Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Активтерді басқару тиімділігінің мемлекеттік аудиті

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 29.02.2024
Просмотры: 1088 Печать страницы

 

 

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

Активтерді басқару тиімділігінің мемлекеттік аудиті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арна  ауылы  2024 жыл

 

Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М. Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлім

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Активтерді басқару тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Активтерді басқару тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:

1. «Талғар жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

2. «Еңбекшіқазақ аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Есік су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

3. Райымбек ауданының «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылылар көлігі, автомабиль жолдарыжәне тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Райымбек ауданындағы «Байынқол су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

4. «Іле ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Іле Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

5. Ұйғыр ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ұйғыр ауданының су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

6. Кеген ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Кеген су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

7. «;

8. «Жамбыл ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мыңбаев су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

9. Қарасай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таусамалы қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

10. Талғар аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Талғар ауданындағы «Талғар су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

11. «Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шеңгелді су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

«Қонаев су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2021-2022 жылдарғы бухгалтерлік есептің бастапқы құжаттарын, банктің үзінділерін, жалақы есептеу ведомостарын, жол парақтарын, ТМҚ есептен шығару, бухгалтерлік құжаттарын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жөніндегі құжаттарын Қонаев қаласы прокуратурасының 08.02.2023 ж. №2-0402-23-00271 хатына сәйкес алып қоюына байланысты «Қонаев су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2023 жылға арналған аудит объектілері тізбесінен алынып тасталды (тексеру комиссиясының мүшесі Е. Байғалықтың 28.07.2023 ж. №03-16-1/164 қызметтік жазбасы).

Сонымен қатар Балқаш ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Балқаш Таза Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен аудит жүргізуге талап етілген құжаттар тапсырылмаған, осы бойынша Алматы облысының прокуратурасына, Қазақстан Республикасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне, Қазақстан Республикасы қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне, Алматы облысының полиция департаментіне хаттар жолданып, әкімшілік және қылмыстық құрамы анықталмағаны жөнінде жауаптар алынды. Осыған байланысты Балқаш ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Балқаш Таза Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны аудиторлық іс-шарадан шығарылып, 2024 жылға арналған аудит объектілері тізбесінен алынып тасталды (тексеру комиссиясының мүшесі А. Қондыбаеваның 07.02.2024 ж. №03-43/48 қызметтік жазбасы).

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2022 жылдың  31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау

Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтер «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес бекітілген сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартқа сәйкес қызмет көрсетуші мен тұтынушы арасында жасалған шарт негізінде көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің сумен жабдықтау жүйесінен құрылыс объектісінің сумен жабдықтау желісін ауызсумен жуу және дезинфекциялау кезінде пайдаланылған судың көлемі көрсетілетін қызметті берушінің келісімі бойынша құрылыс салушы белгілейтін ауызсуды есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша айқындалады.

Қызмет көрсетуші мен тұтынушы сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қызмет көрсетеді және әрқайсысы өз пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы шегінде олардың қалыпты техникалық жағдайын қамтамасыз етеді.

Есепке алу аспаптарын бастапқы орнатуды қызмет көрсетуші немесе қызметтің осы түрін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар басқа ұйым тұтынушымен жасалған жеке шарт негізінде жүзеге асырады.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:

Активтерді басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 19 697 378,5 мың теңгеге активтердің сомасы қамтылды және жалпы сомасы 1 023 711,7 мың теңгеге Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 3 864,2 мың теңге қаражат бюджетке түскен кездегі бұзушылықтар;

- 1 019847,5 мың теңге активтерді пайдалану кезіндегі  бұзушылықтар (оның 156,2 мың теңгесі өтелуге, 1 019 691,3 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады).

Сонымен қатар 772 481,4 мың теңге активтерді тиімсіз пайдаланулар және 14 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

1. «Талғар жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны:

1 тармақ.  Кәсіпорын басшысы Б.Т.Битебаевтың бұйрықтары негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тарауының 3 тармағының талаптары сақталмай  2021 жылы әр іс сапарға барған қызметкерге әрбiр күнi үшiн үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 тәулiкақы артық төленген, атап айтқанда:

Б.Битебаевқа- 17 502 теңге, Н.Ешенгалиевқа- 17 502 теңге, Г.Куртибаеваға- 5 834 теңге, Г.Пиликинаға- 2 917 теңге, 2021 жылы артық төленген шығындар 43 755 теңгені құраған.

Сонымен қатар, 2022 жылы жоғарыдағы аталған қаулының талаптары сақталмай  әр іс сапарға барған қызметкерге әрбiр күнi үшiн үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 тәулiкақы артық төленген, атап айтқанда:

Б.Битебаевқа- 40 755 теңге, Н.Ешенгалиевқа- 43 935 теңге, Е.Темниковаға- 6 243 теңге, Р.Баймухамбетоваға- 6 360 теңге, Г.Куртибаеваға- 6 360 теңге,  2022 жылы артық төленген шығындар 103 653 теңгені құраған.

Негізсіз артық төленген іс-сапар шығындарының 2021-2022 ж.ж жалпы соммасы 147,4 мың теңгені құрады. Аудит барысында негізссіз төленген 147,4 мың теңге толығымен кәсіпорын № KZ94722S000009878279 есеп шотына өтелді.

2 тармақ. 2022 жылдың 27 мамырында «Талғар Жылу» ШЖҚ МКК мен «ИнфоТех & Сервис» ЖШС арасында «Параграф» ақпараттық жүйесін ұсыну және қызмет көрсету» жөніндегі қызметті сатып алу туралы 634,8 мың теңгеге №33 (веб-порталда № 210840020145/220036/00) келісім-шарты түзілген.

«Параграф» ақпараттық жүйесін ұсыну және қызмет көрсету» жөніндегі қызметті сатып алу Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және                          5) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен жүргізілуге тиіс болған, сәйкесінше аталған сатып алуды «Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу» тәсілімен жүргізу Заң талаптарына қайшы болып табылады.

2. Райымбек ауданының «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылылар көлігі, автомабиль жолдары  және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Райымбек ауданындағы «Байынқол су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны:

1 тармақ. Еңбекақы төлем қорынан төленетін, әлеуметтік салығы бойынша 2021 жыл 1- тоқсанының наурыз айында 57,6 мың тенге, салық декларациясында кем тапсырылған және бюджетке төленбегені анықталды. Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 487-489- баптарына қайшы келеді.

2 тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы Мемлекеттік сатып алу Заңының  ашық конкурс тәсілімен Райымбек ауданының «Қарасаз ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы мен жаңғырту» нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге Тапсырыс беруші Райымбек ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен, Мердігер «Данекер ЖШС-мен 368 372, 5 мың теңгеге 28.04.2021 жылы № 12 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған. (құрылыстың аяқталу мерзімі 10 ай). Тапсырыс беруші мердігерге 183 600,8 мың тенге аударған.

  Құрылыс жұмыстары мердігер компанияның келісімшартқа сәйкес өз міндеттерін тиісінше орындамауының салдарынан № 12/2 қосымша келісімшарт жасалынып мерзімі 24.09.2022 жылға дейін созылған. Ұзартылған мерзім ішінде мердігер компания «Данекер» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын бастамаған себебінен 05.07.2022 жылы келісімшарт тапсырыс берушімен бір жақты бұзылған.

Мердігер «Данекер» ЖШС-гі келісімшарттың бір жақты бұзылуына байланысты сотқа талап арыз берген. 05.10.2022 жылы Алматы облысының ауданаралық экономикалық сотының Қарасаз ауылының ауыз су жүйесінің құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтауды міндеттеу туралы сот шешімі шыққан.

Алайда мердігер компания осы күнге дейін құрылыс жұмыстарын бастамаған. Келісімшарттың 8.3.-тармағында жұмыстарды орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігер міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда Мердігерден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалады (өндіріп алады) немесе міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалады (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімақының) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 % артық болмауы тиіс делінген.

Демек, міндеттемелерді тиісінше (ішінара жұмыстарды) орындамаған салдарынан қазіргі таңда мердігермен 184 968,5 мың теңгеге жұмыстары аяқталмай, 159 күнге тұрақсыздық айыбы 29 409, 9 мың теңгені құрады.

Осы күнге дейін Райымбек ауданының «Қарасаз ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етілмей 183 600,8 мың тенге тиімсіз жұмсалғаны анықталды. Бұл Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 3 бабының 14-2) тармағы бойынша  бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану сәйкес келмейтін бюджет қаражаттарының жұмсалуына әкелген.

3. «Іле ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Іле Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны:

1 тармақ. Кәсіпорын 2021 жыл қортындысы бойынша - 47993,4 мың теңге шығынмен аяқтаған. Салық декларациясы бойынша кірістер және шығыстар толтырылмай 0 соммаға табысталған.

Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 315  бабының 2 тармағы корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектiлерi және ( немесе) салық салумен байланысты объектiлер туралы ақпаратты ашып көрсету жөнiндегi декларациядан және оған қосымшалары толық көрсетілмеген.

2 тармақ. Кәсіпорынның еңбекақыдан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 2022 жылға 101201 коды бойынша салықтық берешек жалпы соммасы 23956,3 мың теңге оның ішінде негізгі салық  20354,3 мың теңге және өсімпұл 3602,0 мың теңге пайда болып төленбеген 200,00 салықтық нысаны бойынша деклорацияда көрсетілмегені анықталды. Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 350-351-355 баптарына қайшы келеді.    Аудит    барысында    2023   жылдың  3  тамызында  бас  есепші  М. Ракыжановпен 200,00 салықтық нысаны бойынша декларацияда жалпы соммасы 23956,3 мың теңге қалпына келтірілді. Кәсіпорын жылдық есепті шығынмен аяқтағандықтан салықтық берешекті жергілікті бюджетке өндіру үшін салық кодексі бойынша іс-шаралар қабылдау қажет.

3 тармақ. Кәсіпорынның еңбекақыдан ұсталынатын әлеуметтік салығы бойынша 2022 жылға  103101 коды бойынша салықтық берешек жалпы соммасы 14002,3 мың теңге оның ішінде негізгі салық  12034,4 мың теңге және өсімпұл 1967,9 мың теңге пайда болып төленбеген 200,00 салықтық нысаны бойынша деклорацияда көрсетілмегені анықталды. Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 487-489 баптарына қайшы келеді.  Аудит   барысында   2023   жылдың   3   тамызында   бас   есепші М. Ракыжановпен 200,00 салықтық нысаны бойынша деклорацияда жалпы соммасы 14002,3 мың теңге қалпына келтірілді. Кәсіпорын жылдық есепті шығынмен аяқтағандықтан салықтық берешекті жергілікті бюджетке өндіру үшін салық кодексі бойынша іс-шаралар қабылдау қажет.

4 тармақ. Еңбекақыдан ұсталынатын міндетті зейнет ақы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды кешігіп төленген 200,00 салықтық нысаны бойынша деклорацияда көрсетілмегені анықталды. Бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1116 «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген қағиданың 9 тармағының 1) тармақшасында дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар жұмыскерлерге төленген табыстан – табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударады деген талаптары, Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидасының 3 тармағы Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, Заңның 30-бабында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Қорға аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері, оның ішінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабында белгіленген арнаулы салық режимдерін қолданатын және бірыңғай төлем шеңберінде қорға аударымдарды төлеуді жүзеге асыратын жұмыс берушілер МӘМС-ке аударымдар төлеушілер болып табылады және 16 тармағы жұмыс беруші жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) ай сайын жүзеге асырады делінген. Аудит барысында 2023 жылдың 3 тамызында бас есепші М. Ракыжановпен 200,00 салықтық нысаны бойынша декларацияда қалпына келтірілді.

5 тармақ. Кәсіпорын 2022 жыл қортындысы бойынша -292880,5 мың теңге шығынмен аяқтаған. Салық декларациясы бойынша кірістер және шығыстар толтырылмай 0 соммаға табысталған.

Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 315  бабының 2 тармағы корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектiлерi және ( немесе) салық салумен байланысты объектiлер туралы ақпаратты ашып көрсету жөнiндегi декларациядан және оған қосымшалары толық көрсетілмеген.

6 тармақ. «Іле ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Іле Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2022 жылға арналған 2410 шоты бойынша айналым-сальдо ведомосында есепті кезеңнің соңында 4 161 185,3 мың теңге болып белгіленген.

Яғни, жалпы сомасы 790125,3 мың теңгеге 2022 жылға жылдық бухгалтерлік есеп кем табысталған. (4161185,3-3371060,0=790125,3 мың) 2022 жылғы жылдық бухгалтерлік есепте активтер 4161185,3 мың теңгеге табысталу қажет болған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1 тарауының 3,4 тармақтары  бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасының негізгі міндеттері, Субъектінің бухгалтерлік есеп жүргізуі мен қаржылық есептілік жасауы есептеу және үздіксіздік қағидаттарына негізділігі және 5 тармағы қаржылық есептілік субъектінің қаржылық жағдайы, оның өзгерістері, сондай-ақ қызметінің қаржылық нәтижелері туралы дұрыс және толық көлемдегі ақпаратты берілмеген.

7 тармақ. Әкімшілік аппаратты орналастыруға арналған алаңдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» №145 қаулысының 1 тармағының 3 тармақшасы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлері бойынша 2021-2022 жылдарға іс-сапар шығындары лимиттері  бекітілмеген.

8 тармақ. Әкімшілік аппаратты орналастыруға арналған алаңдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» №145 қаулысының 1-4 тармағының 1 тармақшасы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлері бойынша арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерi бекітілмеген.

4. Ұйғыр ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ұйғыр ауданының су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны:

1 тармақ. Ұйғыр ауданының «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен  2021 жылы Ұйғыр ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ұйғыр ауданының су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгеріміне өткізіп беру қабылдап алу актісі негізінде жалпы соммасы 779838,0 мың теңгеге негізгі құралдар берілген. Оның ішінде:

1. Ардолайты ауылының ауыз су жүйесі жалпы соммасы 185901,0 мың теңге;

2. Үлкен Дихан ауылының ауыз су жүйесі жалпы соммасы 186445,0 мың теңге;

3. Қырғызсай ауылының ауыз су жүйесі жалпы соммасы 381891,0 мың теңге;

4. Камаз арнайы техникасы жалпы соммасы 43253,0 мың теңге.

Және 2021 жылы 1487,0 мың теңгеге тозығы келген негізгі құралдарды есептен шығарған. Яғни, жалпы соммасы 186492,0 мың теңгеге 2021 жылға жылдық бухгалтерлік есеп кем табысталған. (2233716,0+ 779838,0-2825575,0-1487,0=186492,0) 2021 жылғы жылдық бухгалтерлік есепте активтер 3012067,0 мың теңгеге табысталу қажет болған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1 тарауының 3,4 тармақтары  бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасының негізгі міндеттері, Субъектінің бухгалтерлік есеп жүргізуі мен қаржылық есептілік жасауы есептеу және үздіксіздік қағидаттарына негізділігі және 5 тармағы қаржылық есептілік субъектінің қаржылық жағдайы, оның өзгерістері, сондай-ақ қызметінің қаржылық нәтижелері туралы дұрыс және толық көлемдегі ақпаратты берілмеген.

2 тармақ. Ұйғыр ауданы әкімі Ш. Нурахуновтың 2019 жылдың 08 қарашасында №539 қаулысы негізінде Ұйғыр ауданының «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен құрылысы аяқталған Үлкен Дихан ауылының ауыз су жүйесі жалпы соммасы 186445,0 мың теңгенің негізгі құралдары активтері қабылдап- өткізіп беру актісі негізінде 2021 жылдың 05 шілдесінде Ұйғыр ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ұйғыр ауданының су құбыры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгеріміне 1 жыл 8 айға су жүйесі пайдаланбай кешігіп берілген.

Ұйғыр ауданы әкімі Ш. Нурахуновтың 2017 жылдың 26 желтоқсандағы №384 қаулысы негізінде Ұйғыр ауданының «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен құрылысы аяқталған Ардолайты ауылының ауыз су жүйесі жалпы соммасы 185901,4 мың теңгенің негізгі құралдары активтері қабылдап- өткізіп беру актісі негізінде 2021 жылдың 21 шілдесінде Ұйғыр ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ұйғыр ауданының су құбыры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгеріміне 3 жыл 8 айға су жүйесі пайдаланбай кешігіп берілген. Яғни, 2021 жылдың жарты жылдығына дейін жалпы соммасы 372346,4 мың теңге тиімсіз пайдаланғаны анықталды.

Бұл Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 3 бабының 14-2) тармағы бойынша  бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану сәйкес келмейтін бюджет қаражаттарының жұмсалуына әкелген.

5. «Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шелек су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны:

1 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» №145 Қаулысының 1 тармағының 3 тармақшасының талаптары сақталмай мемлекеттік басқару органымен іс-сапарларға арналған лимиттері 2021-2022 жылдарға бекітілмеген.

2 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» №145 Қаулысының 1 тармағының 3 тармақшасының талаптары сақталмай мемлекеттік басқару органымен  қызметтiк автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативi 2021-2022 жылдарға бекітілмеген.

6. Кеген ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Кеген су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны:

1 тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу туралы» Қағидаларының 3-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шұғыл басшылық жасау және басқару үшін, сондай-ақ инвесторлардың, құрылтайшылардың, өнім берушілердің, сатып алушылардың, қарыз берушілердің, мемлекеттік органдардың, банктердің және өзге де мүдделі тұлғалардың пайдалануы үшін қажетті субъектілердің қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық әрі дұрыс ақпаратты қалыптастыру – бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Алайда, аудитке ұсынылған жылдық есептілікте (бухгалтерлік баланс) аудит барысында анықталған барлығы 5 115,4 мың теңге көлемінде кредиторлық берешектер көрсетілмеген немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған. Аудит барысында 21.11.2023 ж. бухгалтерлік анықтамамен 5115,4 мың теңгеге есептілік бойынша қалпына келтірулер жасалды.

7. Қарасай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таусамалы қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны:

1 тармақ. Кәсіпорында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада айқындалған мемлекеттік сатып алудың тиісті рәсімдерін өткізбей, 2021-2022 жылдар кезеңінде шарттар жасаспай, жалпы сомасы 854,2 мың теңгеге төлем тапсырмаларына сәйкес төлем жүргізді: Алматы облысы ҚР ДСМ КСЭК Ұлттық сараптама орталығы ШЖҚ РМК, «СТМС-С. К» ЖШС, «Қазсушараналсоюз қауымдастығы», ЖК «Құрылыс материалдары», «Электроника» ЖШС және «СТМ СК» ЖШС.

8. «Талғар аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Талғар ауданындағы «Талғар су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны:

1 тармақ.  Кәсіпорынмен «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңының 6 бабының 4) тармақшасында көзделген мемлекеттік мүлікті басқару принципы сақтамау нәтижесінде баланстық құны 216 534,2 мың теңге активтерді тиімсіз пайдалануына жол берілген.

2 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» №145 Қаулысының 1 тармағының 3 тармақшасының талаптары сақталмай мемлекеттік басқару органымен іс-сапарларға арналған лимиттері бекітілмеген.

3 тармақ. Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының 3 тармақтың 1) тармақшасының талабы басшылыққа алынбай, 2021 жылы Кәсіпорынның 3 қызметкеріне, атап айтқанда: К.Смагуловқа, Е.Рулеваға, Б.Байконысқа екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнің орнына үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде, яғни негізсіз артық 8,8 мың теңге тәулiкақы төленгені анықталды.

4 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» №145 Қаулысының 1 тармағының 3 тармақшасының талаптары сақталмай мемлекеттік басқару органымен  қызметтiк автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативi бекітілмеген.

9. Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің «Шеңгелді су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны:

1 тармақ. Еңбекақы төлем қорынан төленетін, әлеуметтік салығы (код 103101) бойынша 2021 жыл 2- тоқсанының сәуір айында 92816 тенге, 2021 жыл 2- тоқсанының мамыр айында 101590 тенге, 2022 жыл 2- тоқсанының маусым айында 103120 тенге, 2021 жыл 3- тоқсанының шілде айында 104130 тенге, 2021 жыл 3- тоқсанының тамыз айында 104770 тенге, 2021 жыл 3- тоқсанының қыркүйек айында 106420 тенге, 2021 жыл 4- тоқсанының қазан айында 105780 тенге, 2021 жыл 4- тоқсанының қараша айында 104380 тенге, 2021 жыл 4- тоқсанының желтоқсан айында 106670 тенге, 2022 жыл 1- тоқсанының қаңтар айында 106800 тенге, 2022 жыл 1- тоқсанының ақпан айында 107690 тенге, 2022 жыл 1- тоқсанының наурыз айында 109210 тенге, 2022 жыл 2- тоқсанының сәуір айында 109340 тенге, 2022 жыл 2- тоқсанының мамыр айында 93640 тенге, 2022 жыл 2- тоқсанының маусым айында 98648 тенге, жалпы соммасы 1 555,0 мың теңге салық декларациясында кем тапсырылған және бюджетке төленбегені анықталды. Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 487-489- баптарына қайшы келеді.

2 тармақ. «Еңбек ақыдан ұсталатын жеке тұлға табыс салығы (код 101201) бойынша 2021 жыл 2- тоқсанының сәуір айында 48499 тенге, 2021 жыл 2- тоқсанының мамыр айында 34465 тенге, 2021 жыл 2- тоқсанының маусым айында 48626 тенге, 2021 жыл 3- тоқсанының шілде айында 33616 тенге, 2021 жыл 3- тоқсанының тамыз айында 34861 тенге, 2021 жыл 3- тоқсанының қыркүек айында 38723 тенге, 2021 жыл 4- тоқсанының қазан айында 90809 тенге, 2021 жыл 4- тоқсанының қараша айында 48031 тенге, 2021 жыл 4- тоқсанының желтоқсан айында 91466 тенге, 2022 жыл 1- тоқсанының қаңтар айында 24507 тенге, 2022 жыл 1- тоқсанының ақпан айында 48384 тенге, 2022 жыл 1- тоқсанының наурыз айында 51586 тенге, 2022 жыл 2- тоқсанының сәір айында 15514 тенге, 2022 жыл 2- тоқсанының мамыр айында 18988 тенге, 2022 жыл 2- тоқсанының маусым айында 35538 тенге, салық декларациясында кем тапсырылған және бюджетке төленбегені жалпы соммасы 663,6 мың тенге анықталды. Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 350-351-355   қайшы келеді.

3 тармақ. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша (код 105306) 2021 жылы 2- тоқсанында 419929 тенге, 2021 жылы 3- тоқсанында 369808  тенге, 2021 жылы 4- тоқсанында 31699  тенге, 2022 жылы 1- тоқсанында 287403 тенге, 2022 жылы 2- тоқсанында 479322 тенге, жалпы соммасы 1588,2 мың теңгеге салық декларациясында кем тапсырылған және бюджетке төленбегені анықталды Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 748-750-751   қайшы келеді.

Әлеуметтік салығы (код 103101) бойынша жалпы соммасы 1 555,0 мың  теңге №306 түбіртек бойынша 11.10.2023 ж., 19.02.2024 ж. №34 төлем тапсырысымен бюджетке өндірілді.

Еңбек ақыдан ұсталатын жеке тұлға табыс салығы (код 101201) жалпы соммасы 663,6 мың тенге №275 түбіртек бойынша 18.09.2023 ж., 19.02.2024 ж. №33 төлем тапсырысымен бюджетке өндірілді.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша (код 105306) жалпы соммасы 1588,2 мың теңге №83646  түбіртек бойынша 06.09.2023 жылы бюджетке өндірілді.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): _______________________________________________________

                                            (болған жағдайда)

III. Қорытынды бөлім

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін 3 864,2 мың теңге қаражат бюджетке түскен кездегі бұзушылықтар бойынша толық жергілікті бюджет есебіне түсті,  бюджет қаражаты   мен   активтерді   пайдалану   кезіндегі   бұзушылықтар бойынша 229 566,0 мың теңге қалпына келтірулер жасалды, 156,2 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өтелді.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қорытындылар

1. Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 19 697 378,5 мың теңге жұмсалған активтердің сомасы қамтылды, жүргізілген мемлекеттік аудитпен 3 864,2 мың теңге қаражат бюджетке түскен кездегі бұзушылықтар, 1 019 691,3 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, сонымен қатар  772 481,4 мың теңге активтерді тиімсіз пайдаланулар және 14 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы заңы, Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер тура Салық кодексі», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» №145 қаулысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы  талаптарын сақтамау салдарынан жіберілді.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар

Активтерді басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. Активтерді басқару тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерінің Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

2. Аудит объектісі тарапынан анықталған заңбұзушылықтардың салдарын барынша азайтуға бағытталған, атап айтқанда тұрақсыздық айыбының өтеу және бухгалтерлік есепке алу жолымен қалпына келтіру, шаралары назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілсін.

3. Аудит барысында анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында «Іле ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Іле Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына 790 125,3 мың теңге қалпына келтіру тиістігі туралы нұсқама жолдансын.

3.4. Қосымша: анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (14 парақта).

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                           А. Қондыбаева

 

Аудит тобының жетекшісі

№1 мемлекеттік аудит бөлімінің

басшысы-мемлекеттік аудитор                              Н. Қалқаев

Талдау, сапаны жоспарлау және

бақылау бөлімінің басшысы

-мемлекеттік аудитор                                               С. Елубаева

 

Әкімшілік-құқықтық бөлімінің

бөлімінің басшысы

-мемлекеттік аудитор                                           А. Кулмухамбетова

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ