Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Балқаш ауданы
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 27.11.2023 | |
Просмотры: 880 | Печать страницы |
|
|
|
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
Алматы облысы бойынша
тексеру комиссиясы
Төрағасы М. Мұсаевқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлік
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Балқаш ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Балқаш ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:
1. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2. «Балқаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
3. «Балқаш ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
4. «Балқаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
5. «Балқаш ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
6. «Балқаш ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
7. «Балқаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылыр көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
8. «Балқаш ауданының Құйған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
9. «Балқаш ауданының Қарой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
10. «Балқаш ауданының Ақдала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
11. «Балқаш ауданының Балатопар аулдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
12. «Балқаш ауданының Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
13. «Балқаш ауданының Топар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
14. «Балқаш ауданының Береке ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
15. «Балқаш ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
16. «Балқаш ауданының Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
17. «Балқаш ауданының Бақбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
18. «Балқаш ауданының Жиделі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
19. «Балқаш ауданының Бақанас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
20. «Балқаш ауданының Желторанғы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2022 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
2022 жылдың қорытындысы бойынша түсімдері – 6 912 ,0 млн. теңге болып, 100,1 % -ға орындалған.
Оның ішінде: жергілікті бюджет – 50 548 474,9 теңге (100,0%), республикалық бюджет – 155 000,0 мың. теңгені (100,0%) құраған.
2022 жылдың 12 айында бюджет шығындары 6 млрд. 692,2 млн. теңгені құрап, 97,1%-ға орындалған.
2022 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 35,3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем көрсеткіші –100,5 %-ды болды. (2021 жылдың 12 айы – 27,4 млрд теңге).Оның ішінде мал шаруашылығында – 21 млрд. 886,0 млн. теңгеге, өсімдік шаруашылығында–13 млрд. 728,0 млн. теңгеге өнім алынды.
«Балқаш ауданының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Балқаш аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №13-57 шешімімен бекітілген. 2022 жылдың аралығында аудандық мәслихаттың сессияларында 6 рет аудандық бюджетке нақтылау және аудан әкімінің қаулыларымен 8 рет түзетулер жасалған. Нақтылаулардан және түзетулерден кейін бекітілген бюджетпен салыстырғанда түзетілген бюджетте кірістер 1 544 539,0 теңгеге немесе 28,7%-ға артқан, шығындар 1 527 283,0 мың теңгеге немесе 28,4 %-ға артқан.
Балқаш ауданы бойынша 15 ауылдық округтың 15-де өз бюджеті жүргізіледі. «Балқаш ауданының ауылдық округтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Балқаш ауданының ауылдық округтерінің бюджеті Балқаш аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 қантарындағы №14-60 шешімімен бекітілген. 2022 жылдың аралығында аудандық мәслихаттың сессияларында 4 рет ауылдық округтердің бюджеттеріне нақтылау жасалған.
Аудандық бюджеттің түсімдерін келесілер:
- кірістер - 6 912 563 785,0 мың теңге;
- бюджет кредиттерін өтеу сомалары – 40 490,7 мың теңге;
- қарыздар түсімі – 82 700,0 мың теңге.
Түсімдердің негізін кірістер құрайды. Оның ішінде жоғары бюджеттен түскен трансферттер аудандық бюджеттің 96,5 пайызын құрайды.
- салықтық түсімдер - 203 965,5 мың теңге (2021ж. көрсеткіштен 4,0%-ға кеміген);
- салықтық емес түсімдер – 25 291,1мың теңге (2021ж. көрсеткіштен -5,2%-ға артқан);
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 11 730,4 мың теңге (2021ж. көрсеткіштен -58,9 %-ға артқан);
- трансферттер түсімі – 6 671 576,0 мың теңге (2021ж. көрсеткіштен 10,6 %-ға артқан), оның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер 839480,0 мың теңге, нысаналы даму трансферттері 1 519 628,0 мың теңге, субвенициялар – 3 936 037,0 мың теңге.
Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығына сәйкес, Балқаш ауданының 2021-2025 жылдарға арналған өңірлерді дамытубағдарламасы Балқаш аудандық маслихатының 2021 жылғы 12 ақпандағы №2-15 шешімімен бекітілген.
Балқаш ауданының 2021-2025 жылдарға даму бағдарламасы 3 бағыттан тұрады. Өңірде келесі 3 бағыт бойынша 14 нақты мақсат, 18 индикатор айқындалған.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:
Аудит нәтижелері, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады: Балқаш ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 4 836 291,8 мың теңге бюджет қаржысы есебінен жұмсалған қаражаты қамтылды және Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 183 148,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:
- 183 148,5 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (180 323,7 мың теңге қалпына келтіруге жататын және бюджет есебіне өндіруге жататын соммасы – 2 824,8 мың тенге);
Сонымен қатар 17 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
1. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу Қағидаларының 172 тармағының талаптары толық сақталмай, 22.11.2021 жылғы аванстық есеп негізінде тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстары 29,2 мың теңгеге негізсіз артық өтелгені анықталды, себебі №4652304972589 авиа билеті бойынша жоғарыда аталған Мекеменің қызметкері бір күнге ерте, яғни 2021 жылдың 18 қарашасында қайта оралғаны анықталды. Аталған қаржылық бұзушылық аудит барысында жергілікті бюджет есебіне 21.09.2023 жылғы түбіртек негізінде қайтарылды.
2) Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрығына 1-қосымшасының, 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 64-ө н/қ Балқаш ауданының әкімі Ғ.Токпейсовтің «Балқаш ауданының мемлекеттік органдарға қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі және техникалық қызметкерлер санының лимиті туралы» өкіміне 1-қосымшасының және 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №134-ө н/қ «Алматы облысы мемлекеттік органдарға қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі және техникалық қызметкерлер санының лимиті туралы» өкіміне 2- қосымшасының талаптары сақталмаған, яғни белгіленген тиістілік нормативтен артық қызметтік автомобильдің саны 1 бірлікті құрады, ол өз кезегінде 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №309 «Теңгерімнен теңгерімге автокөлікті өткізіп беру туралы» Балқаш ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде «Балқаш ауданының қаржы бөлімі» ММ-нің теңгерімінен бастапқы құны 6 100,0 мың теңге 2016 жылы шыққан Toyota Corolla маркалы, ақ түсті автокөлік Мекеменің теңгеріміне өткізіліп берілген.
Балқаш ауданы әкім аппаратының аппарат басшысы К.Акылбеков лауазымды тұлға бола отырып, ӘҚБтК-нің 234-1-бабында көзделген бекітілген заттай нормалардан асырғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасады, аудит барысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
2. «Балқаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттік бюджетқаражат есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 9 тармағынығы талаптары бұзылып 2022 жылы желтоқсан айында басшының бұйрығысыз әлеуметтік қызметкерлерге, Г.Секербаеваға – 44 939 теңге, Г.Жулмағанбетоваға – 40 289 тенге негізсіз сыйақы берілген. Аудит барысында негізсіз төленген сыйақы 85 228 тенге бюджетке қайтарылды.
3. «Балқаш ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының 2-тарау 3-тармақ 2-тармақшасының талабы орындалмаған, атап айтқанда 2022 жылдың 20 желтоқсанында мекеменің бас маманы Б.Жексенбековқа 24,9 мың теңге тұрғын үй жалдау бойынша артық есептеліп төленгені анықталды.
2). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының 1 тарау 2-тармағының талаптары орындалмаған, атап айтқанда 2022 жылдың 20 желтоқсанында негізсіз Ә.Өтешбаеваға 24,5 мың теңге іс – сапар шығындары есептеліп төленгені анықталды.
Мемлекеттік аудит барысында іс сапар бойынша артық төлемдер 49,4 мың теңге бюджет есебіне өңдірді.
4. «Балқаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге іссапар шығыстарына арналған шығыстарды өтеу қағидаларының 3-тармағының 2) тармақшасын бұза отырып, "Балқаш ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ-нің бас маманы Г.Бегімжановқа аванстық есептер негізінде 21.02.2022ж. №3 және 01.03.2021ж. №5 тұрғын үй-жайды жалдау бойынша іссапар шығыстары жалпы сомасы 21,4 мың теңгеге артық төлендігі анықталды.
5. «Балқаш ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1). Аудит барысында, Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы қаулысына сәйкес 13.01.2022 жылғы № 277«Балқаш ауданының мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы және «Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы Г.Нарбаев пен «Балқаш ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Б.А.Мұханов арасында 2022 жылғы 13 қаңтардағы жасалған тапсыру актісімен 2013 жылы шығарылған LADA 21214 мемлекеттік нөмірі 24405 маркалы автокөлік жіберілгені анықталды, ал 31.12.2023 жылғы бухгалтерлік есеп деректері бойынша. мекеменің балансынан деректер алынбады, бұл бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректердің толық көрсетілмеуіне әкелді.
ҚР ҚМ 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 243, 272-тармақтарын бұза отырып, баланстық құны 3590,0 мың теңге болатын негізгі құрал ретінде есептелетін автокөлік құралы мекеменің балансынан алынбаған.
6. «Балқаш ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1). 2022 жылдың 14 тамызында Мекеме және «MSD Group» ЖШС мердігер арасында Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылы №8 көшесі (№1-35) 35 коммуналдық тұрғын үйлерге жер учаскесі үшін жерге орналастыру жұмыстары бойынша 745,9 мың теңгеге №24 (веб-порталда № 120140003389/220027/00) келісім-шарты жасалып, шарт бойынша жұмыстарды орындау мерзімі 2022 жылдың тамыз айы деп белгіленген.
Аудит барысында Мекемемен ұсынылған құжаттарға, немесе сәйкес аталған келісім-шарт бойынша № 220027/00/1 орындалған жұмыстар акітісіне сәйкес, жоғарыда көрсетілген жұмыстарды Тапсырыс берушіге 2022 жылдың 20 қыркүйегінде міндеттемелер 20 күнге кешіктіріліп орындалған.
Аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңының 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған.
Өз кезегінде, Мердігерге есептелінетін тұрақсыздық айыбы (745 884,0 теңге *0,1%* 20 күн) 14 916,2 теңгені құрап отыр.
Мемлекеттік аудит барысында 14,9 мың теңге сомасы жергілікті бюджет кірісіне өтелді.
2). Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 12 бап 4 тармағына сәйкес, Мекеме "MSD Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызын Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінбеген.
Әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеген үшін әкімшілік жауапкершілік 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің" 207-бабының 10 тармағы көзделген.
3). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының 2 тарау 6-тармағының талабы басшылыққа алынбай 2022 жылдың ішінде іссапар туралы есептер бес жұмыс күнiнде тапсырылмағандығы анықталды.
4). Аудит барысында Мекемемен ұсынылған құжаттарға, немесе сәйкес аталған келісім-шарт бойынша № 42 орындалған жұмыстар акітісіне сәйкес, жоғарыда көрсетілген жұмыстарды Тапсырыс берушіге 2021 жылдың 06 желтоқсанында міндеттемелер 69 күнге кешіктіріліп орындалған.
Аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңының 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған.
Өз кезегінде, Мердігерге есептелінетін тұрақсыздық айыбы (2 000,0 мың теңге *0,1%* 69 күн) 138,0 мың теңгені құрап отыр.
5). Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 12 бап 4 тармағына сәйкес, Мекеме "Компания "Арыстан-сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызын Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінбеген.
Әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеген үшін әкімшілік жауапкершілік 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің" 207-бабының 10 тармағы көзделген.
6). Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 21 тармағының талаптары сақталмай, ұзақ мерзімді активтер қалдықтарының ведомосына сәйкес 129 008,8 мың теңге тұратын өзге ұзақ мерзімді активтер 2383 өзге негізгі құралдар шотында көрсетілген.
7). Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 468 бұйрығына 7-қосымшасындағы «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну» қағидаларының 27 тармағының талаптары сақталмай, Мекеме 2022 жылдығына өткізілген бухгалтерлік балансын тексеру барысында 120 код жолында «өзге ұзақ мерзімді активтер» көрсетiлуге жататын деректерi баланыста көрсетілмегені анықталды.
120 код жолында «Өзге ұзақ мерзімді активтер» есепті аяғында 129 008,8 мың теңге бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру септерімен 2022 жылдағы қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан. Аталған бұзушылық Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 01.08.2017 жылғы №468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» 27 - тармағының талаптары сақталмауынан орын алған.
7. Балқаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылыр көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1). «Балқаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу ережесінің» 187-тармағын бұза отырып, Қамзаев Әсембек Күмісбекұлына 59,9 мың.теңге жалақы төленген.
2). «Балқаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу ережесінің» 187-тармағын бұза отырып, жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу кестесі жоқ.
3). «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларының» 4-тармағының 2) тармақшасын бұза отырып» ММ «Балқаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қамзаев Әсембек Күмісбекұлына 188,3 мың.теңге көлемінде негізсіз үстемақы төленді және «Балқаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Сержан Қайсар Сержанұлына 925,5 мың.теңге, себебі бұл қызметкерлер тиісті органда бір айдан кем жұмыс істегендіктен.
4). «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларының» 4-тармағының 3) тармақшасын бұза отырып бас маман Ғабдұл Ұлан Ғабдұлұлыға 907,3 мың.теңге көлемінде үстемақы негізсіз төленді, өйткені Ғабдұл Ұлан Ғабдұлұлына сынақ мерзімі 2022 жылдың 22 желтоқсанында аяқталады, сынақ мерзімінен өту кезеңінде сыйлық берілмейді.
5). «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңының 4-бабын, №393 Бухгалтерлік есепті ережесінің 4-тармағын және 243-тармағын және №281 шоттар жоспарының 16-тармағын бұза отырып, Мекемеде негізгі құралдар тиісті бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілмеген, 2330 «Нысандар» шотында көше жарығын орнату жалпы құны 58 869,3 мың теңгені құраса, ол өз кезегінде 2340 – «Тасымалдау құрылғылары» көмегімен электр, жылу және механикалық энергияны беру, сондай-ақ магистральдық құбырлар, байланыс желілері және энергетикалық (кабельдік) желілер болып табылатын сұйық және газ тәрізді заттарды беру (тасымалдау) жүзеге асырылатын құрылғыларды есепке алуға арналған.
Сонымен бірге, №393 Бухгалтерлік есеп ережесінің 258-1 тармағының талаптарын бұза отырып, аудит 2330 «Нысандар» шотына сәйкес негізгі құралдардың амортизациясы бастапқы құнына есептелмегені анықталды, өйткені негізгі қорлар объектісін актив ретінде тану кезінде ол өзінің бастапқы құны бойынша есепке алынуы тиіс және келесі айдан бастап олар бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу қажет.
Жоғарыда көрсетілгеннен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының 7-қосымшасының 3-тармағын, 16-тармағын бұза отырып, 01.01.2020 ж. және 01.01.2021 жылы жоғарыда көрсетілген негізгі құралдар мен материалдардың баланстық құны бухгалтерлік баланста қаржылық нәтижелер туралы есептің 114-жолында қате көрсетілген, жинақталған амортизация сомасы дұрыс көрсетілмеген, бұл мән-жайлар бұрмаланған қаржылық есептілікті жасауға әкеліп соқтырған бухгалтерлік есепте көрсетілген сенімсіз деректерді көрсетеді. Аудит барысында негізгі құралдар бойынша жалпы сомасы 24 465,2 мың.теңге амортизация есептелген.
6). «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 1-тармағы 41-бабының және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасының 464-тармағын бұза отырып, Мекеме мен өнім берушілер арасында келісім-шарттар жасалды №050340006995/220002/00 (№02) 14.02.2022ж. ЖШС «ROYAL PETROL», №050340006995/220004/00 (№4) 22.02.2022ж. ЖШС «АзияShymСервис», №050340006995/220003/00 (№3) 23.02.2022ж. ЖШС «Азия Сервис», №050340006995/220080/00 (№80) 26.08.2022ж. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, №050340006995/220095/00 (№95) 01.11.2022ж. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, №050340006995/220088/00 (№88) 20.10.2022ж. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, №050340006995/220087/00 (№87) 20.10.2022ж. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, №050340006995/220033/00 (№33) 25.05.2022ж. ЖШС «Шынар Проект и Компания», №050340006995/220034/00 (№34) 25.05.2022ж. ЖШС «АИС Проект», №050340006995/220035/00 (№35) 03.05.2022ж. ЖШС «Poligram», №050340006995/220069/00 (№69) 28.07.2022ж. ЖШС «Poligram», №050340006995/220067/00 (№67) 19.09.2022ж. ЖШС «NBS-GROUP», №050340006995/220090/00 (№90) 20.10.2022ж. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, №050340006995/220089/00 (№89) 20.10.2022ж. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, №050340006995/220068/00 (№68) 27.07.2022ж. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, №050340006995/220060/00 (№60) 29.06.2022ж. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, №050340006995/220073/00 (№73) 04.08.2022ж. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, №050340006995/220047/00 (№47) 30.05.2022ж. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
7). «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 43-бабының 22-тармағын бұза отырып, келісім-шарттар бойынша 27.12.2021ж. №130840018979/210054/00, 31.12.2021ж. №130840018979/210053/00, 27.12.2021ж. №130840018979/210052/00, 30.12.2021ж. №130840018979/210051/00, 30.12.2021ж. №050340006995/210082/00 және 20.12.2021ж. №050340006995/210081/00, шартқа 1-қосымшада көрсетілген мерзім күнтізбелік он бес күннен кем болып табылады.
8) Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 39-бабының 3-тармағының 42-тармақшасын бұза отырып, «АРАЙЛЫМ» ЖК-мен 08.10.2021 жылғы №050340006995/210065/00 (№65) шарттың сомасы айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен асқан.
8. «Балқаш ауданының Құйған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1). Балқаш ауданы әкімінің 2021 жылы 05 ақпандағы №7-ө/к және 2021 жылы 21 желтоқсандағы № 64-ө "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарға көлік қызметтерін көрсететін қызметтік автомобильдердің тиесілілігі нормативтері туралы" өкімдерін бұза отырып, "Балқаш ауданы күйген ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-сі нормадан тыс жалпы сомасы 40,4 мың теңгеге 222 литр мөлшерінде АИ-92 бензині есептен шығарылғаны анықталды. Оның ішінде: 2021 жылы 20,2 мың теңге сомасында, ал 2022 жылы 20,2 мың теңге сомасында.
Мемлекеттік аудит барысында 40,4 мың теңге сомасы жергілікті бюджет кірісіне өтелді.
9. «Балқаш ауданының Қарой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1). Балқаш ауданы әкімі аппаратының іс-қағаздар бөлімінің инспекторы Т.Нұрғожаеваның берген жазбаша түсінігі бойынша Балқаш ауданы әкімінің орынбасары 07.09.2022ж. Б.Дәрібаевтың №74-04/102 хаты «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» ММ-ік мекемесінің жалпы бөлімінде тіркелмегендігі анықталды, сол сияқты Нұр-Сұлтан қаласына Іс-сапарға баратын ауылдық округі әкімдерінің тізімдері де тіркелмегендігі анықталды. Мекеменің бас-маман есепшісі А.Абдиманапованың жазбаша берген түсінігі бойынша «Балқаш ауданы Қарой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі Болатов Әдилгали Бексултанович Нұр-Сұлтан қаласына іс-сапарға бармағандығы анықталды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу Қағидаларының 172 тармағының талаптары толық сақталмай, 22.11.2021 жылғы аванстық есеп негізінде тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстары 47,7 мың теңгеге және тәулік ақы шығындарына 25,4 мың теңге, барлығы 73,1 мың теңге негізсіз төленгені анықталды. Аталған қаржылық бұзушылық аудит барысында жергілікті бюджет есебіне 03.10.2023 жылғы түбіртек негізінде қайтарылды.
10. Балқаш ауданының Ақдала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1). Мекеме 2021 - 2022 жылдары бюджеттік бағдарламалары бойынша енгізілген өзгерістерге сәйкес қайта бекітілмегендігі, жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына келісілмегендігі және бекітілгеннен кейін ол күнтізбелік 3 күн ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб – сайтында орналастырылмағандығы анықталды. Осылайша, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95- IV«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің» 32 бап, 2 тармағының, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсанындағы №195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларының» 19, 21 және 22 тармақтарының сақталмағандығы анықталға.
2). Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3 тарау 31 тармағының талабы сақталмай, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық төлемдеріне аударымдар жөніндегі салық кабинетінен түсірілген салық төлеушінің дербес шотының деректеріне сәйкес 2021-2022 жылдардың 01 қаңтарындағы қаржылық есептілігінің ҚЕ-1 нысаны бойынша есепті кезеңнің бухгалтерлік балансында мекеменің төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 2021 жылы – 102,6 мың теңге, 2022 жылы – 108,6 мың теңге және әлеуметтік салық бойынша 2021 жылы – 31,6 мың теңге, 2022 жылы – 53,7 мың теңге сомасында дебиторлық берешек көрсетілмеген. Бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануына алып келді.
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу Қағидаларының 9 - бөлімінің 243, 244 тармақтарының талаптары сақталмай, сомасы 250,0 мың теңгеге аспаптар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалы, яғни стенд есепке алынбағаны анықталды.
11. «Балқаш ауданының Балатопар аулдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2018ж. №256 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ереженің 3-тармағының 2-тармақшасын бұза отырып, Мекеме басшы Д.Базиловқа негізсіз, яғни бұйрықсыз 26 071 теңге сомаға іссапар шығыстары төленгендігі анықталды.
12. «Балқаш ауданының Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1). 16.06.2022 жылғы № 220021 "КаР-Тел" ЖШС-мен жасалған Шартқа және Шартқа 1-қосымшаға сәйкес мобильді интернет қызметтері үшін төлемнің жалпы сомасы 14,0 теңгені құрады, мекеме 09.12.2022 ж. төлем шотына сәйкес 1241248/22-476 үшін "КаР-Тел" ЖШС-нің 2,0 мың теңге сомасына артық аударылды-Осы сома бюджетке 2,0 мың теңге өтелді
ҚР ҚМ 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының 222-тармағы 3-абзацының 15) тармағына сәйкес «қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде түскен қағаз жеткізгіштегі төлем шоты және төлем шоты мемлекеттік мекемеге «сондай ақ төлем сомасының растайтын құжаттар сомасына асып кетуі» орындаусыз қайтарылады (қабылданбайды).
2). Аудитпен 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 1248/22-384 төлем шотына және № 5-15 а.а. Мырзахметовке 101,0 мың теңге мөлшерінде іссапар шығыстары төленгені анықталды. 14.09.2022 жылғы "іссапар туралы" 61-Ө бұйрығында 15-19 қыркүйек аралығында мерзім белгіленді, тиісінше 76,5 мың теңге сомасына жұмсалған шығыстар туралы есеп ұсынылды.
Бұл ретте, 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 ҚР ПП бекіткен "мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ ҚР Парламенті депутаттарының ҚР шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы" Ереженің 2-тармағын бұза отырып, А. Мырзахметовке ауылдық округ әкіміне іссапарға жіберу туралы" тиісті Бұйрықсыз 24,5 мың теңге сомасына іссапар шығыстары артық аударылды. Ал мекеменің 17.05.2023 Ж. № 40-ө бұйрығында баратын жері, ұйымның атауы, іссапарда болу мерзімі туралы мәліметтер жоқ. Аудит барысында негізсіз төленген 24,5 мың теңге сомасы бюджетке өтелді.
13. «Балқаш ауданының Береке ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1). Балқаш ауданы әкімінің 2021 жылы 05 ақпандағы №7-ө/к және 2021 жылы 21 желтоқсандағы № 64-ө "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарға көлік қызметтерін көрсететін қызметтік автомобильдердің тиесілілігі нормативтері туралы" өкімдерін бұза отырып, "Балқаш ауданы күйген ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-сі нормадан тыс жалпы сомасы 40,4 мың теңгеге 222 литр мөлшерінде АИ-92 бензині есептен шығарылғаны анықталды. Оның ішінде: 2021 жылы 20,2 мың теңге сомасында, ал 2022 жылы 20,2 мың теңге сомасында.
Мемлекеттік аудит барысында 40,4 мың теңге сомасы жергілікті бюджет кірісіне өтелді.
14. «Балқаш ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік туралы Заңның 18-1-бабының 7) және 13) тармақшаларының, 1-тармағының 1-тармақшаларын бұза отырып, мекеме мемлекеттік кәсіпорындармен және мемлекеттік мекемелермен, сондай-ақ мемлекеттік емес заңды тұлғалармен пайдалану құқықтарының ауысуын көздейтін жалдау және өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу жөнінде шаралар қабылдамады, бұл Балқаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы тамыздағы № 165 қаулысымен бекітілген Ереженің 2-тарауының 12-тармағының 1) тармақшасында көзделген жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін тиімсіз пайдалануға әкелді.
2). Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 3-тармағының 50-тармақшасы басшылыққа алынбай, негізгі құралдарды есепке алу кезінде мекеме негізгі құралдарды (Балқаш ауданы Жиделі ауылындағы ауылдық клуб ғимараттарын күрделі жөндеуге 10 681,6 мың теңге сомаға ЖСҚ, ғимараттарды техникалық тексеру жөніндегі қызметтер) қате жатқызған Балқаш ауданы Жиделі ауылының Мәдениет үйі сомасы 800,0 мың. Балқаш ауданы Миялы ауылындағы Қасымбеков көшесіндегі №9А спорт кешенінің ғимаратын күрделі жөндеуге 1 389,0 мың теңге сомасына жобалық – сметалық құжаттамаға, Балқаш ауданы Миялы ауылындағы Қасымбеков көшесіндегі №9А спорт кешенінің ғимаратын күрделі жөндеуге 3 239,1 мың теңге сомасына жобалық – сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама жүргізу, көрсетілетін қызметтер Балқаш ауданы Миялы ауылының спорт кешенін күрделі жөндеуге техникалық байқау жүргізу бойынша жалпы сомасы 16 909,7 мың теңгеге 800,0 мың теңге). Аудит барысында жоғарыда көрсетілген негізгі құралдардың Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 02 ақпандағы №34 қаулысы негізінде "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ "Балқаш ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ және 2023 жылғы 18 шілдедегі "Балқаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ теңгеріміне Балқаш ауданы әкімдігінің №160 қаулысының балансына берілгендігіне байланысты түзету жолдамаларын жүргізу мүмкін емес.
15. «Балқаш ауданының Бақбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1). 2021 жылдың 22 ақпанында мемлекеттік мекемемен және «Professional Community Astana Orleu» ЖШС мердігер арасында ақпараттық өңдеу бойынша қызметтерін сатып алу үшін № 001 келісім-шарты жасалған, міндеттемелердің орындалу мерзімі 2021 жылдың ақпан айы ішінде деп белгіленген.
Мемлекеттiк сатып алу Заңының 43 бабының 22 тармағының талаптары сақталмаған, яғни тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімін он бес күнтізбелік күннен кем белгіленгені анықталды.
2). Бақбақты ауылдық округі әкімінің 2022 жылдың 14 қазанындағы №66-Ө өкімімен «Балқаш ауданының Бақбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекетік мекемесінің бас маманы Тулепбергенова Шолпан Сағынкелдіқызына ескерту тәртіптік жазасы жарияланған. 2022 жылдың 14 желтоқсанындағы округ әкімінің №74-Ө «Жаңа жыл мерекесіне қызметкерлерге сыйақы беру» өкіміне сай «Балқаш ауданының Бақбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекетік мекемесінің бас маманы Ш.Тулепбергеноваға 2022 жылдың 21 желтоқсанындағы №1241004/22-512 төлем шотымен 100,0 мың теңге көлемінде сыйақы төленген. Аталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 4 тармағы 1 тармақшасының талаптары сақталмағандықтан орын алған.
3). 2021 жылдың 31 мамырында мемлекеттік мекемемен және «Гранд Бал Строй» ЖШС мердігер арасында Бақбақты ауылының Ы.Алтынсарин, Ж.Жамбыл көшелерін жарықтандыру жүйесін салу/монтаждау бойынша жұмыстарына жалпы сомасы 1 458,5 мың теңгеге № 006 келісім-шарты жасалған, міндеттемелердің орындалу мерзімі 2021 жылдың наурыз-сәуір айы ішінде деп белгіленген.
Мемлекеттiк сатып алу Заңының 43 бабының 22 тармағының талаптары сақталмаған, яғни тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімін он бес күнтізбелік күннен кем белгіленгені анықталды.
16. «Балқаш ауданының Жиделі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1). 13.07.2022 жылғы № 39-ө н/қ «Балқаш ауданы Жиделі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысы А.Алтынбаевтың бұйрығымен 2022 жылдың 14-16 шілде аралығында ауыл әкімі А.Алтынбаев – 36 587 теңге Алматы облысы, ауданы, Өтеген батыр ауылына іс-сапарға жіберілген.
07.10.2022 жылғы № 52-ө н/қ «Балқаш ауданы Жиделі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысы А.Алтынбаевтың бұйрығымен 2022 жылдың 10-14 қазан аралығында бас маман-есепші Ә.Саримбетов – 17 850 теңге Талдықорған қаласына бес күндік мерзімге іс-сапарға жіберілген.
Мемлекеттік мекемеде іс-сапар шығындарын өтеулер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» (кейінгі толықтырулар мен өзгертулер енгізілген), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының талаптарына сақталмаған. Негізсіз төленген тәулiкақы шығыстары жалпы сомасы – 54 437 тенге бюджетке қайтарылуға жатады, аудит барысында бюджет есебіне қайтарылды.
17). «Балқаш ауданының Бақанас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженiң 2 тармағының талаптары толық сақталмай, қызметкерді iссапарға жiберу туралы бұйрығы болмай, Мекеменің бас маманы А.Асқанбаева 71,3 мың теңге көлемінде іссапар шығыстарының негізсіз өтелуіне жол берілген. Аудит барысында аталған қаржылық бұзушылық жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.
18). «Балқаш ауданының Желторанғы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1). 23.10.2022 жылғы № 42-ө «Балқаш ауданы Желтораңғы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысы Е.Шобеевтың бұйрығымен 2022 жылдың 24-26 қазан аралығында автокөлік жүргізуші Б.Рахимов – 30 605 теңге Қонаев қаласына екі күндік мерзімге іс-сапарға жіберілген, бақылау барысында іс-сапар шығындарының аванстық есебі тапсырылмағаны анықталды.
26.10.2022 жылғы № 43-ө «Балқаш ауданы Желтораңғы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысы Е.Шобеевтың бұйрығымен 2022 жылдың 27-28 қазан аралығында бас маман Ш. Абишева – 30 605 теңге Талдықорған қаласына екі күндік мерзімге іс-сапарға жіберілген. бақылау барысында іс-сапар шығындарының аванстық есебі тапсырылмағаны анықталды, жалпы сомасы – 61 210 тенге.
Мемлекеттік мекемеде іс-сапар шығындарын өтеулер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» (кейінгі толықтырулар мен өзгертулер енгізілген), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған талаптары сақталмаған.
19. «Балқаш ауданының Топар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша: аудит (тексеру) барысында бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталмаған.
20. «Балқаш ауданының Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша: аудит (тексеру) барысында бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталмаған.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):________________________(болған жағдайда).
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін жалпы сомасы 665,7 мың теңге тиісті бюджет есебіне өтелді, оның ішінде 80,8 мың теңге – бюджетке түсетін түсімдер, 14,9 мың теңге – мемлекеттік сатып алу келісім-шарттары бойынша Орындаушылардан өндірілген тұрақсыздық айыбы және 570,0 мың теңге – аудит объектілері қызметкерлерімен жергілікті бюджет есебіне өтелген негізсіз төленген бюджет қаражаттар.
Сонымен қатар, 180 323,7 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 9 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:
- «Балқаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша аудитпен қамтылған кезеңде бөлімінің бас маман-есепшісі А.Тулекбаеваға қатысты 2023 жылдың 21 қыркүйегіндегі №17-ж/қ бұйрығымен «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
- «Балқаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша аудитпен қамтылған кезеңде бөлімінің бас маманы А.Қ.Жыршыбайға қатысты 2023 жылдың 21 қыркүйектегі №13-ж/қ бұйрығымен «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
- «Балқаш ауданының Құйған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша аудитпен қамтылған кезеңде бөлімінің бас маман-есепшісі Л.Омарбековаға қатысты 2023 жылдың 28 қыркүйектегі №46-ө өкімімен «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
- «Балқаш ауданының Ақдала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы есепшісі Қ.К.Сарсеноваға 2023 жылдың 12 қазанында №71-ө өкімімен «Ескерту» түрінде тәртіптік жазаға тартылған.
- «Балқаш ауданының Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша бас маман-есепшісі А.А.Тұрғанбековаға қатысты 2023 жылдың 06 қазанындағы №63-ө өкімімен «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
- «Балқаш ауданының Береке ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман есепшісі С.Р.Рахимоваға 2023 жылдың 17 қазанындағы №83-ө өкімімен «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
- «Балқаш ауданының Бақбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша аудитпен қамтылған кезеңде бөлімінің бас маман-есепшісі Б.Бейсенбинге 2023 жылдың 21 қыркүйегіндегі №82-ө өкімімен «Қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
- «Балқаш ауданының Жиделі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша аудитпен қамтылған кезеңде бөлімінің бас маман-есепшісі Ә.Саримбетовке 2023 жылдың 28 қырқүйегіндегі №61-ө н/қ өкімімен «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
- «Балқаш ауданының Желторанғы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша аудитпен қамтылған кезеңде бөлімінің жетекші маманы Б.Б.Баймолдаевқа 2023 жылдың 05 қазандағы №46-ө н/қ өкімімен «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
- «Балқаш ауданының Балатопар аулдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша аудиторлық іс-шара барысында анықталған кемшілік бойынша бас маман-есепші Л.Асылбекова бала күтімінде отыруына байланысты тәртіптік шара қолданылмады.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 3 лауазымды тұлға және 207 бабының 10 тармағына сәйкес 3 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуға тиісті құжаттар (материалдар) жолданды.
Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде қаралуда.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 234-1 бабы негізінде 1 аудит объектісі басшысына қатысты сот қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, сот органдарына жолданып, Алматы облысы Балқаш аудандық сотының 2023 жылдың 2 қарашасындағы №1999-23-00-3а/201 қаулысына сәйкес, лауазымды адамға қатысты іс бойынша 231-1-бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
1. Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 4 836 291,8 мың теңге қамтылды, оның ішінде жалпы сомасы 183 148,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: 183 148,5 мың теңге қаржылық бұзушылықтар және 17 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі» кодексінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі талаптарының сақталмауынан орын алған.
3. Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау және пайдалану кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына жол берілген.
4. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының тиісті талаптарын сақтамау салдарынан бюджет қаражатының тиімсіз шығысталуына жол берілген.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.
Балқаш ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Балқаш ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерінің Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралуын.
2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрмалануына жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында тиісті бюджет есебіне өндірілген 665,7 мың теңге және есептілік бойынша қалпына келтірілген 180 323,7 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуін.
3. Аудит барысында анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында тиісті аудит объектілеріне бюджет есебіне 2 159,1 мың теңге қаражатының өндірілуін және жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы Нұсқамалар жолдау.
3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.
Тексеру комиссиясының мүшесі Қ.Есенаманов
Аудит жүргізуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы Н.Қалқаев
Сапа бақылауына жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева
Құқықтық сүйемелдеуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Құлмұхамбетова
Аудит тобының жетекшісі Н.Қалқаев