Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Аудиторлық қорытынды Ұйғыр ауданы
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 28.08.2020 | |
Просмотры: 1396 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша
тексеру комиссиясының төрағасының міндетін атқарушы
Б.Мухамеджановқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
І.Кіріспе бөлік
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы:
Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуына аудит жүргізу.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:
Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы, өңірлердегі жеке тұрғын үй құрылысының және су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:
1. «Ұйғыр ауданы әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2. «Ұйғыр ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі;
3. «Ұйғыр ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
4. «Ұйғыр ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
5. «Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
6. «Ұйғыр ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
7. «Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
8. «Ұйғыр ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
9. «Ұйғыр ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
10. «Ұйғыр ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
11. «Ұйғыр ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
12. «Ұйғыр ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13. «Ұйғыр ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ұйғыр аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14. «Ұйғыр ауданының жер катынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
15. «Ұйғыр ауданының әкімдігінің Дардамты ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі;
16. «Ұйғыр ауданы әкімдігінің Ақтам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
17. «Ұйғыр ауданы әкімдігінің Тиірмен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
18. «Ұйғыр ауданы әкімдігінің Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
19. «Ұйғыр ауданы әкімдігінің Шарын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
20. «Ұйғыр ауданы әкімдігінің Шонжы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі;
21. «Ұйғыр ауданы әкімдігінің Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
22. «Ұйғыр ауданы әкімдігінің Қалжат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23. «Ұйғыр ауданы әкімдігінің Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
24. «Ұйғыр ауданы әкімдігінің Кіші Дихан ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі;
25. «Ұйғыр ауданы әкімдігінің Қырғызсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
26. «Ұйғыр ауданы әкімдігінің Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
27. «Ұйғыр ауданы әкімдігінің Кетпен селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
28. «Ұйғыр ауданы әкімдігінің Бахар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
29. «Ұйғыр ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып):
Н.Қалқаев - бөлім басшысы – мемлекеттік аудитор - топ жетекшісі (№1192), Д.Базарбаев - бөлім басшысы – мемлекеттік аудитор №0301, Г.Қожағұлова - бас маман – мемлекеттік аудитор №0308, М.Ботабеков - бас маман – мемлекеттік аудитор (№0302), Г.Қалдарбекова – бас маман – мемлекеттік аудитор (№0306), Қ.Молдашев - бас маман – мемлекеттік аудитор (№1274), Н.Пирмаков - бас маман – мемлекеттік аудитор (№0887), Ш.Сағынбеков - бас маман – мемлекеттік аудитор (№1297), Г.Искакова - бас маман – мемлекеттік аудитор (№0305), Ғ.Төребеков - бас маман – мемлекеттік аудитор (№0319), С.Тұрсынбаев - бас маман – мемлекеттік аудитор (№0320), Ж.Шағжанов - бас маман – мемлекеттік аудитор (№1354), С.Мұхашев - бас маман – мемлекеттік аудитор (№0314), С.Желдібаев - бас маман – мемлекеттік аудитор (№1349), Ш. Сыздыкова- бас маман – мемлекеттік аудитор (№0318), С.Шиғамбаева - бас маман – мемлекеттік аудитор (№1355), Н. Нұрғалык - бас маман – мемлекеттік аудитор (№0316), Б.Жумашев - бас маман – мемлекеттік аудитор (№1395), М.Нұрғожаев - жетекші маман - мемлекеттік аудитордың ассистенті, Б.Рысхан - жетекші маман- мемлекеттік аудитордың ассистенті.
1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:
2018 жылдың қаңтарынан бастап, 2019 жылдың желтоқсанын қоса алған кезең.
II.Негізгі (талдамалық) бөлік:
2.1. Ұйғыр ауданының әлеуметтік-экономикалық дамудың ағымдағы жай - күйін жиынтық талдау:
2019 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 34 млрд. 776 млн. теңгені құрап, нақты көлем көрсеткіші –128,1%-ды болды. (2018 жылдың 12 айы – 28 млрд. 115 млн. теңге, 20%-ға ұлғайтылған). Оның ішінде мал шаруашылығында - 17 млрд. 592 млн. теңгеге, өсімдік шаруашылығында–17 млрд. 098 млн. теңгеге өнім алынды.
Облыстың өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі ауданның үлесі 0,3% құрайды. 2019 жылы ауданда 2 млрд. 193 млн. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2018 жылға 100,1 пайызды құрады. 2019 жылы өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 82,2% құрады. Салада 21 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 1 орта және 20 шағын кәсіпорын. 2019 жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемі 1803,7 млн.теңгені құрады (2018 жылы – 1824,1 млн. теңге).
Құрылыс саласында құрылыс жұмыстарының көлемі 9 млрд.456 млн. теңгені немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 102,1% құрады. 2019 жылы 5,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 98,2% құраған.
Мемлекеттік аудитпен Ұйғыр ауданында жергілікті бюджет есебінен аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері арқылы бөлінген 14 830 773,3 мың теңге қаражат қамтылды. Мемлекеттік аудит барысында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бюджет қаражатын пайдаланғанда бұзушылықтардың барлығы Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақтамағандықтан орын алған, олардың басым бөлігі еңбек ақы, сыйақы, салық салу, мемлекеттік мекемелер бекітілген лимиттер және іс-сапар шығындары бойынша қабылданған заңнамалар бойынша.
Мемлекеттік аудитте пайдаланылған көрсеткіш МӘНДІЛІК бойынша жалпы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың көлемінен анықталған бұзушылықтардың көлемі 0,1% құрағанын ескерсек ауданға жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізуге бөлінген қаражат қанағатанарлық деңгейде пайдаланылған деген тұжырымға келуге болады.
2.2. Ұйғыр ауданында жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы, өңірлердегі жеке тұрғын үй құрылысының және су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуіне жүргізілген аудиттің жиынтық нәтижелері:
Мемлекеттік аудит 2020 жылдың 01 шілдесінен 17 шілде аралығында тексеру комиссиясының тапсырмалары бойынша жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын 29 мемлекеттік мекемелер қамтылды.
Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 14 830 773,3 мың теңге жергілікті бюджет қаражаты қамтылып, 103 070,7 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды, оның ішінде: бюджет қаражатын пайдалану кезінде орын алған қаржылық бұзушылықтар - 100 612,8 мың теңге, бюджетке түсетін түсімдер бойынша орын алған қаржылық бұзушылықтар – 2 457,9 мың теңге (бюджет есебіне өндірілуге жататын 4 999,6 мың теңге, қалпына келтірілуге жататыны 98 071,1 мың теңге). Осылармен қатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны – 5 бірлікті құрады.
Олар келесі мемлекеттік аудит объектілер бойынша орын алған:
1. «Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырындағы №256 қаулысының 3 тармағының 1,2 тармақшаларының талаптары сақталмай, «Ұйғыр ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне іс-сапар шығындарына жалпы сомасы 35,6 мың теңге артық есептеліп төленген.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 28 және 60 баптарының талаптары сақталмай, жүргізілген жұмыстар бойынша жобалық сметалық құжаттамада көрсетілген уақытша ғимараттардан қайтаруға жатқызылатын бюджет қаражатының сомасы 253,0 мың теңге мердігермен қайтарылмағаны анықталды.
2. «Ұйғыр ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша;
Іс-сапар шығындарын есептеп төлеуде ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүектегі № 1428 «ҚР аумағында мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен Парламеті депутаттарының қызметтік іс-сапары ережесі туралы» қаулысымен бекітілген нұсқаулығының 9.2тармағының талаптары толық сақталмай 24,0 мың теңге артық есептеліп төленген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйегіндегі №1428 «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» қаулысының қағидасының талаптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының қағидасының 2 тарау 6 тармағының талаптары толық сақталмай 60,6 мың теңге іс-сапар
4. «Ұйғыр ауданың білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № 338 бұйрығына сәйкес педагог-психологқа келесі біліктілік талабы қойылған: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе «Педагог-психолог» бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Алайда, жоғарыда аталған бұйрықтың 35 тармағының талабына қайшы МДО-мен Тасқарасу орта мектебіне педагог-психолог ретінде орта – арнайы білімі бар-ағылшын тілі мұғалімі Д.Самирова қабылданған.
Сондай-ақ, Дардамты орта мектебіне педагог-психолог ретінде орта-арнайы білімі бар З.Тұрдалиева қабылданған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 «Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» бұйрығының 10-тармағына сәйкес мектепке педагогикалық жұмысқа мамандық бойынша біліктілік сипаттамасының талаптарына сәйкес келетін және білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттармен расталған қажетті кәсіптік-педагогикалық сыныптамасы бар тұлғалар қабылданады. Алайда аталған бұйрықтың 10-тармағынының талабына қайшы төмендегі мұғалімдер лагопед ретінде тарифтелген:«Аударма ісі» мамандығы бойынша арнайы орта білімі туралы дипломы бар Дардамты ОМ мұғалімі З. Турдалиева 2018-2019 оқу жылында 9 сағат логопед ретінде тарифтелген.
«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша арнайы орта білімі туралы дипломы бар Дардамты ОМ мұғалімі Герипова а.а. 2019-2020 оқу жылында 9 сағат логопед ретінде тарифтелген.
«Бастауыш білім» мамандығы бойынша арнайы орта білімі туралы дипломы бар Дардамты ОМ мұғалімі Г.С. Анвароваға 2019-2020 оқу жылында 9 сағат логопед ретінде тарифтелген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қаулыға 4-қосымшада 15 оқушыдан (тәрбиеленушіден) кем мектептер сыныптарында сынып жетекшілігі және дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексергені үшін лауазымдық жалақысына (ставкаларына) қосымша ақы көрсетілген қосымша ақының белгіленген мөлшерінің 50 пайызы мөлшерінде жүргізілетіні көрсетілген.
Алайда, кейбір сыныптарда 15 оқушыдан кем болсада, сынып жетекшілігі үшін лауазымдық жалақыға (ставкаларға) қосымша ақы толық көлемде жүргізілген, соның нәтижесінде:
- Ардолайты орта мектебінің мұғалімі Р. Мухамедоваға 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында 13,8 мың теңге артық есептеліп төленген;
- Хамраева орта мектебінің мұғалімі С. Ганиевке2018 жылдың қыркүйек – 2019 жылдың мамыр айларында 15,5 мың теңге артық есептеліп төленген;
- Хамраева орта мектебінің мұғалімі З. Исмаиловаға2018 жылдың қаңтар – мамыр айларында 10,6 мың теңге артық есептеліп төленген;
- Хамраева орта мектебінің мұғалімі И. Исидуллаеваға 2018 жылдың желтоқсан –2019 жылдың тамыз айларында 18,6 мың теңге артық есептеліп төленген;
- Хамраева орта мектебінің мұғалімі М. Заитоваға 2019 жылдың қыркүйек - қараша айларында 5,3 мың теңге артық есептеліп төленген;
- Хамраева орта мектебінің мұғалімі Р. Токтахуновқа 2019 жылдың желтоқсан айында 2,6 мың теңге артық есептеліп төленген.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №908 бұйрығымен бекітілген Орташа жалақы есептеудің бірыңғай қағидаларының 7 тармағының талабынсақтамау нәтижесінде Қалжат ауылы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі З.Мулкиярованың еңбек демалысын есептеу кезінде 25,2 мың теңге артық есептеліп төленген.
Осыған ұқсас, Б.Дихан орта мектебінің кітапхана меңгерушісі М.Болысбековаға 25,0 мың теңге артық есептеліп төленген.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.11.2015 жылғы№908 бұйрығымен бекітілген Орташа жалақы есептеудің бірыңғай қағидаларының 6,8 тармақтарының талабынсақтамау нәтижесінде Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектептің кітапханашысы Б.Скабыловаға еңбек демалысын есептеу кезінде 14,4 мың теңге артық есептеліп төленген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қаулыға 18-қосымшасының 15 тармағының талабы толық сақталмай, нәтижесінде Долайты ОМ мұғалімі А.Касимоваға 14,7 мың тенге артық есептеліп төленген.
Аудит барысында тексеріп қарау жүргізуде «Азамат Құрылыс» ЖШС-нің №1 орта мектебінің ғимаратына жасаған күрделі жөндеу жұмыстарының сапасы төмен екендігі анықталған.
Сондай-ақ, №477 Шығыс жүкқұжатына сәйкес «Азамат Құрылыс»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Титан – Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінін 4 282,6 мың теңгенің асханалық-ас үй жабдықтарын тек 2020 жылдың 17 маусымында ғана алған, немесе жабдықтар осы уақытқа дейін орнатылмаған. Бүгінгі күнге мердігер тарапынан 10 644,6 мың теңгенің асханалық-ас үй жабдықтары жеткізілмеген.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34-бабының 2-4-тармағына сәйкес жүктелген міндеттерді орындамағаны (тиісінше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 1-бабының 59-тармағына сәйкес техникалық қадағалау - орындалған жұмыстың сапасын, мерзiмiн, құнын, қабылдап алынуын және объектiнiң пайдалануға берiлуiн қоса алғанда, жобаны iске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау. 34-1-бабының 6-тармағына сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға міндеттерді орындамағаны (тиiсiнше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады делінген.
Алайда, мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу кезінде техникалық қадағалау бойынша қызметтер атқарған "УКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарапынан жоғарыда аталған Заңның талаптары сақталмаған.
Мекеме 2019 жылдың 26 шілдесінде Тапсырыс берушінің, мердігердің және техникалық қадағалау өкілінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген орындалған жұмыстардың актісі негізінде «Азамат Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 14 997,5 мың теңге аударып берген, оның ішінде технологиялық жабдықтар үшін 14 927,2 мың теңге аударылған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы№95-IV Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесінің 215 тармағының талабы сақталмай мекеме 14 997,5 мың теңгені алынбаған технологиялық жабдықтар үшін «Азамат Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне аударған.
Алматы облысы әкімінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №163 қаулысымен бекітілген «Коммуналдық меншік нысандарын жалға беру» қағидасының 10 тармағына және Ұйғыр ауданының жергілікті атқарушы органдары мен Ұйғыр ауданының жеке кәсіпкерлері арасындағы келісім-шарттың 11 тармағының талаптары орындалмай, 2018, 2019 жылдардағы аудан мектептерінің ғимараттарының алаңдарын жылытуға кеткен шығындардың ішінде жеке кәсіпкерлердің жылуға пайдаланған шығындарының сомасы 2 975,7 мың теңгені құрады, оның ішінде:2018 жылы- 1 512,2 мың теңге, 2019 жылы-1 463,5 мың теңге, төленгені 517,8 мың теңге, берешек сома 2 457,9 мың теңге жалға алушы жеке кәсіпкерлерден жергілікті бюджет есебіне өндірілуге жатады.
5. «Ұйғыр ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемелекеттік мекемесі бойынша;
«Ұйғыр ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемелекеттік мекемесінің Кетпен ауылдық мәдениет үйінің аумағына, ақын, сазгер Сәдіғожа Мошанұлына арналған монумент орнату жұмыстары бойынша бағалы ұсыныстарға сұраным тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде
Алайда, атқарылған жұмыстар 2018 жылдың 12 қазанындағы қабылдау актісімен қабылданып алынған немесе мердігер өзіне қабылдаған міндеттерін 12 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 43 бабының 24 тармағының және келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% немесе 41,6 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы есептелген.
6. «Ұйғыр ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ереженің 2-тармағының талаптары сақталмай бөлім басшысына 26,7 мың теңге іссапар шығыстары есептеліп төленген.
- Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша;
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңының 1 - тармақ 60-бабының талаптары және Қазақстан Республикасының 8.02-09-2002 жылғы құрылыс нормаларының жиынтығының 3.4 бабының талаптары сақталмай, мердігер «JMI Компания Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардың 1 780,5 мың теңге сомасы жергілікті бюджет есебіне қайтарылмағаны анықталған.
8. «Ұйғыр ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысының 2 қосымшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» №1127 қаулысының 3 тармағының талаптары сақталмай мекеменің есепшісіне тәртіптік жазасы бола тұра 2019 жылдың мамыр айында 29,0 мың теңге, шілде айында 25,0 мың теңге барлығы 54,0 мың теңге сыйақы есептеліп төленгені анықталған.
9. «Ұйғыр ауданының Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізуережесінің» 2-бөлімі, 9-тарауы, 244-тармағының талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарыныңбұйрығының» 16 тармағының талаптары сақталмай жалпы құны 500,0 мың теңгеге сатып алынған мемлекеттік рәміздер бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде алынбағаны анықталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйегіндегі №1428 «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» қаулысының талаптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 1 тарау 2 тармағы және 2 тарау 6 тармағының талаптары сақталмай мекеменің жүргізушісіне 40,8 мың теңге іс-сапар шығындары есептеліп төленген.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 236-тармағы талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» бұйрығының 16 тармағы талаптары № басшылыққа алынбай 2018 жылдың желтоқсан айында алынған – 205,0 мың теңгенің өнімі бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде теңгерімге алынбағаны анықталған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»Ережесінің 114 тармақтарының талаптары сақталмай 2019 жылдың қаржылық есептілігін жасағанда есеп айырысу актісі басшылыққа алынбай «АлматыэЭнергоСбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 75,9 мың теңге дебиторлық берешегі бухгалтерлік есепте көрсетілмегені анықталды.
13. «Ұйғыр ауданының Қырғызсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» қаулысының талаптары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тарауының 6 тармағының талаптары сақталмай мекеменің қызметкеріне жалпы сомасы 37,2 мың теңге іс-сапар шығындары аударылған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізуережесінің» 2-бөлімі, 9-тарауы, 232 тармағыжәнеҚазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарыныңбұйрығының» 10 тармағының талаптары сақталмай 100,0 мың теңгеге сатып алынған мемлекеттік рәміздер бухгалтерлік есепке алынбаған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізуережесінің»204 тармағы мен244-тармағының талаптары, басшылыққа алынбай 2018-2019 жылдары- 1623,0 мың теңгеге сатып алынған тауарлар бухгалтерлік есепке алынбаған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесін 9 тарау 240 тармағының талаптары сақталмай Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына жұмсалған - 80 880,0 мың теңге бухгалтерлік есепке алынбаған:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысының 18 қосымшасының талаптары сақталмай қызметтік үй-жайды тазалаушыға 42,4 мың теңге қосымша ақысы артық есептеліп төленген.
Келесі мемлекеттік мекемелерде бұзушылықтар анықталмады:
1. «Ұйғыр ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2. «Ұйғыр ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
3. «Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
4. «Ұйғыр ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
5. «Ұйғыр ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ұйғыр аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6. Ұйғыр ауданы «Әкімінің аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі;
7. Ұйғыр ауданының «Дардамды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- Ұйғыр ауданының «Ақтам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
9. Ұйғыр ауданының «Тиірмен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
10. Ұйғыр ауданының «Сүмбе ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі;
11. Ұйғыр ауданының «Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
12. Ұйғыр ауданының «Кіші Дихан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- . «Ұйғыр ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуі
Аудан бойынша 25 елді мекенінің 22 елді мекені (Шонжы, Таскарасу, Бахар, Сункар, Кетпен, Шарын, Шырын, Сүмбе, Қырғызсай, Үлкен-Ақсу, Ават, Тегермен, Ақтам, Дардамты, Добын, Долайты, Шошанай, Кіші-Дехан, Қалжат, Ардолайты, Үлкен-Дехан Кепебулақ,) орталықтандырылған су жүйесімен қамтылғанол 88 пайызды құрайды, ал қалған 3 елді мекені (Рахат, Кіші-Аксу, Узынтам,) орталықтандырылмаған су жүйесімен қамтамасыз етіліп 12 пайызды құрайды.
Орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған ауылдардың ішінде (Шонжы, Таскарасу, Сункар, Кетпен, Шырын, Тиігермен, Ақтам, Дардамты, Добын, Долайты, Қырғызсай, Шошанай, Кіші-Дехан, Ардолайты, Үлкен-Дехан Кепебулақ,) ауылдарының су жүйелерінің қайта қалпына келтіру мен құрылысы жұмыстары жүргізіліп, жүйелер толығымен санитарлық нормаларға сәйкес келген.
Ал Сүмбе, Үлкен-Ақсу, Ават, Қалжат ауылдарының су құбыры жүйелерінің тозығы жетке аталған ауылдардың жүйелеріне құрылыс жұмыстарын жүргізу қажет, аталған ауылдарының сумен жабдықтау жүйелерінің қайта қалпына келтіру мен құрылыс бойынша сметалық жобалау құжаттамаларын әзірлеугеАлматы облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінімдері берілген.Су жүйелерінің ұзындығы 346,14 шақырымды құрайды.
Жалпы аудан халқының саны 64 110 адам оның 61 707 адам орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған яғни 96 пайыз.
2020 жылы Үлкен-Ақсу және Кіші-Аксуауылдарының сумен жабдықтау жүйелерінің қайта қалпына келтіру мен құрылысы нысандарының құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Орталықтандырылмаған су жүйесімен қамтамасыз етілген ауылдар бойынша:
- Рахат, Узынтам ауылдарының сумен жабдықтау жүйелерінің қайта қалпына келтіру мен құрылыс нысандары бойынша сметалық жобалау құжаттамаларын әзірлеуге,Алматы облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінімдері берілген.
- жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында жергілікті атқарушы органдар тарапынан жер телімдірін беру:
Ұйғыр ауданының шегіндегі 14 ауылдық округтердің тек Шонжы ауылдық округі тарапынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында жергілікті атқарушы органдар тарапынан аудан тұрғындарына жер телімдерін беру жүргізілген.
«Шонжы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде тұрғын үй құрылысын салу мақсатында арнайы есеп бойынша 2006жылдан бастап 4736 адам тіркелген.
Бүгінгі күнде арнайы есеп бойынша 1736 азаматтардың кезегі келіп шақыртылған.
1736 азаматтың ішінде1340 азамат жер телімдерін алып болған, 271 азамат жер жобасын жасау барысында, 34 азамат қайтыс болғандар, 28 азамат жер телімінен бас тартқандар, 63 азамат арнайы есеп бойынша кезегі келіп шақыртылып, келетін азаматтар.
III. Жиынтық бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Жалпы анықталған 103 070,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың мемлекеттік аудит барысында 1 315,5 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өндірілді, 83 143,9 мың теңге есептілік бойынша қалпына келтірулер жасалды. Оның ішінде:
1. «Ұйғыр ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі 24,0 мың теңгені бюджет есебіне өндірді;
2. «Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметттік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 60,6 мың теңге бюджет есебіне өндірді;
3. «Ұйғыр ауданың білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 735,1 мың теңгені бюджет есебіне өндірді;
4. «Ұйғыр ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемелекеттік мекемесі 41,6 мың теңгені бюджет есебіне өндірді;
5. «Ұйғыр ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 26,7 мың теңгені бюджет есебіне өндірді;
6. «Ұйғыр ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 54,0 мың теңгені бюджет есебіне өндірді;
7. «Ұйғыр ауданының Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бухгалтерлік есеп бойынша 500,0 мың теңгені қалпына келтірді;
8. «Ұйғыр ауданының Шарын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 40,9 мың теңге бюджет есебіне өндірді;
9. «Ұйғыр ауданының Шонжы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 205,0 мың теңгені бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірді;
10. «Ұйғыр ауданының Қалжат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 79,5 мың теңгені бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірді;
11. «Ұйғыр ауданының Қырғызсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 37,2 мың теңге бюджет есебіне өндірді;
12. «Ұйғыр ауданының Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 100,0 мың теңгені бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірді;
13. «Ұйғыр ауданының Кетпен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 82 263,0 мың теңгені бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірді;
14. «Ұйғыр ауданы әкімдігінің «Бахар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 42,5 мың теңгені бюджет есебіне өндірді;
15. «Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 288,6 мың теңгені бюджет есебіне өндірді.
«Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің;
«Ұйғыр ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің;
«Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметттік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің;
«Ұйғыр ауданың білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің;
«Ұйғыр ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемелекеттік мекемесінің;
«Ұйғыр ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің;
«Ұйғыр ауданы әкімдігінің «Бахар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің.
«Ұйғыр ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің.
Төмендегі мемлекеттік мекемелердің жауапты қызметкерлері жергілікті бюджет қаражатын пайдалану кезінде жіберген кемшіліктері үшін тәртіптік жауапкершіліктерге тарту мүмкін болмаған:
«Ұйғыр ауданының Шарын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің есепшісі жұмыстан босатылғанына байланысты.
«Ұйғыр ауданының Қырғызсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің есепшісі жұмыстан босатылғанына байланысты.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң «Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында
1. «Ұйғыр ауданының Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің;
2. «Ұйғыр ауданының Шонжы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің;
3. «Ұйғыр ауданының Қалжат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің;
4. «Ұйғыр ауданының Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің;
5. «Ұйғыр ауданының Кетпен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің материалдары жолданып олар бойынша тиісті жауапты тұлғаларға әкімшілік айыппұлдар салынды.
«Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында «Ұйғыр
ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 1 материал жолданып ол бойынша №1 орта мектебінің ғимаратына жасаған күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты техникалық қадағалаушыға тиісті әкімшілік айыппұл салынды.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатты игеруге қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол толық жеткізілмеген және жекелеген мемемелер бойынша барынша пайдалы нәтиже алу көрсеткіштері толық орындалмаған. Анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтары қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамалардың талаптары бұзылғаннан орын алған.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:
Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы, өңірлердегі жеке тұрғын үй құрылысының және су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуіне аудит жүргізу іс-шарасының нәтижесі бойынша ұсынамын:
1. Мемлекеттік аудит іс-шараның қорытындысы Тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларының бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірген 1 315,5 мың теңгесі және есептілік бойынша қалпына келтірілген 83 143,9 мың теңге назарға алынсын.
3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (17 парақ).
Комиссия мүшесі Қ.Манамұратов