Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Аудиторлық қортынды Талғар ауданы
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 30.11.2021 | |
Просмотры: 1460 | Печать страницы |
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлік
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы:Талғар ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіаудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:Талғар ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділгіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:
1. «Талғар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2. «Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
3. «Талғар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мемлекеттік мекемесі;
4. «Талғар ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
5. «Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
6. «Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талғар ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7.«Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
8. «Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
9. «Талғар ауданының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
10. «Талғар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
11. «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
12. «Талғар ауданы Талғар қаласы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
13. «Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
14. «Талғар ауданы Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
15. «Талғар ауданы Бесқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
16. «Талғар ауданы Алатау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
17. «Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
18. «Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
19. «Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
20. «Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
21. «Талғар ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
22. «Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
23. «Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№49 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24. «Алматы облысының білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талғар қаласындағы облыстық санаториялық үлгідегі мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25. «Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талғар қаласындағы облыстық жас натуралистер станциясы» коммуналдық мемелекеттік мекемесі;
26. «Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы Алматы облыстық мамандандырылған гимназия-интернеты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2020 жылдың 31желтоқсаны аралығы.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
Талғар ауданы Іле-Алатауының оңтүстік-шығысында, теңіз деңгейінен 810 м. биіктікте орналасқан, көлемі 365,3 мың га.
Аудан 1969 жылы құрылған. Ауданның әкімшілік орталығы Талғар қаласы, ол облыс орталығы Талдықорған қаласынан 290 км, Алматы қаласынан 25 км. қашықтықта орналасқан.
Аудан құрамына 11 ауылдық және бір қалалық округтер кіреді.
47 елді мекендерде 213,2 мың адам қоныстанған, оның 42,7 мыңы қалалық және 170,5 мыңы ауылдық тұрғындар. Аудан көлемінде 20 ұлттың өкілдері қоныстанған.
Талғар ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметі халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру, өңірлік экономиканың тұрақты дамуы, өнеркәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және инвестициялар тарту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, білім берудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделерін қорғау және қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, мәдениет саласындағы белсенділіктің, және туризм индустриясын тұрақты дамыту, АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау, тұрғын үй құрылысын дамыту, коммуналдық сектордың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту және көлік инфрақұрылымын жақсарту, ауданның экологиялық жағдайын жақсарту және жер ресурстарын тиімді пайдалану, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
Жоғарыда көрсетілген міндеттер мен бағыттарды іске асыруға Талғар ауданының бюджетіне жыл сайын бюджет қаражаты көзделеді.
Жергілікті атқарушы органдардың перспективаға арналған негізгі басым міндеті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер көлемінің өсуі есебінен бюджеттің өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыру болып табылады.
Алматы облысының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №100 қаулысымен бекітілген. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері айқындалды.
Аудан экономикасының нақты секторын дамытудың түйінді көрсеткіштері: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп болып табылады.
Ауылшаруашылығында 2021 жылғы 1 қаңтарға 59,3 млрд. теңгенің жиынтық өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,4 %, облыстық көлемдегі ауданның үлесі 6,5 % құрады.
2020 жылғы егіс алқабы 32,6 мың гектарды құрады, оның ішінде: 13,9 мың гектары дәндік-дақылдар, майлық дақылдар 4,5 мың гектар, 3,057 мың гектары картоп, 2,7 мың гектары көкөніс, 220 гектары бақша дақылдары, 8150 га жем азықтық дақылдар.
Ылғалсақтау технологиясымен 5000 га дәндік дақылдар алқабы өсіріледі, тамшылатып суару әдісі бойынша 825 га, жаңбырлатып суару әдісімен 1710 га алқап өсірілуде.
Алматы қаласы мен аудан тұрғындарын көкөніс өнімдерімен тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатында ауданда жалпы көлемі 7,3 га құрайтын 9 меншік иесінің 18 жылыжайы жұмыс жасайды. 1300 тонна өнім алынды.
Аудан бойынша 128002 га жайылым алқаптың - 101821 гектары (үлесі 79,5 %), 3299 гектар көпжылдық екпелер алқабының 3183 га (үлесі 96,5 %) 643 гектар шабындықтың 565 га (үлесі 87,9 %) алқап электрондық картаға енгізілді.
Мал өнімдерін өндіру бойынша 2020 жыл, 13732 тонна ет (орындалу денгейі 100,5%), 64523тонна сүт (102,1%), жұмыртқа 28 млн. 814 мың дана (101,6%) өндірілді.
Аудан бойынша 56,3 тонна ет өнімдері экспортталды. Оның ішінде 20 тонна ҚХР, 36,3 тонна Въетнамға.
2020 жылы ауданда жалпы құны 1,3 млрд.теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобалар45 жаңа жұмыс орнымен іске асырылды:
«КазНАУ» ЖШС (с.Байбұлак) - 1,3 га оқу-тәжірибелік қарқынды бақ отырғызу, жоба құны - 175 млн.теңге, 10 жұмыс орны;
«Баймене» ЖШС (Панфилов) – 5000 тонна жеміс сұрыптайтын желі, жоба құны – 158,7 млн. тенге. Жұмыспен қамтылатындар саны 10 адам. (Панфилов а/о.);
«Алматы» АШӨК (с. Кендала) – сиымдылығы 1200 басқа СТФ кеңейту, жоба құны - 567 млн.теңге. 15 жұмыс орны.
«GreenEco» ЖШС (Грин Эко)(с.Панфилово) – қуаттылығы тәулігіне 30000 дана салқын орау зауытының қуаты, жоба құны- 450 млн.теңге.10 жұмыс орны.
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 52,7 млрд. теңге, нақты көлем индексі 100,2 % , облыстық көлемдегі ауданның үлесі 4,5% құрады.
Алма сидрінен алкогольі аз сусындар өндірісі бойынша «AppleCityCider» ЖШС 30 жаңа жұмыс орнымен ашылған. Инвестиция көлемі - 353,0 млн.теңге, өндірістік қуаты - жылына 1200 мың бөтелке.
Негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 76,6 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 110,4%. облыстық көлемдегі ауданның үлесі 11,3 % құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 29,6 млрд.теңге, нақты индекс көлемі —100,5%, облыстық көлемдегі ауданның үлесі 9,5 % құрады.
233,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, облыстық көлемдегі ауданның үлесі 24,4 % құрады.
Талғар қаласында «Нұрлы Жер» бағдарламасымен 170 пәтерлі несиелік, 170 пәтерлі жалгерлік тұрғын-үйлердің құрылыс жұмыстары толық аяқталған (барлығы 340 пәтер 19,5мың ш. м.).
Кезекте тұрғандар үшін 170 пәтер берілген (55-көпбалалы, 34-жетім балалар, 61-аз қамтамасыз етілгендер, 20-бюджет қызметкерлері).
«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 43 пәтер (барлығы 110 пәтер), 7-20-25 бағдарламасымен 38 пәтер (барлығы 60 пәтер) алынды.
2020 жылы ауданда 1883 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 820 жұмыспен қамту орталығы арқылы (жоспарға сәйкес 113,1%). 5618,5 млн.теңге игерілді немесе жоспардың орындалуы 100%.
2020-2021 оқу жылында 48 мектепте 47696 оқушы білім алуда.
Білім сапасы өткен 2019-2020 оқу жылында 67%, 2020-2021 оқу жылының 1 тоқсанында 63%.
Ауданда үш ауысыммен оқитын 4 мектеп бар ( №34ОМ Талдыбұлақ а., №37 ОМ Жаңалық а., №15 ОМ Жалғамыс а., №1ОМ Талғар қ., ).
Үш ауысымды мектептерді жою мақсатында Талғар қаласында 1200 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. 2020 жылы 1,3 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады.
Мектебі жоқ 24 елді мекеннің 2526 оқушыларын тасымалдауы үшін 133,0 млн. теңгеге 10 автокөлік сатып алынған.
2020 жылы жалпы туу көрсеткіші өткен жылмен салыстарғанда 309 адамға өскен. Өкінішке орай жалпы өлім көрсеткіші де 168 адамға өскен.
10146 адам емделіп, 85679 төсек күн өткізген.
Талғар қаласынан денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған 35,0 млн. теңгеге 3 қызметтік тұрғын үй сатып алынды.
Жұмыссыздық мәселесімен өтініш берген 7034 азаматтың 5194– і жұмыспен қамтамасыз етілді (73,8%).
Аудан көлемінде өнеркәсіп орындарын ұлғайту, кіші және орта кәсіпкерлік нысандарының ашылуынан 4331 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның 2225-сі тұрақты жұмыс орындары. Жұмыссыздық деңгейі 4,3 % пайызды құрайды.
2165 отбасының 11248 алушысына 1028 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген.
Жалпы аудан халқының 30,6% денешынықтыру және спортпен айналысуда.
Ауданда 28 туристік объектілер қызмет көрсетеді. Осы туристік нысандармен 1710,0 млн. теңгеге қызмет көрсетілген (2019 жыл-2330,0 млн. теңге). Сонымен қатар, ауданда «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға рналған» мемлекеттік бағдарламасы (жобалар: «Дипломмен ауылға», «Ауыл – Ел бесігі»), Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері
Талғар ауданы бойынша бюджет қаражаты есебінен салалар бойынша 37 415 534,5 мың теңге мемлекеттік аудитпен қамтылды.
Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 041 111,4 мың теңгені құрады.
Оның ішінде;
Қаржылық бұзушылықтардың сомасы 172 560,0 мың теңге:қалпына келтіруге жатқызылатыны – 168 146,1 мың теңге, бюджет есебіне қайтаруға жатқызылатыны –4 413,5 мың теңге.
Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 868 551,4 мың теңге.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының салалық заңнама талаптарын сақтамау салдарынан орын алған 3 дана рәсімдік бұзушылықтар анықталды, оның барлығы мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар.
1. «Талғар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу» Қағидаларының 3 тармағының 2 тармақшасының талаптары сақталмай мекеме қызметкерлеріне пәтер жалдау шығындарына 30,0 мың теңге артық есептеліп төленген.
2. «Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамызындағы №1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу» Ережесінің 4 тармағының 3 тармақшасының талаптары сақталмай мекеменің 1 қызметкеріне 58,7 мың теңге сыйақы артық есептеліп төленген.
3. «Талғар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мемлекеттік мекемесі;
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген 4 маман тарапынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» қағидаларының 4 қосымшасының 1.2. тармағының талаптары сақталмай көтерме жәрдемақы алғаннан кейін ұйымында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге қабылдаған мiндеттемелерін орындамай жұмыстан шығып кеткен. Аталған мамандарға төленген 795,3 мың теңгенің бюджет есебіне қайтарылуы бойынша шаралар қабылданбаған.
4.«Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылдың 31 желтоқсанындағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» қаулысының 1-3 тармақтардың талаптары және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексінің» 103 бабының 1 тармақшасының талаптары сақталмай аудан бойынша 6 мектептің 5 мұғалімі мен бір директордың орынбасарына жалпы сомасы 140,4 мың теңгееңбек ақы артық есептеліп төленген.
- Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №63 қаулысымен бекітілген «Коммуналдық меншік нысандарын жалға беру» қағидасының 10 тармағының талаптары сақталмай білім бөліміне қарасты 33 мектептің асханасын жалға алушылар коммуналдық қызметтер ақысын, атап айтқанда жылыту ақысын жалпы соммасы 541,8 мың теңге төлемеген.
4. «Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасының 236-тармағының талабы сақталмай 2020 жылы 112,0 мың теңгеге алынған жүйелік блок мекеме теңгеріміне қойылмаған.
5. «Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасының 236-тармағының талабы сақталмай 2019 жылы 314,2 мың теңгенің дебиторлық қарыздары бухгалтерлік есепте көрсетілмеген.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасының 114 - 118 тармақтарының талабы сақталмай 2020 жылы 187,7 мың теңгеге алынған компютерлік жабдықтар мекеме теңгеріміне қойылмаған.
- Мекеменің ғимаратына күрделі жөндек бойынша жасалған №48 келісім-шарт бойынша, мекеме тарапынан Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңының 43 бабының 24 тармағының талаптары сақталмай «Қолғанат Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін мерзімінде орындамағаны үшін, кешіктірген мерзімге келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес белгіленген мерзімді бұзғаны үшін әрбір мерзімі өткен күніне шарттың орындалмаған мөлшерінің 0,1% көлемінде тұрақсыздық айыппұлы есептелінуі тиіс болған (2476,0*0,1%*16 күн=39,6 мың теңге) алайда 39,6 мың теңгені өндіріп алу қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңының 12 бап 4–тармағының талаптары орындалмай, мекеме «Қолғанат Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
6. «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- Еңбекші ауылында сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына жүргізуге «Сага Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігмен 50 000,0 мың теңгеге жасалған келісім-шарт бойынша қаражат мердігерге толығымен аударылған.
Мемлекеттік аудит барысында Еңбекші ауылында сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілгені анықтығын растау мақсатында тексеріп көзбен шолу (визуально) қарау жүзеге асырылып, жұмыс көлемі орындалған Актілері мен құрылыс құнының сметалық есебінде қарастырылған жұмыс көлемдерін салыстырғанда 7742,4 мың теңгеге жұмыстары орындалмағандығы анықталды.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» бұйрығының 114-тармағы басшылықа алынбаған. Яғни 2020 жылдың балансында – 7742,4 мың теңге 1230 шотында «тапсырушы мен сатып алуышардын қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары» көрсетілмеген.
- «Сага Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2020 жылдың 19 қазанында жасалған №110 келісім шартың және оған жасалған №1 қосымша келісімнің талаптары орындалмай 7 742,4 мың теңгеге жұмыс көлемдері орындалмаған. Осыған қарамастан Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңының 43 бабының 24 - тармағы және келісім шартардың 8.3 тармағында қаралған талаптар тапсырыс беруші тарапынан орындалмай орындалмаған міндеттеме сомасынан 0,1% мөлшерінде кешіктірген 304 күнге 2 353,7 мың теңге тұрақсыздық айыбы есептелмеген.
Жоғары көрсетілген келісім шарт бойынша тапсырыс беруші тарапынан Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңының 12 бап 4–тармағының талаптары орындалмай, «Сага Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджет кодексінің» тиімділік принциптерінің талаптары сақталмай «Рысқұлов ауылындағы жер асты көздерінен №1 алаңға дейін су тарту торабынан магистральды су тартқышты реконструкциялау және салу» бойынша 857 836,7 мың теңгеге салынып 2021 жылдың наурыз айында құрылысы аяқталған объекті бүгінгі күнге дейін қолданысқа берілмеген, немесе оны іске қосудан күтілетін әлеуметтік әсерге қол жеткізілмеген.
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджет кодексінің» тиімділік принциптерінің талаптары сақталмай «Талхиз қалашығында санитарлық-гигиеналық қондырғыны салу» бойынша 10 714,7 мың теңгеге салынып 2020 жылдың қараша айында құрылысы аяқталған объекті бүгінгі күнге дейін қолданысқа берілмеген, немесе оны іске қосудан күтілетін әлеуметтік әсерге қол жеткізілмеген.
7. «Талғар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасына 9 тарауының талаптары сақталмай «Жетісу саулет құрылысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен «Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласындағы 72 пәтерлі тұрғын үй салу» жобалары бойынша 116 688,1 мың теңгеге әзірленген жобалық сметалық құжаттамалар мекеменің теңгеріміне алынбаған.
Аудит барысында аталған жобалық сметалық құжаттамалар мекеме теңгеріміне алынған.
8. «Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ ҚР Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іс-сапарлары туралы» ереженің 3 тармағының талаптары сақталмай, мекеменің қызметкерлеріне тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстардың жалпы сомасы 47,9 мың теңгеге артық есептеліп төленген.
Аудит барысында артық өтелген іс-сапар шығындары жергілікті бюджет есебіне өтелді.
9. «Талғар ауданы Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексінің» 111-бабы 2-тармағы 3 – тармақшасының талаптары сақталмай, уақытша болмаған жұмыскерді алмастырғаны үшін мекеменің қызметкеріне 79,1 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы артық есептеліп төленген.
Аудит барысында артық есептеліп төленген қосымша ақы жергілікті бюджет есебіне өтелді.
10. «Талғар ауданы Талғар қаласы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасына 236 тармағының талаптары сақталмай «KazLED Media Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен «Талғар қаласының орталық көшесіне LED экран орнату» келісім шарты бойынша 5 000,0 мың теңгегеорнатылғанLED экран мекеменің теңгеріміне алынбаған.
Аудит барысында аталған LED экран мекеме теңгеріміне алынған.
11. «Алматы облысының білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талғар қаласындағы облыстық санаториялық үлгідегі мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексінің» 103-бабының талаптары сақталмай нақты жүргізілмеген сағаттар үшін 6 мұғалімге жалпы сомасы 44,6 мың теңге еңбек ақы артық есептеліп төленген.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 қаулысымен бекітілген «Жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті ұстауға арналған шығыстардың нормалары» сақталмай қолданылатын коэффициенттерді ескере отырып, жалпы сомасы 34,0 мың теңгенің 200 литр жанар-жағармай (бензин) артық есептен шығарылуына жол берілген.
Аудит барысында артық есептеліп төленген еңбек ақы және артық есептен шығарылған жанар-жағармай құны жергілікті бюджет есебіне өтелді.
12. «Талғар ауданы Алатау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасына 114 тармағының талаптары сақталмай 121,5 мың теңге дебиторлық қарыздары мекеменің теңгерімінде орын таппаған.
14. «Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасына 9 тарауының талаптары сақталмай «Amir Zhoba» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен «Белбұлақ ауылдық округіндегі көшелерді орташа жөндеуден өткізу» жобасы бойынша 7 500,0 мың теңгегеәзірленген жобалық сметалық құжаттамалар мекеменің теңгеріміне алынбаған.
15. «Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасына 9 тарауының талаптары сақталмай «Игілік Стройпроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен «Панфилов ауылындағы Пушкина көшесін орташа жөндеуден өткізу» жобасы бойынша 707,9 мың теңгегеәзірленген жобалық сметалық құжаттамалар мекеменің теңгеріміне алынбаған.
16. «Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексінің» 111-бабы 2-тармағы 3 – тармақшасының талаптары сақталмай, уақытша болмаған жұмыскерді алмастырғаны үшін мекеменің қызметкеріне 85,5 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы артық есептеліп төленген.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу Қағидаларының 243, 272-тармақтарының талаптары сақталмай, округтің 6 көшесінің (Абылай хан, Төле би, Момышұлы, Мақатаев, Райымбек, Маметов) жолдарын орташа жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге жұмсалған 8 332,0 мың теңге сомасындағы шығындар мекеменің балансына қабылданбаған, бұл бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректердің толық көрсетілмеуіне әкеп соқты.
Аудит жүргізу барысында өтелуге жататын 85,5 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді, қалпына келтірілуге жататын 8 332,0 мың теңге қалпына келтірілді.
17. «Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексінің» 111-бабы 2-тармағы 3 – тармақшасының талаптары сақталмай, уақытша болмаған жұмыскерді алмастырғаны үшін мекеменің қызметкеріне 132,2 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы артық есептеліп төленген.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу Қағидаларының 243, 272-тармақтарының талаптары сақталмай, Тұздыбастау ауылын орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге жұмсалған 5 895,0 мың теңге сомасындағы шығындар мекеменің балансына қабылданбаған, бұл бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректердің толық көрсетілмеуіне әкеп соқты.
Аудит жүргізу барысында қалпына келтірілуге жататын 5 895,0 мың теңге қалпына келтірілді.
18. «Талғар ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасына 236, 242-243 тармақтарының талаптары сақталмай «АБАЕВИЧ» жеке кәсіпкерімен «Өстемір ауылында баларға арналған ойын алаңын орнату» келісім шарты бойынша 7 803,0 мың теңгегеорнатылғаналайда ойын алаңы мекеменің теңгеріміне алынбаған.
Аудит жүргізу барысында қалпына келтірілуге жататын 7 803,0 мың теңге қалпына келтірілді.
19. «Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бектілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу» ережесінің 4 тармағының 3 тармақшасының талаптары сақталмай мекеменің қызметкеріне 20,0 мың теңге сыйақы есептеліп төленген.
Аталған сома аудит барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілді.
20. «Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талғар ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ ҚР Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іс-сапарлары туралы» ереженің 1 және 2 тармақтарының талаптары сақталмай, мекеменің қызметкеріне 11,0 мың теңгегеіс-сапар шыныдары есептеліп төленген.
Аудит барысында іс-сапар шығындары жергілікті бюджет есебіне өтелді.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуғаәсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):
Талғар ауданының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аудандық мәслихат сессиясының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 52-294 шешімімен бекітілген.
2020 жылға арналған аумақты дамыту бағдарламасына ағымдағы мақсаттар мен нысаналы индикаторларды талдауды нақтылау бөлігінде аудандық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 09 қарашадағы № 65-277 шешімімен өзгерістер енгізілді.
2020 жылы аумақты дамыту бағдарламасы 10 мақсат пен 29 нысаналы индикаторға қол жеткізуге көзделген 3 бағыт бойынша іске асырылды.
Жыл қорытындысы бойынша 27 нысаналы индикаторға немесе 87,1% - ға қол жеткізілді, 3 индикатордың жоспарлы мәндеріне немесе 10,3 % - ға қол жеткізілген жоқ.
Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру үшін 2020 жылға аудан әкімдігінің қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітілді. Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында 2020 жылы іске асыруға 56 іс-шара көзделген, жыл қорытындысы бойынша 56 іс-шара немесе 100% орындалды.
1 бағыт бойынша «Экономика» бағдарламамен 3 мақсат және 4 нысаналы индикатор көзделген, оның ішінде 1 индикатор 25,0 % қол жеткізілмеген.
2 бағыт бойынша «Әлеуметтік сала» бағдарламамен 5 мақсат және 15 нысаналы индикатор көзделген, олардың 1 индикаторы немесе 6,7 % қол жеткізбеген.
2020 жылы аумақты дамыту бағдарламаларының мақсаттарына, нысаналы индикаторларына қол жеткізуіне жүргізілген талдау нәтижесінде бірқатар нысаналы индикаторлар өздерінің жоспарлы тағайындауларына қол жеткізбегені және соның салдарынан аумақтарды дамыту бағдарламаларының міндеттерін сапалы шешуге және мақсаттарына қол жеткізуге әсер еткені анықталды.
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 1 132,6 мың теңге өндірілді, 160 403,8 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, олар:
- «Талғар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіөтелуге жататын 30,0 мың теңге өтелді;
- «Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойыншаөндірілуге жататын58,7 мың теңгебюджет есебіне өндірілді;
- «Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесібойынша 682,2 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Талғар ауданының мәдениеті және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 112,0 мың теңге қалпына келтірілді;
- «Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша өтелуге жататын 39,6 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді, қалпына келтірілуі тиіс 187,7 мың теңге қалпына келтірілді;
- «Талғар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойыншақалпына келтірілуі тиіс 116 688,1 мың теңге қалпына келтірілді;
- «Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 47,9 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Талғар ауданы Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 79,1 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Талғар ауданы Талғар қалалық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесібойынша қалпына келтірілуі тиіс 5 000,0 мың теңге қалпына келтірілді;
- «Алматы облысының білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талғар қаласындағы облыстық санаториялық үлгідегі мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 78,6 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 7 500,0 мың теңге қалпына келтірілді;
- «Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 707,9 мың теңге қалпына келтірілді;
- «Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өтелуге жататын 85,5 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілді, қалпына келтірілуі тиіс 8 332,0 мың теңге қалпына келтірілді;
- «Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 5 895,0 мың теңге қалпына келтірілді;
- «Талғар ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 7 803,0 мың теңге қалпына келтірілді;
- «Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 20,0 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талғар ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өндірілуге жататын 11,0 мың теңге бюджет есебіне өндірілді.
Қалған сомалар бухгалтерлік есепте көрсетілмеген дебирорлық қарыздар, олар бойынша әкілетті органға материалдар жолданып тиісті әкімшілік шаралар қолданылған.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің және бюджет қаражатының мақсатты пайдалануына жауапты мекемелердің 14 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олар:
- Талғар ауданы мәслихат хатшысының 2021 жылғы 04 қарашадағы №33 өкіміне сәйкес, мәслихат аппаратының бөлім басшысына ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;
- Талғар ауданы әкімінің 2021 жылғы 11 қазандағы №10-470-өк-ж/қ өкіміне сәйкес, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;
- Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі басшысының 2021 жылғы 12қазандағы №209-Нбұйрығана сәйкес, мекеменің бас бухгалтерінің орынбасарын және аудан бойынша 5 мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;
- «Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талғар ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №47 бұйрығына сәйкес мекеменің бас бухгалтеріне ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
- Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 04қазандағы №47-өк н/қ өкіміне сәйкес, мекеменің бас маманына ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;
«Алматы облысының білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талғар қаласындағы облыстық санаториялық үлгідегі мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №125 бұйрығына сәйкес мекеменің бас есепшісіне және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
- Талғар ауданының Қайнар ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 20қазандағы №67 өкіміне сәйкес, округ әкімінің орынбасарына ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;
- Талғар ауданының Бесағаш ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30қыркүйектегі №64-ө ж/қ өкіміне сәйкес, мекеменің бас маманына ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 12 мемлекеттік аудит объектісі бойынша жылпы саны 15материал жолданды,Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 12 лауазымды тұлға,207 бабының 3 тармағына сәйкес 1 лауазымды тұлға және осы баптың 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес 2лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар:
- «Талғар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесініңбас есепшісіӘ.Иманғалиға №718 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Н.Айтеноваға №715 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Ж.Беисбаевқа №792 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10 тармағының 3 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы қаржы-шаруашылық секторының меңгерушісі Ж.Чайтабановаға №764-765 хаттамаларға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде екі әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талғар ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы бас маманы С.Етекбаевқа №770 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талғар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрыңғы бас маманыА.Мухамедсадыковаға №769 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талғар ауданының Гүлдала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Т.Есімге №779 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Садвақасоваға №760 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 3 тармағынасәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талғар ауданының Талғар қалалық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Д.Нұрғазыға №751 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талғар ауданының Панфилов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы О.Иманбаевқа №732 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Д.Мұқанға №731 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талғар ауданының Алатау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы С.Оспанқұловаға №730 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 172 560,0мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 868 551,4 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және 3 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.
2. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарын,Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы Ережесінің,Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ ҚР Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іс-сапарлары туралы қағидасының талаптарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік саласындағы Заңнама талаптарының сақталмауы салдарынан орын алған.
3. ҚР Ұлттық экономика министірімен бекітіліген ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларының талаптары тиісті сақтамау салдарынан 795,3 мың теңгебюджет қаражаттың уақытылы бюджет есебіне өндіру бойынша шаралар қабылданбағаны анықталды (тиісті мониторинг жүргізілмеу салдарынан).
4. Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына және осы қаражаттарды пайдалану арқылы межеленген әлеуметтік әсер уақытылы қол жеткізілмеуіне жол берілген.
5. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу Заңнамасының талаптарыныңсақтамауынан орын алған.
6. Мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғалары тарапынан Қазақстан Республикасы Заңнамаларында белгіленген талаптарға немқұрайлы қарауы 12 мемлекеттік аудит объектісі бойынша 15 әкімшілік жауапкершілікке әкелетін бұзушылықтарға жол берілген.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар
Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану жеткізуінің тиімділік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1.Талғар ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану жеткізуінің тиімділік аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
2. Талғар ауданының әкімі келесі шараларды қабылдасын:
1) 2021 жылдың 27желтоқсанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарасын.
2) 2021 жылдың 27 желтоқсанынан кешіктірмей бюджет есебіне өндірілуге жататын 3 281,1 мың теңгенің бюджет есебіне өндірілуін қамтамасыз етсін.
3) 2021 жылдың 27 желтоқсанынан кешіктірмей қалпына келтіруге жататын 7 742,4 мың теңгенің қалпына келтірілуі қамтамасыз етсін.
4) Мемлекеттік аудит объектілері басшыларының жергілікті бюджет есебіне өндірген 1 132,6мың теңгесі және есептілік бойынша қалпына келтірілген 160 403,8 мың теңге назарға алынсын.
3. «Талғар ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде анықталған заңбұзушылықтарға құқықтық баға беру мақсатында тиісті материалдар құқық қорғау органдарына жолдансын.
4. Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша Ауданаралық басқармасынан, алматы облысының ішкі мемлекеттік аудит департаменті арқылы 2021 жылдың 18маусымдағы келіп түскен К.Н.Хасанованың арызына сәйкес «Талғар ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша басқармаға процессуалдық шешім қабылдау мақсатында белгіленген тәртіппен материалдар жолдансын.
3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар менкемшіліктердің жиынтық тізілімі.
Тексеру комиссиясының мүшесіБ. Мұхамеджанов
Сапа бақылауына жауапты
құрылымдықбөлімшенің басшысы Қ.Есенаманов
Құқықтық сүйемелдеугежауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы А. Кадир
Аудит тобының жетекшісі А. Кадир