Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 05.04.2024
Просмотры: 2018 Печать страницы

 

 

 

    

    

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы

    

    

                 

 

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының

төрағасы

М. Мұсаевқа

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және оның ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

2. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2023 жылдың  31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі – облыс аумағында мәдениет, архивтер және құжаттама саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Басқарманың миссиясы: мәдениет мәдениет, архивтер және құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Міндеттері:

заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді және кәсіпорындарды құру, қайта құру, қайта атау және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу және олардың Жарғыларын (ережелерін) бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Алматы облысының мәдениет және архив мекемелерінің желісі 2023 жылы 292 нысанды құрайды. Бүгінгі күнде 119 мәдениет үйлері мен клубтар, 144 кітапхана, 15 музей,  10 архив, 4 облыстық мәдениет мекемелері жұмыс жасайды. Облыста «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар 41 ұжымдар мен 1023 көркемөнерпаздар үйiрмелерi жұмыс iстейдi.

Мәдениет саласының 2023 жылғы бюджеті 11,1 млрд. теңге. Мәдениет саласындағы қызметкерлер саны 1896.  2023 жылы 10 кітапхана ашылды: Еңбекшіқазақ ауданы 6 (Қаратұрық, Қайназар, Қырбалтабай, Көлді, Қорам, Асысаға), Талғар ауданы 1 (Кеңдала), Райымбек ауданы 2 (Сарыбастау, Қақпақ), Қонаев қаласы 1 (Арна). Сондай ақ, 9 аудан мен 1 қалада «Жыршы-термешілер» мектебі және ақындар орталығы ашылған.

2023 жылы мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру үшін жергілікті бюджеттен 7,9 млрд 525 мың теңге бөлінге.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және оның ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен 2022-2023 жылдары аралығында 4 125 084,0 мың теңге бөлінген бюджет қаражаты қамтылды және ведомствалық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне бақылаулар жүргізіліп, қорытындысымен Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 1 405 982,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:

- 1 403 917,8 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (оның 1 402 635,8 мың теңгесі қалпына келтірілуі тиіс, 1 282,0 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілуі тиіс);

- 2 065,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты.

Осымен қатар 11 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.

Жеке мемлекеттік мекемелер бойынша бұзушылықтардың сипаттамасы:

1. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

1-тармақ. Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 2-тармағын және ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1181 қаулысымен бекітілген тізбесіне сәйкес нормаларды бұза отырып, Ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, Мекемемен «Қалыбаева» ЖК арасында 2022 жылдың 21 желтоқсандағы №15 келісім шарты бойынша «қағазға арналған папкалар» 100 % пайыз жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды электрондық дүкен арқылы жүзеге асырғандығы анықталған.

2-тармақ. Мекеме және «Ахунжанова Гульжан Бикбулатовна» ЖК мердігер арасында кеңсе жабдығына арналған А4 қағазын сатып алу бойынша жалпы сомасы 201,5 мың теңгеге 2022 жылдың 04 ақпанында №2 (веб-порталда № 130840016685/220004/00) келісім-шарты жасалып, шарт бойынша тауарларды жеткізу мерзімі 16 күн ішінде деп белгіленген. Аудит барысында Мекемемен ұсынылған құжаттарға, немесе сәйкес аталған келісім-шарт бойынша № 224 тауарларды жеткізу өткізу құжатына сәйкес, жоғарыда көрсетілген 131,7 мың теңгеге тауарларды Тапсырыс берушіге 2022 жылдың 22 сәуірінде жеткізіп (өткізіп) міндеттемелер 91 күнге кешіктіріліп орындалған. Аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңының 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған.

Өз кезегінде, Мердігерге есептелінетін тұрақсыздық айыбы (131 737,7 теңге *0,1%*91 күн) 11 988,1 теңгені құрап отыр. Аудит барысында 12,0 мың теңге бюджет есебіне қайтарылды.

3-тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 12 бап 4 тармағына сәйкес, Мекеме «Ахунжанова Г.Б.» ЖК жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен  сотқа жүгінбеген.

4-тармақ. Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1181 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.06.2023 жылғы №225 бұйрығымен бекітілген тізбелеріне сәйкес нормаларды бұза отырып, Ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, Мекемемен  «ІНЖУ» ЖК арасында 2023 жылдың 22 маусымдағы № 12 келісім шарттары бойынша «Скоросшиватель» 100 пайыз жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғандығы анықталған.

5-тармақ. №1127 Қағиданың 8-тармағының талаптары сақталмай, Мекеменің 2022 жылғы 18 ақпандағы №9-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бас маманы Т.Ғұмаровқа өз автокөлігімен жол апатына түсуіне байланысты шығындары материалдық көмек ретінде жалпы соммасы 100,0 мың тенге негізсіз өтелгені анықталған.

6-тармақ. №256 Қағиданың 2-тарауының 3-тармағы 7-тармақшасының талаптары сақталмай, Мекеменің 2022 жылғы 06 мамырдағы №34-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің бас маманы Т.Ғұмаров 6-7 мамыр күндері Алматы қаласына қызметтік автокөлікпен жіберілген. Алайда  бас  маман     Т. Ғұмаровқа жол жүру шығындары жалпы соммасы 4,4 мың тенге негізсіз өтелгені анықталған.

7-тармақ. Сонымен қатар, Мекеменің 2022 жылғы 25 мамырдағы №47-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің басшысы М.Көлбаев 26-29 мамыр күндері Алматы қаласына жіберілген. Алайда 1 күндік тәулікақы 3,1 мың теңге және тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары 15,3 мың теңге артық есептеліп төленген, осыған орай жалпы соммасы 18,4 мың тенге негізсіз өтелгені анықталған.

Осымен қатар Мекеменің 2022 жылғы 06 мамырдағы №33-ж/қ бұйрығы негізінде мекеменің басшысы М.Көлбаев 07-08 желтоқсан демалыс күндері Алматы қаласына дәлелдеме құжатсыз және себепсіз жіберілген, осыған орай жалпы соммасы 21,4 мың тенге негізсіз төленгені анықталған.

2. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

1-тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 34-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» № 30 бұйрығына1-қосымшаның талаптары сақталмай, яғни Мекеме мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын, олармен байланысты барлық ағымдағы шығыстарды қамтитын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған шығындардан негізгі құралдарды сатып алуды 2022 жылы - 565,0 мың теңге сомасында, 2023 жылы - 1 500,0 мың теңге сомасында 010 "Мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырған.

2-тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 103 бабы 1 тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының 187 тармағының талаптарын сақталмай, Мекеменің қызметкерлеріне жалпы сомасы 544,5 мың теңге артық еңбекақы төленгені анықталды. Аудит барысында белгіленген қаржылық бұзушылық жергілікті бюджет кірісіне өтелді.

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10, 17-баптарына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 02 сәуірдегі №94 қаулысы және 2014 жылғы 2 сәуірдегі №24 негізгі құралдарды қабылдау-беру актісі негізінде, "Алматы облысының құрылыс басқармасы" ММ балансынан "Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" ММ балансына "Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылында мемлекеттік архив ғимаратының құрылысы" құны 655 708,6 мың теңгені құрайтын берілген.

3-тармақ. Алайда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 4-тармағының және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 9) тармақшасының, "Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" ММ-нің жоғарыда аталған актив бухгалтерлік баланста көрініс табылмағаны анықталды.

Сонымен қатар, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңының 126-бабы 4-тармағының және Жарғының 4-тарауының 18-тармағы 1) тармақшасының талаптары бұзылып, 655 708,6 мың теңге сомасында Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы мемлекеттік архив ғимараты Мекеме балансында Мемлекеттік мүлік туралы заңында көзделген рәсімдерді сақтамау нәтижесінде актив ретінде танылған.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Мекеме Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылында мемлекеттік архив ғимаратын қабылдауды өз бетінше жүзеге асырған, бұл ретте коммуналдық мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды "Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" ММ жүзеге асырады, атап айтқанда, коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітеді.

Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар ғимаратты қабылдау және мекеменің қызметті жүзеге асыруы туралы құжаттардың ресми жасалғанын, сондай-ақ Жарғыда бекітілген олардың қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін мәмілелер жасалғанын куәландырады.

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27,37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10, 17-баптарына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы"Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы №887 Жарлығына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 шілдедегі № 238 қаулысы негізінде Алматы облысының коммуналдық меншігінен мәдениет, архивтер және құжаттама саласындағы Жетісу облысының коммуналдық меншігіне, атап айтқанда, мемлекеттік архив бөлігінде жалпы баланстық құны 239 443,5 мың теңге болатын мүліктер (негізгі құралдар) өткізіліп берілген.

4-тармақ. Алайда, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» №234 Заңының 4 бабының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының 4, 243 тармақтарының талаптары орындалмай, Мекеме бастапқы құны 50 341,4 мың теңге болатын Ақсу және Сарқан филиалдарының ғимараттарын өткізіп - беру жөнінде шаралар қабылданбаған.

Жоғарыда айтылғандардан көрініп тұрғандай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілікті жасау және ұсыну қағидаларының 7-қосымшасының 3, 16, 17-тармақтарының талаптары бұзылып, 01.01.2023 - 01.01.2024 ж.ж. жағдай бойынша бұл мән-жайлар бухгалтерлік есепте көрсетілген дұрыс емес деректер туралы куәландырады, бұл өз кезегінде бұрмаланған қаржылық есептілікті жасауға әкелді.

5-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 271-тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттары Жоспарының 16-тармағы бұзылған, мекеменің балансында 01.01.2023 - 01.01.2024 ж.ж. жағдай бойынша 2321 "Тұрғын емес ғимараттар" шотында Ұйғыр филиалының ғимаратын күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға 3360,0 мың теңге сомасында және ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге 1 087,0 мың теңге сомасында шығындар тіркелгені анықталды.

Айта кету керек, Ұйғыр филиалының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары 2020 жылы жүргізіліп аяқталғандықтан, Мекеме жалпы сомасы 4 447,0 мың теңгеге ЖСҚ дайындауға және сараптама қорытындысына жұмсалған шығындарды ғимараттың құнын ұлғайтуға шаралар қабылданбаған.

Сонымен қатар, ЖСҚ-дан амортизациялық аударымдарды есептеу және сараптама қорытындысы бойынша бөлек жүргізілмейтіндіктен, олар пайдалануға берілген негізгі құралдың құрамында осы негізгі құралдың қызмет ету мерзіміне сәйкес амортизацияланады.

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңының 43-бабының 24-тармағына сәйкес өнім беруші Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алуды қамтамасыз етеді.

 6-тармақ. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңының 43-бабының 24-тармағына қайшы, Мекеме Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша "ARGENTUM.KZ" ЖШС қабылдаған міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелердің 0,1% мөлшерінде толық көлемде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алуды қаматамсыз етпеген. Осылайша, орындалмаған міндеттемелердің тұрақсыздық айыбының сомасы 2 770,5 мың теңгені құрайды (орындалмаған міндеттемелердің сомасы 153 914,9 мың теңге*0,1%*18 күн=2 770,5 мың теңге).

25.11.2022 ж. №152 төлем тапсырмасы негізінде өнім беруші 2 462,6 мың теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбының сомасын төледі.

Аудит барысында 307,8 мың теңге сомасындағы тұрақсыздық айыбының қалдығы 05.02.2024 жылғы №11 төлем тапсырмасы негізінде жергілікті бюджеттің кірісіне өндірілді.

7-тармақ. Сондай-ақ, Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңының 12-бабы 4-тармағы 3 тармақшасына сәйкес, Мекеме Мекеме "ARGENTUM.KZ" ЖШС-нін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінбеген.

3. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

1-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген, Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының 3 тармағының 2) тармақшасы талаптары сақталмай, қызметкерлерге аванстық есеп бойынша әрбір іс-сапар тұрғын үй жалдау шығындарын өтеуде жалпы сомасы 77,4  мың теңгеге артық өтелгені анықталған.

Барлығы 77,4 мың теңгеге пәтер жалдау шығындары артық өтелген және аудит барысында жергілікті бюджет есебіне өңдірілді.

4. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тексеру нәтижесі бойынша бұзушылықтар, кемшіліктер және жүйелі проблемалар анықталмаған.

5. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

1-тармақ. Мекеме Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 67 бап  6 тармағының және ҚР Қаржы министрінің 24.11.2014 жылғы №511 бұйрығының 8 тармағының талаптарын сақтамай, 2022 жылға жасалған бюджеттік өтінімде бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептеулер мен қосымша құжаттар жасалмаған.

2-тармақ. Алайда, мекеменің төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы төлемдеріне аударымдар жөніндегі салық кабинетінен түсірілген салық төлеушінің дербес шотының деректерін зерделеу барысында, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 355 бап 1 тармағының  талабы сақталмағаны, яғни 2023 жылдың ІІІ тоқсанына жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны тапсырмағаны анықталған. Аудит барысында, анықталған бұзушылық бойынша жұмыстар жүргізіліп, салық төлеушінің кабинеті арқылы 2023 жылдың ІІІ тоқсанына декларация тапсырылған.

3-тармақ. Мемлекеттік аудит барысында Мекеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 45 бап 2 тармақ 3 тармақшасын басшылыққа алмай, 2023 жылы коммуналдық қызметтер бойынша жасалған келісім шарттарға жыл соңында көрсетілетін қызметтердің көлеміне қажеттіліктің азаюына байланысты қосымша келісім шарттар жасалмаған.

4-тармақ. Мекеме Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырындағы №256 қаулысының 2 тарау 6-тармағының талабы басшылыққа алмай, 2023 жылдың ішінде іссапар туралы есептер бес жұмыс күнiнде тапсырылмағандығы анықталған.

5-тармақ. Мекемемен Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырындағы № 256 қаулысының 1 тарау 2-тармағының талаптары орындалмаған, атап айтқанда 2023 жыл ішінде негізсіз барлығы  36,8 мың теңге іс сапар шығындары есептеліп  төленгені анықталды, аудит барысында аталған қаржылық бұзушылық жергілікті бюджет есебіне қайтарылған.

6-тармақ. Мекеме Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  Қағидаларының  28-тармағын басшылыққа алмай бухгалтерлік құжаттарды хронологиялық тәртіппен іріктеп түптелмеген.

7-тармақ. Мекеменің ұсынған төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы төлемдеріне аударымдар жөніндегі салық кабинетінен түсірілген салық төлеушінің дербес шотының деректерін зерделеу барысында 2023 жыл қорытындасы бойынша жеке табыс салығы бойынша 433,2 мың теңге, әлеуметтік салық бойынша 519,4 мың теңге  дебиторлық берешек болғаны анықталған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен 114, 115 және 118-тармақтарының және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 9 тармағының талаптары сақталмаған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3 тарау 31 тармағының талаптары сақталмай 2023 жылдың 01 қаңтарындағы қаржылық есептілігінің ҚЕ-1 нысаны бойынша есепті кезеңнің бухгалтерлік балансында салықтар бойынша 952,6 мың теңге сомасына дебиторлық берешек көрсетілмеген. Бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануына алып келген.

8-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен 116, 117 және 118-тармақтарының және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 26 тармағының талаптары сақталмай Казпочта АҚ-мен жасалған мерзімді басылымдарға жазылу бойынша қызметтер үшін 24,8 мың теңге кредиторлық берешек бухгалтерлік есепте көрсетілмеген. Сондай ақ, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3 тарау 31 тармағының талаптарының сақталмауынан, өз кезегінде бұл бұзушылық 2023 жылдың қаржылық есептілігінің бұрмалануына алып келген.

9-тармақ. Электрондық үкімет порталынан берілген мәліметтерге, яғни тіркелген құқықтар туралы анықтама сәйкес, мекемеде жылжымайтын мүлік, яғни ғимарат пен жер учаскесі тіркелген. Ал, 2022-2023 жылғы активтердің айналым ведомосінде және 2022-2023 жылдардағы қаржылық есептілікте олар көрсетілмеген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығының 4, 247 тармақтарының және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3 тарау 27 тармағының талабы сақталмай, мекемеге тіркелген, 603 780,4 мың теңге баланстық құны бар ғимарат пен 87 381,0 мың теңге баланстық құны бар жер учаскісін бухгалтерлік есепке алмағандықтан, қаржылық есептілікте де көрсетілмеген. Бұл қаржылық  есептіліктің бұрмалануына алып келген.

6. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

1-тармақ. Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 2-тармағын және ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1181 қаулысымен бекітілген, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.06.2023 жылғы №225 бұйрығымен бекітілген тізбелеріне сәйкес нормаларды бұза отырып, Ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, Мекемемен «ПромСервис» ЖК арасында 2022 жылдың 22 ақпандағы № 24 келісім шарты, «ARYS PROF» ЖК арасында 2022 жылдың 29 қыркүйектегі № 115 келісім шарттары бойынша «қағазға арналған папкалар» «сүлгі» және «майлықтар» жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғандығы анықталған.

2-тармақ. Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 51-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1181 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.06.2023 жылғы №225 бұйрығымен бекітілген тізбелеріне сәйкес нормаларды бұза отырып, Ұйымдастырушы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттары арасында емес, Мекемемен  «AIDAR.Kz» ЖК арасында 2023 жылдың 01 ақпандағы № 10 келісім шарттары бойынша «қаптар», «сүлгі» және «майлықтар» жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғандығы анықталған.

3 тармақ. «Алматы облыстық әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының 2022 жылдың 31 наурызындағы №38/01-08 бұйрығымен Мекеменің бас есепшісі А.Шариповаға сөгіс жарияланған. 2022 жылдың 25 тамызындағы Мекеме директорының №38/01-07 «30-тамыз –Коституция күні мерекесіне қызметкерлерге сыйақы беру» бұйрығына сай Мекеменің бас есепшісі А.Шариповаға 2022 жылдың 25 тамызындағы №2731002/22-676 төлем шотымен 52,8 мың теңге көлемінде сыйақы негізсіз төленген. Белгіленген қаржылық бұзушылық жергілікті бюджеттің кірісіне өтелуге жатады. (мекеменің бас есепшісі - А.Шарипованың түсініктемесі түсініктемесі, бұйрықтар көшірмелері, төлем шоттары аудиторлық есепке тіркелді, №7 – қосымша, 9 бетте).

4 тармақ. «Алматы облыстық әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының 2022 жылдың 01 қыркүйегіндегі №105/01-08 бұйрығымен Мекемеге еңбек шартына сәйкес 3 айлық сынақ мерзімімен Э.М.Корпешова кітапханашы қызметіне қабылданған. Алайда 2022 жылдың 21 қазанындағы Мекеме директорының №128/01-08 «25-қазан Республика күні мерекесіне қызметкерлерге сыйақы беру» бұйрығына сай Мекеменің кітапханашы Э.М.Корпешоваға 2022 жылдың 21 қазанындағы №2731002/22-901 төлем шотымен 48,8 мың теңге көлемінде 3 айлық сынақ мерзімінен бұрын сыйақы негізсіз төленген. Белгіленген қаржылық бұзушылық жергілікті бюджеттің кірісіне өтелуге жатады. (мекеменің бас есепшісі - А.Шарипованың түсініктемесі түсініктемесі, бұйрықтар көшірмелері, төлем шоттары және еңбек шарты аудиторлық есепке тіркелді, №8 – қосымша, 10 бетте).

5 тармақ. «Алматы облыстық әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының 2023 жылдың 01 қыркүйегіндегі №62/01-08 бұйрығымен Мекемеге еңбек шартына сәйкес 3 айлық сынақ мерзімімен Ж.Т.Окенова кітапханашы-библиограф қызметіне қабылданған. Алайда 2023 жылдың 18 қазанындағы Мекеме директорының №27/01-07 «25-қазан Республика күні мерекесіне қызметкерлерге сыйақы беру» бұйрығының қосымшасына сай Мекеменің кітапханашы Ж.Т.Окенова көрсетілмеген, бірақта  кітапханашы Ж.Т.Океноваға 2023 жылдың 27 қарашасындағы №2731002/23-555 төлем шотымен 30,6 мың теңге көлемінде бұйрықсыз және 3 айлық сынақ мерзімінен бұрын сыйақы негізсіз төленген. Белгіленген қаржылық бұзушылық жергілікті бюджеттің кірісіне өтелуге жатады.

6-тармақ. Алайда, № 256 Қағиданың 2-тарауының 3-тармағы 3-тармақшасының талаптары сақталмай, Мекеменің оқырмандарға қызмет көрсету және бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Н.Т. Камбаеваға әуе көлігімен жол жүру шығындары жалпы соммасы 8,5 мың тенге негізсіз өтелгені анықталды, өйткені әуе көлігімен жол жүру құнын өтеу жоғарыда көрсетілген №256 Қағидаларға сәйкес мемлекеттік органның басшысына, мемлекеттік орган басшысының бірінші орынбасарына және орынбасарларына таратылады, оларға теңестірілген адамдарға, олар болып табылмайды. Белгіленген қаржылық бұзушылық жергілікті бюджеттің кірісіне өтелуге жататыны анықталған.

7-тармақ. Сонымен қатар, № 256 Қағиданың 2-тарауының 3-тармағы 3-тармақшасының талаптары сақталмай, Мекеменің кітапханашысы Ж.К. Кудабаеваға әуе көлігімен жол жүру шығындары жалпы соммасы 18,6 мың тенге негізсіз өтелгені анықталды, өйткені әуе көлігімен жол жүру құнын өтеу жоғарыда көрсетілген №256 Қағидаларға сәйкес мемлекеттік органның басшысына, мемлекеттік орган басшысының бірінші орынбасарына және орынбасарларына таратылады, оларға теңестірілген адамдарға, олар болып табылмайды. Белгіленген қаржылық бұзушылық жергілікті бюджеттің кірісіне өтелуге жататыны анықталған.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Алматы облысының мәдениет және архив мекемелерінің желісі 2022 жылы 281 нысанды құраса, 2023 жылы мәдениет және архив мекемелерінің желісі 11 нысанға толығып, 292 нысанды құраған. Оның ішінде: 119 мәдениет үйлері мен клубтар, 144 кітапхана, 15 музей, 10 архив, 4 облыстық мәдениет мекемелері жұмыс жасайды.

Облыста «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар 41 ұжымдар мен 1023 көркемөнерпаздар үйiрмелерi жұмыс iстейдi. Облыста 1191 ескерткіш бар. Оның ішінде Мемлекеттік тізімде 799, алдына-ала тізімде-392, халықаралық тізімде - 3, (Таңбалы тас, Қарамерген, Талхиз) республикалық тізімде – 4 (Жамбыл Жабаев, Үмбетәлі Кәрібаев,Сүйінбай Аронұлы, Қапшағай ГЭС) Есепті жылы 3 бюсть қойылды. (Райымбек ауданы Нарынқол ауылында Баққожа Мұқай, Қарасаз ауылында Еркін Ібітанов, Ұйғыр ауданы Кетпен ауылында Машур Жалилов) 1 қазба жұмысы жүргізілді. 112 ескерткішке QR қойылды. 3 аудандағы 26 елді мекенде 26 барлау жұмыстары жүргізілген.

2022 жылы 3 228,2 мың адам қамтитын 21 827 іс-шара ұйымдастырылып, шығармашылық үйірмелерге 8 387 000,0 мың теңге бөлінген.

Алматы облысы аумағында 15 музей жұмыс жасайды. Оның ішінде облыстық музейлер бірлестігінің 11 тарихи-өлкетану музейі, Ұста Даркембай атындағы қолөнер мұражайы, «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы және Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейі бар.

2022 жылы 310 мәдени іс-шара ұйымдастырылған, музейлерге келушілердің жалпы саны 39 874 адамды құраған. Оның ішінде облыстық – 286 іс-шара, экскурсиялар – 2 943, дәрістер – 194, көрмелер – 239. Музейлердің ішінде – 111 экскурсия, оның ішінде жылжымалы – 53, көшпелі көрмелер саны – 13. Музей қорында барлығы 15 226 жәдігер тіркелген. Оның ішінде негізгі қорда – 8 662, ғылыми көмекші қорда – 6 525.

2022 жылы Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аннаға арнау» концертін ұйымдастырды. 17-18 наурызда КСРО Халық әртісі Қазақстанның еңбек ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, қоғам қайраткері, композитор Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған республикалық композиторлар фистивалі өткен.

2022 жылы 22 қазанда Республика күніне арналған мерекелік іс-шарада «Алатау әуендері» концерттік бірлестігінің әншілері өнер көрсетіп, қала тұрғындарын құтықтау мерекесі өткізілген.

2022 жылы Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығы ауылдық мәдениет үйлері, кітапханалар мен мұражайлар арасында «Ауылым алтын бесігім» облыстық байқауының іріктеу кезеңін өткізген. 

Мәдениет саласының 2023 жылғы бюджеті 11,1 млрд. теңге. Мәдениет саласындағы қызметкерлер саны 1896 құраған.

2023 жылы 10 кітапхана ашылды: Еңбекшіқазақ ауданы 6 (Қаратұрық, Қайназар, Қырбалтабай, Көлді, Қорам, Асысаға), Талғар ауданы 1 (Кеңдала), Райымбек ауданы 2 (Сарыбастау, Қақпақ), Қонаев қаласы 1 (Арна). Оларға 10 штат бірлік бөлінді. Талғар ауданы Бесағаш ауылдық мәдениет үйі ашылды. Мәдениет үйіне 13 штат бірлігі беріліп, 10 млн. теңгеге материалдық-техникалық базасы нығайтылған. 

Сонымен қатар, 2023 жылы Райымбек аудандық мемлекеттік архив ғимаратының құрылысы аяқталған. Оған 5 штат бірлігі берілді. Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би және Қаракемер ауылдық мәдениет үйлерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 44 млн. 503 мың. тенге бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталған. 

Сондай ақ, 9 аудан мен 1 қалада «Жыршы-термешілер» мектебі және ақындар орталығы ашылып, оларға 20 штат бірлігі берілген. Халықтық театрларға 30 штат бірлігі берілген.             

2023 жылы мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру үшін жергілікті бюджеттен 7,9 млрд 525 мың теңге бөлінген. 27 385 бала үйірмелермен қамтылған.

Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би және Қаракемер ауылдық мәдениет үйлерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 44 млн. 503 мың. тенге бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталған. 

2023 жылы Алматы облысы бойынша мәдениет саласында барлығы 15 340 шара ұйымдастырылған. Оған қатысушы саны  2 085 мың адам. Оның ішінде  15 халықаралық, 37 республикалық, 67 облыстық конференция, 130 облыстық архив семинарлары, 389 облыс деңгейіндегі шаралар, қалған шаралар аудандық деңгейде ұйымдастырылған.

Есептік кезеңде Мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың туған күніне орай облыстық еске алу кеші, Мұқағали Мақатаевтың атындағы Райымбек аудандық мәдениет үйінде «Жырлайды жүрек - ХV» атты облыстық әншілер байқауы, халықаралық театрлар күніне орай көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған облыстық «Халық» театрларының фестивалі мен конференциясы өткізілген.

Әміре Қашаубаевтың 135 жылдығына «Шырқа дауысым», Жамбыл Жабаевтың 177 жылдығына «Жамбыл - Ұлы дала ақыны», Қазақстанның халық артисті, композитор Әсет Бейсеуовтың 85 жылдығына арналған «Әсеттің әсем әндері» атты мерекелік концерті мен облыстық әншілер байқауы өткізілген.

Күйші-композитор Қожеке Назарұлының 200 жылдығына орай Алматы облысы аумағында ғылыми экспедиция, Қонаев қаласында күйшілердің республикалық «Тарту» байқауы ұйымдастырылды. Мерейтойлар тізбесі бойынша Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына орай «Сұлтан Бейбарыс – Қазақстан мен Мысырға ортақ тұлға» атты зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел өткізіліп, Облыс әкімінің қолдауымен 8 кітап шығарылып, тұсаукесері өткізілген.

Сондай-ақ, 21 ақын-жазушылар, композиторлар мен суретшілер облыс әкімінің «Ақтаңгер» сыйлығымен марапатталған. Жыл сайын өтіп келе жатқан «Ауылым-алтын бесігім» аудан мәдениет күндері, «Балауса» балалар байқауы өз деңгейінде ұйымдастырылған. Есепті кезеңде Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі, Халықаралық музей күніне орай облыс орталығында «Mузей-fest», «Шебер-fest» фестивалдері өткізілген.

Кітапханашылар күні, Архившілер күні, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының 50 жылдығы кең көлемде аталынып өткізілген.

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастынған республикалық «Рухани қазына» байқауына қатысып, 3 номинация бойынша қызметкерлер марапатталынған.

Беларусь Республикасында «Витебсктегі Славян базары» ХХХІІ халықаралық өнер фестиваліне Шерхан Арыстан өнер көрсетіп, «ВИТЕБСК-2023» байқауының Гран-при иегері атанған.

Облыстық концерттік ұйымдарында 44 гастрольдік сапарлар ұйымдастырылып, 216 концерт қойылған. Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әртістері Астана, Манғолия, Түркия елдерінде, «Алатау әуендері» МКҚК Түркістан, Шымкент, Тараз қалаларында гастрольдік сапарларда болған.

Кітапханаларда кітап қоры – 2,7 млн. дана,  мемлекеттік  тілде – 1,1 млн.  дана, жаңа түскен әдебиеттер саны – 7 597, оқырмандар саны – 157 631, кітап берілімі – 3,4 млн., келушілер саны – 1 832 505, электронды күйге 2 388 кітап көшірілген.

Облыс бойынша музейлерде 3 582 экскурсия, оның ішінде жылжымалы 53 экскурсия, 1 305 танымдық сағаттар, 378 дәріс оқылған.

Облыстық мемлекттік архивінде 2023 жылдың қаңтар, қараша айларында мемлекеттік сақтауға жаңа 44 қор, 7 776 сақтау бірлік келіп түскен, оның ішінде 3 689 сақтау бірлігі басқармашылық; жеке құрам бойынша – 3 886; жеке тектік қор бойынша - 201 сақтау бірлікті құраған.

Есепті кезеңде архив мекемелері 8542  сақтау бірлігін (885 091 парақ) сканерлеп, цифрлық форматқа 5 428 сақтау бірлігін (635 104 парақ) енгізілген. Қағаз негізінде құжаттардың жай-күйінің және толықтығын тексеру бойынша 20 814 сақтау бірлігі тексеріліп, оларға 31 қорытынды актісі толтырылған.

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 1282,0 мың теңге өндірілді, 710 497,0 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, олар:

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 156,2 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 852,3 мың теңге бюджет есебіне өндірілді, аудит барысында 710 497,0 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 159,3 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 77,4 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 36,8 мың теңге бюджет есебіне өндірілді.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 6 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 05 наурыздағы №19-н/қ бұйрығына сәйкес мекеменің мәдени шаралар, мониторинг және жоспарлау бөлімінің бас маманы А.Есенгуловаға ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 05 ақпандағы №05/07-01 бұйрығына сәйкес бас есепшісі Ә.Шариповаға  ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 09 ақпандағы №11-ж/қ бұйрығына сәйкес есепші Е.Еркосаевқа  сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 23 ақпандағы №22-ж/қ бұйрығына сәйкес қаржы бөлімінің басшысы Ж.Каттаубековаға  ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 23 ақпандағы №23-ж/қ бұйрығына сәйкес қаржы бөлімінің есепшісі Ж.Турысбековаға  қатаң сөгіс жарияланып, 2024 жылдың 01 сәуірінен бастап бухгалтерлік есепке қатысты емес басқа жұмысқа ауыстырылған;

- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 23 ақпандағы №24-ж/қ бұйрығына сәйкес әкімшілік-шаруашылық жөніндегі бас директордың орынбасары А.Джакатоваға қатаң сөгіс жарияланып, 2024 жылдың 04 сәуірінен бастап материалдық құндылықтарға қатысты емес басқа жұмысқа ауыстырылған.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 2 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуға 3 материал және 207 бабының 10 тармағына сәйкес 2 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуға 2 материал, барлығы 5 материал жолданды. Бүгінгі күнге барлық материал Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде қаралуда.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 1 405 982,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: 1 403 917,8 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 2 065,0мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты және 11 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңның, «Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысының, «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының, «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің, «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң бұйрығы, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» бұйрығының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының, «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы талаптарының сақталмауынан орын алған.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар.

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және оның ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және оның ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралуын.

2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілген 1 282,0 мың теңге және есептілік бойынша қалпына келтірілген 710 497,0 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуін.

3. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі келесі шараларды қабылдауын:

1) «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша аудит қорытындысымен анықталған бастапқы құны 603 780,4 мың теңге баланстық құны бар ғимарат пен 87 381,0 мың теңге баланстық құны бар жер учаскісін бухгалтерлік есепке алынуы қамтамасыз етілсін. Сондай-ақ, амортизациясын есептеп, Алматы облысы әкімінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №588 қаулысын орындау үшін тиісті құжаттармен ведомствовалық бағыныстағы ұйымға қабылдау - тапсыру актісімен берілуіне ұсыныс жолдансын.

2) «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  аудит қорытындысымен анықталған бастапқы құны 603 780,4 мың теңге баланстық құны бар ғимарат пен 87 381,0 мың теңге баланстық құны бар жер учаскісін бухгалтерлік есепке алынуы қамтамасыз етілсін. Сонымен қатар, салықтар бойынша 952,6 мың теңге сомасына дебиторлық берешек пен Казпочта АҚ-мен жасалған мерзімді басылымдарға жазылу бойынша қызметтер үшін 24,8 мың теңге кредиторлық берешек бухгалтерлік есепте алынуы қамтамасыз етілсін.

2) Нұсқама жіберуді.

3) Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралсын.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                             А. Кадир

 

Аудит жүргізуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                        Н.Калкаев

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                         С.Елубаева

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                         А.Кулмухамбетова 

 

Аудит тобының жетекшісі                                         Н.Калкаев                                         

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ