Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Панфиловский район

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 25.03.2019
Просмотры: 438 Печать страницы

 

 

«Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы Панфилов ауданы бойынша жергілікті бюджетінің          атқарылуы туралы ЕСЕБІ

(жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауапты орындаушылар:

Тексеру комиссиясының мүшесі    Б.Мұхамеджанов

Бас маман-мемлекеттік аудитор      Е.Өтегенов

 

Талдықорған қаласы: 2019 жыл

 

 

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қарашадағы № 392-У Заңының 51-бабына сәйкес Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы-мен (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) 2018 жылға арналған Панфилов ауданының бюджетінің атқарылуы туралы есебіне (бұдан әрі – Есеп) қорытынды есебі әзірленді.

Есептің бірінші бөлімінде Панфилов ауданының 2018 жылға арналған негізгі  әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қысқаша талдамасы көрсетілген.

Есептің екінші бөлімінде  Панфилов ауданының бюджеттің атқарылуына талдау жүргізілген. Бөлімде кіріс түсімдері, салықтық және салықтан тыс түсімдер, түсімдер бойынша бересілер, шығындардың орындалуы, мемлекеттік қаржылық активтерді сатып алу, аудандық бюджеттің дебиторлық және кредиторлық берешектері, аудандық бюджеттің тапшылығын (профицитті) қаржыландыру  және оның қаржыландыру көздері бойынша талдау деректері көрсетілген.

Үшінші бөлімде бақылау және талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша Панфилов аудандық бюджеттің негізгі параметрлерінің орындалуын бағалау, соның ішінде Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің  принциптеріне сәйкес, жергілікті мемлекеттік органдармен тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуін, Қазақстан Республикасы заңнамасына аудандық бюджет қаражаттарының пайдаланылуын бағалау ұсынылған.

Төртінші бөлім бақылау объектілерімен бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда, бюджеттік және өзге де заңнамаларды сақтау бойынша Тексеру комиссиясының негізгі тұжырымдары мен ұсыныстарынан тұрады.

I бөлім. Өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіптік өнімде 15704,1 млн. теңге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі-100,2%. құраған.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығында жалпы өнімінің көлемі 40,8 млрд. теңгені  құрап, нақты көлем индексі – 103,0%.

Ет 18950 тонна ( (100,7%), сүт – 45453 тонна (103,7%), жұмыртқа –10290,8 мың дана (100,0%).

Мал басының саны, ірі қара мал –75015 бас (101,9%), қой мен ешкі – 279608 бас (101,7 %), шошқа – 130 бас (100,0%), жылқы – 18450 бас (102,9%) және құс –83921бас (81,4%) құраған.

НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2018 жылы 61919,6 млн. теңге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі 102,4% - ды құрады.

Оның ішінде: республикалық бюджет қаржысы 2196,7 млн.теңге, жергілікті бюджет 4376,4 млн.теңге, кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржылары 48297,2 млн.теңге, банк несиелері 97,5 млн.теңге, басқа қарыз қаржылар 6951,8 млн.теңгені  құраған.

БЮДЖЕТ

2018 жылы  мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 7833,0 млн. теңгені құрап, болжам 106,2% орындалған.

Республикалық бюджетке түсімдер 2995,9 млн.теңге  (105,6%),  жергілікті бюджетке  – 2995,9 млн. теңге (105,6%) орындалған.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2018 жылы 1533 жұмыс орны ашылған.

Уәкілетті жұмыспен қамту орган,  әлеуметтік жұмысқа 104 адамды, қоғамдық жұмысқа 894 адамды, жастар тәжірибесіне 104 адамды, қажетті мамандықтар бойынша кәсіби қайта даярлауға 288 адам  жіберілген. Барлығы 89 азаматқа 358,4 млн.теңге шағын несие берілген.

4281 адамға,  194,8 млн.теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленген.

II БӨЛІМ. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ

       2.1. Жергілікті бюджетке түскен түсімдердің атқарылуын бағалау

«Панфилов ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» Панфилов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 6-27-173 шешімімен және Жаркент қаласы мен ауылдық округтерінің бюджеті 2017 жылғы 26 – желтоқсандағы  № 6-28-182 шешімімен Панфилов ауданының  бюджеті 2018 жылға мынадай көлемде бекітілген. Кірістер – 14037184,0 мың теңге, салықтық түсімдер  - 2926794,0 мың теңге, салықтық емес түсімдер – 20500,0 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 42000,0 мың теңге, трансферттер түсімі – 11047890,0 мың теңге, оның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер 1874064,0 мың теңге, нысаналы даму трансферттері 3402706,0  мың теңге, субвенциялар- 5771120,0  мың теңге, шығындар – 14037184,0 мың теңге, таза бюджеттік кредиттеу – 67360,0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер 82973,0 мың теңге, бюджеттік кредиттерді өтеу 15613,0 мың теңге, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –0,0 мың теңге, бюджет тапшылығы (профициті) – (-)67360,0 мың теңге, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) 67360,0мың теңге.

Ауданның жергілікті атқарушы органының 2018 жылға арналған резерві 14946,0 мың теңге сомасында бекітілген.

2018 жылдың аралығында аудандық мәслихаттың сессияларында 4 рет аудандық бюджетті нақтылау жасалды. Нақтылау және түзетулер енгізілгеннен кейін бекітілген бюджетпен салыстырғанда түзетілген бюджетте кірістер 15039350,0 мың теңгеге немесе 1,07 есе артып, шығындар 15126465,0 мың теңгеге немесе 1,08 есеге артқан.

2018 жылы аудан бюджеті кірістері бойынша 100,7 %-ға орындалды. Түзетілген бюджет бойынша қаралған  15039350,0мың теңгенің орнына 15146720,8 мың теңге қаржы түсті. Оның ішінде, облыстық бюджеттен  5771120,0  мың теңге көлемінде субвенция, 3190605,0 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер, 3301331,0 мың теңге нысаналы даму трансферттері. Қаржы жылы басындағы 89849,6 мың теңге бос қалдықтардың 87115,0 мың теңгесі қажетті шығындарды қаржыландыруға бағытталды. Өкілдік шығындар жүргізілген жоқ. Резервтік қор  13960,0 мың теңге сомасында бағытталған.
       2.2. Жергілікті бюджет кірістерінің атқарылуын бағалау

Есепті кезең қорытындылары бойынша жиынтық кірістер жоспары 15039350,0 мың теңге, атқарылуы 15146720,8 мың теңге, оның ішінде:

Салық түсімдері 2728753,1мың теңге;

Салықтық емес түсімдер  41790,6 мың теңге;

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 113121,0 мың теңге;

Трансферттердің түсімдері 12263056,0 мың теңгені құраған.

        2.2.1. Салықтық түсімдерді талдау

Салық түсімдері бойынша болжамдалған 2621380,0 мың теңгенің орнына нақты 2728753,1мың теңге түсіп, болжам 107373,1мың теңгеге артық немесе 104,1 пайызға орындалған.

Жеке салықтар мен түсімдер түрлеріне келетін болсақ:

-Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша болжам 108,6 %-ға орындалып, болжамдалған 210911,0 мың теңгенің орнына 229146,9 мың теңге қаржы түскен.

-Мүлікке салынатын салықтар бойынша болжамдалған 2038151,0 мың теңгенің орнына 2040253,0 мың теңге, немесе  болжам  100,1 %-ға   орындалып, 2102,0 мың теңге артық түскен.

-Жер салығы бойынша болжам 114,5 %-ға орындалды. Болжамдалған 19647,0 мың теңгенің орнына мезгілінде төленбеген салық және айыппұлдардың төленуіне байланысты 22495,9 мың теңге қаржы түскен.

-Көлік құралдарына салынатын салық бойынша болжам 133,9 %-ға орындалып, болжамдалған 228837,0 мың теңгенің орнына 306323,3 мың теңге, 77486,3 мың теңге артық қаржы түскен.  Болжамның асыра орындалуына өткен жылдың қарыздарының төленуі, көлік құралдары санының өсуі және жүргізілген тексерулердің нәтижесі өз әсерін тигізген.

-Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын ішкі салықтар бойынша жалпы болжам    103,7 %-ға орындалып, аудан бюджетіне 61976,1 мың теңге қаржы түскен, болжам 59749,0 мың теңге. 

 -Мемлекеттік баж болжамы 105,5 %-ға пайызға орындалып, бюджетке болжамдалған  49650,0 мың теңгенің орнына 52377,5 мың теңге түскен.

         2.2.2. Салықтық емес түсімдерді талдау

Жылдық есеп мәліметтеріне сәйкес салықтық емес түсімдер болжамы 149,5 пайызға орындалып жоспарланған  27957,0  мың теңгенің орнына нақты 41790,6 мың теңге түскен.

         2.2.3. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 89,1 %-ға орындалды, болжамдалған  126957,0 мың теңгенің орнына  113121,0 мың теңге, оның ішінде жерді және материалдық емес активтерді сатудан түсетін түсімдерден 30135,4 мың теңге түспей қалған.

         2.2.4. Трансферттер түсімдерін талдау  

Трансферттер түсімдері  12263056,0 мың теңге сомасында жоспарланып нақты 12263056,0 мың теңгеге немесе 100 пайызға атқарылған.

2018 жылы жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттердің құрамын ағымдағы нысаналы трансферттер  26,0 пайызды,  нысаналы даму трансферттері 26,9 пайызды құраған.   

 

2018 жылғы Панфилов аудандық бюджетінің өз кірістер болжамының орындалуы туралы

 

                                                        мың теңге

 

Бекітілген  жылдық жоспар

Нақтыланған жылдық жоспар

 

Нақты

түскені

Жоспардың

орындалуы,+ -

Жергілікті бюджет

2989294,0,0

2776294,0

2883664,8

+ 107370,8

оның ішінде:

 

 

 

 

Салықтық түсімдер

2926794,0

2621380,0

2728753,1

+107373,1

Салықтық емес  түсімдер

20500,0

27957,0

41790,6

+13833,6

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсім

42000,0

126957,0

113121,0

-13836,0

 

     

 

                 

 

Кестеден көріп отырғандай, нақтыланған бюджетпен салыстырғанда салықтық түсімдер болжамы 107373,1мың теңгеге, салықтық емес түсімдер болжамы 13833,6 мың теңгеге артығымен орындалуы есебінен жергілікті бюджеттің өз кірістері болжаммен салыстырғанда 107370,8 мың теңгеге артығымен орындалған.

Аудандық бюджеттің кірістерінің тек 19,04 пайызын өз кірістері құрап, негізі түсім 80,96 пайызы трансферттердің түсімдері есебінен орындалған.

2.3. Жергілікті бюджет шығыстарының атқарылуын бағалау

2018 жылға арналған аудандық  бюджеті шығыстары бойынша Панфилов аудандық  мәслихатының  2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 6-27-173  «Панфилов ауданының  2018-2020 жылдарға арналған  бюджеті туралы» шешімімен қабылданып, бекітілген, оның ішінде келесі көрсеткіштер бойынша:     Шығыстар -14037184,0 мың теңге:

Таза бюджеттік несиелендіру  - 82973,0 мың  теңге, оның ішінде:

Бюджеттік кредиттер  82973,0  мың теңге;

Бюджеттік кредиттерді өтеу 15613,0 мың теңге;

         Қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо 0               теңге;

Бюджет тапшылығы (профициті) – 67360,0 мың теңге;

Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)  67360,0  мың теңге.

Жыл бойы «Панфилов ауданының 2018-2020 жылдарға арналған  бюджеті»  аудандық мәслихат  шешімдерімен  3 рет нақтыланған.

         2.3.1. Жергілікті бюджет шығындарының атқарылуын талдау

Панфилов ауданының 2018 жылғы бюджетінің шығындары бойынша орындалуына келсек, есепті қаржы жылына түзетілген бюджет бойынша қаралғаны 15126465,0 мың теңге, игерілгені  15103447,2 мың теңгені құрап, 99,8 %-ға атқарылған. Игерілмей қалған қаржы  23017,8 мың теңгені құраған, оның ішінде: 

- 76,2 мың теңге  – еңбек ақы және төлемдерінен үнемделген

- 332,1 мың  теңге- коммуналдық шығындар бойынша үнем

-1508,3 мың теңге – Аудан ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағдарламасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысының дайын болмауына байланысты игерілмеген

-5781,2 мың теңге- Еңбекші орта мектебін күрделі жөндеудің жоба сметалық құжаттарының дайын болмауына байланысты

-2654,0 мың теңге- (Нұркент-2 кезек) инженерлік коммуникациялық жүйесінің құрылысының жобалық сметалық құжаттамасының аяқталмауына байланысты

-235,8 мың теңге- Пенжім ауылындағы екі  60 пәтерлік тұрғын үйлердің жобалық сметалық құжаттамасының дайындаудан тендерлік үнем

-3525,9 мың  теңге- Нұркент қаласының архитектуралық ансамблінің жан жағын абаттандырудан тендерлік үнем

-1654,8  мың теңге-  «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша тендерлік үнем 

-2763,2 мың теңге- Елді мекендер көшелерін күрделі жөндеуден тендерлік үнем

-1232,9 мың теңге - Жаркент қаласы көшелеріне  бағдаршамдар орнатудың ЖҚС дайындауға берілген конкурстың өтпеді деп танылуына байланысты

-580,7 мың теңге -Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу бағдарламасынан үнемделген қаржы

-2672,7 мың  теңге- ерекшеліктердегі қалдықтар.


         2.3.2. Бюджеттік кредиттердің пайдаланылуын талдау

Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін бюджеттік кредиттер 23  маманға  82972,5 мың теңге көлемінде берілген.


         2.3.3. Қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығындарды талдау

Есепті қаржы жылында қаржы активтерін сатып алуға шығындар
жұмсалынбаған.

         2.3.4. Дебиторлық және кредиторлық берешектерді талдау

2019 жылдың 1-қаңтарына дебиторлық қарыздар 82515,5 мың теңгені құрады.  Оның ішінде білім бөлімі бойынша  Абай атындағы орта мектебінде тауарлар  сатып алу үшін 378,0 мың теңге (сот шешімі №2-134-2011, 24.03.2011ж.), Алтынсарин атындағы орта мектеп көмір сатып алу үшін 1045,5 мың теңге Веб-порталдан ұтқан ЖК –ге аударылып, тауарлар жеткізілмегендіктен  экономикалық сотқа берілген. Сот шешімі шыққанымен еш нәтиже жоқ. Мектептерге сұйық отын сатып алу үшін 21176,9 мың теңге дебиторлық қарыз  сұйық  отын жеткізілмегендіктен  Алматы облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа берілген. Сот шешімі шыққанымен (сот шешімі №2-966/15, 22.04.2015ж) еш нәтиже жоқ. Сонымен қатар сұйық  отын жеткізілмегендіктен  «Велес» ЖШС- 57737, 2 мың еңге. Сот шешімі шыққанымен (сот шешімі №2-319/15, 16.02.2015ж) еш нәтиже болмаған.

 

 

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй испекциясы  бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша дебиторлық қарыз 2377,9,0 мың теңге 2013 жылдан бері келе жатқан қарыз. Басқұншы ауылының су жүйелерінің құрылысына  алдын ала төлем (аванс) аударылған, мердігер «Racurs Building Companu» ЖШС-гі жұмыс көлемін орындамауына байланысты ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі 2013 жылдың 20 қыркүйегіндегі №653 хат бойынша талап арызбен мердігер «Racurs Building Companu» ЖШС-ін  ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотқа берілген.   2015 жылдың  26-29 маусым аралғында «ЖШС-гі 43048840 теңге бюджетке қайтарылған. Компания басшысының бас бостандығынан айрылуына байланысты, қалған 2377,9 мың теңге бюджетке қайтарылмаған.

2019 жылдың 1 қаңтарына кредиторлық қарыз  (іссапар шығындары) 846,8 мың теңгені құраған.

  2.4 Панфилов ауданының Жаркент қаласы және ауылдық округтерінің                                                  2018 жылғы бюджеті кірістері және шығыстары бойынша Панфилов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 – желтоқсандағы  № 6-28-182 шешімімен 1351813,0 мың теңге көлемінде бекітілді.

Жыл бойы аудандық мәслихаттың шешімдерімен нақтыланып және өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, кірістері мен  щығындары 1293035,0 мың теңгені құрады.

2018 жылы бюджет кірістері бойынша 107,5 %-ға орындалды. Түзетілген бюджет бойынша қаралған  1293035,0  мың теңгенің орнына 1390568,6 мың теңге қаржы түсті. Оның ішінде, аудан бюджетінен  277750,0 мың теңге көлемінде субвенция, 549774,0 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер түсті.

 

Атауы

Есепті қаржы жылына бекітілген бюджет

Есепті қаржы жылына нақтыланған бюджет

Есепті қаржы жылына түзетілген бюджет

Орындалғаны

Орындалу пайызы

Ауытқу (+; -)

 

I.КІРІСТЕР

 

1351813,0

1314075,0

 

1293035,0

1390568,6

107,5

97533,6

оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

 

Салықтық   түсімдер

 

577128,0

 

492129,0

 

465129,0

 

551358,3

 

118,5

 

86229,3

Салықтық емес түсімдер

 

 

382,0

 

382,0

 

11686,3

 

3059,2

 

11304,3

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

 

 

 

 

 

 

Трансферттердің түсімдері

 

774685,0

 

821564,0

 

827524,0

 

827524,0

 

100,0

 

 

II. ШЫҒЫНДАР

 

1351813,0

1314075,0

 

1293035,0

1268419,2

98,1

-24615,8

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет

 

305596,0

 

313679,0

 

319639,0

 

319607,9

 

100,0

 

-31,1

 

Білім беру

 

498054,0

 

519241,0

 

519241,0

 

519123,0

 

100,0

 

 

-118,0

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

 

152079,0

 

136222,0

 

136222,0

 

136001,7

 

99,8

 

-220,3

 

Басқалар

 

71983,0

 

71983,0

 

71983,0

 

70328,2

 

97,7

 

-1654,8

 

Трансферттер

324101,0

272950,

245950,0

223358,4

90,8

-22591,6

III. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТ БЕРУ

 

 

 

 

 

 

Бюджеттік кредиттер

 

 

 

 

 

 

Бюджет кредиттерін  өтеу

 

 

 

 

 

 

IV. ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРМЕН БОЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО

 

 

 

 

 

 

Қаржы активтерін сатып алу

 

 

 

 

 

 

V. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ)

 

 

 

 

122149,3

 

 

VI. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТТІ ПАЙДАЛАНУ)

 

 

 

 

-122149,3

 

 

Қарыздардың түсімі

 

 

 

 

 

 

 

Қарыздарды өтеу

 

 

 

 

 

 

 

Бюджет қаражатының пайдаланылатын                          қалдықтары

 

 

 

 

-122149,3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есепті кезең соңына  бюджет қаражатының қалдықтары

 

 

 

 

122149,3

 

 

 

Есепті кезең соңына бюджет қаражатының қалдықтары  122149,3 мың теңгені құрады,. Бұл қаржы кірістердің  97533,6 мың теңгеге артық түсуінен және шығыс жағының 24615,8 мың теңгеге игерілмегендігінен құралды.

Жаркент қаласы және ауылдық округтерінің                                                  бюджетінің шығындары бойынша орындалуына келсек, есепті қаржы жылына түзетілген бюджет бойынша қаралғаны 1293035,,0 мың теңге, игерілгені  1268419,2 мың теңгені құрап, 98,1 %-ға атқарылды. Игерілмей қалған қаржы  24615,8  мың теңге,  оның ішінде:

22591,6  мың теңге – Жаркент қаласы бойынша кірістер жоспарының орындалмауына сәйкес бюджеттік алып қоюлар 22591,6 мың теңге аудан бюджетіне аударылмаған, жоспар 245950,0 мың теңге, аударылғаны 223358,4 мың теңге.

1654,8 мың теңге- «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша тендерлік үнем

-369,4 мың  теңге- ерекшеліктердегі қалдықтар.

2018 жылдың қорытындысымен 2019 жылдың 1- қаңтарына кредиторлық берешек 645,0 мың теңге, іссапар шығындарынан құралған. Дебиторлық берешек жоқ.

III БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ

3.1. 2016-2020 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалау

Өңірде келесі  6 бағыт бойынша  22 нақты мақсат айқындалған.

1-БАҒЫТ. Экономика

Панфилов ауданының 2018-2020  жылдарға арналған даму бағдар-

ламасында экономиканы дамыту бағыты  6 мақсаттан тұрады.

1-мақсат. Өнеркәсіпте жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған өндіріс құру арқылы индустриалды-инновациялық даму жолымен құрылымдық жылжу.

Өнеркәсіпті жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған өндіріс құру арқылы индустриалды-инновациялық даму жолымен құрылымдық жылжу бойынша 2 нысаналы индикатор, 1 іс-шара өткізу қарастырылған.

Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем индексі жоспарланғаны 102,0 пайыз, нақты орындалғаны 101,5 пайыз.

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің жалпы көлемінен өңдеу өнеркәсібінің үлесі жоспарланғаны 75,8%, нақты орындалғаны 80,9%.

1 шара  атқарылған: жүгері дәнін тазалайтын, кептіретін және сақтайтын элеватор іске қосылды, инвестиция көлемі 1,2 млрд.теңгені құраған.

2- мақсат. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау бойынша 6 нысаналы индикатор, 13 іс-шаралар өткізу қарастырылған.

2018 жылғы ауданның даму бағдарламасының орындалу Есебі бойынша  1 нәтиже көрсеткіші орындалмаған.

Атап айтқанда,ұйымдастырылған шаруашылықтарда ірі қара және ұсақ мүйізді мал үлесі бойынша қол жеткізілген жоқ. Яғни, ұйымдастырылған шаруашылықтарда ірі қара малының үлесі 57,3 пайыз жоспарланған, нақты орындалғаны 52,7 пайыз, ұсақ мүйізді малдың үлесі 55,6 пайыз жоспарланған, нақты 48,9 пайызды құраған.

3-мақсат. Су шаруашылығын тұрақты дамыту үшін жағдай құру

Су шаруашылығына салынған мемлекеттік емес инвестицияныңнақты көлем көрсеткіші (су шаруашылығы нысандары) және гидромелиоративті жүйелер және жабдықтар жоспарланбаған.

4- мақсат. Шағын және орта кәсіпкерлікті, сауданы дамыту.

Саланы 2020 жылға дейін дамытудың басымдықтары болып төмендегілер табылады:

- экономиканың шикізаттық емес басым секторларында жобаларды жүзеге асыру кезінде ШОБ-қа мемлекеттік қолдау көрсету;

-әрекет етуші тұрақты жұмыс орындарын сақтау және жаңаларын құру;

-шетелдік инвесторлар мен бизнесмендердің «келуін» ұйымдастыру;

- кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру орталығы.

Шағын және орта кәсіпкерлікті, сауданы дамыту бойынша 3 нысаналы индикатор, 5 іс-шаралар өткізу қарастырылған.

2018 жылғы ауданның даму бағдарламасының орындалу есебі бойынша  1 нысаналы индикатор көрсеткіші орындалмаған.

Бөлшек тауар айналымының нақты көлем индексі жоспарланған 102,9 % орнына нақты 100,5 % орындалған. Жоспарланған 5 іс-шара толық орындалған.

5- мақсат.Инновацияларды дамыту және инвестициялар тарту

Саланы 2020 жылға дейін дамыту басымдығы болып төмендегілер табылады:

- индустриялдық аймақтар мен өнеркәсіптік алаңдарды дамыту есебінен инновациялық және инвестициялық қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;

- шетелдік жобаларды бірлесіп жүзеге асыру;

- ауданның инвестициялық жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту.

Инновацияларды дамыту және инвестициялар тарту бойынша 5нысаналы индикатор жоспарланған.2018 жылғы ауданның даму бағдарламасының орындалу есебі бойынша 2 нысаналы индикатор көрсеткіші орындалмаған.

-Жан басына шаққанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны жоспарланғаны 125%, нақты орындалғаны 106,1%. Қол жеткізілмеген. Негізгі капиталды жан басына шаққандағы халықтың табысы 480,1 мың теңге. 2017 жылы 452,4 мың теңге құраған.

- Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың  үлесі жоспарланғаны 25,5 %, нақты орындалғаны 12,2 %. 2018 жылы сыртқы инвестициялардың көлемі 7,6 млрд.теңгені құраған.

6-мақсат. Экономикалық өсу орталықтарын дамыту.

Экономикалық өсу орталықтарын дамыту бойынша 10 нақты индикаторлар қарастырылған, оның ішінде 9 НИ орындалған, 1 жоспарланбаған.

2-БАҒЫТ.   Әлеуметтік сала.

1-мақсат. Білім сапасын және қол жетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру. Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру.

Саланы 2020 жылға дейін дамыту басымдықтары болып төмендегілер табылады:

Әрекет етуші апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің саны;

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту деңгейін 100%-ке жеткізу;

бейімделген мектептер санын және күрделі жөндеуді қажет ететін білім беру объектілерінің санын әрі қарай қысқарту;

материалдық-техникалық базаны нығайту;

Білім сапасын және қол жетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсаты бойынша 4 нысаналы индикатор, 3 іс-шаралар өткізу қарастырылған.

Барлық көрсеткіштер нәтижесіне қол жеткізілген.Әрекет етуші апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің саны бойынша 2017 жылы 300 орынды қосымша құрылыс басталып, 2018 жылы аяқталған. Құрылыс жұмыстарын  "Болашақ МА" ЖШС жүргізген.Сметалық құны 933,5 млн. теңге.2018 жылы 778,1 млн.теңге жұмсалған.

2-мақсат. Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру.

Саланы 2020 жылға дейін дамыту басымдықтары болып төмендегілер табылады:

Жастар саясатының тиімділігін арттыру;

Жастар ресурстары орталығыны МТБ-н нығайту.

Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру бойынша 1нысаналы индикатор қарастырылған. Көрсеткіштер нәтижесіне қол жеткізілген.

3-мақсат. Халықтың денсаулығын жақсарту.

Саланы 2020 жылға дейін дамыту басымдықтары болып төмендегілер табылады:

- АМСК жүйесін жетілдіру;

- медициналық қызмет көрсетудің озық стандарттарын енгізу;

- дәрі-дәрмектік қамтамасыз етілудің қол жетімділігін қамтамасыз ету;

- дәрігер мамандарын бекіту;

- алдын алу жұмыстарын күшейту;

- салауатты өмір салтын жүргізуді насихаттауды әрі қарай дамыту.

Халықтың денсаулығын жақсарту мақсаты бойынша 3нысаналы индикатор, 2 іс-шаралар өткізу қарастырылған.

2018 жылғы ауданның даму бағдарламасының орындалу Есебі бойынша 1 нысаналы индикатор көрсеткіші орындалмаған.100 мың тірі босанғандарға шаққанда ана өлімін азайту. Қол жеткізілмеген, ана өлімі 1 жағдай тіркелген.

4-мақсат. Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау.

Саланы 2020 жылға дейін дамыту басымдықтары болып төмендегілер табылады:

- халықтың жұмыспен қамтылуын экономика салаларында жаңа жұмысорындарын құру арқылы арттыру;

- өз ісімен шұғылданушыларды, жұмыссыздарды және халықтың нысаналы тобына кіретін тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту;

- кадрлық әлеуетті дамыту;

- ауданның жұмыспен қамту картасын жүзеге асыру.

Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша 10 мақсатты индикатор, 11 іс-шаралар өткізу қарастырылған. Оның ішінде 6 нысаналы индикаторға қол жеткізілген, 2 нысаналы индикатор орындалмаған,1 индикатор атаулы әлеуметтік алушылардың санынан жұмысқа қабілетті адамдардың үлесі жоспарланбаған, 1 индикатор жұмыспен қамту орталығына жүгінген нысаналы топ ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі «нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына өзгерістер енгізілуіне байланысты алынып тасталған. 9 іс-шара атқарылған.

5-мақсат.Мәдениет саласын  дамыту.

2020 жылға дейін даму басымдықтары төмендегілер болып табылады:

- мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту;

-халықтың мәдени мұраға қол жеткізуін кеңейту, қызмет көрсету нарығында отандық мәдени өнімді алға жылжыту.

Мәдениет саласын  дамыту бойынша 1нысаналы индикатор, 2 іс-шаралар өткізу қарастырылған. Барлық көрсеткіштер нәтижесіне қол жеткізілген.

6-мақсат. Дене шынықтыру және спортты дамыту.

2020 жылға дейін даму басымдықтары болып төмендегілер табылады:

спорт құрылыстарының жүйесін кеңейту;

спорт объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту;

халықты мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралармен қамтуды арттыру;

ауданның бұқаралық дене шынықтыру және спорттық-сауықтыру шараларын дамыту жөніндегі іс-шарасын жүзеге асыру.

Дене шынықтыру және спортты дамыту  бойынша 2нысаналы индикатор, 1 іс-шаралар өткізу қарастырылған. Барлық көрсеткіштер нәтижесіне қол жеткізілген.

7-мақсат.Туризмді дамыту

2020 жылға дейін даму басымдықтары болып төмендегілер табылады:

Алматы облысының туризмін дамытудың шебер-жоспарын жүзеге асыру.

Туризмді дамыту бойынша 3 нысаналы индикатор, 1 іс-шара өткізу қарастырылған. Барлық көрсеткіштер нәтижесіне қол жеткізілген.

8-мақсат.Үштілділікті дамыту

Төмендегілерді қамтамасыз ету бойынша әрекет ететін барлық қажетті шаралар қабылданған:

-мемлекеттік тілді, ұлттық бірлікті нығайтудың негізгі факторы ретінде дамыту және тарату;

-Қазақстан этностарының мәдениетін, дәстүрін, салтын, тілдерін дамытуға жағдай жасау.

Үштілділікті дамыту бойынша 3 нысаналы индикатор, 1 іс-шара өткізу қарастырылған. Барлық көрсеткіштер нәтижесіне қол жеткізілген.

3-БАҒЫТ.   Қоғамдық қауіпсіздік  және құқықтық тәртіп.

1-мақсат.Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті  қамтамасыз ету2020 жылға дейін даму басымдығы төмендегілер болып табылады:

көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау;

қарақшылық шабуылдарды және тонауды азайту, тойтару және ашу жұмыстарын күшейту;

бөтеннің мүлкін ұрлауды ашу жұмыстарын күшейту;

құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық орындарда және көшелерде жасалған қылмыстарды азайту жұмыстарын күшейту.

2020 жылға дейін даму басымдығы төмендегілер болып табылады:

- табиғи және техногенді ТЖ алдын алу міндеттерін тиімді шешу, олардың теріс әсер ету ауқымын дүлей апаттарға, авариялар мен катастрофаларға қарсы әрекет ету инфрақұрылымын, оның ішінде құтқару күшін, хабарландыру жүйесін, ақпараттық қамтамасыз ету және байланыс жүйесі жасау арқылы  азайту;

- адам және материалдық шығындарын азайту мақсатында зардап шегушілерге уақытында көмек көрсету үшін ТЖ салдарларын жоюға жедел әрекет ету.

Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті  қамтамасыз ету бойынша 4 нысаналы индикатор қарастырылған, оның ішінде 3 мақсатты индикатор көрсеткішіне  қол жеткізілмеген:

көшелерде жасалған қылмыстардың үлестік салмағы жоспардағы 15,4 пайыздың орнына 18,9 пайыз құрады, қол жеткізілмеген;

100 зардап шеккендерге шаққанда жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар санын азайту.Қол жеткізілген жоқ. Жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқан тұлғалардың саны 2017 жылғы 10-нан 2018 жылы 12-ге көбейген;

Бұрын қылмыс жасағандармен жасалған қылмыстардың үлестік салмағы жоспарланғаны 4,4%, нақты орындалғаны 35,5%.Қол жеткізілген жоқ. 2018 жылы қылмыстың үлесі артып, "бұрынғы қылмыс жасаған" санатындағы қылмыс саны 221 болды, 2017 жылы -154.

Төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі көрсеткіші орындалған.

4-БАҒЫТ.   Инфрақұрылым.

1-мақсат. Азаматтар мен ұйымдардың күнделікті өмірде кең жолақты ақпараттық-коммуникациялық технологияны  пайдалануға өтуіне ықпал ету2020 жылға дейін даму басымдықтары болып төмендегілер табылады:

- жаңа технологиялар бойынша қызметтер сапасын арттыру, сондай-ақ телекоммуникация қызметі саласында жаңа инновациялық қызметтерді құру.

Аталған мақсат бойынша 3 нысаналы индикатор қарастырылған. Барлық көрсеткіштер нәтижесіне қол жеткізілген.

2-мақсат. Тұрғын үй құрылысы саласының дамуы

2020 жылға дейін даму басымдықтары болып төмендегілер табылады:

- «Нұрлы Жер» бағдарламасының аясында, халықтың тұрғын үйге қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, тұрғын үй құрылысының негізгі бағыттарын жүзеге асыру;

- тұрғын массивтердің, индустриялдық және өнеркәсіп аймақтарының, әлеуметтік және туристік объектілердің инженерелік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.

Тұрғын үй құрылысы саласының дамуы бойынша 3нысаналы индикатор, 11 іс-шаралар өткізу қарастырылған. 2018 жылғы ауданның даму бағдарламасының орындалу Есебі бойынша 1нысаналы индикатор орындалмаған:

Әлеуметтік, көлік инфрақұрылымы объектілерінің  жалпы паспортталғандарының қатарында мүгедектердің қол жеткізу жүйесімен қамтылған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі жоспарланғаны 17,8 %, нақты орындалғаны 13,5 %.Қол жеткізілген жоқ.  11 іс-шаралар толық атқарылған. 10 елді мекенде учаскелік полиция пункттерінің қызметтік тұрғын үймен құрылысы салынған, жалпы аудан бойынша қолданысқа берілген тұрғын үйлердің құны 3,2 млрд.теңгені құраған.

3-мақсат.Көлік инфрақұрылымын жақсарту

2020 жылға дейін даму басымдықтары болып төмендегілер табылады:

- «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыру;

- көлік-логистикалық учаске ретінде дамыту;

- автомобиль көлігінің инфрақұрылымын дамыту, техникалық қызмет көрсету жағдайын жақсарту.

Көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша 4 нысаналы индикатор, 1 іс-шаралар өткізу қарастырылған. 3 нысаналы индикаторға қол жеткізілген, 1нысаналы индикатор аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қалпына келтіру және құрылысын салу жоспарланбаған.

4-мақсат.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту

2020 жылға дейін даму басымдығы болып төмендегілер табылады:

- көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу, су, жылу, электрмен қамту жүйелерін салу және қайта жаңғырту бойынша «Нұрлы Жер» бағдарламасын жүзеге асыру;

- халықтың ауыз сумен және су бөлу қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бойынша 3 мақсатты индикатор қарастырылған. 1 нысаналы индикатор жоспарланбаған, 2 мақсатты индикатор көрсеткіштері орындалған.

5-БАҒЫТ. Экология және жер ресурстарын дамыту

1-мақсат.Ауданның экологиялық жағдайын жақсарту және жер ресурстарын тиімді пайдалану.

Саланы 2020 жылға дейін дамыту басымдығы болып төмендегілер табылады:

-табиғи ресурстарды тиімді және ұтымды пайдалану;

-атмосфераға зиянды қалдықтардың шығарылуын қысқарту;

Экология және жер ресурстарын дамыту бойынша 5 нысаналы индикатор қарастырылған.Оның ішінде 3 көрсеткіш орындалған, 2 көрсеткіш ауыл шаруашылығы айналымына тартылған ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлердің үлесі және жер учаскелерін сату арқылы беру жоспарланбаған.

2-мақсат.Су, балық, орман және аң аулау шаруашылығын тұрақты дамытуға қолайлы жағдай жасау.

Саланы 2020 жылға дейін дамыту басымдықтары болып төмендегілер табылады:

-суару жүйелерін қалпына келтіру;

-су ресурстарының ұтымды пайдаланылуын бақылау;

-су ресурстарының ластануын болдыртпау.

Су, балық, орман және аң аулау шаруашылығын тұрақты дамытуға қолайлы жағдай жасау бойынша 4 нысаналы индикатор қарастырылған, оның ішінде 3 нысаналы индикатор жоспарланбаған, 1 индикатор орындалған.

6-БАҒЫТ. Мемлекеттік қызметтер

1-мақсат. Мемлекеттік қызметкерлердің  кәсіби және құзыретті корпусын қалыптастыру.

Саланы 2020 жылға дейін дамыту басымдықтары болып төмендегілер табылады:

-мемлекеттік қызметкерлердің таза ауысымын 6,0% -ға дейін төмендету;

-мемлекеттік қызметте меритократия қағидасын ары қарай  енгізу және нығайту

-Мемлекеттік қызметтің имиджін жақсарту.

Мемлекеттік қызметкерлердің таза ауысымдылығы (мемлекеттік қызмет жүйесінен кету) бойынша жоспарланған 6,1 % нақты 7,1 % орындалған.Қол жеткізілмеген.

2018 жылғы ауданның даму бағдарламасының орындалу Есебі бойынша  82 нысаналы индикатор жоспарланған, оның ішінде  14 нысаналы  индикатор орындалмаған. Жоспарланған 83 іс-шараның 14 орындалмаған.

«Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттің аумақтық дамуының болжамдық құрылымын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтық даму бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және мониторингілеу әдістемесін бекіту туралы» Панфилов ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы, (Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 28 қарашадағы № 6-45-286 шешімімен өзгертілген) аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 5-57-386 шешіміне сәйкес  2018 жылға  арналған ауданның даму бағдарламасының мониторингі  ұсынылады.

3.2. Өңірде басқа да бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы туралы ақпарат.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 1729 адамды қамту үшін 586,0 млн.теңге игерілген. Соның ішінде: 250 адам кәсіби оқуға, 288 адам кәсіпкерлікті жүргізуді оқытуға, 104 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 104 адам жастар практикасына, 894 ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген.

Жоспардағы 52 адамның орнына 89 адам 358,4 млн.теңге шағын несие алған.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2 шаруа қожалығы 96,0 млн.теңгеге 217 бас асыл тұқымды ірі қара малын сатып алған.

IV БӨЛІМ. ЖЕКЕЛЕГЕН БАҒЫТТАР БОЙЫНША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ.

4.1. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігін бағалау.

2018 жылы негізгі капиталға тартылған инвестициялар 62,0 млрд.теңгені құраған, нақты көлем көрсеткіші 102,4 пайыз. Оның ішінде: бюджет қаржысы – 6,6 млрд.теңге немесе 10,6 пайызды, бюджеттік емес қаржы – 55,4 млрд.теңге немесе 89,4 пайызды құрайды. 2018 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарына және жоба-сметалық құжаттарды дайындауға 3,3 млрд.теңге игерілді (республикалық бюджеттен - 2,2 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен – 1,1 млн.теңге). Оның ішінде: 10 елді мекенде қызметтік үйімен бірге полицияның учаскелік пункттері құрылысына -167,4 млн.теңге, Жаркент қаласындағы жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің құрылысына – 130,0 млн.теңге, Жаркент қаласындағы 40 жалгерлік үйдің құрылысын аяқтауға - 135,5 млн. теңге (40 тұрғын үй құрылысы 2017 жылы басталған, 2019 жылдың наурыз айында аяқталады, жалпы құны - 344,9 млн.теңге), осы үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының құрылысын салуға - 136, 1 млн.теңге (нысанның жалпы құны – 378,7 млн.теңге), Нұркент қалашығының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының құрылысына (сумен жабдықтаудың жалпы құны – 148,2 млн.теңге, су бөлудің жалпы құны – 1096,3 млн.теңге, жылумен жабдықтаудың жалпы құны – 100,7 млн.теңге, сыртқы энергиямен жабдықтаудың жалпы құны – 176,7 млн теңге) 2-кезекке - 1,5 млрд.теңге, 21 жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына – 403,2 млн.теңге.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында                    14 нысанға (Головацкий, Басқұншы, Төменгі Пенжім, Пенжім, Үшарал, Ақжазық, Көктал, Дарбазақұм, Ынталы, Бөрібай би, Сарытөбе, Кішішыған, Қырыққұдық, Ақкент, Шолақай ауылдарының көше жолдары, Нәдек ауылының су құбыры жүйесін, Сарыбел ауылында жануарлардың мәйіттерін қоршау, биотермиялық шұңқырлар құрылғысы, Лесновка, Әулиеағаш, Дарбазақұм ауылдарындағы мектептердің спорт алаңдары) 72,0 млн.теңге көлемінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

4.2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау

Есепті кезең қорытындылары бойынша Панфилов ауданы бюджетінің шығындары , есепті қаржы жылына түзетілген бюджет бойынша қаралғаны 15126465,0 мың теңге, игерілгені  15103447,2 мың теңге 99,8 пайызға атқарылып, жалпы 23017,8 мың теңге сомасында бюджет қаражаттары игерілмей қалған, оның ішінде:

- 76,2 мың теңге  – еңбек ақы және төлемдерінен үнемделген

- 332,1 мың  теңге- коммуналдық шығындар бойынша үнем

-1508,3 мың теңге – Аудан ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағдарламасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысының дайын болмауына байланысты игерілмеген

-5781,2 мың теңге- Еңбекші орта мектебін күрделі жөндеудің жоба сметалық құжаттарының дайын болмауына байланысты

-2654,0 мың теңге- (Нұркент-2 очередь) инженерлік коммуникациялық жүйесінің құрылысының жоба сметалық құжаттарының аяқталмауына байланысты

-235,8 мың теңге- Пенжім ауылындағы екі  60 пәтерлік тұрғын үйлердің жоба сметалық құжаттарын дайындаудан тендерлік үнем

-3525,9 мың  теңге- Нұркент қаласының архитектуралық ансамблінің жан жағын абаттандырудан тендерлік үнем

-1654,8  мың теңге-  «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша тендерлік үнем

-2763,2 мың теңге- Елді мекендер көшелерін күрделі жөндеуден тендерлік үнем

-1232,9 мың теңге - Жаркент қаласы көшелеріне  бағдаршамдар орнатудың ЖҚС дайындауға берілген конкурстың өтпеді деп танылуына байланысты

-580,7 мың теңге -Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу бағдарламасынан үнемделген қаржы

-2672,7 мың  теңге- ерекшеліктердегі қалдықтар.

4.3. Мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалау

01.01.2019 жылға ауданға қарасты 85 мемлекеттік мекеме заңды тұлға ретінде тіркелген. Соның ішінде: 50 –мектеп (45- орта, 1- орталау, 4 - бастауыш) 14 –ауылдық округтер аппараттары, 17 – мемлекеттік орган (аудандық мәслихат аппараты, аудан әкімінің аппараты, бөлімдер), 4 – мемлекеттік мекеме (2-ДЮСШ, кітапхана, жұмыспен қамту орталығы).

01.01.2018 ж. бухгалтерлік баланс бойынша активтер есепті жылдың басына  8150248,8 мың теңгені, жыл соңына 9550624,9 мың теңгені құраған, оның ішінде: негізгі қорлар 9511192,0 мың теңге, материалдық емес активтер 39432,9 мың теңге. Активтер 1400376,1 мың теңгеге өскен.

4.4. Квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалау

01.01.2019 жылға ауданға қарасты 80 кәсіпорын балабақша ретінде тіркелген. Соның ішінде: жергілікті бюджеттен мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландырылатын 12 мемлекеттік кәсіпорын, 35 жекеменшік балабақша, 33 мектепке дейінгі шағын орталық. Облыстық бюджеттен 2018 жылы  1176707,0 мың теңге трансферттер  бөлінген. Кассалық шығын 1176707,0 мың теңге игерілді, яғни 100%. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 2 балабақша 69746,0 мың теңге бөлініп 100% игерілген. Мәдениет үйін қаржыландыруына бөлінген 172405,0 мың теңге  толық игерілген.

Бюджеттен 2 кәсіпорын қаржыландырылмаған: Панфилов ауданының  "Панфилов су құбыры " ШЖҚ МҚК және  Панфилов ауданының "Ветеринариялық  станция " МҚК.

2018 жылы Панфилов ауданының мемлекеттік мекемелерінде жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің  активтері және шарт талаптарын орындау бойынша сәйкестік аудитімен 35 мемлекеттік мекеме қамтылып, 2663,5 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды, оның ішінде:

- 1479,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтар;

- 1183,6 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар. Анықталған бұзушылықтар  бойынша  1 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып жалпы 3 мемлекеттік қызметкерге сөгіс, 2 мемлекеттік қызметкерге ескерту берілген.

2018 жылғы кезеңге Панфилов ауданының мемлекеттік кәсіпорындарында жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің  активтері және шарт талаптарын орындау бойынша аудит жүргізілмеген.

V БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІК

5.1. Тұжырымдар

Панфилов ауданының 2018 жылғы бекітілген бюджет бойынша кірістер  жоспары 14037184,0 мың теңге,  жылдық нақтыланған бюджет 15468247,0 мың теңге, жылдық түзетілген бюджет 15039350,0 мың теңге, ал орындалуы 15146720,8 мың теңге болып, 100,7 %-ды құраған.

Жалпы аудан бюджетінде кірістер 27 бюджеттік сыныптама кодтары бойынша жоспарланып, 26 бюджеттік сыныптама кодтары бойынша жоспар орындалған. Сонымен қатар жоспардан тыс 3 бюджеттік сыныптама кодтары бойынша кірістер тіркелген.

Түзетілген бюджет бойынша шығыс жоспары 15126465,0 мың теңге, ал кассалық орындалу 15103447,2 мың теңгені құраған немесе 99,8 пайызға орындалған, жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша 23017,8 мың теңге қаражаттардың игерілмеуі орын алған.

Аумақтық даму бағдарламасының орындалуын нақтыланған жоспармен салыстырғанда 82 нысаналы индикатордың 14 нысаналы  индикатор орындалмаған. Жоспарланған  83 іс-шараның 14 орындалмаған.

5.2. Ұсынымдар

Жергілікті бюджетті кірістер және шығыстар бойынша қалыптастыру және атқару кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және өзге заңнамалары басшылыққа алуды.

2018 жылдың қорытындысымен жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша 23017,8 мың теңге қаражаттардың игерілмеуі орын алған, игерілмеуіне жауапты тұлғалардың жауапкершілігі қаралсын;

2018 жылдың қорытындысымен аудан бойынша дебиторлық берешек    82515,5 мың теңгені, кредиторлық берешек 846,8 мың теңгені құраған. Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамалары талаптарына сәйкес дебиторлық, кредиторлық берешектерді азайту жұмыстары жүргізілсін;

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларда, аумақты дамыту бағдарламасында жоспарланған тура және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөнінде шаралар қабылдансын.

 

ЕСЕПКЕ ҚОСЫМШАЛАР

1. Панфилов ауданы бойынша 2018 жылы анықталған қаржылық бұзушылықтар №1 кесте.

2. Панфилов ауданының 2016-2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі есебі.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

 

 

 

 

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ