Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Аудиторлық қорытынды Ескельді ауданы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 26.01.2021
Просмотры: 398 Печать страницы

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының

төрағасы М. Мұсаевқа

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес пайдаланылуының негізділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектісі:

1.  «Ескелді ауданының білім бөлімі»   мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2014 жылдың 01 қаңтарынан бастап, 2019 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

А.Байсадықовтың 2020 жылдың 27 қарашасында жазылған арызында аталып көрсетілген фактілері бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы облысы бойынша департаменті» РМК-ң 2020 жылғы 28 қарашадағы №-ЖТ-Б/1733 хаты негізінде аудит жүргізілді.  

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

А.Байсадықовтың 2020 жылдың 27 қарашасында жазылған арызында аталып көрсетілген төмендегі 16 мәселе бойынша:

 1. Техникалық персоналдар мен жұмыскерлердің күнделікті жұмыс уақытын есептеу туралы;

2. Техникалық персоналдар мен жұмыскерлердің жұмыс күндерін есептеу туралы;

3. Еңбекке жарамсыз халде болғандарды ауыстырғандар қосымша атқарған жұмыстары үшін қосымша төлем ала алмаулары туралы;

4. Екі техникалық персоналға артық 1,5 бірлік еңбекақы төлеу туралы;

5. М. А. Джаксыбаевқа артық төленген еңбекақы туралы;

6. 2015 жылдың сәуір-шілде айларында Ескелді ауданы білім бөлімінің заңгері С.С.Оналбаевқа төленген еңбекақы туралы;

7. Г. Байсакованың артық алған еңбекақысы туралы;

8. А. Байсадыковтан 38 ай бойы еңбекақысынан партиялық жарна ұстап қалу туралы;

9. Жыл сайын қысым көрсетіп газеттер мен журналдарға жазылу туралы;

10. Ай сайын еңбекақысынан 1 % мектеп қажеттілігіне ұстап қалу туралы;

11. 2015-2017 жылдар аралығында тексерушілерге ақша жинау туралы;

12. 2015 жылы орнатылған пандус және екі есік туралы;

13. Зейнеткерлердің жұмыс жасауы, сотталмаған туралы анықтамасыз жұмысқа қабылдау және бұрын туберкулездың ашық түрімен ауырған адамдарды жұмысқа қабылдау туралы;

14. Тауар-материалдық құндылықтарды мемлекеттік сатып алу туралы;

15. Кіші медициналық персонал Г.Тұрарбекованың еңбекақысы туралы;

16. А.Байсадыковтың еңбекақысының қайта есептелуі туралы мемлекеттік аудит жүргізілді.

Аудиторлық іс шара қорытындысымен А.Байсадықовтың арызында көрсетілген 16 сұрақтың 14-де фактілер расталмады, 2-де өз дәлелін тауып отыр, атап айтқанда:

  1. 8-сұрақ А. Байсадыковтан 38 ай бойы еңбекақысынан партиялық жарна ұстап қалу туралы.

Аудитпен 2014 жылдың маусымынан 2017 жылдың тамыз айлары аралығындағы кезеңдегі жалақы бойынша төлем ведомостары, анықтамалар қамтылып, сол кездегі мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары А. Байсадықовтың еңбек ақысынан 2014 жылдың қыркүйегімен 2017 жылдың тамыз айы аралығында (35 ай) 8200 теңге партиялық жарна ұсталынғаны анықталды. Партиялық жарна мектеп ұжымының қолдары қойылған мектеп ұжымының атынан ай сайын партиялық жарнаны ұстау туралы ұжымдық өтініші  және мүшелік жарнаны төлеу тізімдемесі негізінде ұсталынған, оның ішінде арызданушы А. Байсадықовтың өзінің қолы қойылған.

Аудит барысында «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Ескелді аудандық филилына Тексеру комиссиясы 2020 жылдың 09 желтоқсанында №02-13/3080 хатымен сұраным жасалып, «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Ескелді аудандық филилының 2020 жылдың 10 желтоқсанында №ШҚ-48 хатымен А.Байсадықовтың орталықтандырылған есеп базасында партия мүшесі ретінде тіркелмегендігі жөнінде жауап алынды.

  1. 16-сұрақ А.Байсадыковтың еңбекақысының қайта есептелуі туралы.

Мектеп директоры Л.Усербаеваның «А.А.Байсадыковты жұмыстан шығару туралы» 31.08.2017 ж. №152 ж/қ бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52 бабы 4 тармағы және 64 бап 4 тармағына сәйкес 3 сағат және одан да ұзақ уақыт себепсіз жұмыста болмағаны үшін мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары А.Байсадықовпен 2014 жылдың 23 маусымында жасалған №8 еңбек келісімшарты 2017 жылдың 31 тамызынан бастап бұзылды. Мектеп директорының «Пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеу туралы» 15.11.2017 ж. №237 ж/қ және «Жалақыны қайта есептеу туралы» 15.11.2017 ж. 238 ж/қ бұйрықтары негізінде А.Байсадықовқа тиесілі жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі мен еңбекақысы қайта есептеліп берілді.

Алайда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113 бап, 4 тармағының талабына қайшы еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктіріліп А.Байсадықовпен 2017 жылдың 15 қарашасында есептескен.

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Ескелді аудандық филиалына сұраным жасалды;

- А.Байсадыковтың арызында көрсетілген сұрақтар бойынша аталған адамдардан түсініктемелер мен түсіндірмелер алынды;

- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынан «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-на ақша қаражатының түсуі және қозғалысы бойынша 2014-2015 жж. кезеңге үзінді көшірме алынды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар

Аудит бағдарламасында көрсетілген 16 сұрақтың нәтижесі бойынша азамат А.Байсадықовтың арызында көрсетілген сұрақтардың анықтығымен дұрыстығына аудит жүргізілді. Аудит барысында 2017-2019 жылдар аралығында өткен сот процессіндегі аудио-видео жазбалары, жұмысшылармени қызметкерлердің жоғарыда аталған сұрақтар бойынша берген түсінтемелерімен мәлімдемелері, БАҚ жарияланған материалдар, А.Байсадықовтың аудандық, облыстық, Бас прокуратураға, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне жазған арыздары талданып, сараланды. Нәтижесінде А.Байсадықовтың арызында көрсетілген 16 сұрақтың 14-де фактілер расталмады.

Арызда көрсетілген 16-шы сұрақ бойынша анықталған бұзушылық  Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113 бап, 4 тармағының талабының сақталмауына байланысты орын алған.

 «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына жүргізілген сәйкестік аудитіне   байланысты азамат А.Байсадықовтың арызында көрсетілген сұрақтар бойынша жинақталған материалдар толықтай зерделеніп, талдау жасалды. Аудит барысында «Ескелді ауданы әкімдігінің Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» КММ-ң техникалық персоналдарынан (қызметтік үй-жайларды тазалаушы, жұмысшы, вахтер, іс-жүргізуші) және педагог қызметкерлерінен түсіндірмелер алынып, сауалнама жасалып А.Байсадықовтың арызында көрсетілген фактілер өз дәлелін таппады.

Сонымен қатар,   А.Байсадықов бұған дейін 2017 жылдың тамыз айымен 2020 жылдың қараша айы аралығында Қаржылық бақылау органдарына, Еңбек инспекциясына, аудандық, облыстық, Бас Прокуратураға, Ұлттық бюроға, Білім басқармасына, Білім министріне, Сотқа барлығы 21 рет шағымданған. Арыз бойынша уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше рет тексеру іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша жою шаралары қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және Алматы облысының прокуратурасы тарапынан "Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес, егер қайта жасалған өтініштерде жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар келтірілмесе, ал алдыңғы өтініштердің материалдарында тексерудің егжей-тегжейлі материалдары бар болса және өтініш беруші белгіленген тәртіппен жауаптар берсе, өтініштерді қарау тоқтатылатыны жайлы азамат А.Байсадықов  бірнеше қайтара хабардар етілген.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар

«Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына жүргізілген сәйкестік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына жүргізілген сәйкестік аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

2. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының аудиторлық Қорытындысы процессуалдық шешім қабылдау үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы облысы бойынша департаменті» РМК-не жолданылсын.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

Тексеру комиссиясының мүшесі                              Қ. Манамұратов

 

Бөлім басшысы                                                          Д. Базарбаев

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                        Қ. Есенаманов

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                        А. Қадір 

 

Аудит тобының жетекшісі                                        Д. Базарбаев

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ