Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Новости
Пресс релиз Кербұлақ ауданы
Категория: Новости | |
Дата: 01.04.2019 | |
Просмотры: 1471 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының Кербұлақ ауданы бойынша жергілікті бюджетінің 2018 жылғы атқарылуы туралы (Жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды) есебінің іске асырылу мәселесі бойынша
ПРЕСС РЕЛИЗ
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V Заңының 29 – бабына сәйкес Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы-мен (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) 2018 жылға арналған Кербұлақ ауданының бюджетінің атқарылуы туралы есебіне (бұдан әрі – Есеп) қорытынды есебі әзірленді.
Есептің бірінші бөлімінде Кербұлақ ауданының 2018 жылға арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қысқаша талдамасы көрсетілген.
Есептің екінші бөлімінде Кербұлақ ауданының бюджеттің атқарылуына талдау жүргізілген. Бөлімде кіріс түсімдері, салықтық және салықтан тыс түсімдер, түсімдер бойынша бересілер, шығындардың орындалуы, мемлекеттік қаржылық активтерді сатып алу, аудандық бюджеттің дебиторлық және кредиторлық берешектері, аудандық бюджеттің тапшылығын (профицитті) қаржыландыру және оның қаржыландыру көздері бойынша талдау деректері көрсетілген.
Үшінші бөлімде аудит және талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша Кербұлақ аудандық бюджеттің негізгі параметрлерінің орындалуын бағалау, соның ішінде Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің принциптеріне сәйкес, жергілікті мемлекеттік органдармен тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуін, Қазақстан Республикасы заңнамасына аудандық бюджет қаражаттарының пайдаланылуын бағалау ұсынылған.
Төртінші бөлім аудит объектілерімен бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда, бюджеттік және өзге де заңнамаларды сақтау бойынша Тексеру комиссиясының негізгі тұжырымдары мен ұсыныстарынан тұрады.
Кербұлақ ауданы бойынша жергілікті бюджетінің 2018 жылғы атқарылуы туралы қорытынды есебі Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қауылысымен бекітілді және қорытынды есеп Кербұлақ ауданының мәслихатына жолданды.