Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Новости

ПРЕСС РЕЛИЗ Алматы облысы бюджетінің атқарылуы

Категория: Новости
Дата: 08.05.2019
Просмотры: 1389 Печать страницы

Алматы облысының 2018 жылғы

бюджеттің атқарылуы туралы

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының есебі

(жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды)

 

 

                                                   ПРЕСС  РЕЛИЗ

 

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V Заңының 29 – бабына сәйкес Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы-мен (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) 2018 жылға арналған Алматы облысы бюджетінің атқарылуы туралы есебіне (бұдан әрі – Есеп) қорытынды есебі әзірленді.

Есептің бірінші бөлімінде Алматы облысының 2018 жылға арналған негізгі  әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қысқаша талдамасы көрсетілген.

Есептің екінші бөлімінде  Алматы облысы бюджеттің атқарылуына талдау жүргізілген. Бөлімде кіріс түсімдері, салықтық және салықтан тыс түсімдер, түсімдер бойынша бересілер, шығындардың орындалуы, мемлекеттік қаржылық активтерді сатып алу, обдыстық бюджеттің дебиторлық және кредиторлық берешектері, облыстық бюджеттің тапшылығын (профицитті) қаржыландыру және оның қаржыландыру көздері бойынша талдау деректері көрсетілген.

Үшінші бөлімде аудит және талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша облыстық бюджеттің негізгі параметрлерінің орындалуын бағалау, соның ішінде Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің  принциптеріне сәйкес, жергілікті мемлекеттік органдармен тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуін, Қазақстан Республикасы заңнамасына облыстық бюджет қаражаттарының пайдаланылуын бағалау ұсынылған.

Төртінші бөлім аудит объектілерімен бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда, бюджеттік және өзге де заңнамаларды сақтау бойынша Тексеру комиссиясының негізгі тұжырымдары мен ұсыныстарынан тұрады.

Облыс  бойынша бюджетінің 2018 жылғы  атқарылуы  туралы қорытынды есебі Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қауылысымен бекітілді және қорытынды есеп Алматы облысының мәслихатына жолданды.

   

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ