Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 28.12.2023 | |
Просмотры: 872 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
«Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті
Арна ауылы 2023 жыл
Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М. Мұсаевқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлім
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудит объектісі: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2022 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау
«Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік, сауда, индустриялық-инновациялық даму және жер қойнауын пайдалану салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Облыста өнеркәсіп саласында барлығы 1600 - ден астам кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде ірі - 29, орта - 69, қалған 1579-ы шағын кәсіпорындар. Өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің саны - 80 мыңнан астам адам, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтіндердің саны - шамамен 60 мың адам.
2022 жылғы қаңтар - маусымда өнеркәсіп көлемі 716,0 млрд.теңгені құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінен 145,6 млрд. теңгеге артық (570,4 млрд. теңге).), НКИ - 106,2% (ҚР бойынша НКИ-103,5%).
Өңдеу өнеркәсібінде 765,2 млрд.теңгеге өнім өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 162,7 млрд. теңгеге артық (602,5 млрд. теңге).), НКИ - 104,6% (ҚР бойынша НКИ-104,9%).
2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында 13 нысан іске қосылды, жұмыс істеп тұрған 5 объектіде - кеңейту, 437 жұмыс орны құрылды.
Жалпы, бүгінгі таңда Алматы облысының инвестициялық қоржыны 2021 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңде 8,9 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 871,7 млрд.теңге сомасына іске асырудың әртүрлі сатысындағы 138 жобаны қамтиды (ҚМЖ жүргізілуде, жер учаскелері ресімделді, жобалық құжаттама әзірленді, қаржыландыру расталды).
Оның ішінде:
- шетелдік инвесторлардың қатысуымен-296,2 млрд. теңгеге 11 жоба, 2000-нан астам жұмыс орнын құрумен;
- ЖЭК саласында-53,4 млрд теңгеге 2 жоба. 46 жұмыс орнын құрумен;
Ағымдағы жылы облыста жалпы сомасы 177,2 млрд. теңгеге, 2,8 мыңнан астам жұмыс орындарын құрумен 50 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап 7 жоба енгізілді (14,7 млрд. теңге, 290 жұм. орын) оның ішінде Іле ауданында 200 жұмыс орнын құра отырып, құны 12 млрд.теңге болатын, қуаты жылына 48,4 млн. жұмыртқа беретін «Nauryz Agro» ЖШС Алматы асыл тұқымды құс репродукторының 2 кезеңінің құрылысы сияқты ірі жобаны атап өтуге болады.
Бұдан басқа, ағымдағы жылдың басынан бері инвестициялар тарту бойынша жұмыс шеңберінде 500-ден астам жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 106,2 млрд. теңгеге инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы 2 меморандумға қол қойылды.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері
Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:
Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 16 998 309,0 мың теңгеге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылды және жалпы сомасы 96 587,2 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:
- 85 143,2 мың теңге бюджет қаражаты мен активтерді пайдалану кезіндегі бұзушылықтар (оның 82 572,9 мың теңгесі өтелуге, 2 570,3 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады);
- 11 444,0 мың теңгеге көлеміндегі бюджет қаражаттары тиімсіз жоспарланған.
Сонымен қатар, 6 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы:
1 тармақ: Аудитке ұсынылған бюджеттік өтініміне (қосымшаларымен) сәйкес Мекемеге қажетті өзге де қорларды сатып алуға 2021 жылдың басында 001 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен 149 «Өзге де тауарларды сатып алу» ерекшелігіне 8 444,0 мың теңге бөлінген.
Сондай-ақ, бюджеттік өтінімдерге (қосымшаларымен) сәйкес Мекеменің өзге де қорларды сатып алу шығындарына 2022 жылға 6 249,4 мың теңге қажет болса, жыл басында нақтысында 001 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен 149 «Өзге де тауарларды сатып алу» ерекшелігіне 3000,0 мың теңге бөлінген.
Аудитпен қамтылған мерзімдегі Мекемемен жүргізілген төлемдерге қатысты құжаттарды, өткізілген сатып алуларды тексеру барысында аталған ерекшелікке қаралған қаражаттар сатып алулар жүргізілмей, қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу арқылы 2021-2022 жылдары «Өзге де тауарларды сатып алу» ерекшелігіне бөлінген барлығы 11 444,0 мың теңге толығымен өз мақсатында жұмсалынбай, жыл бойы басқа да ерекшеліктерге жылжытылып игерілген, яғни, Басқармаға өзге де қорларды сатып алу қажеттілігі туындамағандығын білдіреді.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 12-4) тармақшасына сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану, 4-бабы 9) тармақшасына сәйкес негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану және 12) тармақшасына сәйкес тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару керектігі белгіленген.
Демек, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен көзделген принциптер мен қағидаттарына қайшы, жоғарыда аталған қаражаттар негізсіз жоспарланған болып табылады.
2 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 3 тарауының 47 тармағы мен 49 тармағының талаптарын және 3-тараптық шарттың 12 - тармақшасын, 6-тармағын бұза отырып, аудиттелетін кезеңде грант бойынша берілген 62 500,0 мың теңге мөлшерінде пайдаланылмаған немесе нысаналы емес мақсатта пайдаланылған ақшалай қаражатты қалпына келтіру және өтеу жөнінде басқармамен ешқандай шаралар қабылданбаған. Бұдан басқа, басқармамен мониторинг туралы есептің нәтижелерін қарау жөніндегі комиссия құрылмаған.
3 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 3 тарауының 47 тармағы мен 49 тармағының талаптарын және 3-тараптық шарттың 12 - тармақшасын, 6-тармағын бұза отырып, аудиттелетін кезеңде грант бойынша берілген 20 000,0 мың теңге мөлшерінде пайдаланылмаған немесе нысаналы емес мақсатта пайдаланылған ақшалай қаражатты қалпына келтіру және өтеу жөнінде басқармамен ешқандай шаралар қабылданбаған. Бұдан басқа, басқармамен мониторинг туралы есептің нәтижелерін қарау жөніндегі комиссия құрылмаған.
4 тармақ. Автоматтық цифрлық шағын телефон станциясын және диктофонды мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 2021 жылдың 24 қарашасында Басқарма мен «НАЗ-АРУ» ЖК арасында 2 561,4 мың теңгеге келісім-шарт жасалған.
Келісім-шарттың 3.1-тармағы 2) тармақшасымен Өнім берушіге Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде Шарттың жалпы сомасының 3 пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын енгізу міндеттемесі көзделген.
Алайда сатып алудың веб-порталы мәліметтеріне сәйкес, аталған Өнім беруші тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізілмеуі себепті келісім-шарт біржақты тәртіпте бұзылған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 44-бабы 1-тармағына сәйкес, егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (ол болған кезде) енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.
Осы Заңның 12-бабы, 4-тармағы, 3) тармақшасына сәйкес, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті.
Алайда «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі тарапынан «НАЗ-АРУ» ЖК-не қатысты Заңмен белгіленген шаралар қолданылмаған.
5 тармақ. Автоматтық цифрлық шағын телефон станциясын мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 2021 жылдың 07 қазанында Басқарма мен «City plus» ЖШС-гі арасында 2 414,6 мың теңгеге келісім-шарт жасалған.
Келісім-шарттың 3.1-тармағы 2) тармақшасымен Өнім берушіге Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде Шарттың жалпы сомасының 3 пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын енгізу міндеттемесі көзделген.
Алайда сатып алудың веб-порталы мәліметтеріне сәйкес, аталған Өнім беруші тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізілмеуі себепті келісім-шарт біржақты тәртіпте бұзылған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 44-бабы 1-тармағына сәйкес, егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (ол болған кезде) енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.
Осы Заңның 12-бабы, 4-тармағы, 3) тармақшасына сәйкес, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті.
Алайда «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі тарапынан «City plus» ЖШС-не қатысты Заңмен белгіленген шаралар қолданылмаған.
6 тармақ. 2022 жылдың 29 қарашасында Басқарма мен «Жумабаев» ЖК арасында 1 679 125 теңгеге 7 дана ноутбук сатып алу үшін № 39 келісім-шарты жасалған. Міндеттемелердің орындалу мерзімі келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін 15 күнтүзбелік ішінде деп белгіленген. Алайда, аудит барысында Өнім беруші тарапынан міндеттемелер мүлдем орындалмағаны анықталды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 12-бабы, 4-тармағы, 3) тармақшасына сәйкес, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті.
Алайда «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі тарапынан «Жумабаев» ЖК-не қатысты жоғарыда аталған тиісті шаралар қолданылмаған.
7 тармақ. 2022 жылдың 14 желтоқсанында Басқарма мен «Atakent-kz» ЖШС арасында 032 015 414 бюджеттік бағдарламасымен 2 447 200 теңгеге, 10 дана офистік моноблок (универсальный) № 45 келісім-шарты жасалған. Міндеттемелердің орындалу келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін 15 күнтүзбелік ішінде келісім-шартты орындалуы міндеттелген. Алайда, Өнім беруші жасалған келісім-шарттын жоғарыда аталған өз міндеттемелерін орындамағандығы анықталды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 12-бабы, 4-тармағы, 3) тармақшасына сәйкес, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті.
Алайда «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі тарапынан «Жумабаев» ЖК-не қатысты жоғарыда аталған тиісті шаралар қолданылмаған.
8 тармақ. Жалпы алғанда, Басқарманың ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын нығайту үшін 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаражаттар 2021 жылы тамыз айында және 2022 жылы мамыр айында бөлінген. Алайда жоғарыда көрсетілген игерілмеген қаражаттарға міндеттемелер қабылданбаған болып отыр.
Бұл өз кезегінде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 10) тармақшасымен көзделген Қазақстан Республикасы бюджет жүйесі негізделетін уақтылылық қағидатының (міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жүргізу және бюджет қаражатын алушылардың шоттарына бюджет қаражатын аудару) басшылыққа алынбағандығын көрсетіп отыр.
9 тармақ. 2022 жылдың 23 мамырында Басқарма мен «КазКом Контракт» ЖШС-гі арасында 051/015/431 бюджеттік бағдарламасымен 6 236 100 теңгеге Алматы облысының Талғар ауданында «Индустриалдық аумағында инженерлік-көлік инфрақурылымын салуына» Сыртқы электрмен жабдықтау» сметалық жоба қужаттарын дайындау жұмысына № 11 келісім-шарты жасалған. Міндеттемелердің орындалу келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін 3 ай ішінде деп белгіленген, яғни 23 тамызында.
Аудит барысында Мекемемен ұсынылған құжаттарға, немесе сәйкес аталған келісім-шарт бойынша № 12 орындалған жұмыстар акітісіне сәйкес, жоғарыда көрсетілген жұмыстарды Тапсырыс берушіге 2022 жылдың 23 тамызында міндеттемелер 99 күнге кешіктіріліп орындалған.
Аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының (әрі қарай - Заң) 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 7.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған.
Өз кезегінде, Мердігерге есептелінетін тұрақсыздық айыбы (736,1 мың теңге *0,1%* 99 күн) 72 873,9 теңгені құрап отыр.
10 тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 12 бап 4 тармағына сәйкес, Мекеме «КазКом Контракт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
Әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеген үшін әкімшілік жауапкершілік 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207-бабының 10 тармағы көзделген.
11 тармақ. Аудитке ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2022 жыл қорытындысы бойынша Мекеме бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 1 363 002 теңге және әлеуметтік салық бойынша 1 207 349 теңге көлемінде артық төленгені, немесе барлығы 2 570 351 теңге көлемінде дебиторлық берешектер қалыптасқаны анықталды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидаларының 15-тармағымен мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс екендігі белгіленген.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): _______________________________________________________
(болған жағдайда)
III. Қорытынды бөлім
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін қаражат бюджетке түскен кездегі бұзушылықтар бойынша 72,9 мың теңге тұрақсыздық айыбы толық жергілікті бюджет есебіне өтелді және де 2570,3 мың теңге көлеміндегі дебиторлық берешектер бухгалтерлік есептілікте қалпына келтірілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидаларының 15-тармағының талаптары сақталмаған, осы бойынша Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 238 бабына сәйкес жауапты тұлғаға әкімшілік жаза қолдануға Алматы облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаментіне 1 материал, 207 бабына сәйкес жауапты тұлғаларға әкімшілік жаза қолдануға Алматы облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаментіне 5 материал жолданды.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қорытындылар:
1. Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 16 998 309,0 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылды және жалпы сомасы 85 143,2 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, 11 444,0 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және 6 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
2. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларының, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV «Бюджет кодексінің» талаптарын сақтамау салдарынан жіберілген.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.
«Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерінің Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
2. Аудит объектісі тарапынан анықталған заңбұзушылықтардың салдарын барынша азайтуға бағытталған, атап айтқанда тұрақсыздық айыбының өтеу және бухгалтерлік есепке алу жолымен қалпына келтіру, шаралары назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілсін.
3. Аудит объектісіне 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілген мемлекеттік гранттар бойынша пайдаланылмаған немесе нысаналы емес мақсатта пайдаланылған 82 500,0 мың теңге көлеміндегі қаражаттардың өтелуін қамтамасыз ету және жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы Нұсқама жолдансын.
3.4. Қосымша: Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (4 парақта).
Тексеру комиссиясының мүшесі Қ. Есенаманов
№2 мемлекеттік аудит бөлімінің
басшысы-мемлекеттік аудитор А. Сәді
Талдау, сапаны жоспарлау және
бақылау бөлімінің басшысы
-мемлекеттік аудитор С. Елубаева
Әкімшілік-құқықтық бөлімінің
бөлімінің басшысы
-мемлекеттік аудитор А. Кулмухамбетова
Аудит тобының басшысы
бас маман-мемлекеттік аудитор Ш. Бектенова