Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Новости
Сарқан ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау
Категория: Новости | |
Дата: 27.08.2021 | |
Просмотры: 1307 | Печать страницы |
БАЯНДАМА
Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Сарқан ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына 2021 жылдың 21 маусымынан 09 шілдесі аралығында мемлекеттік аудит іс-шара жүргізілді.
Аталған аудиторлық іс-шарамен Сарқан ауданы бойынша 23 мемлекеттік мекемеде, 1 коммуналдық мемлекеттік мекемеде мемлекеттік аудит жүргізіліп, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 31 желтоқсаны аралығындағы кезең қамтылды.
Сарқан ауданының аудит обьектілерінде аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 7 762 447,8 мың теңге қаражат қамтылып, 45 686,5 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды оның ішінде: бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған бұзушылықтар – 12,3 мың теңге, қаржылық бұзушылықтар – 45 674,2 мың теңге.
Сонымен қатар 3 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
Аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне 925,1 мың теңгесі өндірілген және есептілік бойынша 44 702,6 мың теңге қалпына келтірілген, олар:
- «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 121,2 мың теңге негізсіз сыйақы төленген және 355,5 мың теңге кредиторлық қарызы бойынша бухгалтерлік баланстың кредиторлық берешек ретінде көрсетілмеген;
- «Сарқан ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 115,9 мың теңге негізсіз сыйақы төленген;
- «Алматы облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 53,8 мың теңге еңбекақы және 78,3 мың теңге көлемінде негізсіз сыйақы төленген, сонымен бірге жалға алушы 2020 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында қолданылған электр жүйесіне 12,3 мың тенге төлемеген;
- «Сарқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 122,7 мың теңге көлемінде негізсіз еңбекақы төленген;
- «Сарқан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бойынша 132,5 мың теңге негізсіз сыйақы төленген;
- «Сарқан аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жалпы сомасы 46,5 мың теңге қаражатты қайтару қамтамасыз етілмеген, сонымен бірге 96,6 мың тенге тұрақсыздық айыппұл бюджет есебіне өндірілмеген;
- «Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 1312,9 мың теңге сомасында жобалық-сметалық қүжаттамасы мекеменің теңгеріміне алынбағаны анықталды.Сонымен бірге, 50,9 мың теңге іссапар шығындарының артық өтелген;
- «Сарқан ауданының Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 822,0 мың теңге сомасында жобалық-сметалық қүжаттамасын дайындау шығындары мекеменің теңгеріміне алынбаған;
- «Cарқан ауданының Аманбөктер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 88,1 мың теңге төленбеген іс-сапар шығындарының жылдық бухгалтерлік есепте кредиторлық қарыз ретінде көрсетілмеген;
- «Сарқан ауданының Амангелді ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 41,6 мың теңге еңбекақы негізсіз төленген;
- «Сарқан ауданының Бақалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 27,4 мың теңге еңбекақының артық төленген;
- «Cарқан ауданының Екіаша ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 1000,0 мың теңге жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау сомасы мекеменің теңгеріміне алынбаған;
- «Cарқан ауданының Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 29,2 мың теңге іс-сапар шығындарының артық төленген;
- «Cарқан ауданының Қарашыған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 5,2 мың теңгені құрайтын тұрақсыздық айыппұлды өндіріп алуды қамтамасыз етілмеген;
- «Сарқан ауданының Қойлық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 2019 жылы 94,0 мың теңгенің, 2020 жылы 109,8 мың теңгенің кредиторлық берешек ретінде және 2020 жылдары 129,5 мың теңгенің дебиторлық берешек ретінде бухгалтерлік баланстың дебиторлық берешек ретінде көрсетілмеген;
- «Cарқан ауданының Черкасск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 138,1 мың теңгенің дебиторлық қарызы бухгалтерлік баланстың дебиторлық берешек ретінде көрсетілмеген;
- «Cарқан ауданы әкімдігінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 49,8 мың теңгеге еңбекақының артық төленген;
- «Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Сарқан ауданы Бақалы, Көкөзек және Алмалы ауылдарында спорт аландарың орнату және жайластыру обьектісі бойынша келісім шарттардың жалпы соммасынан 40652,7 мың теңгеге жұмыс көлемдерінің орындалмағаны анықталды.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң «Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесіне әкімшілік жаза қолдану мақсатында барлығы 12 материал жіберіліп, аудит обьектілерінің 10 лауазымды тұлғаларына Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 583,4 мың теңге, 207 бабының 16 тармағына сәйкес жалпы сомасы 175,0 мың теңге, 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес 43,8 мың теңге айыппұл бюджетке төленді.
Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзушылықтары бойынша 8 аудит обьектісінің 8 жауапты тұлғасына ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Сонымен бірге, «Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде анықталған қаржылық бұзушылықтар бойынша құқықтық баға беру мақсатында және процессуалдық шешім қабылдау үшін аудит обьектісінің материалдары тиісті құқық қорғау органына жолдауға ұсынамын.
Назарларыңызға Рахмет!