Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Талғар ауданы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 11.04.2025
Просмотры: 49 Печать страницы

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлім

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Талғар ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Талғар ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:

1.  «Талғар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2. «Талғар ауданының әкім аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

3. «Талғар ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4. «Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5. «Талғар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6. «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7. «Талғар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік  мекемесі;

8. «Талғар ауданының Алатау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

9. «Талғар ауданының Кеңдала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

10. «Талғар ауданының Гүлдала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

11. «Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

12. «Талғар ауданының Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

13. «Талғар ауданының Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

14. «Талғар ауданының Панфилов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

15. «Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

16. «Талғар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің «Талғар ауданының кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

17. «Талғар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің «Талғар ауданының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2024 жылдың  31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

         2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру негізгі міндет болып табылады.

Талғар ауданы – Алматы облысындағы ірі аудандардың бірі.

Аудан агроөнеркәсіптік кешен және жеке сектордың инфрақұрылымы дамыған.

Талғар ауданының коммуналдық меншігінде 29 заңды тұлға ретінде тіркелген,оның ішінде 25 мемлекеттік мекеме: 11 – қала,ауылдық округтер аппараттары, 11 – мемлекеттік орган (аудандық мәслихат аппараты, аудан әкімінің аппараты, бөлімдер), кітапхана, бұқаралық спорттық іс-шаралар жүргізу орталығы, «Жанұя» коммуналдық мекемесі, 1 – ЖШС, 1- мәдениет үйі, 2 - шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын.

Талғар ауданы экономикалық және өнеркәсіптік дамудың тұрақты өсімін көрсетуде.

Талғар ауданының табиғи-климаттық жағдайлары мен тиімді орналасуы туризмді дамыту үшін тамаша мүмкіндіктер туғызады. Қазіргі уақытта ауданда 36 туристік нысан жұмыс істейді, онда 550 адам жұмыс істейді. Шағын және орта бизнес аудан халқының шамамен 30% - жұмыспен қамтамасыз етеді.

Өткен жылы 500-ден астам адамды жұмыспен қамтыған 90-ға жуық кәсіпорын ашылды, ал осы секторға инвестициялардың жалпы көлемі 7 млрд теңгеден асты.

Ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологиялары қолданылады, 13 жылыжай фермасы жұмыс істейді. Ет өндірісінің көлемі өсті. 2 млрд теңге сомасына үш ірі инвестициялық жоба іске қосылды: «Грин Эко», «Байсерке Агро» және «Алель Агро».

Өткен жылы 300 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, ал әлеуметтік осал топтардың 94 отбасы жаңа пәтер алды. Коммуналдық инфрақұрылым жаңғыртылуда. Орталықтандырылған сумен жабдықтау 46 елді мекеннің 45-ін қамтиды, су магистральдарын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Газға 31 елді мекен қосылған.

Көгілдір отын жақын арада Байсерке, Еламан, Көктал, Төңкеріс, Арқабай ауылдарында да пайда болады. 2024 жылы 300-ден астам пәтерді жылумен қамтамасыз ететін 4 блок-модульді қазандық салынды. Биыл осындай тағы 9 нысанның құрылысы жоспарланған. Ауданды жарықтандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. 63 шақырымнан астам жол жөнделіп, Алматы қаласына жеті жаңа бағыт пайда болды.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамалары нормалары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің актілері бойынша анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:

Талғар ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен барлығы 21 772 880,0 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 221 616,9 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:

- Қаржылық бұзушылықтар 140 070,9 мың теңге, оның ішінде: бюджетке түсетін түсімдер бойынша – 3 433,2 мың теңге, бюджет есебіне өтелуге жататыны – 4 254,6 мың теңге және қалпына келтірілуге тиіс бұзушылықтар сомасы – 132 383,1 мың теңге;

- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жағдайларда тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары 78 689,7 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары 2 856,8 мың теңге.

Сонымен қатар 15 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.

Жеке аудит объектілері бойынша анықталған бұзушылықтар төмендегідей:

1. «Талғар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1-тармақ. Алайда, мекемемен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсанындағы №195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларының» 22 тармағының талабы сақталмаған, яғни, 2023-2024 жылдары бюджеттік бағдарламалар бекітілгеннен кейін күнтізбелік 3 күн ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб – сайтында уақытылы орналастырылмағаны анықталды.

2-тармақ. Алайда 2023-2024 жылдар арлығында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысының 2 тарау, 4 бабының, 2 тармақшасы басшылыққа алынбай мекеменің қызметкерлері Калымбетова З.Н. 24900 теңге, Тұрлыбаева Н.С. 8300 теңге, Абдрасил Қ.Қ. 10184 теңге, Кабденов М.Б. 4200 теңге, Даркинбаева У.Т. 25252 теңге, Г. Амантайқызына 17568 теңгеге 1 күндік тәулікақыны төлегені анықталды. Барлығы 90404 теңгені құрайды.

3 тармақ. Алайда, Бюджет кодексінің 4-бабының 12-тармақшасында көзделген негізділік принципін бұза отырып 333,0 мың теңгені тиімсіз жоспарлаған.

Мекеменің принтерді сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлау кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығымен бекітілген бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы бұйрығының 46-1 бабы басшылыққа алынбағаны анықталды. Мекеме бюджеттік өтінімде «Принтер» сатып алуға прайс-лист тіркемеген.

2. «Талғар ауданының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1 тармақ. Мекемемен ұсынылған, Талғар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің «Әскери қызметке шақырылу кезінде 1000 азаматты медициналық куәландыру» қызметтеріне қосымша қаражат бөлу» туралы сұраныс хаты негізінде әзірленген бюджеттік өтінімдерге сәйкес аталған бағдарламаға қосымша 9000,0 мың теңге берілген. Аталған қызметтерді атқару үшін 2024 жылдың 18 желтоқсанында 11 618,7 мың теңгеге келісім шарт түзілген. Алайда, аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, әскери қызметке шақырылғандардың тек 480 азаматы ғана медициналық куәландырылып, жыл аяғына мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт бойынша міндеттемелер тек 6600,0 мың теңгеге ғана орындалғаны немесе 5018,7 мың теңгесі игерілмей қалғаны анықталды.

Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 9) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану принципінің және 12) тармақшасымен белгіленген тиімділік – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару қағидатының сақталмағанды болып табылады.

Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.

Демек, 2024 жылға жоғарыда көрсетілген 5018,7 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2 тармақ. 2023 жылдың 21 шілдесінде Мекеме мен «Ер-Келменбет» ЖШС арасында 13600,0 мың теңгеге Талғар ауданы әкімдігі ғимаратының кіші залына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге № 177 (веб-порталда №941240001161/230184/00) келісім-шарты жасалған. Міндеттемелердің орындалу мерзімі келісім шарттың №1 қосымшасына сәйкес Шарт күшіне енген күннен бастап 50 күнтізбелік күн ішінде деп белгіленген. Келісім-шарт қазынашылық басқармасында 27.07.2023 жылы тіркелген, яғни жұмыстарды толық атқару мерзімі 2023 жылдың 15 қыркүйегін білдіреді.

Негізгі келісім-шарт сомасына қосымша 3970,0 мың бөлінуіне байланысты 2023 жылдың 22 қыркүйегінде № 1 қосымша келісім жасалған, №1 қосымшасына сәйкес қосымша жұмыстардың атқарылу мерзімі қазан айына белгіленген.

Мемлекеттік сатып алулар веб-порталына енгізілген құжаттарға сәйкес, аталған жұмыстардың ай сайынғы орындалу көлемі мен уақыты төмендегі кестеде көрсетілген:

 

№ р/н

Жұмыстардың атқарылу актісінің номері

Тапсырылған уақыты

Сомасы

1

230184/02/6

25.12.2023

160 000

2

230184/01/4

20.10.2023

1 000 000

3

230184/01/3

02.10.2023

7 000 000

4

230184/01/2

22.09.2023

3 970 000

5

230184/00/1

03.08.2023

5 440 000

 

 

Кестеге сәйкес:

  • 3970,0 мың теңгенің жұмыстары 22.09.2023 жылы немесе 7 күнге кешіктіріліп тапсырылған, сәйкесінше тұрақсыздық айыппұл мөлшері (3970,0 мың теңге*0,1%*7 күн) 27 790 теңгені құрайды;
  • 4190,0 мың теңгенің жұмыстары 02.10.2023 жылы немесе 17 күнге кешіктіріліп тапсырылған, сәйкесінше тұрақсыздық айыппұл мөлшері (4190,0 мың теңге*0,1%*17 күн) 71 230 теңгені құрайды;
  • 160,0 мың теңгенің жұмыстары 25.12.2023 жылы немесе 17 күнге кешіктіріліп тапсырылған, сәйкесінше тұрақсыздық айыппұл мөлшері (160,0 мың теңге*0,1%*55 күн) 8800 теңгені құрайды.

Мердігер есебінен тұрақсыздық айыппұлдың жалпы сомасы 107 820 теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 43 бабы 24 тармағына сәйкес Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.

2023 жылдың 06 желтоқсанында Өнім беруші Тапсырыс берушінің пайдасына 35000 теңге көлемінде тұрақсыздық айып пұл төлеу жөнінде № 2 қосымша жасалып, ұсталынған айыппұл сомасы Мекемемен жергілікті бюджет есебіне аударылған. Сонымен қатар, Мердігер тарапынан 10560 мың теңге көлемінде айып пұл төленіп, Мекемемен есептелген тұрақсыздық айыппұлдың жалпы сомасы 45560 теңгені құраған.

Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, Мекеме тарапынан кешіктірілген күндерге айып пұл сомасы толық есептелінбей, 62260 теңге көлеміндегі айыппұл сомасы үсталынбаған болып отыр.

3 тармақ. Аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, 2024 жылға жасалған бюджеттік өтінімі және қосымшаларына сәйкес 001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігіне эмиссия салығын төлеуге 123,0 мың теңге қажет болып, толығымен берілген.

Алайда, Мекемемен аудитке ұсынылған қазынашылық басқармасының 4-20 нысанындағы шығындар бойынша жиынтық есепке сәйкес, жоғарыда көрсетілген шығындарға жоспарланған қаражаттар 2024 жылдың шілде, қазан, желтоқсан айларында толығымен 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігіне қаралып, қызметкерлерге сый ақы ретінде төленген.

Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеу туралы» бірыңғай Ережесінің 13-тармағына сәйкес, сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.

Демек, қызметкерлерге сый ақы ретінде жоғарыда 123,0 мың теңге қаражаттарын төлеу негізсіз болып табылады және тиісті тұлғалардан жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

4 тармақ. Демек, «Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі теңгерімінде барлығы 6 (алты) бірлік қызметтік автокөліктер тіркелген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту» туралы №179 бұйрығының 1-қосымшасымен белгіленген Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларына сәйкес, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінде аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне-1 бірлік, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің орынбасарына-1 бірлік, аудан әкімінің аппаратына-1 бірлік қызметтік автокөлік тиесілі.

Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің 21.07.2023 жылғы «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарға көлік қызметін көрсететін қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативтері туралы» № 68-өн/қ өкімінің қосымшасына сәйкес Мекемеге 5 бірлік автокөлік тиесілі.

Демек, Мекеменің лауазымды адамдары тарапынан қызметтік автокөліктер саны бойынша бекітілген заттай нормалардан асыру фактісіне жол берілген және Мекеме тарапынан оны жою жөнінде ешқандай шаралар қабылданбаған.

5 тармақ. Аудит барысында Мекемемен ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2024 жыл қорытындысы бойынша Мекеме бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 18 876 944 теңге және әлеуметтік салық бойынша 17 442 166 теңге, барлығы 36 319 110 теңге көлемінде дебиторлық қарыздар қалыптасқаны және бухгалтерлік баланста көрсетілгені анықталды.

Аталған қарыздар Қазақстан Республикасының 2017 жылғы №120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық кодексінің 355, 489-баптарынын талаптарына қайшы, аудитпен қамтылған кезеңде өткізілген сайлау науқандарында аумақтық сайлау учаскелерінде қызмет көрсетушілерге төленген еңбек ақыларынан төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы және еңбекақы төлем қорынан төленетін әлеуметтік салық бойынша декларацияны есепті кезеңдерде орналасқан жері бойынша салық органдарына ұсынарда кем көрсете отырып тапсырғанынан орын алған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну туралы» қағидаларының 20-тармағына сәйкес, дебиторлық берешек сомаларын өндіріп алу, ал кредиторлық берешек – өтелуі керек. Дебиторлармен және кредиторлармен аяқталмаған есеп айырысулар тексерілуі және расталуы қажет.

Алайда аудитпен қамтылған кезеңде Мекеме тарапынан қарыздарды жою жөніндегі шаралар қолданбаған.

3. «Талғар ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

Тармақ-1. Мекеме қызметкерлеріне қосымша сый ақы төленуінің дұрыстығына аудит жүргізгенде келесідей кемшілік анықталды: Мекемеге Н.С.Сансызбаев 27.03.2023 жылғы № 33 бұйрығы негізінде үш ай сынақ мерзімінде бас маман ретінде жұмысқа қабылданған. Әрі қарай Н.С.Сансызбаевқа жұмысқа қабылданған күннен бастап үш ай сынақ мерзімі толмасада оған мекеменің 15.06.2023 жылғы № 58 бұйрығына сәйкес, 2023 жылдың маусым айында мемлекеттік қызметшілер мерекесіне байланысты сомасы барлығы 79,0 мың теңге сый ақы артық есептелініп, төленген. Аталған кемшілік Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Ереженің 4-тармағы, 3) тармақшасының талабына қарсы келеді. Анықталған кемшілік аудит кезінде бюджетке өндірілді.

Тармақ-2. Іс сапар шығындарының есептелініп, төленуінің дұрыстығын бақылағанда мекеменің қызметкеріне рұқсат етілмеген әуе жол жүру шығыны бойынша сомасы 66,2 мың теңге артық төленіп, «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысының 2- тарауы, 3- тармағы, 3) тармақшасының талаптары сақталмағандығы анықталды. Кемшілік аудит кезінде жергілікті бюджетке өндірілді.

Тармақ-3. Іс сапар шығындарының есептелініп, төленуінің дұрыстығын бақылағанда сомасы барлығы 7,4 мың теңгеге іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, іссапар туралы аванстық есеп тапсырылмай аталған қаражат негізсіз шығысталғандығы анықталды. Яғни «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысының 2- тарауы, 6- тармағы талаптары сақталмағандығы анықталды. Кемшілік аудит кезінде жергілікті бюджетке өндірілді.

Тармақ-4. Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру бойынша бөлініп, игерілген қаражатқа аудит жүргізу барысында келесідей кемшілік анықталды: Аудан әкімінің қаулыларына сәйкес, есептелініп төленген көмек ақылардың ішінде 2023 жылы 4 маманға төленген 1380,0 мың теңге және 2024 жылы 4 маманға төленген 1476,8 мың теңге барлығы 2856,8 мың теңге мамандардың өз жауапкершілігін дұрыс орындамағандары бюджетке қайтарылған. Бұл кемшілік Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашасындағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығымен бекітілген қағиданың 4-қосымшасының (екі жақты келісім) 1-бөлімі, 1.2-бөлімшесінің талаптары орындалмау себебінен пайда болған. Және сол қосымшаның 2.4 бөлімі, 4) бөлімшесінің талаптары бойынша қаржы қайтарылған. Яғни мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі берілген 2858,8 мың теңге қаражат түпкілікті нәтижеге жетпей, тиімсіз пайдаланылған. Оның нәтижесі Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 4- бабының 12) тармағы бойынша  тиімділік қағидаты сақталмауы себебінен бюджет қаражаттарының тиімсіз жұмсалуына әкелген.

4. «Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

Тармақ -1. Талғар аудандық мәслихатының 2023 жылдың 13 қарашасындағы №12-54 шешімімен, Талғар ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджет туралы «Талғар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсанындағы №38-114 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы», «Талғар аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» 2023 жылға қантар – қазан айлары аралығында қазынашылық басқармасымен берілетін 4-20 формасында 006 «Тұрғын үй көмегін көрсету» бағдарламасы бойынша» жалпы сомасы 7 951,0 мың тенге бөлінген, жыл қортындысы бойынша аталған қаражат игерілмеген.

 Тармақ -2. Талғар аудандық мәслихатының 2024 жылдың шешімдерімен (19.07.2024 ж №27-99, 23.10.2024 ж. №30-109, 12.12.2024 №33-122), Талғар ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджет туралы «Талғар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсанындағы №16-62 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы», «Талғар аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» 2024 жылға қантар – шілде айлары аралығында қазынашылық басқармасымен берілетін 4-20 формасында 006 «Тұрғын үй көмегін көрсету» бағдарламасы бойынша» жалпы сомасы 8 302,0 мың тенге бөлінген, жыл қортындысы бойынша аталған қаражат игерілмеген.

Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты - бюджет қаражатының  бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізгі ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқарылуы жүзеге асырылмаған.

Талғар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсанындағы №16-62 шешімі 2024 жылға бөлінген 8 349,0 мың тенге, 006 «Тұрғын үй көмегін көрсету» бағдарламасы бойынша» тиімсіз жоспарланған және бюджет қаражаты тиімді пайдаланылмаған 8302,0 мың тенге.

5. «Талғар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1-Тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығының «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» 2 тарауының 4 және 116,117,118 тармақтарының талаптары сақталмай, сондай-ақ Азаматтық кодекстің 178-бабының 1-тармағы бойынша мекеме мерзімдер өткеннен кейін бюджетке қайтару не есепке алу жөнінде шаралар қабылданбаған.

6. «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1-Тармақ. 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» шотында                  2024 жылдың аяғына 35 395,5 мың теңге көлемінде ақша қаражаттары қалыптасқан. Мемлекеттік аудит барысында аталған шотта 3433,2 мың теңге 2020 жылы Мекемемен өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шарты ретінде Өнім берушілермен салынған ақша қаражаты екені анықталды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 43-бабы 12-тармағына сәйкес, Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу кезеңінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда, тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын (болған кезде) өнім берушіге қайтарады, яғни  мемлекеттік сатып алу туралы шартына сәйкес мiндеттемелерін толық орындаған жағдайда 2021 жылдың аяғында қайтарылуға тиіс болған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну туралы» қағидаларының 20-тармағына сәйкес, дебиторлық берешек сомаларын өндіріп алу, ал кредиторлық берешек – өтелуі керек. Дебиторлармен және кредиторлармен аяқталмаған есеп айырысулар тексерілуі және расталуы қажет.

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII Азаматтық Кодексінің 178-бабына сәйкес, талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi.

Алайда, аталған заңнама нормаларының талаптары орындалмай, Мекеме тарапынан шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын қайтару немесе бюджет есебіне аудару, кредиторлық берешекті өтеу (есептен шығару) жөнінде шаралар қолданылмаған. Аудит барысында 3 433,2 мың теңге бюджет есебіне қайтарылды. Аталған бұзушылыққа жауапты болған бас маман Досанқұлова Мөлдір Ерболатқызынан 2024 жылғы 03 қаңтардағы №1 ж/қ бұйрығына сәйкес жұмыстан босатылуына байланысты түсініктеме алу мүмкін болмады.

2-Тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы  №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Бұйрығының 5-тарау, 88, 88-1, 90 тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3-тарау, 24, 27 тармақтарының  талаптары сақталмай, мекеменің 2024 жылдың 01 қаңтарына ұсынылған бухгалтерлік балансының (ҚЕ-1) 110 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» жолында жоғарыда аталған коммуналдық кәсіпорындардың жарғылық капиталы 94 600,5 мың теңгеге ұлғайтылмаған. Бұл 2023 жылғы қаржылық есептіліктің бұрмалануына алып келген. 2024 жылғы 19 ақпандағы бухгалтерлік анықтамамен 94 600,5 мың теңгеге сомасына тиісті бухгалтерлік жазбалар мен түзетулер жүргізілді. Аталған бұзушылыққа жауапты болған бас маман Досанқұлова Мөлдір Ерболатқызынан 2024 жылғы 03 қаңтардағы №1 ж/қ бұйрығына сәйкес жұмыстан босатылуына байланысты түсініктеме алу мүмкін болмады.

7. «Талғар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік  мекемесі бойынша:

1-тармақ. Талғар ауданы Бесағаш ауылында қызметтік тұрғын үймен біріктірілген УПП объектісін іріктеп көзбен шолып тексеру кезінде 108 392 теңге сомасына Xiaomi mitv P1 маркалы теледидардың 1 бірлігінің, 25 267 теңге сомасына қағаз сүлгілерге арналған диспенсердің 1 бірлігінің және 43 708 теңге сомасына суға арналған диспенсердің 1 бірлігінің жетіспеушілігі анықталды теңге. Жалпы жетіспеушілік сомасы - 177 367 теңгені құрады. Бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларының 15-тарауының, 58-тармағының талаптарын сақтамау нәтижесінде пайда болды. Сома бюджетке өтелуге жатады.

8. «Талғар ауданының Алатау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1-Тармақ: 2024 жылдың 14 қарашасында Мекеме мен «ERCAR EXPORT» ЖК арасында 384 999 теңгеге 3 дана қабырғалық, салқындату ауданы 50 ш.м. дейін құрайтын кондиционерлер сатып алуға №33 (веб-порталда №110240023632/240033/00) келісім-шарты жасалған. Міндеттемелердің орындалу мерзімі келісім шарттың №1 қосымшасына сәйкес келісім-шарт күшіне енген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде деп белгіленген, «Қазынашылық-Клиент» АЖ-де 2024 жылдың 15 қарашасында  тіркеуден өткен, атап айтқанда тауарларды жеткізу мерзімі 2024 жылдың 30 қарашасы болып айқындалған.

Мекемемен аталған мемлекеттік сатып алу бойынша ұсынылған құжаттарын, немесе тауарларды қабылдау-беру актілерін қарау барысында тауарлар өнім берушімен  кешіктіріліп жеткізілгені анықталды.

Атап айтқанда, 384 999 тенге құрайтын тауарлар 30  күнге кешіктіріліп 2024 жылдың 30 желтоқсанында қабылдау-беру актісімен тапсырылғандығы анықталды.

Мемлекеттiк сатып алу  Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 7.3 тармақтарына сәйкес Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.

Аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының (әрі қарай - Заң) 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 7.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған.

Өз кезегінде, «ERCAR EXPORT» ЖК есептелінетін тұрақсыздық айыбы 384 999 теңге*0,1%*30 күн = 11 549,9 теңгені құрап отыр.

  2- Тармақ: Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге  қатысты Мемлекеттiк сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес шаралар  қолданбаған,  «Талғар ауданының Алатау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

9. «Талғар ауданының Кеңдала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1 тармақ. 2024 жылдың басына бюджеттік өтінімдері негізінде 022 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджет есебінен 800,0 мың теңге және 040 «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджет есебінен 11934,0 мың теңге берілген. Жыл бойы Мәслихат шешімдері және Облыс әкімінің Қаулылары негізінде Мекеме бюджетіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, жоғарыда аталған бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражаттар жыл аяғына дейін мүлдем өз мақсатында пайдаланылмаған, атап айтқанда: 040 «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша толығымен мамыр айында бюджет себіне қайтарылған, 022 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаражаттар толығымен өз мақсатында пайдаланылмай, желтоқсан айында басқа бағдарламаларға жылжытылып игерілген.

Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Кодексінің 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік қағидаты, яғни бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару принципі сақталмағанды болып табылады.

Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.

Демек, пайдаланусыз қайтарылған барлығы 12 734,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2 тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу туралы» Қағидаларының 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.

Аудит барысында Мекемемен ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2023 жыл қорытындысына сәйкес Мекеме бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 697 966 теңге және әлеуметтік салық бойынша 138 689 теңге, барлығы 836 655 теңге көлемінде кредиторлық қарыздар қалыптасқаны анықталды.

Алайда, аудитке ұсынылған жылдық есептілікте (2023 жылға бухгалтерлік баланс) аудит барысында анықталған берешектер көрсетілмеген немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.

3 тармақ. 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» шотында 2024 жылдың аяғына 10 888 теңге көлемінде ақша қаражаттарының тұрғаны анықталған. Бұл 2021 жылы Мекемемен өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шарты ретінде Өнім берушілермен салынған ақша қаражаты екені анықталды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 43-бабы 12-тармағына сәйкес, Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу кезеңінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда, тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын (болған кезде) өнім берушіге қайтарады, яғни  мемлекеттік сатып алу туралы шартына сәйкес мiндеттемелерін толық орындаған жағдайда 2024 жылдың аяғында қайтарылуға тиіс болған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну туралы» қағидаларының 20-тармағына сәйкес, дебиторлық берешек сомаларын өндіріп алу, ал кредиторлық берешек – өтелуі керек. Дебиторлармен және кредиторлармен аяқталмаған есеп айырысулар тексерілуі және расталуы қажет.

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII Азаматтық Кодексінің 178-бабына сәйкес, талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi.

Алайда, аталған заңнама нормаларының талаптары орындалмай, Мекеме тарапынан шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын қайтару немесе бюджет есебіне аудару, кредиторлық берешекті өтеу (есептен шығару) жөнінде шаралар қолданылмаған.

4 тармақ. 2023 жылдың 09 қазанында Мекеме мен «Best Securite» ЖШС арасында барлығы 47000,0 мың теңгеге Талғар ауданы Кендала ауылдық округінде көше жарығын орнату жұмыстарын жүргізуге № 28 (веб-порталда №110340000548/230028/00) келісім-шарты жасалған. Міндеттемелердің орындалу мерзімі келісім шарттың №1 қосымшасына сәйкес Шарт жасалғаннан кейін 60 күнтізбелік күн ішінде деп белгіленген, немесе тауарларды жеткізу мерзімі 2023 жылдың 08 желтоқсаны болып айқындалған. Қосымша келісіммен Жұмыстардың орындалу мерзімі өзгертілмеген.

Мекемемен аталған мемлекеттік сатып алу бойынша ұсынылған құжаттарын, немесе тауарларды қабылдау-беру актілерін қарау барысында тауарлар өнім берушімен  кешіктіріліп жеткізілгені, атап айтқанда, 11 753,6 мың теңгенің жұмыстары 11 күнге кешіктіріліп 2023 жылдың 19 желтоқсанында тапсырылғандығы анықталды. 

Мемлекеттiк сатып алу Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.

Алайда, аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты жоғарыда көрсетілген шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған.

Өз кезегінде, «Best Securite» ЖШС-не есептелінетін тұрақсыздық айыбы 11 753,6 мың теңге*0,1%*11 күн = 129,3 мың теңгені құрап отыр.

5 тармақ. Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге  қатысты Мемлекеттiк сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасына қайшы,  «Талғар ауданының Кеңдала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

10. «Талғар ауданының Гүлдала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1-Тармақ. Алайда, № 256 Қағиданың 2-тарауының 3-тармағы 1 және 2-тармақшаларының талаптары сақталмай:

Мекеменің 2023 жылғы 09 ақпанындағы №3-ө-ж/қ өкімі негізінде мекеменің бас маманы Адамбалинова Ж.К. 2023 жылдың 13-17 ақпан күндері Қонаев қаласына іссапарға жіберілген. Алайда №1241091/22-271 төлем шотымен Адамбалинова Ж.К.-ға тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарын 1 күнге 9,7 мың теңгеге артық есептеліп төленгені;

Мекеменің 2023 жылғы 28 наурзыындағы №5-ө-ж/қ өкімі негізінде мекеменің бас маманы Бекболат Б.Б. 2023 жылдың 03-07 сәуір күндері Қонаев қаласына іссапарға жіберілген. Алайда №1241091/22-271 төлем шотымен Бекболат Б.Б.-ға тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарын 1 күнге 10,3 мың теңгеге артық есептеліп төленгені;

Мекеменің 2023 жылғы 18 мамырындағы №7-ө-ж/қ өкімі негізінде мекеменің бас маманы Касабекова Л.Ш. 2023 жылдың 22-26 мамыр күндері Қонаев қаласына іссапарға жіберілген. Алайда №1241091/22-271 төлем шотымен Касабекова Л.Ш.-ға тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарын 1 күнге 10,3 мың теңгеге артық есептеліп төленгені;

Мекеменің 2023 жылғы 19 шілдесіндегі №29-ө-ж/қ өкімі негізінде мекеменің бас маманы Макен М.Н. 2023 жылдың 21-23 шілде күндері Қонаев қаласына іссапарға жіберілген. Алайда №1241091/22-271 төлем шотымен Макен М.Н.-ға тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарын 1 күнге 15,8 мың теңгеге артық есептеліп төленгені;

Мекеменің 2023 жылғы 04 тамызындағы №28-ө-ж/қ өкімі негізінде мекеменің бас маманы Хамзина Г.А. 2023 жылдың 07-11 тамыз күндері Қонаев қаласына іссапарға жіберілген. Алайда №1241091/22-271 төлем шотымен Хамзина Г.А.-ға тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарын 1 күнге 10,3 мың теңгеге артық есептеліп төленгені;  

Мекеменің 2023 жылғы 06 қыркүйегіндегі №32-ө-ж/қ өкімі негізінде мекеменің бас маманы Саденова Ж.А. 2023 жылдың 11-15 қыркүйек күндері Қонаев қаласына іссапарға жіберілген. Алайда №1241091/22-271 төлем шотымен Саденова Ж.А.-ға тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарын 1 күнге 10,3 мың теңгеге артық есептеліп төленгені;

Мекеменің 2024 жылғы 15 ақпанындағы №2-ө-ж/қ өкімі негізінде мекеменің бас маманы Айтмағанбетов А.Ж. 2024 жылдың 19-23 ақпан күндері Қонаев қаласына іссапарға жіберілген. Алайда №1241091/22-271 төлем шотымен Айтмағанбетов А.Ж.-ға тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарын 1 күнге 11,0 мың теңгеге артық есептеліп төленгені;

Мекеменің 2024 жылғы 30 қыркүйегіндегі №58-ө-ж/қ өкімі негізінде мекеменің бас маманы Абдуллин М.М. 2024 жылдың 30-04 қыркүйек күндері Қонаев қаласына іссапарға жіберілген. Алайда №1241091/22-271 төлем шотымен Абдуллин М.М.-ға тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарын 1 күнге 11,0 мың теңгеге артық есептеліп төленгені анықталды. Жалпы алғанда 2023-2024 жылдары мекеменің іс-сапар шығындарына артық төленген 88,7 мың теңге аудит барысында толықтай жергілікті бюджетке қайтарылды.

2-Тармақ. Талғар ауданының Талғар қаласы мен ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджет туралы «Талғар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 08 қантарағы №17-67 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы», Гүлдала ауылдық округінің аппараты 2024 жылға қантар – сәуір айлары аралығында қазынашылық басқармасымен берілетін 4-20 формасында 040 «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша» жалпы сомасы 12 582,0 мың тенге бөлінген, жыл қортындысы бойынша аталған қаражат игерілмеген.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты - бюджет қаражатының  бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізгі ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқарылуы жүзеге асырылмаған.

Талғар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 08 қантардағы №17-67 шешімі 2024 жылға бөлінген 12 582,0 мың тенге тиімсіз жоспарланған және бюджет қаражаты тиімді пайдаланылмаған.

11. «Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1-Тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекiтiлген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағы 2 тармақшасының талабы сақталмай, округ әкімінің 2024 жылғы 05 желтоқсандағы №72 өк ж/қ өкімімен А.Байбитова және 2024 жылдың 09 желтоқсанында №73 өк ж/қ өкімімен Е.Қайыпбай жұмысқа жаңадан қабылданғанына қарамастан, округ әкімінің 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №87 өк ж/қ және №90 өк ж/қ  өкімдерімен А.Байбитоваға 332,3 мың теңге, Е.Қайыпбайға 309,7 мың теңге, жалпы сомасы 642,0 мың теңге сыйақы негізсіз есептеліп төленген.

2-Тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2023 жылдың 04 қазандағы келісім шарттың 8.3 тармағының талаптары сақталмай, келісім шарт бойынша 29,4 мың теңге (5889,5*0,1*5) тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) қалыптасқан.

Мекеме сол келісім шарт бойынша 29,4 мың теңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етілмеген.

3-Тармақ. Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу заңнының 12 бабы       4 тармағының 3) тармақшасы басшылыққа алынбай, мекеме сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, сотқа «RusStroy» ЖШС-н өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып жүгіну міндеттірін қамтамасыз етілмеген.

12. «Талғар ауданының Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:1-Тармақ.

 Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекiтiлген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 1 тарауының 4 тармағының 3 тармақшысының талаптары сақталмай, мекеменің бас маманы –А. Утаметовқа  1 157,5 мың теңге сыйақы төленген, анықталған негізсіз сыйақы бюджет кірісіне қайтарылуға жатады.2-Тармақ. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының (өзгерістермен және толықтырулармен) 43 - бабының 12-тармағының, Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңының 2-тарауының 7-бабының, 3-1 тармағының және "Қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың нысандары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 01 тамыздағы № 468 Бұйрығының 2 тарауының 18-тармағының талаптары сақталмағаны сондай-ақ Азаматтық кодекстің 178-бабының 1-тармағы бойынша мекеме мерзімдер өткеннен кейін бюджетке қайтару не есепке алу жөнінде шаралар қабылданбаған. Талғар ауданының "Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде бухгалтерлік есеп шоттарында қолма-қол ақшасыз жолмен жүзеге асырған операцияларының дұрыстығы мен уақтылы көрсетілуінің аудитімен есепті кезеңнің басында 1043 шотында басқарма мен ведомстволық бағынысты мекемелердің өнім берушілерге немесе тиісті мекемелерге қайтарылмаған 2130 теңге (өткен жылдардың қалдығы) мөлшерінде кепілдік жарналардың сомасы бар екені анықталды. 1043 "ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ" шотында есепті кезеңнің соңында шарттардың орындалуын қамтамасыз ету сомасы 2130 теңге болды. Аудит сәтіндегі қалдық 2130 теңгені құрады. Аудит барысында анықталған қалдық 2130 теңге бюджет кірісіне қайтарылды.

13. «Талғар ауданының Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1–тармақ. Алайда, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 4 тармақ 1) тармақшасының талабын сақтамай,  2024 жылдың 24 қаңтарындағы Мекеме әкімі Е.Жунусовта және  2024 жылдың 14 наурызындағы мекеменің бас маманы Н.Жұмағожаевта ескеру түріндегі алынбаған тәртіптік жазасы бола тұра, наурыз айына Жунусовқа 120,0 мың теңге, Жұмағожаевқа 40,0 мың теңге  негізсіз сыйақы аударылған. Жалпы соммасы 160,0 мың теңге бюджет есебіне өтелуге жатады.

2–тармақ. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 103-бап 1-тармағын басшылыққа алмай, мекеменің бас маманы Г.Нурумоваға  2024 жылдың 28 маусымында  248,3 мың теңге артық аударылған, ол бюджет есебіне өтелуге жатады.

3-тармақ. Алайда, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі №409 Азаматтық кодексінің (ерекше бөлімнің) 540, 544 баптарының талаптары сақталмай, 2023-2024 жылдары  мүлiктік жалдау (жалға алу) шарты жасалмаған.

14. «Талғар ауданының Панфилов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1-тармақ. Мекеме басшысының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 54 бұйрығымен «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысының 4 тармағының 3 тармақшасын, мекеменің бас маманы Атеевті сақтамау А., 02.07.2024 жылы жұмысқа үш айға сынақ мерзімімен қабылданған, 2024 жылғы қыркүйекте 110,1 мың теңге мөлшерінде негізсіз сыйлықақы төленді.

2-тармақ. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 4.12.2015 жылғы №434-V Заңының 8-тарауын, 43-бабын, 24-тармағын бұза отырып, өнім беруші 84,2 мың теңге сомасында тұрақсыздық айыбын төлемеген, 04.09.2023 ж. №63 шарт бойынша жұмыс пен қызметтерді жеткізу мерзімі 2023 жылғы 24 қыркүйекте айқындалған, алайда орындалған жұмыстар актісі бойынша жұмыс 2023 жылғы 10 қазанда орындалды (есеп: 5264*16 күн=84224 теңге).

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №268-XIII Азаматтық кодексінің 293-бабына сәйкес өнім беруші міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда бюджетке тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

Бұдан басқа, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 4.12.2015 жылғы №434-V Заңының 12-бабының талаптарын бұза отырып, мекеме өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арыз берген жоқ.

3-тармақ. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 4.12.2015 жылғы №434-V Заңының 8-тарауын, 43-бабын, 24-тармағын бұза отырып, өнім беруші 135,5 мың теңге сомасында тұрақсыздық айыбын төлемеген, сондықтан 17.09.2024 жылғы №40 шарт бойынша жұмыс пен қызметтерді жеткізу мерзімі 2024 жылғы 7 қазанда айқындалған, алайда орындалған жұмыстар актісі бойынша жұмыс орындалды 2024 жылғы 01 Қараша (есеп: 5890*23 күн = 135470 теңге).

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №268-XIII Азаматтық кодексінің 293-бабына сәйкес өнім беруші міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда бюджетке тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

Бұдан басқа, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 4.12.2015 жылғы №434-V Заңының 12-бабының талаптарын бұза отырып, мекеме өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арыз берген жоқ.

15. «Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1-тармақ. Мекемемен ұсынылған бюджеттік өтінімдерге сәйкес,                     2024 жылдың басында 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасына жергілікті бюджет есебінен округ елді мекендерін абаттандыру жұмыстарына 20 000,0 мың теңге жоспарланып берілген. Аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, 2024 жылдың мамыр айына дейін 6700,0 мың теңгесі ағаштарды ақтау, шөптерді және басқа жабайы өсімдіктерді шабу, апатты ағаштарды кесу жұмыстары мен полиграфиялық өнімдерді әзірлеу қызметтеріне пайдаланып, қалған 13 300,0 мың теңгесі жоспарланған мақсаттарына игерілмей, мамыр айында пайдаланусыз тиісті бюджет есебіне қайтарылған.

Сондай-ақ, 2024 жылға 040 «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Бірлік, Талдыбұлақ ауылдарындағы автокөлік көпірін ағымдағы жөндеу жұмысытарына жоспарланып берілген 15 402,0 мың теңге шілде айында және 045 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша ауылдық округ елді мекендері көшелерін жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге жоспарланып берілген 3400,0 мың теңге қаражаттары жыл аяғында белгіленген мақсаттарында пайдаланылмай, толығымен бюджет есебіне қайтарылған.

Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабының 9) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік – бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану принципінің және 12) тармақшасымен белгіленген тиімділік – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару қағидатының сақталмағандығы болып табылады.

Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.

Демек, 2024 жылдарға жоспарланып берілген қаражаттардың  32 102,0 мың теңгесі тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2-тармақ: 2024 жылдың 12 қаңтарында  Мекеме мен «Best Securite» ЖШС арасында 40 320 000 теңгеге Белбұлақ ауылдық округінде көше жарығын орнату жұмыстарын жүргізу үшін №1 (веб-порталда №110340000419/240001/00) келісім-шарты жасалған. Міндеттемелердің орындалу мерзімі келісім шарттың №1 қосымшасына сәйкес келісім-шарт жасалғаннан кейін 60 күнтізбелік күн ішінде деп белгіленген, яғни жұмыстардың толық орындалу мерзімі 2024 жылдың 13 наурызын білдіреді.

Мекемемен аталған мемлекеттік сатып алу бойынша ұсынылған жұмыстар орындалған актілерін қарау барысында 12 620 000 мың теңгенің көлеміндегі жұмыстар Өнім берушімен  кешіктіріліп орындалғаны анықталды.

Атап айтқанда, 10 500 000 теңге көлеміндегі жұмыстар 50 күнге,                     2 120 000 теңге көлеміндегі жұмыстар 70 күнге кешіктіріліп 2024 жылдың 22 мамырында жұмыстарды қабылдау-беру актісімен тапсырылғандығы анықталды.    Мемлекеттiк сатып алу Заңының 43 бабының 24 тармағының және келісім шарттың 8.3 тармақтарына сәйкес Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.

Аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының (әрі қарай - Заң) 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған.

Өз кезегінде, «Best Securite» ЖШС-не есептелінетін тұрақсыздық айыбының мөлшері төмендегідей:

- 10 500 000 теңге*0,1%*50 күн = 525 000 теңге;

- 2 120 000 теңге*0,1%*70 күн = 148 000 теңге,  барлығы 673 400  теңгені құрап отыр.

  3-тармақ: Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша Мердігерге қатысты Мемлекеттiк сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасымен белгіленген шаралар  қолданылмай, «Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

16. «Талғар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің «Талғар ауданының кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

Тармақ-1. Мекемеде автокөлік үшін жанар майдың кірістелініп, шығысталуына аудит жүргізгенде келесідей кемшілік анықталды: Жанар майдың есебін жүргізу кезінде 13-мемориалдық ордер бойынша 2023 жылдың наурыз және қараша айларында жанар майды есептен шығару барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 8-тарау, 225-тармағының талабы сақталмай барлық сомасы 92,7 мың теңгеге жанар-май жол жүру парағысыз, негізсіз шығысталған. Бұл Ереженің талабы бойынша жол парағы, автокөлік жанар және жағар май материалдың шығынға есептен шығару үшін қолданылады. Жанар және жағар май материалдар іс жүзіндегі шығын бойынша, бірақ автокөліктің жеке түрлері үшін бекітілген нормалардан артық емес мөлшерде есептен шығарылуы тиіс. Анықталған кемшілік толық бюджетке өндірілді.

Тармақ-2. Іс сапар шығындарының есептелініп, төленуінің дұрыстығын бақылағанда сомасы барлығы 14,7 мың теңгеге іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, іссапар туралы аванстық есеп тапсырылмай аталған қаражат негізсіз шығысталғандығы анықталды. Яғни «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысының 2- тарауы, 6- тармағы талаптары сақталмағандығы анықталды. Кемшілік аудит кезінде жергілікті бюджетке өндірілді.

Мекеменің қаржыландыру жоспарында қаралған күрделі шығыстардың жұмсалуы, ол қаражатқа алынған құндылықтардың сақталуына тексеріп қарау жұмыстарын жүргізу барысында сомасы 33,6 мың теңгеге құндылықтардың есептен кем шыққандығы анықталды. Сол себептен материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі, сондай-ақ табиғи азаюдың нормадан артық бүлінуі кінәлі адамдарға жатқызылады. Бұл кемшілік Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 22 тамыздағы №423 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу туралы» қағиданың 15-тарау, 58-тармағының талабы сақталмауынан орын алған.

17. «Талғар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің «Талғар ауданының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

1-тармақ. Алайда, Мекеме Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 67 бап  6-тармағының және ҚР Қаржы министрінің 24.11.2014 жылғы №511 бұйрығының 8 тармағының талаптарын сақтамай, 2023 жылға жасалған бюджеттік өтінімде бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептеулер мен қосымша құжаттар жасалмаған.

2-тармақ. Мекеме Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2023-2024 жылдардағы келісім шарттардың 8.2. тармақтары басшылыққа алынбай, келесі «Өнім беруші»-лерден жұмыстарды орындау мерзімін  кешіктіріп орындағаны үшін, жалпы тұрақсыздық айыбы 12,4 мың теңгені өндіріп алу қамтамасыз етілмеген.

3-тармақ. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 12 бабы 4 тармағының 3) тармақшасы басшылыққа алынбай, мекеме сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, өнім берушілер, ЖК «Әуес», ЖК «Қурманали», ЖК «Сымбат», ЖК «Ералиев»-ты мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеген.

4-тармақ. Алайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 18 тармағының талаптары сақталмай, 2023 жылдың 26 наурыздағы №8 мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша ЖК «Асилбеков»-ты сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімін,  өнім берушіні ЖҚТ енгізу үшін, веб-портал арқылы уәкілетті органға жолдамаған.

5-тармақ. Мекемемен Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырындағы №256 қаулысының 2 тарау, 3-тармағының талаптары орындалмаған, атап айтқанда 2024 жылдың 15 наурызында,  мекеме директоры Ж.Бусурмановқа 12,6 мың теңге іс-сапар шығындары артық аударылған

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Аудит барысында анықталған заңбұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі №409 Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы №120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсанындағы №195 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашасындағы № 72 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығы талаптарының толық сақталмауынан орын алған.

Жалпы аудан бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы аудиторлық бақылау кезінде қарастырылып, мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, лауазымды тұлғалардың, мекеме қызметкерлерінің өз лауазымдық қызметтерін атқару барысында жауапкершілікпен қарайды деген пікір қалыптасты.

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Жоғарыда көрсетілген заңбұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін өтелуге тиіс қаражаттардың 5 985,5 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өтелді, 132 383,1 мың теңгенің бұзушылықтары қаржылық есептілік бойынша қалпына келтірулер жасалды.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 8 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:

1. «Талғар ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 20.02.2025 жылғы №19-нқ бұйрығымен инспектор Ж.А. Нурбаеваға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.

2. «Талғар аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 06.02.2025 жылғы №9 бұйрығымен бас есепші А. Отарбаеваға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза берілді.

3. «Талғар ауданының Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының 06.03.2025 жылғы №18-ө ж/қ өкімімен Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары Ә.Ғ. Рамазановқа «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.

4. «Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының 19.03.2025 жылғы №29-ө-к ж/қ өкімімен Тұздыбастау ауылдық округі бас маманы А.Н. Кенжебековаға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

5. «Талғар ауданының Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының 19.03.2025 жылғы №24 ж/қ өкімімен Нұра ауылдық округі бас маманы А.Б. Якубоваға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

6. «Талғар ауданының Панфилов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының 07.02.2025 жылғы №4 өкімімен Панфилов ауылдық округі бас маманы Ә. Әділбекке «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

7. «Талғар ауданының мәслихатың төрағасының» 14.02.2025 жылғы №4 бұйрығымен бөлім басшысы Г. Амантайқызына «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

8. «Талғар ауданының Әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының 20.03.2025 жылғы №03-65-б бұйрығымен мекеме қызметкері Ш.М. Хамиеваға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.

Мемлекеттік аудит барысында 234-1 бабы бойынша 1 материал,

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабы бойынша 7 материал, 238 бабы бойынша 3 материал,  барлығы 10 материал әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін жолданып, қазіргі уақытта қаралуда.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулыларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының  талаптарының сақталмауынан орын алған.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.

««Талғар ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. Аудит объектілері тарапынан анықталған заңбұзушылықтардың салдарын барынша азайтуға бағытталған шаралар, атап айтқанда өтелуге тиіс қаражаттардың 2552,3 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өтелуі және 132 383,1 мың бұзушылықтары қаржылық есептілік бойынша қалпына келтірулер фактілерін назарға алу және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізу.

2. «Талғар ауданының Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мекеменің бас маманы –А. Утаметовқа  негізсіз төленген 1 157,5 мың теңге сыйақының өтелмеген 207,5 мың теңгесін жергілікті бюджет есебіне өндіру туралы, «Талғар ауданының әкімдігінің Белбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне «Best Securite» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін 673,4 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын жергілікті бюджет есебіне өндіру туралы, «Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мекеме қызметкерлері А. Байбитоваға және Е. Қайыпбайға негізсіз есептеліп төленген 642,0 мың теңге сыйақыны жергілікті бюджет есебіне қайтару және «Өнім беруші» «RusStroy» ЖШС-нен 2023 жылдың 04 қазанындағы №46 келісім шарты бойынша 29,4 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы жергілікті бюджет есебіне өндіру туралы Нұсқама жолдау.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                Қ. Есенаманов

 

Аудит жүргізуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                           А.Сәді

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Құлмұхамбетова

 

Аудит тобының жетекшісі                                            А.Сәді

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ