Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Новости
Пресс релиз
Категория: Новости | |
Дата: 04.06.2019 | |
Просмотры: 1319 | Печать страницы |
ПРЕСС РЕЛИЗ
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2019 жылға арналған мемлекеттік аудитпен қамтылатын объектілер тізбесіне сәйкес 2019 жылдың 23 сәуірінен 4 мамыры аралығында «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен оған қарасты коммуналды мемлекеттік мекемелерде жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға, мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына, сонымен қатар мемлекеттік аудит объектісінің саласы бойынша ақылы қызметтерден түскен қаражаттарын нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес түсуі және жұмсалуы бойынша аудиторлық іс-шара өткізілді.
Мемлекеттік аудитпен 2014 жылдың 1 тамызынан 2018 жылдың желтоқсанын қоса алған кезең қамтылды. (2014 жылдың тамызынан 2018 жылдың желтоқсанын қоса алған кезеңде 1 мемлекеттік аудит объектісі қамтылды). Қалған 15 мемлекеттік аудит объектілерінде 2017 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың желтоқсанын қоса алған кезең қамтылды.
Аудиторлық іс-шараны 9 мемлекеттік аудитор жүргізіп жалпы саны 16 объекті қамтылды.
Негізгі мемлекеттік аудитпен қамтылған 2014-2018 жылдар бойынша Жалпы сомасы 6 505 026,5 мың теңге мемлекеттік аудитпен қамтылды, оның ішінде: 2014 жылдың 1 тамызынан 31 желтоқсан аралығында - 779 496,2 мың теңге, 2015 жыл - 1 154 573,0 мың теңге, 2016 жылы - 741 709,6 мың теңге, 2017 жылы - 1 636 777,2 мың теңге және 2018 жылы - 2 024 561,9 мың теңге. Ақылы қызметтерден түскен қаражат көлемі: 167 908,6 мың теңге, оның ішінде: 2017 жылы – 96 809,3 мың теңге және 2018 жылы – 71 099,3 мың теңге.
Аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша жалпы сомасы 4 347,1 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды, оның ішінде; қаржылық бұзушылықтар - 1 271,6 мың теңге қалпына келтіруге жататыны - 642,0 мың теңге (2019 жылдың бюджетінен қысқартылуыға), өтелуге жататыны- 629,6 мың теңге), тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы – 3 075,5 мың теңге және 1 рәсімдік сипаттағы бұзушылық анықталды.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 279 бабының 2 тармағына сәйкес "Үштөбе орман шаруашылығы" КММ заңнаманың бұзылуына жол берген жауапты тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Алматы облысының Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына аудит материалдары жолданып жауапты лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 6 мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.