Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Қапшағай қаласы қорытынды

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 13.03.2019
Просмотры: 415 Печать страницы

 

Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға және мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына  Алматы облысы Қапшағай қаласында жүргізілген аудиторлық іс-шара бойынша

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

«Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14.03.2019

 

 

 

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының Төрағасы

М.Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

I. Кіріспе бөлік

      1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға және мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына аудит жүргізу

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Қапшағай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2. «Қапшағай қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;

3. «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5. «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6. «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7. «Қапшағай каласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

8. «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

9. «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

10. «Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

11. «Қапшағай каласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

12. «Қапшағай қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

13. «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

14. «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қапшағай қаласының қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

15. «Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қапшағай қаласындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

16. «Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі;

17. «Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

18. «Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі.

 

1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып):

Топ жетекшісі бөлім басшысы - мемлекеттік аудитор Базарбаев ДидарТемірғалиұлы (№0301), бас маман - мемлекеттік аудиторлар: Желдібаев Сырым Сарқанбайұлы (№1349), бас маман - мемлекеттік аудиторлар: Ботабеков Мұрат Санақұлы (№0302), Елубаева Салтанат Сламғалиқызы (№0303), Абеубакиров Өркен Дүйсембекұлы (№0197), Қожағұлова Гүлнар Қалиқызы (№0308), Кеңесжан Бибігүл Кеңесжанқызы (№0307), Мухашев Саят Алдажарұлы (№0314), Нұрғалық Нұрлан (№0316), Нұрханов Жұмахан Муханұлы (№1351), Сыздықова Шолпан Нұртілеуқызы (№0318), Нұраленова Майра Сәлімжанқызы (№0315), жетекші маман - мемлекеттік аудитор ассистенті Рысхан Батыр Мұхитұлы.

1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың  желтоқсанын қоса алғандағы кезең.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Алматы облысы Қапшағай қаласына бөлінген бюджет қаражатының атқарылуына талдау жасау:

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде  Қапшағай қаласына бюджет есебінен жергілікті деңгейде қала көлеміндегі барлық қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері арқылы жергілікті деңгейде мемлекет саясатын іске асыруға  жалпы соммасы 17 645 045,3 мың теңге. Осы көрсетілген қаражаттың ішінде тексерілетін жылдар бөлінісінде: 2017 жылы – 8 518 371,4 мың теңге, 2018 жылы – 9 126 673,9 мың теңге мемлекеттік аудитпен қамтылды.

Мемлекеттік аудит барысында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бюджет қаражатын пайдаланғанда, бұзушылықтардың барлығы Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақтамағандықтан орын алған, олардың басым бөлігі құрылыс, коммуналдық меншікті жалға беру, еңбек ақы, сыйақы, жас мамандарды көтермелеу, мемлекеттік мекемелер бекітілген лимиттер және іс-сапар шығындары бойынша қабылданған заңнамалар бойынша.

Мемлекеттік аудитте пайдаланылған көрсеткіш мәнділік  және нәтижелілік бойынша жалпы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың көлемінен анықталған бұзушылықтардың көлемі 7,4 % құрағанын ескерсек қалаға жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізуге бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланған деген тұжырымға келуге болады.

 

2.2. Алматы облысы Қапшағай қаласында жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

Осы мемлекеттік аудитпен барлығы 18 мемлекеттік аудит объектісі қамтылып, жалпы сомасы 17 645 045,3  мың теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылды. 

Аудиторлық іс-шара республикалық және жергілікті бюджет есебінен бөлінеген қаражаттың жұмсалуы, осы қаражатты жұмсау кезінде мемлекеттік аудит объектісінің келесі көрсеткіштерге сай қызмет атқаруы, мәнділік және нәтижелілік мемлекеттік аудит объектісі қаржылық және шаруашылық операцияларын жасауы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің талаптарынан ауытқу, сондай-ақ ең жоғары жол берілетін мөлшері мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, қабылданатын шешімдерге ықпал ететін өзге де қателер.

Қапшағай қаласының мемлекеттік мекемелерінде аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 17 645 045,3 мың теңге мың теңге қаражат қамтылып, 1 310 038,0 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды, оның ішінде бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған бұзушылықтар – 812,7 мың теңге, қаржылық бұзушылықтар – 1 203 393,9 мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 74 680,9 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы              31 150,5 мың теңге.

Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны – 12 бірлік, жүйелі олқылықтар мен кемшіліктер – 2 бірлікті құрады.

         2.2.1. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен Қапшағай қаласына бөлінген бюджет қаражаттарының аудит көрсеткіштеріне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнама нормаларының талаптарына сәйкес игерілуі:

         1. «Қапшағай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 29-бап 1- тармағының және 67-бап 1-тармағының талаптарына қайшы мекеме 2017 жылдың  шығыстарын жоспарлау кезінде функционалдық және ведомстволық белгілер бойынша бюджеттік қаражаттың жұмсалу бағыттары дұрыс айқындалмай, 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасымен 414 «Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу» ерекшелігінен жалпы құны 58000,0 мың теңге болатын сцена тиімсіз жоспарланған. 2017 жылғы 3 наурыздағы №17-68 қала мәслихатының шешімі негізінде 47659,0 мың теңге мекеменің қаржыландыру жоспарынан азайтылды. Бюджет Кодексінің 67-бап 1-тармағында бюджеттiк өтiнiмдi жасаудың негiзгi мақсаты бюджеттiк бағдарламаларды орындауға қажеттi ресурстары мен нәтижелерi туралы сандық және қаржылық ақпарат негiзiнде жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеген кезде шығыстар көлемiн негiздеу болып табылатыны көрсетілген.

           Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" №1127 қаулысының 4 тармағының 3 тармақшасының талаптары сақталмай 38,0 мың теңге сыйақы негізсіз төленген.

           Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің ары қарай  (Салық кодексі) 158-бап 1 тармағының және 168-бабының талаптары сақталмай, мекеме 2017 жылы бірнеше жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстарынан 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы ұсталынбаған, атап айтқанда:

  1. Жеке тұлға П.Мясоедов 14.04.2017 жылғы еңбек шарты (видео түсіру қызметі)- 18,0 мың теңге;
  2. Жеке тұлға Е.Омарбеков 17.07.2017 жылғы №1 орындалған жұмыстар (қызметтер) актісі (әртүрлі жөндеу жұмыстары)- 30,5 мың теңге;
  3. Жеке тұлға Е.Омарбеков 15.08.2017 жылғы №2 орындалған жұмыстар (қызметтер) актісі (әртүрлі жөндеу жұмыстары)- 21,5 мың теңге.

Осы көрсетілген қызметтер бойынша жеке тұлғалардан ұсталуға жататын жеке табыс салығының жалпы сомасы 7,0 мың теңге ұсталынып,  жергілікті бюджет кірісіне өндірілуге жатады.

Салық кодексінің 15-бап,2-тармақ 1,2-тармақшаларының және 160-бап 1-тармақ, 1-тармақшасының және 25 желтоқсан 2017 жылғы №120-VI Салық кодексінің 319-бап, 1-тармақ, 1-тармақшасының талаптарының сақталмауынан, яғни қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын анықтау кезiнде мекеменің мемлекеттік және азаматтық қызметкерлеріне көрсетілген материалдық көмекті  жеке тұлғаның табысы ретінде есептелмеуі себепті, мекеме қызметкерлерінен 2017 жылы көрсетілген материалдық көмектен төлем көзiнен ұсталынатын табыс салығының толық ұсталынбаған сомасы  42,8 мың теңгені, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары 34,6 мың теңгені, 2018 жылы көрсетілген материалдық көмектен төлем көзiнен ұсталынатын табыс салығының толық ұсталынбаған сомасы  91,0 мың теңгені, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары 101,2 мың теңгені құрады.

      - Алматы облысы әкімінің 2015 жылғы 02 наурыздағы "Алматы облысының мемлекеттік органдарындағы қызметтік автомобильдердің тиесілік нормативі және техникалық қызметкерлер санының лимиті туралы" өкімінің талаптары сақталмай қалдық құны 10 210,0 мың теңгеге 1  автокөлік лимиттен артық тіркелген.

2. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015жылғы 28 сәуірдегі №68 бұйрығы 26 қосымшасының 2 тармғының 6 тармақшасы сақталмай  2018 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін 402 әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек  мәліметі тағайындалған азаматтар туралы хабарлама берілмей  4834,1 мың тенге аударылған. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өз құзыреті шегінде мемлекеттік аудит объектілерінің міндетті түрде орындауы үшін берген талаптары орындалмаған.

3. «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы және ҚР 15.05.2007 жылғы №251 «Еңбек кодексі» 1 бабыны, 2 талабы басшылыққа алынбай 131 ерекшіліктен бір техникалық персоналға еңбек демалысына бір айлық өтемақы төлемдері 62,5 мың теңге  негізсіз төленген.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған мерзім аралығында мемлекеттік мекемеде іс-сапар шығындарын өтеулер Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 қаулысы және оған кейінгі енгізілген толықтырулар мен өзгертулер талаптары басшылыққа алмаған.

«Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» Ереженің 1, 2 қосымшалары талабына қайшы іс-сапарға және іс-сапардан оралған қызметкерлерді есепке алу журналы жүргізілмеген.

Жанар-жағар май шығындары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.08.2009 жылғы №1210 «Жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тарау 8 тармағының 1 қосымшасы негізінде басшылыққа алынбаған. 2017 наурыз айынан бастап 2018 жылдары аралығында артық шығысталған 1288 литр бензиннің құны – 194,1 мың теңге.

4.  «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағы 1 тармақшасының  талаптары бұзылып  158,2 мың теңге сыйақы негізсіз берілген.

  5. «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қапшағай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы №431 -қаулысымен бекітілген "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 25-тармағын басшылыққа алмаған, яғни  Білім бөлімі тарапынан мемлекеттік мекеме туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар уақытылы енгізілмеуі себебінен, ведомствоға бағынысты мекемелердің тізіміне «Ақөзек ауылының №10 орта мектебі» КММ және «ЛА/155-12» кешкі мектебі қосылмаған. Алайда, 2018 жылы екі мекемеге            37 754,1 мың теңге сомасында қосымша қаражат бөлінген.

Қапшағай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы №431 қаулысымен бекітілген, «Қапшағай қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесінің 25 тармағына сәйкес бөлімнің қарамағында 6 балабақша бар. 2018 жылдың қаңтар айында ашылған "Нұрбөбек "балабақшасы" МКҚК (бұрынғы «Аленушка» балабақшасы) ведомстволық бағынысты мекемелердің тізіміне енгізілмеген. Білім бөліміне 2018 жылы «Нұрбөбек балабақшасы» МКҚК (бұрынғы «Аленушка» балабақшасы) ұстауға, бюджеттік өтінімдер мен маслихат шешімдерінің негізінде қосымша  35920,0 мың теңге сомасында қосымша қаражат бөлінген.

Қапшағай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы №431 қаулысымен бекітілген, «Қапшағай қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесінде көрсетілген бөлімнің ведомоствалық бағынысты мекемелерінің тізбесінде «Нұрбөбек балабақшасы» МКҚК (бұрынғы «Аленушка» балабақшасы) және «Ақөзек а. №10 Орта мектебі» КММ көрсетілмеген. Алайда, аудиттелетін кезеңде негізгі құралдарды сатып алуға "Нұрбөбек "балабақшасы" МКҚК жалпы сомасы 18099,0 мың теңге, оның ішінде 2017 жылы -16099,3 мың теңге және 2018 жылы – 2000,0 мың теңге бөлінген, «Ақөзек ауылындағы № 10 ОМ» негізгі құралдарды сатып алуға жалпы сомасы 6952,1 мың теңге, оның ішінде 2017 жылы - 47,8 мың теңге және 2018 жылы – 6904,3 мың теңге бөлінген.

Қапшағай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы №431 қаулысымен бекітілген, «Қапшағай қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесінде көрсетілген бөлімнің ведомоствалық бағынысты мекемелерінің тізбесінде «Нұрбөбек балабақшасы» МКҚК (бұрынғы «Аленушка» балабақшасы) және «Ақөзек а. №10 Орта мектебі» КММ көрсетілмеген. Алайда, аудиттелетін кезеңде негізгі құралдарды сатып алуға «Ақөзек ауылының №10 ОМ» КММ жалпы сомасы 590,0 мың теңге, оның ішінде 2017 жылы – 47,7 мың теңге және 2018 жылы-542,6 мың теңге бөлінген.

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығымен бекітілген шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бұза отырып, 2018 жылдың сәуір айында Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №1 ОМ-нің мұғалімі В.Б.Кимге "Ғылым әлемін ашамыз" оқушылардың ғылыми жарыстары үшін 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігінің орнына, 161 «Ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар» ерекшелігі бойынша 103,8 мың теңге сомасында ұйымдастыру жарналары негізсіз төленген.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі «Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» туралы №375 бұйрығының                10-тармағына сәйкес мектепке педагогикалық жұмысқа мамандығы бойынша біліктiлiк сипаттамасының талаптарына сәйкес келетiн және білімi туралы мемлекеттік үлгiдегi құжаттармен расталған қажеттi кәсiптiк-педагогикалық біліктiлiгi бар тұлғалар қабылданады.

2017-2018 оқу жылында мектепке дейінгі шағын орталығы бар №3 ОМ мұғалімі С.Е.Жолдасбековаға физика пәнінен 7 сағат және математика пәнінен 6 сағат тарификацияланған және 2018-2019 оқу жылында физика пәнінен 11 сағат және математика пәнінен 15 сағат тарификацияланған, ал оның дипломы тек «физика» мамандығы бойынша, «математика» мамандығы бойынша білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат жоқ, тек «математика» мамандығы бойынша бірінші курста оқитыны туралы анықтама ғана бар.

2018-2019 оқу жылында мектепке дейінгі шағын орталығы бар №8 ОМ мұғалімі А.С.Сейтқазинға география пәнінен 2 сағат және дене шынықтыру пәнінен 10 сағат тарификацияланған, ал оның тек «экология» мамандығы бойынша дипломы бар, «география» мамандығы бойынша білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат жоқ, тек «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің бірінші курсында оқитыны туралы анықтама ғана бар.

2013 жылдың қазан айынан бастап Ю.С.Сюра мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 5 ОМ тәрбиеші болып жұмысқа қабылданды, сондай-ақ 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларының аралығында 0,5 ставка психолог ретінде қосымша ақы төленген.  

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 68 бабы, 1 тармағына сәйкес, Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс және 68 бабының 3 тармағына сәйкес негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Еңбек Кодексінің 71-бабының 4-тармағында белгіленген күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиіс.

Осылайша, 2017 жылдың қаңтар – тамыз аралығындағы кезең үшін психологтың негізсіз есептелген және төленген жалақы сомасы 492,2 мың теңгені құрады.

Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 Бұйрығының 2 тармағы бұза отырып, мамандығы бойынша жұмыс өтілі дұрыс есептелмеген және тиісінше лауазымдық жалақысын анықтау үшін коэффициент дұрыс қолданылмаған. Негізсіз есептелген және төленген жалақы сомасы 179,2 мың теңге.

2017 жылы Ю. С. Сюраға барлығы 671,4 мың теңге сомасында негізсіз еңбекақы есептелген және төленген, аудит барысында бюджет кірісіне қайтарылды.

2017 жылғы 21 тамыздағы №130 бұйрығына сәйкес №3 ОМ қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі Д.Қоспаева  2017 жылдың 21 тамызбен 10 қараша аралғыныда Талдықорған қаласына оқуға жіберілген. Алайда, тамыз айында оған толығымен табель жүргізілген. Негізсіз есептелген және төленген жалақы сомасы 37,7 мың теңгені құрайды, аудит барысында бюджет кірісіне өтелді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысының №4 қосымшасы, 2 тармағы, 3 тармақшасын бұза отырып, дәптерді және жазбаша жұмыстарды тексеру үшін қосымша ақыны, ағылшын тілінің 4 мұғаліміне  тиісті 20% орнына 25 % көлемінде жүзеге асырған. Нәтижесінде, Заречный ауылының №12 ОМ мұғалімдеріне 33,6 мың теңге еңбекақы артық есептелген және төленген. Аудит барысында толығымен бюджет кірісіне қайтарылды.

Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысуды жасау кезінде Ереженің 2,5,6,9,12-тармақтарының талабы сақтамаған. Қызметтік іссапарлар туралы Ереженің жоғарыда көрсетілген тармақтарын сақтамау нәтижесінде бөлім қызметкерлеріне іссапар шығыстарына негізсіз 229,7 мың теңге сомасында қаражат аударылған, аудит барысында бюджетке қайтарылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3, 4, 53 тармақтарының, Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №163 «Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру ережесі» туралы қаулысының талаптарын сақтамаған, 2017-2018 жылдары жергілікті бюджет кірісіне 692,7 мың теңге түспеген, аудит барысында толығымен бюджетке қайтарылды.

Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №163 «Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру ережесі» туралы қаулысының нәтижесінде, жалға алушы Бірлескен Құрылыс ЖШС 1200, мың теңге сомасында 2018 жылдың  жылыту шығындарын төлемеген, аудит барысында бюджетке қайтарылды.

  2018 жылдың қаңтар айынан бастап «Ақөзек ауылының №10 орта мектебі» ММ жұмыс істейді. Мектептің жобалық қуаты 120 орындық.  Асхана ғимаратын Таласбаева ЖК жалға алған. Қазіргі уақытта асханада орнатылған өндірістік және шаруашылық жабдықтардың көп бөлігі тоқтап тұр, жалға алушы пайдаланбаған. Негізгі құралдарды тиімсіз пайдалану сомасы 4 128,6 мың теңгені құрайды.

Аудит барысында орындалған жұмыстардың нақтылығына бақылау өлшемі жүргізіліп,  нәтижесінде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабы, 1 тармағының талаптары сақтамай, жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген және орындалған жұмыстар актілері негізінде төленген нақты орындалған жұмыстардың сәйкессіздігі анықталды. Яғни, "Проект Аида" ЖШС тарапынан орындалмаған жұмыстардың жалпы құны 2 149,2 мың теңгені құрады.

   «Аленушка» бала бақшасын күрделі жөндеу нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттаманың жиынтық сметалық есебіне сәйкес қайтарылатын сома 212,2 мың теңгені құрайды. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабының 1-тармағын сақтамауы нәтижесінде жобалау-сметалық құжаттамада көзделген уақытша ғимараттар мен құрылыстардан 212,2 мың теңге сомасында қаражатты қайтаруды қамтамасыз етпеген, аудит барысында бюджет кірісіне қайтарылды.

Бөлім тарапынан бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу ережесінің 172, 174-тармақтары сақтамаған, бухгалтерлік есепті жүргізуден жалтару түрінде бухгалтерлік есепті жүргізуді бұзған.

6. «Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

«Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «СМЭО» ЖШС арасында 2017 жылдың 7 шілдесінде сомасы 6200,0 мың теңгені құрайтын Қапшағай қаласының жол белгілеріне және бағдаршамдарына техникалық қызмет көрсету жұмыстарына №33 келісім шарты жасалған. Аталған келісім шарттың 2.2 тармағының 2 тармақшасына сәйкес (1 қосымша) жұмыстардың аяқталу мерзімі 2017 жылдың шілде, қыркүйек айлары деп белгіленген. Орындаушы келісім шарттың 3.5 тармағының талаптарына сәйкес 3100,0 мың теңгеге жұмыстарды 2017 жылдың 21 шілдесіне дейін орындаған (№39 атқарылған жұмыстар актісі). Сонымен қатар, №64 атқарылған жұмыстар актісіне сәйкес 3100,0 теңгеге жұмыстар тек 2017 жылдың 12 қазанында орындалған, яғни қажетті мерзімнен 11 күнге кешіктіріп орындаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2017 жылдың 10 шілдесіндегі №33 келісім-шартың 8 тармағының 8.3-тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1%  мөлшерінде тұрақсыздық сомасын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алмаған. Келісім шарт бойынша жалпы тұрақсыздық айыппұлдың көлемі 34,1 мың теңгені  құрайды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағы 3 тармақшасының талаптары бұзылған, яғни тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талап-арызбен сотқа шағымданбаған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке  алуды жүргізу  қағидаларының» 272 тармағы № бұзылған, яғни 2018 жылы құрылысы аяқталған және пайдалануға берілген құрылыс объектілерінің қабылдау актілері негізінде оларға кеткен шығындар толық сомада (жол құрылысына және жолдарды күрделі жөндеу мақсатында жұмсалған сметалық құны 498242,3 мың теңге, оның ішінде: Алматы облысының Қапшағай қаласындағы Индустриальный көшесін күрделі жөндеу – 257670,6 мың теңге; Қапшағай қаласы Набережная жағажайындағы автожол құрылысын салу – 240571,7 мың теңге) есепке алынбаған.

  7. «Қапшағай каласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 6 және 32 тармақтарының талаптарын сақтамаған, яғни мемлекеттік мекеменің басшысы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу үшін жағдайлар жасауды, есепке қатысы бар мемлекеттік мекемелердің барлық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді есепке алу үшін рәсімдеу мен ұсынудың тәртібіне қатысты талаптардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етпеген және есептеу қағидатына сәйкес төлем уақытына қарамай, оларды жасау фактісі бойынша операция қорытындыларын тану қамтамасыз етілмеген. Осылайша, 2016 жылы орын алған 5 ауылшаруашылық малдардың қожайындарына 24 мал басы үшін 389,1 мың теңге құнын өтеу сомасы нақты орын алған уақыты 2016 жылы емес, төлем уақыты бойынша 2017 жылы ақпан айында бухгалтерлік есепте танылған. Бухгалтерлік есепте оперцияны уақтылы танымау себебінен Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына 7-қосымша «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының» 3 тармағының талаптары сақталмаған, яғни қаржылық есептілікті жасау кезінде шығыстардың есепті кезеңдерге жатқызылуының дұрыстығы қамтамасыз етілмеген.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 қаңтарына тапсырылған мекеменің қаржылық есептілігінде «Казахтелеком» АҚ алдында нақты орын алған жыл басына 128,2 мың теңге дебиторлық қарыз сомасы, жыл соңына 29,0 мың теңге дебиторлық қарыз сомасы және жыл басына жеке тұлғалардың алдында орын алған 2016 жыл қортындысы бойынша 5 ауылшаруашылық малдардың қожайындарына 24 мал басы үшін 389,1 мың теңге кредиторлық қарыз сомасы көрсетілмеген. 2019 жылдың 1 қаңтарына мекеменің қаржылық есептілігінде «Казахтелеком» АҚ алдында нақты орын алған жыл басына 29,0 мың теңге дебиторлық қарыз сомасы және жыл соңына 135,6 мың теңге дебиторлық қарыз сомасы көрсетілмеген. Осылайша, 2017 және 2018 жылдардың қаржылық есептіліктерін жасау мен ұсыну кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығына 7-қосымша «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының» 31 тармағының талаптары сақталмаған, яғни 211 "Бюджеттен төленетін төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" (3110 шоты) жолы бойынша есептелген, төленуге тиесілі, бірақ есепті кезеңнің соңында қандай да бір себептермен төленбеген халыққа әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік көмек, сондай-ақ аударылмаған трансферттер мен субсидиялар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек сомасы көрсетілмеген және 20 тармағының талаптары сақталмаған: дебиторлармен және кредиторлармен аяқталмаған есеп айырысулар тексерілмеген және расталмаған. 2017 жыл бойынша 546,3 мың теңгеге және 2018 жыл бойынша 164,6 мың теңгеге бұрмаланған қаржылық есептілік жасау мен ұсынуға жол берілген.

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» № 7-1/559 бұйрығына 3 қосымшасының 15 тармағының талаптары сақталмаған: Осы Қағидалардың 14 тармағында көзделген құжаттарды жинауды әкімшілік-аумақтық бірліктегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырмаған және 16 тармағының талаптары сақталмаған: жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу құнын өтеуді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері құжаттар жиналғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырмаған. Осылайша, 2016 жылы орын алған 5 ауылшаруашылық малдардың қожайындарына 24 мал басы үшін 389,1 мың теңге құнын өтеу төлемдері 2017 жылғы 10 ақпандағы №1 төлем тізімдемесіне сәйкес  төлеу мерзімі өткен соң төленген.

8. «Қапшағай қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 22.09.2000 жылғы №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» қаулысының 10-тармағы 2-тармақшасының талаптары бұзылып, 2018 жылы Талдықорған және Алматы қаласына бір күнге іссапарға жіберілген туралы бұйрықтары негізінде 49,2 мың теңге тәулік ақысы негізсіз өтелгені анықталды.  

Қазақстан Республикасының  04.12.2015 жылғы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабы 4-тармағы 3-тармақшасы және 43-бабы, 24-тармағының талаптары сақталмай, тапсырыс берушi қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда орындаушыны мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнбеген және кешіктірген әрбір күн үшін келісім-шарттың 8.3-тармағы бойынша жалпы сомасының 0,1 пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын ұстамаған (тұрақсыздық айыбының жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 10 пайызынан аспау тиіс). Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған орындаушының атына кешіктірген 18 күнге келісім-шарт сомасының 0,1 пайызында 13,1 мың теңге айыппұл есептелінді, аталған қаржы жергілікті бюджетке қатаруға жатады.

Қазақстан Республикасының  16.07.2001 жылғы №242-II «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабы 1-тармағының талаптары сақталмай, 2018 жылдың сәуір-маусым айларында жалпы сомасы 652 517,7 мың теңгеге №2 орындалған жұмыстардың көлемі туралы актілер қабылданған. Алайда, аталған актілерде техникалық қадағалаушының қолы мен мөрі қойылмаған, тек тапсырыс беруші мен мердігердің қолы мен мөрі қойылған.  Аудит барысында 340000,1 мың теңгенің жұмыстары техникалық бақылауды жүргізген «Музтау» ЖШС-мен расталып, қолдары қойылды.  Қалған 122 517,5 мың теңгенің жұмыстарына техникалық қадағалаудың қолдары мен мөрлері болмауына байланысты «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жолданды.

08.02.2019 жылғы берілген хабарландыру негізінде «Қапшағай қаласының аула алаңдарын абаттандыру. 1-ші кезек» жұмыстарын жүргізген мердігер-  «Қапшағай тұрғын үй» ЖШС; авторлық қадағалауды жүргізген «АИС Проект» ЖШС-нің қатысуымен  жүргізілген құрылыс жұмыстарының түрлерін (көлемін) іріктеп анықтау бақылау өлшемі (тексеріп қарау) барысында 2018 жылы төлеуге қабылданған №2 нысаны орындалған жұмыстардың актілері бойынша 4221,3 мың теңгені құрайтын балаларға арналған ойын және спорт кешендері орнатылмағаны анықталды: 

- №1 ықшам ауданындағы №7,8 үйлердің аула алаңына 2794,4 мың теңге тұратын 2 түрлі ойын кешені, 1 спорт кешені және 3 арка-туннельдері орнатылмаған.

- №1 ықшам ауданындағы №28 үйдің аула алаңына 1426,9 мың теңге тұратын 1 ойын кешені, 1 спорт кешені және 2 арка-туннельдері орнатылмаған.

 «Қапшағай тұрғын үй» ЖШС директорының орынбасары К.Турадиловтың түсініктемесі және «Қапшағай тұрғын үй» ЖШС-нің атынан директоры И.Жумагалиев берген кепілдік хаты бойынша жобалау-сметалық құжаттамасында қарастырылған жұмыстардың орнына техникалық кеңестің хаттамасы негізінде басқа жұмыстар жасалған туралы №2 нысаны орындалған жұмыстардың актілерін түзету есебі 2019 жылдың ақпан айында тапсырылып, есепке алынады.

 «Қапшағай тұрғын үй» ЖШС-не өткізіп берілген активтерді іріктеп тексеріп қарау барысында және 23.08.2017 жылғы №170092 келісім-шарты негізінде сатып алынған 11871,8 мың теңге тұратын фальцевальный аппарат жиынтығы және 21.02.2017 жылғы №170010 келісім-шарты негізінде сатып алынған 2541,1 мың теңге тұратын «Төлемдер жүйесі» кешені аппараты, барлығы 14412,9 мың теңгені құрайтын активтер пайдаланылмайтыны анықталды. «Қапшағай тұрғын үй» ЖШС-нің түсініктемелері бойынша жұмыс істейтін мамандар жоқ болуы себебінен фальцевальный аппарат және «Төлемдер жүйесі» кешені аппараты іске қосылмаған. Яғни, жалпы сомасы 14 412,9 мың теңге тиімсіз пайдаланылған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» 272 тармағы және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылғы №281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының  17 тармағының № талаптары сақталмаған, яғни құрылысы аяқталмаған объектілерінің есебіне «Заречный ауылының канализациялық тазалау имараттарын реконструкциялау» жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасын дайындау шығындары  83770,4 мың теңге сомасында мемлекеттік мекемесінің жылдық есебінде көрсетілмеген. Бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректерi толық көрсетілмей, бухгалтерлік есебі әдістерін бұза отырып жүргізілген.

Қазақстан Республикасының  04.12.2015 жылғы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабы 4-тармағы 3-тармақшасы және 43-бабы, 24-тармағының талаптары сақталмай, тапсырыс берушi қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда орындаушыны мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнбеген және кешіктірген әрбір күн үшін 11.12.2017 жылғы №130840011038/170115/00 келісім-шартының 8.3-тармағы бойынша жалпы сомасының 0,1 пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын ұстамаған (тұрақсыздық айыбының жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 10 пайызынан аспау тиіс). Аудит барысында алынған міндеттемелерін келісілген мерзімде орындамаған орындаушының атына кешіктірген 49 күнге келісім-шарт сомасының 0,1 пайызында 20,6 мың теңге айыппұл есептелді, аталған қаржы жергілікті бюджет есебіне аударылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2009 жылғы №2225 «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 05.08.2014 жылғы №879 қаулысының 41-тармағының талаптары сақталмай, техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын қайта жаңарту және қалпына келтіру бюджеттік инвестициялық жобасына жататын «Заречный ауылының канализациялық тазалау имараттарын реконструкциялау» жұмыстарының технико-экономикалық негіздемесі жасалып, «Мемсараптама» РМК-ның Алматы облысы бойынша филиалының 15.03.2016 жылғы №18-0131/16 қорытындысын алып мемлекеттік сараптамадан өту мақсатында 12609,0 мың теңге жұмсалған. Аталған қаржы тиімсіз пайдаланылған.

08.02.2019 жылғы берілген хабарландыру негізінде «Қосқұдық, Тасқұм, Бөктер, Құлан-Төбе ауылдарының су жүйелерін салу және реконструкциялау» жұмыстарын жүргізген мердігер-  «Максдорстройсервис-21» ЖШС-нің субподряд ұйымы- «Фирма СМР» ЖШС-нің қатысуымен  жүргізілген құрылыс жұмыстарының түрлерін (көлемін) іріктеп анықтау бақылау өлшемі (тексеріп қарау) барысында 12.12.2018 жылғы  авторлық қадағалауды жүргізген «Гидротехник Жоба» ЖШС-гі тарапынан орындалған жұмыстарды қадағалау барысында берілген тапсырмасы- «выполнить заделку отверстий в колодцах тяжелым бетоном марки В10» 0,023 м3 бағасы 4,1 мың теңге орындалмағаны анықталды. «Фирма СМР» ЖШС-нің берген кепілдік хаты бойынша 2018 жылдың қараша айының ауа райына байланысты толығымен орындалмаған жұмыстардың орындалуы 2019 жылдың сәуір айына жылжытылған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» 272 тармағының № талаптары сақталмай, қабылдау комиссиясының құрылысы біткен объектіні 30.11.2017 жылғы қабылдау туралы актісімен қабылданған «Арна кентіндегі ұңғымалық тоғанды реконструкциялау» жұмыстары 195 201,1 мың теңге сомасында, оның ішінде жобалық-сметалық қүжаттамасын дайындау және мемлекеттік сараптама қорытындысын алу,  құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу, авторлық және техникалық қадағалаушылардың шығындары пайдаланушы ұйымның- «Қапшағай Су Арнасы» МКК-ның балансына уақытында өткізіп берілмеген. Бас есепші В.Әлеуханованың түсініктемесі бойынша құрылысы аяқталған объектіні уақытында пайдалануға бермеуге әсер еткен себептері- 2017 жылдың аяғы- 2018 жылдың басында «Қапшағай Су құбыры» және «Қамкор» МКК-ны «Қапшағай Су Арнасы» МКК-ны болып қайта құрылуы. Аудит барысында пайдалануға беру тәртібін сақтап, қабылдау туралы актісімен қабылданған «Арна кентіндегі ұңғымалық тоғанды реконструкциялау» қүрделі шығындарын «Қапшағай Су Арнасы» МКК-ның балансына өткізіп беру мақсатында Қапшағай қаласы әкімінің  қаулысының жобасы дайындалды.

9. «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қапшағай қаласының қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

Еңбек ақы есептеу ведомостарында жалақы есептеу барысында негізсіз жоғары еңбек ақы есептеліп жеке карт шотарына аударылғаны анықталды. Атап айтқан: 2017 жылда мекеменің есепші (Т.Керімова) жеке карт шотына жіберілуы – 1005317  теңге тиіс, бірақ нақты жеке карт шотына жіберілгені – 1 430,3 мың теңге болып табылды. Артығымен төленген 430275 теңгенің жалақысын 2017 жылы шегеріліп ұсталынғаны - 250934 теңге, айырмашылығы 179,3 мың теңгені құрады. Аудит барысында аталған қаражат жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 18 қосымшасының, 5 тармағының «Көрсетілген қосымша ақылар мемлекеттік мекемелердің, қазыналық кәсіпорындардың басшыларына және олардың орынбасарларына қолданылмайды» талаптары сақталмаған, 2017 жылы қызметкерлердің еңбек ақысына наурыз айында 15.03.2017ж. №02-03/08 бұйрығына, 28.08.2017ж.№02-03/34 бұйрығына, 15.12.2017 ж.№02-03/42бұйрығына сәйкес төленген, яғни  2017 жылда үнемделген қаражаттан төленген (наурыз айында Д.Н.Жолымбетоваға басшының м.а.–29323теңге, тамыз бен желтоқсан айларында басшы П.А.Мұхаметкалиеваға -35245теңге), жалпы -64568 теңге  жергілікті бюджет есебіне қайтарылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің талаптарының 114,118 «Мемлекеттік мекеменің дебиторлық берешектері активтер мен міндеттемелерді тану өлшемдерін сақтаған кезде актив немесе міндеттеме ретінде танылады» тармақтарының талаптары  сақталмай, яғни  2017 жылдан артығымен төленген -179,3 мың теңге еңбек ақысы мекеменің бас кітабында және жылдық қаржылық есептілікте орын алмағандықтан.

 Бұрмаланған қаржылық есептілікті жасағаны үшін (көрінеу дұрыс емес қаржылық есептілікті ұсыну керек.

   10. «Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі:

            Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" № 403 бұйрығының 2 қосымшасының талаптары сақталмай  «Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету » бюджеттік бағдарламасында 414 ерекшелік бойынша 676,0 мың теңгеге компьютер және жихаздар сатып алынған.

      11. «Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағы толық сақталынбай  28,4 мың  теңге  негізсз сыйақы төленген.

12. «Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.08.2001ж. №1127 «Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға арналған мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармақ, 3 тармақшасының талабы бұзылып 55,0 мың теңге  негізсіз сыйақы берілген.

13. «Қапшағай қаласының денешынықтыру және спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қапшағай қаласындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

         Қазақстан Республикасының 23.11.2015 жылғы №414-V Еңбек кодексінің 139 бабы 10 тармақшасының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»  2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 3 қосымшасының талабы бұзылған. Яғни жалпы сомасы 104,1 мың теңге сауықтыруға арналған жәрдемақысы төленбеген.

         Келесі мемлекеттік аудит объектілерінен бұзушылықтар анықталмады:        

1. «Қапшағай қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2. Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

3. «Қапшағай каласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4. «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5. «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2.2.2      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің толықтығы мен сапанын жиынтық талдау:

Мемлекеттік аудитте пайдаланылған көрсеткіш мәнділік  және нәтижелілік бойынша жалпы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі 17 645 045,3 мың теңгені құрап, анықталған бұзушылықтардың көлемі 1 310 038,0 мың теңгені құрағанын  ескерсек ауданға жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізуге бөлінген қаражаттың  жалпы  бұзушылықтардың көлемін шаққанда 7,4 % пайызды құрайды.      

           I I I. Жиынтық бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар :

Мемлекеттік аудит барысында жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасынан 5 076,4 мың теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылды, соның ішінде:

- «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде - 158,1 мың теңге;

- «Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде - 55,0 мың теңге;

-«Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қапшағай қаласының қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде - 243,9  мың теңге;

- «Қапшағай қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде- 96,0  мың теңге;

-«Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде - 34,1 мың теңге;

-«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінде – 4146,5  мың теңге;

-«Қапшағай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 314,6 мың теңге,

«Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде – 28,3 мың теңге;

Ал «Қапшағай қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде  - 623197,0 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.

«Қапшағай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Toyota Land Crusir 200 мемлекеттік 787 VV05  2010 жылы шығарылған авто көлік «Қапшағай тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің теңгеріміне өткізіліп берілді, сомасы 10 210,0 мың теңге.

«Қапшағай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі,«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі,«Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қапшағай қаласының қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және «Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік  мекемелердің жауапты тұлғаларға ескертулер жарияланды.

«Қапшағай қаласының денешынықтыру және спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қапшағай қаласындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жауапты тұлғалары жұмыстан шығып кетуіне байланысты шара қолдануға мүмкіндік болмаған.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында 11.02.2019 ж. №02-13/211 хатпен «Қапшағай каласының ветеринария бөлімі» , 07.02.2019 ж. №02-13/205  хатпен «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі», 21.02.2019 ж. №02-13/256 және 02-13/257 хаттары мен «Қапшағай қаласының білім бөлімі», 19.02.2019  ж. №02-13/243 хатпен «Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі,  21.02.2019 ж. №02-13/258 және 02-13/238 хатттары мен «Қапшағай қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» және  12.02.2019 ж. №02-13/212 хаты негізінде «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қапшағай қаласының қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша материалдар жіберілді.

Алматы облысының «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында «Қапшағай қаласының білім бөлімі» және  «Қапшағай қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша материалдар жіберілді.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

          Жалпы алғанда ауданның әр саладағы мемлекеттің саясатын жүзеге асыруға берілген қаражаттардың басым бөліктері тиімді өз мақсаттарына жұмсалғанына қарамастан, жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижесінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнама талаптарының сақталмай осы арқылы бюджет қаражатының негізсіз шығындалуы, тиімсіз жоспарлануы жәнеде тиімсіз пайдаланылуы орын алғандығына көз жеткізілді.

Атап айтқанда аудандағы бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» №242 Заңының талаптарын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" №1127 қаулысының талаптарын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйегіндегі №1428 «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегендегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» қаулысының талаптарын.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының талаптарын.

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" №66 Заңының және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидасының" талаптарын толық сақтамағандықтан орын алған және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке  алуды жүргізу  қағидаларының» толық сақтамағандығы байқалады.

          3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

         1. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану бойынша Қапшағай қаласында жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесін қарау.

            2. Қапшағай қаласы Әкімі келесіге назар аударсын:

- жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын пайдаланғанда Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақталуына және осы аудиторлық іс-шара барысында анықталған бұзушылықтарды келешекте болдырмауына.

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке  алуды жүргізу  қағидаларының» сақталуына.

3. Қапшағай қаласы Әкімі келесі шараларды қабылдасын:

- «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 256,6 мың теңге  бюджет есебіне аударылуы қамтамасыз етілсін.

- «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 99315,2 мың теңге, «Қапшағай каласының ветеринария бөлімі»  мемлекеттік мекемесінде 710,9 мың теңгеге, «Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 465440,5 мың теңге, барлығы 565466,6 мың теңгеге қалпына келтірілуі қамтамасыз етілсін.

- Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтарына жол берген лауазымды тұлғалардың  тәртіптік жауапкершілігі қаралсын.

  • Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (№1, 2, 3 үлгі) 14 парақта

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                              Қ. Сағымбаев

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ