Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ Алакөл ауданы
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 19.10.2021 | |
Просмотры: 1376 | Печать страницы |
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлік
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Алакөл ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Алакөл ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:
- «Алакөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
- «Алакөл аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесі.
3.«Алакөл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
4. «Алакөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
5. «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
6. «Алакөл ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
7. «Алакөл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
8. «Алакөл аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
9. «Алакөл аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. «Алакөл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
11. «Алакөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
12. «Алакөл ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
13. «Алакөл ауданының Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
14. «Алакөл ауданының Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
15. «Алакөл ауданының Арқарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
16. «Алакөл ауданының Екпінді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
17. «Алакөл ауданының Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
18. «Алакөл ауданының Жағатал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
19. «Алакөл ауданының Жайпақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
20. «Алакөл ауданының Жанама ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
21. «Алакөл ауданының Сапақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
22. «Алакөл ауданының Қызылащы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
23. «Алакөл ауданының Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
24. «Алакөл ауданының Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
25. «Алакөл ауданының Жыланды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
26. «Алакөл ауданының Қабанбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
27. «Алакөл ауданының Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
28. «Алакөл ауданының Көлбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
29. «Алакөл ауданының Лепсі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
30. «Алакөл ауданының Теректі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
31. «Алакөл ауданының Тоқжайлау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
32. «Алакөл ауданының Үшарал қалалық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
33. «Алакөл ауданының Ынталы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
34. «Алакөл ауданының Ырғайты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
35. «Алакөл ауданының Үшбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2020 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
- Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
Ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымына қалалық және 23 ауылдық
округтер кіреді. Әкімшілік орталығы – 20 мыңға жуық халқы бар Үшарал қаласы.
2021 жылғы 1-ші қаңтарға аудан халқы саны 74291 адамды құрады.
Аудан арқылы өтетін Ақтоғай-Достық темір жолы тарамының бойында ірі Бескөл және Достық бекеттері орналасқан. Темір жолдың жалпы эксплуатациялық ұзындығы-300 км. Аудан арқылы ұзындығы 700 км құрайтын, қатты қабатты республикалық маңызы бар Алматы–Өскемен, Алматы–Үшарал–Достық автотрассасы өтеді.
Аудан аумағында 1998 жылы 5 сәуірде ашылған Алакөл қорығы орналасқан. Қорық аумағына Алакөл көлінің сулы-батпақты алқабы, Сасықкөл айдыны, Аралтөбе және Шұбартүбек аралдары кіреді. Қорықта 200-ден астам түрлі құстар, оның ішінде реликті шағала мекен етеді.
Ауылшаруашылығы: Аудан экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды. Аграрлық секторда 2020 жылы өндірілген өнім көлемі 48 млрд. 844 млн.теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 106,9 пайызды құрады (2019 жылы – 45,6 млрд. теңге). Заттай индекс 102,5 пайыз.
Техника паркін жаңалауда өз қаражаттары мен лизинг компаниялары арқылы 1003 млн. теңгеге 55 дана техникалары сатып алынған.
Мал шаруашылығын дамыту мақсатында, «Алакөл Агро» серіктестігінде 591 млн.теңгеге ұсақ малын бағатын шопандарға арналған заман талабына сай 4 үй және 4 қора жайлары және құны 700 млн.теңгеге 7 мың басқа арналған ұсақ мал бордақылау алаңы қолданысқа берілген.
Сондай-ақ, «Алакөл Аляньс» серіктестігі 450 млн.теңгеге Ресей елінен 1000 бас қалмақ тұқымды ірі қара малы сатып алынса, 284 млн.теңгеге «Айманбетов» ш/қ ірі қара малын бордақылау алаңының қуаттылығы 1000 басқа кеңейтілді. Жалпы 2 млрд.25 млн.теңге инвестиция тартылып, 51 адам жұмыспен қамтылған.
2020 жылы барлық егіс көлемін 84956 гектарға игеріп, жалпы өнім көлемін 49 млрд.374 млн.теңгеге жеткізуді жоспарланған. Осы мақсатқа жету үшін «Алакөл Агро» серіктестігінің құны 700 млн.теңгені құрайтын 5 000 басқа арналған ұсақ мал бордақылау алаңын қолданысқа беру және балық шаруашылығында құны 450 млн.теңгеге «Aква продукт» серіктестігінің қуаттылығы жылына 2000 тонна (4 млрд.теңге) радуга фаррелін өндіру жобасын іске асырылады.
Сонымен қатар, су үнемдеу мақсатында «Алакөл агро» серіктестігі 1000 гектар жерге жаңбырлатып суару құрылғысын орнату жспарланған.
2020 жылы өнеркәсіп саласында 11 млрд. 845 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, заттай көлем индексі 100,9 процентті құрады.
Ауданға 41 млрд. 765 млн. теңгенің инвестициясы тартылып, заттай индексі 142,1 процентті құрады.
Тартылған инвестициялардың 24 млрд.759 млн.теңгесі немесе 59,3 проценті бюджеттен тыс қаражаттар.
2020 жылы құрылысы басталған «Петрочемикал Транспортишн компании» серіктестігінің 6 функционалдық блоктан тұратын, құны 16,5 млрд.теңгені құрайтын «Достық» индустриялық паркінің» құрылысы жүргізілуде.
Осы жобалардың нәтижесінде ауданға 2021 жылы 44 млрд.теңгеге инвестиция тартуды жоспарланып отыр.
Бюджетке міндетті төлемдерді жинау жоспары 106,8 пайызға орындалып, 6 млрд.256 млн.теңгеге жетті (жоспар 5858 млн.теңге).
Оның 4 млрд. 487 млн.теңгесі жергілікті бюджеттің үлесінде (жоспар 107,7 пайызға орындалды).
Меншік салығы 3 млрд. 244 млн.теңгеге толықты. Жоспар 106,5 пайызға орындалды (жоспар 3045,2 млн.теңге).
Салық берешегі 2021 жылдың 1 қаңтарына 17,3 млн. теңге болып, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 12 млн. теңгеге төмендеді.
Бюджет шығысының жылдық жоспары 99,9 процентке игеріліп, 22 млрд. 176 млн.теңгені құрады.
Өнеркәсіп: Шағын және орта бизнестегі субъектілердің саны 3082-ге жеткен. Осы салада барлығы 10,3 мың адам жұмыспен қамтылған. Олар 67,1 млрд.теңгенің қызметі мен өнімін өндіріп, бюджетке 2,7 млрд. теңгенің салығын түсірген.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 28 жұмыс орнымен 18 жоба 464,1 млн.теңгеге және «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде (экономика простых вещей) басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы бойынша 630 млн.теңгеге 6 жоба қаржыландырылған.
Бөлшек тауар айналымы 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 107,4 процентке орындалып, 22,5 млрд.теңгеге жеткен.
Құрылыс: Ағымдағы жылы қолданысқа 13,2 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді. Құрылыс жұмыстарының көлемі 33,3 млрд. теңгеге жеткізіліп, 199,1% өсім қамтамасыз етілді. Нақты көлем индексі 178 процент.
Достық ауылында «Спорттық-сауықтыру кешенін» қолданысқа беріп, Лепсі ауылында аталған кешеннің құрылыс жұмыстары басталған.
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы: «Ауыл ел бесігі» арнайы жобасы аясында бұрынғы аудан орталығы болған Қабанбай ауылына 10 жобаға 1 млрд.117 млн.теңге қарастырылып, Қабанбай ауылының ауруханасы мен мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары, жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын 8 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Осы жоба шеңберінде Актүбек және Көктұма ауылдарына 1 млрд. 91 млн.теңгеге 10 жобаны іске асырылады (Ақтүбек ауылының мәдениет үйінің құрылысы мен жолдарын орта жөндеу, Көктұма ауылының электр желісінің құрылысы мен көшесін орта жөндеу).
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауданның барлық ауылдары қамтылды. Шалғай ауылдардың мәдени, білім ошақтары, су жүйелері, жолдары, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілген 1221 жұмыс орны ашылып, оның 619-ы Жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастырылған.
Бағдарламаға 4 млрд. 492 млн.теңгеге 57 жоба енгізіліп, жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылды. Жалпы бағдарлама аясында 32 әлеуметтік нысандар;
- 3 коммуналдық нысан;
- 15 инженерлік-транспорттық нысандар;
- 7 нысан абаттандыру-көгалдандыру жұмыстарымен қамтылған.
Коммуналдық сала: Аудан халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында үстіміздегі жылы Балапанов ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы және Қабанбай ауылының су мұнарасы ағымды жөндеуден өтіп, нәтижесінде орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған елді мекендердің үлесі 85,7 процентті құрады.
Жолдар: 2020 жылы облыстық жолдарға 1 млрд. 546 млн.теңге және аудандық маңыздағы 16 елді мекеннің жолдарын жөндеуге 2 млрд.115 млн.теңге қарастырылып, жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылған.
Республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» бағытындағы 184 шақырым (30 шақырымы қолданысқа берілді) және «Талдықорған–Қалбатау-Өскемен» бағытындағы 149 шақырым жол құрылысы жүргізілуде (71 шақырымы қолданысқа берілді). Нәтижесінде аудандағы барлық жолдардың 73,1 пайызға жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізіледі (оның ішінде аудандық маңыздағы жолдың сапасы 37,3 проценттен 40 процентке жеткізілген).
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы: «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 42,6 млн.теңгеге Жайпақ, Екпінді, Қайнар және Теректі ауылдарының саябағы мен көше бойына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, Тоқжайлау ауылына спорт алаңы салынған.
Әлеуметтік сала: Әлеуметтік сала ауданымыздағы бірінші кезектегі мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін біз жұмыссыздықты қысқарту және азаматтардың әл-ауқатын көтеруге күш салудамыз. Ауданымызда 2020 жылы 1670 жаңа жұмыс орны ашылған.
Жыл басынан 463 отбасына (2504 адам) 208,2 млн.теңгеге Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.
Ауданда жұмыспен қамтудың пәрменді шараларының бірі - «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының үш бағыты бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда.
Бағдарламаның 1-ші бағыты бойынша 71 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға жіберіліп, 2-ші бағыты бойынша 18 адамға 76,8 млн.теңгенің несиесі және 275 азаматқа 152,1 млн.теңге грант берілген.
Бағдарламаның 3-ші бағыты аясында 1001 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына және қоғамдық жұмыс орындарына жіберілген.
Білім: Аудандағы 44 мектепте 13,4 мыңнан астам оқушы дәріс алуда. 1575 бала 19 балабақшада, 1050 бала 32 кіші орталықтарда тәрбиеленуде.
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтылуы 100 процентті құрайды.
Аудан бойынша 3 ауысымда және апатты жағдайда тұрған мектептер жоқ. Жалпы 44 мектептің 35 күрделі жөндеуден өткізілген, оның ішінде 2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен Қайнар және Безродных атындағы орта мектептерге күрделі жөндеу, 26 мектеп ішілік дәретханаға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында білім саласына еңбек етуге келген 32 маманға 8598,0 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы және 10 маманға 45551,0 мың теңге бюджеттік несие берілген.
Денсаулық сақтау: Ауданда 42 денсаулық сақтау мекемелерінде 113 дәрігерлер, 563 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасайды.
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері денсаулық саласының материалдық техникалық базасы тұрақты дамыған. 2020 жылы 2 жедел-жәрдем және 1 жылжымалы диагностикалық медициналық автобус, 69 бірлік медициналық қондырғы сатып алынды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында денсаулық саласына еңбек етуге келген 12 маманға 3245 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы және 6 маманға 25002 мың теңге бюджеттік несие берілді.
Мәдениет, спорт және туризм: Жыл басынан аудандағы барлық мәдениет үйлері мен клубтар 2020 жылға белгіленген жоспар бойынша халыққа мәдени қызмет көрсетуде.
Ауданымызда балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына барлық мүмкіндіктер жасалған, 2 стадион, 191 спорт алаңдары мен спорт залдары жұмыс істейді. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 10 түрімен 1124 спортшы шынығады.
Туризмді дамыту 2020 жылы өз қаражаттары есебінен 750 орынды 15 нысандар қолданысқа беріліп, аудан экономикасына 2,6 млрд.теңгенің инвестициясы тартылған.
2020 жылы 798,5 мың адам демалып, 4 млрд. 790 млн. теңгенің ақылы туристік-сауықтыру қызметі көрсетілді. Ақши ауылына абаттандыру жұмыстары жүргізілді құны 2 млрд. 469 млн. теңгеге орталықтандырылған ауыз су және 1 млрд. 821 млн.теңгеге кәріз тазарту құрылыстары, жалпы құны 6 млрд.теңгені құрайтын Алакөл көл жағалауының 13,5 шақырымын (оның ішінде Ақши ауылының 10,150 шақырым, Көктұма ауылының 3,4 шақырым) бекіту жұмыстары жүргізілуде.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері
Алакөл ауданы бойынша бюджет қаражаты есебінен салалар бойынша 21 921 186,1 мың теңгесі мемлекеттік аудитпен қамтылды.
1 941 066,3 мың теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды (қалпына келтірілуге жататыны 1 918 573,3 мың теңге, өндірілуге жататыны 22 493,0 мың теңге), тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты 3786,9 мың теңге, иімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 50,0 мың теңге.
Сонымен қатар 8 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
1. «Алакөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Сонымен қатар мекемеде белгіленген лимиттен артық қызметтік автокөлік бола тұра 2020 жылы «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС-мен жасалынған 10.09.2020 ж. №1 келісім шарт негізінде «Hyundai Sonata» маркалы қызметтік автокөлік сатылып алынып 9 790,0 мың теңге бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына жол берілген. Аталған бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 234-1 бабы бойынша лауазымды адамдарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Мекемемен "BARAKAT" ЖК арасында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы 17.07.2019 жылғы №1 шарттың орындалуын толық қамтамасыз етуді ескере отырып, Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 46 - бабы 2 – тармағының талабы сақталмай мекеме тарапынан азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге өтінім 2019 жылдың 4 қыркүйегінде немесе қамтамасыз ету енгізілгеннен кейін 21 күн өткен соң берілген (шарттың орындалуын қамтамасыз етудің 3% мөлшеріндегі сомасы- 63,3 мың теңге 05.08.2019 жылы төленген).
Конец формы
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 24-тармағы бұзылып, мекеме тарапынан «Өнім беруші" "BARAKAT" ЖК-нен мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін 8,5 мың теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алу қамтамасыз етілмеген.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4-тармағы 3 тармақшасының талаптарына қайшы «Тапсырыс беруші» мекеме «Өнім беруші" "BARAKAT" ЖК-н мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талап арызбен сотқа шағымданбаған.
2. «Алакөл аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысының 6 тармағының талабы бойынша іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес жұмыс күнi iшiнде іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, іссапар туралы есеп беруге тиісті. Осы талап мекемемен орындалмай 2019 жылдың мамыр айынан бастап 31 желтоқсанын қоса алған кезеңге қызметкерлермен іссапар туралы есеп берілмеген.
Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 Қаулысының 1-1, 2 – тармақтарының талаптары орындалмай, 2019-2020 жылдарда іс сапар шығындары төлеу барысында мекеменің қызметкерлеріне жалпы сомасы 202,0 мың теңге негізсіз артық төленген.
3. «Алакөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Іс-сапар шығындарын есептеп төлеуде ҚР Үкіметінің 22.09.2000 жылғы № 1428 «ҚР аумағында мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен ҚР Парламенті депутаттарының қызметтік іс-сапары ережесі туралы» қаулысымен бекітілген қағидасының 2 тарау 6 тармағының талаптары орындалмаған, атап айтқанда 2019 жылдың 12 ақпанындағы №6-Н бұйрығына сәйкес мекеменің бас маманы Е.Оспанов 2019 жылдың 12-13 ақпанында Талдықорған қаласына іссапарға жіберіліп 20,7 мың теңге іссапар шығыны төленген. Алайда қызметкермен іссапары бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттары мен іссапар туралы есебі өткізілмеген. Негізсіз төленген іс-сапар шығыны 20,7 мың теңге аудит барысында бюджет кірісіне қайтарылды.
4. «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының 3-тармағының 2,3-тармақшалары бұзыла отырып, 2020 жыл кезеңінде 5-15а нысанындағы ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірмеге сәйкес мемлекеттік мекеменің басшысы мен қызметкерлеріне тұрғын үй-жайды жалдау және жол шығындары бойынша негізсіз шығыстар жол берген жалпы сомасы 107,3 мың теңгені құраған.
«Full Lighting Star» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2020 жылғы12 маусымдағы №-304 негізгі келісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерінің 22 000,0 мың теңгесін құрайтын «wi-fi орнату» 55 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны анықталды. Бұл ретте негізгі келісім шарттың 8.2 тармағына талаптарына қайшы тапсырыс беруші мердігерді жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне келісім шарттың орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% тұрақсыздық айыпұл немесе 1 210,0 мың теңге бюджет есебіне өндіруге жатады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағы 3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талап-арызбен сотқа шағымданбаған.
5. «Алакөл ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242-II Заңының 60-бап 1-тармағының өзгерістермен толықтырулар және Қазақстан Республикасының құрылыстық нормалары (8.02-02-2002)-8.02.ХХ-201Х «Уақытша ғимарат және қоңдырғылар құрылысын салу кезде шығындардың жинағының» талаптары толық сақталмай, нәтижесінде Үшарал қаласының Қазақстан көшесі автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарының 2019 жылғы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген 7782,2 мың теңге уақытша ғимараттар мен құрылыстың қаражатты, қайтару қамтамасыз етілмеген. Яғни аталған қаражат бюджет есебіне қайтарлуы тиіс.
6. «Алакөл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» 2018 жылдың 11 мамырдағы №256 қаулысының 1 тарау 2 тармағының талаптары бұзылып, негізсіз Г.Жексембаева 24100 теңге төленген. Негізсіз төленген іс-сапар сомасы 24,1 мың теңге бюджет есебіне қайтарылуы тиіс.
7. «Алакөл аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2020 ж. №256 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бұзған мекеме бухгалтеріне 26,8 мың теңге сомасында іссапар шығыстары негізсіз (Бұйрықсыз) төленген.
8. «Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша барлығы 1860843,7 мың теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде 1860544,4 мың теңгенің негізгі қорлары уақытында есепке алынбаған, 251,3 мың теңгенің тұрақсыздық айыппұлы ұсталмаған, 48,0 мың теңгенің іс-сапар шығындары негізсіз төленген. Сонымен қатар лимиттан тыс автокөлік тиімсіз пайдалануда.
9. «Алакөл ауданының Жанама ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бұйрығымен бекітілген № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қағиданың 236-тармағы талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылы бұйрығымен бекітілген № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» есепке алу шоттары жоспарының 16 тармағы талаптары № (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбай 2020 жылы алынған – 2 260,0 мың теңгеге өнім бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде 2383 шотына қойылмаған. Аудит барысында қалпына келтірілді.
10. «Алакөл ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
2019 жылдың 10 қыркуйегіндегі № 06-НҚ бұйрығымен Мекеменің бас маманы М.Нусипова «Қалтадағы мемлекеттік қызметкер» жөніндегі оқыту семинарына Талдықорған қаласына жолданған. Іссапар шығындарын өтеу үшін 2019 жылдың 04 қазанындағы № 1235287/19-359 төлем тапсырмасымен аталған қызметкерге 19,8 мың теңге төленген. Аудит барысында іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттардың өткізілмегені анықталған.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 10 маусымындағы № 1241197/20-242 және 2020 жылдың 03 шілдесіндегі № 1241197/20-277 төлем тапсырмаларымен Мекеменің бас маманы Е.Калиевке іссапар шығындарын өтеу үшін 21,1 мың теңге төленген, сондай-ақ 2020 жылдың 10 маусымындағы № 1241197/20-241 төлем тапсырмасымен Мекеменің жүргізушісі Б.Игибаевқа іссапар шығындарын өтеу үшін 16,6 мың теңге төленген. Яғни, аудит барысында аталған қызметкерлерді іссапарға жіберу туралы өкімдерінің шығарылмағандығы анықталды. 57,5 мың теңге аудит барысында 2021 жылдың 23 маусымындағы № 3859483764 түбіртегімен жергілікті бюджет есебіне өтелді.
11. «Алакөл ауданының Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
2020 жылдың қорытындысы бойынша «Раяна» ЖК-гінің алдындағы 250,0 мың теңге көлеміндегі берешек «Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» болып қалыптасқан.
Атап айтқанда, қаржылық есептілікте «Раяна» ЖК-мен есеп айырысуда қалыптасқан 250,0 мың теңге қарыздары 2021 жылдың 1 қаңтарына бухгалтерлік баланста кредиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды.
Бұл өз кезегінде «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 118-тармағының талаптарының бұзылуына әкеліп отыр.
12. «Алакөл ауданының Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» (өзгертулер мен қосымшалармен) қаулысының қағидасының 2 тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тарауының 6 тармағының талаптары сақталмай мекеменің бас маман-есепшісі Базарбаев Олжас Маратұлына іс сапар шығындарына 85,0 мың тенге төленген, алайда аудит барысында іс сапарға шығуына негіз болатын округі әкімінің өкімі шығарылмағаны анықталды, сонымен қатар, аталған қызметкермен іссапары бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттар өткізілмеген, яғни О.Базарбаевқа төленген іс-сапар шығындары негізсіз болып табылады.
13. «Алакөл ауданының Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» (өзгертулер мен қосымшалармен) қаулысының қағидасының 2 тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тарауының 6 тармағының талаптары сақталмай (2019 жылдың 11 қыркүйегінде № 1235297/19-297 төлем тапсырмасымен) 19,7 мың тенге және 2019 жылдың 04 қазанындағы №1235297/19-347 төлем тапсырмасымен 2,6 мың тенге мекеменің бас маманы Кобдиков Талғат Саятовичқа іс сапар шығындарына барлығы 22,3 мың тенге төленген, алайда аудит барысында іс сапарға шығуына негіз болатын, округ әкімінің өкімі шығарылмағаны анықталды, яғни Т.Кобдиковқа төленген іс-сапар шығындары негізсіз болып табылады.
14. «Алакөл ауданының Лепсі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығының 242 және 243-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 16 тармағының талаптарына қайшы ауылдардың көшелерін жарықтандыру жұмыстары 7500,0 мың теңге мекеменің балансына алынбаған.
15. Алакөл ауданының «Тоқжайлау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 242 және 243-тармақтарының талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылы бекітілген № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 16 тармағының талаптарына қайшы ауылдардың көшелерін жарықтандыру жұмыстары 7500,0 мың теңге мекеменің балансына алынбаған.
16. Алакөл ауданының Ынталы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 11 және 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 14 өкімдерінің негізінде Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстеме ақылар белгілеу қағидаларын бұза отырып, мекеменің бас маманы Нүсіпов Еркін Нұрғазыұлы, сөгіс және ескерту түріндегі тәртіптік жазасы бола тұра Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №11 және 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №14 жалпы сомасы 62,1 мың теңгеге сыйлықақы негізсіз төленген. Бұл сома бюджетке өтелуге жатады.
17. «Алакөл ауданының Ырғайты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылдың 11 мамырдағы №256 қаулысымен бектілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары сақталмай бас маман М.Ш.Абдигалиевқа мекеменің бұйрығысыз 33,2 мың теңге негізсіз төленген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 "жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" қаулысы мен Алакөл ауданы әкімінің 25.01.2019 жылғы №7-Ө "жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" өкімін бұза отырып мекеме тексерілген кезеңде жалпы сомасы 38,0 мың теңгеге 224 литр көлеміндегі (Аи 92 маркалы) бензинді негізсіз есептен шығарған.
18. «Алакөл ауданының Үшарал қалалық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша барлығы 6063,8 мың теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде 5965,1 мың теңгенің негізгі құралдары мен 98,7 мың теңгенің қорлары бухгалтерлік есепте дұрыс шоттарда көрсетілмеген.
19. «Алакөл ауданының Екпінді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» (өзгертулер мен қосымшалармен) қаулысының қағидасының 2 тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тарауының 6 тармағының талаптары сақталмай 2020 жылдың 14 желтоқсанында № 1241142/20-404 төлем тапсырмасымен мекеменің спорт әдіскері Шаригатов Дархан Адилхановичке іс сапар шығындарына 20,3 мың тенге төленген, алайда аудит барысында іс сапарға шығуына негіз болатын округі әкімінің өкімі шығарылмағаны анықталды, сонымен қатар, аталған қызметкермен іссапары бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттар өткізілмеген, яғни Д.Шаригатовқа төленген іс-сапар шығындары негізсіз болып табылады.
20. «Алакөл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде барлығы 47198,9 мың теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде өтелуге жататыны 12493,7 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны 34705,2 мың теңге. Рәсімдік бұзушылықтар-2. Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты 3786,9 мың теңге. Атап айтқанда:
2019 жылы "Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау" бағдарламасы бойынша мекеме тиімсіз жоспарлауға байланысты Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 95-бабын сақтамау нәтижесінде 982,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатын игермеген.
"Коммуналдық шаруашылықты дамыту" бағдарламасы бойынша мекеме тиімсіз жоспарлауға байланысты Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 95-бабын сақтамау нәтижесінде 97,6 мың теңге сомасында бюджет қаражатын игермеген.
"Мәдениет объектілерін дамыту" бағдарламасы бойынша мекеме тиімсіз жоспарлауға байланысты Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 95-бабын сақтамау нәтижесінде 186,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатын игермеген.
Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алу бағдарламасы бойынша түзетілген қаржыландыру жоспары бойынша 13900,0 мың теңге бөлінген.
2020 жылы "Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру" бағдарламасы бойынша мекеме тиімсіз жоспарлаудан Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 95-бабын сақтамау нәтижесінде 256,8 мың теңге сомасында бюджет қаражатын игермеген.
"Коммуналдық шаруашылықты дамыту" бағдарламасы бойынша мекеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 95 бабын сақтамау нәтижесінде тиімсіз жоспарлауға байланысты 89,7 мың теңге сомасында бюджет қаражатын игермеген.
"Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бағдарламасы бойынша мекеме тиімсіз жоспарлауға байланысты Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 95-бабын сақтамау нәтижесінде 100,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатын игермеген.
2020 жылдың қазан айында жүргізуші М.Мұқашевқа 1 күн үшін 2,3 мың теңге сомасында негізсіз жалақы төленді (5 қазандағы жұмыс уақытын есепке алу табелі бойынша бір уақытта 2 жүргізуші іріктелді).
"Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы" №1127 қаулының 8-тармағының талабына қайшы 2020 жылдың желтоқсанында күзетші А.Тазабековаға 49,0 мың теңге сомасында материалдық көмек көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 111-бабына сәйкес бір ұйымда еңбек шартында келісілген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе сондай лауазым бойынша қосымша жұмысты не өзінің негізгі жұмысынан босатылмай уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы төленеді. Жетекші маман А.Омарханұлына 2020 жылғы 2 желтоқсандағы №32 бұйрық негізінде бас маманның лауазымдық жалақысының 50% мөлшерінде – 62,8 мың теңге сомасында қосымша ақы белгіленді. Ал бұл қосымша ақы қызметкердің лауазымдық жалақысынан белгіленеді және 44,4 мың теңгені құрауы тиіс, алайда 18,4 мың теңге сомасында артық есептелініп төленген.
Алакөл ауданы әкімінің өкіміне сәйкес оған мекеме басшысының міндеттері уақытша жүктелген және еңбекақыны есептеу басшының лауазымдық жалақысы – 171,5 мың теңге мөлшерінде болуы тиіс. Алайда, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің 115-бабының 2–тармағына қайшы 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте бас маман м.а. А. Жолжановқа мекеме басшысының лауазымдық жалақысының 50%-ы 85,7 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы төленген. Қаңтар, ақпан, наурыз және мамыр айларында барлығы 159,6 мың теңге артық есептелініп төленген, оның ішінде 119,7 мың теңге бюджетке қайтарылды, ұсталмаған артық төлем сомасы 39,9 мың теңге.
Бас маман м.а. М.Жолжановқа есеп айырысу-төлем ведомосына сәйкес 2020 жылғы қараша үшін 142,0 мың теңге төлеуге тиесілі, алайда 168,2 мың теңге сомасында аударылған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің 115-бабы 2-тармағының 3-тармағы бойынша жұмыскерге жалақы есебіне берілген, негізсіз төленген аванс 25,4 мың теңге сомасында ұсталған жоқ.
"Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1002 бұйрығын сақтамау нәтижесінде 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 3-бабының 12-4-тармағын бұза отырып, мекеменің күзетші ставкасын ұстауы 2074,8 мың теңге сомасында бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға әкеп соқты.
2020 жылы "Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау" бағдарламасы бойынша мекеме "Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ-не 2014 жылғы 16 мамырдағы №202 – V "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 7-тармағын бұза отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жіберген жоқ, құрылыс қызметі туралы Заңның 68-бабының 12-тармағының, Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларының 11-тармағының талаптары сақталмаған. "Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама kz06rea00212221 тек 2021 жылғы 1 наурызда жіберілді, онда құрылыстың басталуы - 2021 жылғы 31 қаңтар және объектіні пайдалануға беру мерзімі - 2021 жылғы 30 мамыр. Сондай-ақ, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылғы қарашада техникалық және авторлық қадағалаусыз жүзеге асырылды.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы "мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпестен, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және т.б. белгіленген тәртіппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу. 17-б.1-т. 6-тармағында "осы Заңда олардың міндеттілігі көзделген жағдайларда құрылысты сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауының, техникалық және авторлық қадағалаулардың алып жүруінсіз жүзеге асыру" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Мекеме "Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" ММ Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы тек 2019 жылдың 2 шілдесіне дейін қайта хабарлама жіберді, оған сәйкес құрылыстың басталуы 2020 жылдың 2 шілдесі және нысанды пайдалануға беру мерзімі 2020 жылдың 30 қазаны. "Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" ММ Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы уақытылы хабардар етілмеді, Мекеме мерзімдері өзгерген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы №202 – V Заңының 46-бабының 7-тармағын, "мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын" 6-тармағын бұза отырып көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама жіберілмеді. Яғни, "Багалы-Алакөл" ЖШС 2020 жылдың мамыр айында құрылыс-монтаж жұмыстарын рұқсатсыз жүзеге асырған.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағының 5-тармағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы "Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпей құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
2020 жылы мекемемен орындалмаған жұмыс көлемі жалпы сомасы 108620,0 мың теңге, оның ішінде объектіні абаттандыру бойынша жұмыстар үшін 35400,0 мың теңге және жеткізілмеген дизель-генераторлық қондырғы үшін 73 220,0 мың теңге аударды, бұл "Багалы-Алакөл" ЖШС-нің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №45 кепілдік хатымен расталады.
Ал мемлекеттік аудит барысында объектіні көзбен шолу жүргізіліп 34497,3 мың теңге сомасына абаттандыру бойынша жұмыстар орындалмағаны анықталған. Қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес "Багалы-Алакөл" ЖШС директоры мен құрылыс бөлімінің басшысы арасында 2020 жылғы 22 желтоқсанда сметада көзделген дизель-генераторлық қондырғының орнына электр генераторлық қондырғы орнатылды.
2018 жылғы 26 қазандағы №35 Шарттың 8.3-тармағына сәйкес жұмыстарды орындау мерзімдерін өткізіп алғаны үшін тұрақсыздық айыбының сомасы 12358,6 мың теңгені құрады.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43-бабының 24-тармағын, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 421-тармағын бұза отырып, тапсырыс беруші Өнім беруші Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етпеген. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 12-бабының 4-тармағын бұза отырып, тапсырыс беруші Өнім берушінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінбеген.
Мекеме Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 18, 21, 34 және 243-тармақтарын сақтамау нәтижесінде Үшарал қаласы, Жеңіс көшесі №143 мекенжайы бойынша орналасқан теңгерімдік құны 207,9 мың теңге құрылыс бөлімінің әкімшілік ғимаратын уақтылы кіріске алған жоқ.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):
«Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығына сәйкес, Алакөл ауданының 2016-2020 жылдарға арналған өңірлерді дамыту бағдарламасы 2019 жылғы Алакөл ауданыны маслихатының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы №60-2 шешімімен бекітілген.
Алакөл ауданының 2016-2020 жылдарға даму бағдарламасы 3 бағыттан тұрады.
Өңірде келесі 3 бағыт бойынша 12 нақты мақсат, 36 индикатор айқындалған.
Алакөл ауданының 2016-2020 жж. арналған аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есебіне сәйкес (есепті кезең 2020 жыл)
1-БАҒЫТ. Аумақтық экономиканың дамуы
1-мақсат. Жоғары технологиялық, экспортқа бағытталған өндірістерді құрумен үдемелі индустриалды-инновациялық даму арқылы өнеркәсіпте құрылымдық өрлеу.
1) Өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіптік өндірісінің индексі,
2) 2016 жылдан негізгі капиталға инвестициялар.
2-мақсат. Агроөнеркәсіп кешенінің бәсеке қабілеттілігінің өсіміне жағдай жасау:
АӨК субъектілерінің бәсеке қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау мақсаты бойынша 2 нысаналы индикатор қарастырылған:
1) Өткен жылмен салыстырғанда еңбек өнімділігінің өсуі,
2) Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтердің) нақты көлем индексі.
3-мақсат. Шағын және орта кәсіпкерлікті және сауданы дамыту.
Шағын және орта кәсіпкерлікті және сауданы дамыту 3 нысаналы индикатор қарастырылған:
1) Тіркелген орта және шағын кәсіпкерліктің санының жұмыс істеп тұрған субъектінің үлесі,
2) Бөлшек сауда айналымының нақты көлем индексі,
3) 2000 ш.м аймағы бар сауда орындарын көбейту.
2-БАҒЫТ. Әлеуметтік сала.
1- мақсат. Білім сапасын және қол жетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсаты бойынша 4 нысаналы индикатор қарастырылған:
1) Апатты және үш ауысымды мектептер саны,
2) Мектеп түлектерінің жаратылыстану-математика бағыты бойынша үздік, екпінді бітірген оқушылар үлесі,
3) Инклюзивті оқытудың жалпы балалар санынан мүмкіншілігі шектеулі балалар санына дейінгі қамтылуы,
4) Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытудың 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту.
2-мақсат. Халықтың денсаулығын жақсарту 3 нысаналы индикатор қарастырылған:
1) Туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы,
2) Аналар өлім-жітімін 1000 тірі туылған нәрестеге шаққанда азайту,
3) 1 жасқа дейінгі бала өлімін 1000 тірі туылған нәрестеге шаққанда төмендету.
3-мақсат. Халықты жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша 3 нысаналы индикатор қарастырылған:
1) Жұмыссыздық деңгейі;
2) Жұмысқа орналастыру мәселелер бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі,
3) Нысаналы топтағылар ішінде жұмысқа орналасқандар үлесі.
4-мақсат. Кедейшілік деңгейін төмендету және халықтың осал топтарын әлеуметтік қорғау, сонымен қатар әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету және қызмет сапасын жоғарылату бойынша 7 индикатор қарастырылған:
1) Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас),
2) Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі,
3) Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша тіркелген мүгедектердің қатарынан жұмысқа орналасқандар,
4) Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі еңбекке жарамды тұлғалардың үлесі,
5) Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлесі (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санынан),
6) Жеке сектор субъектілерімен (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен) ұсынылатын, арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесі,
7) Мүгедектерге қолжетімді орта қалыптастыру үшін паспорттаудан өткен әлеуметтік инфроқұрылым нысандарының және көлік инфроқұрылымдарының үлесі.
5-мақсат. Мәдениет және бұқаралық спортты дамыту және туризм индустриясын саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұрақты дамыту бойынша 2 нысаналы индикатор қарастырылған:
1)1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны,
2) Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі.
6-мақсат. Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтың тәртіпті қамтамасыз ету бойынша 2 нысаналы индикатор қарастырылған:
1) 10 000 халыққа шаққандағы қылмыс деңгейі,
2) Көшелерде жасалған қылмыстардың үлесі.
3-БАҒЫТ. Инфрақұрылым.
1-мақсат. Тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша 4 нысаналы индикатор қарастырылған:
1) Күрделі жөндеуді қажет ететін кондаминимум нысандарының деңгейін төмендету,
2) Қалада орталықтандырылған су және су бұру,
3) Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған су және су бұру,
4) Жалпы ұзындықтың жаңғыртылған электр жүйесі желілердің үлесі.
2-мақсат. Құрылыстың дамуы бойынша 3 нысаналы индикатор қарастырылған:
1) Құрылыс жұмыстарының көлемі,
2) Тұрғын үйлерді кіріске алу.
3-мақсат. Көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша 2 нысаналы индикатор қарастырылған:
1) Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі,
2) Жолаушылар көлік қатынасымен қамтылмаған елді мекендердің үлесі.
Ауданда жұмыспен қамтудың пәрменді шараларының бірі - «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының үш бағыты бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда.
Бағдарламаның 1-ші бағыты бойынша 71 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға жіберіліп, 2-ші бағыты бойынша 18 адамға 76,8 млн.теңгенің несиесі және 275 азаматқа 152,1 млн.теңге грант берілген.
Бағдарламаның 3-ші бағыты аясында 1001 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына және қоғамдық жұмыс орындарына жіберілген.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 22.05.2019 жылғы №25-2/98-И ұсынысы бойынша, Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының және Алматы облысы басқармаларының келісімі бойынша 2019 жылдың қараша айында бағдарламаның декомпозициясы мен өзектендірілуі орындалдып, нәтижесінде 2020 жылға қол жеткізуге 34 нысаналы индикаторды орындау қарастырылған.
Экономика саласының 1-бағыты бойынша 8 нысаналы индикатор, әлеуметтік саланың 2-бағыты бойынша 18 нысаналы индикатор, инфрақұрылым саласының 3-бағыты бойынша 8 нысаналы индикатор қарастырылып, көзделген 34 нысаналы индикаторлардың 27-і асыра орындалып, экономика саласының 1-бағыты бойынша 3 көрсеткіш және әлеуметтік саланың 2-бағыты бойынша 4 көрсеткіш орындалмаған. Атап айтқанда:
1-БАҒЫТ. Аумақтық экономиканың дамуы
1-мақсат. Өнеркәсіптің тұрақты дамытуын қамтамасыз ету және инвестициялар тарту бойынша жоспарланған 100,1 көрсеткіш 99,6 көрсеткішке орындалған;
Аталған индикаторларға қол жеткізбеудің себебі - 2020 жылы май өңдеу зауытына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуіне байланысты май өнімдерін өндірмеген.
2-мақсат. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлем индексі:
Аталған индикаторларға қол жеткізбеудің себебі – 2020 жылы ауданда тамақ өнімдерін өндіруге инвестиция тартуға қызығушылық танытқан ауыл шаруашылық тауар өндірушілер болған жоқ.
3-мақсат. Бөлшек сауда айналымының нақты көлем индексі жоспарланған 102,5 көрсеткіш 100,3 көрсеткішке орындалған;
Аталған индикаторларға қол жеткізбеудің себебі - 2020 жылы коронавирустық пандемиясы сауда саттық саласына көп әсерін тигізді.
2-БАҒЫТ. Әлеуметтік сала.
2-мақсат. Аналар өлім-жітімін 1000 тірі туылған нәрестеге шаққанда азайту;
Аталған индикаторларға қол жеткізбеудің себебі – 2020 жылы 1 ана өлімі тіркелген. Қорытынды диагнозы: коронавирустық инфекция.
3-мақсат. Жұмыссыз ретінде тіркелгендердің ішінде жұмысқа орналасқандар үлесі жоспарланған 88,5 көрсеткіш 78 көрсеткішке орындалған;
Аталған индикаторларға қол жеткізбеудің себебі пандемия жағдайында елімізде қойылған карантиндік шектеулерге байланысты кәсіпорындарда жұмыстардың қысқаруына, кей жағдайларда тоқтауына байланысты азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіндігі болған жоқ.
4-мақсат. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша тіркелген мүгедектердің қатарынан жұмысқа орналасқандар жоспарланған 45 адам, 30 адамға орындалған;
Аталған индикаторларға қол жеткізбеудің себебі жыл басынан өтініш білдірген 34 мүгедектің ішінде 30 мүгедек жұмысқа орналасты. Қалған 4 мүгедек ұсынылған жұмыстардан бас тартуына байланысты орналаспады.
6-мақсат. Көшелерде жасалған қылмыстардың үлесі бойынша жоспарланған 5,7% - ы 11,3% орындалған;
Аталған индикаторларға қол жеткізбеудің себебі – аудан бойынша 2020 жылы 309 қылмыс тіркеліп, 2019 жылмен салыстырғанда 29,3 процентке немесе 128 бірлікке азайған.
Қоғамдық орында, оның ішінде көшелерде орын алатын қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша айтарлықтай біршама жұмыстар атқарылған. 2020 жылы көшелерде жасалған қылмыстардың үлесі 11,3% құрады, ал 2019 жылы 5,7% болған. Алайда, бұл қылмыстардың жалпы саны былтырғы жылмен салыстырғанда азайған, яғни 2020 жылы көшелерде 35 қылмыс орын алса, 2019 жылы 42 қылмыс тіркелген (яғни 7 фактіге азайған).
Сонымен қатар, көшеде болған қылмыстар үлесінің өсуіне, жалпы тіркелген қылмыстар санының азаюы да себеп (128 фактіге азайған).
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 1007,1 мың теңге өндірілді, 1884076,1 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, олар:
- «Алакөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде - аудит есебі бойынша анықталған 8,5 мың теңге тұрақсыздық айыпұл жергілікті бюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде - аудит есебі бойынша анықталған 107,3 мың теңге іссапар шығындары жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.
- «Алакөл аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде - аудит есебі бойынша анықталған 202,0 мың теңге іссапар шығындары жергілікті бюджет есебіне өндірілді;
- «Алакөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінде – аудит есебі бойынша анықталған 20,7 мың теңге іссапар шығындары жергілікті бюджет есебіне өндірілді;
- «Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде - аудит есебі бойынша анықталған 48,0 мың теңге іссапар шығындары жергілікті бюджет есебіне қайтарылды, 1860544,4 мың теңгенің негізгі құралдары мен қорлар, бухгалтерлік анықтамамен, тиесілі шоттарда көрсетілді және 251,3 мың теңге тұрақсыздық айыппұл бюджет есебіне өндірілді;
- «Алакөл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде - аудит есебі бойынша анықталған 207,9 мың теңге уақтылы кіріске алынбаған әкімшілік ғимарат бухгалтерлік есеп бойынша баланысқа алынды;
- «Алакөл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде - аудит есебі бойынша анықталған 24,1 мың теңге іссапар шығындары жергілікті бюджет есебіне өндірілді;
- «Алакөл ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде – аудит есебі бойынша анықталған 26,8 мың теңге іссапар шығындары жергілікті бюджет есебіне өндірілді.
- «Алакөл ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде - аудит есебі бойынша анықталған 57,5 мың теңге іссапар шығындары жергілікті бюджет есебіне өндірілді;
- «Алакөл ауданының Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде - аудит есебі бойынша анықталған 85,0 мың теңге іссапар шығындары жергілікті бюджет есебіне өндірілді;
- «Алакөл ауданының Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде - аудит есебі бойынша анықталған 22,3 мың теңге іссапар шығындары жергілікті бюджет есебіне өндірілді;
- «Алакөл ауданының Ырғайты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде - аудит есебі бойынша анықталған 33,2 мың теңге іссапар шығындары және Аи 92 бензинін негізсіз есептеліп шығысталған 38,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді;
- «Алакөл ауданының Жанама ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде - аудит есебі бойынша анықталған 2260,0 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді;
- «Алакөл ауданының Екпінді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде - аудит есебі бойынша анықталған 20,3 мың теңге іссапар шығындары жергілікті бюджет есебіне өндірілді;
- «Алакөл ауданының Ынталы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде - аудит есебі бойынша анықталған 62,1 мың теңге негізсіз төленген сыйақы жергілікті бюджет есебіне қайтарылды;
- «Алакөл ауданының Үшарал қалалық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде - аудит есебі бойынша анықталған 5965,1 мың теңге негізгі құралдары мен 98,7 мың теңге қорлар бухгалтерлік анықтамамен, тиесілі шоттарда көрсетілді;
- «Алакөл ауданының Тоқжайлау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде - аудит есебі бойынша анықталған 7500,0 мың теңгеге ауылдардың көшелерін жарықтандыру жұмыстары бухгалтерлік есеп бойынша баланысқа алынды;
- «Алакөл ауданының Лепсі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде - аудит есебі бойынша анықталған 7500,0 мың теңгеге ауылдардың көшелерін жарықтандыру жұмыстары бухгалтерлік есеп бойынша баланысқа алынды.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 11 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:
- «Алакөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі – бөлім басшысының 25.06.2021 жылдың №12-Ө бұйрығымен сектор меңгерушісі Е. Оспановқа ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді;
- «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі – мекеме басшысының м.а. 08.07.2021 жылғы №149-ж/қ бұйрығымен есепшісі Г. Досмағуловаға ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді;
«Алакөл аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі –бөлім басшысының 05.08.2021 жылдың №2 бұйрығымен ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді
- «Алакөл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде – бөлім басшысының 01.07.2021 жылғы №30 бұйрығымен есепшісі К. Меделханова ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді;
- «Алакөл ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – директорының 24.06.2021 жылғы №9 бұйрығымен бас есепші С.Аргынгазиноваға ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді;
- «Алакөл ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі-округ әкімінің 25.06.2021 жылғы №32-Ө бұйрығымен есепші Р. Мукановаға ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді;
- «Алакөл ауданының Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі- округ әкімінің 30.06.2021 жылғы №205 хатында есепші О. Базарбаев лауазымынан босатылған;
- «Алакөл ауданының Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі- округ әкімінің 02.07.2021 жылғы №1-Ж бұйрығымен есепші А. Бегатароваға ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді;
- «Алакөл ауданының Ырғайты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі- округ әкімінің 09.07.2021 жылғы №12 бұйрығымен есепші Г. Есимбековаға ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді;
- «Алакөл ауданының Екпінді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі- округ әкімінің 04.08.2021 жылғы №04 бұйрығымен бас маманы А. Тоғанбаевқа сөгіс түрінде тәртіптік жаза берілді;
- «Алакөл ауданының Ынталы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде округ әкімінің 30.06.2021 жылғы №2 бұйрығымен бас маман А. Сагимоваға ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді.
Мемлекеттік аудит нәтижесімен лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында «Алакөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 1 материал Алакөл ауданы сотына, Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жалпы 8 мемлекеттік мекеме бойынша материалдар, және «Алакөл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 1 материал Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолданды:
- «Алакөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал Алакөл ауданының сотының қаулысымен, мекеменің аппарат басшысы Д.Сатыбалдиевқа Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 234 бабының 1 тармағымен 291,7 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
- «Алакөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәклетті органмен қаралып, мекеме басшысының міндетін атқарушы Б. Сулейменовке Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 тармағының 2 тармақшасымен әкімшілік айыппұл салынып, 43,8 мың тенге төленді;
- «Алакөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәклетті органмен қаралып, мекеме басшысының міндетін атқарушы Б. Серғазинға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 тармағының 3 тармақшасымен әкімшілік айыппұл салынып, 43,8 мың тенге төленді;
«Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, мекеменің бас маман есепшісі Л.Саметқызына Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағының 2 тармақшасымен әкімшілік айыппұл салынып, 72,9 мың теңге айыппұл төленді;
- «Алакөл ауданының Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, мекеменің бас маман есепшісі Қ.Шудабаеваға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағының 2 тармақшасымен әкімшілік айыппұл салынып 72,9 мың теңге айыппұл төленді;
- «Алакөл ауданының Тоқжайлау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралып, мекеменің бас маман есепшісі Д.Сейсенбаевқа Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағының 2 тармақшасымен әкімшілік айыппұл салынып, 72,9 мың тенге айыппұл төленді;
- «Алакөл ауданының Лепсі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілтеті органмен қаралып, мекеменің бас маман есепшісі Г.Оспановаға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағының 2 тармақшасымен 2 әкімшілік айыппұл салынып, 72,9 мың тенге айыппұл төленді;
- «Алакөл ауданының Жанама ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілтеті органмен қаралып, мекеменің бас маманы А.Орайхановаға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағының 2 тармақшасымен әкімшілік айыппұл салынып, 72,9 мың тенге айыппұл төленді.
Сонымен қатар бүгінгі күнге «Алакөл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына және Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданған материалдар әкімшілік айыппұл салу үшін қарастырылуда.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 1941066,3 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 3786,9 мың теңге бюджетке қаражатының тиімсіз жоспарлануы, 50,0 мың теңге бюджетке қаражатының тиімсіз пайдалануы және 8 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарын, Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы Ережесінің сақтамаудан орын алған.
3. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының талаптарын тиісті сақтамау салдарынан бюджет қаражатын артық және негізсіз шығысталуларына жол берілген.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар
Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану жеткізуінің тиімділік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Алакөл ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану жеткізуінің тиімділік аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
2. Алакөл ауданының әкімі келесі шараларды қабылдасын:
1) 2021 жылдың 19 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарасын.
2) бюджет есебіне өндірілуге жататын «Алакөл ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі 7782,2 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілуі 2021 жылдың 19 қарашасына дейін қамтамасыз етілсін.
3) бюджет есебіне өндірілуге жататын «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі 1210,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілуі 2021 жылдың 19 қарашасына. дейін қамтамасыз етілсін.
4) бюджет есебіне өндірілуге жататын «Алакөл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі 34705,2 мың теңге қалпына келтірілсін және 12493,7 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілуі 2021 жылдың 19 қарашасына дейін қамтамасыз етілсін.
- Мемлекеттік аудит объектілері басшыларының бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілген 1007,1 мың теңгесі және есептілік бойынша қалпына келтірілген 1883868,2 мың теңге назарға алынсын.
- «Алакөл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде анықталған заңбұзушылықтарға құқықтық баға беру мақсатында тиісті материалдар құқық қорғау органдарына жолдансын.
3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.
Тексеру комиссиясының мүшесіҚ. Манамұратов
Бөлім басшысы Д. Базарбаев
Сапа бақылауына жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы Қ.Есенаманов
Құқықтық сүйемелдеуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Қадір
Аудит тобының жетекшісі Д. Базарбаев