Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Қарасай ауданы
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 26.04.2023 | |
Просмотры: 1378 | Печать страницы |
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлік
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Қарасай ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Қарасай ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:
1. «Қарасай аудандық маслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2. «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
3. «Қарасай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемелекеттік мекемесі;
4. «Қарасай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
5. «Қарасай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6. «Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
7. «Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
8. «Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9. «Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй испекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
10. «Қарасай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
11. «Қарасай ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
12. «Қарасай ауданының Ұмтыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
13. «Қарасай ауданының Жібек-Жолы ауылының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
14. «Қарасай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
15. «Қарасай ауданының Бірінші май ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
16. «Қарасай ауданының Қаскелең қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
17. «Қарасай ауданының Іргелі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
18. «Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
19. «Қарасай ауданының Жандосов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
20. «Қарасай ауданының Әйтей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
21. «Қарасай ауданының Шымалған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2022 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
Қарасай ауданы облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, аумағы 2,0 мың ш. км құрайды, 47 елді мекен орналасқан, аудан орталығы Қаскелең қаласы болып табылады.
- 2021 жылдың халық саны – 283,8 мың адам, одан: қала тұрғындары – 64,9 мың адам, ауыл тұрғындары – 222,8 мың адам, өсу қарқыны 101,4 %
- 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша аудан халқының саны 325,5 мың адам, қала тұрғындары 82,2 мың адам болса, ауыл тұрғындары 243,3 мың адамды құрайды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер 30,9 млрд.теңге түсіп, болжам 101,9%-ға орындалды.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 28,4 млрд.теңгені құрап, қаржы игеру 92%-ды құрады.
Ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 88,5 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың осы кезеңінен 14,1 млрд. теңгеге артық орындалды (2021 ж.-74,4 млрд.тг). Нақты көлем индексі 102,2%. Облыстағы үлесі – 12,0%.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы жердің көлемі 126,3 мың га, оның ішінде жайылымдық жерлер 70,3 мың гақұрайды.
Ауданда 2022 жылдың қорытындысы бойынша 25,1 мың тонна ет өнімі өндірілді. 85,9 мың тонна сүт өнімі өндіріліп, 102,3%-ға орындалды және 181,6 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 140,5%-ға орындалып отыр.
Ауданның шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 21 079 субъект тіркелген. Шағын кәсіпорындар саны – 2 885, жеке кәсіпкерлер саны – 16 415. Ауылшаруашылығы саласында 1 779 нысан жұмыс атқаруда, бүгінгі күні кәсіпкерлікте 60 935 адам жұмыспен қамтылған. Шағын және орта бизнестен түскен бюджеттік төлемдер 27 411,9 млн. теңге. Аталған сала бойынша кәсіпкерлік субъектілерінен өндірілген өнім - 152 816,8 млн. теңгеге жетті.
Инвестиция саласы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестициялар 163,5 млрд теңгеге жетіп, былтырғы жылдан 17,7 млрд теңгеге артық орындалды (2021ж-145,8 млрд. тг). Нақты көлем индексі 110,7%. Облыс көлеміндегі ауданымыздың үлес салмағы –26,8%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 79,6 млрд. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 21,5 млрд. теңгеге артық орындалды, (2021ж. – 58,1 млрд. тг). Нақты көлем индексі 119,5%. Облыс көлеміндегі ауданның үлес салмағы – 26,0% құрап отыр.
Тұрғын үйлерді іске қосу бойынша 213,8 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді немесе 101,8% орындалды, (2021ж.– 210,1 мың шаршы метр). Бұл көрсеткіш бойынша облыстағы үлесіміз 27,1%.
Жалпы аудан бойынша тұрғын үй кезегіне 7925 азамат тіркелген (2009 жылдан бері).
2022 жылы Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне және жетім балалар немесе әке-шешесінің қамқорлығынсыз қалған балаларға 162,4 млн. теңгеге 10 пәтер сатып алынады.
Сондай-ақ, Шамалған ауылында 20 тұрғын үйді әлеуметтік осал топтарға сатып алу құқығынсыз жалға берілген.
Нұрлы-жер бағдарламасы аясында «Өмірұзақ» тұрғын үй кешенінде 30 га жер теліміне 2 қабатты 520 пәтерлі - 130 «Таунхаус» үйлердің құрылысы толық аяқталған.Сметалық құны 9,7 млрд. теңге. Жалпы алаңы 38 129 шаршы метр.(2020 ж-50 үй, 2021ж-50 үй, 2022 ж-30 үй аяқталған).
Сонымен қатар, Тұрар ауылында 5 жалгерлік жеке тұрғын үйдің құрылысы және инженерлік желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған (жоба құны 158 млн. теңге).
Бөлшек тауар айналымының көлемі 193,7 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,6 млрд. теңгеге өсіп, нақты көлем индексі 100,0% құрады (2021ж.– 168,1 млрд.тг). Облыс көлеміндегі ауданымыздың үлес салмағы – 35,6%.
Бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша түскен түсім 79,9 млрд. теңгені құрады, яғни осы кезеңнің жоспарымен салыстырғанда 101,6%. Оның ішінде:
Республикалық бюджетке – 38,6 млрд. теңге, 100%.
Жергілікті бюджетке – 41,3 млрд. теңге, 103,1%.
Меншікті кіріске – 25,8 млрд. теңге немесе жоспармен салыстырғанда 102,3% салық түскен.
2022 жылдың аудан бюджетінің шығындары 28,4 млрд. теңгеге немесе 100%-ға игерілген.
Халықты жұмыспен қамту бойынша жұмысқа орналасуға 5879 адам өтініш білдірді, оның ішінде бүгінгі күнге 3602 адам жұмысқа орналастырылды. Орташа еңбекақы – 273 083 теңге мөлшерінде белгіленіп отыр.
Білім саласы бойынша ауданымызда 61 білім беру мекемелері бар, оның 53-і мемлекеттік және 8-і жеке меншік мектептер.
2021-2022 оқу жылында 78195 оқушы білім алуда. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 5572 оқушыға артты. (өткен оқу жылы 72623). Білім сапасы – 62,8%.
Биылғы оқу жылында ауданымызда 12 үш ауысымды мектептер жұмыс істеуде.
Үш ауысымды білім алуды жою мақсатында 5 жаңа мектеп құрылысы және 3 орта мектептерге жапсаржай құрылысы жүргізілуде («Асыл арман» тұрғын үй кешеніне 2000 орындық, Қаскелен қаласында 1500 орындық, «Өмірұзақ» тұрғын үй кешенінде 900 орындық.Үштерек, Жармұхамбет ауылдарында 600 орындық және Алмалыбақ ауылы, Жібек жолы бекетінде және Іргелі ауылындағы Л.Толстой атындағы орта мектептерге 600 орындық жапсаржай).
Мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары да жүргізілуде, 2022 жылы Қаскелең қаласындағы В.Белинский атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді. (Құны 1,2 млрд.теңге).
Аудан бойынша барлық бала бақша саны 158. Оның 10 мемлекеттік және 143 жекеменшік бала бақша, 3 шағын орталық бар (1 мемлекеттік және 2 жеке меншік).
Денсаулық сақтау саласы бойынша аудан тұрғындарына 1 ауданаралық көпсалалы аурухана, 1 ауылдық аурухана, 2 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығы, 18 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункті, 6 медициналық пункті және жеке меншік нысанындағы 5 денсаулық сақтау ұйымдары қызмет көрсетеді.
Ауданымызда соңғы жылдары нәресте өлімі мен қатерлі ісіктерден болатын өлімдердің өсуі байқалуда. Осы жағдайлардың алдын-алу мақсатында және медициналық мекемелердің қазіргі заманға сай қызмет көрсетуін арттыру мақсатында 10 медициналық мекемелердің жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде, оның ішінде атап өтетіні Қаскелен қаласында бір күнде 500 келушіге арналған көп салалық емхана құрылысы (ЖСҚ әзірленуде, аяқталу мерзімі 30.05.2023 жыл) және Көлащы ауылында 300 келушіге арналған бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығының құрылысын (ЖСҚ әзірленуде, аяқталу мерзімі 30.11.2023 жыл) жүргізу жоспарлануда (7 ауылда 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториялар, олар: Шалқар, Ұлан, Бекболат, Қайнар, Бұлақты, Абай, Үштерек және 15 келушіге ФАП Қаратөбе ауылында).
Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру бойынша жалпы аудан бойынша 2018-2021 жылдар аралығында 4 дене шынықтыру–сауықтыру кешендері салынып, қолданысқа берілді (Қаскелен - 584 млн. тг, Шамалған - 6,2 млрд. тг. және Райымбек - 1,8 млрд. тг.,Әйтей -228 млн. тг).
Сонымен қатар, 2022 жылы Қаскелең қаласы мен 10 ауылдық округтердің елді мекендеріне STREET WORKOUT көше гимнастикасына арналған спорттық алаңдар салуға 102,6 млн. теңге бөлініп, 13 алаң қолданысқа берілді. 2023 жылға ауданның елді мекендеріне қосымша 13 алаңдар салуға 117 млн. теңге бөлінді.
Мәдениет саласы бойынша Жандосов, Жібек жолы және Әйтей ауылдарына 200 орындық мәдениет үйлерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2 ауылдың құжаттары мемлекеттік сараптамадан оңтайлы шықты, Әйтей ауылының құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтуде (Жандосов-31,1 млн.тг, Жібек жолы-31,1 млн.тг, Әйтей-31,1 млн.тг).
Автомобиль жолдары бойынша Қарасай ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1439 шақырым, оның: 71 шақырым республикалық жолдардың 100% жасалынған, 253 шақырым облыстық жолдардың 98% жақсы жағдайда.
Аудандық маңызы бар 1115 шақырым жолдардың 421 шақырымына немесе 38%-на жөндеу жүргізілген, 694 шақырымына немесе 62% жөндеуді қажет етеді.
2022 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге, күтіп-ұстауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 1 млрд. 325 млн. теңге бөлінді, бүгінгі күнге 19 елді мекеннің 30 көшесінің 36,6 шақырымын жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 12 елді мекеннің 16 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бөлінген қаржы 177,7 млн. теңге.
«КазАвтоЖол» ұлттық компаниясымен Жібек жолы бекетін айналып өтетін, жалпы ұзындығы 7 шақырымды құрайтын автомобиль жолы көлік өткелінің (автомобильный мост) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. (Жоба құны 18,3 млрд. теңге, Қарасай ауданының аумағымен 4,5 шақырым).
Сонымен қатар, Қарасай ауданының аумағынан 27 шақырымы өтетін Үлкен Айналмалы Алматы Автомобиль Жолының (БАКАД) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны шамамен 522 млрд.теңге. (Аудан бойынша 27 шақырымға шамамен 213,5 млрд. теңге. Барлығы 66 шақырым).
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері.
Аудит нәтижелері, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады: Қарасай ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен бюджет қаржысы есебінен жұмсалған жалпы сомасы 15 856 373,0 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылды және Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 4 578 013,9 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:
- 3 408 005,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (бюджет есебіне өндіруге жататын - 10 356,8 мың теңге және қалпына келтіруге жататын соммасы - 3 397 648,4 мың тенге);
- 95,4 мың теңге бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы;
- 168 891,7 мың тенге тиімсіз жомпарлау;
- 1 001 021,6 мың теңге тиімсіз пайдаланған;
Осымен қатар 38 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
1. «Қарасай аудандық маслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) Мекеменің төлемдерін аударымдар жөніндегі құжаттарды зерделеу барысында 2021 жылы 001 «Аудан мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасының 111 ерекшелігінде көрсетілетін төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс (101201)» салығы бойынша 181,5 мың теңге, дебиторлық берешектер болған. Алайда 2021 жылғы бухгалтерлік есепте 181,5 мың теңгеге бұрмаланған.
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығының 114, 115 және 118-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 9 тармағының талаптарына қайшы 2021 жылдың бухгалтерлік балансында жоғарыда көрсетілген артық төленген салықтар 181,5 мың теңге дебиторлық берешек ретінде көрсетілмеген.
2. «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) 2021-2022 жылдары мекеме тарапынан бюджеттік бағдарламалардың бекітілгеннен кейін күнтізбелік 3 күн ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб – сайтында орналастырылмағандығы анықталды. Осылайша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсанындағы №195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларының» 22 тармағының талабы сақталмағандығы анықталған.
2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №629 «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығының 4 тарау 49 тармағының 4 тармақшасына және Мекеменің бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есебі бойынша 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының мақсаты жүктелген міндеттер мен функцияларды сапалы және уақтылы орындау мақсатында материалдық-техникалық базаны жақсарту және жаңарту, мемлекеттік органдарды жарақтандыру үшін негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алу болып табылады. Алайда, мекеме «Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-ге 003 бағдарлама бойынша 30 дана моноблок, 10 дана принтер, 5 дана көп функциялы құрылғы (МФУ) жоспарлап, сатып алып, Алматы облысының әкімінің 2021 жылғы 28 маусым №254 қаулысына сәйкес «Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-ге өткізіп берген.
04.12.2008ж. №95-IV (кейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 4-бап 12 тармақшасы басшылыққа алынбай 2021 жылы 11 356,1 мың теңге тиімсіз жоспарланып, тиімсіз пайдаланылған.
3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №629 «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығының 4 тарау 49 тармағының 4 тармақшасына және Мекеменің бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есебі бойынша 001 «Аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының мақсаты әкім аппаратының қызметін қамтамасыз ету болып табылады. Қарасай аудандық полиция басқармасының бастығы подполковник Б. Тотыбаевтың хатына сәйкес 3 дана модульдік полиция бекетіне қаражат жоспарланып, жасатылған.
04.12.2008ж. №95-IV (кейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 4-бап 12 тармақшасы және басшылыққа алынбай 2022 жылы 18 000,6 мың теңге тиімсіз жоспарланып, тиімсіз пайдаланылған.
4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №629 «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығының 4 тарау 49 тармағының 4 тармақшасына және Мекеменің бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есебі бойынша 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының мақсаты жүктелген міндеттер мен функцияларды сапалы және уақтылы орындау мақсатында материалдық-техникалық базаны жақсарту және жаңарту, мемлекеттік органдарды жарақтандыру үшін негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алу болып табылады. Қарасай ауданының прокуроры Ғ.Сәрсеновтың 2022 жылғы 16 ақпандағы №2-0411-22-00808 хатына сәйкес 288,1 мың теңгеге биометриялық терминал сатып алынып, 2022 жылғы 28 қыркүйекте тауарларды қабылдау беру актісіне сәйкес Қарасай ауданының пробация қызметіне берілген.
04.12.2008ж. №95-IV (кейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 4-бап 12 тармақшасы және басшылыққа алынбай 2022 жылы 288,1 мың теңге тиімсіз пайдаланылған.
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» қаулысының 1 қосымшасына қайшы, жоғары білімі жоқ іс – жүргізуші З.Иксатоваға С2 блогы бойынша 149,7 мың теңгеге айлық еңбекақы артық төленген.
6) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-ІV «Мемлекеттік мүлік туралы» заңының 18-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Мекеме мен жалға алушылар ЖК «Искакова», «Алматы облыстық жергілікті агроөнеркәсіптік кешені және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қарасай филиалы мүліктік жалдау (жалға беру) келісім шарттарының 4 бөлім 12 бабының талаптары сақталмай, 2022 жылдың коммуналдық қызметтер яғни жылыту үшін ЖК «Искакова» - 114,0 мың теңге және «Алматы облыстық жергілікті агроөнеркәсіптік кешені және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қарасай филиалы – 122,7 мың теңге төленбеген.
7) 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 43-бабының 12-тармағына сәйкес тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өнім беруші өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтаруы тиіс. Алайда, мекеме мерзімдер өткеннен кейін өнім берушілерге шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді қайтару жөнінде шаралар қабылдаған жоқ, 2021 жылдың 31 желтоқсанына және 2022 жылдың 31 желтоқсанына шығыс қалдық 2 324,5 мың теңге.
3. «Қарасай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемелекеттік мекемесі бойынша:
1) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 43 бабының 22 тармағында мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс деп көрсетілген. Алайда, Мекемемен «Өнім беруші» «Alatau Expert» (Алатау Эксперт) ЖШС арасында жасалған 2021 жылғы 26 сәуірдегі №11 келісім шартта қызметтерді көрсету мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болғаны анықталды.
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу» туралы Қағидаларының 3-тармақ, 1,2 тармақшаларының талаптары бұзылып келесідей бұзушылықтар анықталды.
«Қарасай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №28 бұйрығы негізінде мекеменің бас маманы А.Садирисламов «Жобалық менеджмент: СТ РК ISO 21500-2014 сертификаттауына дайындық» тақырыбында өтетін біліктілікті арттыру семинарына қатысу үшін 16-20 мамыр күндері Талдықорған қаласына жіберілген. 2022 жылдың мамыр айында 6,1 мың теңге тәуліктік шығыстары, 18,4 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары барлығы 24,5 мың теңге артық есептеліп төленген;
«Қарасай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №29 бұйрығы негізінде мекеменің бас маманы А.Садирисламов «Жер заңнамасы: бекітілген және әзірленген құқықтық актілерді қолдану әдістері» тақырыбында өтетін біліктілікті арттыру семинарына қатысу үшін 23-27 мамыр күндері Талдықорған қаласына жіберілген. 2022 жылдың мамыр айында 6,1 мың теңге тәуліктік шығыстары, 18,4 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары барлығы 24,5 мың теңге артық есептеліп төленген;
«Қарасай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі №47 бұйрығы негізінде мекеменің бас маманы А.Бижанова «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тақырыбында өтетін біліктілікті арттыру семинарына қатысу үшін 26-30 қыркүйек күндері Талдықорған қаласына жіберілген. 2022 жылдың кыркүйек айында 6,1 мың теңге тәуліктік шығыстары, 18,4 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары барлығы 24,5 мың теңге артық есептеліп төленген. Аудит барысында негізсіз төленген 73,5 мың теңге тиісті бюджет есебіне өтелді.
4. «Қарасай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 тарау 4 тармақшасы қаржы жағдайы, қаржы жағдайындағы өзгерістер мен қызмет нәтижелері туралы толық және анық ақпарат беру бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты болып табылатыны ескерілмей қағиданың 15 тарауы кірістерді есепке алу тәртібі 382, 386 және 390 тармақшалары сақталынбаған. Яғни, қаржылық есептілікті жасау және ұсыну нысандары мен қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468» бұйрығының 12 тармағында мемлекеттік мекемелердің қосылуы мен біріктірілуі кезінде жаңа бағыныстағы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне мемлекеттік мекеме осы қағидаларға көзделген нысандардың толық көлемінде жыл басынан бастап қаржылық есептілік тапсыру актісін қоса бере отырып, қайта ұйымдастыру күніне дейін ұсынылады (негізгі құралдарды қабылдап алу-беру акті, қорлар және тағы басқалары).
Мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру кезінде Бухгалтерлік баланстың (ҚЕ6-нысан) 4-бағанының шоттары бойынша сальдо, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің қалдықтары жаңа мемлекеттік мекеменің есеп тіркелімдеріне ауыстырылады.
«Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемелері 2021 жылы қызмет атқарған уақытына жылдық есептерін бөлек табыстаған. Біріктірілген мекемелерге мирасқор болып «Қарасай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің БСН 101240000951 белгіленген.
Жаңадан құрылған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілікте өткен кезеңнің деректері толтырылмайды делінген. "Қарасай ауданының ішкі саясат,мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2021 жылдың 28 желтоқсанында қайта құрылғандықтан 2022 жылға қаржылық есептілікті жасау және ұсыну нысандары мен қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468» бұйрығы негізінде табыстаған (ҚЕ-2) формасының 100 жолындағы өткен кезеңнің кірістері жалпы соммасы 653979,7 мың теңге болып белгіленген. «Қарасай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (ҚЕ-2) формасының кірістер бөлігінде 100 жолы бойынша жалпы соммасы 68436,2 мың теңге болған. Яғни 653979,7-68436,2=585543,5 мың теңге негізсіз белгіленіп бұрмаланған.Аудит барысында жіберілген кемшіліктер қалпына келтірілді.
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 тарау 4 тармақшасы қаржы жағдайы, қаржы жағдайындағы өзгерістер мен қызмет нәтижелері туралы толық және анық ақпарат беру бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты болып табылатыны ескерілмей қағиданың 16 тарауы шығыстарды есепке алу тәртібі 411 және 412 тармақшалары сақталынбаған. Яғни, қаржылық есептілікті жасау және ұсыну нысандары мен қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468» бұйрығының 12 тармағында мемлекеттік мекемелердің қосылуы мен біріктірілуі кезінде жаңа бағыныстағы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне мемлекеттік мекеме осы қағидаларға көзделген нысандардың толық көлемінде жыл басынан бастап қаржылық есептілік тапсыру актісін қоса бере отырып, қайта ұйымдастыру күніне дейін ұсынылады (негізгі құралдарды қабылдап алу-беру акті, қорлар және тағы басқалары).
Мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру кезінде Бухгалтерлік баланстың (ҚЕ6-нысан) 4-бағанының шоттары бойынша сальдо, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің қалдықтары жаңа мемлекеттік мекеменің есеп тіркелімдеріне ауыстырылады.
«Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемелері 2021 жылы қызмет атқарған уақытына жылдық есептерін бөлек табыстаған. Біріктірілген мекемелерге мирасқор болып «Қарасай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің БСН 101240000951 белгіленген.
Жаңадан құрылған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілікте өткен кезеңнің деректері толтырылмайды делінген. "Қарасай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2021 жылдың 28 желтоқсанында қайта құрылғандықтан 2022 жылға қаржылық есептілікті жасау және ұсыну нысандары мен қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468» бұйрығы негізінде табыстаған (ҚЕ-2) формасының 200 жолындағы өткен кезеңнің шығыстары жалпы соммасы 438570,1 мың теңге болып белгіленген. «Қарасай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (ҚЕ-2) формасының шығыстар бөлігінде 200 жолы бойынша жалпы соммасы 69005,0 мың теңге болған. Яғни 438570,1-69005,0=369565,1 мың теңге негізсіз белгіленіп бұрмаланған. Аудит барысында жіберілген кемшіліктер қалпына келтірілді.
3) Мекемеге қарасты "Қарасай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық-қазналық кәсіпорны, "Қарасай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарасай ауданы әкімінің фольклорлы-этнографиялық ансамбілі" мемлекеттік коммуналдық-қазналық кәсіпорны, Қарасай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарасай аудандық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Қарасай ауданының ішкі саясат,мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарасай ауданының спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері бар. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640» бұйрығы, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларының талаптары сақталмай жалпы соммасы 1092549,8 мың теңге оның ішінде кіріс бөлігі 100 жолы 653979,7 мың теңге және шығыстар бөлігінде 438570,1 мың теңге жылдық есебі табысталмаған. Аудит барысында жіберілген кемшіліктер қалпына келтірілді.
5. «Қарасай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 43 бап 22 тармақтарының талаптары сақталмай мемлекеттік сатып алу туралы заңының келісім шарт жасасу талабы сақталмай келісім шарт он бес күнтізбелік күннен кем белгіленгені анықталды.
6. «Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 1, 2 - бабтары және 43-бабының 2-тармағын бұза отырып, Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі мен "Нұржанова К." ЖК арасында 497,0 мың теңге сомаға шарт жасасқан жоқ, яғни кеңсе тауарлары Мемлекеттік сатып алудың тиісті рәсімдерін өткізбей, Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып сатып алынды.
2) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 1, 2 - бабтары және 43-бабының 2-тармағын бұза отырып, Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі мен "Нұржанова К." ЖК арасында Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың тиісті рәсімдерін өткізбестен 14.09.2021 ж. №48 қағаз жүзінде шарт жасалып кеңсе тауарларын сатып алуға 146,0 мың теңге сомасында негізсіз шарт жасасқан жоқ.
3) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 2-бабының 2-тармағын және 43-бабының 1-тармағын бұза отырып, Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі мен "Өлке тынысы" ЖШС-мен-16,0 мың теңге сомасына шарт жасасқан жоқ, және "Ерімбаев Жанат Қуанышұлы" ЖК-113,0 мың теңге сомасына, яғни қызметтер сатып алынды Мемлекеттік сатып алудың тиісті рәсімдерін өткізбестен, Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны анықталды, жалпы сомасы – 129,0 мың теңге.
4) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 2-бабының 2-тармағы және 43-бабының 2-тармағын бұза отырып, Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі мен "QazProjectKZ" ЖШС арасында 03.02.2020 ж. №1 1000,0 мың теңге сомасына және 03.02.2020 ж. №2 арасында жалпы жер учаскесінің жерге орналастыру жобасын дайындау жөніндегі қызметті сатып алуға 766,0 мың теңге сомасына негізсіз шарт жасасты сомасы 1766,0 мың теңге, яғни мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың тиісті рәсімдерін өткізбегендігі анықталды.
5) №908 «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидалары» Ереженің 2-тарауының 6-тармағын бұза отырып, жер қатынастары бөлімі 2021 жылдың қазан айында бөлім басшысы А. Болубаевқа толық жұмыс істеген айына (21 жұмыс күні) 299407 теңге сомасында жалақы есептеп, төледі, алайда, 2021 жылғы 18 қазанда Қарасай ауданы әкімінің 18.10.2021 ж. №280 ө өкіміне сәйкес А. Болубаев уақытша шеттетілді атқаратын қызметінен Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлық қызметі департаментінің 2021.10.15 №5-141-2/17 хаты негізінде, онда артық төлем сомасы (10 жұмыс күні үшін) -142574,62 теңгені (142,6 мың теңге) құрайды және аудит барысында жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.
7. «Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 ж. № 1127 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгiлеу қағидаларын бұза отырып, ескерту түріндегі тәртіптік жазасы бар бас маманға Тлекеева Ф.А. жалпы сомасы 64,0 теңге сыйлықақыны негізсіз төлеген. Аудит барысында негізсіз төленген 64,0 мың теңге тиісті бюджет есебіне өтелді.
2) Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабының 22-тармағында мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалған мерзімнен кем болмауы, бірақ күнтізбелік он бес күннен кем болмауы белгіленді. Алайда, Мекеме мен «Мадина» ЖК арасында жасалған 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 55 шартта тауарларды жеткізу мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем екендігі белгіленген.
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2020 жылғы № 256 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережесі бұзылу нәтижесінде, мекеме бөлімі басшысының орынбасарына жалпы сомасы 24 504 теңге болатын іссапар шығындары негізсіз төленді, оның ішінде: тәуліктік - 6 126 теңге және тұрғын үй-жайды жалдау бойынша - 18 378 теңге. Аудит барысында негізсіз төленген 24,5 мың теңге тиісті бюджет есебіне өтелді.
4) Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабының 22-тармағында мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалған мерзімнен кем болмауы, бірақ күнтізбелік он бес күннен кем болмауы белгіленді. Алайда Мекеме мен «Компания Копиленд» ЖШС арасында жасалған 13.10.2021 жылғы № 44 шартта тауарларды жеткізу мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем екендігі белгіленген.
8. «Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) Аудиторлық жүргізу барысында қаржылық есептілігінің жасалуы мен тапсырылуының анықтылығы заңдылықтарын сақтауда мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілікке жауапты тұлғасы бас маман-есепші А.Н.Жантурова 2021 жылдың қаңтар айында сауықтыру жәрдем ақысы 40614 тенге және еңбек демалысы 52274 тенге бұйрықсыз аударылған. Азаматтық қызметкерлердің айлық еңбекақыларын есептеу және төлеуде Қазақстан Республикасының 23.11.2015 жылғы №414-V «Еңбек кодексінің 87 бап 6 тармақ және 139 бап, 10 тармақа қайшы келеді.
Аудит барысында 29.03.2023 жылдың № 0001 және № 0002 түбіртектерімен артық төленген 92 888 тенге жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 236-тармағы талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылы бекітілген № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» бұйрығының 16 тармағы талаптары № (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбаған. Яғни 2021 жылы қараша айында алынған – 298,0 мың теңгеге өнім бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде 2370 шотына қойылмаған.
Тапсырыс беруші» 298,0 мың теңгенің өнімін төлем шотымен төлеп қабылдап алған бірақ бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде алмаған.
9. «Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй испекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) «Энергохолдинг LTD» ЖШС-мен 193 094 100,9 мың теңгеге 05.05.2021 жылы жасалған №19 негізгі келісім шартқа қосымша (шарт сомасы өзгермеген) 27.08.2021 жылы жасалған №1 шарт талабымен өзіне қабылдаған міндеттерін 14 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындаған тұрақсыздық айыппұл сомасы 172 394,2 теңге бюджет есебіне өндірілмеген.
2) «Энергохолдинг LTD» ЖШС-мен 118 873 993,4 мың теңгеге 05.05.2021 жылы жасалған №18 негізгі келісім шартқа қосымша (шарт сомасы өзгермеген) 26.08.2021 жылы жасалған №1 шарт талабымен өзіне қабылдаған міндеттерін 52 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындаған. тұрақсыздық айыппұл сомасы 311 395,4 теңге бюджет есебіне өндірілмеген.
3) «Энергохолдинг LTD» ЖШС-мен 116 487 623,95 мың теңгеге 24.05.2021 жылы жасалған №31 негізгі келісім шартқа қосымша (шарт сомасы өзгермеген) 27.08.2021 жылы жасалған №1 шарт талабымен өзіне қабылдаған міндеттерін 46 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындаған. тұрақсыздық айыппұл сомасы 386 287,8 теңге бюджет есебіне өндірілмеген.
4) «Жаңа объектілерді салу және қолдағы объектілерді реконструкциялау» 009-034-431 бағдарламасымен Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы Төле би көшесі №1/1 мекен жайдағы көп қабатты тұрғын үйлерге арналған блоктық-модульдік қазандық салу жұмысын жасауға «АЗИЯЭНЕРГОПРОЕКТМОНТАЖ» ЖШС-мен 07.09.2020 жылы №73 келісім шартына қосымша жасалған 07.07.2021 жылы №3 шартымен енгізілген өзгерістермен 21.10.2022 жылғы нысанды қолданысқа алу туралы Актімен құны 403823,4 мың теңгелік блоктық-модульдік қазандық комиссия мүшелерімен қолданысқа қабылданған.
ҚР-ның 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабының 1-тармағының, 12-4 тармақшасы және 4-бабының 12 тармағы бұзылып, бөлім тарапынан осы бюджеттік бағдарламаны әзірлеу және жоспарлау кезінде нәтижеліліктің, негізділіктің және тиімділіктің бюджеттік жүйесінің қағидаттары сақталмаған, нәтижесінде баланстық құны 403823,4 мың теңгені құрайтын блоктық-модульдік қазандық бүгінгі күнге дейін тиімсіз іске қосылмай тұр.
5) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №268-ХІІІ «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» Занының 118 бабының 1 тармағы басшылыққа алынбай баланстық құны 424655,42 мың теңге болатын көп қабатты тұрғын үйлерге арналған блоктық-модульдік қазандық осы уақытқа дейін бухгалтерлік баланста көрініс таппаған.
6) ҚР-ның 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабының 1-тармағының, 12-4 тармақшасы және 4-бабының 12 тармағы бұзылып, бөлім тарапынан осы бюджеттік бағдарламаны әзірлеу және жоспарлау кезінде нәтижеліліктің, негізділіктің және тиімділіктің бюджеттік жүйесінің қағидаттары сақталмаған: Наурызбай батыр көшесі №29/1, Қарасай батыр көшесі №4/1, Қарасай батыр көшесі №62/1 мекен-жайы бойынша жалпы сомасы 39 088 524 теңгеге жасалынған жобалық сметалық құжаттамаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жасауға 4 671261,1 теңге төленген, бірақ әлі күнге сараптаманың оң қорытындысы шықпаған, шарт бұзылып тоқтатылған. Жасалған жобалық сметалық құжаттамалар мен кешенді сараптама жасауға тиімсіз шығындалған бюджет қаражат сомасы 43 759785,1 теңге.
7) 2022 жылы «Сенім білдірілген агенттің тұрғын үй сертификаттарын беру бағдарламасының 097-028-159 ерекшелігі бойынша бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау қызметтері үшін «Grant Finans» ЖШС-мен 13.05.2022 жылы жасалған №34 келісім шарт сомасы 848214,00 теңге, игерілген сома 848 214,00 теңге. 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша игерілген 1 000 000,00 теңгенің сенім білдірілген агенттікке төленуге тиісті 2,5% сыйақы сомасы 22321,43 теңгені құрайды. Аудит барысында артық төленген 825 892,57 теңге 30.03.2023 жылы №463 төлем шотымен (206109 коды) бюджетке қайтарылды.
8) ҚР қөлік және коммуникация министрінің 24.01.2014 жылғы №56 «Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» бұйрығының 3 тармағының 4 тармақшасы бойынша автомобиль жолын жөндеудің маршруттық тәсілі-бұл көлік қозғалысы үшін қауіпті ақауларды жою және жергілікті учаскелердегі жол жамылғысының тегістігін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, маршрут бойынша орындалатын жөндеу жұмыстарының кешені болып саналады, бірақта Бекболат ауылы Таусамалы көшесін маршруттық тәсілмен ұстау жұмыстары жүргізілмей, Таусамалы көшесіне толықтай қүрделі жұмыстар жүргізілген. (Мекеме басшысының түсініктемесі, келісім-шарт көшірмесі, жұмыстардың атқарылу актілері көшірмесі аудиторлық есепке 16 бетте тіркеледі №5 қосымша).
9) 2021 жылдың 13 тамызда "МЕХАНИЗАЦИЯ СТРОИТЕЛЬСТВА" ЖШС- мен Алматы облысы, Қарасай ауданы Жалпақсай ауылы, Абай көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына №45 келісім шартына 22.09.2021 жылы № 1қосымша келісім 17 527,5 мың теңгеге жасалынып игерілген, Мердігерге 26 күнге кешіктіріліп орындалғанға есептелінетін тұрақсыздық айыбы 23,2 мың теңгені құрайды (892200 теңге *0,1%* 26 күн)
10) 2021 жылдың 12 тамызда "МЕХАНИЗАЦИЯ СТРОИТЕЛЬСТВА" ЖШС - мен Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көлді ауылының аудандық маңызы бар жолдан оңға қарайғы көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына №43 келісім шартымен Мердігерге 18 күнге кешіктіріліп орындалғанға есептелінетін тұрақсыздық айыбы 14,6 мың теңгені құрайды (892200 теңге *0,1%* 18 күн)
11) 2021 жылдың 13 тамызда "МЕХАНИЗАЦИЯ СТРОИТЕЛЬСТВА" ЖШС – мен Алматы облысы, Қарасай ауданы Қырғауылды ауылы, Жетысай көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына №44 келісім шартымен 18 күнге тұрақсыздық айыбы 14,5 мың теңгені құрайды (803600 теңге *0,1%* 18 күн)
12) 2021 жылдың 13 тамызда " МЕХАНИЗАЦИЯ СТРОИТЕЛЬСТВА" ЖШС – мен Карасай ауданы Улан ауылы Агибаев көшесіне орташа жөндеуге №46 келісім шартына 21.09.2021 жылы №1 қосымша келісім 35 934,6 мың теңгеге жасалынып игерілген, Мердігерге 17 күнге кешіктіріліп орындалғанға есептелінетін тұрақсыздық айыбы 367,0 мың теңгені құрайды (21587458,2 теңге *0,1%* 17 күн)
13) 2021 жылдың 05 тамызда "Механизация Строительства" ЖШС – мен Қарасай ауданы Шалкар ауылы С.Сейфулин көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына №41 келісім 8.3 тармағымен Мердігерге 18 күнге кешіктіріліп орындалғанға есептелінетін тұрақсыздық айыбы 180,4 мың теңгені құрайды.
14) «ДРСУ-8» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V«Мемлекеттік сатып алу туралы»Заңының 39-бап 3-тармақ 32-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 29.09.2021 жылы № 55 келісім-шарт Абай ауылында тік ұшақ алаңына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге 22 157,2 мың теңгеге тікелей шарт тұжырымы бір дерекөзден жасасуы негізсіз болып табылады (Мекеме басшысының түсініктемесі, келісім-шарт көшірмесі, жұмыстардың атқарылу актілері аудиторлық есепке 16 бетте тіркеледі №5 қосымша).
Алайда, мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 41-бабы 1-тармағына сәйкес, осы Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен сатып алу мүмкін болмаған айрықша жағдайларда жүзеге асырылады.
15) 2020 жылдың 26 тамызда "KazCentexGroup" ЖШС – мен Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылы Алдашев көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына №53 келісім шарты 23 985,3 мың теңгеге жасалынып игерілген, аяқталу мерзімі 01.10.2021 жылы, орындалған жұмыстар Актісі 25.10.2021 жылғы.
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының(әрі қарай - Заң) 43 немесе тұрақсыздық айыбы 551,7 мың теңгені құрайды (23 985 292,8 теңге.
10. «Қарасай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2016 жылғы №1181 қаулысымен бекітілген, тізбесіне сәйкес нормаларды бұза отырып, Ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, № 54369756-ЗЦП1 «Скоросшиватель», № 54367233-ЗЦП1 «Регистр» и № 54367243-ЗЦП1 «Регистр» лоттары бойынша, жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды.
2) Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2016 жылғы №1181 қаулысымен бекітілген, тізбесіне сәйкес нормаларды бұза отырып, Ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, 2021 жылдың 22 ақпандағы № 050240005889/210005/00 келісім шарт полиграфиялық көрсетілетін қызметтер бойынша, жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды.
3) Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2016 жылғы №1181 қаулысымен бекітілген, тізбесіне сәйкес нормаларды бұза отырып, Ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, № 43396912-ЗЦП1 «Линейка» лоты бойынша, жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды.
4) Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2016 жылғы №1181 қаулысымен бекітілген, тізбесіне сәйкес нормаларды бұза отырып, Ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, № 42653718-ЗЦП1 «Папка» лоты бойынша, жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды.
5) Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2016 жылғы №1181 қаулысымен бекітілген, тізбесіне сәйкес нормаларды бұза отырып, Ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, № 43397148-ЗЦП1 «Скоросшиватель» лоты бойынша, жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды.
6) Мекеме ұсынған мәліметтерді талдау барысында 2016 жылдан бастап 2330 «Құрылыстар» шотына есепке қабылданған 4 негізгі құрал анықталды. Бастапқы құны 176 648,5 мың теңгені құрайтын Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелен қаласы Қарлығаш шағын ауданындағы екі 50-пәтерлі несиелік тұрғын-үйлер, сонымен қатар екі жалгерлік тұрғын-үйлер үшін инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысы (сумен жабдықтау); Бастапқы құны 328 448,9 мың теңгені құрайтын Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелен қаласы Қарлығаш шағын ауданындағы екі 50-пәтерлі несиелік тұрғын-үйлер, сонымен қатар екі жалгерлік тұрғын-үйлер үшін инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысы және аббатандырылуы; бастапқы құны 618 585,0 мың теңгені құрайтын Алматы облысы Қарасай ауданының Исаев ауылындағы жеке тұрғын-үй құрылысына арналған инженерлік-коммуникациялық желілерді салу; 2018 жылдан бастап 2321 «Тұрғын емес ғимараттар» шотында Алматы облысы Қарасай ауданының Көлащы ауылында 600 орынға арналған орта мектептің құрылысы бойынша есепте танылған сәттен бастап амортизацияны есептеу жүргізілмегені анықталды.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған негізгі құралдар пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне өткізіліп берілмесе де, пайдаланушы ұйымдармен толық көлемде пайдалануда.
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 258-1, 259 тармақтарының талаптары сақталмай, Мекемемен амортизациялық аударымдарды есептеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданбаған, бұл өз кезегінде бұрмаланған қаржылық есептілікті жасауға алып келді.
Аудит барысында негізгі құралдарға жалпы сомасы 887 693,1 мың теңгеге тозу есептелді.
8) Инженерлік желілер мен коммуникацияларды төсеуді жүзеге асыратын «Монолит» ЖШС мердігерлік ұйымының шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауына байланысты, тапсырылған және пайдалануға берілген «Өмір Ұзақ» тұрғын-үй кешеннің кредиттік 50 үйге және 30 жалға берілген (арендный) үйге қоныстану мүмкіндігі жоқ.
Бірқатар салынған үйлердің қоныстанбауына (пайдаланылмауына) байланысты мұздату және ылғалдандыру орын алса, бұл өз кезегінде ғимараттардың бұзылуына және физикалық тозуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4 бабы 6 тармағының талаптары орындалмау салдарынан, нәтижелілік қағидаттары сақталмаған, атап айтқанда 004 «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік бағдарламаларында көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуді іске асыруға бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару бойынша түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмей, 376 584,4 мың теңге самасында бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына алып келді.
9) Қарасай ауданы әкімінің 01.02.2021 жылғы №13-ө н/қ өкімінің 2-қосымшасына сәйкес Қарасай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі үшін техникалық персонал санының лимиті туралы 1 бірлік болып бекітілген.
Алайда, Қарасай ауданы әкімінің 01.02.2021 жылғы №13-ө н/қ өкіміне 2-қосымшасы талаптарының сақталмауынан, 2021 жылғы 1 қаңтар мен желтоқсан аралығындағы кезеңде Қарасай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің есептеу ведомосына сәйкес штаттан тыс жұмыскерлердің нақты саны жалақы төленетін 9 бірлікті құрады және оларға жалпы сомасы 5 300,0 мың теңге мөлшерінде еңбекақы есептелініп төленгені анықталды.
10) 2021 жылдың 31 наурызында Тапсырыс беруші мен «МОНОЛИТ» ЖШС 348 894,4 мың теңгеге № 7 келісім-шарты жасалған, алайда «жұмыстарды қабылдап алу» акітісіне сәйкес, міндеттемелер 28 күнге кешіктіріліп орындалған.
Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 43 бабының 24 тармағына және келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес Мердігерге есептелінетін тұрақсыздық айыбы 3 950,0 мың теңгені өндірілмеген.
Аудит барысында көрсетілген айыппұлының сомасы 28.03.2023 жылғы №17 төлем тапсырмасына сәйкес толығымен бюджет есебіне өтелді.
11) 2021 жылдың 31 наурызында Тапсырыс беруші мен «МОНОЛИТ» ЖШС 343 674,5 мың теңгеге № 8 келісім-шарты жасалған, алайда «жұмыстарды қабылдап алу» акітісіне сәйкес, міндеттемелер 101 күнге кешіктіріліп орындалған.
Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 43 бабының 24 тармағына және келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес Мердігерге есептелінетін тұрақсыздық айыбы 1 218,8 мың теңгені өндірілмеген.
Аудит барысында көрсетілген айыппұлының сомасы 28.03.2023 жылғы №16 төлем тапсырмасына сәйкес толығымен бюджет есебіне өтелді.
12) 2020 жылдың 10 қарашасында Тапсырыс беруші мен «Жан-Мирас» ЖШС 13 160,2 мың теңгеге № 74 келісім-шарты жасалған, алайда «жұмыстарды қабылдап алу» акітісіне сәйкес, міндеттемелер 101 күнге кешіктіріліп орындалған.
Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 43 бабының 24 тармағына және келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес Мердігерге есептелінетін тұрақсыздық айыбы 230,9 мың теңгені өндірілмеген.
Аудит барысында көрсетілген айыппұлының сомасы 06.04.2023 жылғы №36 төлем тапсырмасына сәйкес толығымен бюджет есебіне өтелді.
13) Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарт бойынша аталған жұмыстарды орындаушы «Жан-Мирас» ЖШС Мердігерге қатысты Заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасымен белгіленген шаралар қолданбаған немесе өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
11. «Қарасай ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексінің» 1 баптың 1 тармақтың 13) тармақшасының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу Қағидаларының 187 тармағының талаптары сақталмай, жетекші маман И.Кувановаға 8818 теңге мөлшерінде артық еңбекақы есептелініп, төленгені анықталып, аудит барысында анықталған заңбұзушылықтар сомасы толығымен жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.
2) Тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасындағы өзара есеп айырысу актілеріне сәйкес, 2022 жылдың 01 қаңтарына «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы бойынша 361 101,36 теңге дебиторлық қарыздардың қалыптасқаны анықталған.
Алайда, Мекеменің 2021 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген қаржылық есептілікті текесру барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 114,115 - тармақтарының талаптарына қайшы, бухгалтерлік баланстың 014 жолында есепті жылдың басына және есепті кезеңнің соңында жабдықтаушылар және мердігерлер алдындағы барлығы 361 101,36 теңге көлемінде қысқа мерзімді дебиторлық берешектер көрсетілмегендігі анықталды, тиісінше бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.
12. «Қарасай ауданының Ұмтыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) 2021-2022 жылдары мекеме тарапынан бюджеттік бағдарламалардың бекітілгеннен кейін күнтізбелік 3 күн ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб – сайтында орналастырылмағандығы анықталды. Осылайша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсанындағы №195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларының» 22 тармағының сақталмағандығы анықталған.
Іссапар шығындары туралы есептер мен іссапар туралы өкімдер бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының 2 тарау 6-тармағына сәйкес қызметкерлер іссапардан оралғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, іссапар туралы есеп береді.
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының 2 тарау 6-тармағының талабы басшылыққа алынбай 2022 жылдың ішінде іссапар туралы есептер бес жұмыс күнiнде тапсырылмағандығы анықталды.
13. «Қарасай ауданының Жібек-Жолы ауылының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) Аудит барысында мекеменің төлемдерін аударымдар жөніндегі құжаттарды зерделеу барысында 2021 жылы 001 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасының 111 ерекшелігінде көрсетілетін төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс (101201)» салығы бойынша 121,1 мың теңге, дебиторлық берешектер болған, 121 ерекшелігінде еңбек ақы қорынан ұсталатын (103101)» салығы бойынша 69,6 мың теңге, дебиторлық берешектер болған. Алайда 2021 жылғы бухгалтерлік есепте жалпы 190,7 мың теңгеге бұрмаланған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығының 114, 115 және 118-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 9 тармағының талаптарына қайшы 2021 жылдың бухгалтерлік балансында жоғарыда көрсетілген артық төленген салықтар 190,7 мың теңге дебиторлық берешек ретінде көрсетілмеген. 2) Мемлекеттік қызметкерлер және азаматтық қызметкерлердін еңбекақыларын, лауазымдық жалақыларды, тарифтік ставкаларды, еңбекақыға үстеме және қосымша ақыларды белгілеудің дұрыстығына аудит жүргізу барысында Еңбек ақы қорынан төленетін, әлеуметтік салығы бойынша 2022 жыл 3- тоқсанының тамыз айында 95,4 мың тенге, салық декларациясында кем тапсырылғаны және бюджетке төленбегені анықталды. Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 487-489- баптарына қайшы келеді.
14. «Қарасай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) Қарасай ауданы әкімі Ж.Далабаевтың 2021 жылдың 13 желтоқсандағы №350-ө өкімінің негізінде Қарасай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімі қызметкелерге 2 айлық жалақы мөлшерінде сыйақы белгілеуі тиіс болған, дегенімен Қарасай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 15 желтоқсан 2021 жылы техникалық қызметкерлерге сыйақы беру туралы 153-ө өкімінде жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы Кукебаева Әсел Үмбетқұлқызына 2 айлық жалақы мөлшерінен 10372,0 теңгеге, еден жуушы Хушидова Нигярь Едигаровнаға 22 154,0 теңгеге артық сыйақы төленген.
Әкім орынбасары Рахметулов Дастан Рахметұлы 2021 жылдың 14 мамырында Қарасай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 07-ө ж/қ өкіміне сәйкес жұмыстан босатылған. Жұмыстан босатылуына сәйкес жұмыстан шығу бойынша төлемақы 3 күнге артық есептеліп, 22 101,0 теңге артық төлем жасалынған,
Алайда, аудит барысында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.08.2001ж. № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы» Ережесінің 3-тармағы 3) тармақшасына қайшы. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шара бойынша негізсіз есептелініп төленген жалпы соммасы 54627,0 теңге жергілікті бюджет есебіне толық өңдірілді.
15. «Қарасай ауданының Бірінші май ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу» туралы Қағидаларының 2 тармағына сәйкес, іссапар жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу болып табылады.
Аталған заңнама талаптарына қайшы, Мекеме қызметкері А.Калымоваға тиісті өкім шығарылмай, 2021 жылдың шілде айында 23,3 мың теңге көлемінде негізсіз іс-сапар шығындары өтелген.
Аудит барысында негізсіз төленген қаражат тиісті бюджет есебіне өтелді.
2) Мекеме мен «Раяна» ЖК арасында 2022 жылдың 23 желтоқсанында Қоқыс салатын урна орнатуға сомасы 217,3 мың теңгені құрайтын №41 келісім шарты жасалған. Келісім шарттын 8.1 тармағына сәйкес шарттың қолдану мерзімі 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңның 43 бабының 22 тармағында мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс деп көрсетілген. Алайда, мекеме аталған келісім шарт бойынша тауарларды жеткізу мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болғаны анықталды.
3) Мекеме мен «SENIMDI Orta мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі арасында 2021 жылдың 20 сәуірінде Бірінші май ауылдық округі аумағын көгалдандыру бойынша жұмыстарына сомасы 740,0 мың теңгені құрайтын №17 келісім шарты жасалған. Шарт бойынша тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзім сәуір айы болып белгіленген.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңның 43 бабының 22 тармағында мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс деп көрсетілген. Алайда, мекеме аталған келісім шарт бойынша тауарларды жеткізу мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болғаны анықталды.
4) Мекеме мен «Мерейко» ЖШС арасында 2021 жылдың 19 мамырында моноблок, ноутбук сатып алуға сомасы 480,0 мың теңгені құрайтын №20 келісім шарты жасалған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатының 2-параграф, 546 тармағы басшылыққа алынбай, «Қарасай ауданының Бірінші май ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі веб-порталында өнім берушінің тауарды қабылдап алу-беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету актісін ресімдеуі туралы хабарламаны алған күннен 10 күнтізбелік күнге кешіктіріп оған электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қоюға жол берген. Себебі, «Мерейко» ЖШС-гі 2021 жылғы 28 мамырда электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін веб-портал арқылы тапсырыс берушіге жіберген. Өз кезегінде «Қарасай ауданының Бірінші май ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі оған 2021 жылғы 10 маусымда ғана электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойған.
16. «Қарасай ауданының Қаскелең қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) Мекемеде жалпы соммасы 139535,0 мың теңге бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқарылуы жүзеге асырылмаған. Яғни 2021 жылы 78588,0 мың теңге және 2022 жылы 60947,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған және бюджет қаражаты тиімді пайдаланылмаған.
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Ережесінің 6 тарауы дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алу тәртібінің 116,117,118 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» ережесінің 6 тарауының 26 тармақшасы "Қысқа мерзімді кредиторлық берешек" жалпы сомма 6 271,0 мың теңге кередиторлық берешек соммасы бұрмаланған.
17. «Қарасай ауданының Іргелі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
Мекеме және ЖК «Темірхан» құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы №39 шартын 08 қараша 2021 жылы 001-015-159 жалпы сомасы 500 000 теңге «Стендтерді/тақтайшаларды / жазуларды дайындау бойынша жұмыстар Ақпараттық/ескертпе/эвакуциялық және басқа да мақсаттардағы қабырғаларды/тақтайшаларды/жазбаларды дайындау жұмыстары» бойынша стенд әзірленіп сатылып алынған. Келісім шарттың 1 қосымшасына сәйкес стенд тауарларды 2021 жылдың 09 қарашасында актімен қабылданып алынған. Мекеме 500,0 мың теңгенің өнімін төлем шотымен төлеп қабылдап алған бірақ бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде алмаған.
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 236-тармағы талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылы бекітілген № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» бұйрығының 16 тармағы талаптары№ (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) басшылыққа алынбаған. Яғни 2021 жылы желтоқсан айында алынған – 500,0 мың теңгеге өнім бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде 2370 шотына қойылмаған (2370 - "Аспаптар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалы") – басқа да өндірістік және шаруашылық мүкәммал – рамадағы картиналар, қола мүсіндер (бюсттер), мраморлы вазалар, шамдар (люстралар, бра), мемлекеттік рәміздер, тифлоқұралдар мен сурдоқұралдар, көрнекі насихаттау стендтері;
2) 2021 жылдың 18 қыркүйегінде Мекеме және ЖК «Кенженова» арасында Алматы обласы Қарасай ауданының Іргелі ауылдық округінің Коксай ауылында Воркаут спорт алаңы бар шағын скверді (аллеяны) орнату және абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізу үшін 10080,0 мың теңгеге 210030/00 келісім-шарты түзілген. Міндеттемелердің орындалу мерзімі 1 қосымша бойынша 60 күнтізбелік күн ішінде деп белгіленген.
Алайда, ЖК «Кенженова» ұсынылған «Жұмыстардың атқарылуы туралы» 2021 жылдың 20 желтоқсанындағы № 66,67 актісіне сәйкес аталған жұмыстар белгіленген мерзімнен 32 күнге кешіктіріп орындалған.
Аудит барысында мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының (әрі қарай - Заң) 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған.
Өз кезегінде, мердігер ЖК «Кенженова» есептелінетін тұрақсыздық айыбы (10080000 теңге *0,1%*32 күн) 322560 теңгені құрап отыр және КБК 206109 жергілікті бюджетке өндіруге жатады.
3) Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарт бойынша аталған тауар жеткізушіге қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасымен белгіленген шаралар қолданбаған немесе өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
18. «Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) № 256 Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегінде іссапарлары туралы ереженің Қағидалардың 2-тарауының 6-тармағын бұза отырып, И.Б. Ибатжан нақты шығыстар туралы аванстық есеп ұсынылмаған, онда негізсіз өтелген шығыстардың сомасы (аванстық есепті ұсынбай) - 52,5 мың теңгені құрады. Аудит барысында негізсіз төленген 52,5 мың теңге тиісті бюджет есебіне өтелді.
19) «Қарасай ауданының Жандосов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
Мекеме «Бақыт» ЖК-мен 2021 жылғы 10 наурыздағы No14 А4 форматындағы қағазды сатып алуға 189 720 мың теңгеге шарт жасасқан.
1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңының 43-бабының 22-тармағында тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік сатып алу туралы шарт тауарды жеткізуге, оның ішінде оны өндіруге (дайындауға), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалған мерзімнен кем емес, бірақ күнтізбелік он бес күннен кем болмауы керек. тауарды жеткізу мерзімі он бес күнтізбелік күннен аз.
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2020 жылғы қаулысымен бекітілген №256 Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегінде іссапарлары туралы ереженің 2-тарауының 3-тармағының 2-тармақшасын бұзу нәтижесінде, мекеменің жетекші маманы Абдрахман Е.А. негізсіз (бұйрықсыз) 63,6 мың теңге іссапар шығыстары төленген. Аудит барысында негізсіз төленген 63,6 мың теңге тиісті бюджет есебіне өтелді.
20) «Қарасай ауданының Әйтей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасының талабы бұзылып, осы мерзімге тәртіптік жазасы алынбаған әкімнің орынбасары Д.Д. Омаровқа 2022 жылдың наурыз айына негізсіз төленген 250,0 мың теңге сыйақы жергілікті бюджетке өтелді.
2) 2022 жылы мекеме бухгалтерлік есептілікке құны 25638,8 мың теңгенің ұзақ мерзімді активі столб бағаналары 2330 шотына есепке алынған, ал мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары бойынша жоғарыдағы ұзақ мерзімді активтер 2340 шотына көрсетілуі керек, бұл «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту» туралы ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығының 16 тармағына және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 243 тармағына қайшы келеді.
3) 12.07.2021 жылы жасалған №23 келісім-шартына қосымша шарт 01.11.2021 жылы 5240,0 мың теңгеге жасалған №1 келісім шарт бойынша 04.12.2008 ж. № 95-IV (кейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4 бабы 12 тармағында көзделінген тиімділік қағидаты басшылыққа алынбай, «Қарасай ауданының Әйтей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан 2021 жылы мекеменің есебінде тұрмайтын объектіге 5 240,0 мың теңгеге жарықдиодты шамдарды ауыстыру, орнату жұмыстарына бюджет қаражатының жұмсалғаны анықталды. Сонымен қатар, Бюджет кодексінің 104-1 бабы бойынша бұл бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келетіні көрсетілген.
21) «Қарасай ауданының Шымалған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлігі) 553 бабының талаптары сақталмай, жалдаушы «ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Алматы облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының департаменті» РММ және «Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ коммуналдық қызметтер (электр энергиясы, газ) үшін төлемдер жүргізілмегені анықталды.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 187 тармағының талаптары сақталмай, 2021 жылдың ақпан айында және 2022 жылдың қаңтар, мамыр айларында мекеме қызметкерлеріне есеп айырысу ведомосінде көрсетілмеген аванстар төленгені анықталды.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 272 тармағының талаптары сақталмай, 2 000,0 мың теңгені құрайтын ғимаратты күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамаға түзету бойынша жүргізілген шығындар мекеменің балансына қабылданбағаны анықталды, бұл өз кезегінде бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректердің толық көрсетілмеуіне алып келді.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 258-1 және 259 тармақтарының талаптары орындалмай, Шамалған әкімдігінің ғимараты бойынша 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларына есептелмеген амортизация сомасы 2 200,4 мың теңге теңгені құрады.
5. 2021 жылы 022 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік органның материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға аудандық бюджеттен «Қарасай округі Шамалған ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратын күрделі жөндеуге жалпы сомасы 154 925,7 мың теңге бөлініп, игерілген.
Аталған ғимарат Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №45 қаулысы негізінде мекеменің балансынан (аудандық коммуналдық меншіктен) «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданының білім бөлімі» ММ балансына (облыстық коммуналдық меншікке) өткізіліп берілді.
Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 4 бабының 12) тармағынының талаптары сақталмау салдарынан, тиімділік қағидаты сақталмаған, атап айтқанда бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, 2021 жылға арналған мемлекеттік органның материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға аудандық бюджеттен бөлінген бюджет қаражатын жалпы сомасы 154 925,7 мың теңге тиімсіз пайдалануға жол берілген.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):________________________(болған жағдайда).
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін жалпы сомасы 7 996 мың теңге тиісті бюджет есебіне өтелді, оның ішінде 95,4 мың тенге – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, 1 573,3 мың теңге – бюджетке түсетін түсімдер, 5 399,7 мың теңге – мемлекеттік сатып алу келісім-шарттары бойынша Орындаушылардан өндірілген тұрақсыздық айыбы және 927,6 мың теңге – аудит объектілері қызметкерлерімен жергілікті бюджет есебіне өтелген негізсіз төленген бюджет қаражаттар.
Сонымен қатар, 3 397 648,4 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 11 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:
- «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімінің бас маманы А.Ш.Дауренбаеваға қатысты 2023 жылдың 19 сәуіріндегі № 108-ө өкімімен «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
- «Қарасай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі Р.Исмаиловаға қатысты 2023 жылдың 17 наурызындағы № 7 бұйрығымен «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
- «Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша аудитпен қамтылған кезеңде бөлімінің бас маманы Д.Т.Атайбековаға қатысты 2023 жылдың 31 наурызындағы № 39-і бұйрығымен «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
- «Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы И.Ә.Базарбайға 2023 жылдың 04 сәуіріндегі № 14 бұйрығымен «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
- Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы есепшісі А.Н.Жантурова 2023 жылдың 17 сәуіріндегі № 28 бұйрығымен «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жазаға тартылған.
- «Қарасай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің статисті А.А.Кумековке 2023 жылдың 30 наурызындағы № 26/2 бұйрығымен «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
- «Қарасай ауданының Ұмтыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша бас маман-есепшісі Г.М.Сейдахметоваға қатысты 2023 жылдың 17 наурызындағы № 3-16 ж/қ өкімімен «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
- «Қарасай ауданының Бірінші май ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.Б.Қалымоваға 2023 жылдың 19 сәуіріндегі № 8 өкімімен «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
- «Қарасай ауданының Қаскелең қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Х.У.Малиқайдароваға 2023 жылдың 19 сәуіріндегі № 2-ө өкімімен «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
- «Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.А.Уранбековаға 2023 жылдың 16 наурызындағы № 68-ө н/қ өкімімен «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
- «Қарасай ауданының Әйтей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман есепшісі С.Ж.Кулжумыроваға 2023 жылдың 21 сәуіріндегі № 7-ө өкімімен «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 9 лауазымды тұлға және 207 бабының 10 тармағына сәйкес 18 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуға тиісті құжаттар (материалдар) жолданды.
Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде қаралуда.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 316-бабы 1-тармағы негізінде 1 аудит объектісі басшысына қатысты сот қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, сот органдарына жолданды.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
1. Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 15 856 373,0 мың теңге қамтылды, жалпы сомасы 4 578 013,9 мың теңгеге бұзушылықтар мен 38 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі» кодексінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі талаптарының сақталмауынан орын алған.
3. Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау және пайдалану кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына жол берілген.
4. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының тиісті талаптарын сақтамау салдарынан бюджет қаражатының тиімсіз шығысталуына жол берілген.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.
Қарасай ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Қарасай ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерінің Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралуын.
2. Карасай ауданының әкіміне «Қарасай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансында тұрған негізгі құралдарды пайдаланушы ұйымның балансына беруді қамтамасыз ету.
Қабылданған шаралар туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясын 2023 жылғы 30 қарашаға дейінгі мерзімде хабардар етсін.
2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрмалануына жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында тиісті бюджет есебіне өндірілген 7 900,6 мың теңге және есептілік бойынша қалпына келтірілген 3 397 648,4 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуін.
3. Аудит барысында анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында тиісті аудит объектілеріне бюджет есебіне 2 456,2 мың теңге қаражатының өндірілуін және жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы Нұсқамалар жолдау.
3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.
Тексеру комиссиясының мүшесі Қ.Есенаманов
Аудит жүргізуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы Н. Қалқаев
Сапа бақылауына жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева
Құқықтық сүйемелдеуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы Ғ.Күмісбеков
Аудит тобының жетекшісі С. Елубаева