Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Еңбекшіқазақ ауданы
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 24.12.2023 | |
Просмотры: 891 | Печать страницы |
|
|
|
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
Алматы облысы бойынша
тексеру комиссиясының
Төрағасы М. Мұсаевқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлік
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:
1. «Еңбекшіқазақ аудандық маслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2. «Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
3. «Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
4. «Еңбекшіқазақ ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
5. «Еңбекшіқазақ ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
6. «Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
7. «Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8. «Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
9. «Еңбекшіқазақ ауданының Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
10. «Еңбекшіқазақ ауданының Бөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
11. «Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
12. «Еңбекшіқазақ ауданының Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
13. «Еңбекшіқазақ ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
14. «Еңбекшіқазақ ауданының Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
15. «Еңбекшіқазақ ауданының Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
16. «Еңбекшіқазақ ауданының Байтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
17. «Еңбекшіқазақ ауданының Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
18. «Еңбекшіқазақ ауданының Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
19. «Еңбекшіқазақ ауданының Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
20. «Еңбекшіқазақ ауданының Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
21. «Еңбекшіқазақ ауданының Масақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
22. «Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
23. «Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
24. «Еңбекшіқазақ ауданының Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
25. «Еңбекшіқазақ ауданының Турген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
26. «Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
27. «Еңбекшіқазақ ауданының Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
28. «Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Еңбекшіқазақ ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2022 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
2022 жылдың қорытындысы бойынша түсімдері – 6 912 ,0 млн. теңге болып, 100,1 % -ға орындалған.
Оның ішінде: жергілікті бюджет – 50 548,5 мың теңге (100,0%), республикалық бюджет – 155 000,0 мың. теңгені (100,0%) құраған.
2022 жылдың 12 айында бюджет шығындары 6 млрд. 692,2 млн. теңгені құрап, 97,1%-ға орындалған.
2022 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 35,3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем көрсеткіші –100,5 %-ды болды. (2021 жылдың 12 айы – 27,4 млрд теңге).Оның ішінде мал шаруашылығында – 21 млрд. 886,0 млн. теңгеге, өсімдік шаруашылығында–13 млрд. 728,0 млн. теңгеге өнім алынды.
«Еңбекшіқазақ ауданының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №13-57 шешімімен бекітілген. 2022 жылдың аралығында аудандық мәслихаттың сессияларында 6 рет аудандық бюджетке нақтылау және аудан әкімінің қаулыларымен 8 рет түзетулер жасалған. Нақтылаулардан және түзетулерден кейін бекітілген бюджетпен салыстырғанда түзетілген бюджетте кірістер 1 544 539,0 мың теңгеге немесе 28,7%-ға артқан, шығындар 1 527 283,0 мың теңгеге немесе 28,4 %-ға артқан.
«Еңбекшіқазақ ауданының ауылдық округтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Еңбекшіқазақ ауданының ауылдық округтерінің бюджеті Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 қантарындағы №14-60 шешімімен бекітілген. 2022 жылдың аралығында аудандық мәслихаттың сессияларында 4 рет ауылдық округтердің бюджеттеріне нақтылау жасалған.
Аудандық бюджеттің түсімдерін келесілер:
- кірістер - 6 912 563 785,0 мың теңге;
- бюджет кредиттерін өтеу сомалары – 40 490,7 мың теңге;
- қарыздар түсімі – 82 700,0 мың теңге.
Түсімдердің негізін кірістер құрайды. Оның ішінде жоғары бюджеттен түскен трансферттер аудандық бюджеттің 96,5 пайызын құрайды.
- салықтық түсімдер - 203 965,5 мың теңге (2021ж. көрсеткіштен 4,0%-ға кеміген);
- салықтық емес түсімдер – 25 291,1мың теңге (2021ж. көрсеткіштен -5,2%-ға артқан);
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 11 730,4 мың теңге (2021ж. көрсеткіштен -58,9 %-ға артқан);
- трансферттер түсімі – 6 671 576,0 мың теңге (2021ж. көрсеткіштен 10,6 %-ға артқан), оның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер 839480,0 мың теңге, нысаналы даму трансферттері 1 519 628,0 мың теңге, субвенициялар – 3 936 037,0 мың теңге.
Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының 2021-2025 жылдарға арналған өңірлерді дамыту бағдарламасы Еңбекшіқазақ аудандық маслихатының 2021 жылғы 12 ақпандағы №2-15 шешімімен бекітілген.
Еңбекшіқазақ ауданының 2021-2025 жылдарға даму бағдарламасы 3 бағыттан тұрады. Өңірде келесі 3 бағыт бойынша 14 нақты мақсат, 18 индикатор айқындалған.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:
Аудит нәтижелері, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады: Балқаш ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 5 749 139,0 мың теңге бюджет қаржысы есебінен жұмсалған қаражаты қамтылды және Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 14 500,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:
- 12 775,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (6 974,7 мың теңге қалпына келтіруге жататын және бюджет есебіне өндіруге жататын соммасы – 5 801,2 мың тенге);
- 1 180,0 мың теңге – тиімсіз жоспарлау;
- 544,9 мың теңге – тиімсіз пайдалану.
Сонымен қатар 21 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
1. «Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2022 жылдың 02 ақпандағы келісім шарттың 7.3 тармағының талаптары сақталмай, келісім шарт бойынша 274,0 мың теңге тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) қалыптасқан. Аталған келісім шарттың 7.3 тармағына сәйкес тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасы келісім шарт сомасының 10%-нан аспауы керектігіне байланысты тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы 199,9 мың теңгені құраған.
«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі сол келісім шарт бойынша 199,9 мың теңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етілмеген.
2 тармақ. Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу заңнының 12 бабы 4 тармағының 3) тармақшасы басшылыққа алынбай, «Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, сотқа «Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы» ЖШС-н өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып жүгіну міндеттірін қамтамасыз етілмеген.
3 тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» №393 Бұйрығының 4, 15 тармақтарының, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3 тарау 25 тармағының талаптары сақталмай 2023 жылдың 01 қаңтарындағы қаржылық есептілігінің ҚЕ-1 нысаны бойынша есепті кезеңнің бухгалтерлік балансында мекеменің төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 597,1 мың теңге сомасына дебиторлық берешек көрсетілмеген. Бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануына алып келген. 2023 жылғы 09 қарашадағы бухгалтерлік анықтамамен 2022 жылға 597,1 мың теңге сомасына тиісті бухгалтерлік жазбалар мен түзетулер жүргізілді.
2. «Еңбекшіқазақ ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ. «Еңбекшіқазақ ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен аудитке ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2022 жыл қорытындысы бойынша Мекеме бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 775,2 мың теңге және әлеуметтік салық бойынша 736,9 мың теңге көлемінде артық төленгені, немесе барлығы 1 512,1 теңге көлемінде дебиторлық қарыздар қалыптасқаны анықталды.
2 тармақ. Аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру (КСН)» шотында 2022 жылдың соңына 215,7 мың теңге бар екендігі анықталды.
Аталған сома 2019 жылдың 30 қазанында «Азия Авто» АҚ-мен (Орындаушы) трансмиссиясы жеңіл автоматты автокөлігін сатып алу үшін жасалған келісім-шарт бойынша Орындаушы тарапынан келісім-шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілдік ақшалай жарна ретінде түскен қаражат болып табылады. Келісім-шарт бойынша міндеттемелер 2019 жылдың 26 қарашасында орындалып, автокөлік Тапсырыс берушімен қабылданып алынған, алайда, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабы 12-тармағының талаптарына қайшы, Мекеме тарапынан шарт бойынша міндеттемелер толық және тиісінше орындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарылмаған.
Аудит барысында аталған қаражаттар Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII Азаматтық Кодексінің 177, 178 баптары негізінде жергілікті бюджет есебіне аударылды.
3. «Еңбекшіқазақ ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ: Бөлім басшысының 2022 жылдың 02 ақпанындағы №1/1, №1/2 бұйрықтарына сәйкес бөлімнің инспектор іс жүргізушісілері Д. Сангуловаға және М. Алимоваға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерелеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысына сәйкес 2022 жылдың 01 ақпанынан бастап 100 (жүз) пайыз үстемақы белгіленген, алайда жоғарыда аталған қаулының ешқандай тармағына сілтеме жасалмаған және бөлімнің инспектор іс жүргізушісілеріне не үшін үстемақы төленгені көрсетілмеген.
Бөлім басшысының түсінігі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген «Азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін бірыңғай қосымша ақылар мен үстемеақылар» туралы 18-қосымшасының 5 бөлігінде «Лауазымдарды қоса атқарғаны (қызметтер көрсету аймағының кеңейгені) үшін қосымша ақы» мөлшері қызметкердің лауазымдық ақысынан 50 пайызға дейін төленетіні көрсетілген, яғни артық төленген 343,3 мың теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылуы тиіс.
2 тармақ: «Еңбекшіқазақ ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тіркелген 525АW05 SKODA OKTAVIA 2011 жылғы баланстық құны 3 500,0 мың теңге автокөлігі 2022 жылдың 01 қаңтарына кірістеліп балансқа алынған. Алайда бүгінгі күнге белгісіз себептермен жоғарыда аталған автокөлік және мекеме тарапынан 2022 жылдың 1 қаңтарынан ос 31 желтоқсан аралығында ешқандай іс әрекет болмаған, аталған автокөлік 525АW05 SKODA OKTAVIA 2011жылғы мекеменің балансынан шығарылмаған.
Мемлекеттік органдар пайдаланатын қызметтік және арнайы автокөліктердің нормаларға сай пайдаланылуы «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрығының , Алматы облысы әкімінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 41-ө б/н және 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 134-ө н/қ «Қызметтік автокөліктер лауазымдарының стандарты және Алматы облысының мемлекеттік органдарындағы техникалық қызметкерлер санының лимиті» талаптары сақталмаған. Осылайша, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 234-1-бабында көзделген, бекітілген табиғи нормаларды асыра орындауда көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған.
4. «Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге, ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының, 18-қосымшасына сәйкес қосымша ақылар мен үстемеақылардың түрлері бойынша заңда қарастырылған негіздемесінің болмауына қарамастан, мекеменің жүргізушісі А.Ноғайға 30% (отыз пайыз) қосымша ақы төленгені анықталған. Осылайша 2022 жылдың 6 қыркүйегінен 31 желтоқсан аралығында – 59,3 мың теңге көлемінде негізсіз қосымша ақы төленіп, аудит барысында аталған қаржылық бұзушылық жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.
2 тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 113 бабының 4 тармағына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Алайда, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексінің 113 бабының 4 тармағының талаптары сақталмай, 2021 жылдың 28 желтоқсанындағы мемлекеттік қызметкерлер Ж.Тұрарова мен А.Тоғайбаеваның жұмыстан босату туралы бұйрығына қарамастан, жұмыстан босатылған кездегі демалыс үшін өтемақысы тек, 2022 жылдың 14 ақпанында аударылғаны анықталған. Сондай – ақ, штаттан тыс қызметкер мекеменің автокөлік жүргізушісі Б.Айтмырзаевтың жұмыстан босату туралы бұйрығы 2022 жылдың 3 мамырында шығарылып, жұмыстан босатылған кездегі демалыс үшін өтемақысы тек, 2022 жылдың 13 мамырында аударылғаны анықталған.
3 тармақ. «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрығының 1 қосымшасы (25-тармақшасы) мен Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы №01-ө «Еңбекшіқазақ ауданының мемлекеттік органдарындағы қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі және техникалық қызметкерлер санының лимиті туралы» өкімінің 1-қосымшасының талаптары сақталмай мекеменің теңгерімінде лимиттен тыс 1 автокөлік болған.
4 тармақ. 04.12.2008 ж. №95-IV (кейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 4-бап 9-тармақшасы негізділік принципі басшылыққа алынбай 2022 жылы лимиттен тыс 1 автокөлікке шығындар, яғни автомобиль көлігі иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі қызметтер бойынша 24,0 мың теңге, жанар-жағармай материалдарына 660,0 мың теңге, автокөлікті жөндеуге 496,0 мың теңге барлығы 1 180,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған.
5 тармақ. Сондай-ақ, 04.12.2008 ж. №95-IV (кейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 4-бап 12-тармақшасы тиімділік қағидаты басшылыққа алынбай 2022 жылы лимиттен тыс 1 автокөлікке шығындар, яғни автомобиль көлігі иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі қызметтер бойынша 22,9 мың теңге, жанар-жағармай материалдарына 207,9 мың теңге, автокөлікті жөндеуге 274,6 мың теңге, аккумулятор сатып алуға 35,0 мың теңге, жол көлік құралдарын техникалық бақылау (қарау) жөніндегі қызметтерге 4,5 мың теңге, барлығы 544,9 мың теңге тиімсіз пайдаланылған.
6 тармақ. Мекеменің ұсынған қор шоттары айналым ведомосына сәйкес, ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығының 243 тармағының және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 5 тарау 12,13,16 тармақтарының талаптары сақталмағаны анықталған, яғни негізгі құралдар тауарлық материалдық қорлардың шоттарына жатқызылған. Негізгі құралдардың қалдық құнының болмауына байланысты, бұл процедуралық сипаттағы бұзушылық болып табылады.
7 тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 5 бап 6 тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығының 16 тармағының талаптарын сақтамай, 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарын бөлім басшысының бұйрығымен бекіткеннен кейін 9 (тоғыз) жұмыс күні өткен соң ғана мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырған.
8 тармақ. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңның 43 бабының 22 тармағының талаптарын сақтамай 2022 жылдың 20 желтоқсанында 1 келісім шарт мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болғаны анықталды.
9 тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 2 бап 22 тармағын және 5 бап 1 тармақ 2 тармақшасының талаптарын сақтамай, 2022 жылы мемлекеттік сатып алу порталында «Қазақстан Халық банкі» АҚ-мен банктің қаржылық қызметтері үшін және «Алматы Энергосбыт» ЖШС-мен электр энергиясы үшін шарт сомасын азайтуға қосымша келісім жасалмаған.
10 тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 2 бап 22 тармағын және 5 бап 1 тармақ 2 тармақшасының талаптарын сақтамай, 2022 жылы мемлекеттік сатып алу порталында «Казпошта» АҚ-мен келісім шарт жасалмаған.
11 тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығының 2 тарау 4 тармағының және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3 тарау 27 тармағының талабы сақталмай, мекемеге тіркелген жер учаскісі бухгалтерлік есепке алмағандықтан, қаржылық есептілікте де көрсетілмеген. Бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануына алып келді.
12 тармақ. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3 тарау 31 тармағының талабы сақталмай, 2022 жылдың қаржылық есептілігінің 1 нысаны 218 жолдың есепті кезеңнің басындағы бағанада қызметкерлер мен басқа да есеп беретін тұлғалар алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек сомасы дұрыс көрсетілмеген. Қаржылық есептіліктің 5-нысанының 14-кестенің деректеріне сәйкес 1-нысанның 218-жолында көрсетілген барлық сома пайдаланылмаған демалыстар бойынша резерв болып табылады. Ал 2022 жылдың №8 мемориалдық ордерінің деректеріне сәйкес жыл басында іссапар шығындары бойынша 131,1 мың теңге кредиторлық берешек болған. Бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануына алып келді.
13 тармақ. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3 тарау 31 тармағының талабы сақталмай, 2022 жылдың қаржылық есептілігінің 1 нысаны 218 жолдың есепті кезеңнің соңына қызметкерлер мен басқа да есеп беретін тұлғалар алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек сомасы дұрыс көрсетілмеген. Қаржылық есептіліктің 5-нысанының 14-кестенің деректеріне сәйкес 1-нысанның 218-жолында көрсетілген барлық сома пайдаланылмаған демалыстар бойынша резерв болып табылады. Ал қаржылық есептілікке түсіндірме жазбасына сәйкес жыл соңында іссапар шығындары бойынша 5,1 мың теңге кредиторлық берешек болған. Бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануына алып келді.
5. «Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» (өзгертулер мен қосымшалармен) қаулысының 2 тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тарауының 6 тармағының талаптарына қайшы, 2022 жылы іс сапарға шығуына негіз болатын мекеме басшысының бұйрығы шығарылмай, сонымен қатар, қызметкерлердің іссапары бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттар өткізілмей, Мекеме қызметкерлеріне іс-сапар шығындарын өтеуге 718,5 мың теңге көлемінде қаражаттар негізсіз төленген, оның ішінде:
Мекеме басшысы Зинахан Киргизбаевна Бошугуловаға, KZ726010002005757561 есепшотына 2022 жылдың ақпан айында 55 137 теңге, наурыз айында 12 968 теңге, сәуір айында 23 790,0 теңге, мамыр айында 27 013 теңге, маусым айында 18 379 теңге, шілде айында 36 758 теңге, тамыз айында 36 758 теңге, қыркүйек айында 18 379,0 теңге, қазан айында 55 137 теңге, барлығы 284 319 теңге төленген;
- мекеме бас есепшісі Асылзат Сахибековна Досановаға KZ416010002005859387 есепшотына ақпан айында 18 379 теңге, наурыз айында 18 379 теңге, сәуір айында 18 379 теңге, мамыр айында 27 013 теңге, маусым айында 8 634 теңге, шілде айында 18 379 теңге, барлығы 109 163 теңге төленген;
- мекеменің шаруа меңгерушісі Ерлан Орынбаевич Думшебаевқа KZ116010012005894701 есепшотына сәуір айында 18 379 теңге, мамыр айында 18 379 теңге, маусым айында 34 642 теңге, шілде айында 18 379 теңге, тамыз айында 49 726 теңге, қыркүйек айында 23 790 теңге, қазан айында 55 137 теңге, қараша айында 18 379 теңге, желтоқсан айында 6 126 теңге, барлығы 242 937 теңге төленген;
- мекеме басшысы Дарига Адилжановна Жанабиловаға KZ856010012005904815 есепшотына қараша айында 18 379 теңге, желтоқсан айында 18 379 теңге, барлығы 36 758 теңге төленген;
- бас есепші Акылбек Сахибекович Сайбусиновқа KZ346010002023763482 есепшотына қыркүйек айында 18 379 теңге, қазан айында 18 379 теңге, қараша айында 8 634 теңге, барлығы 45 392 теңге төленген.
Аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейінгі мерзімде аудит объектісімен негізсіз төленген қаражаттардың 345,2 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өтелді.
6. «Есік қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ. Мекеменің әкімшілік ғимаратының 119,1 шаршы метрін (321,6 куб.м) құрайтын қызметтік бөлмелері мекеме мен жалға алушылар арасында жасалынған келісім-шарттар негізінде аудитпен қамтылған мерзімде жалға берілген. Алайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алу) беру қағидаларының» 51 тармағының талаптары сақталмай, 2022 жылы аралығында 318,0 мың тенгені құрайтын коммуналдық қызметтер үшін төлемдердің өтелмегені анықталды, атап айтқанда:
1. Мекеме мен «Еңбекшіқазақ редакциясы» ЖШС-гі арасында 11.07.2022 жылғы №26752-О-ЭТП келісім-шарт жасалып 80,6 шаршы метрді (217,62 куб.м) құрайтын қызметтік кабинеттер жалға берілген, соның ішінде 2022 жылдың коммуналдық қызметтер ақысы, оның ішінде жалға алынған қызметтік кабинеттерді жылыту ақысы төленбеген:
- ғимаратты жылытуға 129,6 мың тенге.
Аталған келісім-шарттың 4-ші тарауының 12-ші тармағы талаптары орындалмай мекемеге барлығы 129,6 мың тенгеге зиян келтірілген.
2. Мекеме мен «Алматы облысы білім беру мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық комитеті филиалы арасында 12.07.2022 жылғы №26753-О-ЭТП келісім - шарт жасалып 38,5 шаршы метрді (104 куб.м) құрайтын қызметтік кабинеттер жалға берілген, оның ішінде 2022 жылдың коммкналдық қызметтер ақысы төленбеген, оның ішінде төленбегені:
- қызметтік кабинетті жылытуға 62,6 мың тенге. Аталған келісім-шарттың 4-ші тарауының 12-ші тармағы талаптары орындалмай мекемеге барлығы 62,6 мың тенгеге зиян келтірілген.
3. Мекеме ғимаратының екінші қабатында «Аманат» партиясы Қоғамдық Бірлестігінің «Еңбекшіқазақ аудандық филиалы» 78,7 шаршы метрді құрайтын қызметтік кабинеттерде орналасқан. Осы аталған қызметтік кабинеттер 2014 жылдың 10 желтоқсанында Есік қаласы Әкімінің бекітуімен Нұр Отан партиясының жеке меншігіне берілген. Жеке меншікке өткізілген кабинеттердің жарық жүйесіне жеке электр жүйесі құрылып электросчетчик қойылған. Бірақта, қабылдап алынған 78,7 шаршы метрді құрайтын кабинеттер «Есік қаласы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жылыту жүйесіне қосылған. Мекеме мен «Аманат» партиясы Қоғамдық Бірлестігінің «Еңбекшіқазақ аудандық филиалы» арасында коммуналдық шығындарды төлеу туралы келісім-шарт жасалынбаған және ешқандай төлемдер жасалынбаған. Соның салдарынан мекемеге 2022 жылы 125,8 мың теңгеге шығын келтірілген.
Аудит жургізу барысында мекеменің қызметтік кабинеттерін жалға алушылардың төленбеген коммуналдық шығындары жергілікті бюджет есебіне құйылды.
7. «Енбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» (өзгертулер мен қосымшалармен) қаулысының қағидасының 2 тармағының талаптары сақталмай 2022 жылдың 15 шілдесінде № 206 төлем тапсырмасымен мекеме басшысы С.Б.Айтбаевқа іс сапар шығындарына 18 378 теңге және 2022 жылдың 26 қазанында № 319 төлем тапсырмасымен мекеменің бас маманы Н.О.Исмаиловаға 60220 теңге төленген, алайда аудит барысында іс сапарға шығуына негіз болатын округі әкімінің өкімі шығарылмағаны анықталды, яғни іс-сапар шығындарына төленген 78,6 мың теңге негізсіз болып табылады.
8. «Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекiтiлген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағы 1 тармақшасының талабы сақталмай, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2022 жылғы 31 наурыздағы №71-к өкімімен Бөлек ауылдық округінің әкімі әкімі Изиев Асыл Сериковичке ескерту түрінде тәртіптік жаза жарияланған, алайда тәртіптік жаза алынбағанына қарамастан Бөлек ауылдық округі әкімінің 2022 жылдың 05 мамырдағы №18 өкімі негізінде Қазақстан Республикасы халқының бірлігі – 1 мамыр және Жеңіс күні – 9 мамыр мемлекеттік мерекелерінің құрметіне 313,4 мың теңге мөлшерінде сыйақы негізсіз есептеліп төленген. Аудит барысында аталған бұзушылыққа жауаты болған бас маман Байәділ Айдарұлы Әділбайдың 2022 жылдың 01 қарашасында жұмыстан босатылуна байланысты түсініктеме алу мүмкін болмады. Аудит барысында 313,4 мың теңге 2023 жылдың 27 қазандағы №620300062750 түбіртекпен бюджет есебіне қайтарылды.
9. «Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырындағы №256 қаулысының 1 тарау 2-тармағының талаптары орындалмаған, атап айтқанда 2022 жылдың 03 тамызында негізсіз А.Кадыроваға 24,5 мың теңге іс – сапар шығындары есептеліп төленгені анықталды, аудит барысында аталған қаржылық бұзушылық бюджет есебіне қайтарылды.
2 тармақ. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3 тарау 31 тармағының талабы сақталмай, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық төлемдеріне аударымдар жөніндегі салық кабинетінен түсірілген салық төлеушінің дербес шотының деректеріне сәйкес 2022 жылдың 01 қаңтарындағы қаржылық есептілігінің ҚЕ-1 нысаны бойынша есепті кезеңнің бухгалтерлік балансында мекеменің төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша – 17,8 мың теңге дебиторлық және әлеуметтік салық бойынша – 102,2 мың теңге сомасында кредиторлық берешек көрсетілмеген. Бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануына алып келді
10. «Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ. 13,7 мың теңге 1370,0*8) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 24-тармағында және шарттың 8-тармағында көзделген орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептелмеген.
2 тармақ. Заңның 11-бабы 4-тармағының талаптары орындалмады мекеме «А Global group» ЖШС-ні мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінген жоқ.
11. «Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.09.22 №1428 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ереженің 2-тармағын бұза отырып (өзгерту және толықтыру) Малыбай ауылдық округінің әкімі Б. А. Аухадиевке негізсіз, яғни Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.09.22. № 1428 қаулысымен бекітілген Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі семинарға растайтын құжаттарсыз қатысу (жоғары тұрған органның өкімі және семинардың өткізілгенін растайтын құжаттар, хат, шақыру және т. б.) Малыбай ауылдық округі әкімі О. Төлеповтың 2022 жылғы 11 шілдедегі №16 өкімі негізінде 3 тәулікке 42,9 мың теңге сомасына іссапар шығыстары төленді.
12. «Еңбекшіқазақ ауданының Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2020 ж. №256 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ереженің 3-тармағының 2-тармақшасын бұза отырып, мекемесінің бас маманы А. Б. Сананға 12,2 мың теңге сомасына тұрғын үй жалдау бойынша шығыстар, сондай-ақ, мекеме бас маманының м.а. Р.Р. Ниязоваға тұрғын үйді жалдау бойынша 18,4 мың теңге негізсіз төленді, бұзушылықтардың жалпы сомасы 30,6 мың теңгені құрады.
13. «Еңбекшіқазақ ауданының Байтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ. Іс-сапарға жіберу туралы округ әкімі А.Нурлановтың 09.03.2022ж. №11 н/қ өкімінің 1 тармағы 2) тармақшасының талаптары сақталмай Ермек Бақбергенұлы Тұрғынбайдың 21.06.2022 №4 аванстық есебінде тәулік шығындары 6,1 мың теңгеге артық төленген және тұрғын үй- жайды жалдау шағындары 24,5 мың теңгені құраған, барлығы 30,6 мың теңге негізсіз төленгені анықталды.
Сонымен қатар, А.Нурлановтың 09.03.2022ж. №11 н/қ өкімінің 1 тармағы 2) тармақшасының талаптары сақталмай Амырканова Замира Маратовнаның 04.07.2022 №5 аванстық есебінде тәулік шығындары 6,1 мың теңгеге артық төленген және тұрғын үй - жайды жалдау шағындары 24,5 мың теңгені құраған, барлығы 30,6 мың теңге негізсіз төленгені анықталды. Осы аталған сомалар бюджет есебіне қайтаруға жатады.
14. «Еңбекшіқазақ ауданының Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
Тармақ 1. Алайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысының 2 тарау 3 тармақ 2 тармақшасының талаптары сақталмай Нарымбаев Санат Есенұлының 30.04.2022 №1 аванстық есебінде тұрғын үй - жайды жалдау шығыстары 12,3 мың теңгеге негізсіз артық төленгені анықталды, сонымен қатар:
- Умербеков Талгат Алтынбековичке 27.10.2022 №6 аванстық есебінде тәулік шығындары 6,1 мың теңгеге негізсіз артық төленгені анықталды;
- Рузахунов Айшрахун Иджановичке 27.10.2022 №6 аванстық есебінде тәулік шығындары 6,1 мың теңгеге негізсіз артық төленгені анықталды;
- Нарымбаев Санат Есенұлының 31.10.2022 №5 аванстық есебінде мекеме басшысының бұйрығынсыз 27,1 мың теңгені негізсіз төленгені анықталды. Осы аталған сомалар бюджет есебіне қайтаруға жатады.
15. «Енбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ: Аудитке ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2022 жыл қорытындысы бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 65 624 теңге дебиторлық және әлеуметтік салық бойынша 52 770 теңге кредиторлық, барлығы 118,4 мың теңге көлемінде қарыздар қалыптасқаны анықталды.
16. «Еңбекшіқазақ ауданының Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу туралы» Қағидаларының және (әрі қарай - № 393 Қағида) 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.
Аудит барысында Мекемемен ұсынылған тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасындағы өзара есеп айырысу актілеріне сәйкес, 2022 жылдың 31 желтоқсанына «Алматы Энерго Сбыт» ЖШС-гіне 869,9 мың теңге артық төленгені анықталған.
Тексеру комиссиясының отырысына дейінгі мерзімде аудит объектісімен анықталған бұзушылықтар бухгалтерлік анықтама бере отырып жойылды. Тиісті жауапты тұлға әкімшілік құқықтық жауапкерішілікке тартылды.
17. «Еңбекшіқазақ ауданының Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» №393 Бұйрығының 4, 15 тармақтарының, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3 тарау 25 тармағының талаптары сақталмай 2023 жылдың 01 қаңтарындағы қаржылық есептілігінің ҚЕ-1 нысаны бойынша есепті кезеңнің бухгалтерлік балансында мекеменің төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 76,8 мың теңге және әлеуметтік салық бойынша 3,8 мың теңге сомасына дебиторлық берешек көрсетілмеген. Бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануына алып келген. 2023 жылғы 03 қарашадағы бухгалтерлік анықтамамен 2022 жылға 80,6 мың теңге сомасына тиісті бухгалтерлік жазбалар мен түзетулер жүргізілді.
18. «Еңбекшіқазақ ауданының Масақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ. Мемлекеттiк сатып алу Заңының 43 бабының 22 тармағының талаптары сақталмаған, яғни тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімін он бес күнтізбелік күннен кем белгіленгені анықталды.
2 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының 2 тарау 6-тармағының талабы басшылыққа алынбай 2022 жылдың ішінде іссапар туралы есептер бес жұмыс күнiнде тапсырылмағандығы анықталды.
3 тармақ. Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2016 жылғы №1181 қаулысымен бекітілген, тізбесіне сәйкес нормаларды бұза отырып, Ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, Мекемемен «ШЫНАРГУЛ» ЖК арасында 2022 жылдың 27 шілдесінде № 40 келісім шарты және «КЕРБЕЗ» ЖК арасында 2022 жылдың 21 қарашасында № 56 келісім шарттары бойынша «қоқысқа арналған қаптар» жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды.
19. «Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ. 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ" Еңбек кодексінің " 103 - бабының 1-тармағын бұза отырып, мекеме басшысы Қ. Қ. Ақшабаевқа 2022 жылғы тамызда негізсіз (жұмыс істемеген уақыт үшін) жалпы сомасы 87,1 мың теңгеге жалақы төленді.
20. «Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен және ҚР ҚМ 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 236,243-тармағының және Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттары Жоспарының 16-тармағының талаптары бұзылды, атап айтқанда 20.12.2022 жылғы №№ 55-56 Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша сатып алынған, 23.12.2022 жылғы №№ 57,59 қосымша келісімдер негізгі құралдар-офистік компьютер, ноутбук-жалпы сомасы 450,0 мың теңгеге 1 бірлік мөлшерінде мекеменің бухгалтерлік есебінде көрсетілмеген.
21. «Еңбекшіқазақ ауданының Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ. Мемлекеттік сатып алулардың веб-порталынан алынған мәліметтерге сәйкес, Автокөлік жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2022 жылдың 27 қыркүйегінде «САМҒАУ-01» ЖШС-мен 240,0 мың теңгеге № 19 келісім-шарты түзілген, жұмыстарды атқару мерзімі 2022 жылдың қыркүйек айына белгіленген.
Жұмыстардың орындалуы туралы электрондық актіге сәйкес, автокөлік жөндеу жұмыстары 2022 жылдың 04 қазанында немесе белгіленген мерзімнен 4 күнге кешіктіріліп аяқталған.
Өз кезегінде, тұрақсыздық айыбы (240000*0,1%/100*4) 960 теңгені құрайды.
2 тармақ. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 12-бабы, 4-тармағы, 3) тармақшасына сәйкес, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті.
Алайда «Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан «САМҒАУ-01» ЖШС-не қатысты жоғарыда аталған тиісті шаралар қолданылмаған.
3 тармақ. Аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, 2022 жылдың 12 желтоқсанындғы № 66/391 бюджеттік өтініміне және қосымшаларына сәйкес «Әкімшілік ғимаратын ағымдағы ағымдағы жөндеу» жұмыстарына 3066,0 мың теңгеге сұраныс беріліп, мақұлданып, желтоқсан айында берілген.
Алайда, аталған жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік сатып алу жүргізілмей, оған бөлінген қаражаттардың 2 542,4 мың теңгесі жыл аяғында Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты қызметкерлеріне сый ақы ретінде аударылып төленген.
Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеу туралы» бірыңғай Ережесінің 13-тармағына сәйкес, сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.
Демек, қызметкерлерге сый ақы ретінде жоғарыда аталған қаражаттарды төлеу негізсіз болып табылады және тиісті тұлғалардан жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жатады.
4 тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу туралы» Қағидаларының және (әрі қарай - № 393 Қағида) 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.
Аудит барысында Мекемемен ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2022 жыл қорытындысы бойынша Мекеме бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 202 203 теңге кредиторлық және әлеуметтік салық бойынша 290 589 теңге дебиторлық, барлығы 492,8 мың теңге көлемінде қарыздар қалыптасқаны анықталды.
Алайда, аудитке ұсынылған жылдық есептілікте (бухгалтерлік баланс) аудит барысында анықталған берешектер көрсетілмеген немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.
Аудит барысында ұсынылған бухгалтерлік анықтамаға сәйкес, жоғарыда көрсетілген дебиторлық және кредиторлық қарыздар бухгалтерлік есепке алынды.
5 тармақ. Мемлекеттік сатып алулардың веб-порталынан алынған мәліметтерге сәйкес, қар күрейтін күрек сатып алу үшін 2022 жылдың 27 қыркүйегінде «Zholdas» ЖК-мен 42,2 мың теңгеге № 17 келісім-шарты түзілген, жұмыстарды атқару мерзімі 2022 жылдың тамыз айына белгіленген.
Тауар жеткізушінің қорларды бір жаққа жіберуге арналған жүкқұжатына сәйкес, аталған тауар жеткізушімен 2022 жылдың 06 қыркүйегінде немесе белгіленген мерзімнен 6 күнге кешіктіріліп аяқталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 43-бабы 13-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шартта мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) көзделуге тиіс.
Өз кезегінде, тұрақсыздық айыбы (42200*0,1%/100*6) 253 теңгені құрайды.
6 тармақ. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 12-бабы, 4-тармағы, 3) тармақшасына сәйкес, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті.
Алайда «Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан «Zholdas» ЖК-не қатысты жоғарыда аталған тиісті шаралар қолданылмаған.
7 тармақ. Мемлекеттік сатып алулардың веб-порталынан алынған мәліметтерге сәйкес, Сөгеті ауылдық округіне минифутбол алаңын орналастыру жұмыстарын жүргізу үшін 2021 жылдың 01 қарашасында «Кенженова» ЖК-мен 12 544,0 мың теңгеге № 27 келісім-шарты түзілген, жұмыстарды атқару мерзімі шарт жасалғаннан кейін 90 күнтізбелік күн ішінде деп белгіленген, келісім-шарт келесі жылға өтпелі болып табылады.
2022 жылдың 07 қарашасында негізгі келісім-шартқа қосымша келісім жасалып, жұмыстарды атқару мерзімі шарт жасалғаннан кейін 30 күнтізбелік күн деп белгіленген. Жалпы алғанда, аталған жұмыстардың аяқталу мерзімі 2022 жылдың 30 қаңтарын білдіреді.
Жұмыстардың орындалуы туралы электрондық актілерге сәйкес, Сөгеті ауылдық округіне минифутбол алаңын орналастыру бойынша 10 326,0 мың теңге көлеміндегі жұмыстар 2021 жылдың аяғына дейін атқарылған.
Қалған 2218,0 мың теңге көлеміндегі жұмыстардың орындалуы туралы электрондық актісі 2022 жылдың 22 қарашасында өткізілген немесе 296 күнге кешіктіріліп атқарылған болып тұр.
Аудит барысында Мекемемен аталған жұмыстарды өткізіп беру-қабылдап алу актісі ұсынылмады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 43-бабы 13-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шартта мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) көзделуге тиіс.
Өз кезегінде, тұрақсыздық айыбы 656,5 мың теңгені құрайды.
8 тармақ.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 12-бабы, 4-тармағы, 3) тармақшасына сәйкес, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті.
Алайда «Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан «Кенженова» ЖК-не қатысты жоғарыда аталған тиісті шаралар қолданылмаған.
22. «Еңбекшіқазақ ауданының Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығының 3-тарау, 25 тармағының талаптары сақталмай, 2022 жылдың бухгалтерлік баланстың ҚЕ-1 нысаны бойынша 013 код жолында 1 087,7 мың теңге дебиторлық берешек қаржылық есептілікте көрсетілмеген, осылайша қаржылық есептілік сенімді және толық көлемді болмай, қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкелді.
23. «Еңбекшіқазақ ауданының Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2018 ж. №256 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ереженің 3-тармағының 2-тармақшасын бұза отырып, жетекші маман А. Г. Әшімовке 42,9 мың теңге іссапар шығыстары негізсіз, яғни бұйрықсыз төленді.
24. «Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Еңбекшіқазақ ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 тармақ: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 72-бабының талаптары басшылыққа алынбай, Мекеме 2021 жылдың 17 қарашасынан бастап «Еңбекшіқазақ ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-мен уақытша келісім шарттарынсыз ғимаратында орналасқан.
2 тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығының 3-тарау, 31 тармағының талаптары сақталмай, 2022 жылдың бухгалтерлік баланстың ҚЕ-1 нысаны бойынша 218 код жолында қызметкерлердің пайдаланылмаған демалыстарының резерві бойынша 170,1 мың тенге 2-қызметкерге көрсетілген, алайда мекеме бойынша 32 қызметкерге 1 766,2 мың тенге кем көрсетілгені анықталды, осылайша толық көлемді болмай, бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкелді.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):________________________(болған жағдайда).
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін жалпы сомасы 2027,8 мың теңге тиісті бюджет есебіне өтелді, 6974,7 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының тармақтарына сәйкес 16 лауазымды тұлғаны, 207 бабының тармақтарына сәйкес 5 лауазымды тұлғаны, 234 бабының тармақтары бойынша 2 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуға тиісті құжаттар (материалдар) жолданды.
Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде қаралуда.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
1. Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 5 749 139,0 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 14 500,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: 12 775,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 1 180,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 544,9 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланулар.
Сонымен бірге 21 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі» кодексінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі талаптарының сақталмауынан орын алған.
3. Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау және пайдалану кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынан 1 180,9 мың теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына жол берілген.
4. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының тиісті талаптарын сақтамау салдарынан 544,9 мың теңге бюджет қаражатының тиімсіз шығысталуына жол берілген.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.
Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерінің Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралуын.
2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрмалануына жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында тиісті бюджет есебіне өндірілген 2027,8 мың теңге және есептілік бойынша қалпына келтірілген 6974,7 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілсін.
3. Аудит барысында анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында тиісті аудит объектілеріне жергілікті бюджет есебіне 3773,4 мың теңге қаржылық бұзушылықтар сомасын өндіру және жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы Нұсқамалар жолдансын.
3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.
Тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Үсенбаев
Аудит жүргізуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы Н.Қалқаев
Сапа бақылауына жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева
Құқықтық сүйемелдеуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Құлмұхамбетова
Аудит тобының жетекшісі Н.Қалқаев