Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы қорытынды

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 28.10.2019
Просмотры: 605 Печать страницы

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы М. Мұсаев

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

1.Кіріспе бөлік

Аудиторлық іс-шараның атауы:

Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша мамандарға бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы.

Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджеттің жоспарлауын және атқарылуын, аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылу  мәселесі бойынша тиімділігін бағалау.

 Мемлекеттік аудиттің объектісі:

Алматы облысының экономика және  бюджеттік жоспарлау басқармасы»  мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып):

Бас маман - мемлекеттік аудиторлар: Шиғамбаева Сәуле  Сағындыққызы, мемлекеттік аудитор сертификаты: 2016 жылғы 28 желтоқсандағы №1355 тіркеу номерімен,  бас маман – мемлекеттік аудиторы Сыздыкова  Шолпан  Нұртілеуқызы,  мемлекеттік аудитор сертификаты: 2016 жылғы 05 желтоқсандағы №0318 тіркеу номерімен және жетекші маман –мемлекеттік аудитордың ассистенті Рысхан Батыр Мұхитұлы.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:

2017 жылдың 1 сәуірінен бастап, 2018 жылдың 31 желтоқсанын қоса алған кезең.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. «Алматы облысының  экономика және бюджеттік жоспарлау  басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына талдау жасау:

Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдалануына жүргізілген тиімділік пен сәйкестік аудитімен қамтылған қаражаттың көлемі басқарма бойынша - 749 766,3 мың теңгені құрады.

Аудит барысында мекеменің 2017 жылдың сәуірінен бастап 2018 жылғы желтоқсан аралығында жабдықтаушы және мердігерлер арасындағы есеп-айырысулардың түпнұсқа құжаттары, ұсынылған бюджеттік өтінім қосымшаларымен бірге, еңбекақы есептеу және төлеу құжаттарының түпнұсқалары, іс-сапар құжаттары, қаржылық есептіліктері толығымен тексерілді. Жоғарыда көрсетілген бағдарламаның жалпы сұрақтары, өз міндеттері және мақсаттары бойынша мекеме құжаттары толығымен тексеріліп, құжаттардың талапқа сай екендігі және ауытқулар жоқтығы анықталды.

2.2. «Алматы облысының  экономика және бюджеттік жоспарлау  басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

Мемлекеттік аудитпен басқарма бойынша жалпы   сомасы   749 766,3 мың теңге қаражат қамтылып, кемшіліктер анықталмады.

Облыс бойынша 2017-2018 жылдарға жоспарлауды тексеру барысында 567 572,0 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны және облыс аумағын дамыту бағдарламасын тексеру барысында 23 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты – 30 000,0 мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты – 537 572,0  мың теңге, олар:

- Талдықорған қаласының Облыстық туберкулез ауруханасына және Талдықорған қаласының Облыстық туберкулез ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 30 000,0 мың теңге бөлінген. Құжаттама бойынша үш жыл ішінде құрылыс жұмыстары осы уақытқа дейін басталмаған, осылайша 30000,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған. Яғни, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің 3 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі  №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабының 7-тармағы бұзылған.

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы №372  қаулысымен бекітілген«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасының 5.1 тармағының 3 тармақшасы басшылыққа алынбай, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы  реконструкциялауға арналған 35пәтерлік тұрғын үй және Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында  реконструкциялауға арналған 60 пәтерлік тұрғын үй бойынша жалпы сомасы 537 572,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланғаны анықталды. Яғни, реконструкциялауға берілетін пәтерлік тұрғын үйдін 1 шаршы метрі  жаңа жалға берілетін тұрғын үй құрылысының бағасынан асып кеткен. Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы  реконструкциялауға арналған 35пәтерлік тұрғын үй бойынша (84,0 мың тнг х 2324,5 шаршы метр)жалпы сметалық құны -195 258,0 мың теңге болуы тиіс. Алайда, жалпы сомасы 290 123,0 мың теңгеге жоспарланып, нәтижесінде 94 865,0 мың теңгеге артық жоспарланған. Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында  реконструкциялауға арналған 60 пәтерлік тұрғын үй бойынша (84,0 мың тнг х 3078 шаршы метр) жалпы сметалық құны – 258 552,0 мың теңге болуы тиіс. Алайда, жалпы сомасы 701 259,0 мың теңгеге жоспарланып, нәтижесінде 442 707,0 мың теңгеге артық жоспарланған.

Облыс аумағын дамыту бағдарламасы бойынша  төмендегідей индикаторларға қол жеткізілмегендігі анықталды: 2017 жылы жоспарланған нысаналы индикаторлар 81, нақты орындалғаны 69, нәтижелілік көрсеткіші бағыттар бойынша 12 нысаналы индикаторлардың орындалмауы есебінен - 85,1% құраған, олар:

- экономика – 5 индикатор;

- әлеуметтік сала – 2 индикатор;

- қоғамдық қауіпсіздік – 3 индикатор;

- инфрақұрылым – 2 индикаторы.

«Экономика» бағыты бойынша 5 индикаторға қол жеткізілмеген:

  • «Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мал басының үлесі» бойынша жоспар - 52,2%, нақты - 47,7%;
  • «Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ұсақ мал басының үлесі» жоспар – 56,8%, нақты - 52,7%;

- «Жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны» жоспар – 102,0%, нақты – 91,7%.

- «2015 жылға қарай шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестициялардың өсуі» жоспар – 105,5%, нақты – 99,6%.

- Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 2017 жылы 77% құрады, бұл 2016 жылғы деңгейден 0,3%-ға төмен.

«Әлеуметтік сала» бағыты бойынша 2 индикаторға қол жеткізілмеген:

- «Үш ауысымды мектептердің саны» жоспар – 25 бірлік, нақты – 27.

- «Ана өлімінің 100 мың тірі туылғандарға төмендету»  бойынша жоспар - 13,91, нақты - 17,60.

«Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі» бағыты бойынша 3 индикаторға қол жеткізілмеген:

- «Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы» жоспар – 10,9%, нақты – 12,2%.

- «Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың үлес салмағы» жоспар – 1,7%, нақты – 2,6%.

- «Бұрын жасалған қылмыстардың үлес салмағы» жоспар – 14,8%, нақты – 49,7%.

«Инфрастурктура» бағыты бойынша 2 индикаторға қол жеткізілмеген:

- «100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желілерінің тығыздығы (коэф. - 319,20)» жоспар - 15,8%, нақты - 14,4%;

- «Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі» жоспар - 102,0%, нақты – 100,7%.

 

2018 жылға жоспарланған нысаналы индикаторлар 82, нақты орындалғаны 71,нәтижелілік көрсеткіші бағыттар бойынша 11 нысаналы индикаторлардың орындалмауы есебінен – 86,6% құраған, олар:

- экономика – 3 индикатор;

- әлеуметтік сала – 4 индикатор;

- қоғамдық қауіпсіздік – 2 индикаторы;

- инфрақұрылым – 1 индикаторы;

- экология – 1 индикаторы.

«Экономика» бағыты бойынша 3 индикаторға қол жеткізілмеген:

  •  «Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мал басының үлесі» жоспар – 50,7%, нақты – 48,4%;
  •  «Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ұсақ мал басының үлесі» жоспар – 56,2%, нақты – 53,9%.
  • «2015 жылға қарай шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестициялардың өсуі»  жоспар – 105,9%, нақты – 98,1%.

         «Әлеуметтік сала» бағыты бойынша 4 индикаторға қол жеткізілмеген:

- «Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту есебінен» жоспар – 70,2%, нақты – 50,9%;

- «100 мың тірі туғандарға ана өлім-жітімін төмендету» жоспар – 9,85, нақты - 14,8;

- Жеке сектор субъектілері (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлесі жоспар – 3,8%, нақты – 3,4%;

- «Ішкі туризм бойынша орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің санын арттыру (резиденттер), өткен жылмен салыстырғанда» жоспар – 120,0%, нақты – 114,9%.

«Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі» бағыты бойынша 2 индикаторға қол жеткізілген жоқ:

- «Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы» жоспар – 12,5%, нақты – 12,9%;

- «Бұрын жасалған қылмыстардың үлес салмағы» жоспар – 47,5%, нақты – 51,5%.

«Инфрастурктура» бағыты бойынша 1 индикаторға қол жеткізілмеген:

- «100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желілерінің тығыздығы (коэфф - 319,20)» жоспар 14,2%, нақты – 13,5%.

«Экология және жер ресурстары» бағыты бойынша 1 индикаторға қол жеткізілмеген:

1. «Экологиялық талаптарға және санитарлық ережелерге сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі» жоспар – 5,5%, нақты – 2,5%.

Бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігіне кері әсерін тигізген тікелей нәтиже көрсеткіштерінің орындалмауы білім басқармасы, құрылыс басқармасы, төтенше жағдайлар департаменті, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, полиция департаменті бойынша орын алған:

2017 жыл

  - білім басқармасы бойынша  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау» бойынша - 1535 студент оқыту жоспарланып, нақты 1 514 студент оқытылған (98,6 %) орындалмағаны 21 студент;

    - құрылыс басқармасы бойынша 7 нысан пайдалануға тапсырылмаған, оның ішінде инженерлік-коммуникациялық желілер саласы – 1 нысан, білім беру саласы – 2 нысан, ішкі істер органдарын дамыту – 4 нысан;

- Төтенше жағдайлар департаменті бойынша «Өрт сөндіру бөлімдерінің 2 ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары» орындалмаған;

- Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бойынша «Мемлекеттік органға компьютер сатып алу» көрсеткіші - 21 дана жоспарланған, нақты  - 18 дана сатып алынған,  3 дана жеткізілмеген;

  1. :
  • Полиция департаменті бойынша «Азаматтар мен олардың бірлестіктерінің қатысуы құқық бұзушылықтарды анықтау және болдырмау үшін  ықпал еткен саны» көрсеткіші орындалмаған;
  • Білім басқармасы бойынша  «Жоғары, оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» бағдарламасы бойынша 206 студентті оқыту жоспарланған, нақты 199 студент оқытылған, орындалмағаны 7 студент (96,6 %);
  • Құрылыс басқармасы бойынша инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысы саласында 12 нысан пайдалануға тапсырылмаған;
  • Төтенше жағдайлар департаменті бойынша «жедел қызметтерге шатырлар сатып алу» көрсеткіші орындалмаған.

III. Жиынтық бөлік

Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында жалпы анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қабылданбады.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Аудит бағдарламасында көрсетілген 15 сұрақтың нәтижесі бойынша 567 572,0 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны және облыс аумағын дамыту бағдарламасын тексеру барысында 23 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Мемлекеттік аудит объектісінде жергілікті бюджет қаражатын пайдалану, облыс аумағын дамыту бағдарламасында анықталып жоспарланған іс-шаралар бойынша нәтижелерге қол жеткізуді талдау, қол  жеткізілмеген жағдайда олардың себептерін көрсету, бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік несиелендірудің орындылығын, мамандар қажеттілігін қалыптастыру және бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржылық есептілікті жасау анықтығымен  дұрыстығына аудит жүргізілді.

Жүргізілген аудитпен анықталған қаржылық бұзушылықтары мен рәсімділік қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамалардың талаптары толық сақталмағандықтан орын алған.

Мемлекеттік мекеменің қызметі бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы аудиторлық бақылау кезінде қарастырылып, мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, лауазымды тұлғалар – мекеме қызметкерлерінің өз лауазымдық қызметін атқару барысында қызметтік нұсқаулықта көрсетілген міндеттердің тең жартылай пайызына жауапсыздық танытуы.

Жалпы, мемлекеттік мекеме нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қанағаттанарлық қызмет атқарған деген пікір қалыптасты.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Негізгі (талдамалық) бөлікте аталған мәліметтерді назарға ала отырып:

1. Мемлекеттік аудит іс-шараның қорытындысы  Тексеру  комиссиясының отырысында қаралсын.

2. «Алматы облысының  экономика және бюджеттік жоспарлау  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына:

- Облыс аумағын дамыту бағдарламасы бойынша  белгіленген индикаторларға қол жеткізілуін қамтамасыз ету қадағалансын;

- Облыста тұрғын үйлерді салу және қайта жаңғыртуды жоспарлау барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы №372  қаулысымен бекітілген«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасының талаптары сақталсын;

3. Облыс әкіміне (А.Баталов) хат дайындалсын;

4. Мемлекеттік аудит объектісі басшысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және келешекте бұзушылықтарға жол бермеулері бойынша Тексеру комиссиясының Нұсқамасы ұсынылсын.

 

Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (4 парақ).

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                     Қ. Сағымбаев

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ