Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Алматы облысының ветеринария басқармасы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 30.05.2025
Просмотры: 45 Печать страницы

 

    

    

    

    

 

 

 

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы

 

 

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы М.Мусаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Алматы облысының ветеринария басқармасының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Мекеме);

2. «Алматы облысы ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (әрі қарай - Кәсіпорын).

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2023 жылдың 1-қаңтарынан бастап 2024 жылдың 31 желтоқсаны аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

«Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Алматы облысы аумағында ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық – құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады.

Алматы облысы аумағындағы эпизотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ветеринария саласындағы бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу мекеменің миссиясы болып табылады.  Ал міндеттері болып

жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;

халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан

қорғау;

ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

Алматы облысының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың

жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;

ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп

қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;

жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және

ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;

7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;

8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, облыстың ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органының алдында тиісті ветеринариялық алдын-алу шараларын сапалы, әрі уақытылы жүргізу, жануарлар мен құстарды жұқпалы, жұқпалы емес және инвазиялық аурулардан қорғау міндеттері тұр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында: - Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты.

Бұл, түптеп келгенде, ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.   Сондықтан, осы салада жүйелі жұмыс атқарылуға тиіс. Атап айтқанда, үдерістерді цифрландыру,  маман даярлау және олардың жалақысын көбейту шаралары. Ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауы керек деп атап өткен.

Аудит бағдарламасында көрсетілген сұрақтар бойынша аудитпен қамтылған бюджет қаражаттарының жұмсалу анықтығы мен дұрыстығына аудит жүргізілді. Аудит бағдарламасының басқада мәселелері бойынша жоспарланып, жұмсалған қаражаттардың, жүргізілген шығыстардың белгіленген күтілетін кезеңге, қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес игерілгені анықталды.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері.

Алматы облысының ветеринария басқармасының және оның ведомствовалық бағыныстағы Кәсіпорынның жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен 8 712 620,0 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылды және ведомствалық бағыныстағы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына бақылаулар жүргізіліп, қорытындысымен Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 190 669,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:

  •     1 241,1 мың теңге бюджетке өндірілетін,
  • 177 999,8 мың теңге қалпына келтірілетін,
  •      11 428,6 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары, - түріндегі бұзушылықтар.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі орын алған бұзушылықтар бойынша аудит объектілерімен 177 999,8 мың теңгеге тиісті бухгалтерлік жазбалармен қалпына келтіру арқылы түзетілді, 1 241,1 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өтелді.

Бұдан басқа, 5 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (әрі қарай – Әкімшілік кодексі) 238-бабы 1-тармағы 2-тармақшасы негізінде 1 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы және 207-бабы 10-тармағы 2-тармақшасы негізінде аудит объектілерінің басшыларына 3 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы бұзушылықтар анықталды.

Жеке мемлекеттік Мекеме мен оның ведомствовалық бағыныстағы Кәсіпорыны бойынша бұзушылықтардың сипаттамасы:

1. «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

         1-Тармақ. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу» туралы қағидасы 3-тармағы 2-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан жалпы сомасы 29,6 мың теңгеге үй-жайды жалдау ақылары артық төленген, оның ішінде: Г.Т.Демесиноваға 14,8 мың теңге және Н.Ж.Искендировқа 14,8 мың теңге. Аудит барысында артық төленген 29,6 мың теңге көлеміндегі үй-жайды жалдау ақылары толығымен бюджетке өндірілді.

2-Тармақ. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу» туралы қағидасы 3-тармағы 1, 2-тармақшалары талаптарын сақтамау салдарынан жалпы сомасы 44,3 мың теңге көлеміндегі іс сапар шығындары артық төленген, оның ішінде: 7,4 мың теңгеге 1 күндік тәулiкақы және 36,9 мың теңгеге 1 күндік үй-жайды жалдау төлемдері. Аудит барысында артық төленген 44,3 мың теңге көлеміндегі іс сапар шығындары толығымен бюджетке өндірілді.

3-Тармақ. Мекеме Мемлекеттік сатып алу Заңының 43-бабы 24-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан №18 келісім шарт бойынша  «Rayana» ЖК-і 2024 жылдың 10-наурызынан бастап 2024 жылдың 13-наурызын қоса алған мерзімде 2 057 940,00 теңгенің тауарларын жеткізу 4 күнтізбелік күнге кешіктірілгені үшін 8 231,8 теңгеге айыппұл есептелінеді өндіріп алу қамтамасыз етілмеген. «Rayana» ЖК-і тарапынан 2025 жылғы 30-наурыздағы №ONB7E7AVV төлем тапсырмасымен 8 232,00 теңге айыппұлды бюджетке өндірді.

4-Тармақ. Мекеме Мемлекеттік сатып алу Заңының 12-бабы 4-тармағы 3-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан №18 келісім шарт бойынша тауарларды 4 күнтізбелік күнге кешіктірілгені «Rayana» ЖК-ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінбегені анықталды.

Бұл жерде, Әкімшілік кодексінің 207 бабы 10-2-тармағы талаптарына сәйкес: Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс берушінің өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі  – лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

5-Тармақ. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 4-бабы 12)-тармақшасы талаптарының сақтамау салдарынан 2023 жылдың 9-тамызындағы №89 мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарты негізінде 5 428,6 мың теңгеге сатып алынған «Танба.кз» базасының жұмыс істемеуі 033–015-159 - «Қараусыз және қаңғыбас жануарларды бірдейлендіру» бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына  әкеліп соққан.

6-Тармақ. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 4-бабы 12)-тармақшасы талаптарының сақтамау салдарынан 2024 жылдың 3-маусымындағы №42 мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарты негізінде 6 000,0 мың теңге сатып алынған «Vet Uchet» базасының жұмыс істемеуі 033–015-159-«Қараусыз және қаңғыбас жануарларды бірдейлендіру» бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына  әкеліп соққан.

7-Тармақ. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің (әрі қарай - №393 Есеп қағидасы) 243-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 177 999,8 мың теңгенің негізгі құралдары Кәсіпорынның теңгеріміне уақытылы өткізілмегені және Мекеме теңгерімінің 315 - «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер» жолына ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде енгізбегені анықталды, оның ішінде:

- 2023 жылы неізгі құралдар – 2 177,8 мың теңге,

- 2023 жылы мал қорымдарына жіберілген аванс - 1 118,4 мың теңге,

- 2024 жылы мал қорымдарының құрылысына – 174 475,0 мың теңге,

- 2024 жылы теңгерімге алынған автокөлік – 228,6 мың теңге.

Мекеменің 2025 жылғы 18-наурыздағы бухгалтерлік анықтамамен                       177 999,8 мың теңгенің негізгі құралдары 4310 – «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер» шотына енгізілу арқылы қалпына келтірілді және Кәсіпорынның теңгеріміне ауыстырылған.

8-тармақ. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 01 тамыздағы №468 Бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының (әрі қарай - №468 Есептілік қағидасы) 33, 79 –тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан 2023-2024 жылдары Мекеменің теңгеріміне алынған және Кәсіпорынның теңгеріміне өткізуге тиісті негізгі құралдарды Ұзақ мерзімді міндеттеме ретінде танылмауы 2024 жыл қорытындысы бойынша жасақталатын Бухгалтерлік баланстың 315 – «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер» мен ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» жолдарының сомаларының бұрмалануына әкеліп соққан.

Бұл жағдай, Әкімшілік кодексінің 238 бабы 1-тармағы 2-тармақшасы талаптарына сәйкес: бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепке алуда көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, бухгалтерлік құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған ақпаратты енгізу, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. «Алматы облысы ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жүргізілген үстеме бақылау нәтижесінде төмендегідей бқзушылықтар орын алған:

Тармақ 1. Кәсіпорын тарапынан Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 162 бұйрығының (әрі қарай – Аулау қағидасы) 13-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы ауланған 21 804 бас қаңғыбас жануарлар деректер базасына тіркелмегені анықталды. Алайда, Кәсіпорын тарапынан 2024 жылы ауланған 21 804 бас қаңғыбас жануарлар қағаз жүзінде журналдарға тіркеліп отырған.

Тармақ 2. Кәсіпорын тарапынан Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 103-бабы 1-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылдың 27-мамырындағы қайтыс болған Ұйғыр ауданы Дардамты а/округінің вереринариялық пунктінің ветеринариялық фельдшері Арзкулов Жақыпжан Қанабековичке 2024 жылдың шілде айында еңбекақы ретінде 305,1 мың теңге аударылған. 2025 жылдың 27-наурызындағы №508604776899 төлем түбіртегімен 305,1 мың теңге бюджетке өндірілген.

Тармақ 3. Кәсіпорын тарапынан Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 103-бабы 1-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылдың 27-мамырындағы қайтыс болған Ұйғыр ауданының ветеринариялық бөлімінің күзетшісі Мамырканов Ораз Оразалиевичке 2024 жылдың шілде айының еңбекақы тізімі мен есеп айырысу парақшасына сәйкес еңбекақы 110,0 мың теңге аударылған. 2025 жылдың 27-наурызындағы №508604626381 төлем түбіртегімен 110,0 мың теңге бюджетке өндірілген.

Тармақ 4. Кәсіпорын тарапынан Еңбек кодексінің 103-бабы 1-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан ветеринарлық фельдшер біліктілігі бар Ж.Жарлепесовқа жеке есеп айырысу парақтарына сәйкес 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ветеринарлық дәрігер ретінде жалпы сомасы 471,8 мың теңгеге еңбекақы төлемдері төленген. 2025 жылдың 27-наурызындағы №277 және 2025 жылдың 28-наурызындағы №316 төлем тапсырмаларымен 471,8 мың теңге бюджетке өндірілген.

Тармақ 5. Кәсіпорын Мемлекеттік сатып алу Заңының 43-бабы 24-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан «Everest Industry» ЖШС-і тарапынан 2024 жылдың 14-тамызындағы №159 мемлекеттік сатып алу келісім шарты бойынша 2024 жылдың 29-тамызынан бастап 2024 жылдың 20-қыркүйегін қоса алған мерзімде 10 972,6 мың теңгенің Ерлерге арналған 1000 пар кирза етіктерді жеткізу 22 күнтізбелік күнге кешіктірілгені үшін 252,4 мың теңгеге айыппұлды өндіріп алу қамтамасыз етілмеген. 2025 жылдың 27-наурызындағы №314 және 2025 жылдың 21-сәуірдегі №431 төлем тапсырмаларымен жалпы суммасы 252,4 мың теңге бюджетке өндірілген.

Тармақ 6. Кәсіпорын Мемлекеттік сатып алу Заңының 12-бабы 4-тармағы 3-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан №159 келісім шарт бойынша тауарларды 22 күнтізбелік күнге кешіктірілгені үшін «Everest Industry» ЖШС-н мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеген.

Бұл жерде, Әкімшілік кодексінің 207 бабы 10-2-тармағы талаптарына сәйкес: Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс берушінің өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі  – лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Тармақ 7. Кәсіпорын Мемлекеттік сатып алу Заңының 43-бабы 24-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылдың 23-тамызындағы №175 мемлекеттік сатып алу келісім шарты бойынша 2024 жылдың 9-қыркүйегінен бастап 2024 жылдың 24-қыркүйегін қоса алған мерзімде 1 237,4 мың теңгеге 7 дана ноутбуктарды жеткізу 16 күнтізбелік күнге кешіктірілгені үшін 19,8 мың теңгеге айыппұлды өндіріп алу қамтамасыз етілмеген. 2025 жылдың 27-наурызындағы №313 төлем тапсырмасымен 19,8 мың теңге бюджетке өндірілген.

Тармақ 8. Кәсіпорын Мемлекеттік сатып алу Заңының 12-бабы 4-тармағы 3-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан №159 келісім шарт бойынша ноутбуктарды 16 күнтізбелік күнге кешіктірілгені үшін Bastau ЖК-і мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеген.

Бұл жерде, Әкімшілік кодексінің 207 бабы 10-2-тармағы талаптарына сәйкес: Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс берушінің өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі  – лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): Алматы облысы ветеринария қызметінің түпкі нәтижеге қол жеткізудегі мақсаты облыс аумағындағы эпизоотиялық тұрақтылық пен ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

2023 жылы бұрынғы Алматы облысы бойынша (10 аудан) ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті ауруларының 19 түрі бойынша алдын алу іс-шаралары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы №16-07/332 бұйрығына сәйкес жоспарланып, жылдық көрсеткіші 100%-ға орындалды. (16 995 687 манипуляция жүргізілді).

2024 жылы Алматы облысы бойынша (10 аудан) ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті ауруларының 19 түрі бойынша алдын алу іс-шаралары жоспарланып, жылдық көрсеткіші 100%-ға орындалды                   (17 726 897 манипуляция жүргізілді).

Қазіргі уақытта облыс аумағының эпизоотиялық жағдайы тұрақты және тиісті шаралар атқарылуда.

Жалпы Мекемеге жүктелген функциялар орындалуда, штат жасақталған, бөлінетін бюджет қаражаты мемлекеттік органның толыққанды жұмыс істеуі үшін жеткілікті.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде бөлінген бюджет қаражаты мен теңгеріміндегі мүлік жалпы алғанда қанағаттанарлық дәрежеде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес игерілген және пайдаланылған деп бағалауға болады.

III. Қорытынды бөлік.

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі орын алған бұзушылықтар бойынша аудит объектілерімен 177 999,8 мың теңгеге тиісті бухгалтерлік жазбалармен қалпына келтіру арқылы түзетілді, 1 241,1 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өтелді, олар:

«Алматы облысы ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесі бойынша:

- өндірілуге жататын 82,0 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;

- 177 999,8 мың теңгенің негізгі құралдары Мекеменің 2025 жылдың 18-наурызындағы бухгалтерлік анықтама негізінде Кәсіпорынның теңгеріміне берілу арқылы қалпына келтірілді.

«Алматы облысы ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын бойынша өндірілуге жататын 1 159,1 мың теңге бюджет есебіне өндірілді.

Сонымен қатар, Әкімшілік кодексінің 238-бабы 1-тармағы 2-тармақшасы негізінде Мекеменің есепші қызметкеріне қатысты 1 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы және 207-бабы 10-тармағы 2-тармақшасы негізінде аудит объектілерінің басшыларына 3 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша шара қолдануға Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хат жолданды.

Аудит барысында, аудит нәтижесі бойынша орын кемшіліктер бойынша:

- Мекеменің бас маманы А.Аубакирова Мекеменің  2025 жылғы 27-наурыздағы №41-ж/қ бұйрығымен «Ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

- Кәсіпорынның бас есепшісі А.Әбдіқадырова аудит нәтижесі бойынша орын кемшіліктер үшін 2025 жылғы 26-наурыздағы №42 н/қ бұйрыққа сәйкес сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 190 669,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: 179 240,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 11 428,6 мың теңге тиімсіз пайдаланған бюджет қаражаты және 5 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі» кодексінің, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу» туралы қағидасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 01 тамыздағы №468 Бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары талаптарының сақталмауынан орын алған.

3. Бюджет қаражаттары мен мемлекеттік активтерді пайдалануда Әкімшілік кодексінің 238-бабы 1-тармағы 2-тармақшасы негізінде Мекеменің есепші қызметкері тарапынан 1 әкiмшiлiк және 207-бабы 10-тармағы 2-тармақшасы негізінде аудит объектілерінің басшылары тарапынан 3 әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға жол берілген.

4. Бюджет қаражаты шығындарын пайдалану кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген.

5.    Қазақстан Республикасы Заңнамаларының тиісті талаптарын сақтамау салдарынан бюджет қаражатының тиімсіз шығысталуына жол берілген.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.

Алматы облысы ветеринария басқармасының және оның ведомствовалық бағыныстағы Кәсіпорынның Алматы облысының ветеринария басқармасының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. Алматы облысы ветеринария басқармасының және оның ведомствовалық бағыныстағы Кәсіпорынның Алматы облысының ветеринария басқармасының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралуын.

2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілген 1 241,1 мың теңге, қалпына келтірілген 177 999,8 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған 11 428,6 мың теңге көлеміндегі бұзушылықтар назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуін.

3. Алматы облысы бойынша 2023-2024 жылдары вакцинацияланған және стерилизацияланған 2000 бас қаңғыбас иттер мен мысықтарды республикалық сәйкестендіру ақпараттық сервисіне енгізудің қамтамасыз етілуін.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі Е. Бақытов

 

№1 мемлекеттік аудит бөлімінің

бас маман -мемлекеттік аудиторы Б. Молдабеков

 

№1 мемлекеттік аудит бөлімінің

бас маман -мемлекеттік аудиторыА. Турсунбекова

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева

 

 

Аудит тобының жетекшісі  Б. Молдабеков

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ