Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Экспертно-аналитические мероприятия

Кегенский район

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 28.03.2019
Просмотры: 433 Печать страницы

 

 

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының

төрағасы

М. Мұсаев________________

 

ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 

      

Талдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджеттің жоспарлануы және атқарылуы, аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылу мәселесі бойынша тиімділігін бағалау.

 Талдау объектілері:

«Кеген ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.        

«Кеген ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Талдаумен қамтылған кезең: 2018 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың желтоқсанын қоса алған кезең.

Негізгі (талдамалық) бөлік

«Кеген ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде

Кеген ауданының «2018 жылға арналған бюджеті» 8  тамыз 2018 жылғы   №5-18 санды аудандық мәслихаттың шешімі негізінде және Кеген ауданы әкімінің 20 тамыз 2018 жылғы №72 қаулысына сәйкес төмендегі көлемде:

Аудан бюджетінің кірісі мен шығысы барлығы  – 4 523 441,0 мың теңге болып бекітілген.

Облыстық бюджеттен алынатын ресми трансферттер барлығы – 4 482 033,0 мың теңге болып, аудан бюджетінің 99% құрады. Соның ішінде:

- облыстық бюджеттен ағымдағы трансферттер – 4275137,0 мың теңгеге қарастырылған;

- облыстық бюджеттен қаралған даму трансферттері – 206896,0 мың теңге.

Жыл ішінде бекітілген аудан бюджетіне 1 рет бюджеттің атқарылуы барысында облыстық, аудандық мәслихаттар шешімдерімен, жергілікті атқарушы органның шешімдері мен қаулыларымен бекітілген жоспары нақтыланып, толықтырулар мен өзгерістер енгізілген жиынтық жоспарының көлемі 1 қаңтар 2018 жылға 6 753 433,0 мың теңге болды немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 2 229 992,0 мың теңгеге қосымша қаржы бөліну арқылы көбейген. Облыстық бюджеттен алынатын ресми трансферттер барлығы  2 158 584,0 мың теңге болып, аудан бюджетінің 98% құраса, жыл басындағы бекітілген бюджетпен салыстырғанда 2 323 449,0 мың теңгеге азайды, азайған сома Райымбек ауданына ауыстырылды.

Бюджет кодексінің 4 бабының 12 тармағына сәйкес тиімділік принципі - бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу болып табылады.

2018 жылы бюджеттің нақтыланған шығын жоспары 2 490 460,0 мың теңге, кассалық шығындары 2 490 448,7 мың теңге, немесе 99,9%.

2018 жылдың соңына 11,3 мың теңге аудандық бюджет қаражаты игерілмеген, соның ішінде:

- 0,9 мың теңге мекемелерден аз мөлшерден жиналған шоттағы қалдық;

- 4,1 мың теңге Кеген ауылдық округі бойынша көше жарығының жұмысының жоқтығына байланысты;

- 1,5 мың теңге Ұзынбұлақ ауылдық округі бойынша екі аудан бөлінген кезінде толық аударылым жасалмаған;

- 2,0 мың теңге Шырғанақ ауылдық округі бойынша салық түспеуіне байланысты;

- 2,8 мың теңге жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету.

Кеген ауданының ауылдық округтері бойынша дебиторлық берешек 1139,4 мың теңгені құрады, осының ішінде:

- еңбек ақы бойынша 249,8 мың теңге;

- әлеуметтік салық 14,3 мың теңге;

- әлеуметтік сақтандыру 6,9 мың теңге;

- еңбек ақы тех персонал 40,8 мың теңге;

- әлеуметтік сақтандыру 46,5 мың теңге;

- іс-сапар шығыны тех персонал 14,2 мың теңге;

- коммуналдық шығындар 317,8 мың теңге;

- байланыс қызметіне 399,8 мың теңге;

- өзгеде қорлар 7,0 мың теңге;

- іс-сапар шығыны 42,3 мың теңге.

Кеген ауданының ауылдық округтері бойынша кредиторлық берешек  302,3 мың теңгені құрады, оның ішінде:

- еңбек ақы бойынша 30,8 мың теңге;

- әлеуметтік салық 44,7 мың теңге;

- әлеуметтік сақтандыру 19,9 мың теңге;

- медициналық сақтандыру 6,2 мың теңге;

- еңбек ақы тех персонал 13,5 мың теңге;

- іс-сапар шығыны тех персонал 41,8 мың теңге;

- коммуналдық шығындар 36,3 мың теңге;

- байланыс қызметіне 35,0 мың теңге;

- іс-сапар шығыны 74,1 мың теңге.

01.08.2018 ж. бухгалтерлік баланс бойынша активтер есепті жылдың басына 289 125,9  теңгені, жыл соңына 2 187 040,0 мың теңгені құраған, оның ішінде: негізгі қорлар 1 690 660,1 мың теңге, материалдық емес активтер            91 440,4 мың теңге. Активтер 1 608 186,3 мың теңгеге көбейген.

«Кеген ауданының ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» Кеген аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 тамыздағы    №7-23 шешімін іске асыру туралы 2018 жылдың №11-35 шешіміне сәйкес ауылдық округтердің бюджеті 481 677 мың болып бекітілген.

Кеген ауданында 12 ауылдық округтер бар, оның ішінде 7 ауылдық округтер 4 деңгейлі бюджетке көшірілген,  осы 7 ауылдық округтер бойынша бюджетінің меншік өз кірісі – 73 364 мың теңге немесе ол аудан бюджетінің 61 пайызын құраса, қалғаны 408 313 жоғары тұрған бюджеті есебінен берілген трансферттерден берілген;

- облыстық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер барлығы –                 4 482 033 мың теңге болып, аудан бюджетінің 99 пайызын құраған, осынын ішінде:

- облыстық бюджеттен ағымдағы трансферттер – 4 275 137 мың теңгеге қарастырылған.

- облыстық бюджеттен қаралған даму трансферттері – 206 896 мың теңге.

«Кеген ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  мемлекеттік мекемесінде

Кеген ауданының 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы Кеген ауданы мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсан  № 11-40 шешімімен бекітіліп, Кеген ауданы әкімінің 2019 жылғы  қантардағы  № 1 қаулысымен Кеген ауданы бойынша 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда бекітілді.

Кеген ауданының 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы  мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттары негізінде бесжылдық кезеңге арналып әзірленеді.

Аумақтарды дамыту бағдарламасы негізгі бағыттарды, мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, қажетті ресурстарды қамтиды.

Аумақтық даму бағдарламасында 2018 жылы орындалуы тиіс 11  индикатор жоспарланған, оның 10 индикаторы орындалған. Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем индексі жоспармен 100% болса, нақты орындалуы     99% болған, орындалмау себебі өңдеу өнеркәсібі  негізінен үй шаруашылығындағы жеке адамдардың өндірген өнімінен есептелуімен байланысты.

Қабылданған шаралар

Қабылданған шаралар болған жоқ.

Талдау  қорытындысы бойынша тұжырымдар

1. Кеген ауданының 2018 жылы бюджеттің нақтыланған шығын жоспары 2 490 460,0 мың теңге, кассалық шығындары 2 490 448,7 мың теңге, немесе 99,9% орындалған.

2. Ауданның 2018 жылдағы аумақтық даму бағдарламасында көзделген     индикаторлары орындалған.

3. Аудан бюджеті параметрлерінің түзетілуіне және нақтыланылуына қарамастан, шығыс бөлігі бойынша бюджеттік қаражаттардың 11,3 мың теңге сомасы игерілмеген.

4. Аудандық бюджеттің атқарылу қорытындысы бойынша 1 139,4 мың теңге сомасына дебиторлық берешекке,  302,3 мың теңге кредиторлық берешекке жол берілген.

        5. 2018 жылы негізгі капиталға 4,2 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бюджеттен тыс инвестициялар үлесі 26,2 % немесе 1,1 млрд. теңгені құрады.

Негізгі капиталдағы  инвестициялардың  нақты  көлем  индексі 2018 жылы  140,3 %- ға орындалды.

6. 2018 жылы аудандық бюджеттің негізгі параметрлері толықтай жүзеге асып, мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

7. Ауданда жыл нәтижесі бойынша жалпы әлеуметтік-экономикалық дамудың макроэкономикалық тұрақтылық сақталған.

Талдау қорытындысы бойынша ұсынымдар

Кеген ауданының әкімдігіне, аудандық бюджеттік бағдарламаларәкімшілеріне ұсынылады:

1. Жергілікті бюджетті кірістер және шығыстар бойынша қалыптастыру және атқару кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және өзге заңнамалары басшылыққа алуды.

2. Қандай да болсын түсімдер мен шығыстарды бюджеттің жобасына енгізу қажеттілігін айқындайтын бюджеттік жүйе қағидаттарының, нормативтік құқықтық актілердің және өзге құжаттардың негізінде жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін жоспарлау және олардың көлемінің негізділігі, сондай-ақ бюджеттік қаражатты және мемлекет активтерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асыруға.

3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларда, аумақты дамыту бағдарламасында жоспарланған тура және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөнінде шаралар қабылдауға.

4. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджет, зейнетақы және басқа да қорларалдындағы тиісті төлемдерді уақытылы аударылуын қамтамасыз ете отырып, дебиторлық берешектерді жою, алдағы уақытта жол бермеу жұмыстарын жандандыруға.

5. Бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету.

           

Тексеру комиссиясының мүшесі                           Ж. Ноғайбеков

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ