Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Кербұлақ ауданын қорытынды

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 11.09.2019
Просмотры: 575 Печать страницы

«Алматы облысы бойынша тексерк комиссиясы» мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану және мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығы және дұрыстығына Алматы облысы Кербұлақ ауданында жүргізілген аудиторлық іс-шара бойынша

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11.09.2019

 

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы М. Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

1.Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы:

Жергілікті бюджет қаражатын, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдалануы.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде  бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға және мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығы және дұрыстығына аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1.«Кербулақ ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.      

2.«Кербұлақ  ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

3.«Кербұлақ ауданы әкімдігінің» «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі.

4.«Кербұлақ ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

5.«Кербұлақ ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

6.«Кербұлақ ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

7. «Кербұлақ ауданының ветеринария бөлімі»мемлекеттік мекемесі.

8. «Кербұлақ  ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кербұлақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

9. «Кербұлақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. «Кербұлақ ауданының  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. «Кербұлақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

12. «Кербұлақ ауданының қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі.

13. «Кербұлақ ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі.

14. «Кербұлақ  ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдрламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

15. «Кербұлақ  ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кербұлақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

16. «Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

17.«Кербұлақ  ауданы Алтынемел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

18. «Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі.

19. «Кербұлақ  ауданы Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

20. «Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі.

21. «Кербұлақ  ауданы Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

22. «Кербұлақ  ауданы Шанханай  ауылдық округі әкімінің аппараты»   мемлекеттік мекемесі.

23. «Кербұлақ  ауданы Сарыбастау  ауылдық округі әкімінің аппараты»   мемлекеттік мекемесі.

24. «Кербұлақ ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік  мекемесі.

25. «Кербұлақ ауданы Қаспан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

26. «Кербұлақ  ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі.

27. «Кербұлақ ауданы Шұбар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

28. «Кербұлақ ауданы Жайнақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

29. «Кербұлақ ауданы Жоламан ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі.

30. «Кербұлақ ауданының Басши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып):

Топ жетекшісі, талдау, жоспарлау және сапаны бақылау бөлімінің басшысы - мемлекеттік аудитор Есенаманов Қуаныш Бекмұратұлы (№0194), бөлім басшысы-мемлекеттік аудитор Базарбаев Дидар Темірғалиұлы (№0301) бас маман - мемлекеттік аудиторлар: Молдашев Қуат Жұмәділұлы (№1274), Сыздыкова Шолпан Нұртілеуқызы  (№0318), Елубаева Салтанат Сламғалиқызы (№0303), Елеуова Ляззат Жеңісқызы (№0892),  Ботабеков Мұрат Санақұлы  (№0302), Желдібаев Сырым Сарқанбайұлы (№1349), Үсенбаев Жарқынбек Орынбасарұлы (№1193), Қожағулова Гүлнар Қалиқызы (№0308), Абеубакиров Өркен Дүйсембекұлы (№0197), Шиғамбаева Сауле Сағындыққызы (№1355), Кеңесжан Бибігүл Кеңесжанқызы  (№0307), Мухашев Саят Алдажарұлы (№0314), Нұрғалық Нұрлан (№0316) және жетекші маман – мемлекеттік аудитор ассистенті Нұрғожаев Марс Батырханұлы.

1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:

2017 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың  желтоқсанын қоса алған кезең.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Алматы облысы Кербұлақ ауданына бөлінген бюджет қаражатының атқарылуына талдау жасау:

Мемлекеттік аудитпен қамтылған 2017-2018 жылдар бойынша Кербұлақ ауданына бюджет есебінен жергілікті деңгейде аудан көлеміндегі барлық Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері арқылы жергілікті деңгейде мемлекет саясатын іске асыруға 2017 жылы жалпы шығыстары 6 043 913,0 мың теңге ал 2018 жылы 8 145 911,0 мың теңге көлемінде бекітіліп 2017 жылмен салыстырғанда 34,8% артқан. Жалпы                                     2017-2018 жылдарға бюджет есебінен ауданның қажетті шығыстарына                     14 189 824,0 мың теңге қарастырылған.

Осы көрсетілген қаражаттың нақты аудитпен қамтылғаны       12 724 644,6 мың теңгені немесе жалпы ауданның шығыстарына қарастырылған қаражаттың 89,7% мемлекеттік аудитпен қамтылды.

Мемлекеттік аудит барысында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бюджет қаражатын пайдаланғанда жүйелі кемшіліктер анықталмады, бұзушылықтардың барлығы Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақтамағандықтан орын алған, олардың басым бөлігі құрылыс, еңбек ақы, сыйақы, мемлекеттік мекемелер бекітілген лимиттер, іс-сапар шығындары және бухгалтерлік есеп жүргізу заңнамалары бойынша.

Мемлекеттік аудитте пайдаланылған көрсеткіш МӘНДІЛІК бойынша жалпы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың көлемінен анықталған бұзушылықтардың көлемі 3,1% құрағанын ескерсек ауданға жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізуге бөлінген қаражатты пайдалану кезінде едәуір бұзушылықтарға жол берілген деген тұжырымға келуге болады.

2.2. «Кербұлақ ауданының мемлекеттік мекемелерінде жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

Осы мемлекеттік аудитпен барлығы 30 мемлекеттік аудит объектісі қамтылып, жалпы сомасы 12 724 644,6 мың теңге жергілікті бюджет қаражаты аудитпен қамтылды. 

Аудиторлық іс-шара жергілікті бюджет есебінен бөлінеген қаражаттың жұмсалуы, осы қаражатты жұмсау кезінде мемлекеттік аудит объектісінің келесі көрсеткіштерге сай қызмет атқаруы, мәнділік – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық және шаруашылық операцияларын жасауы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің талаптарынан ауытқу, сондай-ақ ең жоғары жол берілетін мөлшері мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, қабылданатын шешімдерге ықпал ететін өзге де қателер.

Аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша жалпы сомасы 394 251,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтар және 3 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Анықталған 394 251,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың                  1 913,3 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілуге, 392 338,4 мың теңгесі қалпына келтірілуге жататын сома.

         2.2.1. Жергілікті бюджет есебінен Кербұлақ ауданына бөлінген бюджет қаражаттарының аудит көрсеткіштеріне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнама нормаларының талаптарына сәйкес игерілуі бойынша келесі бұзушылықтар орын алған:

1. «Кербұлақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

         Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы                                17 наурыздағы №179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиhазымен және мемлекеттік органардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының және Алматы облысы әкімінің 2018 жылғы 04 сәуірдегі №36-ө н/қ өкімінің                        2 қосымшасының талаптарына қайшы мекемеге белгіленген лимиттен артық теңгерімінде баланстық құны 9 396,0 мың теңгені құрайтын 2 автокөлік тіркелген.

2. «Кербұлақ ауданы әкімдігінің» «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.08.2001 жылғы                          №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының                      1 тармақшасының талаптары сақталмай 92,4 мың теңге мөлшерінде сыйақы есептелініп төленген.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 22.09.2000 жылғы                              №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» қаулысының 9 тармақ                             2 тармақшаның талаптары сақталмай жалпы сомасы 12,5 мың теңге іс-сапар шығындары артық есептеліп төленген.

3. «Кербұлақ ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы                    №1210 «Жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тарау 8 тармағының 1 қосымшасының талаптары сақталмай 2017 жылдың тамызынан 2018 жылдың желтоқсан айы аралығында жалпы сомасы 149,1 мың теңгенің 948 литр жанар-жағармай нормадан артық шығысталған.

4. «Қербұлақ ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

Алматы облысы Әкімінің 2018 жылғы 04-сәуірдегі «Алматы облысының мемлекеттік органдарындағы қызметтік автомобильдерінің тиесілік нормативі және техникалық қызметкерлер санының лимиті туралы»                  № 36-ө н/қ өкімінің қосымшасының талаптарына қайшы мекемеге белгіленген лимиттен артық теңгерімінде баланстық құны 2195,0 мың теңгені құрайтын    1 автокөлік тіркелген.

5. «Кербұлақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы                  «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» №1193 қаулысының, «Білім беру саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар» 4 қосымшасының 3 реттік нөмірі бойынша жазбаша жұмыстарды тексергені үшін 5-11 (12) сынып мұғалімдеріне қазақ және орыс сыныптарында қазақ және орыс тілдері бойынша базалық лауазымдық ақыдан 20% қосымша ақы төленуі тиіс болса, 2017-2018 оқу жылы мен 2018 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Кербұлақ ауданының мектептерінің қазақ және орыс тілдері  пәні мұғалімдеріне базалық лауазымдық ақыдан 25% қосымша ақымен есептеліп, осылайша барлығы 675,4 мың теңге бюджет қаржысы артық есептеліп төленген, осының ішінде 2017-2018 оқу жылы 326,8 мың теңге, 2018 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында 348,6 мың теңге.

2018 жылдың қаңтар айында «ЖЕТЫСУ ЭНЕРГОТРЙД» ЖШС-іне электр энергиясы үшін 2293,0 мың теңге аударылып берілген. Бұл сома 15.01.2018 ж. №4645697/18-1 төлем шотына тіркелген 31.12.2017 ж. №160005014 есеп шот-фактурасына сәйкес төленген, алайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»    Ережесінің   талаптарының   116, 118-тармақтары  сақталмай, 01.01. 2018 жылдық есебінде 2293,0 мың теңге электр энергиясын пайдалану бойынша кредиторлық қарыз ретінде көрсетілмеген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» 9 бөлімінің  272 тармағы № талаптарына қайшы Шұбар ауылындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстар аяқталған және пайдалануға берілген қабылдау актісі негізінде оған кеткен шығындар толық сомада, яғни құрылыс мақсатында жұмсалған сметалық құны 378 326,4 мың теңге шығындары уақытында есепке алынбаған.

6. «Кербұлақ ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша.

2017 жылғы 16 ақпандағы № 02 бұйрық негізінде бас маман М.Жекебаева 2017 жылғы 16 қаңтардан - 14 ақпан аралығында демалыста болған. Алайда, ақпан айында 10 жұмыс күнінің орнына 11 жұмыс күні деп 39,7 мың теңге сомасының орнына 48,1 мың теңге сомасында жалақы есептеліп, артық 8,3 мың теңге төленген.

2017 жылдың қараша айында бас маман М.Жекебаеваға толық ай үшін жалақы төленген, ал жауап парағының бойынша 2017 жылдың 20 қарашадан декреттік демалыста, яғни 9 күн артық саналып 35,8 мың теңге артық есептеліп төленген.

7. «Кербұлақ ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша.

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының 60 бабының 1 тармағының талабы сақталмай, мердігер мекемемен жобалау-сметалық құжаттамамен қарастырылған қайтарылуға жататын сомасы 451,6 мың теңге бюджет есебіне қайтарылмағаны анықталды.

8. «Кербұлақ  ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кербұлақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2018 жылдың 3 мамырдағы №180034 келісім-шартың 8.3 тармағының талаптарына қайшы тапсырыс беруші өнім берушіден өз міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы соммасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстамаған (өндіріп алмаған).

Мекеме «Диана-Л» компаниясы ЖШС-мен «Қызылжар ауылындағы спорт кешенің күрделі жөндеуін жұмыстары» нысаны бойынша жобалау іздестіру жұмыстарына 2018 жылдың 3 мамырында сомасы 3136,0 мың теңгеге №180034 келісім шарты жасалған. Келісім шарттың орындалу мерзімі 2018 жылдың 10 маусым болып айқындалған. Мердігер жұмысты 2018 жылдың 27 маусымында электрондық шот фактурасына сәйкес орындап берген, яғни қажетті мерзімнен 17 күнге кешіктіріп орындаған.

Келісім-шарт бойынша жалпы тұрақсыздық айыппұлдың көлемі 53,3 мың теңгені (3136,0 мың теңге*0,1%*17 күн) құрады.

9. «Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

№1284 Жарлықты бұза отырып, бас маман А.Джаркинованың 2017 жылдың 1 қаңтарына 1 жыл 9 ай болған, алайда қызмет өтілін санайтын комиссия мемлекеттік қызметшінің еңбек өтілі 3 жыл деп саналып нәтижесінде 2017 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде Е-G-3 санаты бойынша 23,5 мың теңге еңбекақы артық есептеліп төленген.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 4-тармағының 2 тармақшасының талаптары сақталмай мекеменің қызметкеріне 176,0 мың теңге сыйақы төленген.

10. «Кербұлақ ауданының Алтынемел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында іс-сапар ережесін бекіту туралы» 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 қаулысының 2 және 5 тармақтарының талапраты сақталмай 18,1 мың теңге іс-сапар шығындары артық есептеліп төленген.

11. «Кербұлақ ауданының Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 тармағы және мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартың 7.3 тармағының талаптарына қайшы тапсырыс беруші өнім берушіден өз міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстамаған (өндіріп алмаған).

«Өнім беруші»  жұмысты 28.06.2018 жылғы №1 шот-фактура негізінде 69,0 мың теңгенің, 04.12.2018 жылғы №2 шот-фактура негізінде 25,0 мың теңгенің сәйкес орындап берген, яғни 25,0 мың теңгенің жұмысын қажетті мерзімнен 156 күнге кешіктіріп орындаған.

Келісім-шарт бойынша жалпы тұрақсыздық айыппұлдың көлемі 3,9 мың теңгені (25,0 мың теңге*0,1%*156 күн) құрады.

12. «Кербұлақ ауданының Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабының 24-тармағы Тапсырыс беруші және Орындаушы жұмыстарды 25.04.2017 жылғы №21 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған, жалпы сомасы 240000 теңгені құрайды. Шарттың 1 қосымшасының талабына сәйкес жұмыстардың орындалу мерзімі 1 ай белгіленген. Орындаушы тарапынан №170034/00/2«Көрсетілген қызмет актісі» 25.03.2017 жылы ұсынылған, келісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін 90 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны анықталды. Бұл ретте негізгі келісім шарттың 8,3 тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасы 21,6 мың теңгені (240тг*0,1%*90 күн=21600) құрады.

13. «Кербұлақ ауданының Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

«ИгілікСтройПроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізгі Шартың  4.1 –тармағының 1)-тармақшасының талабын және мемлекттік сатып алу занының 43-бабының 23 – тармағын сақтамаған. Шартың 2.2-тармағының 2) – тармақшасында көрсетілген сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (1-қосымшасына) сәйкес қабылдаған міндеттерін тиісінше орындамай  9 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындаған. Негізгі келісім шарттың 8.3-тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне толық орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан  0,1% тұрақсыздық айыпұл төлеуге міндетті. Сонымен есептелген тұрақсыздық айыппұл (1568000* 0,1%*9күн) 14,1 мың теңгені құрады.

14. «Кербұлақ ауданының Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының талаптары сақталмай 40,1 мың  теңге  сыйақы төленген.

15. «Кербұлақ ауданының Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» 2-бөлімі, 9-тарауы, 244-тармағының талаптары, және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының  бұйрығының» 16 тармағының талаптары басшылыққа алынбай 2017 жылдың 20 шілдесінде алынған Қазақсатан Республикасының құны 12,1 мың теңгені құрайтын 2 дана туы және Қазақсатан Республикасының құны 116,0 мың теңгені құрайтын 2 дана елтаңбасы бухгалтерлік есепке  негізгі құралдар ретінде қойылмаған.

16. «Кербұлақ ауданының Шұбар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

Мекеменің жүргізушісіне 2017 жылғы жұмыс уақытын есепке алу табелінде жұмыста деген сағат қойылған, демалыс беруге тиісті өкімдер рәсімделмей Қазақстан республикасының еңбек заңнамаларының талаптары сақталмай 32,7 мың теңгені еңбек демалысы ақысы төленген.

17. «Кербұлақ ауданының Жайнақ батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында іс-сапар ережесін бекіту туралы» 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 қаулысының 12  және 9 тармақтарының талаптары сақталмаймекеме қызметкерлеріне 12,0 мың теңге іс-сапар шығындары төленген.

Келесі мемлекеттік мекемелерде бұзушылықтар анықталмады:

1. «Кербұлақ ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2. «Қербұлақ ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

3. «Қербұлақ аудынының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4. «Кербұлақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

5. «Кербұлақ ауданының қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;

6. «Кербұлақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдрламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7. «Кербұлақ ауданының Қарашоқы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

8. «Кербұлақ ауданының Шанханай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

9. «Кербұлақ ауданының Сарыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

10. «Кербұлақ ауданының Қаспан ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

11. «Кербұлақ ауданының Жоламан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

12. «Кербұлақ ауданының Басши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

13. «Кербұлақ  ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кербұлақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

III. Жиынтық бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

3.1.1. Анықталған қаржылық бұзушылықтарды бюджет есебіне өндіру бойынша:

Мемлекеттік аудит барысында жалпы анықталған 394 251,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың сомасынан: 1 237,9 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді, соның ішінде:

- «Кербұлақ ауданы әкімдігінің» «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыйақы мен артық есептеліп төленген іс-сапар шығындары 104,7 мың теңге;

- «Кербұлақ ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде нормадан артық шығысталған жанар-жағармайдың құны 149,1 мың теңге;

- «Кербұлақ ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде артық есептеліп төленген еңбек ақы 44,1 мың теңге;

- «Кербұлақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде есептелген тұрақсыздық айыбы 53,3 мың теңге;

- «Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінде артық есептеліп төленген еңбек ақы мен сыйақы 199,5 мың теңге;

- «Кербұлақ ауданының Алтынемел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде артық есептеліп төленген іс-сапар шығындары 18,1 мың теңге;

- «Кербұлақ ауданының Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде есетелген тұрақсыздық айыбы 21,6 мың теңге;

- «Кербұлақ ауданының Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде есетелген тұрақсыздық айыбы 14,1 мың теңге;

- «Кербұлақ ауданының Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде берілген сыйақы 40,1 мың теңге;

- «Кербұлақ ауданының Шұбар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде артық есептелген еңбек демалысы ақысы 32,7 мың теңге;

- «Кербұлақ ауданының Жайнақ батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде артық есептеліп төленген іс-сапар шығындары 12,0 мың теңге;

- «Кербұлақ ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қайтарымды сома 451,6 мың теңге;

- «Кербұлақ ауданының Талдыбұлақ батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде есетелген тұрақсыздық айыбы 3,9 мың теңге;

- «Кербұлақ ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде                            лимиттен артық теңгерімінде баланстық құны 9 396,0 мың теңгені құрайтын 2 автокөлік бойынша тиісті құжаттары рәсімделіп мекеменің теңгерімдерінен шығарылды;

- «Кербұлақ ауданының Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 128,0 мың теңге теңгерімге алынбаған негізгі құралдар бойынша қалпына келтірулер жасалды.

3.1.2. Бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалар келесі бұйрықтар мен өкімдердің негізінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған:

«Кербұлақ ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 02 тамыздағы №11 бұйрығының негізінде;

«Кербұлақ ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 29 шілдедегі №36 бұйрығының негізінде;

«Кербұлақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының МУА 2019 жылғы 18 тамыздағы №21 бұйрығының негізінде;

«Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша округ әкімінің 2019 жылғы 08 тамыздағы №13 өкімінің негізінде;

«Кербұлақ ауданының Алтынемел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша округ әкімінің 2019 жылғы 08 тамыздағы №8 өкімінің негізінде;

«Кербұлақ ауданының Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша округ әкімінің 2019 жылғы 07 тамыздағы №09 өкімінің негізінде;

«Кербұлақ ауданының Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша округ әкімінің 2019 жылғы 09 тамыздағы №12 өкімінің негізінде;

«Кербұлақ ауданының Шұбар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша округ әкімінің 2019 жылғы 12 тамыздағы №13 өкімінің негізінде;

«Кербұлақ ауданының Жайнақ батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша округ әкімінің 2019 жылғы 07 тамыздағы №12 өкімінің негізінде.

3.1.3. Уәкілетті органға әкімшілік шара қолдануға материалдарды жолдау:

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң «Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында   «Кербұлақ аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2 материал және «Кербұлақ  ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша 1 материал жіберіліп, тиісті әкімшілік шаралар қолданылған.

3.1.4. Бұзушылықтарға жол берген (аудитпен қамтылған кезеңде қызмет еткен) лауазымды тұлғалар жұмыстан босатылуына байланысты тәртіптік жауапкершілікке тарту мүмкіндігі келесі мемлекеттік аудит объектілері бойынша мүмкін болмады:

«Кербұлақ ауданы әкімдігінің» «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жауапты лауазымды тұлғасын;

«Кербұлақ ауданының Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жауапты лауазымды тұлғасын;

«Кербұлақ ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жауапты лауазымды тұлғасын;

 «Кербұлақ ауданының Талдыбұлақ батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жауапты лауазымды тұлғасын.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар: Жергілікті бюджет қаражатын пайдалану кезінде жергілікті атқарушы органдардың тарапынан тиісті ұйымдастырулардың болмау себебінен жалпы сомасы 394 251,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтар және 3 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Жалпы алғанда ауданның әр саладағы мемлекеттің саясатын жүзеге асыруға берілген қаражаттардың басым бөліктері тиімді өз мақсаттарына жұмсалғанына қарамастан, жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижесінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнама талаптарының сақталмай осы арқылы бюджет қаражатының негізсіз шығындалуы орын алғандығына көз жеткізілді.

Атап айтқанда аудандағы бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» №242 Заңының талаптарын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" №1127 қаулысының талаптарын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйегіндегі №1428 «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегендегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» қаулысының талаптарын.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының талаптарын.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»    Ережесінің талаптарын толық сақтамағандықтан орын алған.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

1. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану бойынша Кербұлақ ауданына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесін қарау.

2. Кербұлақ ауданының Әкімі келесіге назар аударсын:

- жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын пайдаланғанда Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақталуына және осы аудиторлық іс-шара барысында анықталған бұзушылықтарды келешекте болдырмауына.

3. Кербұлақ ауданының Әкімі келесі шараларды қабылдасын:

- 2019 жылдың 16 қазанына дейін бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілікке тартылуын қадағаласын.

- бюджет есебіне өндірілуге жататын 675,4 мың теңгенің өндірілуін және 382 814,4 мың теңгенің қалпына келтірілуін қадағаласын.

4. «Кербұлақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы 2019 жылдың 16 қазанына дейін:

- бюджет есебіне өндірілуге жататын 675,4 мың теңгенің өндірілуін және 380 619,4 мың теңгенің қалпына келтірілуін қамтамасыз етсін.

- бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарасын.

5. «Кербұлақ ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы 2019 жылдың 16 қазанына дейін:

- мекеменің теңгеріміндегі лимиттен артық баланстық құны 2195,0 мың теңгені құрайтын автокөліктің теңгерімнен Заң талаптарына сәйкес шығарылуын қамтамасыз етсін.

- бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарасын.

Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі 26 бетте.

 

 

Комиссия мүшесі                                                           Б.Мұхамеджанов

 

 

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ