Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Білім басқармасы қорытынды

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 30.10.2019
Просмотры: 539 Печать страницы

                         

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасының м.а. Б.Мұхамеджановқа

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

1.Кіріспе бөлік

Аудиторлық іс-шараның атауы:

 Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының  бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы.

Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына аудит жүргізу.

 Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Алматы облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Соның ішінде үстеме аудиттер жүргізілгені:

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

- «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шелек политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  «Талдықорған сервис және технология колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Сарқан гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақсу политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қаракемер кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып):

Топ жетекшісі – бас маман - мемлекеттік аудитор Қазақбеков Ғабит Зәкіржанұлы (№1350), бас маман - мемлекеттік аудиторлар: Желдібаев Сырым Сарқанбайұлы (1349), Қалдарбекова Гүлвира Қуандыққызы (№0306), Нұрханов Жұмахан Мұханұлы (1351).       

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:

2017 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың желтоқсанын қоса алғанда.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Алматы облыстық білім басқармасына бөлінген бюджет қаражатының атқарылуына талдау жасау:

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде Алматы облыстық білім басқармасына бюджет есебінен жергілікті деңгейде мемлекет саясатын іске асыруға  2017 жылы – 439 522,0   мың теңге, 2018 жылы – 11 566 881,0  мың теңге, жалпы  12 006 403,0   мың теңге бөлініп, игерілген. Осы көрсетілген қаражаттың нақты аудитпен қамтылғаны  12 006 403,0   мың теңге немесе қарастырылған қаражаттың 100 % мемлекеттік аудитпен қамтылды.

Мемлекеттік аудит барысында жергілікті бюджет қаражатын пайдаланғанда бұзушылықтардың барлығы Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақтамағандықтан орын алған, олардың басым бөлігі еңбек ақы, құрылыс саласы бойынша қабылданған заңнамалар бойынша.

Мемлекеттік аудитте пайдаланылған көрсеткіш МӘНДІЛІК бойынша жалпы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың көлемінен анықталған бұзушылықтардың  көлемі 0,03% құрағанын ескерсек облысқа жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізуге бөлінген қаражат қанағатанарлық деңгейде пайдаланылған деген тұжырымға келуге болады.

2.2. Алматы облыстық білім басқармасына жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

Мемлекеттік аудитпен 2017 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың  желтоқсанын қоса алған кезеңге 2019 жылдың 04 қыркүйегінен 04 қазаны аралығында тексеру комиссиясының тапсырмалары бойынша «Алматы облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттік мекемесі және үстеме аудиттермен 1 мемлекеттік мекеме мен 10 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары қамтылды.

«Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 12 006 403,0   мың   теңге қаражат қамтылып, 2 977,1 мың теңгеге Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының, ҚР қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурызындағы № 241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қағидасының талаптары бұзылғаны анықталды оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 2 977,1 мың теңге (2977,1 мың теңге өтелуге жатады).

Жалпы  анықталған  2 977,1  мың теңге қаржылық бұзушылықтардың 2 977,1 мың теңгесі бюджетке өтелуге жатады,  мемлекеттік аудит барысында 2 977,1 мың теңге бюджет есебіне аударылды. 

Осылармен қатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны – 3 бірлікті құрады.

Оның ішінде кәсіпорындар бөлінісінде:

1) «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қаракемер кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша:

ҚР қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурызындағы № 241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қағидасының 3, 4, 5 тармақтары сақталмай 2018 жылы ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде айларында 1674,0 мың теңге негізсіз артық еңбекақы төленгені анықталды.

 Атап айтқанда: информатика пәнінің оқытушысы Е.Бастауоваға 200,0 мың теңге аванс ретінде  2018 жылдың 27 ақпанындағы № 62 төлем тапсырмасы негізінде еңбекақы төленген. 2018 жылдың маусым айында 50,0 мың теңге есеп айырысу-төлем тізімдемесінде 2018 жылдың  маусым айынан ұсталған, қалған 150,0 мың теңге бүгүнгі күніне дейін ұсталмаған және бюджет есебіне қайтарылмаған.

- жатақхана тәрбиешісі Г.Аллахановаға 2018 жылдың сәуір айында есеп айырсу-төлем тіздемесінде 43957 теңге есептелген, бірақ сәуір айының тізім бойынша 197957 теңге төленген, мамыр айында 43957 теңге есептелген, бірақ 197957 теңге төленген, маусым айында 43957 теңге есептелген, бірақ 197957 теңге төленген, шілде айында 84593 теңге есептелген, бірақ 384593 теңге төленген. Барлық негізсіз артық төленген еңбекақы 762,0 мың теңгені құрайды. Бүгүнгі күніге артық төленген еңбекақы есеп айырсу төлем тіздемелерінде ұсталмаған және бюджет есебіне қайтарылмаған.

- сызу пәнінің оқытушысы Ж.Ержановаға 2018 жылдың сәуір айында есеп айырсу-төлем тіздемесінде 26180 теңге есептелген, бірақ сәуір айының тізім бойынша 180180 теңге төленген, мамыр айында 26180 теңге есептелген, бірақ 180180 теңге төленген, маусым айында 26180 теңге есептелген, бірақ 180180 теңге төленге, шілде айында 63765 теңге есептелген, бірақ 363765 теңге төленген. Барлық негізсіз артық төленген еңбекақы 762,0 мың теңгені құрайды. Бүгүнгі күніге артық төленген еңбекақы  есеп-айырсу төлем тіздемелерінде ұсталмаған және бюджет есебіне қайтарылмаған.

Сондай-ақ кәсіпорнның есепшісі Қ.Ашимова жоғарыда көрсетілген есеп айырсу төлем тіздемелерді есептеп «Халык банк» АҚ бағдарламасында қалыптастырып және бас есепші А.Байжумашеваға енгізіп электрондық поштаға жіберіген. Бас есепші А.Байжумашева уақыт тығыздығына байланысты төлем тіздемелерін тексермей «Халык банк» АҚ бағдарламасына бекітіп, аударған.

ҚР қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурызындағы № 241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қағидасының  3, 4, 5 тармақтарының талаптарын сақтамай кәсіпорнының бас есепші А.Байжумашева жоғарыда көрсетілген негізсіз артық төленген 1674,0 мың теңгені құрайтын еңбекақыны 2019 жылдың 01 қаңтарындағы баланс есебінде дебиторлық қарыз түрінде көрсетпеген.

2) «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша:

2018 жылы «261/067/015» Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстарының жалпы соммасы 14756,0 мың теңгеге 2 келісім шарт жасалынған соның ішінде;

2018 жылдың тапсырыс беруші «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар политехникалық колледжі»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны және  орындаушы «KLL Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында «Газ құбырын орнату құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге» 2018 жылдың 15 маусым айында  жалпы соммасы 10258,0 мың теңгеге № 43 келісім шарты жасалынған. Келісім шарттың №1 қосымшасына сәйкес орындалған жұмыстарды өткізу мерзімі келісім шартқа қол қойған күннен бастап 2 ай ішінде болып белгіленген. Жұмыстар уақытылы орындалған.

2018 жылдың 11 қазан айында тапсырыс беруші  «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар политехникалық колледжі»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны және  орындаушы «KLL Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында «Құбырларды жылу жүйесіне қосу жұмыстарын жүргізуге» жалпы соммасы 4498,0 мың теңгеге  №77 келісім шарты жасалынған. Келісім шарт негізінде орындалған жұмыстарды өткізу мерзімі 2018 жылдың 26 қазан айы болып белгіленген. Жұмыстар уақытылы орындалған.

Алайда, Тапсырыс берушімен «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңының 68 бабының 12 тармағының талабы сақталмай, мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар берілмей, құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілген.

Сонымен бірге тапсырыс берушімен «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңының 17 бабының 1 тармағының 6 тармақшасының және 34, 34-1 бабтарының  талаптары сақталмай, авторлық және техникалық қадағалауларынсыз құрылыс монтаж жұмыстары жүзеге асырылған.

3) «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша:

2018 жылы «261/067/015» бағдарламасы бойынша 380 000,5 мың теңге қаражат бөлінген.

Сонын ішінде: 2017 жылғы 26 сәуіріндегі № 19 келісім шарттың 2018 жылғы 02 ақпандағы № 8 қосымша келісім негізінде «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі»-МКҚК-өнім беруші «Құрылысшы-ТБС»-ЖШС-мердігер  «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратына 542 322,2 мың теңге көлемінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген, 2017 жылы  168 272,7 мың теңге көлемінде, 2018 жылы 374 000,0 мың теңге көлемінде күрделі жөндеу жұмыстарын бітірген. Жасалған жұмыс актілері № 2 насандар қоса тіркелген 2018 жылдың 09 маусымында қабылдап алу актісімен қабылданған.

Құрылыс жұмыстарын бітіргеннен кейін СН РК 8.02-02-2002 4.3 бабы, ҚР 2001 жылғы 16 шілдесіндегі № 242 «ҚР сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңының 60 бабының 1 тармағы бойынша және сметалық құжаттары негінде уақытша салынған ғимараттардың жалпы құнынан қайтарылуға жататын «Құрылысшы-ТБС» ЖШС-гі 15% бюджетке қайтаруға тиіс, бірақ мердігер «Құрылысшы-ТБС» ЖШС-гі 1303,1 мың теңгені  «Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қайтарған. Аудит барысында 15% бюджетке қайтарылуы тиіс соманы «Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тарапынан бюджет есебіне қайтарлды.

     Келесі мемлекеттік мекемелерде бұзушылықтар анықталмады:

1. «Алматы облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Соның ішінде үстеме аудиттер жүргізілгені:

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шелек политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  «Талдықорған сервис және технология колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Сарқан гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақсу политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

III. Жиынтық бөлік

Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында жалпы анықталған 2977,1 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың сомасынан 2977,1 мың теңге жергілікті бюджет есебіне аударылды, соның ішінде:

- «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 1303,1 мың теңге бюджет есебіне аударылды;

- «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қаракемер кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 1674,0 мың теңге бюджет есебіне аударылды;

«Алматы облыстық білім басқармасы» тарапынан «Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысына сөгіс, «Қаракемер кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысына қатаң сөгіс берілді.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң «Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында  «Қаракемер кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша  1 материал жіберілді.

«Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында  «Талғар политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша 1 материал жіберілді.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығы бойынша сәйкестік аудитімен «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша  12 006 403,0 мың теңге қаражат қамтылып, 3 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында жалпы сомасы 2977,1 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының, ҚР қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурызындағы № 241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қағидасының талаптарының бұзушылықтарына жол берілгені анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 2977,1 мың теңге.

 Жалпы  анықталған  2977,1  мың теңге қаржылық бұзушылықтардың 2977,1 мың теңгесі бюджетке өтелуге жатады, мемлекеттік аудит барысында  2977,1 мың теңге бюджет есебіне аударылды. 

Осылармен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны – 5 бірлікті құрады.

Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатты игеруге қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол толық жеткізілмеген және жекелеген мемемелер бойынша барынша пайдалы нәтиже алу көрсеткіштері толық орындалмаған. Анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтары қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамалардың талаптары бұзылғаннан орын алған.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

  Негізгі (талдамалық) бөлікте аталған мәліметтерді назарға ала отырып:

  1. Мемлекеттік аудит іс-шараның қорытындысы Тексеру  комиссиясының отырысында қаралсын.

2. Қаржылық бұзушылықтар анықталған мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорндар бойынша материалдар Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облыстық экономикалық тергеу департементіне жіберілсін.

Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (4 парақ).

 

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                        Қ.Манамұратов

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ