Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Новости

Мемлекеттік аудит қатысушыларымен ZOOM жүйесі арқылы өткізілген техникалық оқу

Категория: Новости
Дата: 18.06.2021
Просмотры: 1314 Печать страницы
Мемлекеттік аудит қатысушыларымен ZOOM жүйесі арқылы өткізілген техникалық оқу

Мемлекеттік аудит қатысушыларымен ZOOM жүйесі арқылы өткізілген техникалық оқу бойынша жиналыстың

ХАТТАМАСЫ

        Талдықорған қаласы                                                             18 маусым 2021 жыл

                                                                                                       сағ: 11-00

        Төрағалық еткен: комиссия мүшелері Қ.Манамұратов, Б.Мұхамеджанов

        Қатысқандар: Алматы облыстық мәслихат аппараты басшысының орынбасары С.Нұрахметов,аппарат басшысы-тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілі А.Жаншабай,бөлім басшылары–мемлекеттік аудиторлар Н.Қалкаев, А.Қадір, Қ.Есенаманов, бас маман-мемлкеттік аудиторлар - Қ.Дайырбеков, С.Желдібаев, Е.Өтегенов, Б.Жұмашев, А.Сәді, Ж.Шағжанов, Г.Кожагулова, Н.Нұрғалық, Ж.Дәрембекова, Г.Назырова, Б.Орманов, М.Ботабеков, Ғ.Төребеков, С.Елубаева, Қ.Молдашев, С.Шигамбаева және жетекші маман-мемлекеттік аудиторлың ассистенті М.Нұрғожаев.

Күн тәртібі:

     Алакөл,Сарқан аудандарының және Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесінде жергілікті бюджетті жоспарлау жаәне орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілетін аудиторлық іс-шаралар бойынша негізгі кезең алдында мемлекеттік аудит тобының қатысушыларына техникалық сабақ(нұсқама) өткізу.

 Тыңдалды:

      Сөз алған: Қ.Манамұратов Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін мемлекеттік аудит жүргізу барысында қатаң сақтауды тапсырды.

     Қазақстан Республикасының барлық заңнамаларының талаптарын орындау керектігін айтты.

     Мемлекеттік аудит топтарының жетекшілеріне мемлекеттік аудит жүргізу барысында мемлекеттік аудиторлардың қызметттік міндеттерін орындамаған жағдайлары және атқарушылық еңбек тәртібінің бұзылуы орын алған жағдайда жедел түрде ақпарат беру керектігі ескертілді.

     Сөз алған: Б.Мухамеджанов мемлекеттік аудит жүргізу барысында мемлекеттік аудиторларға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттары талаптарының толық сақталуын , сырткы мемлекеттік аудит жүргізу барысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңмен,қағидамен,рәсімдік стандарттармен және методикалық басшылықтарды негізге ала отырып белгіленген талаптарға сәйкес аудит нәтижелерін қалыптастыруды тапсырды.

        Мемлекеттік аудит жүргізу барысында мемлекеттік аудит объектілерінің қызметкерлерімен іскерлік қарым-қатынас орнатып сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол бермеу керектігін атап айтты.

        Сөз алған: С.Нұрахметов мемлекттік аудит  объектілерінің қызметкерлерімен іскерлік қарым-қатынас орнатып сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерінің алды алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негіз қалаушы буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олырдың пайда болуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді айқындау және сыбайлас жемқолыққа жол бермеу керектігі айтылды.

       Сөз алған: А.Жаншабай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларының толық сақталуын қамтамасыз етулері қажет екендігін айтты.

      Елімізде орын алып отырған карантиндік жағдайға байланысты шектеулерді сақтауды тапсырды.

       Сонымен қатар аудит объектісінде, қоғамдық орындарға жат әдеттен аулақ болып, жұмыс тәртібін сақтап, тапсырылған жұмысты уақытында аяқтау керектігіне және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісін болдырмауға ерекше көңіл аудару керектігін айтылды.

 

             Жиналыста төрағалық еткен                                    Қ.Манамұратов

                                                                                                      Б.Мұхамеджанов

             Хатшы                                                                           Ұ.Сыдықан

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ