Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Новости
Салтанатты жиын
Категория: Новости | |
Дата: 19.12.2019 | |
Просмотры: 1615 | Печать страницы |
2019 жылдың 13 желтоқсанында Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының акт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Осы орайда, Тексеру комиссиясының төрағасы Мұсаев Мейрам Мырзанұлы жасампаздығымыздың жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күнімен құттықтап, әуелі қызметкерлерді үздік атқарған жұмыстары мен қажырлы еңбегі үшін марапаттады. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетітің «Қаржы сақшысы» үшін ІІІ дәрежелі медалімен Пирмаков Нұрман Шаметұлы, Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен Кадир Асқар Кадирұлы және Шағжанов Жасқайрат Іңкәрұлы, Облыстық мәслихатының Алғыс хатымен Манамұратов Қанат Манатұратұлы, Базарбаев Дидар Темірғалиұлы, Молдашев Қуат Жұмаділұлы, Қазақбеков Ғабит Зәкіржанұлына берілсе, ал Тексеру комиссиясының Төрағасының Құрмет грамотасымен Назырова Гузяль Талғатқызы мен Елубаева Салтанат Сламғалықызына ұсынды. Одан әрі жиын шағын патриоттық концертпен жалғасты.