Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Новости
Новость
Категория: Новости | |
Дата: 11.06.2020 | |
Просмотры: 1305 | Печать страницы |
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 51-бабының талабына сәйкес Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясымен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) 2019 жылғы бюджеттің атқарылуы бойынша есептері (қорытындылары) әзірленді. Есептер дайындау кезінде бюджеттің орындалуы бойынша тиісті уәкілетті органдардың айлық және жылдық есептері, аудиторлық және сараптамалық талдау іс-шараларының нәтижелері және тексеру комиссиясының тиісті сұраулары бойынша жергілікті атқарушы органдардан алынған мәліметтер, өңірдің дамуы бойынша статистикалық есептер қолданылды.
Есептерде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) 2019 жылға арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне, бюджеттің атқарылуына талдау, дамыту бағдарламасының іске асырылуына, бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігіне және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне бағалау жүргізілді.
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің атқарылуы бойынша келесілер анықталды: Бюджет параметрлерінің бірнеше рет түзетілуіне және нақтыланылуына қарамастан, шығыс бөлігі бойынша бюджеттік қаражаттар аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) толық игерілмеген.
Іле ауданында 652150, 9 мың теңге (бюджеттің орындалуы 99,5%), Алакөл ауданында 94040, 4 мың теңге (99,4%), Талдықорған қаласында 78568,9 мың теңге (99,8%), Талғар ауданында 61202, 8 мың теңге (99,8%), Еңбекшіқазақ ауданында 48387, 7 мың теңге (99,9%), Қарасай ауданында 37334,9 мың теңге (99,9%), Қаратал ауданында 30813,3 мың теңге (99,6%), Текелі қаласында 26292,3 мың теңге (99,4%), Сарқан ауданында 25093,3 мың теңге (99,7%), Қапшағай қаласында 23422,4 мың теңге (99,8%), Жамбыл ауданында 18213,1 мың теңге (99,9%), Ескелді ауданында 18348,6 мың теңге (99,8%), Ұйғыр ауданында 15822,0 мың теңге (99,9%), Панфилов ауданында 15517,5 мың теңге (99,9%), Балқаш ауданында 11321,4 мың теңге (99,9%), Кеген ауданында 9226,9 (99,9%) мың теңге, Кербұлақ ауданында 7556,5 мың теңге (99,9%), Көксу ауданында 5941,0 мың теңге (99,9%), Райымбек ауданында 4321,8 мың теңге (99,97%), Ақсу ауданында 1687,6 мың теңге (99,98%) игерілмеген.
Негізгі игерілмеген қаражатқа тоқталатын болсақ, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша игерілмеген қаражаттың 55 пайызы Іле ауданы құрады. Аудан бойынша 652150,9 мың теңгенің 555800,0 мың теңгесін бюджеттік алулар құрады, атап айтқанда, көрсетілген сома жоғарғы (облыстық) бюджетке жыл қорытындысы бойынша түспеді. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша Ұлттық қор есебінен берілген нысаналы трансферттің 52230,0 мың теңгесі игерілмеді. Алакөл ауданындағы тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге бөлінген қаражаттың 80672,0 мың теңгесі игерілмеген. Талдықорған қаласы бойынша К.Ушинский атындағы № 7 орта мектепті күрделі жөндеуге бөлінген 77027,1 мың теңге сот шешімі бойынша мердігер жосықсыз деп танылып, игерілмеді.
Талғар ауданына Ұлттық қор есебінен еңбек нарығын дамытуға берілген нысаналы трансферттің 52052,2 мың теңгесі қайта даярланатын мамандар санының азаюына байланысты игерілмеген. Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы Абылайхан атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жүргізу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге бөлінген 13808,5 мың теңге мемлекеттік сатып алу қорытындысы есепті кезеңде шықпағаны себепті игерілмеді. Ал еңбек нарығын дамытуға берілген нысаналы трансферттің 20807,3 мың теңгесі қайта даярланатын мамандар санының азаюына байланысты игерілмеген.
Жалпы аудандарға (облыстық маңызы бар қалаларға) жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша Ұлттық қор есебінен еңбек нарығын дамытуға берілген нысаналы трансферттің 235660,3 мың теңгесі қайта даярланатын мамандар санының азаюына байланысты игерілмеген.
Дебиторлық берешектер бойынша аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) келесілер айқындалды. Райымбек ауданында 53619,3 мың теңге, Сарқан ауданында 36234,8 мың теңге, Ескелді ауданында 63835,1 мың теңге, Еңбекшіқазақ ауданында 39633,9 мың теңге, Панфилов ауданында 82515,5 мың теңге, Текелі қаласында 15407,4 мың теңге, Жамбыл ауданында 11611,6 мың теңге, Көксу ауданында 4707,0 мың теңге, Қарасай ауданында 104333,5 мың теңге, Талғар ауданында 9909,8 мың теңге, Алакөл ауданында 37856,2 мың теңге, Ақсу ауданында 36024,4 мың теңге, Қаратал ауданында 19057,6 мың теңге, Ұйғыр ауданында 37895,5 мың теңге, Балқаш ауданында 10037 мың теңге, Кеген ауданында 4138,2 мың теңге, Қапшағай қаласында дебиторлық берешек 4939,3 мың теңге, Іле ауданында дебиторлық берешек 131,1 мың теңге, Кербұлақ ауданында дебиторлық берешек 33244,9 мың теңге.
Алматы облысы тексеру комиссиясының тарапынан дебиторлық және кредиторлық берешектерді жою туралы ұсынымдар болғанымен жыл сайын есепті кезең бойынша бұл кемшіліктер қайталануда. 2019 жылы әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бөлінген тиімсіз пайдаланылған облыс бойынша бюджет қаражатының және мемлекеттік активтер сомасы 1 212 532,6 мың теңгені құрады.
2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасына тоқталатын болсақ, 2019 жылдың қорытындысы бойынша төменде көрсетілген аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бағдарламаларында көзделген индикаторлары толық орындалмаған. Райымбек, Сарқан, Ескелді, Еңбекшіқазақ, Панфилов аудандарында және Текелі қаласында 6 индикатордан, Жамбыл, Көксу аудандарында 5 индикатордан, Қарасай, Талғар, Алакөл, Ақсу аудандарында 3 индикатордан, Қаратал ауданында 2 индикатордан, Ұйғыр, Балқаш, Кеген аудандарында және Талдықорған қаласында 1 индикатордан түпкілікті нәтежиеге қол жеткізілмеген.
Жоғарыда айтылған кемшіліктерге қарамастан 2019 жылғы аудандардың (облыстың маңызы бар қалалардың) бюджеттерінің негізгі параметрлері жүзеге асып, мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жыл нәтижесі бойынша жалпы әлеуметтік-экономикалық дамудың макроэкономикалық тұрақтылығы сақталған. Алматы облысы аудандарының (облыстық маңызы бар қалаларының) 2019 жылғы бюджеттердің атқарылуы туралы есептері бойынша тексеру комиссиясымен келесі ұсынымдар жасалды:
- қандай да болсын түсімдер мен шығыстар бюджеттің жобасына енгізу қажеттілігін айқындайтын бюджеттік жүйе қағидаттарының, нормативтік-құқықтық актілердің және өзге де құжаттардың негізінде жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін жоспарлау және олардың көлемінің негізділігі, сондай-ақ, бюджеттік қаражатты және мемлекет активтерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асыруға;
- бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларда, аумақты дамыту бағдарламасында жоспарланған тура және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі шараларды қабылдауға; дебиторлық берешекті жою, алдағы уақытта жол бермеу жұмыстарын жандандыруға;
- қаржы жылға жоспарланған жұмыстарды уақытылы аяқтауға; бюджетке түсетін түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган өзі әкімшілік жасайтын түсімдердің толықтығы мен уақытылығын қамтамасыз етуін және олардың түсуіне, түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу шотына есепке жатқызылуына мониторингті жүзеге асыруын қадағалауға;
- 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасында көзделген индикаторлар көрсеткіштеріне жоғары дәрежеде қол жеткізу бойынша жұмыстар жүргізуге.
Қанат МАНАМҰРАТОВ,
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі