Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Еңбекшіқазақ ауданы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 10.06.2022
Просмотры: 1061 Печать страницы

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

  1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
  2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3.Мемлекеттік аудиттің объектілері:

  1. «Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі;
  2. «Еңбекшіқазақ ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-сі;
    1. «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
    2. «Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
    3. «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
    4. «Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
    5. «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
    6. «Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
    7. «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
    8. «Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
    9. «Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
    10. «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
    11. «Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
    12. «Асы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
    13. «Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
    14. «Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
    15. «Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
    16. «Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
    17. «Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
    18. «Масақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
    19. «Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ-сі.
  3. «Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-сі;
    1. «Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ны;
  4. «Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі;
  5. «Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ-

сі;

 

  1. «Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі;
  2. «Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасы» КММ;
  3. «Есік қаласы әкімінің аппараты» ММ-сі;
  4. «Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
  5. «Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
  6. «Бөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
  7. «Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
  8. «Жанашар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
  9. «Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;
  10. «Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі.
    1. Мемлекеттік   аудитпен  қамтылған  кезең:   2020  жылдың  1 қаңтарынан бастап, 2021 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік

  1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

Еңбекшіқазақ ауданы айтарлықтай өндірістік және экономикалық әлеуеті бар ауылшаруашылық аймақтарға жатады.

Еңбекшіқазақ ауданының коммуналдық меншігінде жұмыс істеп тұрған жалпы 46 ұйым, оның ішінде 41 мемлекеттік орган, 2 мемлекеттік коммуналдық мекемелер, 1 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, 2 шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын тіркелген.

Еңбекшіқазақ ауданының аудандық бюджетінің атқарылуын бағалау нәтижелері аудандық бюджеттің атқарылуы негізінен Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына және мемлекеттік және бюджеттік бағдарламаларда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражатының нысаналы сипатына сәйкес келетінін көрсетті.

Дегенмен, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2021 жылғы Еңбекшіқазақ ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есебіне сәйкес, аудандық бюджетті орындау кезінде Еңбекшіқазақ ауданының аумағын дамыту бағдарламасының мақсаттарына, жекелеген бюджеттік инвестициялық жобалардың тікелей нәтижелеріне, бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізбеу, квазимемлекеттік сектор субъектілерін жеткілікті тиімді басқару бөлігінде кемшіліктер бар, бұл бюджет жүйесінің жекелеген қағидаттарын – нәтижелілік пен тиімділіктің тиісті дәрежеде сақталмауына алып келген.

2.2.Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:

Мемлекеттік аудитпен Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 32 мемлекеттік мекемелер, 2 коммуналдық мемлекеттік мекеме және 1 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын бойынша 15 568 148,5 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылып, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де

 

заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 88 199,1 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:

  • 87 079,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (оның 84 265,8 мың теңгесі қалпына келтірілуі тиіс, 2813,9 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілуі тиіс);
  • 1119,4 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты;

Сонымен қатар 21 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған, оның ішінде: 1-Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзуы сипатында, 1-Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларының және олардың мазмұнына қойылатын талаптарының сақталмауы сипатында, 1- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV

«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының талаптарын бұзу сипатында және 18- Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзуы сипатында.

Жеке мемлекеттік мекемелер бойынша бұзушылықтардың сипаттамасы:

1.«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

  • Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 04 ақпандағы №35 қаулысымен «Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ-ің теңгерімдегі

«Toyota Land Cruiser 200» мемлекеттік тіркеу номірі 070 VV05 қызметтік автокөлігі ШЖҚ «Есік Су» МКК-ың теңгеріміне 06.11.2020 жылғы өткізіп беру-қабылдап алу Актісімен берілген, бірақта аталынған қызметтік автокөлігіне 2020 қараша-желтоқсан айларында 1800 литр құны 277,2 мың теңгеге, 2021 жылы жалпы 5400 литр жанар-жағар майы құны 842,2 мың теңгеге, жалпы сомасы 1119,4 мың теңгеге тиімсіз пайдаланған.

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы

№ 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасының 236-тармағы және «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылғы №281 бұйрығының 16,19 тармақтарының талаптарына қайшы, Актілер бойынша жалпы құны 13014,1 мың теңгені құрайтын мәжіліс залында орнатылған ЛЭД жүйесі, ковралан, әкім, әкім орынбасарлары кабинеттерінде жарықтан қорғалған терезе жүйелері, кеңсе шамдары бухгалтерлік есебі бойынша 2360 «Машиналар мен жабдықтар» және 2370 «Құралдар, өндірістік және шаруашылық заттар» шоттарына кіріске алынбаған. Аудит барысында аталған заңбұзушылықтар жойылып, тиісті соммалар кіріске алынған.

Жауапты тұлға 2014 жылы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238-бабына сәйкес 19.05.2022 жылғы № 411 хаттамасымен әкімшілік жауакершілікке тартылған, 76575 теңге көлемінде айыппұл төленген.

 

2.«Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы» Ережесінің 13 тармағына қайшы, қызметкерлерге негізсіз сый ақы ретінде 109,0 мың теңге төленген;

- «Еңбекшіқазақ ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2020 – 2021 жылдары ауданға қарасты жолдарды жөндеу мақсатында жалпы сомасы 16250,0 мың теңгеге әзірленгеніп, қабылданған жобалау – сметалық құжаттамалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидаларының 236 – тармағы талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен 15.06.2010 жылғы № 281

«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» буйрығының 21 тармағы талаптарына қайшы аталған өнім бухгалтерлік есепке ұзақ мерзімді активтер ретінде 2810 шотына қойылмаған. 2014 жылы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238-бабына сәйкес жауапты тұлға 17.05.2022 жылғы № 403 хаттамасымен әкімшілік жауакершілікке тартылған, 76575 теңге көлемінде

айыппұл төленген.

  • 2021 жылы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер, Тескенсу, Қазақстан, Ақши, Қорам, Малыбай, Нұра, Қаратұрық, Ташкенсаз, Қызылшарық, Көктөбе, Бәйдібек би, Түрген, Балтабай, Бәйтерек, Саймасай, Ават, Жаңашар, Қаражота ауылдарына

«ВОРКАУТ» жаттығу алаңын салу жұмыстары атқарылған. Аталған жұмыстарға әзірленген жобалау–сметалық құжаттаманың 9 тарауында қысқы мерзім   кезіндегі   жұмыстарға   711    210    теңге    қаражаты қарастырылған. Жұмыстардың жазғы уақытта аяқталған, демек, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдесіндегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңының 60-бабының талаптары сақталмай, аталған қаражаттар негізсіз төленіп отыр.

  • 2021 жылдың 24 қыркүйегінде «Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі және «Joldar älemi» мердігер арасында Коммуналдық қызметтер үшін мамандандырылған канал жуу машинасын сатып алу үшін жасалған келісім-

 

шарт уақытылы орындалмай, міндеттемелер 3 (үш) күнге кешіктіріліп атқарылған. Сәйкесінше, Мердігерге есептелінетін тұрақсыздық айыбы 67872 теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім- шарт бойынша аталған тауар жеткізушіге қатысты Заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасымен белгіленген шаралар қолданбаған немесе өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

2014 жылы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабына сәйкес жауапты тұлға 17.05.2022 жылғы № 404 хаттамасымен әкімшілік жауакершілікке тартылған, 45945 теңге көлемінде айыппұл төленген.

  • «Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Еңбекшіқазақ ауданының Ават ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу жұмыстарын жүргізуге «Фуд - МС» ЖШС–мен жасалған келісім шарт бойынша жұмыстар 2020 жылы аяқталған. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдесіндегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңының 60–бабы 1–тармағының талаптары және Қазақстан Республикасының № 8.02–09–2002 құрылыс нормаларының жиынтығының 3 бабы 3.4 тармағының талаптары сақталмай, Мердігерден жоғарыда аталған құрылыс-монтаждық жұмыстардың жобалау– сметалық құжаттамаларында 15 пайызын құрайтын 452 220 теңге көлеміндегі бюджет қаражатары тиісті бюджет есебіне қайтарылмаған. Мердігер тарапынан Тапсырыс берушіге аталған соманы бюджет есебіне қайтарылатыны жөнінде12.05.2022 жылғы № 18 хаты жолданған.

3.«Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметттік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

  • 2021 жылы сатып алынған негізгі қорға жататын жалпы сомасы 347,2 мың теңгенің заттары 1319 шотына есепке алынған, бұл ұзақ мерзімді активтерде 2300 шотына есепке алынуы тиіс болған. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы

№ 281 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 243,244-тармақтарының талаптарына қайшы келеді.

 

Аудит барысында аталған заңбұзушылықтар жойылып, негізгі қорлар тиісті есепке алынған. Жаупты тұлға Мекеменің 12.05.2022 жылғы № 16 ж/қ бұйрығымен тәртіптік жазаға тартылған.

4.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

-    Қазақстан    Республикасының    Үкіметінің    29.08.2001ж.    №1127

«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасының талабы бұзылып,

«Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекеменің басшысы Салтанат Дауыспековна Беспаеваға 2021 жылдың 01 ақпанындағы № 21-к өкімімен берілген ескерту түріндегі тәртіптік жазасы бола тұра 2021 жылы 141 303 теңге сыйақы төленген. Аудит барысында негізсіз төленген сыйақы соммасы бюджет есебіне қайтарылды.

  • Қазақстан Республикасы   Үкіметінің   31.12.2015   жылғы   №1193

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» қаулысының талаптары және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V «Еңбек кодексінің» 103 бабының 1 тармақшасының талабы сақталмай

«Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Абилқаирқызы Алмагул Мұханның 2021 жылдың 28 желтоқсанындағы өтініші негізінде мекеме басшысы Е.Сарабековтың 2021 жылғы 28 желтоқсанындағы бұйрығымен жұмыстан босатылған, алайда 2021 жылы 31 желтоқсанына дейін еңбек ақысы 3 күнге 29 919 теңге артық төленген. Аудит барысында артық төленген еңбек ақы соммасы бюджет есебіне қайтарылды.

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі

№1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» (өзгертулер мен қосымшалармен) қаулысының қағидасының 2 тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тарауының 6 тармағының талаптары сақталмай 2021 жылы мекеменің бас мамандары Д.А.Тектибаевқа 23 336 тенге және Ө.О.Әбдібайға 23 336 тенге барлығы 46 672 тенге іс сапар шығындарына төленген, алайда

 

аудит барысында іс сапарға шығуына негіз болатын мекеме басшысының бұйрығы шығарылмағаны анықталды, төленген іс-сапар шығындары негізсіз болып табылады. Аудит барысында негізсіз артық төленген іс сапар шығындары жергілікті бюджет есебіне өтелді. Аталған заңбұзушылықтарға жауапты тұлғалардың қазіргі уақытта жұмыстан босатылуларына байланысты тәртіптік жазаға тартуға мүмкіндік болмаған.

  1. Сонымен қатар, «Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында жүргізілген үстеме тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталмаған.
  1. «Еңбекшіқазақ ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша қаржылық және басқа да заңбұзушылықтар анықталмаған, сонымен қатар, үстеме тексеру жүргізілген мемлекеттік органдарда төмендегідей заңбұзушылықтар анықталған:
    1. «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 15,114,115-тармақтарына қайшы, 2021 жылдың желтоқсан айында аударылған аванстық төлемдер жалпы 8395,8 мың теңге жылдық бухгалтерлік балансында 014 жол коды 1230- шотында «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» ретінде көрсетілмегендігі анықталған. Аудит барысында аталған бұзушылықтар қалпына келтірілген.

2014 жылы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238-бабына сәйкес жауапты тұлға 19.05.2022 жылғы № 412 хаттамасымен әкімшілік жауакершілікке тартылған, 76575 теңге көлемінде айыппұл төленген.

  1. «Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы

№234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 4, 33, 243-тармақтарын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемлердің бухгалтерлік есепке алу шоттары жоспарынының 16 тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының 7 қосымшаның 3 тарауы 27 тармағының талаптары бұзылып, Түрген ауылында стадионды жайластыру бойынша жұмыстардың құны 23 000,2 мың теңге 2330 «Құрылыстар» шотына кіріске алынбаған. Аудит

 

барысында 23 000,2 мың теңге сомасындағы негізгі құралдар бухгалтерлік есеп бойынша 2330 «Құрылыстар» шотына кіріске алынды.

2014 жылы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238-бабына сәйкес жауапты тұлға 13.05.2022 жылғы № 388 хаттамасымен әкімшілік жауакершілікке тартылған, 76575 теңге көлемінде айыппұл төленген.

  1. «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 2021 жылдың 13 тамызындағы №1241150/21-234 төлем шотымен 52290 теңгеге мекеменің қажеттілігіне сатып алынған кеңсе тауарларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 224 тармақ, 10 тармақшасының талаптарына қайшы негізсіз есептен шығарылған. Негізсіз шығарылған кеңсе тауарларының құны бюджет кірісіне қайтарылды. Жауапты тұлға Мекеменің 13.05.2022 жылғы № 11 өкімімен тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
  2. «Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» 2018 жылдың 11 мамырдағы № 256 қаулысының 2,6 тармақтары сақталмай мекеме қызметкері А. Намазбаев 2021 жылдың қазан айында негізсіз іс-сапарға жіберілген, сәйкесінше іс сапар шығындарына төленген 49,5 мың теңге заңнамаларға қайшы болып табылады. Аталған қаражат бюджет есебіне қайтарылған.
  3. «Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша еңбекақы есептеу мен төлеуде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V «Еңбек кодексі» талаптары және 2017 жылғы 16 қазандағы №646 қбп «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының талаптары сақталмай 2020 жылдың маусым айында М.Ж.Қосжановқа маусым айының еңбекақысы толықтай есептеліп төленген. Алайда, 2020 жылдың 25 маусымындағы № 28 ж/қ өкімімен М.Ж.Қосжанов жұмыстан босатылған, яғни 16 539 теңге еңбекақы артық төленген.

Дәл сол сияқты, 2020 жылдың желтоқсан айында С.Е.Бекмуратовқа желтоқсан айының еңбекақысы толықтай есептеліп төленген. Алайда, 2020 жылдың 14 желтоқсанындағы №66 ж/қ өкімімен С.Е.Бекмуратов жұмыстан босатылған, яғни 59 780 теңге еңбекақы артық төленген.

Негізсіз артық төленген барлығы 76 319 теңге бюджет есебіне қайтарылды. Жауапты тұлға Мекеменің 12.05.2022 жылғы № 21 өкімімен тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

5.6 «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік

 

мекемесі бойынша:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы» Ережесінің 13 тармағына сәйкес, сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.

Аудит барысында Мекемемен 2021 жылдың наурыз айында 001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігінен 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігіне 87,0 мың теңге жылжытылып, қызметкерлерге сый ақы ретінде төленгені анықталды. Ал Мекемемен 2021 жылы 1-ші тоқсанда 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алулары шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен өткізілгендігі анықталды немесе аталған кезеңде қаражатар үнемі қалыптаспаған. Демек, жоғарыда аталған 87,0 мың теңгенің сый ақы ретінде төленуі көрсетілген заңнамаларға қайшы болып отыр.

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 Қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қағидаларының 3 тармағы 1) тармақшасының талаптары сақталмай, 2020 жылдың наурыз айында Мекеме қызметкеріне іс-сапар шығындарын есептеуде iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн тәулiкақы шығындары үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде есептелініп төленген. Негізсіз аударылған қаражатар 23859 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, іс-сапарда нақты болған күндеріне тұрғын үй-жайды жалдау шығындарын өтеуде қызметкерлерге 1 күнге артық есептелініп төленгені анықталған. Негізсіз аударылған қаражатар 7953 теңгені құрайды. Жалпы негізсіз төлеген іс-сапар шығындары 31812 теңгені құрап отыр.

Негізсіз төленген барлығы 118 812 теңге бюджет есебіне өтелді. Жауапты тұлға Мекеменің 05.05.2022 жылғы № 11 өкімімен тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

5.7.«Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- Мекеме мен «MA Holding» ЖШС-гі арасында «Төле би ауылының су құбырларына ағымдағы жөндеу жүргізу» жұмыстарына 30.09.2021 жылы түзілген № 32 келісім шарт бойынша міндеттемелер уақытылы орындалмай, жұмыстар 8 күнге кешіктіріліп атқарылған. Қазақстан Республикасының

 

мемлекеттік сатып алу Заңының 43 бабының 24 тармағы сақталмай, 14,3 мың теңге тұрақсыздық сомасы ұсталмағандығы анықталған. Аудит барысында тұрақсыздық айыппұл тиісті бюджет есебіне өтелген. Жауапты тұлғаның қазіргі уақытта жұмыстан босатылуына байланысты тиісті шаралар қолдануға мумкіндік болмаған.

  • 2020 жылы мекеме бухгалтерлік есептілікте алғашқы құны 20,8 мың теңгенің қорлары (10,5 мың теңегенің 6 бірлік компьютер тышқаны, 10,3 мың теңегенің 6 бірлік клавиатуралары) 2360 шотына есепке алынған, ал мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары бойынша жоғарыдағы қорлар ұзақ мерзімді активтерге емес болғандықтан 1319 шотына көрсетілуі керек. Бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген

«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»- ның 10 тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 199-тармағының талаптарына қайшы келеді. Аудит барысында аталған бұзушылық жойылып, есептілікте қалпына келтірілген.

5.8.«Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

  • Қазақстан Республикасының   2007   жылғы   28   ақпандағы   №234

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 4, 33, 243-тармақтарының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемлердің бухгалтерлік есепке алу шоттары жоспарынының 16 тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының 7 қосымшаның 3 тарауы 27 тармағының талаптары бұзылып, жекелеген негізгі құралдар 2300 «Негізгі құралдар» кіші бөлімінің тиісті шоттарындағы талдамалық есепте танылмаған, атап айтқанда: құны 90,0 мың теңге «РП-15-Ермак» аспалы орман өрт сөндіргіші 2370 «Аспаптар, өндірістік және шаруашылық құралдар» шотына кіріске алынбаған. Аудит барысында аталған негізгі құралдар бухгалтерлік есепте 2370 «Аспаптар, өндірістік және шаруашылық құралдар» шотына кіріске алынған.

  • Қазақстан Республикасының   2007   жылғы   28   ақпандағы   №234

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3

 

тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 33, 237, 243, 246 тармақтарының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемлердің бухгалтерлік есепке алу шоттары жоспарынының 16 тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемлердің бухгалтерлік есепке алу шоттары жоспарынының 16 тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының 7 қосымшаның 3 тарауы 27 тармағының талаптары бұзылып, ұзақ мерзімді активтер бухгалтерлік есептің тиісті қосалқы шоттарында есептелмеген, осылайша 2381 «Мәдени мұра активтері» шотында есепке алынуға тиіс, алайда құны 742,4 мың теңге монумент 2383 «Өзге негізгі құралдар» шотында есепке алынғаны анықталды. Аудит барысында 742,4 мың теңге сомасында активтер 2381 «Мәдени мұра активтері» шотына аударылды.

2014 жылы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238-бабына сәйкес жауапты тұлға 13.05.2022 жылғы № 390 хаттамасымен әкімшілік жауакершілікке тартылған, 76575 теңге көлемінде айыппұл төленген.

  1. «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша Еңбекақы есептеу мен төлеуде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексі» ережесінің 1 бабының 37 тармақшасының талаптары, 2017 жылғы 16 қазандағы №646 қбп «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 187 тармағының талаптары сақталмай 2020 жылдың ақпан айында Г.С.Кабуловаға еңбекақысына негізсіз қосымша 104150 теңге артық есептеліп төленген. Негізсіз төленген 104 150 теңге аудит барысында бюджет есебіне қайтарылды. Мекеменің 12.05.2022 жылғы № 02-03/26-ж/қ өкімімен жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
  2. «Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы

3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Ережесінің 174 тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның

 

ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 6 тармағының талаптары сақталмай, 2020 жылдың 30-31 қазаны аралығында Э.Рахимбаев Талдықорған қаласына іс сапарға барып 11,1 мың теңгеге, іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттарды және іссапар туралы есеп бермеген. Негізсіз төленген сома бюджет есебіне қайтарылған, жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

  1. «Асы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 236-тармағы талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылы бекітілген № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» бұйрығының 16 тармағы талаптары басшылыққа алынбаған. Яғни 2021 жылы қазан айында алынған 105,0 мың теңгеге өнім бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде 2370 шотына қойылмағандығы анықталған. Аудит барысында аталған заңбұзушылықтар жойылып, бухгалтерлік есеп қалпына келтірілген.

2014 жылы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238-бабына сәйкес жауапты тұлға 12.05.2022 жылғы № 385 хаттамасымен әкімшілік жауакершілікке тартылған, 76575 теңге көлемінде айыппұл төленген.

  1. «Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Қағидалардың 2- тармағы бұзылғанда мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін іссапарға жіберу бұйрық (өкім) негізінде жүргізіледі, алайда бас маман Ж.С. Акчибаеваға 2021 жылдың маусым айында бұйрықсыз 14 585 теңге сомасында іссапар шығыстарын негізсіз төлеген. Аудит барысында бюджетке өтелді. Жауапты тұлға Мекеменің 27.04.2022 жылғы № 4-к өкімімен тәртіптік жазаға тартылған.
  2. «Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2020 ж. №256 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ереженің 3-тармағының 2-тармақшасы, мекеменің

 

жетекші маманы И. Т. Идриске тұрғын үй-жайды жалдау бойынша іссапар шығыстары негізсіз төленген 46 672 теңге. Аудит барысында негізсіз төленген қаражаттар бюджет есебіне қайтарылды. Жауапты тұлға тәртіптік жазаға тартылған.

  1. «Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Қағидалардың 2- тармағы бұзыла отырып, Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін іссапарға жіберу бұйрық (өкім) негізінде жүргізіледі, алайда жүргізуші О. Есболатовқа бұйрықсыз 2020 жылдың ақпан айында 18557 теңге іссапар шығыстары негізсіз төленді. Аудит барысында негізсіз төленген қаражаттар бюджет есебіне қайтарылды. Жауапты тұлға Мекеменің 11.05.2022 жылғы № 17 ж/қ өкімімен тәртіптік жазаға тартылған.

5.15.«Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 5 желтоқсан 2015 жылғы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» бұйрығының 3-тармағына қайшы «Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің акімі Р.С. Бакиевқа, 2021 жылғы қараша айында енбек демалысына байланысты жалпы сомасы 159 536 теңге негізсіз төлеген. Анықталған бұзушылық сомасы жергілікті бюджет есебіне қайтарылған. Жауапты тұлғаның жұмыстан босатылуына байланысты тәртіптік шара қолдануға мүмкіндік болмаған.

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бұйрығымен бекітілген № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қағиданың 236-тармағы талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылы бұйрығымен бекітілген № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» есепке алу шоттары жоспарының 16 тармағы талаптары басшылыққа алынбай, 2021 жылы Мекемемен алынған 10023,8 мың теңгеге керекті құралдары бухгалтерлік есепте негізгі құралдар ретінде 2340 шотына қойылмаған. Аталған бұзушылықтар жойылып, бухгалтерлік есеп қалпына келтірілген.

2014 жылы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238-бабына сәйкес жауапты тұлға 03.05.2022 жылғы хаттамасымен әкімшілік жауакершілікке тартылған, 76575 теңге көлемінде айыппұл төленген.

 

  1. «Масақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 236,243-тармағының және ҚР ҚМ 2010 жылғы 15 маусымдағы

№ 281 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттары жоспарының 16-тармағының талаптары бұзылып, «Шелекское» КММ-мен жасалған 2021 жылғы 02 желтоқсандағы № 210085 шартпен 285,0 мың теңге сомасына терек көшеттері отырғызылған, алайда бухгалтерлік есепте көрсетілмеген. Аталған бұзушылықтар жойылып, есептілік қалпына келтірілген.

2014 жылы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238-бабына сәйкес жауапты тұлға 17.05.2022 жылғы № 402 хаттамасымен әкімшілік жауакершілікке тартылған, 76575 теңге көлемінде айыппұл төленген.

5.17.«Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы

30 желтоқсандағы №195 «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығының 3 тарау 10-бабының талабы бұзылған. «Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мен «Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемелері 2020-2021 жылдары бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының бұйрығымен бекітпеген.

  • «Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде аудиторлық іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 54-бабының 1-тармағы бұзылғандығы анықталды. 2021 жылдың «4» тамыздағы №23 бұйрық негізінде бөлім басшысының орынбасары М.Ташкенбайға 2021 жылдың 10 тамызынан бастап екі лауазымдық еңбекақы көлемінде сауықтыру жәрдемақысы төлене отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күн мөлшерінде төленетін жылдық еңбек демалысы берілген. Еңбекшіқазақ ауданының әкімімен 2021 жылдың 1 шілдесіне бекітілген штаттық кестесіне және 2021 жылдың 1 шілдесіне бөлім басшысының бекіткен тарификациялық тізіміне сәйкес бөлім басшысының орынбасары М.Ташкенбайдың лауазымдық айлықақысы 323914,0 теңге, яғни сауықтыру үшін жәрдемақысының көлемі 647828,0 теңгені құрайды. Алайда, 2021 жылдың «02» тамызындағы №239 және 2021 жылдың «13» қыркүйегіндегі №278 төлем шотына сәйкес М.Ташкенбайға барлығы 701230,0 теңге сауықтыру жәрдемақысы төленген, яғни 53402,0 теңге артық төленген. Аудит барысында бюджет есебіне қайтарылған.
  • «Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде аудиторлық іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.08.2001ж. №1127 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру,

 

материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4-бабының 1-тармағы бұзылғандығы анықталды. 2020 жылдың «5» шілдедегі №9 бұйрық негізінде жетекші маман А.Идрисова алынбаған тәртіптік жазасы бола тұра сыйақы алған. Сыйақы мөлшері 107,4 мың теңгені құраған. Міндетті ұсталымдардан кейінгі шотына жіберілген сомма 89470,0 теңге. Аудит барысында бюджет есебіне қайтарылған.

  • «Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2020-2021 жылдары ғимаратта орналасуына қатысты мекеменің мәртебесін анықтайтын құжат – ғимаратты өз теңгерімінде ұстаушы тараппен азаматтық – құқықтық шарт рәсімделмеген, мемлекеттік мүлікті негізсіз пайдалануға жол берілген. Осылайша, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 3- бөлім, 7-тарау, 72-бабының 2 тармағының талаптары сақталмаған. Бұл бұзушылық Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 01 қазанындағы №18-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталған бұзушылықтар сыныптамасының» 1.1.2.4. тармағына сай, рәсімдік сипаттағы бұзушылық ретінде танылады.
  • Іс-сапар шығындарын өтеуде Қазақстан Республикасы Үкіметінің

«Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырындағы №256 қаулысының 1 тарауы 2 тармағына қайшы, бас мамандар М.Шулембаевты, А.Жумановты, А.Идрисованы іс-сапарға жіберу туралы бұйрығы шығарылмастан, негізсіз 50036,0 теңге іс-сапар шығындары төленген. Аудит барысында бюджет есебіне қайтарылған.

Мекеменің 28.04.2022 жылғы № 19 және № 20 бұйрықтарымен жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкерішілікке тартылған.

Сондай-ақ, «Сөгеті   ауылдық   округі   әкімінің   аппараты»   және

«Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелерінде жүргізілген үстеме тексеру нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталмаған.

  1. «Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша ҚР    Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281

«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 114 - 118-тармақтарының талаптарына қайшы Мекеменің 2021 жылы қаржылық есептілік жасауында есеп айырысу актісі басшылыққа алынбай («АлматыэЭергоСбыт» ЖШС) 105,8 мың теңгенің дебиторлық қарызы бойынша өткен жылдардың қарызы ретінде бухгалтерлік баланстың 014 жолында жабдықтаушылармен және

 

мердігерлермен есеп айырысу бойынша дебиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды. Аудит барысында есептілік қалпына келтіріліп, жауапты тұлға 2014 жылы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238-бабына сәйкес 12.05.2022 жылғы № 383 хаттамасымен әкімшілік жауакершілікке тартылған, 76575 теңге көлемінде айыппұл төленген.

7.«Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің 111-бабы 2- тармағы 3) тамрақшасына қайшы, Мекеме қызметкерлерінің еңбек демалысында болуына байланысты, олардың міндетін уақытша атқарғаны (алмастырғаны) үшін 30 пайыз көлеміндегі қосымша төлем ретінде негізсіз төленген барлығы 38,1 мың теңге аудит барысында бюджет есебіне өтелген.
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының 4-тармағын, 33-тармағын, 259- тармағын, 265-тармағына қайшы, «Балтабай ауылындағы кентішілік стадионды жайластыру» объектісім бойынша Мекемемен ұзақ мерзімді активтердің 1 352,5 тыс. тенге көлеміндегі амортизациясы ескерілмеген. Аудит барысында негізгі құралдар бойынша амортизация қосымша есептеліп, қалпына келтірілді.

Жауапты тұлға 2014 жылы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238-бабына сәйкес 13.05.2022 жылғы № 391 хаттамасымен әкімшілік жауакершілікке тартылған, 76575 теңге көлемінде айыппұл төленген.

  1. «Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Қағидалардың 2- тармағына қайшы, іссапарға жіберу бұйрығынсыз Мекеме методисті Г.С.Лавьяеваға 26 510 теңге көлемінде іссапар шығыстары негізсіз төленген. Негізсіз төленген сомалар бюджет есебіне қайтарылған. Жауапты тұлға Мекеменің 05.05.2022 жылғы № 07-к өкімімен тәртіптік жазаға тартылған.
  2. «Бөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығының 114, 115 және 118-

 

тармақтарының   және    Қазақстан    Республикасы    Қаржы    министрінің

«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 9 тармағының талаптарына қайшы 2021 жылдың бухгалтерлік балансында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС- на төленген 287,5 мың теңге көрсетілмеген.

Заңбұзушылықтар жойылып, жауапты тұлға 2014 жылы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238-бабына сәйкес 23.05.2022 жылғы № 414 хаттамасымен әкімшілік жауакершілікке тартылған, 76575 теңге көлемінде айыппұл төленген.

10.Еңбекшіқазақ ауданының «Есік қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

  • ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекілген

«Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесі»нің 4 тармағы сақталмай, 64,0 мың теңге негізсіз төленген.

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 16 тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 243,244-тармақтарының талаптары сақталамй, 8 832,9 мың теңгенің ұзақ мерзімді активі (балалар алаңы) 2383 шотына есепке қате алынған. Аудит барысында есептілік қалпына келтірілген.
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 10 тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 196-тармағының талаптары сақталамй, 484,3 мың теңгенің ұзақ мерзімді активі қорларда есепке көрсетілген. Аудит барысында есептілік қалпына келтірілген.
  • Қазақстан Республикасының   2001   жылғы   16   шілдедегі N   242

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 1 тармағы мен ҚН ҚР 8.02-09-2002 «Уақытша ғимараттар мен құрылыстарды салуға сметалық шығындар нормаларын жиынтығы»-ның 3.4-тармағы толық сақталмай, 79,7 мың теңге бюджетке қайтарылмаған. Аудит барысында аталған қаражаттар тиісті бюджет есебіне қайтарылған.

Жауапты тұлғалар Мекеме басшысының 25.04.2022 жылғы № 11

 

өкімімен тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

  1. «Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.08.2001ж.

№1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасының талабы бұзылып, Мекеме қызметкеріне 2021 жылдың 26 шілдесіндегі № 8 өкімімен берілген ескерту түріндегі тәртіптік жазасы бола тұра 2021 жылы 50,0 мың теңге көлемінде сыйақы төленген. Аудит барысында негізсіз төленген сыйақы соммасы бюджет есебіне қайтарылды.

  1. «Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының 2 тарау 3- тармағының 2,3-тармақшалары бұзыла отырып, Мекеме қызметкеріне іс-сапар шығындарына негізсіз жалпы сомасы 26253 теңге төленген. Негізсіз төленген қаражатары бюджет есебіне қайтарылған.
  2. «Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша Мекеменің негізгі құралдарға жататын жалпы сомасы 830,9 мың теңгенің заттары 1319 қорлар шотына есепке алынған, бұл ұзақ мерзімді активтер 2300 негізгі құралдар шотына есепке алынуы тиіс болған.

«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығының 16 тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген

«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 243,244- тармақтарының талаптарына қайшы келеді. Аудит барысында қалпына келтірілді. Жауапты тұлға Мекеме басшысының 22.04.2022 жылғы № 72-ж/қ өкімімен тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

14.«Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ-ның 103 бабының 1 тармағына қайшы 2021 жылы маусым айында Қожахметов Д.С. жұмыс істемеген 9-күніне 52,2 мың теңге жалақы артық төленген, аудит барысында бюджет есебіне қайтарылды.

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылдың 11 мамырдағы №256 қаулысымен бектілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары»-ның 4 тармағынының 2 тармақшаларының талаптарының

 

бұзылып Мекеме қызметкерлеріне 61,4 мың теңге артық төленген. Заңбұзушылықтар соммасы бюджет есебіне өтелген.

  1. «Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының 116, 118 тарматарының талаптарына қайшы,

«Алматытелеком» АҚ алдындағы 2020 жылға 37,1 мың теңге сомасындағы және 2021 жылға 60,5 мың теңге сомасындағы кредиторлық және дебиторлық берешектер көрсетілмегендігі анықталған. Бұзушылықтар жойылып, есептілік қалпына келтірілген.

Жауапты тұлға 2014 жылы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238-бабына сәйкес 13.05.2022 жылғы № 392 хаттамасымен әкімшілік жауакершілікке тартылған, 76575 теңге көлемінде айыппұл төленген.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік- экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Бюджеттің атқарылуы, бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру мен активтерді пайдалану тиімділігі бойынша ауданда келесі көрсеткіштерге қол жеткізілді:

 

 

  • 2021 жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджеттік параметрлердің орындалуы, түсімдер бойынша 31892660,4 мың теңге немесе жоспарға 99,8%, шығыстар бойынша 31654220,2 мың теңге немесе 99,1% құраған.
  • 2021 жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджет профициті

-2 453 997 931,0 мың теңге мөлшерінде қалыптасқан.

  • 2020 жылға қарағанда 2021 жылы түсімдер сомасы -12 458 929,4 мың теңгеге, немесе -28,1% азайған.
  • 2021 жылы 29 036 891,0 мың теңге сомасында кірістер алынған, түзетілген жоспарға 99,6% - ға орындалған.
  • Бұрынғыдай аудан бюджетінің түсімдері 71,5% немесе 22 842 280,0 мың теңгеге трансферттер есебінен құралған, аталған факті аудан бюджетінің трансферттеге тәуелділігі жоғары екендігін білдіреді.
  • Ауданның меншікті кірісінің 95,7% немесе 5 935 222,7 мың теңге салықтық түсімдер есебіне қалыптасқан.
  • Салықтық түсімдер   2020   жылмен   салыстырғанда   іс   жүзінде   - 2 577 204,4 мың теңгеге немесе -30,3% кем түсті.

 

  • Салықтық түсімдердің 10 түрінен 8 түрі бойынша жыл басына бекітілген жоспарды төмендету арқылы жоспарды асыра орындау фактілері орын алған.
  • Салықтық емес түсімдер ауданның меншікті кірісінің небәрі 0,9% немесе 56308,3 мың теңгені құраған. Салықтық емес түсімдердің басым бөлігі 40,8% жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдерден және 40,7% мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түскен түсімдер құраған.
  • Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер ауданның меншікті кірісінің 3,4% немесе 212147,6 мың теңгені құраған. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдердің 72,5% жер учаскелерін сатудан, 27,5% мемлекеттік мүлікті сатудан түскен түсімдер құраған.
  • 2021 жылғы аудандық бюджеттің шығыстары 28 844 432,0 мың теңге болып бекітіліп, нақтылаулар мен түзетулер нәтижесінде 31 934 104,0 мың теңгеге жетіп нақты шығындары 31 564 220,2 мың теңгеге немесе 99,1% атқарылды.
  • 2021 жылдың аяғына аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша жалпы сомасы 279883,8 мың теңге немесе аудан шығыстарының 0,9% игерілмей қалған.
  • 2021 жылы ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету мақсатында 227527,0 мың теңге бюджет кредиттер және 18961,0 мың теңге көшерақы бөлініп, аталған салаға жұмыс жасайтын 52 мамандарға ұсынылған (2020 жылы 39 маманға).
  • 2021 жылы аудан бюджетінен 40000,0 мың теңге мөлшерінде қаржылық активтермен болатын операциялар тіркелген. Бұл қаржыға Бөлек ауылында мәдениет үй сатып алынды (2020 жылы қаржылық активтер сатып алуға қаражаттар жұмсалмаған).
  • 2021 жылдың 31 желтоқсанына аудан көлемінде 1780,1 мың теңге дебиторлық, 10222,0 мың теңге кредиторлық берешек қалыптасқан. 2020 жылдың қорытындысымен салыстырғанда дебиторлық берешек -38301,3 мың теңгеге, кредиторлық берешек -5477,1 мың теңгеге азайған.
  • Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға 2021 жылы ауданға 7 264 064,0 мың теңге қарастырылып 7 156 418,1 мың теңгесі немесе 98,5% игерілген. Бір бюджеттік даму бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын игермеу, оны іске асыру нәтижесінде күтілетін әлеуметтік-экономикалық пайданы алмауға әкелген.

III.Қорытынды бөлік

  1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 1473,6 мың теңге тиісті бюджет есебіне өтелді, 68015,8 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 12 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жалпы саны 13 материал жолданды, оның ішінде 12 материал – Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзуы бойынша және 1 материал – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу бойынша. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» тиісті тармақтарына сәйкес лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 964 845 теңге айыппұл бюджетке төленді.

3.2.Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

  1. Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 88 199,1 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: 84 265,8 мың теңгесі қалпына келтірілуі тиіс, 2813,9 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілуі тиіс, 1119,4 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты және 21 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Жалпы қалпына келтірілуге тиіс 84265,8 мың теңгенің қазіргі уақытта 68015,8 мың теңге көлеміндегі бұзушылықтар жойылып, бухгалтерлік баланс қалпына келтірілген. Қалған қалпына келітірілуге тиіс 16250,0 мың теңгенің заң бұзушылықтары төмендегідей себептермен орын алған:

«Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2020 – 2021 жылдары ауданға қарасты жолдарды жөндеу мақсатында жалпы сомасы 16250,0 мың теңгеге әзірленгеніп, қабылданған жобалалық–сметалық құжаттамалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидаларының 236 – тармағы талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен 15.06.2010 жылғы № 281

«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» буйрығының 21 тармағы талаптарына қайшы аталған өнім бухгалтерлік есепке ұзақ мерзімді активтер ретінде 2810 шотына қойылмаған; Сонымен қатар, тиісті бюджет есебіне өтелуге тиіс 2813,9 мың теңгенің 1473,6 мың теңгесі тиісті заңды және жеке тұлғалардан бюджет есебіне қайтарылған, қалған 1340,3 мың теңгесі «Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 109,0 мың теңге – қызметкерлерге негізсіз сый ақы ретінде төленген қаражат, 711,2 мың теңге - жұмыстардың жазғы кезеңде атқарылуына байланысты «Данияр» ЖК-нен қайтарылуға жататын жобалау–сметалық құжаттамада ескерілген қысқы уақытта жұмыс жүргізу кезіндегі жұмыстарға төленген қаражат, 452,2

 

мың теңге – «Фуд - МС» ЖШС-нен бюджет есебіне қайтарылуға тиіс уақытша ғимараттар мен құрылыстарды салуға жұмсалған қаражат, 67,9 теңге – «Joldar älemi» мердігеріне келісім-шарт бойынша міндеттемелерін уақытылы орындамауына байланысты салынған тұрақсыздық айыппұл.

  1. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілу туралы Ережесінің, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Қағидаларының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдесіндегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» қаулысының талаптарын сақтамаудан орын алған.

3.3.Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар:

Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып:

 

ҰСЫНАМЫН:

  1. Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

2.«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі келесі шараларды қабылдау:

  1. «Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуге тиіс 16250,0 мың теңге көлеміндегі заңбұзушылықтарды жою;
  2. «Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы

 

бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша өтелуге тиіс барлығы 1340,3 мың теңге қаражатының тиісті бюджет есебіне қайтарылуын қамтамасыз ету;

  1. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталмауы салдарын барынша азайтуға бағытталған және алдағы уақытта осындай заңбұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілсін. Аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілген 1473,6 мың теңге және есептілік бойынша қалпына келтірілген 68 015,8 мың теңге назарға алынсын.
  2. Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралсын.

 

  1. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                       Ж. Үсенбаев

 

Бөлім басшысы                                                                   Н. Қалқаев

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                                 Қ.Есенаманов

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                                 А.Қадир

 

 

Аудит тобының жетекшісі                                                 Н. Қалқаев

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ