Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ Іле ауданы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 01.06.2021
Просмотры: 1324 Печать страницы

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының

Төрағасы

М. Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Іле ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Іле ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Іле ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2. «Іле аудандық мәслихаттың аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

3. «Іле ауданының  құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4. «Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5. «Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6. «Іле ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7. «Іле ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

8. «Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9. «Іле ауданының қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;

10. «Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

11. «Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

12. «Іле ауданының Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

13. «Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

14. «Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

15. «Іле ауданының Күрті ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

16. «Іле ауданының КазЦИК ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

17. «Іле ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

18. «Іле ауданының Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

19. «Іле ауданының Жетіген ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

20. «Іле ауданының Энергетический ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

21. «Іле ауданының Боралдай ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2020 жылдың  31 желтоқсанын қоса алғанда.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Мемлекеттік аудитпен Іле ауданы бойынша бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 21 мемлекеттік мекемелер бойынша 42 838 276,9 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылып, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 13 648 207,2 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:

- 119 354,3 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (оның 115 103,9 мың теңгесі қалпына келтірілуі тиіс, 4 250,4 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілуі тиіс);

- 13 500 000,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты;

- 21 750,5 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты;

- 7 102,9 мың теңге мемлекет активтерін пайдаланудан ықтимал шығындар және жіберіп алған пайда.

Сонымен қатар 26 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.

Жеке мемлекеттік мекемелер бойынша бұзушылықтардың сипаттамасы:

1. «Іле ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысының 6 тармағының талабы орындалмай, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 2020 жылдың 31 желтоқсанын қоса алған кезеңге қызметкерлермен іссапар туралы есеп берілмеген. Яғни рәсімдік бұзушылық орын алған.

2. «Іле ауданы құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесі:

2019 жылға мекемеде 001 «Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы 149 «Өзге де қорларды сатып алу» ерекшелігіне 1154,0 мың теңге қаралған.

2019 жылдың наурыз айында мекеменің жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер мен толықтаулар енгізу туралы анықтамасына сәйкес аталған ерекшелік есебінен 188,0 мың теңге бюджет қаражаты үнемделген қаражат ретінде 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігіне жылжытылып, қызметкерлерге сый ақы ретінде төленген.

Алайда, мемлекеттік сатып алудың веб-порталына енгізілген мәліметтерге сәйкес Мекеменің қаңтар-ақпан айларында жүргізілген мемлекеттік сатып алуларын тексеру барысында 149 «Өзге де қорларды сатып алу» ерекшелігіне қаралған бюджет қаражаттары есебінен сатып алулар «Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу» тәсілімен жүргізілгендігі анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз №1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы» Ережесінің 13 тармағына сәйкес, қызметкерлерге сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу бірқатар шығыстардың түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.

Демек, жоғарыдағы сый ақы төлеу үшін жылжытылып игерілген қаражат негізсіз жоспарланып,  өз мақсатында жұмсалынбай, ай сайынғы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу анықтаманың негізінде сый ақы төлеу үшін жылжытылып игерілген қаражат болып табылады немесе аталған қаражаттар үнемделген болып саналмайды.

Яғни 188,0 мың теңге қаржылық бұзушылық болып табылады және жергілікті бюджет есебіне өндірілуі тиіс.

2019 жылдың  12 қарашасында Тапсырыс беруші (Мекеме) және Орындаушы  ЖШС «УКС» (Орындаушы) арасында Алматы облысы, Іле ауданының Өтеген батыр кентіндегі 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысына техникалық қадағалау қызметіне 15 589,7 мың. тенгеге, оның ішінде 2019 жылға 1016,5 мың теңге, 2020 жылға 14 573,2 мың теңге, № 467/19-27 (веб-порталда № 0601400136645/190036/00) келісім-шарты жасасқан, қызметтерді көрсету мерзімі  келісім-шарт жасасқан күннен бастап 6,1 айға белгіленген.

2020 жылдың 28 мамырындағы № 3 негізгі келісім шартқа жасалған қосымша келісімнің 1 қосымшасына сәйкес аталған қызметтердің орындалу мерзімі 2020 жылдың 25 маусымына дейін ұзартылған. Алайда, 13 696,9 мың тенгеге атқарылған жұмыстар актісі Орындаушымен Мердігерге 2020 жылдың 23 шілдесінде тапсырылғандығы анықтылып отыр.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 7.3 тармақтарына сәйкес орындаушы жұмыстарды, міндеттерді кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан (13 696 923,35*0,1%*28 күн=383 513,8 тенге) 0,1% немесе 383 513,8 тенге тұрақсыздық айыппұл бюджет есебіне өндірілмеген.

2019 жылдың  08 қазанындағы Тапсырыс беруші (Мекеме) және Орындаушы  ЖШС "АРЛАН-жоба құрылыс"  арасында Алматы облысы, Іле ауданының Өтеген батыр кентіндегі 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысына авторлық қадағалау қызметіне 6 340,0 мың. тенгеге, оның ішінде 2019 жылға 197,6 мың теңге, 2020 жылға 6 142,4 мың теңге, № 467/19-23 (веб-порталда № 0601400136645/190030/00) келісім-шарты жасасқан, қызметтерді көрсету мерзімі келісім-шарт жасасқан күннен бастап 6,1 айға белгіленген. 2020 жылдың 29 мамырындағы № 3 негізгі келісім шартқа жасалған қосымша келісімге сәйкес аталған қызметтердің орындалу мерзімі 2020 жылдың                          25 маусымына дейін ұзартылған. Алайда, 6 043,8 мың тенгеге атқарылған жұмыстар актісі Орындаушымен Мердігерге 2020 жылдың 24 шілдесінде тапсырылғандығы анықтылып отыр.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 7.3 тармақтарына сәйкес орындаушы жұмыстарды, міндеттерді кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан (6 043 864,32*0,1%*29 күн=175 272,0 тенге) 0,1% немесе 175 272,0 тенге тұрақсыздық айыппұл бюджет есебіне өндірілмеген.

Сонымен қатар, тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге (Орындаушыларға) қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес шаралар  қолданбаған немесе «Іле ауданы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

2020 жылдың  09 сәуірінде Тапсырыс беруші (Мекеме) және Орындаушы  ЖШС «Музтау» (Орындаушы) арасында Алматы облысы, Іле ауданының Өтеген батыр ауылында 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік коммуникациялық жүйелерінің құрылысы және аббаттандыру құрылысына техникалық қадағалау қызметіне 2 993,6 мың. тенгеге № 467/20-10 (веб-порталда № 0601400136645/200010/00) келісім-шарты жасасқан, қызметтерді көрсету мерзімі  келісім-шарт жасасқан күннен бастап 6 айға белгіленген (09.10.2020ж).

Алайда, атқарылған жұмыстар актісі Орындаушымен Мердігерге 2020 жылдың 24 желтоқсанында тапсырылғандығы анықтылып отыр.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 7.3 тармақтарына сәйкес орындаушы жұмыстарды, міндеттерді кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан (2 993 657,3*0,1%*75күн= 224 524,3 тенге) 0,1% немесе 224 524,3 тенге тұрақсыздық айыппұл бюджет есебіне өндірілмеген.

2020 жылдың  13 мамырында Тапсырыс беруші (Мекеме) және Орындаушы  ЖШС "Алстройпроект"  арасында Алматы облысы, Іле ауданының Өтеген батыр кентіндегі 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысына авторлық қадағалау қызметіне 1 217,4 мың. тенгеге № 467/20-12 (веб-порталда № 0601400136645/200015/00) келісім-шарты жасасқан, қызметтерді көрсету мерзімі  келісім-шарт жасасқан күннен бастап 6 айға (13.11.2020ж) белгіленген.

Алайда, атқарылған жұмыстар актісі Орындаушымен Мердігерге 2020 жылдың 25 қарашасында тапсырылғандығы анықтылып отыр.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 7.3 тармақтарына сәйкес орындаушы жұмыстарды, міндеттерді кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан (1 217 484,6*0,1%*12 күн=14 609,8 тенге) 0,1% немесе 14 609,8 тенге тұрақсыздық айыппұл бюджет есебіне өндірілмеген.

Сонымен қатар, тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге (Орындаушыларға) қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес шаралар  қолданбаған немесе «Іле ауданы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

2018 жылдың  04 қаңтарында Тапсырыс беруші (Мекеме) және Орындаушы  ЖШС "Музтау"  арасында Алматы облысы Іле ауданының Түймебаев ауылында №19 орта мектепке 300 орынды жапсаржай құрылысына техникалық бақылау кызметіне 1 120,0 мың. тенгеге № 467/18-01 келісім-шарты жасасқан, қызметтерді көрсету мерзімі  келісім-шарт жасасқан күннен бастап 6 айға белгіленген.

2020 жылдың 07 сәуіріндегі негізгі келісім шартқа жасалған қосымша келісімнің 1 қосымшасына сәйкес аталған қызметтердің орындалу мерзімі 2020 жылдың 14 қазанына дейін ұзартылған. Алайда, атқарылған жұмыстар актісі Орындаушымен Мердігерге 2020 жылдың 24 желтоқсанында тапсырылғандығы анықтылып отыр.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 7.3 тармақтарына сәйкес орындаушы жұмыстарды, міндеттерді кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан                               (424 580,41*0,1%*70күн= 29 720,6 тенге) 0,1% немесе 29 720,0 тенге тұрақсыздық айыппұл бюджет есебіне өндірілмеген.

2018 жылдың  23 сәуірінде Тапсырыс беруші (Мекеме) және Орындаушы  ЖШС «Зере-сервис»  арасында Алматы облысы Алматы обылысы, Іле ауданының Жетыген ауылындағы №34 орта мектепке 300 орынды жапсырма құрылысына техникалық қадағалау кызметіне 2 800,0 мың. тенгеге № 467/18-20 келісім-шарты жасасқан, қызметтерді көрсету мерзімі  2019 жылдың 20 маусымы болып белгіленген.

Негізгі келісім шартқа жасалған 2019 жылдың 10 сәуіріндегі №1 қосымша келісім шарттың 1 қосымшасына сәйкес аталған қызметтердің орындалу мерзімі келісім шарт жасасқан күнінен бастап 14 айға белгіленген (23.06.2019ж). Алайда, атқарылған жұмыстар актісі Орындаушымен Мердігерге 2019 жылдың 08 қазанында тапсырылғандығы анықтылып отыр.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 7.3 тармақтарына сәйкес Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.

Демек, тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасының                               916 375,3*0,1%*137күн= 125 543,4 тенге) 0,1 пайыз тұрақсыздық айыппұлы 125 543,4 тенге бюджет есебіне өндірілмеген.

Сонымен қатар, тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге (Орындаушыларға) қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес шаралар  қолданбаған немесе «Іле ауданы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік Кодексінің (арі қарай – Бюджеттік Кодекс) 67-бабы                             1-тармағына сәйкес бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады және 6-тармағына сәйкес бюджеттік өтінімге мемлекеттік органдардың осы Кодекстің 65-1-бабының үшінші бөлігіне сәйкес лимиттері айқындалған ағымдағы әкімшілік шығыстарын қоспағанда, мәлімделген қаржыландырудың бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпалын сипаттай отырып, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есеп-қисаптар кіреді.

Мекеменің бюджеттік өтінімдері негізінде Алматы облысы Іле аудандық Мәслихатының 2020 жылдың 07 сәуіріндегі № 54-234 шешімімен 024 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасы бойынша Іле ауданының Междуреченск, Боралдай және Көкқайнар ауылдырында 1500 орындық мектептер салу құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен 13 500 000,0 мың теңге қаражаты бөлінген.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялауға бөлінген қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын тексеру барысында аталған қаражаттар есепті жыл бойы игерілмей, толығымен тиісті бюджет есебіне қайтарылғаны анықталды. Мекеме басшысының түсініктемесіне сәйкес, жоғарыда айтылған құрылыс нысандары бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленбеген.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» №242 Заңының (арі қарай – Заң) 60-бабы 1-тармағына сәйкес, Объектілердің және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу), сондай-ақ коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасына) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.

Өз кезегінде, Заңның 1-бабы 13) тармақшасына сәйкес, Жобалау құжаттамасы құрылыс жобасын (құрылыстық жобаны) - көлемдiк-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлiк, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешiмдердi қамтитын жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргiзуге, аумақты инженерлiк жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулердi қамтиды.

Демек, 024034 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасы облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен                    13 500 000,0 мың теңге қаражаты негізсіз жоспарланған.

3. «Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

«АЗИЯ АВТО» АҚ-ның 2020 жылғы 13 ақпандағы №081-375 хатына сәйкес Skoda Super B автомобилі үшін бензин шығынының нормасы 10,6 л/100 км құрайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 «Жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес қолданылатын коэффициенттерді ескере отырып, сомасы 75228 теңге болатын 427 литр бензин негізсіз есептен шығарылған.

«Орталық, жергілікті мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 108 өкімінің 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге 3 жыл мерзімге кеңсе жиһазын сатып алуға тыйым салынған. Алайда жоғарыда көрсетілген өкім талаптарын бұза отырып, мекемен «Мансур» ЖК-мен (Л.Д. Масельбекова) 001 бағдарламасы бойынша бөлінген 750,0 мың теңге сомасына кеңсе жиһазын дайындау бойынша қызмет көрсетуге шарт жасалған. 

Яғни, мекеме үнемдеу режимін сақтамаған және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 4 - бабының 9-тармағы-негізділік қағидаты бұзылып, нәтижесінде 750,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкеп соққан.

4. «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Іс-сапар шығындары бойынша 2019 жылдың 31 желтоқсанына пайда болған 349,7 мың теңгенің кредиторлық қарызы өткен жылдың берешегі ретінде бухгалтерлік баланстың 218 жолағында қызметкерлер алдында және басқада тұлғалармен кредиторлық берешектер ретінде көрсетілмегені анықталды. Бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi көрсетпей, бухгалтерлік есепті әдістерін бұза отырып жүргізу 2019 жылғы қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан. Бұл өз кезегінде ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 116,118-тармақтары талаптарының бұзылуына әкелген.

5. «Іле ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» бұйрығымен бекітілген қағидасының 236-тармағы талаптары және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есептің шоттар жоспарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағидасының 16,19 тармақтарының талаптары № (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбаған.

Яғни «ЕР НУР СТРОЙ и К» ЖШС-гі  01.11.2018 жылы №485/18-10 келісім шартымен салынған «Алматы-Сарыөзек, км 1660+526 с.Байсерке» жер үсті жаяу жүргіншілер құрғысы  жалпы соммасы 97440,0 мың теңге 26.08.2020 жылы   объектіні пайдалануға қабылдау Актісімен қабылданып, бірақта  бухгалтерлік есепке басқада негізгі құралдар ретінде 2330 «Құрылыстар» шотына қойылмаған.

6. «Іле ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  қағиданың»  204-тармағы (дайын бұйымдар мен баспа өнімі оның жасалуына жұмсалатын іс жүзіндегі шығындардың деректері бойынша анықталған іс жүзіндегі өзіндік құн бойынша ескеріледі) және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010жылы № 281 бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының  бұйрығының» 52 тармағы № (енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) негізінде басшылыққа алынбай,  бухгалтерлік есебіне  қойылмаған.

2020 жылда іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес 4 дана баннерлер дайындалған, олар:

- қазан айында 277,0 мың теңгеге, қараша айында – 223,0 мың теңгеге, желтоқсан айында – 464,4 мың теңгеге.

2020 жылға арналған 6 мемориалдық ордерлері (ұйымдармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі) бойынша 4 дана баннерлер 964,4 мың теңге құнымен 7140 „Өзге ағымдағы шығыстар" шотында шығыс ретінде көрсетілгені анықталды, ал бухгалтерлік есеп бойынша аталған баннерлер 1330 дебет есепке алынуы тиіс.

7. «Іле ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы»  коммуналдық мемелекеттік мекемесі:

«Salus incorporated» ЖШС-мен 2020 жылдың 28 қазанында 3300,0 мың теңгеге №200025 келісім шарт жасалынып кітап сканері сатып алынған.

Алайда, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43 бабының 24 тармағының талаптарын сақтамай «Salus incorporated»  ЖШС-і 2020 жылдың 28 қазанындағы №200025 шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін мерзімінде орындамағаны үшін, кешіктірген мерзімге тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы келісім шарттың 7.3 тармағына сәйкес белгіленген мерзімді бұзғаны үшін әрбір мерзімі өткен күніне шарттың орындалмаған мөлшерінің 0,1% көлемінде тұрақсыздық айыппұлы есептелінуі тиіс болған (3 300,0 мың теңге*0,1%*3 күн = 9,9 мың теңге) өндіріп алуды қамтамасыз етуге міндетті.

8. «Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

«Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Бұдан ары - Мекеме) мен Іле ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік  мекемесінің  «Іле  коммуналдық шаруашылығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан ары -Кәсіпорын) арасында Іле ауданы Көктерек ауылындағы жылу жүйелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына бір көзден сатып алу тәсілімен 67743,0 мың теңгеге 25.04.2019 жылы  №487/19-19 келісім шарты  жасалған. 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы  №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39 бабы 3-тармақ 27-тармағы (бұдан ары – Мемлекеттік сатып алу Заңы) бұзылған, яғни тиісті өкілеттіктері ҚР-ның заңдарында белгіленген, өздеріне қатысты ҚР-ның Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік органның сатып алуы, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке  тиесілі шаруашылық кәсіпорны болып табылмайды.

Мемлекеттік сатып алу Заңының 43-бабының 24-тармағына қайшы Мекеме «Тікелей шарт тұжырымы бір дереккөзден мемлекеттік   сатып алудың тәсілі» негізінде  Жетіген ауылындағы электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша жұмыс жобасын түзету жұмысын "Элай" ЖШС-мен 13892,9 мың теңгеге 18.06.2020 жылы жасалған  №487/20-56 келісім шартына қосымша 15.07.2020 жылы    №487/20-56/1 келісім шарт сомасы 15560,0 мың теңгеге жасалған.   Шарттың 1 қосымшасының талабымен  қызметті көрсету мерзімі  30.09.2020 жыл. Орындаушының  24.07.2020 жылғы №200058/01/1 «Жұмыстың орындалу акті»-мен  8000,0 мың теңге төленген.

Аталған келісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін Орындаушының  ұсынған:   1) 29.10.2020 жылғы №200058/01/2  «Орындалған жұмыстар  актісімен» 29 күнтізбелік күнге (4000000тг*0,1%* 29күн =116000тг),     2)  19.11.2020 жылғы №200058/01/3 «Орындалған жұмыстар актісімен»  48  күнтізбелік күнге  (4000000тг*0,1%*48күн =170800тг) кешіктіріп орындағаны анықталды.   

Келісім шарттың 7,3 тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасы 0,1% тұрақсыздық айыппұл сомасы 286880  теңге   есептелді.

Мемлекеттік сатып алу Заңының 12 бап 4 тармағына сәйкес Мекеме тарапынан "Элай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа жүгінбеген.

Мекеме мен Кәсіпорын арасында 25.04.2019 жылы №487/19-33 жалпы сомасы 21000,0 мың теңгеге Іле ауданы Ынтымақ ауылындағы қолданыстағы су тоғанында ұңғыманы бұрғылау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт жасалған. 

Мемлекеттік сатып алу Заңының 39 бабы 3-тармақ 27-тармағы бұзылған, яғни тиісті өкілеттіктері ҚР-ның заңдарында белгіленген, өздеріне қатысты ҚР-ның Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік органның сатып алуы, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке  тиесілі шаруашылық кәсіпорны болып табылмайды.

Сонымен қатар,  Іле ауданы Ынтымақ елді мекеніне су жеткілікті деңгейде жеткізілмеген,  түпкілікті нәтижеге жетпей, 21000,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған.

Мекеме мен Кәсіпорын арасында Іле ауданы Көшені жарықтандыруға арналған электр беружелілеріндегі тарату пункттері мен фидерлердің көліктік қосалқы станцияларына қызмет көрсету бойынша жұмыстарына жалпы сомасы 15 000,0 мың теңгеге 25.04.2019 жылы №487/19-134 келісім шарт жасалған. 

Мемлекеттік сатып алу Заңының 39 бабы 3-тармақ 27-тармағы бұзылған, яғни тиісті өкілеттіктері ҚР-ның заңдарында белгіленген, өздеріне қатысты ҚР-ның Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік органның сатып алуы, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке  тиесілі шаруашылық кәсіпорны болып табылмайды.

Сонымен қатар,  Мемлекеттік сатып алу Заңның 43 бабының 26 тармағының талаптарына  және  25.04.2019 жылы жасалған  №487/19-34  келісім шарттың 3 тармағының 2 тармақшасы бұзылған. Аталған жұмыстардың  орындалуы туралы актілер Мердігер тарапынан Тапсырыс берушіге берілмеген, жұмыстар орындалмаған.  Нақты орындалмаған жұмыстарға 29.04.2019 жылғы №4871011/19-134 төлем шоты арқылы                   15 000,0 теңге қаржы төленген.

Мекеме мен Кәсіпорын арасында Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы саябақ аймағын абаттандыру жұмыстарына жалпы сомасы 71600,0 мың теңгеге 28.02.2019 жылы  №487/19-11 келісім шарт жасалған.

Мемлекеттік сатып алу Заңының 39 бабы 3-тармақ 27-тармағы бұзылған, яғни тиісті өкілеттіктері ҚР-ның заңдарында белгіленген, өздеріне қатысты ҚР-ның Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік органның сатып алуы, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке  тиесілі шаруашылық кәсіпорны болып табылмайды.

Мекеме мен Кәсіпорын арасында  Іле ауданы Қоянқұс ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоныдағы топырақ құұнарлығын қалпына келтіру жұмыстарына 174000,0 мың теңгеге 20.02.2019 жылы №487/19-7 келісім шарт жасалған. 

Мемлекеттік сатып алу Заңының 39 бабы 3-тармақ 27-тармағы бұзылған, яғни тиісті өкілеттіктері ҚР-ның заңдарында белгіленген, өздеріне қатысты ҚР-ның Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік органның сатып алуы, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке  тиесілі шаруашылық кәсіпорны болып табылмайды.

Мекеме мен Кәсіпорын арасында  Іле ауданы Алматы Жетіген автожолының жол төсемі мен іргелес аумағын және жол төсемін абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 32000,0 мың теңгеге 27.03.2019 жылы №487/19-16 келісім шарт жасалған.  23.10.2019 жылы жасалған  №487/19-16/3 келісім шарты  бойынша  26000,0 мың теңгеге азайтылған.

Мемлекеттік сатып алу Заңының 39 бабы 3-тармақ 27-тармағы бұзылған, яғни тиісті өкілеттіктері ҚР-ның заңдарында белгіленген, өздеріне қатысты ҚР-ның Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік органның сатып алуы, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке  тиесілі шаруашылық кәсіпорны болып табылмайды.

Мекеме мен Кәсіпорын арасында  Іле ауданы Энергетический ауылдық округінің аумағын абаттандыру жұмыстарына 78000,0 мың теңгеге 28.02.2019 жылы №487/19-11 келісім шарт жасалған. 

Мемлекеттік сатып алу Заңының 39 бабы 3-тармақ 27-тармағы бұзылған, яғни тиісті өкілеттіктері ҚР-ның заңдарында белгіленген, өздеріне қатысты ҚР-ның Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік органның сатып алуы, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке  тиесілі шаруашылық кәсіпорны болып табылмайды.

9. «Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметттік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының  Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджеттiк қаражаты есебiнен ұсталатын
 мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы Ережесінің» 12 тармағы  сақталмаған.

Яғни, Орманов Дәулеткелді Серікұлы Талдықорған қаласына екі күнге салтанатты жиынға қатысуға 2019 жылғы 07-08-ші қарашасында 20,2 мың теңгеге және Кудаева Нина Владимировна Астана қаласына бес күнге мемлекеттік кызметкерлердің сапасы мен тиімділігін арттыру бағдарламасы бойынша өткізілетін оқуға 2019 жылғы 05-09 қарашасында 60,4 мың теңгеге іс сапарға жіберілген. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес күннiң iшiнде ақша қаражатының нақты шығыстары туралы аванстық есеп беруге мiндеттi. Аванстық есеп шығындары уақытында берілмеген.

10. «Іле ауданының Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

«Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрығының және Алматы облысы әкімінің «Алматы облысының мемлекеттік органдарындағы қызметтік  автомобильдерінің тиесілік нормативі және техникалық қызметкерлер санының лимиті туралы» 2020 жылғы 20 наурызындағы № 41-ө н/қ өкімінің 1-ші қосымшасына сәйкес мекемеде 1-қызметтік автокөлік болуы тиіс. Аталған бұйрық пен өкімнің талаптары сақталмай, теңгерімдік құны 1 384,6 мың теңгенің «ВАЗ 21214» маркалы 1-қызметтік автокөлік белгіленген лимиттен артық екендігі анықталды.

Мекеме 2021 жылдың 6 қаңтарында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тарапынан ұсынған шот фактура негізінде 2020 жылдың желтоқсан айының электр қуаты үшін барлығы 1 368 294,98 теңгені 2021 жылдың 1 ақпанындағы №1241106/21-28 төлемшотымен төленген.

Алайда Мекеменің қаржылық есептілік жасауында есеп айырысу актісі басшылыққа алынбай 2021 жылдың 01 қаңтарына өткізілген жылдық қорытынды теңгерімінде (баланс) 1 368 294,98 теңгенің кредиторлық қарызы бойынша бухгалтерлік баланстың 215 жолында жабдықтаушылармен мердігерлер алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды. Бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, бухгалтерлік есепті әдістерін бұза отырып жүргізу, қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан. Аталған бұзушылық Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурызындағы жылғы №241 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының» 3-тармағы 1-тармақшасының және 5-тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» қағидасының 26 тармағының және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» қағидасының 116 және 118–тармақтарының талаптарының сақталмауынан орын алған.

2020 жылдың 2 желтоқсанындағы №1241106/20-40 келісім шарт «Bolai Construction» ЖШС-мен 10 962,5 мың теңгеге жасалып, Байсерке ауылының Рақышев көшесіндегі су жинау мұнарасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 1 тармағының талабы сақталмай, «Bolai Construction» ЖШС-гі тарапынан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген 33,6 мың теңге қаражатты уақытша ғимараттар мен құрылыстардан қайтаруды қамтамасыз етпеген. Аудит барысында жобалау-сметалық құжаттамасында көрсетілген уақытша ғимараттар мен құрылыстардан қайтаруға жататын 33,6 мың теңге бюджет есебіне қайтарылды.

11. «Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

2021  жылдың 14 қаңтарындағы салыстыру актісіне сәйкес 2020 жылдың желтоқсан айына барлығы 231,1 теңге «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-не кредиторлық берешек болған. Мекеменің қаржылық есептілік жасауында есеп айырысу актісі басшылыққа алынбай 2021 жылдың 01 қаңтарына өткізілген жылдық қорытынды теңгерімінде (баланс) 231,1 мың теңгенің кредиторлық қарызы бойынша бухгалтерлік баланстың 215 жолында жабдықтаушылармен мердігерлер алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды. Бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, бухгалтерлік есепті әдістерін бұза отырып жүргізу, қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан.

12. «Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Мекеменің 2021  жылдың 18 ақпанында №1241104/21-48 төлемшоттының және ұсынылған 06 қаңтар 2021 жылғы шот фактуралар  негізінде 2020 жылдың желтоқсан айына барлығы 86602,05 теңге «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-не төленген. Алайда Мекеменің қаржылық есептілік жасауында есеп айырысу актісі басшылыққа алынбай 2021 жылдың 01 қаңтарына өткізілген жылдық қорытынды теңгерімінде (баланс) 86602,05 теңгенің кредиторлық қарызы бойынша бухгалтерлік баланстың 215 жолында жабдықтаушылармен мердігерлер алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды. Бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, бухгалтерлік есепті әдістерін бұза отырып жүргізу, қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан. Аталған бұзушылық Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы №241 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының» 3-тармағы 1-тармақшасының және 5-тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» қағидасының және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» қағидасының 116 және 118–тармақтарының талаптарының сақталмауынан орын алған.

13. «Іле ауданының Күрті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

2020 жылы мекемемен «Pit_StopKZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында 040 «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы негізінде  Күрті ауылдық округіне қарасты  Ақұлы көшесіне балалар алаңын орнатуға жалпы сомасы 5253,0 мың теңгеге 2020 жылдың 19 мамыр айында №20/19 келісім-шарты жасалынған. Келісім шарт негізінде жұмысты өткізу уақыты 31 желтоқсан айы болып белгіленген. 2020 жылдың 15 мамыр айында орындалған жұмыстар актісі негізінде қабылданып алынған.

2020 жылы мекемемен «Элай»» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы негізінде 2020 жылы Күрті ауылдық округіне қарасты саябақтың құрлысына жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге жалпы сомасы 6000,0 мың теңгеге 2020 жылдың 07 шілде айында №20/07 келісім-шарты жасалынған. Келісім шарт негізінде жұмысты өткізу уақыты 31 желтоқсан айы болып белгіленген. 2020 жылдың 25 қыркүйек айында орындалған жұмыстар актісі негізінде қабылданып алынған.

Жоғарыда аталған жалпы соммасы 11253,0 мың теңге мекеменің  балансына алынбаған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 242 және 243-тармақтарының талаптары және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылы бекітілген № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 16 тармағы толық сақталынбаған.

14. «Іле ауданының КазЦИК ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Мекеме басшысы Ж.Оңалбаев қол қойған 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 162-Ө өкім негізінде КазЦИК ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Италмасоваға еңбек қызметі саласындағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мәліметтер ұсыну үшін 2019 жылдың 1 қазанынан бастап 30 пайыз мөлшерінде үстемеақы белгіленген.

Аталған үстемеақыны төлеу 2019 жылдың 1 қазанынан бастап белгіленгенмен, 2019 жылдың қаңтарынан бастап жасалды. Аудит жүргізу кезінде негіздеме (өкім) жоқ.

Аталған үстемеақыны төлеу үшін негіздеме ретінде әрекет ететін нормативтік құқықтық актіге (Еңбек кодексінің 339-бабы) сілтеме дұрыс қолданылмаған, атап айтқанда жоғарыда көрсетілген бап тиісті НҚА-да жоқ.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 – V ҚРЗ Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР Еңбек кодексі) 202-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын ішкі бақылау өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жүзеге асырылады.

Өндірістік қызмет -ресурстарды дайын өнімге айналдыру үшін қажетті еңбек құралдарын қолдана отырып, жұмысшылардың іс-әрекеттерінің жиынтығы, соның ішінде әр түрлі шикізатты өндіру және өңдеу, құрылыс, әр түрлі қызметтерді ұсыну болып табылады.

Сонымен қатар, мекеме ережесінің 1 тарауының 1 тармағына және 12 тарауының 12 тармағына сәйкес КазЦИК ауылдық округі әкімінің аппараты тиісті аумақта жергілікті атқарушы органның, әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме болып табылады, оның міндеттері әкімнің қызметін ақпараттық - талдамалық, ұйымдастырушылық - құқықтық, материалдық – техникалық сипатта қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу болып табылады. Демек, көрсетілген қызмет қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған.

Осылайша, ҚР Еңбек кодексінің 202-бабының 1-тармағының және № 1127 Ереженің 5 тармағының 2 тармағының талаптары орындалмай, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап 2020 жылдың қаңтар айына дейінгі кезеңде КазЦИК ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Италмасоваға 30 пайыз мөлшерінде лауазымдық жалақыға негізсіз тағайындалған және төленген жалпы сомасы 423,1 мың теңге үстемақы бюджетке өтелуге жатады.

ҚР Еңбек кодексінің 1 тармағы 37 тармақшасына сәйкес  жалақы – жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.

Алайда, ҚР Еңбек кодексінің 1 тармағының 37-тармақшасын және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 16.10.2017 ж. №646 қбп «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің біріңғай жүйесін» сәйкес есептеліп төл бекіту туралы» (өзгертулер мен толықтырулармен) қаулысынының талаптары орындалмай, 2019 жылғы қыркүйек айында КазЦИК ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Италмасоваға 112,1 мың теңге мөлшерінде артық еңбекақы төленгені анықталды, орын алған бұзушылық сомасы бюджет есебіне өтелуі тиіс.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193  «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 18-қосымшасының талаптары сақталмай, 2019 жылғы қаңтар- қыркүйек аралығында жүргізуші Б.Орынбаевқа 24,4 мың теңге, 2019 жылдың қазан - желтоқсан аралығында жүргізуші А. Ақбергенге 53,2 мың теңге үстемақы негізсіз төленгені анықталды. Аталған жалпы сомасы 77,6 мың теңге негізсіз есептелген және төленген үстеме бюджет еебіне өтелуге жатады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2010 жылғы 3 тамыздағы  № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде есепке алуды жүргізу Қағидаларының» 187-тармағының талаптары сақтамай, мекемеде 2019 жылдың аралығында жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табелі жасалмағанын анықталды, бұл өз кезегінде қызметкерлердің жұмыс істеген уақытын есепке алу үшін қажет.

ҚР Еңбек кодексінің 113-бабының 1-тармағына сәйкес жалақы төлеу күні еңбек, ұжымдық шарттарда көзделеді.

03.02.2020 жылғы № 1 еңбек шартының 4-тармағының 4.1-тармақшасына сәйкес жалақы төлеу мерзімі айдың аяғында белгіленген.

ҚР Еңбек кодексінің 113-бабының 1-тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесінің» 233 тармағының талаптары орындалмай, аудитпен қамтылған кезеңде қызметкерлерге еңбекақы айдың бірінші онкүндігінде төленген, сондай-ақ басшының жалақы төлеу мерзімі мен кезеңділігі туралы бұйрығы жоқ.

№393 Ереженің 187-тармағына сәйкес есеп айырысу-төлем ведомосына табельдік нөмірлер, қызметкерлердің тегі мен аты-жөні, есептелген еңбекақы мен үстемақы сомасы, берілген аванс, ұсталған салықтар және басқа да сомалар жазылады.

Алайда, 2019 жылдың қаңтар айында КазЦИК ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Италмасоваға № 393 Қағидалардың 187-тармағын бұза отырып, есеп айырысу-төлем ведомосінде көрсетілмеген 40,0 мың теңге мөлшерінде аванс төленгені анықталды.

Мекеменің 2020 жылдық қаржылық есептілік жасауында салыстыру актілері басшылыққа алынбай (ШЖҚ «АлматыЭнергоСбыт») 2020 жылы 294,9 мың теңгенің кредиторлық қарызы бухгалтерлік баланстың кредиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды. Бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi көрсетпей, бухгалтерлік есепті әдістерін бұза отырып жүргізу, 2020 жылғы қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан.

Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 116 тармағының талаптарының бұзылуына әкелген.

15. «Іле ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.08.2001ж. №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасының талабы бұзылып, мекеменің бас маманы Асаутаева Шолпан Нурмекеновнаға  16.03.2020 жылғы №06 өкімімен берілген ескерту түріндегі тәртіптік жазасы бола тұра, 2020 жылдың 18 наурызындағы №1241100/20-72 төлемге берілетін шотымен 81654 теңге сыйақы төленгені анықталды.

16. «Іле ауданының Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бір қатар принциптерге негізделеді, оның ішінде, 9) тармақшасына сәйкес, негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану болып табылады.

Қараой ауылдық округі бойынша қоршаған ортаның ластануына эмиссияға төлемдерге 001 «Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігіне 2019 жылға 146,0 мың теңге және 2020 жылы 143,0 мың теңге қаралған. Алайда, нақтысында аталған шығындарға 2019 жылы 10,0 мың теңге және 2020 жылы 13,0 мың теңге жұмсалынған.

Жоспарланған мақсатында пайдаланбаған барлығы 266,0 мың теңге, оның ішінде 2019 жылы 136,0 мың теңге, 2020 жылы 130,0 мың теңге бюджет қаражаттары Мекеменің жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер мен толықтаулар енгізу туралы анықтамаларға сәйкес 2019-2020 жылдары желтоқсан айында аталған бағдарлама ішінде 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігіне жылжытылып, оның 251 100 теңгесі қызметкерлерге сый ақы ретінде төленген.

Демек, бұл негізсіз жоспарланып, өз мақсатында жұмсалынбай, ай сайынғы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтінімдері негізінде сый ақы төлеу үшін жылжытылып игерілген қаражат болып табылады немесе аталған қаражаттар үнемделген болып саналмайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы» Ережесінің 13 тармағына сәйкес, қызеткерлерге сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу бірқатар шығыстардың түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.

Демек, жоғарыда айтылғандай, қызметкерлерге сый ақы ретінде берілген қаражаттар Қазақстан Республикасының заңнамалары талаптарына қайшы болып табылады.

17. «Іле ауданының  Жетіген ауылдық округі әкімінінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы қаржы министірінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиhазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының және Алматы облысы әкімінің 2018 жылғы 04 сәуірдегі №36-ө н/қ өкімінің 2 қосымшасына қайшы, бастапқы баланстық құны 1199,0 мың теңге, қалдық құны 0 теңгені құрайтын 2007 жылы шыққан «Ваз21214» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі 566 АY05 автокөлік лимиттен артық.

18. «Іле ауданының Энергетический  ауылдық округі әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылдың 11 мамырдағы №256  қаулысымен бектілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары»-ның 3 тармағынының 1, 2 тармақшаларының талаптарының бұзылып 17,7 мың теңге негізсіз төленген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» № 179 бұйрығының талаптарымен Алматы облысы әкімінің 20 наурыз 2020 жылғы №41-ө н/қ «Алматы облысының мемлекттік органдарындағы қызметтік автомобильдердің тиістлік нормативі және техникалық қызметкерлер санының лимиті туралы» өкімі орындалмай, мекеменің теңгерімінде 2 қызметтік автокөлік артық берілген жәнеҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы „Мемлекеттік мүлік туралы“ №413-IV Заңының 6 бабының 4 тармағы толық басшылыққа алынбай, қалдық құндары 7102,9 мың теңгені құрайтын 3 автокөлтергі   пайдаланылмауда.

2019 жылы су жеткізу қызметі бойынша «Іле
коммуналдық шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналды кәсіпорнымен  01 қаңтарда 150,0 мың теңгеге №463 және  14 ақпанында сомасы 178,0 мың теңгеге №19/9 келісім шарты; электр қуатын пайдалану үшін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-мен 01 қаңтарында сомасы 250,0 мың теңгеге №19/19 келісім шарты; «Тепловые сети» ЖШС-мен 01 қаңтарында сомасы 250,0 мың теңгеге №19/2 келісім шарты жасалған. Алайда №19/2 келісім шарт бойынша 201,9 мың теңге төленген.Яғни №19/2 келісім шарт сомасын 48,1 мың теңгеге азайту жайлы қосымша жасалмаған, бұл Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 45 бабы 1 тармағының талаптарына қайшы келеді.  

2020 жылы мекеме бухгалтерлік есептілікке аудит жүргізуге алғашқы құны 11,3 мың теңгенің ұзақ мерзімді активі (диспенсер)  2360 шотына есепке алынған, ал мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары бойынша жоғарыдағы ұзақ мерзімді активтер 2383 шотына көрсетілуі керек, ал 2642,4 мың теңгенің ұзақ мерзімді активі (трансформатор,подстанция,) 2360 шотына есепке алынған және 125,0 мың теңгенің электростанция 2370 шотына есепке алынған, ал мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары бойынша жоғарыдағы ұзақ мерзімді активтер 2340 шотына көрсетілуі керек.Бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 16 тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 243,244-тармақтарының талаптарына қайшы келеді.

Мекеме қорларға жататын 1319 шотына көрсетілетін 98,7 мың теңгенің «жалюзи», ұзақ мерзімді активтерде 2370 шотына есепке алынған. Бұл «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 243,244-тармақтарының талаптарына қайшы келеді.

2019-2020 жылдары 005 бағдарлама бойыншаМекемемен  «САЯХАТ» ЖШС арасында «Кесте бойынша жолаушыларды қала ішілік және қала сыртына тасымалдау бойынша автобустар қызметі » бойыншакелісім шарттар жасалып, орындалған жұмыстар актілермен төленген.

Оның ішінде: 2020 жылы Мекемемен «САЯХАТ» ЖШС арасында «Кесте бойынша жолаушыларды қала ішілік және қала сыртына тасымалдау бойынша автобустар қызметі» бойынша14 ақпанда сомасы 2900,0 мың теңгені құрайтын №20-5 келісім шарты жасалған; 22 маусымда сомасы 6612,0 мың теңгені құрайтын №20/35келісім шарты жасалған. №20/35 келісім шартқа 21 тамызында №1 қосымша келісім шарт жасалып негізгі келісім шарт сомасы 2 491, 0 мың теңге құрап, орындалғанжұмыстар актілермен 725,0 мың теңге төленген. Мекеме 2020 жылы №20/35 келісім шарт сомасын 1766,0 мың теңгеге азайту жайлы қосымша жасалмаған.

Бұл Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңының 45 бабы 1 тармағының талаптарына қайшы келеді.

19. «Іле ауданының Боралдай кенті әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі:

Боралдай кенті әкімінің 2019 жылғы 6 қыркүйегіндегі №123ө-НҚ өкімінің негізінде «Іле ауданының Боралдай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және Ашимбеков Серик Баймухамедович жеке тұлғасы арасында әкімшілік ғимаратының алаңы 25,0 шаршы метр болатын жайды мүліктік жалға беру (жалдау) жөніндегі 2019 жылдың 26 қыркүйегінде № 518-ЭТП келісім шарты жасалған. Келісім шарт мерзімі 2019 жылдың 9 қыркүйегінен 2020 жылдың 8 қыркүйегін қоса алған мерзім аралығы болып бекітіліген. Келісім шарт бойынша жалға беру төлемдері уақытында төленген, ал келісім-шарттардың 4 тарауы 12 тармағының талаптары бойынша жалға алушы жеке тұлға С.Б.Ашимбеков жалпы сомасы 30 064 теңгенің жылу және электрқуаты ақысын төлемегені анықталды. Аудит барысында нақты сома 2021 жылдың 19 сәуіріндегі №0052 түбіртегімен жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

Мемлекеттік мекеменің 2021 жылғы 01 қаңтарына өткізілген жылдық қорытынды теңгерімінде (баланс) қаржылық есептілік жасауында есеп айырысу актісі басшылыққа алынбай «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС – не 238 645,95 теңге кредиторлық қарызы бойынша бухгалтерлік баланстың 215 жолында жабдықтаушылармен мердігерлер алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды. Жалпы кредиторлық карыз 238 645,95 теңгеге бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi көрсетпей, бухгалтерлік есепті әдістерін бұза отырып жүргізу, 2020 жылдағы қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан. Аталған бұзушылық Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы №241 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының» 3-тармағы 1-тармақшасының және 5-тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 116 және 118–тармақтарының талаптарының сақталмауынан орын алған.

«МУХАММЕД и Ко» ЖШС–і негізгі келісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін 45 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны анықталды. Бұл ретте негізгі келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан (16.06.2020 - 31.07.2020 жыл 34 125 855 теңге*0,1%*45 =1 535 670 теңге.) 0,1% тұрақсыздық айыпұл немесе 1 535 670 теңгені бюджет есебіне өндірілмеген.

Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес «МУХАММЕД и Ко» ЖШС–ін тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдесінгеді №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңының 60 – бабы  1 – тармағының талаптары және Қазақстан Республикасының 8.02–09–2002 жылғы құрылыс нормаларының жиынтығының 3 бабы 3.4 тармағының талаптары сақталмай, мердігер «ДДР» ЖК–нен жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған қайтарылым сомасы (уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардың 15 пайызын құрайтын) 46 440 теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылмаған. Аудит барысында нақты сома 2021 жылдың 14 сәуіріндегі №5 төлем тапсырмасымен жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдесінгеді №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңының 60 – бабы  1 – тармағының талаптары және Қазақстан Республикасының 8.02–09–2002 жылғы құрылыс нормаларының жиынтығының 3 бабы 3.4 тармағының талаптары сақталмай, мердігер «МАКС ДОРСТРОЙСЕРВИС-21» ЖШС–нен жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған қайтарылым сомасы (уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардың 15 пайызын құрайтын) 14 020 теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылмаған. Аудит барысында нақты сома 2021 жылдың 14 сәуіріндегі №307 төлем тапсырмасымен жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдесінгеді №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңының 60 – бабы  1 – тармағының талаптары және Қазақстан Республикасының 8.02–09–2002 жылғы құрылыс нормаларының жиынтығының 3 бабы 3.4 тармағының талаптары сақталмай, мердігер «МАКС ДОРСТРОЙСЕРВИС-21» ЖШС–нен жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған қайтарылым сомасы (уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардың 15 пайызын құрайтын) 17 680 теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылмаған. Аудит барысында нақты сома 2021 жылдың 14 сәуіріндегі №306 төлем тапсырмасымен жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдесінгеді №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңының 60 – бабы  1 – тармағының талаптары және Қазақстан Республикасының 8.02–09–2002 жылғы құрылыс нормаларының жиынтығының 3 бабы 3.4 тармағының талаптары сақталмай, мердігер «МАКС ДОРСТРОЙСЕРВИС-21» ЖШС–нен жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған қайтарылым сомасы (уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардың 15 пайызын құрайтын) 7 130 теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылмаған. Аудит барысында нақты сома 2021 жылдың 14 сәуіріндегі №305 төлем тапсырмасымен жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдесінгеді №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңының 60 – бабы  1 – тармағының талаптары және Қазақстан Республикасының 8.02–09–2002 жылғы құрылыс нормаларының жиынтығының 3 бабы 3.4 тармағының талаптары сақталмай, мердігер «МАКС ДОРСТРОЙСЕРВИС-21» ЖШС–нен жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған қайтарылым сомасы (уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардың 15 пайызын құрайтын) 13 090 теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылмаған. Аудит барысында нақты сома 2021 жылдың 14 сәуіріндегі №304 төлем тапсырмасымен жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жоспары 100,7% - ға орындалып, 284,9 млрд.теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджетке 116,5 млрд. теңге немесе 100,3%, жергілікті бюджетке – 168,4 млрд. теңге немесе 101,0% түсті.Жергілікті бюджеттің өсу қарқыны 2019 жылға қарай 35,9 млрд.теңгені немесе 127,1% - ды құрады. Облыстың жергілікті бюджетіне түскен жалпы түсімнен ауданның үлесі 59,3% құрайды. Аудан бюджеті шығыстар бойынша 48,1 млрд.теңгені құрап, 99,9% орындалды (2019 ж. - 99,7%).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 22,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі-108,1%. 151,3 мың ш.м. жоспар бойынша 157,3 мың ш. м. тұрғын үй салынды және пайдалануға берілді немесе 2019 жылға 109,2%. Өтеген батыр ауылында ауданы 4,2 мың шаршы метр 60 пәтерлі кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды және Өтеген батыр ауылында ауданы 3,2 мың шаршы метр 60 пәтерлі кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталу сатысында. Сондай-ақ, Өтеген батыр ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Халық 20449 млн. теңгеге 157,3 мың шаршы метр тұрғын үй салды.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 428 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі-100,8%, жоспар 100% орындалды. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 410,6 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі - 99,3% және 102% орындалды. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 94% жоспардағы 94,8% - ды құрады. 20 жаңа өнеркәсіптік нысан пайдалануға берілді, жұмыс істеп тұрған 14 кәсіпорында өндіріс кеңейтілді және 720 жаңа жұмыс орны құрылды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2020 жылы 86,0 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 2019 жылғы деңгейге қарағанда-102,1%, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы саласындағы жоспарлы көрсеткіштер орындалды, өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі 38,8 млн. теңгені немесе НКИ – 105,2%, мал шаруашылығы-47,0 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың НКИ 287,9% - ды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 99,8 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 117,5%. Инвестициялардың негізгі көлемі - 88,0 млрд.теңге немесе 88,2% бюджеттен тыс қаражат есебінен орындалды, бұл 2019 жылғы деңгейден 11,4% - ға артық (2019 ж. - 79,0 млрд. теңге).

Білім беру саласында ауданда 54 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 48 – Мемлекеттік, 6 - жеке меншік, білім алушылар саны - 62733 бала. 2019 жылмен салыстырғанда білім алушылар саны 2905 оқушыға немесе 3,6% - ға өсті. Мектепке дейінгі білім беруде 158 мектепке дейінгі мекеме бар, онда 14885 бала қамтылған, бұл 97,6% - ды құрайды (2019 жылы қамту 97,5% - ды құрады). Ауданның білім беру бюджеті 2020 жылы 129,8 млрд.теңгені құрап, 2019 жылға қарағанда 41,6% - ға өсті (8,8 млрд. теңге).

Ауданда Алматы аймақтық балалар ауруханасы және "Дәулет Центр" ЖШС бар 1058 төсек орын бар. Іле ауданының емдеу мекемелерінде 648 дәрігер және 1643 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыс жалғасуда. 519,8 мың теңгеге медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алынды. Медициналық ұйымның медициналық техникамен жабдықталу деңгейі жалпы аудан бойынша 85,9% (2019 ж.-56,2) құрады, жоспар бойынша 88,8%. ШЖҚ "Іле ОАА" МКК бойынша жабдықтау деңгейі 88,22% құрады. 2020 жылы азаматтардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 952 136 мың теңге бөлінді, барлық қаражат 100% игерілді. 534105 мың теңгеге вакциналар сатып алынды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға 1,6 млрд. теңге бағытталды. Оның ішінде "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша 1,3 млрд.теңге сомасына жұмыстар аяқталды, оның ішінде ұзындығы 6,9 км 5 елді мекенде сумен жабдықтау жүйелерін ағымдағы жөндеу бойынша (Өтеген батыр ауылы-ұңғыманы бұрғылау, Покровка ауылы-1,0 км ,Байсерке-2,7 км, жаңа дәуір-3,2 км), Ынтымақ - ұңғыманы бұрғылау. Жапек батыр, Жаңадауыр және Жауғашты ауылдарында жалпы ұзындығы 30,9 км сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, Өтеген батыр ауылындағы №1 КСС ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылы Өтеген батыр ауылындағы қысымды кәріз және КСС жүйелерінің құрылыс жұмыстары жалғастырылады және Боралдай кентіндегі кәріз жүйесінің және 2 КСС құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 1958,6 мың теңге өндірілді, 101815,3 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, олар:

- «Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінде – артық есептен шығарылған жанар май  75,2 мың тенге сомамен жергілікті бюджет есебіне өтелді;

- «Іле ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі – 97440,0 мың теңге жер үсті жаяу жүргіншілер құрылғысы 2330 «Құрылыстар» шотына қойылды;

- «Іле ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі - мемлекеттік аудит барысында 964,4 мың тенге 1330 шоттына қойылып, бухгалтерлік есебі бойынша қалпына келтірілді;

- «Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - аудит барысында 9,9 мың теңгені құрайтын тұрақсыздық айыппұлы бюджет есебіне аударылды;

- «Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі - аудит барысында ісспара шығындары бойынша анықталған 80,6 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді;

- «Іле ауданының Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі - мемлекеттік аудит барысында жобалау-сметалық құжаттамасында көрсетілген уақытша ғимараттар мен құрылыстардан қайтаруға жататын 33,6 мың теңге 2021 жылғы 19 сәуіріндегі түбіртекпен бюджет есебіне қайтарылды;

- «Іле ауданының КазЦИК ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі - мемлекеттік аудит барысында 294,9 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді;

- «Іле ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі- аудит барысында негізсіз төленген 81,6 мың теңге сыйақы «жергілікті бюджет есебіне қайтарылды;

- «Іле ауданының Энергетический ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі - аудит барысында 17,7 мың теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылды, 2877,4 мың теңгенің негізгі құралдары мен қорлар, бухгалтерлік анықтамамен, тиесілі шоттарда көрсетілді;

- «Іле ауданының Боралдай ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі- мемлекеттік аудит барысында анықталған тармақтар бойынша 1660,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылды, 238,6 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 6 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:

- «Іле ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі - Х.Серікбаеваға аппарат басшысының 21.04.2021 жылдың №34 бұйрығымен ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді;

- «Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі – мекеме басшысының 11.05.2021 жылдың №13-нк бұйрығымен бөлімнің статисті А. Шубаеваға ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді;

- «Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі – мекеме басшысының 12.05.2021 жылдың №7 бұйрығымен сектор меңгерушісі Д. Ормановқа ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді;

«Іле ауданының Энергетический ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі – жауапты бас маман Е.Дауыталы округ әкімінің 2021 жылғы 19 сәуіріндегі №18-ө өкімімен тәртіптік жауапкершілікке тартылды;

- «Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі - жауапты маман М.Канджикараева округ әкімінің 2021 жылғы 16 сәуіріндегі №09-ө өкімімен тәртіптік жауапкершілікке тартылды;

- «Іле ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі - 2021 жылдың 23 сәуіріндегі №4-ө өкімімен ескерту түрінде  Тұрлыханов Серік Жұмагуловичке тәртіптік жаза қолданылды.

Мемлекеттік аудит нәтижесімен лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жалпы 11 мемлекеттік мекеме бойынша материалдар жолданды:

- «Іле ауданының  құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, мекеменің басшысы Е.Турусбаевқа және 2018 жылдың кезеңінде осы мекеме басшысының міндетін атқарған А.Шойынжановаға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 тармағының 3 тармақшасымен әкімшілік айыппұлдар салынды;

- «Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, мекеменің бас есепшісінің орынбасары О.Кутибаеваға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағының 2 тармақшасымен әкімшілік айыппұл салынды.

- «Іле ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, мекеменің статисті Н.Кудусбековаға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының                               1 тармағының 2 тармақшасымен әкімшілік айыппұл салынды;

- «Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралуда;

- «Іле ауданының Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, мекеменің бас маманы Ж.Кошербаеваға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағының 2 тармақшасымен әкімшілік айыппұл салынды;

- «Іле ауданының КазЦИК ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, мекеменің бас маманы Г.Дюсебаеваға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағының 2 тармақшасымен әкімшілік айыппұл салынды;

«Іле ауданының  Боралдай  кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, мекеменің басшысы Д.Конурбаевқа Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» (әрі қарай-Кодекс) 207 бабының 10 тармағының 3 тармақшасымен және  бас маманы А.Гумароваға аталмыш Кодекстің 238 бабының 1 тармағының 2 тармақшасымен әкімшілік айыппұлдар салынды. Аталған айыппұлдар бойынша  2021 жылдың 17 мамырындағы № 2105179507289 түбіртегімен 72 925 тенге, 2021 жылдың 17 мамырындағы № 2105179525457 түбіртегімен 43 755 тенге төленді.

«Іле ауданының Күрті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, мекеменің бас маманы Ж.Кунипияеваға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағының 2 тармақшасымен 2 әкімшілік айыппұл салынды. 2021 жылдың 29 сәуіріндегі № 2104299457085  түбіртегімен 72 925 тенге және 2021 жылдың 29 сәуіріндегі № 2104299434939 түбіртегімен  72 925 тенге айыппұл төленді.

«Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, мекеменің бас маманы А.Менилбаеваға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағының 2 тармақшасымен әкімшілік айыппұл салынды. 2021 жылғы 20 мамырдағы №2105202885547 түбіртегімен  72 925 тенге айыппұл төленді.

«Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, мекеменің бас маманы Канджикараеваға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағының 2 тармақшасымен әкімшілік айыппұл салынды. 2021 жылғы 17 мамырдағы № 2105179659874 түбіртегімен 72 925 тенге айыппұл төленді.

- «Іле ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, мекеменің бас маманы А.Аубакироваға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағының 2 тармақшасымен әкімшілік айыппұл салынды. 2021 жылдың  06 мамырындағы №2105063549739 түбіртегімен  72 925 тенге айыппұл төленді;

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 119 354,3 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 13 500 000,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты, 21 750,5 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, 7 102,9 мың теңге мемлекет активтерін пайдаланудан ықтимал шығындар және жіберіп алған пайда және 26 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарын,Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы Ережесінің сақтамаудан орын  алған.

3. Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсізпайдаланылуына жол берілген.

4. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының талаптарын тиісті сақтамау салдарынан бюджет қаражатын артық және негізсіз шығысталуларына жол берілген.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар

Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану жеткізуінің тиімділік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. Іле ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

2. Іле ауданы әкімі келесі шараларды қабылдасын:

1) Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі 2021 жылдың 5 шілдесіне дейін қаралсын.

2) бюджет есебіне өндірілуге жататын  2291,8 мың теңгенің жергілікті бюджет есебіне өндірілуі 2021 жылдың 5 шілдесіне дейін қамтамасыз етілсін.

3) қалпына келтіруге жататын 14 711,2 мың теңгенің қалпына келтірілуі 2021 жылдың 5 шілдесіне дейін қамтамасыз етілсін.

4) Мемлекеттік аудит объектілері басшыларының бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілген 1958,6 мың теңге және есептілік бойынша  қалпына келтірілген 100 392,7 мың теңге назарға алынсын.

 

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

Тексеру комиссиясының мүшесіҚ. Сағымбаев

 

Бөлім басшысы  Д. Базарбаев

 

Сапа бақылауына жауапты

Құрылымдық бөлімшенің басшысы Қ.Есенаманов

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Қадір 

Аудит тобының жетекшісі                                                Д. Базарбаев

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ