Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Новости
Пресс Релиз Кеген
Категория: Новости | |
Дата: 29.03.2019 | |
Просмотры: 1383 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының Кеген ауданы бойынша жергілікті бюджетінің 2018 жылғы атқарылуы туралы (Жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды) есебінің іске асырылу мәселесі бойынша
ПРЕСС РЕЛИЗ
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V Заңының 51-бабына сәйкес Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясымен (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) 2018 жылға арналған Кеген ауданының бюджетінің атқарылуы туралы есебіне (бұдан әрі – Есеп) қорытынды есебі әзірленді.
Есептің бірінші бөлімінде Кеген ауданының 2018 жылға арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қысқаша талдамасы көрсетілген.
Есептің екінші бөлімінде Кеген ауданының бюджеттің атқарылуына талдау жүргізілген. Бөлімде кіріс түсімдері, салықтық және салықтан тыс түсімдер, түсімдер бойынша бересілер, шығындардың орындалуы, мемлекеттік қаржылық активтерді сатып алу, аудандық бюджеттің дебиторлық және кредиторлық берешектері, аудандық бюджеттің тапшылығын (профицитті) қаржыландыру және оның қаржыландыру көздері бойынша талдау деректері көрсетілген.
Үшінші бөлімде Кеген ауданының дамыту бағдарламасының іске асырылуына бағалау жүргізілді.
Төртінші бөлімде бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігіне және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне бағалау жүргізілді.
Кеген ауданы бойынша жергілікті бюджетінің 2018 жылғы атқарылуы туралы қортынды есебі Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қауылысымен бекітілді және қорытынды есеп Кеген ауданы бойынша мәслихатына жіберілді.