Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Экспертно-аналитические мероприятия

Текели

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 27.03.2019
Просмотры: 532 Печать страницы

«Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

2018 жылғы Текелі қаласының бюджетінің орындалуы туралы Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

Дайындаған: Ж. Үсенбаев 

      Тексеру комиссиясының мәжілісіне ұсынушы Қ.М. Манамұратов

Текелі қаласы 2019 ж.

КІРІСПЕ

 

I БӨЛІМ. АУМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

 

II БӨЛІМ. ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ

2.1. Текелі қаласының бюджетке түскен түсімдердің атқарылуын бағалау

2.2. Текелі қаласының бюджет кірістерінің атқарылуын бағалау

2.2.1. Салықтық түсімдерді талдау

2.2.2. Салықтық емес түсімдерді талдау

2.2.3. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерді талдау

2.2.4. Трансферттер түсімдерін талдау

2.3. Текелі қаласының бюджет шығыстарының атқарылуын бағалау

2.3.1. Текелі қаласының бюджет шығындарының атқарылуын талдау

2.3.2. Бюджеттік кредиттердің пайдаланылуын талдау

2.3.3. Қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығындарды  талдау

2.3.4. Дебиторлық және кредиторлық берешектерді талдау

 

III БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ

3.1. Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалау

3.2. Аумақтағы басқа да бағдарламалардың  жүзеге  асырылуын бағалау

 

IV БӨЛІМ. ЖЕКЕЛЕГЕН БАҒЫТТАР БОЙЫНША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

4.1. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігін бағалау

4.2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау

4.3. Мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалау

4.4. Квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалау

4.5. Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін бағалау

 

V БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІК

5.1. Тұжырымдар

5.2. Ұсынымдар

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 12 қарашадағы № 392-У Заңының 51-бабына сәйкес Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясымен (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) 2018 жылға арналған Текелі қаласының бюджетінің атқарылуы туралы есебіне (бұдан әрі – Есеп) қорытынды есебі әзірленді.

Есептің бірінші бөлімінде Текелі қаласының  2018 жылға арналған негізгі  әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қысқаша талдамасы көрсетілген.

Есептің екінші бөлімінде Текелі қаласының бюджеттің атқарылуына талдау жүргізілген. Бөлімде кіріс түсімдері, салықтық және салықтан тыс түсімдер, түсімдер бойынша бересілер, шығындардың орындалуы, мемлекеттік қаржылық активтерді сатып алу, қалалық бюджеттің дебиторлық және кредиторлық берешектері, қалалық бюджеттің тапшылығын (профицитті) қаржыландыру  және оның қаржыландыру көздері бойынша талдау деректері көрсетілген.

Үшінші бөлімде Текелі қаласының  дамыту бағдарламасының іске асырылуына бағалау жүргізілді.

Төртінші бөлімде бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігіне және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне бағалау жүргізілді.

Бесінші бөлімде тұжырымдар жасалып,  ұсынымдар ұсынымдар берілді.

І бөлім. Аумақтың әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері.

Текелі қаласын дамыту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары» туралы Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасын индустриялық - инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес әзірленіп, Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 44-287 шешімімен бекітілді.

2018 жылы жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізілді.

ЭКОНОМИКА БАҒЫТЫ:

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2018 жылы 20326,9 млн.теңгені құрады, нақты индекс көрсеткіші – 112,7%, 2018 жылмен салыстырғанда 1191,8 млн. теңгеге артты.

Өндірістің жалпы көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 68,3% немесе 13889,2 млн.теңгені құрайды.

«Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып, темір кенін өндіру және өңдеу» «якорлық» жобасы жүзеге асырылды. Жоба іске асырылғаннан бері 9 983,5 млн.теңге игерілді, оның ішінде 2018 жылы 2 313,3 млн. теңге. 2018 жылдың қазан айында шойын шығару және өндіріс іске қосылды. 2019 жылдың 1 қаңтарына 12 мың тонна шойын шығарылды, 880 адам жұмыс істейді.

2018 жылы «Art-kz» ЖШС кеңейту есебінен құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру кәсіпорындары қосымша 5 жұмыс орны құрылды, инвестиция сомасы 27,0 млн.теңгені құрады.

2018 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 6577,1 млн.теңгені немесе 2018 жылғы деңгейге 119,6% құрады.

Инвестицияның негізгі көлемі-5226,3 млн. теңге немесе 79,5% бюджеттен тыс қаражат есебінен игерілді.

Инвестициялар құрылымында 5122,1 млн.теңге немесе 77,9% кәсіпорындардың, ұйымдардың өз қаражаты есебінен игерілді, қарыз қаражаты – 104,2 млн. теңге немесе 1,6 %, бюджеттік инвестициялар 1350,9 млн. теңге немесе 20,5%.

15 га алаңда «Достық» өнеркәсіп алаңының инфрақұрылымы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Жобалық-сметалық құжаттама дайын, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар. Жобаның құны 916,4 млн. теңгені құрады. Жобада автожолдарды, электр желілерін, сумен қамтамасыз ету және кәріз желілерін, телефондандыру көзделген.

2019 жылғы 1 қаңтарға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1277 бірлікті құрады.

Осы салада жұмыспен қамтылғандар саны – 2780 адам, олар өндірген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің көлемі 17287,8 млн.теңгеге жетті. Бюджетке салық және міндетті төлемдер түсті – 1430,3 млн. теңге, бұл бюджетке жалпы түсімнің 53,5% құрайды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 3,0 млн.теңгеге 2 грант берілді, 826,0 млн. теңгеге 6 жоба субсидияланды.

«Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасы аясында Текелі қаласы бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы 7 адам 90,6 млн.теңгеге, Рудничный ауылы бойынша ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 7 адам 15,8 млн. теңгеге шағын несие алды.

Ақпараттық-консультациялық көмек көрсету үшін - кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, 2018 жылы олар 1085 қызмет көрсетті және кеңес берді, 128 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

2018 жылы қала бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 5357,0 млн. теңгені құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 7,5% артық (4983,5 млн.теңге). Нақты көлем индексі 100,1 % құрады.

2018 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3630,8 млн. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі 105,9% құрады.

«ТКФ Алакай» ЖШС кондитерлік цехын қайта жаңғырту және жабдықтарын жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

«Алма Дария» шаруа қожалығымен тәулігіне 250 литр сүт өңдейтін шағын цех іске қосылды, 8 жұмыс орны ашылды. «Green House - зеленый дом» ЖШС жылыжай кешенін жаңғырту жүргізілуде, 45,0 млн.теңге инвестиция салынды. 2018 жылы 200,0 тонна қияр жиналды.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал саны 917 басқа (4410), шошқа саны 187 басқа (747), жылқы саны 66 басқа (392), қой мен ешкі саны 4650 басқа көбейді. 1044 тонна ет союға өткізілді, 3446 тонна сүт сауылды, 2756 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Екі қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істейді. 2018 жылы 405 бас мал ұрықтандырылды. 2018 жылы 3 шаруа қожалығы 15,7 млн. теңгеге субсидия алды, соның ішінде:

- "Каженова Ш." шаруа қожалығы жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруге;

- "Байгесенов" шаруа қожалығы тыңайтқыш сатып алу үшін;

- "Аян" шаруа қожалығы ірі қара малдың аналық мал басымен селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізуге.

Ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау және диагностикалық зерттеу бойынша жұмыстар уақытында жүргізіледі. 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БАҒЫТЫ:

Қалада 16 білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 5 (Мемлекеттік – 4, жеке меншік – 1) балабақша, 8 жалпы білім беретін мектеп, 1 колледж, балалар шығармашылығы орталығы, балалар туризмі және өлкетану орталығы.

Қала мектептерінде 425 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары санатты - 94, бірінші санатты - 103, екінші санатты - 128. 37 – «Педагог –зерттеуші», 22 - «педагог сарапшы», 32 - «педагог-модератор» педагогикалық шеберлік біліктілігі берілді.

2018-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша қала бойынша білім алушылардың білім сапасы 64,0% құрады.

Барлық мектептер кең жолақты Интернетке қосылған, барлық мектептерде интерактивті тақталар орнатылған, 4 мектеп лингафондық кабинеттермен, 6 мектеп – жаңа модификациядағы (химия, физика, биология) кабинеттермен жабдықталған.

Оқулықтармен қамтамасыз ету деңгейі 100,0% құрайды. Барлық мектептерде ыстық тамақ ұйымдастырылған, оның ішінде аз қамтылған отбасылардан 238 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Ұлттық бірыңғай тестілеудегі орташа балл 88,0% құрады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 2018 жылы 98,5% қарсы 100,0% құрайды.

Дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасын іске асыру да басым бағыттардың бірі болып табылады. Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Спорт сарайы, спорт кешені, орталық стадион, қала мектептерінде 8 спорт залы, ашық және жабық жүзу бассейндері бар.

Қалада дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халықтың қамтылуы 9413 адамды құрайды, бұл жалпы халық санынан 28,5% құрайды.

Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі жұмыс істейді,онда 12 спорт түрінен 780 бала шұғылданады.

2018 жылы 3 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2 спорт шебері және 22 спорт шеберіне кандидат дайындалды.

2018 жылы 38 қалалық спорттық іс-шара өткізілді, 31 облыстық жарыстарға командалар қатысты.

Қалада үш филиалы бар кітапхана жұмыс істейді, оның кітап қоры жыл сайын толықтырылады.

Металлург шағын ауданында Мәдениет үйі мен клуб бар. 2018 жылы 887 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді, жалпы саны 87 мың адам..

6 мәдениет объектілерінде 33 үйірме және клубтық құрылымдар жұмыс істейді, онда әр түрлі жастағы 531 адам айналысады.

Қаланың мәдени өміріне 3 этномәдени орталық белсенді қатысады. Жыл сайын кітап қоры толықтырылып, кітап беру және жаңа кітаптардың түсуі артуда. 1000 кітапханаға келушілердің орташа саны 21,8 адамды құрайды, 2018 жылы 21,5 адам.

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2018 жылы 85% - ға қарсы 90% құрайды. Қалада мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді, онда жыл сайын 80-нен астам адам оқиды. Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау мақсатында бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша емтихан тапсырады, онда 2018 жылы 1542 адам тапсырды.

Қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінде, ұйымдарында әдістемелік кабинеттер жұмыс істейді. Тілдерді дамыту бойынша 15-тен астам қалалық конкурс өткізілді. Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2018 жылы 85% - ға қарсы 90% құрайды.

Қалада қалалық аурухана жұмыс істейді. Онда 62 дәрігер мен 192 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 18,8, орта медицина қызметкерлерімен – 58,4 құрайды.

Жыл сайын аурухананың материалдық-техникалық базасы нығайтылуда, 2018 жылы 87,2 млн.теңгеге жабдықтар сатып алынды. Қалалық аурухана және Рудничный ауылының амбулаториясы ғимараттарын қалпына келтіру жұмыстарымен сейсмикалық күшейту аяқталды.

2018 жылы қала бойынша 367 тұрақты жұмыс орны ашылды. Бос жұмыс орындарының үш жәрмеңкесі өткізілді.

Қаланың экономикалық белсенді халқының саны 18,5 мың адамды құрайды,оның ішінде жұмыспен қамтылғандар - 17,6 мың адам, жұмыссыздар-908 адам.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі-4,9% құрайды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 215 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 40, жастар тәжірибесіне – 38 түлек жіберілді, қоғамдық жұмыстарға - 288 адам тартылды.

Жүріп-тұруы қиын 45 мүгедекке "Инватакси" қызмет көрсетеді.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ БАҒЫТЫ:

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2747,6 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі-89,4% құрады. 2611,0 ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілді.

Текелі қаласын сумен қамтамасыз ету үшін ұңғымаларды барлау бұрғылау жобасы бойынша жұмыстар аяқталды. Пайдалануға беру актісі 2018 жылғы 27 желтоқсанда қабылданды.

2018 жылы кәріз жүйелерін қайта жаңарту бойынша жобаны іске асыру басталды. Жобаны жүзеге асыру екі жылға есептелген. 2018 жылы қаланың 12 көшесі бойынша 13,1 км кәріз желісі салынды және 289 құдық жинақталды, 402,7 млн.теңге игерілді.

Текелі қаласының 17 көшесінде көше жарығын салу бойынша жұмыстар аяқталды, 667 жарықтандыру тіректері және 663 шам орнатылды, оның ішінде 148 жарықдиодты шамдар.

Тротуарларды ағымдағы жөндеу бойынша 3685,67 м2 тротуарлардың асфальт жамылғысын орнату, 30 жарықтандыру тіректері және 12 орындық орнатылды.

«Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында «Металлург» ықшам ауданының жылу желілерін қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылуда. 2018 жылы 1,8 км жылумен жабдықтау желілері салынды, Текелі қаласының бюджеттен 48,6 млн.теңге игерілді. Жобаны іске асыру 2019 жылы жалғасатын болады.

3,9 км жолға орташа жөндеу және 5070 м2 жолға ағымдағы жөндеу жүргізілді. 2018 жылы автомобиль көлігімен 2272,3 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2018 жылға қарағанда 5,5% - ға және 10352,7 мың жолаушы артық, өсім 2018 жылға қарағанда 101,4% - ды құрады.

4746 абонент тіркелген телефон байланысы қызметтеріне қосылған. Кең жолақты Интернетке қосылған абоненттер саны 3168 пайдаланушыны құрады.

2018 жылы 389 қылмыс тіркелді, оның ішінде көшелерде - 48, кәмелетке толмағандар – 19, бұрын жасағандар-256 жағдай. 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді,оның ішінде қаза болғандар саны – 1, зардап шеккендер саны-10 адам.

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ БАҒЫТЫ:

Қаланың мемлекеттік қызметкерлерінің жалпы штат саны 65 бірлікті құрайды. 2018 жылы ішкі конкурс нәтижелері бойынша 5 мемлекеттік қызметші мемлекеттік органның ішінде жоғары лауазымдарға тағайындалды, 4 адам басқа мемлекеттік органдарда жоғары лауазымдарға тағайындалды. 

Мемлекеттік қызмет жүйесінен 4 адам жұмыстан шықты, оның ішінде 2 адам жеке секторға кетуіне байланысты жұмыстан шықты, 1 адам "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, 1 адам баланың ауруына байланысты жұмыстан босатылды.

ІІ бөлім. Текелі қаласының бюджеттің атқарылуын талдау.

Текелі қалалық мәслихат сессиясының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» №21-136 шешімі бойынша бекітілген бюджет шығындары мен кірістер соммасы 3166342,0 мың теңге, одан жеке кірістері – 318653,0 мың теңге, трансферттері – 2847689,0 мың теңге. 2018 жыл бойы қала бюджетіне 4 нақтылану еңгізілген. (02.03.18ж. № 22-141; 24.04.18ж. № 25-161; 07.08.18ж. № 27-172; 21.11.18ж. № 29-183). Бұдан басқа, Текелі қаласының әкімдігінің 2018 жылдың 12 ақпандағы №14, 2018 жылдың 23 мамырдағы № 142, 2018 жылдың 04 қыркүйектегі № 270, 2018 жылдың 17 қыркүйектегі № 282, 2018 жылдың 15 қазандағы № 329, 2018 жылдың 18 қазандағы № 332, 2018 жылдың 09 қарашадағы № 360, 2018 жылдың 11 желтоқсандағы № 390 қаулыларымен бюджетке түзету жасалды.

Қала бюджетіне облыстық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер барлығы 3190604,0 мың теңге болып қала бюджетінің 100 пайызын құраған.

2.1. Текелі қаласының бюджетке түсетін түсімдердің атқарылуын бағалау.

Қала бюджетінің бекітілген меншікті кірісі 3166342,0 мың теңге, нақтыланған бюджет кірісі 3519257,0 мың теңге болса, нақты  түскен кіріс 3534753,3 мың теңгеге немесе 100,4 пайызға орындалып, жыл соңына 15496,3 мың теңгеге жоспар артығымен орындалған.

2019 жылдың 1 қаңтарына кірістер бойынша қалалық бюджеттке мезгілінде төленбеген салық, ағымдағы төлем 2721,0 мың теңге, оның ішінде: 101202 коды бойынша  төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 490,0 мың теңге, 104402 коды бойынша жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салығы – 2231,0 мың теңге.

Кемшілікті қысқарту мен борышты жоюға мемлекеттік кірістер басқармасымен салық берешегін бюджетке өндіріп алуға барлық шаралар мен тәсілдер қолдануда.

Жоғары бюджеттен түскен трансферттер:

Текелі қаласына бөлінген барлық жоғары бюджеттен трансферттері 1603614,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттік қаражат есебінен – 532505,0 мың теңге, Текелі қаласының бюджеттік қаражат есебінен – 1071109,0 мың теңге. Игерілгені 1602362,8 мың теңге құрады немесе 99,9% орындалды, оның ішінде республикалық бюджеттен – 531817,7 мың теңге, Текелі қаласының бюджеттен – 1070545,2 мың теңге. Ағымдағы нысаналы трансферттердің орындалуы – 1053966,4 мың теңге жоспар бойынша 1055217,0 мың теңге. Нысаналы даму трансферттердің орындалуы 548396,мың теңге жоспар бойынша 548397,0 мың теңге.

2.2. Текелі қаласының бюджет кірістерінің атқарылуын бағалау

Есепті қаржы жылы басындағы бөлінген бюджет кірісі 3166342,0  мың теңге,  нақтыланған бюджет кірісі 3554788,0 мың теңге, өзгертулер мен толықтырулар енгізілген бюджет кірісі 3519257,0 мың теңге, нақты кіріс 3534753,3 мың теңге болып 100,4% орындалған, осының ішінде:

-  қаланың өз кірісі  344149,2 мың теңге немесе 104,7%;

- трансферттер бойынша 3190604,0 мың теңге немесе 100%;

- бюджеттік кридиттерді өтеу 15000,0 мың  теңге  немесе 100%;

- бос қалдық қаржысы 48574,9 мың теңге.

2.2.1. Салық түсімдерін талдау

Қала бюджетінің  кірісі жағынан жалпы салық түсімдері бойынша 271654,0 мың теңгемен бекітіліп,  жыл ішінде 279154,0 мың теңгеге нақтыланса, орындалуы 284685,1 мың теңге болған немесе 102,0%-ке артығымен орындалған, соның ішінде:

- жеке табыс салығы 60600,0 мың теңге жоспарланса, 61144,0 мың теңгеге орындалып, 109,0% құраған немесе 544,0 мың теңгеге артық орындалған;

- мүлікке салынатын салығы 73700,0 мың теңге жоспарланса, 75512,4 мың теңгеге орындалып, 102,5% құраған немесе 1812,4 мың теңгеге артық орындалған;

- жер салығы 7929,0 мың теңге жоспарланса, 8503,7 мың теңгеге орындалып, 107,2% құраған немесе 574,7 мың теңгеге артық орындалған;

- көлік құралдарына салынатын салығы 90482,0 мың теңге жоспарланса, 92136,4 мың теңгеге орындалып, 101,8% құраған немесе 1654,4 мың теңгеге артық орындалған;

- бірыңғай жер салығы 0,0 мың теңге жоспарланса, 111,0 мың теңгеге орындалды;

- акциздер 2072,0 мың теңге жоспарланса, 2399,5 мың теңгеге орындалып, 115,8% құраған немесе 327,5 мың теңгеге артық орындалған;

- табиғи және басқада ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер 21831,0 мың теңге жоспарланса, 21832,6 мың теңгеге орындалып, 100,0% құраған немесе 1,6 мың теңгеге артық орындалған;

- кәсіпкерлік және кәсіби қызметті  жүргізгені үшін алынатын алымдар 16742,0 мың теңге жоспарланса, 17049,7 мың теңгеге орындалып, 101,8% құраған немесе 304,7 мың теңгеге артық орындалған;

- ойын бизнесіне салық 362,0 мың теңге жоспарланса, 552,2 мың теңгеге орындалып, 152,5% құраған немесе 192,0 мың теңгеге артық орындалған;

- басқада салықтар 485,0 мың теңге жоспарланса, 485,8 мың теңгеге орындалып, 100,2% құраған немесе 0,8 мың теңгеге артық орындалған;

- мемлекеттік баж 4948,0 мың теңге жоспарланса, 4957,8 мың теңгеге орындалып, 100,2% құраған немесе 9,8 мың теңгеге артық орындалған.

2.2.2. Салықтық емес түсімдерді талдау

Салықтық емес түсімдер бойынша 7999,0 мың теңгемен бекітіліп,  жыл ішінде 16989,0 мың теңгеге нақтыланса, орындалуы 20796,0 мың теңге болған немесе 122,4 %-ке артығымен орындалған, соның ішінде:

- мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 6149,0 мың теңге жоспарланып 6424,6 мың теңгеге орындалып 104,5 % құраған немесе 275,6 мың теңгеге артық орындалған;

- мемлекет бюджеттен берілген кредиттар бойынша сыйақылар 2040,0 мың теңге жоспарланып 3636,7 мың теңгеге орындалып 178,3 % құраған немесе 1594,7 мың теңгеге артық орындалған;

- мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер 0,2 мың теңге болған;

- Текелі қаласының бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен алынатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар 1330,2  мың теңгеге болған;

- Текелі қаласының бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер 8800,0 мың теңге жоспарланып 9404,04 мың теңгеге орындалып 106,9 % құраған немесе 604,4 мың теңгеге артық орындалған.

2.2.3. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерді талдау

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 39000,0 мың теңгемен бекітіліп,  жыл ішінде 32510,0 мың теңгеге нақтыланса, орындалуы 38668,1 мың теңге болған немесе 118,9 %-ке артығымен орындалған, соның ішінде:

- мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан кірістер 4532,2 мың теңгеге болған;

- жер сатудан түсетін кірістер 29500,0 мың теңге жоспарланып 30990,8 мың теңгеге орындалып 105,1 % құраған немесе 1490,8 мың теңгеге артық орындалған;

- материалдық емес активтерді сатудан кірістер 3010,0 мың теңге жоспарланып  3145,1 мың теңгеге орындалып 104,5 % құраған немесе 135,1 мың теңгеге артық орындалған.

2.2.4. Трансферт түсімдерін талдау

Трансферт түсімдері бойынша 2847689,0 мың теңгемен бекітіліп, жыл ішінде 3190604,0 мың теңгеге нақтыланса, орындалуы 3190604,0 мың теңге болған немесе 100%-ке , соның ішінде:

- облыстық бюджеттен түсетін  субвенция – 1586990,0 мың теңге;

- даму  трансферт – 548397,0 мың теңге;

- ағымдағы  нысаналы трансферттер  – 1055217,0 мың теңге қарастырылған.

2.3. Текелі қаласының бюджет шығыстарының атқарылуын бағалау

2018 жылы бюджеттің нақтыланған шығын жоспары 3563892,0 мың теңге, кассалық шығындары 3535314,2 мың теңге, немесе 99,2%.

Игерілмегені 28577,8 мың теңге (оның ішінде: жоғарғы бюджеттен нысаналы трансферттері - 1251,2 мың теңге), мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемі – 14507,1 мың теңге, еңбекақы төлемі бойынша үнемі – 712,3 мың теңге, әлеуметтік төлемдер алушылардың нақты санның азаюы – 1350,3 мың теңге, табиғи көлемінің тұтынуы және бағаның өзгеруіне байланысты пайдаланбаған қаражат қалдығы – 919,2 мың теңге, жабдықтаушылармен шарттардың бұзылуына байланысты   – 2 632,8 мың теңге, істердің сотта қаралуына байланысты – 7 305,0 мың теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша өтпеді деп танылған конкурстар – 521,4 мың теңге, тауарды жеткізбеу – 599,6 мың теңге,  басқа шығындар – 30,1 мың теңге.

2.3.1.Текелі қаласының бюджет шығындарының атқарылуын талдау

Есепті қаржы жылына бөлінген бюджет 3166342,0 мың теңге, нақтыланған бюджет 3599423,0 мың теңге, түзетілген бюджет 3563892,0 мың теңге, орындалуы 3535314,2  мың теңге немесе 99,2 % орындалған.

«Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобы бойынша бюджет орындауы 234279,0 мың теңге немесе жинақтық қаржыландыру жоспарына 98,9%  құрады.

Осы топ бойынша қамтамасыз ету үшін жұмсалған шығындары қалалық Мәслихат аппаратына - 16748,4 мың теңге, Текелі қаласының Әкiм аппаратына - 120308,4 мың теңге, Рудничный ауылдық округінің Әкім аппаратына - 16271,0 мың теңге, Текелі қаласының қаржы бөлiмiне - 14996,9 мың теңге, экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмiне - 16099,2 мың теңге, мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыны – 4138,9 мың теңге. Сонымен қатар, осы топта салық салу мақсатында мүліктің бағалауын жүргізуіне шығындары көрсетілген – 403,0 мың теңге, жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу – 356,1  мың теңге, коммуналдық меншіке мүлікті сатып алуға - 37957,0 мың теңге.

«Текелі қаласы әкімдігі ғимаратының құрылысы» объектісі бойынша жобалық-сметалық құжамтаманы жобалау осы топ бойынша қамтамасыз ету үшін жұмсалған шығындары 7000,0 мың теңге. Игерілмеген 2717,0 мың теңге, оның ішінен: еңбекақы қоры бойынша үнемі – 2,5 мың теңге, мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемі – 53,4 мың теңге, жабдықтаушылармен шарттардың бұзылуына байланысты   – 2632,8 мың теңге, мүлікті бағалау бойынша болмаған конкурстар – 21,4 мың теңге, табиғи көлемінің тұтынуы және бағаның өзгеруіне байланысты пайдаланбаған қаражат қалдығы – 4,3 мың теңге, нақты көрсетілген көлем қызметі өткізілген төлем – 0,1 мың теңге, жиынтық шотының қалдығы – 2,5 мың теңге.

«Қорғаныс» функционалдық тобы бойынша орындауы 2290,2 мың теңге немесе жинақтық қаржыландыру жоспарына 100,0% құрады. Осы топта жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шараларының шығындары көрсетілген – 1064,0 мың теңге, аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар – 1226,2 мың теңге. Игерілмеген 0,8 мың теңге, жиынтық шотының қалдығы.

«Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк, құқықтық, соттық, қылмыстық-атқарушылық қызмет» функционалдық тобы бойынша қалалық бюджеттен орындалған соммасы 7055,1 мың теңге қаржыландыру жинақ жоспары кезеңінде 7612,0  мың теңге немесе 92,7%. Елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша осы топтың шығындары көрсетілген. Игерілмеген мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемі – 556,9 мың теңге.

«Бiлiм беру» функционалдық тобы бойынша бюджет орындауы 1430722,9 мың теңге соммасында немесе есептiк кезеннін жинақтық қаржыландыру жоспарына 1432050,0 мың теңге немесе 99,9% құрады. Осы топ бойынша шығындары мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету - 90083,0 мың теңге, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға – 197573,3 мың теңге, жалпы білім беруге – 964430,7 мың теңге, балаларға қосымша білім беру – 54147,0 мың теңге, білім бөлімі қамтылуына - 17178,5 мың теңге, білім беру жүйесін ақпараттандыру – 9500,0 мың теңге, мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу – 44953,9 мың теңге, мемлекеттік мекеменің күрделі шығыстары – 245,0 мың теңге, жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері – 18138,0 мың теңге, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдардың күрделі шығыстары – 34473,4 мың теңге. Игерілмеген – 1327,1 мың теңге, оның ішінен тауарларды жеткізбеу - 599,6 мың теңге, еңбекақы қоры бойынша үнемі – 703,5 мың теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша үнем – 21,9 мың теңге, табиғи көлемінің тұтынуы және бағаның өзгеруіне байланысты пайдаланбаған қаражат қалдығы – 1,1 мың теңге, жиынтық шоты бойынша – 1,0 мың теңге.

«Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру» функционалдық тобы бойынша орындау 289116,3 мың теңге немесе жинақтық қаржыландыру жоспарына 99,4% құрады. Осы функционалдық тобы бойынша шығындары «Текелi қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi аппаратының қамтылуына - 28674,3 мың теңге, жұмыспен қамту бағдарламасына – 85575,3 мың теңге, ауылдық жерлерде тұратын мамандарына отын сатып алуға – 408,9 мың теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - 50300,0 мың теңге, тұрғын үй көмегі – 13622,6 мың теңге, жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтiк көмек – 8433,5 мың теңге, үйден көмек алып тәрбиеленетiн бала-мүгедектердiң материалдық қамсыздануы – 937,0 мың теңге, мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету – 34897,5 мың теңге, мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және қамтамасыз етуге, және ымдау тiлі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету – 33904,7 мың теңге, жұмыспен қамту қамтуына – 20569,4 мың теңге, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтiк төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу – 998,8 мың теңге, мемлекеттік органның күрделі шығыны – 470,0 мың теңге, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асару 3690,0 мың теңге, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдардың күрделі шығыстары – 3362,0 мың теңге. Бұдан басқа, бұл функционалдық тобында 946,4 мың теңге сомасында патронат тәрбиесіне берілген (балалар) баланы қамтамасыз ету шығынына қарастырылған, 2326,0 мың теңге білім беру кәсіпорындарының тәрбиеленушілерге қоғамдық көліктерге жеңілдік жолда жүріп өтуіне. Игерілмеген 1865,7 мың теңге, оның ішінен: мемлекеттік әлеуметтік тапсырма бойынша конкурстын болмағаны – 500,0 мың теңге, әлеуметтік төлемдер алушылардың нақты санның азаюы – 1350,3 мың теңге, еңбекақы төлемі бойынша үнем – 2,1 мың теңге,мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемі – 2,1 мың теңге, есеп жиынтығының қалдығы – 11,2 мың теңге.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобына қала бюджетiнен 889014,0 мың теңге бөлiнген, игерiлгенi 881618,4 мың теңге, ол жинақ қаржыландыру жоспарынан 99,2% құрайды. Осы функционалдық тобы бойынша шығындары «Алматы облысының Текелі қаласында 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы» объектісі бойынша жобалық-сметалық құжамтаманы жобалау сомасы 9088,0 мың теңге, "Алматы облысының Текелі қаласында 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы" нысаны бойынша жобалық-сметалық құжамттаманы кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өткізу  1259,5 мың теңге, "Алматы облысының Текелі қаласында 40 пәтерлі тұрғын үйді абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысы" объектісі бойынша жобалық-сметалық құжамтаманы жобалау  2136,0 мың теңге, "Алматы облысының Текелі қаласында 40 пәтерлі тұрғын үйді абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысы" нысаны бойынша жобалық-сметалық құжамттаманы кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өткізу  616,1 мың теңге.

Бұл топқа жұмсалған шығындар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттiк мекемесiн қамтылуына – 20280,6 мың теңге, мемлекеттік мекеменің күрделі шығыны – 7913,2 мың теңге, мемлекеттік тұрғын-үй қорының сақтауын ұйымдастыруына - 3704,6 мың теңге, азаматтардың жекелген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету – 68149,0 мың теңге, авариялық және ескірген тұрғын үйлерді бұзу – 5084,5 мың теңге, жергiлiктi атқарушы органдардың резервi есебiнен сот шешiмдерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттерiн орындау 4035,6 мың теңге. Сонымен қатар, осы тобына Рудничный ауылдық округінің көшелерін жарықтандыру  – 2229,6 мың теңге, Рудничный ауылдық округінің санитариясына  – 237,0 мың теңге, Рудничный ауылдық округінің аббатандыру және көгалдандыру – 1046,0 мың теңге, қала санитариясына – 52196,3 мың теңге, қаланы жарықтандыруына  – 33949,7 мың теңге, қаланы аббатандыру және көгалдандыру – 169726,9 мың теңге, жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқтарды жерлеу – 2769,0 мың теңге.

Есептік жылға қала бюджетіне бөлінген «Алматы облысы Текелі қаласының тазарту құрылыстарын күрделі жөндеу» объектісі бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарының есебіне 170,0 мың теңге, «Алматы облысы  Текелі қаласының қалалық бассейнің инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы» жобалау-сметалық құжаттамасын дайындауға 1680 мың теңге, «Алматы облысы Текелі қаласы инженерлік-коммуникациялық желілердің  «Достық» шағын ауданы реконструкциялау және құрылысы" жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 7539,0 мың теңге, радиологиялық өлшеу үшін қызмет көрсетуге 114,1 мың теңге, Алматы облысы Текелі қаласының канализация жүйесін реконструкциялауға 402690,0 мың теңге, Алматы облысы Текелі қаласын сумен қамтамасыз ету үшін барлау ұнғымасын бұрғалауға 81516,9 мың теңге, Алматы облысы Текелі қаласының «Чажа» сорғы станциясынан өзі ағатын 300 мм диаметрлі су құбырының құрылысы" жоба сметалық құжаттамасын дайындауға 2488,0 мың теңге.

Сонымен қатар, бұл функционалды топ бойынша шығындар «Алматы облысының Текелі қаласының орталық саябағында орналасқан Амфитеатр құрылысы» объектісі бойынша жобалық-сметалық құжамтаманы жобалау жан-жақты жеке сараптама жүргізуге – 999,0 мың теңге.

Игерілмеген 7395,6 мың теңге, оның ішінде сот талдауларына – 4851,1 мың теңге, игерілмеген қалдықтар – 911,4 мың теңге, мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемі – 1627,7 мың теңге, еңбекақы төлемі бойынша үнем – 0,7 мың теңге, жиынтық шоты бойынша – 4,7 мың теңге.

«Мәдениет, спорт және туризм ақпараттық кеңiстiк» функционалдық тобы бойынша бюджет 164196,7 мың теңгеге орындалды немесе жинақ қаржыландыру жоспарына 100,0%. Осы функционалдық тобы бойынша шығындары Мәдениет үйiн қамтуға – 39254,0 мың теңге, дене шынықтыру және спорт бөлімін қамтылуына – 6631,1 мың теңге, кiтапхананы қамтуға – 13722,3 мың теңге, мәдениет және тiлдi дамыту бөлiмiн қамтылуына – 9657,5 мың теңге, ішкі саясат бөлiмiн қамтылуына – 18321,6 мың теңге, мемлекеттік мекеменің күрделі шығыны – 900,0 мың теңге, ведомствалық мекемелердің күрделі жөндеу жұмыстарына - 58015,0 мың теңге, мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа тiлдерiн дамыту – 836,0 мың теңге, қалалық деңгейде спорттық жарыста өткізу – 798,0 мың теңге, әртүрлі спорт түрлері бойынша қала құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы - 3610,0 мың теңге, мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер – 10115,2 мың теңге, жергiлiктi атқарушы органдардың резервi есебiнен сот шешiмдерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттерiн орындау – 2336,0 мың теңге. Игерілменен 5,3 мың теңге, оның ішінде еңбекақы төлемі бойынша үнем – 2,1 мың теңге, мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемі – 0,7 мың теңге, жиынтық шотының қалдығы – 2,5 мың теңге.

«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функциналдық тобы бойынша бюджет  45397,3 мың теңгеге немесе қаржыландыру жоспарына 100,0% орындалды. Осы функционалдық тобы бойынша бағыталған шығындары ауыл шаруашылық бөлiмiн қамтылуына – 11793,3 мың теңге, ветеринария бөлiмiн қамтылуына – 10154,1 мың теңге, жер қатынастары бөлiмiн қамтылуына – 10294,4 мың теңге, мемлекеттік мекеменің күрделі шығыны – 834,0 мың теңге, ауру малдардың санитарлық жоюға - 46,0 мың теңге, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру – 2070,0 мың теңге, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу – 217,0 мың теңге, жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринарялық іс-шараларды жүргізу – 25,0 мың теңге, ауыл шаруашылық жануарларын сәйкестендіру бойынша іс-шаралар жүргізу – 286,0 мың теңге, эпизотияға қарсы іс-шаралар жүргізу – 5709,0 мың теңге, қала шекарасын құру кезінде жүргізілген жерді басқаруына - 343,3 мың теңге, мамандарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру туралы – 673,4 мың теңге. Игерілмеген 5,7 мың теңге, оның ішінде еңбекақы төлемі бойынша үнем – 1,1 мың теңге, жиынтық шоты бойынша – 4,6 мың теңге.

«Өнеркәсіп, сәулет және қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық топ бойынша бюджет 19916,4 мың теңгеге немесе қаржыландыру жинақ жоспарына 100 % орындалды. Осы функционалдық тобы бойынша шығындары құрылыс бөлiмiн қамтылуына – 10211,6 мың теңге, сәулет және қала құрлысы бөлiмiн қамтылуына – 8900,2 мың теңге, мемлекеттік мекемелердің күрделі шығындары – 804,6 мың теңге. Игерілмеген 3,6 мың теңге, оның ішінде нақты көрсетілген қызметтерге төленген төлем – 1,5 мың теңге, жиынтық шоты бойынша – 2,1 мың теңге.

 «Көлiк және коммуникация» функциналдық тобы бойынша шығын соммасы 158841,5 мың теңгеге немесе жинақ қаржыландыру жоспарына 92,8%. Осы функционалдық тобы бойынша шығындары Рудничный ауылдық округінің автомобиль жолдарын қамтамасыз етуге - 1327,0 мың теңге, көлік инфраструктурасын дамытуға - 4424,0 мың теңге, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін қамтылуына – 6580,5 мың теңге, мемлекеттік мекеменің күрделі шығындары – 300,0 мың теңге, автокөлiк жолдарының істеуін қамтамасыз ету - 33873,0 мың теңге, елді мекендердегі көшелерді және автокөлік жолдарын күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына - 112337,0 мың теңге. Игерілмеген 12244,5 мың теңге, оның ішінде: мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша үнемі – 12244,0 мың теңге, еңбекақы төлемі бойынша үнем – 0,4 мың теңге, жиынтық шоты бойынша – 0,1 мың теңге.

«Басқалары» функциналдық тобы бойынша шығын орындауы 299314,9 мың теңге немесе жинақ қаржыландыру жоспарына 99,2% құрды. Осы функционалдық тобы бойынша шығындары кәсіпкерлік бөлімін қамтылуына – 9223,8 мың теңге, мемлекеттік мекемелердің күрделі шығындары – 363,0 мың теңге, кәсіпкерлік қызметін қолдауға - 2400,0 мың теңге, «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру – 600,0 мың теңге, моноқалаларды ағымдағы жайластыру – 238126,1 мың теңге. Осы бағдарламалар бойынша Алматы облысы Текелі қаласы «Металлург» шағын аудандары магистралдық жылу жүйелерінің қайта жаңғырту жобасы жүзеге асыруға - 48602,0 мың теңге. Игерілмеген 2454,1 мың теңге, оның ішінде сот талқылаулары - 2453,9 мың теңге, жиынтық шоты бойынша – 0,2 мың теңге.

«Борышқа қызмет көрсету» функциналдық тобы бойынша шығын орындауы 117,5 мың теңге немесе жинақ қаржыландыру жоспарына 99,6% құрды. Осы топта көрсетілген шығыс кредиттер бойынша сыйақылар төлеу жөнінде.

«Трансферттер» функциналдық тобы бойынша шығын орындауы 2448,1 мың теңге немесе жинақ қаржыландыру жоспарына 100,0% құрды. Осы топта нысаналы трансферттерді қайтару бойынша көрсетілген шығындар, 2018 жылы игерілмеген, нысаналы трансфертерді қайтару бойынша - 1524,4 мың теңге, Текелі қаласының өзін-өзі басқару органның трансфртері 923,0 мың теңге, нысаналы трансферт тер бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының мемлекеттік бюджетінен нысаналы трансферттер бюджеттен – 0,6 мың теңге.

2.3.2.Бюджеттік кредиттердің пайдалануын талдау

Текелі қаласының атқарушы органның  жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу бағдарламасы бойынша 15000,0 мың теңге және Текелі қаласының бюджеттен 15000,0 мың теңге бөлініп 100% орындалған.

2.3.3. Қаржы  активтерін сатып алуға жұмсалған шығындарды талдау

01.01.2018 ж. бухгалтерлік баланс бойынша активтер есепті жылдың басына 5995727,6 мың теңгені, жыл соңына 5483643,2 мың теңгені құраған, оның ішінде: негізгі қорлар 5477407,7 мың теңге, материалдық емес активтер 6235,5 мың теңге. Активтер 512084,4 мың теңгеге азайған.

2.3.4.Дебиторлық және кредиторлық берешекті талдау

Дебиторлық берешек 21818,5  мың теңге келісім-шарттар жасалуы 2018-2019 жылдар, оның ішінде:

- «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бойынша дебиторлық берешегі барлығы – 14439,5 мың теңге, соның ішінде: «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша – 10015,5 мың теңге «АИС» ЖШС-мен келісім-шартқа сәйкес ЖСҚ дайындауға 50 % алдын ала төлеу; «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы бойынша – 4424,0 мың теңге «Алтстройпроект» ЖШС-мен келісім-шартқа сәйкес, Чажа өзеніндегі көпірді күрделі жөндеу жұмысына ЖСҚ дайындауға 50 % алдын ала төлеу.

- «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бойынша дебиторлық берешегі барлығы – 7379,0 мың теңге. «Коммуналдық шаруашылықты дамыту» бағдарламасы бойынша 30 % алдын ала төлеу «ТС Индустрия» ЖШС-мен келісім-шартқа сәйкес ЖСҚ дайындау.

Кредиторлық берешек жоқ. 

ІІІ бөлім. Бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын бағалау

3.1. Аумақтық даму бағдарламасының жүзеге асырылуын  бағалау

Қаланың 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы қала мәслихатының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 31-189 шешімімен және қала әкімдігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 409 қаулысымен Текелі қаласының 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда бекітілді.

Қаланың 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттары негізінде бесжылдық кезеңге арналып әзірленеді. Аумақтарды дамыту бағдарламасы негізгі бағыттарды, мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, қажетті ресурстарды қамтиды.

Бағдарламаның 1 бағыты - Экономиканың дамуы

Мақсаттары:

- Өнеркәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

-Агроөнеркәсіп  субъектілерінің бәсекеге қабылеттігінің өсуіне жағдай жасау;

- Шағын және орта кәсіпкерлік пен сауданы дамыту;

- Инвестиция тарту мен инновацияны дамыту.

2 бағыт -   Әлеуметтік  сала

Мақсаттары:

- Білім сапасын және қол жетімділігін, балалардың заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ету. Жастардың азаматтық тұрғыда қалыптасуы және әлеуметтік өзін-өзі тәрбиелеуі үшін жағдай жасау;

- Халық денсаулығын жақсарту;

- Халықты жұмыспен қамту мен азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру;

- Халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу;

- Әлеуметтік деңгейді көтеру;

- Мәдениет саласының  бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

- Бұқаралық спортты  және туризм индустриясын тұрақты дамыту;

- Үш тілділікті дамытуға жағдай жасау.

3 бағыт. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Мақсаты - Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.

4  бағыт. Инфрақұрылым

Мақсаттары:

- Жеке тұлғалар мен ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануға көшуге жәрдемдесу;

- Тұрғын үй құрылысын дамыту;

- Көлік инфрақұрылымын жетілдіру;

- Коммуналдық сектордың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту.

5 бағыт. Экология мен жер ресурстары

Мақсаттары:

 - Аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту және жер ресурстарын тиімді пайдалану;

- Су, балық, орман және аңшылық шаруашылығының тұрақты дамуына жағдай жасау.

6 бағыт. Мемлекеттік басқару

Мақсаты- Кәсіби және құзыретті мемлекеттік қызметкерлер корпусын қалыптастыру.

2018 жылы өнеркәсіп саласында 20326,9 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі 112,7 пайызды құрады.

Ауылшаруашылығы саласында 3630,8 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Ауылшаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі 105,9 пайыз.

Шағын және орта кәсіпорындардың өндірген өнімдерінің көлемі 17287,8 млн. теңгені құрады.

Бөлшек тауар айналымы көлемінің нақты көлем индексі 100,1 пайыз.

Негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлем индексі 112,5 пайыз.

Жыл басынан қаланың барлық мәдениет үйі мен клубы белгіленген жоспар бойынша халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

Текелі қаласы жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын өткізуге 98,9 млн теңге бөлінген.

Аумақтық даму бағдарламасында 2018 жылы орындалуы тиіс 59 индикатор жоспарланған, оның 39 индикаторы орындалған.

3.2. Аумақтағы басқа да бағдарламалардың жүзеге асырылуын  бағалау.

«2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2018 жылдан кәріз жүйелерін және «Металлург» шағын ауданының магистральды жылу жүйелерін реконструкциялау жобалары жүзеге асырылуда. 2018 жылы - 1,8 км жылу жүйелері төселіп, 13,1 км кәріз жүйелері салынып, 289 жиынтық құдық құрастырылды. Жобаларды жүзеге асыру 2019 жылы жалғастырылады.

ІV бөлім. Жекелеген бағыттар бойынша нәтижеге жету.

4.1. Бюджеттік инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау.

2018 жылы негізгі капиталға 6577,1 млн. теңге инвестиция тартылды. Бюджеттен тыс инвестициялар үлесі 79,5 % немесе 5226,3 млн. теңгені құрады.

Негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлем индексі 2018 жылы 112,5 %- ға орындалды.

Әлеуметтік сала бойынша:

- 2018 жылға 849,1 млн. теңге жоспарланып, 1043,0 млн. теңге игерілді.

Инфрақұрылым бойынша:

2018 жылға 894,7 млн.теңге жоспарланып, 893,6 млн. теңге игерілді.

4.2 Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау

2018 жылы қаланың   нақтыланған  бюджет  жоспарымен  жыл басындағы 48574,9 мың  теңге бос  қалдық қаржысы есебінен қаржылық жұмсаулар қарастырылып, бюджеттік бағдарлама әкімгерлері бойынша өзгерістер жасалынған. 

Ал 2018 жылы бюджеттің нақтыланған шығын жоспары 3563892,0 мың теңге, кассалық шығындары 3535314,2 мың теңге, немесе 99,2%.

4.3. Мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігін бағалау

01.01.2018 ж. бухгалтерлік баланс бойынша активтер есепті жылдың басына 42622,4 мың теңгені, жыл соңына 10680196,0 мың теңгені құраған, оның ішінде: негізгі қорлар 7648979,5 мың теңге, материалдық емес активтер 5302,3 мың теңге. Активтер 320190,7 мың теңгеге  көбейген. Қаржы  активтерін сатып алуға 2018 жылы бюджеттен қарастырылмаған.

4.4. Квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалау

01.01.2019 жылға ауданға қарасты 9 мемлекеттік кәсіпорындар тіркелген. Соның ішінде: 4 бала-бақша, 1 жеке бала-бақша, 1 балалар шығармашылық орталығы, 1 балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығы, 1 мәденеиет үйі, қалалық газет редакциясы «Текелі тынысы» ЖШС (мемлекеттік үлесі 50%).

Білім саласына  қарасты  мектепке дейінгі және оқытуды (5 бала-бақша) қаржыландыруға  2018 жылы  бекітілген    бюджет  мың   теңге  болса, нақтыланған бюджетпен 265765,0 мың теңге  қаржы  қаралған. Бюджеттің атқарылу барысы бойынша жыл соңына кассалық шығыс 265765,0 мың теңгені құраған немесе игерілуі 100%. 5 бала-бақша 870 орынға арналған, ата-анадан 67688,0  мың теңге түскен.

Білім  саласына қарасты  балаларға қосымша білім беру (1 балалар шығармашылық орталығы) 2018 жылы бекітілген бюджет 23276,0 мың   теңге болса, нақтыланған бюджетпен 23276,0 мың теңге  қаржы  қаралған. Бюджеттің атқарылу барысы бойынша жыл соңына кассалық шығыс 23276,0 мың теңгені құраған немесе игерілуі 100%.  Өнер мектебінде 820 бала білім алып, ата-анадан 12176,0 мың теңге түскен.

Білім  саласына қарасты кәсіптік  оқытуды  ұйымдастыруға (1 балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығы,) 2018 жылы  бекітілген бюджет 30871,0 мың теңге болса, нақтыланған бюджетпен  30871,0 мың теңге  қаржы  қаралған. Бюджеттің атқарылу барысы бойынша жыл соңына кассалық шығыс 30871,0 мың теңгені құраған немесе игерілуі 100%. 1 балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығы, 540 бала білім алып, ата-анадан 24472,0 мың теңге түскен.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық саласында 2019 жылдың              1 қаңтарына қалалық мәдениет үйі және қалалық газет редакциясы «Текелі тынысы» ЖШС  жұмыс атқарады.

Жалпы 2018 жылы Текелі қаласының бюджеттен осы салаларға бекітілген жоспар 48254 мың   теңге  болса, нақтыланған бюджетпен 48254 мың теңге  қаржы  қаралған. Бюджеттің атқарылу барысы бойынша жыл соңына кассалық шығыс 48254 мың теңгені құраған немесе игерілуі 100,0% болды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін бағалау

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес 2018 жылы қала мекемелеріне Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы  тарапынан 19 мемлекеттік мекемелер мен 8 мемлекеттік кәсіпорындарда аудит жүргізілді. Аудит қорытындыларымен төмендегі мекемелер мен кәсіпорындарда қаржылық бұзушылықтар анықталды:

- «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» ММ бойынша 28,1 мың теңге;

- «Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ бойынша 19,9 мың теңге;

- «Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасы» КММ бойынша 21,6 мың теңге;

- «Текелі қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бойынша 208,9 мың теңге;

- «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бойынша 36,1 мың теңге;

- «Текелі қаласының әкімі аппараты» ММ бойынша 690,1 мың теңге;

- «Текелі қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бойынша 808,9 мың теңге;

- «Текелі қаласының бойынша 30798,0теңге;

- «Текелі қаласының №2 балабақшасы» МҚККбойынша 19782,0 теңге.

Аудит қорытындыларымен төмендегі мекемелер мен кәсіпорындарда қаржылық бұзушылықтар бойынша жергілікті бюджет есебіне өтеулер мен қалпына келтірулер жасалды.

Анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтары қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамалардың талаптары бұзылғаннан орын алған.

V бөлім. Қорытынды бөлік

  1.  

1. 2018 жылы қала бюджетініңхалықтың әлеуметтік мәселелерін қамту бағытындағы көрсеткіштеріорындалған, бюджеттік инвестициялардың игерілуі, түпкілікті нәтижеге қол жеткізу, құрылыс салу нысандарын жоспарланған мерзімде пайдалануға берілген.

2. Қаланың  2018 жылдағы аумақтық даму бағдарламасында көзделген     20 индикаторлары толық орындалмаған.

 3. Қала бюджеті параметрлерінің түзетілуіне және нақтыланылуына қарамастан, шығыс бөлігі бойынша бюджеттік қаражаттардың  28577,8 мың теңге сомасы игерілмеген.

 4. Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің уақыттылық принциптерін сақталмай қала бюджетінің түсімдер бойынша 2721,0 мың теңге сомасына берешегі бар.

 5. Қалалық бюджеттің атқарылу қорытындысы бойынша 21818,5 мың теңге сомасына дебиторлық берешекке жол берілген.

6. Бақылау іс-шараларының қорытындылары айқындалған бұзушылықтар жергілікті бюджет қаражаттарын және мемлекет активтерін пайдаланған кездегі қаржылық тәртіптің шын мәнінде әлсіздігін, уәкілетті органдар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті бюджет қаражаттарын пайдаланғанда тікелей бақылау объектілері басшыларының тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігін,  сондай-ақ лауазымды тұлғалармен бюджеттік қаражаттарды пайдаланған кезде қолданыстағы бюджет заңнамасы нормаларының сақталмауын куәландырады.

7. Бюджетке түсетін түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган өзі әкімшілік жасайтын түсімдердің толық және уақытында түсуін өз дәрежесінде жүзеге асырмаған.

8. 2018 жылы қалалық бюджеттің негізгі параметрлері толықтай жүзеге асып, мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 9. Қалада жыл нәтижесі бойынша жалпы әлеуметтік-экономикалық дамудың макроэкономикалық тұрақтылық сақталған.

5.2. Ұсынымдар

Текелі қаласының әкімдігіне, бюджеттік бағдарламалар  әкімшілеріне ұсынылады:

1.Жергілікті бюджетті кірістер және шығыстар бойынша қалыптастыру және атқару кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және өзге заңнамалары басшылыққа алуды.

2. Қандай да болсын түсімдер мен шығыстарды бюджеттің жобасына енгізу қажеттілігін айқындайтын бюджеттік жүйе қағидаттарының, нормативтік құқықтық актілердің және өзге құжаттардың негізінде жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін жоспарлау және олардың көлемінің негізділігі, сондай-ақ бюджеттік қаражатты және мемлекет активтерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асыруға.

3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларда, аумақты дамыту бағдарламасында жоспарланған тура және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөнінде шаралар қабылдауға.

4. Дебиторлық  берешектерді жою, алдағы уақытта  жол бермеу жұмыстарын жандандыруға.

5. Қаржы жылға жоспарланған жұмыстарды уақытында аяқтау

6. Бюджетке түсетін түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган өзі әкімшілік жасайтын түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етуін және олардың түсуіне, түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу шотына есепке жатқызылуына мониторингті жүзеге асыруын қадағалауға.

7.Қаланың 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасында көзделген индикаторлар көрсеткіштеріне жоғары дәрежеде қол жеткізу бойынша жұмыстар жүргізу.

 

Есепке қосымшалар:

1. Текелі қаласының 2018 жылға арналған аумақтық даму бағдарламасының орындалуы туралы мәлімет №1-қосымша.

2. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы  тарапынан 2018 жылы Текелі қаласы мекемелері мен кәсіпорындарында жүргізілген аудит қорытындыларымен анықталған қаржылық бұзушылықтар №2-кесте.

 

Бас маман-мемлекеттік аудитор                                Ж. Үсенбаев

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ