының Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» Ережесінің 116,117,118-тармақтарының  талаптары және  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттары» Ережесінің  талаптары сақталмай 2019 жылдың 1 қаңтарына 60,8 мың теңге, 2020 жылдың 1 қаңарына 10,7 мың теңге кредиторлық қарыздар және 2020 жылдың 1 қаңтарына 9,9 мың теңге дебиторлық қарыздар мекеменің бухгалтерлік есебінде көрсетілмеген.    №              

5.

Панфилов ауданының Үлкеншыған ауылындағы орта мектебінде ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу үшін «Құрылысшы - ТБС» ЖШС-мен 2019 жылдың 18 сәуірінде жалпы сомасы 393 844,7 мың теңгеге №42 келісім шарты жасалған.

Аталған күрделі жөндеу жұмыстарын жасау барысында «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының 60 бабы, 1 тармағы талабы сақталмай істелген жұмыстарының актісі бойынша қабылдап алынған «Газоны партерные, мавританские и обычные» қолдан себу жұмыстары жалпы сомасы 771,0 мың теңгеге орындалмағаны анықталған.

Алматы облысы әкімінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №163 қаулысымен бекітілген «Коммуналдық меншік нысандарын жалға беру» қағидасы (бұдан әрі, қағида) бойынша, Панфилов ауданының жеке кәсіпкерлерімен Панфилов ауданының білім бөліміне қарасты мемлекеттік мекемелер (мектептердің) ғимаратындағы жайды мүліктік жалға асхана ретіндепайдалануға беру туралы келісім шарттар жасалған. Келісім-шарттарда объектіні мүліктік жалдау үшін жалдау ақысы қарастырылып, жалға алу ақысы жергілікті бюджет есебіне төленіп отырған.

Алайда, қағиданың 10 тармағының және Панфилов ауданының жергілікті атқарушы органдары мен Панфилов ауданының жеке кәсіпкерлері арасындағы келісім-шарттың талаптары орындалмай, 2018, 2019 жылдардағы аудан мектептерінің ғимараттарының алаңдарын жылытуға кеткен шығындардың ішінде жеке кәсіпкерлердің жылу пайдаланғаны үшін төлемеген сомасы 252,9 мың теңгені құраған, оның ішінде: 2018 жылы- 170,5 мың теңге, 2019 жылы-82,3 мың теңге.

6. «Панфилов ауданының Шолақай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №241 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының» 3-тармағы 1-тармақшасының және 5-тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттары» Ережесінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» қағидасының 114 және 118–тармақтарының талаптары сақталмай 2020 жылдың 1 қаңтарына бухгалтерлік есепте көрсетілуі тиіс 88,4 мың теңге дебиторлық қарыз көрсетілмеген.

7. Панфилов ауданының «Қоңырөлең ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасына 236-тармағы талаптары және  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттары» Ережесінің 16 тармағының талаптары №  басшылыққа алынбаған. Яғни  2019 жылы  қараша айында алынған 223,0 мың теңгенің өнім (стендтер) бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде қойылмаған.

8. «Панфилов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысыныңталабы және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасының талаптары сақталмай мекеменің қызметкеріне жалпы сомасы 44,0 мың теңге сыйақы есептеліп төленген.

9. «Панфилов ауданының Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №241 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының» 3-тармағы 1-тармақшасының және 5-тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттары» Ережесінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 116 және 118–тармақтарының талаптарының сақталмай 2019 жылдың 1 қаңтарына жалпы сомасы 132,5 мың теңге кредиторлық қарызы бухгалтерлік баланста көрсетілмегені анықталды.

10. «Панфилов ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы және 2019 жылғы 21 маусымдағы №190062 келісім-шартының 8.3-тармағының талаптары орындалмай, міндеттеремелерін тиісінше орындамаған жағдайда орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшеріндетұрақсыздық айыбын ұстамаған. Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған орындаушының атына кешіктірген 240 күнге орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 пайызында 2684,3 мың теңге тұрақсыздық айыбы есептелді.

Сонымен қатар, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 12 бабының 4-тармағының талаптарын орындамай «Dike» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқажүгінбеген.

11.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің  272 тармағының талаптары орындалмай №2018 жылы құрылысы аяқталған және пайдалануға берілген құрылыс объектілерінің қабылдау актілері негізінде оларға кеткен шығындар толық сомада, яғни Жаркент қаласының аулаларына балалар спорт алаңының күрделі жөндеу жұмыстары мақсатында жұмсалған сметалық құны 25 356,1 мың теңгені құрайтын 3 алаңның (7 958,0 мың теңге, 7 863,5 мың теңге, 9 534,6 мың теңге) шығындары бухгалтерлік есепке алынбаған.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының 60-бабының 1-тармағын сақтамау нәтижесінде сметалық құжаттамада көзделген уақытша ғимараттар мен құрылыстардан 19,0 мың теңге сомасында қаражатты қайтару қамтамасыз етілмеген және сметалық құжаттамада қысы мерзімге арналған сомасы 21,1 мың теңге шығын, барлығы 40,1 мың теңге негізсіз қарастырылған.

12. «Панфилов ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 355 бабының 1 тармағының, 485 бабының 1 тармағының және 487 бабының 1 тармағының талаптары сақталмай 2019 жылдың қазан айында 43,1 мың тенге, әлеуметтік салығы кем есептелініп, салық декларациясында көрсетілмеген және бюджетке төленбеген.

13. «Панфилов ауданынының Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 236-тармағы талаптары және  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттары» Ережесінің 16 тармағының талаптары №басшылыққа алынбай 2018 жылдың қараша айында үшарала әкімдігінің ғимаратын күрделі жөндеу бойынша 2150,0 мың теңгеге дайындалған жобалық сметалық құжаттама мекеменің теңгеріміне алынбаған.

14. «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемелекеттік мекемесі:

«Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласының кәріз жүйесі мен фильтрациялық алқаптарды салу және қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу» үшін Мекеме тарапынан «ИКАР-СТРОЙ» ЖШС-мен 2018 жылдың 20 қыркүйегінде №35 келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының«ИКАР-СТРОЙ» тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

15. «Панфилов ауданының Басқұншы ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі:

«Панфилов ауданының Басқұншы ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі 2018 жылдың 17 қыркүйегінде «Архив» жеке кәсіпкерімен жалпы сомасы 180,0 мың теңгені құрайтын №40 келісім шартқа отырған, келісі-шарттың қосымшасына сәйкес қызметтердің, жұмыстардың атқарылуы 30 қыркүйегіне белгіленген.

Алайда, атқарылған жұмыстар 2018 жылдың 26 қарашадағы қабылдау актісімен қабылданып алынған, «Архив» жеке кәсіпкерімен келісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін 57 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 43 бабының 24 тармағының және келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% тұрақсыздық айыпұл немесе 10,3 мың теңге бюджет есебіне өндірілуге жатады.

Сонымен қатар мекеме тарапынан Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес «Архив» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

Іс-сапар шығындарын есептеп төлеуде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428қаулысымен бекітілген «» Ереженің 9.2 тармағының талаптары сақталмай мекеменің қызметкерлеріне жалпы сомасы 45,8 мың теңге іс-сапар шығындары артық есептеліп төленген.

«Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Панфилов ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Панфилов ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 Панфилов ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Панфилов аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Панфилов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемелекеттік мекемесі, Панфилов ауданының «Үлкенағаш  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Панфилов ауданының «Талды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Панфилов ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Панфилов   ауданы әкімінің аудандық кітапханасы»  мемлекеттік мекемесі, «Панфилов ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Панфилов ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Панфилов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Панфилов ауданының «Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Панфилов ауданының «Пенжім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан республикасы бюджеттік және басқада заңнамаларын бұзу фактілері анықталмады.

Панфилов ауданы бойынша су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуі.

Аудан бойынша 42 елді мекенінің 41 елді мекені (Хоргос, Пенжім, Төменгі Пенжім, Ават, Басқұншы, Алмалы, Алтыүй, Надек, Үлкеншыған, Аққекнт, Қырықұдық, Головацкий, Суптай, Сарыбел, Садыр, Турпан, Еңбекші, Лесновка, Нағарашы, Үшарал, Қызылжиде, Ақарал, Көктал, Ақжазық, Аққұдық, Аулиағаш, Жаркент арасан, Көктал, Айдарлы, Дарбазақұм, Сарпылдақ, Ынталы, Бөрібай би, Керімағаш, Сарытөбе, Шолақай, Дикханқайрат, Жиделі, Жаркент қаласы, Шежін, Кішішыған) орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған ол 97,6 пайызды құрайды, ал қалған 1 елді мекен (Жиделі ауылы) орталықтандырылмаған су жүйесімен, яғни өздігінен ағатын ұңғымадан су алады.

Орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған елді мекендердің ішінде (Ават, Алмалы, Надек, Қырықұдық, Сұптай, Сарыбел, Турпан, Жаркент арасан, Көктал арасан, Ынталы, Керімағаш, Сарытөбе, Шолақай, Дикханқайрат) елді мекендер су жүйелерінің қайта қалпына келтіру мен құрылысы жұмыстары жүргізіліп, жүйелер толығымен санитарлық нормаларға сәйкес келген.

Турпан ауылының сумен жабдықтау жүйелерінің қайта қалпына келтіру мен құрылыс бойынша сметалық жобалау құжаттама әзірленіп, Мекеме тарпынан «Энергохолдинг LTD» ЖШС-мен жалпы сомасы 225 947,1 мың теңгеге 2020 жылдың 6 мамырында №46 келісім-шарт жасалып, құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Су жүйелерінің ұзындығы 476,4 шақырымды құрайды.

Жалпы аудан халқының саны 126 000 адам, оның 125 926 адам орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған яғни 97,6 пайыз.

Өңірде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер телімдерін беру бойынша талдау:

Панфилов ауданы бойынша 13 ауылдық және 1 қалалық округтер бойынша жалпы аудитпен қамтылған кезеңде жеке тұрғын үй салу мақсатында жер телімдеріне кезекте тұрған азаматтардың саны 12 199,0 адамды құраған, нақты тұрғын үй салуға жер телімдері 1292,0 адамға берілген, 8 азамат жер телімі бөлінгеннен кейін алынған жерден бас тартқан.

III. Жиынтық бөлік

Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 156,1 мың теңге өндірілді, 29 413,7 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, Олар;

-  «Панфилов ауданының Басқұншы ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша артық есептеліп төленген 45,8 мың теңге іс-сапар шығындары №0023 түбіртек бойынша 8,0 мың теңге, №0024 түбіртек бойынша 24,0 мың теңге, №0003 түбіртек бойынша 13,8 мың теңге бюджет есебіне өндірілген. «Архив» жеке кәсіпкері №0004 түбіртегі бойынша 10,3 мың теңге тұрақсыздық айыбын бюджет есебіне аударылды.

- «Панфилов ауданының Жаркент қаласы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 25 356,1 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді, өндірілуге жататын 40,1 мың теңге №0007 түбіртек негізінде бюджет есебіне өндірілген.

- «Панфилов ауданы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша артық есептеліп төленген 16,0 мың теңге іс-сапар шығындары №0002 түбіртек бойынша 8,0 мың теңге, №0001 түбіртек бойынша 8,0 мың теңге бюджет есебіне өндірілген, қалпына келтірілуі тиіс 274,8 мың теңге кредиторлық қарыздары жойылған.

- «Панфилов ауданының Жаскент ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 200,0 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді.

- «Панфилов ауданының Қоңырөлең ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 223,0 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді.

- «Панфилов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша есептеліп төленген 44,0 мың теңге сыйақы №0010 түбіртекке сәйкес бюджет есебіне өндірілген.

- «Панфилов ауданының Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 81,3 мың теңге дебиторлық және кредиторлық қарыздары жойылған.

- «Панфилов ауданының Шолақай ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 88,4 мың теңге кредиторлық қарыздары жойылған.

- «Панфилов ауданының Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 136,6 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді.

- «Панфилов ауданының Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 132,5 мың теңге кредиторлық қарыздары жойылған.

- «Панфилов ауданының Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 2 150,0 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді.

Мемлекеттік аудит барысында есептелген (толық есептелген) салықтар, айыппұлдар, өсімпұлдар туралы, бюджетке түсімдер енгізу жылпы сомасы 296,0 мың теңге келесі мекемелер бойынша жүргізілді:

«Панфилов ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша 43,1 мың теңге төленбеген әлеуметтік салық №1241108/20-245 толем тапсырмасы негізінде бюджет есебіне аударылды.

- «Панфилов ауданының білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесі бойынша жылу ақысына төленбеген 252,9 мың теңге жеке кәсіпкерлер есебінен №27 төлем тапсырмасы бойынша 82,4 мың теңге, №0028 төлем тапсырмасы бойынша 170,5 мың теңге бюджет есебіне аударылды.

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің шарттық міндеттемелері 771,0 мың теңгеге орындалды, ол;

- «Панфилов ауданының білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесі бойынша Панфилов ауданының Үлкеншыған ауылындағы орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Құрылысшы - ТБС» жауапкершілігі тарапынан орындалмаған жұмыстар бойынша шартты міндеттемелерін толық орындап қалпына келтірілуге жататын 771,0 мың теңге 2020 жылғы                         26 тамыздағы ескертпелерді жою актісіне сәйкес жұмыстар қалпына келтірілген.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 6 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:

- Басқұншы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №34 өкіміне сәйкес, ауылдық округ әкімінің орынбасары С.Бұрқанбековке сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

- Жаркент қаласы әкімінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №18-ө ж/қ өкіміне сәйкес, ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы С.Тлегенге ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

- Бірлік ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №15 өкіміне сәйкес, ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Л.Сатибаеваға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

- Панфилов ауданы әкімінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №152-ө ж/қ өкіміне сәйкес, аудан әкімі аппаратының бас маманы М.Қалқабаеваға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

- Панфилов ауданының білім бөлімі басшысының 2020 жылғы 28 тамыздағы №11-ж/қ бұйрығына сәйкес, бөлімнің орталықтандырылған бухгалтериясының бас есепшісі Г.Джолдасбаеваға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

- Панфилов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының 2020 жылғы 20 тамыздағы №16 бұйрығына сәйкес, мекеменің жоғарғы деңгейдегі маманы А.Айтқұрмановаға сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жылпы саны 11 материал жолданды, Олар бойынша;

- «Панфилов ауданының Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ш.Мұстахановаға №449 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 бөлігі 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Панфилов ауданының Қоңырөлең ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Н.Абайдолдаевқа №442 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 бөлігі 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Панфилов ауданының Жаскент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-есепшісі Н.Тохтароваға №453 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 бөлігі 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Панфилов ауданының Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Д.Қуатқа №452 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 бөлігі 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Панфилов ауданының Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы К.Жамбулбаеваға №440 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 бөлігі 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Панфилов ауданының Жаркент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы С.Тлегенге №444 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 бөлігі 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.

- «Панфилов ауданының Шолақай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-бухгалтері А.Тумабаеваға №447 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 бөлігі 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Панфилов ауданының Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.Тумарбаеваға №445 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 бөлігі 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Панфилов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы М.Қалқабаеваға №451 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 бөлігі 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Панфилов ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы А.Саурыковқа №443 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Панфилов ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Тазабековке №439 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтары қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамалардың талаптары бұзылғаннан орын алған.

Жалпы анықталған бұзушылықтардың көлемінің 60 пайызы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттары» Ережесінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №241 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының» талаптарын немесе бухгалтерлік есеп жасау кезінде анықталған. 13,3 пайызы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарын орындамағаннан орын алған. Қалған 26,6 пайызы Қазақстан республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын толық назарға алмағаннан орын алған.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және өңірлердегі жеке тұрғын үй құрылысының және су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуінің тиімділік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. Панфилов ауданында жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және өңірлердегі жеке тұрғын үй құрылысының және су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуінің тиімділік аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларының бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірген 452,1 мың теңгесі және есептілік бойынша қалпына келтірілген 29 413,7 мың теңге назарға алынсын.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (12 парақ).

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесіБ. Мұхамеджанов

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ