Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 10.08.2021
Просмотры: 1194 Печать страницы

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуының сәйкестік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуына аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2020 жылдың  30 маусым аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау

Мемлекеттік аудитпен жергілікті бюджет есебінен «Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бөлінген 113 042,3 мың теңге қаражат қамтылды.

Мемлекеттік аудит барысында «Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде  анықталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын,  яғни  бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін және шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бұзу және мемлекеттік сатып алу заңы талаптарының сақталмауынан орын алған.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Мемлекеттік аудитпен 2018 жылдың қаңтарынан бастап 2020 жылдың  маусымын қоса алған кезеңге 2020 жылдың 16 қарашасынан 27 қарашасы аралығында тексеру комиссиясының тапсырмасы негізінде «Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі қамтылды.

«Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 113 042,3 мың теңге мың теңге қаражат қамтылып, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 5 бірлікті құрады, атап айтқанда:

Мекемемен негізгі құралдарды сатып алуға және қызметтер көрсетуге 2019 жылы жалпы сомасы 2836,5 мың теңгеге 5 келісім шарты, 2020 жылдың 1-ші жартыжылдығында жалпы сомасы 2 295,5 мың теңгеге 4 келісім шарты жасалған.

Алайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының» 162, 432 тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №30 бұйрығымен бекітілген «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелітерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесінің» талаптары орындалмай, жасалған келісім-шарттар аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелмеген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 46-бабы 1-тармағының талаптары сақталмаған, яғни тіркеуге жататын мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуғаәсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):_________________________________________________________      (болған жағдайда)

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғадан түсініктеме алынды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар

Анықталған рәсімдік бұзушылықтары қолданыстағы бюджеттік және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптары бұзылғаннан орын алған.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының» және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №30 бұйрығымен бекітілген «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелітерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесінің» талаптары орындалмаған және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптары сақталмағандығын назарға ала отырып:

1. Мемлекеттік аудиторлық іс-шараның қорытындысы Тексеру  комиссиясының отырысында қаралсын.

2. Мемлекеттік аудит объектісі басшылығына Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және келешекте бұзушылықтарға жол бермеулері бойынша Тексеру комиссиясының Нұсқамасы ұсынылсын.

3. «Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына:

- бұзушылықтарға жол берілген кінәлі лауазымды тұлғаның тәртіптік жауапкершіліктері қаралсын.

3.4. Қосымша:Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің ЖИЫНТЫҚ ТІЗІЛІМІ (4 парақ)

Тексеру комиссиясының мүшесі                                            Қ. Сағымбаев

Бөлім  басшысы                                                                        Д. Базарбаев

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                                    Қ. Есенаманов

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                                    А. Қадір 

Аудит тобының жетекшісі                                                     С. Елубаева 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ