Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Аудиторлық қорытынды Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 03.09.2021
Просмотры: 338 Печать страницы

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ I. Кіріспе бөлік 1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті бюджет жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін мемлекеттік аудиті. 1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу. 1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: 1. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі. 1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап, 2021 жылдың 31 мамырын қоса алғандағы кезең қамтылды. II. Негізгі (талдамалық) бөлік 2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау: «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) Алматы облысының ауыл шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган. Мекеменің миссиясы дамушы экономика жағдайында тұрғындарды азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етуге, аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуға бағытталған ауыл шаруашылығы басқару саласында бірегей мемлекеттік саясатты жүргізуге бағытталған. Ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды енгізуіне жәрдем ету, ауыл шаруашылығы саласында индустриялықинновациялық дамытуды қамтамасыз ету, агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу, тұқым, өсімдік, мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу мекеменің міндеттеріне жатқызылған. Облыстың аграрлық секторы - көпсалалы, жалпы өндіріс құрылымында өсімдік шаруашылығының өнімі 49,2%, мал шаруашылығы – 50,6% және қызметтер – 0,2% алады. Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді қолдауға 2016-2018 жылдары 126,7 млрд. теңге бюджет қаражаты бағытталған, оның ішінде саланы субсидиялауға – 79,9 млрд. теңге. Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына осы жылдары 190 млрд. теңге инвестиция тартылған (ауыл шаруашылығы 122,5 млрд., азық – түлік өндірісіне – 67,5 млрд. теңге), орташа жылдық өсу қарқыны - 22,4% құраған. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 22,1 мың гектарға кеңейтіліп 954,3 мың га дейін жеткізілген (2016ж. - 932,2 мың га). Әртараптандыру мақсатында бидай егісі 22,6 мың гектарға азайтылып керісінше дәндік жүгері - 4 мың гектарға, майлы дақылдар - 14,2 мың гектарға, қант қызылшасы - 4,4 мың гектарға ұлғайтылған. 2016 - 2018 жылдары 37 бордақылау алаңы және 16 тауарлы сүт фермалары іске қосылған. 2016 жылмен салыстырғанда мал санының өсуі орта есеппен 12,5% құраған, мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 4,5% ұлғайған. Облыста Аграрлық-өнеркәсіптік кешен өнімінің сыртқы тауар айналымының көлемі 4,4% артқан (экспорт: 2016 жылы-80 млн. АҚШ долл., 2017 жылы - 116,2 млн. АҚШ долл., 2018 жылы – 117,0 млн. АҚШ долла.) құраған. Қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 16,4% - ға өсіп, 80,1 млн. (2016 ж. 68,8 млн. АҚШ долл.) құраған. 2019 жылдан бастап қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындары бойынша өңірлерде субсидия нормативтері ұлғайтылған. 2019 жылы облыс бойынша 552,7 тонна сары май, 58,3 тонна қатты ірімшік және 44,5 тонна құрғақ сүт өндірісі субсидияланған. 8 сүт өңдеу кәсіпорындарына 502,9 млн. теңге көлемінде субсидия төленген. 2020 жылы облыс бойынша 989 тонна сары май, 87,2 тонна қатты ірімшік және 150 тонна құрғақ сүт өндірісі субсидияланған. 9 сүт өңдеу кәсіпорындарына 1081,2 млн. теңге көлемінде субсидия төленген. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде сары май өндіру көлемі 2013 жылғы 300 тоннадан 2020 жылы 1740 тоннаға дейін (5,6 есе), қатты ірімшік 2 тоннадан 79,3 тоннаға дейін (75 есе), құрғақ сүт 2017 жылғы 73,3 тоннадан 2020 жылы 150,0 тоннаға дейін немесе 105% - ға артқан. 2020 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,3% өсіммен 917,8 млрд. теңгені құраған. Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған бір адамға шаққанда еңбек өнімділігі 2 510 мың теңгені немесе 2019 жылға 104% құрайды. Саланы қолдауға 51,8 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде 46,2 млрд. теңгесі – субсидиялар. 40,4 млрд. теңгеге 34 инвестициялық жоба іске асырылған, 57,5 млрд. теңге инвестиция тартылған. Компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, автоматтандырылған жүйелер белсенді енгізілуде. Осындай жүйелермен инкубациялық жұмыртқалар және құстарды тамақтандыру өндірісі жабдықталуда, жылыжай кешендерінде гидропоника компьютерлік жүйесі арқылы басқару технологиясы енгізілуде (өнімді топырақсыз ортада өсіру), қант қызылшасын жинау үшін 14 цифрлық комбайн қолданылды. 5 мың га суармалы жер қалпына келтірілді, Книжевский су қоймасына, "Достық", "Тоған", "Октябрь-2", "Талап", "Сасықпай", "Көтентай" су қоймаларына және "Үкірші" магистральдық каналына күрделі жөндеу жүргізілген. Нәтижесінде, 2019 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 6,9 мың гектарға ұлғайып, 968,5 мың гектарды құраған. Ылғал үнемдеу технологияларын қолдану алаңы 149 мың гектарға, су үнемдеу технологиясын пайдалану - 19 мың гектарға жеткізілген. 1,4 млн. тонна астық жиналған (2019 жылдың деңгейіне 100%), 549,5 мың тонна қант қызылшасы (104,6%), 296,1 мың тонна майлы дақылдар (93,6%), 785,8 мың тонна картоп (103,7%), 1 млн. тонна көкөніс (103,7%), 112,2 мың тонна бақша дақылдары (93,0%), 133,2 мың тонна жемістер мен жидектер (119,2%) жиналған. Қарасай ауданында алаңы 5,1 га болатын "Eurasian Green Product" жылыжайы пайдалануға берілді, жалпы алаңы 101,1 га болатын 101 жылыжай жұмыс істеуде аталған жылыжайлар бойынша 2020 жылы 35,3 мың тонна көкөніс жиналған. Мал шаруашылығында мал мен құстың барлық түрлерінің саны көбейген, 2,2% өсіммен 388,7 мың тонна ет сатылған, 813,6 мың тонна немесе 2019 жылмен салыстырғанда 3,2% - ке артық сүт сауылған. Аграрлық-өнеркәсіптік кешені бойынша өңделген өнімінің экспорты 2020 жылы 20,6% өсіп, 110 млн. АҚШ долларын құраған. 754 тонна ірі қара мал еті және 2,9 мың тонна құс еті экспортқа жіберілген. Саладағы негізгі мәселелер өсімдік шаруашылығында шаруашылықтардың ұсақталуы және жер телімдерінің шағын өлшемдері ғылыми негізделген егіс айналымын сақтауға және қазіргі заманғы технологияларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік бермейді; ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейі 65%-тен астам; мал шаруашылығында ұсақ тауарлы өндіріс басым, бұл ауқымды селекциялықасылдандыру жұмыстарын жүргізуді, ауыл шаруашылығы малдарын теңгерімсіз азықтандыруды тежейді; төмен деңгейдегі жайылым айналымына байланысты шөптердің аздығы; ирригациялық желілердің тозуы шамамен 70% құрайды; бірқатар азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділік, Аграрлық-өнеркәсіптік кешен субъектілерінің экспорттаудың әлсіз деңгейі болып табылады. 2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері Басқарма бойынша 21 195 745,2 мың теңге бюджет қаражаты мемлекеттік аудитпен қамтылды. Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 2 289 561,5 мың теңгені құрады. Оның ішінде; Қаржылық бұзушылықтардың сомасы 1 931 876,8 мың теңге: бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге жатқызылатыны – 1 911 956,5 мың теңге, бюджет есебіне қайтаруға жатқызылатыны - 19 920,3 мың теңге. Бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдаланудан орын алған 32 798,9 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және 324 885,8 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз орындау анықталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының салалық заңнама талаптарын сақтамау салдарынан орын алған 3 дана рәсімдік бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 1 дана мемлекеттік сатып алу саласында, 1 дана сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында, 1 дана сыйақы есептеу бойынша заңнама талаптарын сақтамаудан орын алған. 1. 001 бағдарламаның 159 ерекшелігі бойынша 2019 жылдың қараша айында қаржыландыру жоспарына тиісті өзгерістер енгізіліп аталған ерекшелік бойынша қарастырылған қаражаттың көлемі 10 608,0 мың теңгеге, 001 бағдарлама 161 ерекшелік бойынша қарастырылған қаражаттың көлемі 4 885,0 мың теңгеге ұлғайтылған. Жыл қорытындысы бойынша аталған 159 ерекшелік бойынша қарастырылған қаражаттың 5 389,0 мың теңгесі немесе 50,8%, ал 161 ерекшелік бойынша қарастырылған қаражаттың небәрі 157,0 мың теңгесі немесе 1,2% аталған ерекшелік бойынша игеріліп қалған қаражаттар басқа ерекшеліктерге жылжытылып игерілген, осылайша Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің негізділік принциптері сақталмай 9 947,0 мың теңге тиімсіз артық жоспарланған (71,1% сыйақыға жұмсалған). Дәл жоғарғыдай 2020 жылдың қараша айында 001 бағдарламаның 159 ерекшелігі бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізіліп аталған ерекшелік бойынша қарастырылған қаражаттың көлемі 15 500,0 мың теңгеге ұлғайтылған. Жыл қорытындысы бойынша аталған ерекшелік бойынша қарастырылған қаражаттың тек 2 512,0 мың теңгесі немесе 16,2% аталған ерекшелік бойынша игеріліп қалған қаражаттар басқа ерекшеліктерге жылжытылып игерілген, осылайша Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің негізділік принциптері сақталмай 12 988,0 мың теңге тиімсіз артық жоспарланған (67,5% сыйақыға жұмсалған). 2. 2019-2021 жылдарға және 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік өтінімдерді ұсыну кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну» Қағидаларының 81 тарамағының 1 тармақшасының талабы сақталмай байланыс қызметіне арналған шығындар бойынша 2019 жылы 5800,9 мың теңге, 2020 жылы 4 063,0 мың теңге жалпы сомасы 9 863,9 мың теңге қаражат артық есептеліп жоспаралған. Аталған қаражаттар ағымдағы қаржы жылына артық жоспарланған қаржыны азайтуды қажет етеді. 3. Қызметкерлердің еңбек ақылары физиологиялық нормаларға қажетті азық-түлік сатып алу үшін ғана жеткілікті болатындығы және басқа да жеке тұлғалардың салық, несие, коммуналдық төлемдер бойынша міндеттемелерін орындауға, шығындарды өтеуге жеткіліксіздігі өз кезегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз №1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу» Ережесінің 13 және 13-1 тармақтырын бұза отырып жасанды (бұрмалай отырып) үнемдеу арқылы қызметкерлерге сыйақы беру кезінде қорытындының бұзушылық бөлігіндегі 1 және 3 тармақтарында айқындалған Заң бұзушылықтарының орын алуына себеп болған. 4. 2019 қаржы жылында 061 бюджеттік бағдарлама бойынша 7200,0 мың теңге, 069 бюджеттік бағдарлама бойынша 29 108,6 мың теңге қаражат, 2020 қаржы жылында 069 бюджеттік бағдарлама бойынша 25 316,0 мың теңге игерілмей екі жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 61 624,7 мың теңге қаражат бюджет есебіне қайтарылған. Немесе аталған қаражаттарды басқа мақсаттарға тиімді пайдалануға бағытталған іс-шаралар жүргізілмеген. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 Қаулысымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларының» 69 тармағына сәйкес Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру және ағымдағы жылы қаржыландыру, қаржыландыруды тоқтату ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалардың іске асырылу барысын және олардың нәтижелілігін, оның ішінде олар іске асырылып жатқан жерге барып мониторингтеу нәтижелеріне негізделген ҰҒК шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы №891 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №149 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларының» талаптары сақталмаған: ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептер ұсынылмаған, сараптамадан өткізілмеген, мемлекеттік есепке алынбаған. Жоғарыда аталған заңнама талаптарын сақтау шарттары Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенсаласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларында қарастырылмаған. Нәтижесінде жобаны жоспарлау және іске асыру барысында барлық қатысушылармен заңнама талаптарының сақтамауы орын алған. Осылайша Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларының 69 тармағының талаптары сақталмай төленген 30 000,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берілген. 6. Алматы облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Басқарма ережесінің 16 тармағының 38 тармақшасына сәйкес Басқарма қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыратындығы айқындалған. Аудит жүргізу кезінде алынған ақпараттарға сәйкес 2019 жылы 1096 ауылшаруашылығы тауар өндірушілерге 217,3 мың литр, 2020 жылы 1113 ауылшаруашылығы тауар өндірушілерге 255,2 мың литр, 2021 жылдың 5 айында 264 ауылшаруашылығы тауар өндірушілерге 111,8 мың литр пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) жұмсалған шығындарды өтеу үшін субсидия төленген. 5 литрлік тарада болған болса: 2019 жылы 43,4 мың дана тара, 2020 жылы 51,0 мың дана тара, 2021 жылдың 5 айында 22,3 мың дана тарада пестицидтер сатып алынған. Жоғарыда аталған мәліметтерге талдау жасау барысында 2019 жылы субсидияланған пестицидтер тарасының көлемінің тек 22,1%, 2020 жылы – 6,7%, 2021 жылы – 2,7% залалсыздандырылғаны анықталды. Бүгінгі таңда жоғары көрсетілген ауылшаруашылығы тауар өндірушілер тарапынан залалсыздандырылмаған 103,4 мың дана тара немесе бүкіл алынған тараның 88,6% тиісті залалсыздандырылмай қоршаған ортаға бейберекет тасталғанын ескерсек, қоршаған ортаға орны толмайтын зиан келтіріліп жатқаны дабыл қағатын жағдай болып отыр. Аталған шараларды тиісті деңгейде тиімді жүргізу үшін басқарманың қарамағында мамандандырылған «Ақши-агросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызмет атқарады, аталған мақсаттарға және қосымша келісім шарт бойынша қарастырылған жұмыстарды жүргізуге «Ақшиагросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бюджет есебінен 2019-2021 жылдар аралығында жалпы сомасы 40 873,0 мың теңге қаражат қарастырылған және жылдан жылға аталған сомалар ұлғаюда, аудитпен қамтылған мерзім аралығында аталған серіктестікті ұстауға нақты жұмсалған 32 686,0 мың теңге тиімсіз жұмсалған. Сондайақ басқарма тарапынан пестицидтерді (улы химикаттарды) сатып алу (құнын арзандату) мақсатында шаруашылықтарға тиісті субсидиялар қарастырылған. Басқармада аталған жұмысты тиімді жүргізуге арналған барлық тетіктердің болғанына қарамастан бұл жұмыстар облыс көлемінде төмен деңгейде немесе басқарма басшылары тарапынан өз жұмыстарына немқұрайлы қарау салдарынан жылдан жылға бұл жұмыстарды жүргізу сапасы төмендеуде. Басқарма қызметінің тиісті дәрежеде орындалмауы облыс аумағында субсидияланған пестицидтер тарасы көлемінің 2019 жылы 78%, 2020 жылы 93%, 2021 жылдың 5 айында 97%-ының тиісінше зарарсыздандырылмауына әкелген. Осылайша, ауылшаруашылығы тауар өндірушілерімен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 15-05/864 бұйрығымен бекітілген «Пестицидтерді зарарсыздандыру қағидалары, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттары» қағидаларының 3-30 тармақтарының сақталмауы тәуекелін тудырған. Жергілікті атқарушы органдармен өз деңгейінде қызметтердің атқарылмауы Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасының міндеттемелерінің орындалмауы тәуекеліне әкеледі. 7. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау» қағидаларының 15 - 25 тармақтарының талаптарына қайшылас 2019-2021 жылдар аралығында қант қызылшасы дақылын тасымалдау шығын құнын субсидиялау Заңды негіздің болмағанына қарамастан жалпы сомасы 200 575,1 мың теңге бюдет қаражатын аталған мақсаттарға жұмсалуына жол берілген. Жоғары аталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасы бюджет Кодексінің 4 бабының 9 тармақшасымен айқындалған негізділік принципінің сақталмауы арқылы 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасындағы ұғым бойынша бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдаланылуына және жоспарлануына алып келген. 8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының» жоспарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидаларының 114,116 тармақтарының талаптары сақталмай 2019 қыржы жылы бойынша 171,5 мың теңге кредиторлық берешек, 528,8 мың теңге дебиторлық берешек, 2020 қаржы жылында 481,3 мың теңге кредиторлық берешек, 1574,1 мың теңге дебиторлық берешек жылдық бухгалтерлік есептерінде көрсетілмей, 2019-2020 жылдары қаржылық есептіліктің бұрмалануларына жол берілген. 9. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17 бабының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидаларының талаптарына сәйкес құрылысы аяқталған объектілер түпкілікті пайдаланушыларға тиісті акті қабылдап өткізілу тиістігі айқындалғанына қарамастан Басқарма тарапынан аталған жұмыстар жүргізілмей жалпы құны 1 756 591,8 мың теңгені құрайтын 8 күрделі жөндеу жүргізілген объектілердің құны пайдаланушы ұйымдарға өткізіліп берілмеген. 10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидаларының 258-1, 259 тармақтарының талаптары сақталмай күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін тапсырылған объектілерге олардың көзделген тозу нормалары бойынша сомасы 152 609,0 мың теңгені құрайтын амортизация есептелмеген. 11. 014 «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау» қағидаларының талаптарын бұза отырып 6 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 9 507,1 мың теңге субсидия негізсіз қайталанып төленуіне жол берілген. 12. 047 «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен бекітілген «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау» қағидаларының талаптарын бұза отырып 2 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 10 413,2 мың теңге субсидия негізсіз қайталанып төленуіне жол берілген. 13. 2019 жылдың 23 мамырында Жамбыл ауданы құтырған өзеніндегі "Құтырған" су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Басқарма «NEW CONCTRUCTION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 70 543,5 мың теңгені құрайтын №47 келісім-шарт жасаған. «NEW CONCTRUCTION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзіне қабылданған міндеттемелерін уақытында орындамау салдарынан орын алған тұрақсыздық айыбын басқарма келісім шарттың құнын азайту арқылы бюджет есебіне өндіріп алған. Дегенмен Басқарма Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талаптары сақталмай «NEW CONCTRUCTION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сот органдарына уақытылы жүгінбеген. 14. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 17 бабының 1 тармағының 6 тармақшасының, 37 бабының 2 тармағының талаптары сақталмай Жамбыл ауданы құтырған өзеніндегі "Құтырған" су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстар бойынша 2020 жылға жоспарланған жұмыстарын авторлық қадағалаушының сүйемелдеуісіз жүргізген. 2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтікэкономикалық дамуға әсерін бағалау Алматы облысын дамытудың 2016 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырылуы туралы есеп деректеріне сәйкес: Ауыл шаруашылығы бағыты бойынша 2019 жылы азық - түлік өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 77 млрд. теңге инвестиция тартылған. Барлығы 17 млрд. теңге сомасына 54 инвестициялық жоба пайдалануға берілген, оның ішінде 5 нысан – ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу бойынша. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын субсидиялауға 43 млрд. теңге бөлінген. 1 индикатор – «Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлем индексі» орындалмаған. Индикаторға қол жеткізбеу 2020 жылға 2 инвестициялық жобаның ауысуымен байланысты болған: • «Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы аумағында «Феникс Фид Миллс» ЖШС құрама жем зауытын және қуаты 60 мың тонна болатын элеваторды салу, жобаның құны 4,8 млрд. теңге; • Еңбекшіқазақ ауданындағы «Жетісу Соя» ЖШС-нің қуаттылығы жылына 16 мың тонна байпас протеині мен соя майын өндіретін зауыттың құрылысы, жобаның құны 1 млрд. теңге. 2020 жылы 40,4 млрд. теңге сомаға 34 инвестициялық жоба пайдалануға берілген, оның ішінде 10 жоба – ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу бойынша. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын субсидиялауға 46,2 млрд. теңге бөлінген. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу саласында 5 кәсіпорынның өндірісі жаңғыртылды, нәтижесінде азық-түлік тауарлары экспортының көлемі 2019 жылдың 11 айымен салыстырғанда 20,6%-ке ұлғайған. Субсидиялау көлемі жыл сайын жоғарылайтындығы, субсидия көлемін ұлғайту қайта өңдеу өнеркәсібі өнімдері бойынша экспорт көлемін ұлғайтып, импорт көлемін азайтпайтындығы, қайта өңдеу өнеркәсібі өнімдері бойынша экспорт көлемінен импорт көлемі екі есе жоғары екендігі байқалады. Ол өз кезегінде аталған саладағы өнімге ішкі сұраныстың жоғары екендігін және ол импорттық өнім есебінен жабылатындығын көрсетеді. Аумақтық даму бағдарламасын іске асыру барысында қабылданылған шаралардың жеткіліксіздігі бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізу мен міндеттердің орындалуын талдау барысында анықталды. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы ұсынылған есеп деректеріне сәйкес Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы бойынша 2019 жылы «Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға инвестициялар» көрсеткішінің жоспарлы мәніне қол жеткізілмеген. Көрсеткіш 17 пайызға орындалмаған. «Ауыл шаруашылық техникасын жаңарту» көрсеткішінің жоспарлы мәні тек 52 пайызға орындалған. «Жаңарудың орташа деңгейі» көрсеткішінің жоспарлы мәніне қол жеткізілмеген. «Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу: тамақ өнімдерінің өндірісі» көрсеткішінің орындалмауы 7 пайызды құраған. Көрсеткіштің жоспарлы мәніне қол жеткізбеуге отандық өнімді орау, сыртқы қаптамасы, тарасының қымбат болуы себеп болған. Шетелдік орам құралдарының сапасы және тауарлық сипатының жоғары болуына байланысты бағасы қымбат. Ол өз кезегінде отандық өнімнің өзіндік құнының өсуіне әкеледі. Импорттық өніммен бәсекелестіктің жоғары деңгейде болуынан жеміс және көкөніс шырыны өндірістерінің төмендеу үрдісі байқалады. Қайта өңделген балық және ет консервілерінің өндірісінің төмендеу үрдісі байқалады. III. Қорытынды бөлік 3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 19 920,3 мың теңге өндірілді, 155 364,7 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды. Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 1 материал жолданылды. Департаменттің 18.08.2021 жылғы №03-15-1925-5326 шығыс хатына сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 2 тармағымен 1 лауазымды тұлға және 207 бабының 10 тармағының 3 тармақшасымен 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. «Алматы облысының сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 1 материал жіберілді. Алматы облысының сәулетқұрылыс бақылау басқармасының 13.08.2021 жылғы №45-45/3001/2524 шығыс хатына сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 321 бабы бойынша 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар. 1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 2 286 805,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды. Соның ішінде 1 929 121,1 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 32 798,9 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 324 885,8 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және 4 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар. 2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарын, Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы Ережесінің талаптарын, Субсидиялау қағидаларының талаптарын сақтамаудан орын алған. Қызметкерлердің еңбек ақылары физиологиялық нормаларға қажетті азық-түлік сатып алу үшін ғана жеткілікті болатындығы және басқа да жеке тұлғалардың салық, несие, коммуналдық төлемдер бойынша міндеттемелерін орындауға, шығындарды өтеуге жеткіліксіздігі өз кезегінде сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы Ережесінің талаптарын бұза отырып, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізілуі және қызметкерлерге сыйлықақы төлеуге бюджет қаражатын жұмсау бұзушылықтарының орын алуына себеп болған. 3. Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына жол берілген. Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану ғылыми және (немесе) ғылымитехникалық қызметті мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру бойынша заңнама талаптарының сақталмауынан, Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 шілдедегі №275 қаулысымен бекітілген «Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларында» заңнама талаптарының қарастырылмауынан орын алған. Пестицидтердің құнын субсидиялау ережелерінің және пестицидтерді зарарсыздандыру қағидаларының талаптары және субсидияланған пестицидтер қалдықтары мен тарасының толық көлемін залалсыздандыру бойынша іс-шаралардың өзара тиісті дәрежеде үйлестірілмеуінен орын алған. 4. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының талаптарын тиісті сақтамау салдарынан бюджет қаражатының артық және негізсіз шығысталуларына жол берілген. 3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар Жергілікті бюджет жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН: 1. Жергілікті бюджет жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын. 2. Алматы облысы әкімдігіне «Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын» ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру бойынша заңнама талаптарына сай сәйкестендіру туралы, қант қызылшасы дақылын тасымалдау шығын құнын субсидиялау қажеттілігі орын алған жағдайда қажеттіліктің негізділігін растау, субсидиялау реті мен шарттарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісіп, заң талаптарымен үйлестіріп, заң талаптарына сәйкес жүзеге асыру туралы ұсынымдар берілсін. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тәуекелдердің алдын алу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығымен бекітілген «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының» Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау шарттары қаралған 5- бөлімінің 81 тармағына субсидия төлеу шарты ретінде - тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер мен олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын зарарсыздандыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен жасалған келісім-шарттардың болуы міндеттемесін енгізу туралы ұсыным берілсін. 4. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментіне аудит материалдары процессуалдық шешім қабылдау мақсатында жолдансын. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі келесі шараларды қабылдасын: 1. 2021 жылдың 15 қазанына дейін Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қаралсын. 2. 2021 жылдың 15 қазанына дейін қалпына келтіруге жататын 1 756 591,8 мың теңгенің қалпына келтірілуі қамтамасыз етілсін. 3. Байланыс қызметі бойынша артық есептеліп жоспаралған қаражатты ағымдағы жылдың қаржыландыру жоспарынан азайту жасалсын. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларының бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірген 19920,3 мың теңгесі және есептілік бойынша қалпына келтірілген 155 364,7 мың теңге назарға алынсын. 3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар менкемшіліктердің жиынтық тізілімі. Тексеру комиссиясының мүшесі Б.Мұхамеджанов Бөлім басшысы Д.Базарбаев Сапа бақылауына жауапты Құрылымдық бөлімшенің басшысы Қ.Есенаманов Құқықтық сүйемелдеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Қадір Аудит тобының жетекшісі Б.Кенесжан

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ