Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
![]() |
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 26.03.2025 | |
Просмотры: 43 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің спорт резервін және жоғары сыныпты спортшыларды тәрбиелеу және даярлау саласындағы қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудиті.
Арна ауылы
2025 жыл
Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М.Мұсаевқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлім
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің спорт резервін және жоғары сыныпты спортшыларды тәрбиелеу және даярлау саласындағы қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Спорт резерві мен жоғары сыныпты спортшыларды тәрбиелеу мен даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асырудың тиімділігін бағалау.
1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:
1. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
2. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Алматы облысының спортты дамыту дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Талғар қаласындағы Андрей Кивилев атындағы велоспорт бойынша олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жігер спорттың Олимпиадалық түрлері бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Алматы облысының Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің жекпе-жек түрлері бойынша мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021-2024 жыл.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Алматы облысы аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Мекеменің мақсаттары дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру, ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту, әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу.
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес басқарманың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- Физикалық мәдениет пен спортты қолдау және ынталандыру;
- Ұлттық, бұқаралық, олимпиадалық және олимпиадалық емес, сондай-ақ паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту;
- Барлық спорт түрлерін әлеуметтік және білім беру функцияларын ескере отырып дамытуға ықпал ету, сондай-ақ олардың құрылымының ерекшеліктеріне негізделген ерікті қызмет принципін сақтау.
Басқармада 33 бағынысты коммуналдық мекеме бар.
Оның ішінде 67 спорт түрінен 25 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері (10 мамандандырылған), оқушылар контингенті 23 986 баланы құрайды (2023 жылы 23 959 бала), оның ішінде ауылды жерде -13597.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері
Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:
«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволық бағынысындағы 6 коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде Спорт резервін және жоғары сыныпты спортшыларды тәрбиелеу және даярлау саласындағы қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен барлығы 15 136 957,0 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 1 937 061,6 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:
- Қаржылық бұзушылықтар 1 508 040,4 мың теңге, оның ішінде: бюджет есебіне өтелуге жататыны – 52 607,7 мың теңге (негізсіз төленген еңбек ақы, сый ақылар, негізсіз өтелген іс-сапар шығындары, негізсіз есептен шығарылған жанар-жағар май соммалары, мемлекеттік сатып алулар бойынша Орындаушылар есебінен ұсталынбаған тұрақсыздық айып соммалары) және бухгалтерлік есептілікте қалпына келтірілуге тиіс бұзушылықтар сомасы – 1 455 432,7 мың теңге, оның ішінде негізгі бөлігі 1 441,8 мың теңгенің нысаны (Іле ауданы, Байсерке ауылындағы атқыштар клубы) 2024 жылғы 07 қазанында пайдалануға қабылданғанымен бухгалтерлік есептілікте ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде есепке алынбаған.
- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жағдайларда тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары 428 844,4 мың теңге (аудитпен қамтылған кезеңде сатып алуға жоспарланған тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге бөлінген қаражаттардың өз мақсатында игерілмей пайдаланусыз бюджет есебіне қайтарылуы немесе басқа да шығындарға жұмсалуы) және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары 176,8 мың теңге (Басқарма қызметкерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бұйрығында көрсетілмеген объектілерге (Іле ауданында орналасқан спорт ұйымдары) барған іс-сапары төлемдері).
Сонымен қатар 4 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған, олар Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының талаптарына қайшы міндеттемелерін тиісті түрде орындамағаны үшін Орындаушыларды жосықсыз деп тану туралы сотқа жүгінбеу фактілері.
Көрсетілген заңбұзушылықтар түрлеріне қарай келесі аудит объектілерінде анықталған:
1. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша:
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 9) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік принципі сақталмай, барлығы 386 331,4 мың теңге көлеміндегі шығындар тиімсіз жоспарланған (2023 жылы – 261 725,0 мың теңге, 2024 жылы –124 606,4 мың теңге);
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған шаралар қолданылмай 1,4 мың теңге тұрақсыздық айыбы өндірілмеген және өнім берушілерді жосықсыз деп тану туралы сотқа жүгінбеген;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 1-тарауының 2-тармағының, 3 тармағының 2,3 тармақшасының, 3 тармағының 1 тармақшасы мен 7 тармағының 7 тармақшасының талаптары сақталмай, барлығы 93,6 мың теңгеге тәулік ақы шығындары мен жол жүру шығындары артық төленген;
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік, яғни бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару қағидаты сақталмай 176,8 мың теңге іс сапар шығындары тиімсіз жұмсалған;
- Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 28 шілдесіндегі № 204 «Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 тарауының 21 тармағының және Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 27 маусымындағы № 156 «Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекіту туралы» бұйрығының талаптары сақталмай спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына 9 000,0 мың теңге сый ақы негізссіз (артық) төленген;
- Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 09 тамызындағы Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 508 «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтышуларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтышуларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы № 308, № 31 қаулыларының талаптары сақталмай спортшылардың спорттық жетістіктеріне Мекеме басшысының «Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» бұйрығында көрсетілген ақшалай қаражат мөлшері жоғарыда көрсетілген Қаулылардың қосымшасымен белгіленген жабдықталым төлемдерінің мөлшерінен артық көрсетіліп жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем, Азия, Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, Ислам ойындарында және ҚР Спартакиадасында жүлделі орындарға ие болған жас спортшылар жеңістері ересектер арасындағы жарыстардағы жеңістер қатарына жатқызылып есептеліп 34 725,5 мың теңге негізсіз (артық) үстеме ақы төленген (2023 жылы – 7 741,0 мың теңге, 2024 жылы –26 984,5 мың теңге);
- Алматы облысын әкімдігінің 2017 жылғы 17 қарашасындағы №508 «Спорт түрлері бойынша ҚР кұрама командыларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командылардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жатықтырушыларын, сондай-ақ спорттың командаларының құрамында қатысатын спортшыларға, олардың жатықтырушыларына және клубтық командылардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшелерін бекіту туралы» қаулысының, өзгеріс енгізу туралы Алматы облысын әкімдігінің 2024 жылғы 29 қантардағы №31 қаулысының талаптары сақталмай ХХХIII-ші жазғы Олимпиада ойындарына лицензияға ие болған Алматы облысының спортшыларына негізссіз (заңсыз) 6 750,0 мың теңге ақшалай көтермелеу төлеген;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидаларының 236 тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген 2010 жылғы 15 маусымындағы № 281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» буйрығының 16 тармағының талаптары сақталмай бухгалтерлік есепке құны 1 441 823,3 мың теңге құрайтын нысан (атқыштар клубы) ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде есепке алынбай, 2024 жылға арналған қаржылық есептілікте (бухгалтерлік балансқа) көрсетілмей қалу, яғни бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісінің орын алуы ықтималдығын туғызған.
2. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Алматы облысының спортты дамыту дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 47-тармағының, Бюджет Кодесінің 3 бабының 12-4 тармағынның және Кодекстің 4 бабының 9 тармағынның талаптары сақталмай Мекеме автокөлік сатып алуға жұмсалатын шығын көлемін есептеу кезінде 24 780,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарлаған.
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының (әрі қарай - Заң) 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған шаралар қолданылмай 145,5 мың теңге тұрақсыздық айыбы өндірілмеген және өнім берушілерді жосықсыз деп тану туралы сотқа жүгінбеген;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 7 тармағының 7 тармақшасының талаптары сақталмай, барлығы 402,3 мың теңгеге тәулік ақы шығындары артық төленген;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 16 тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 196,199, 243, 244-тармақтарының талаптары сақталмай 12 771,9 мың теңге құрайтын құрал-жабдықтар алғашқы тануда дұрыс шотқа есепке қойылмаған
3. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 9) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік принципі сақталмай, барлығы 17 733,0 мың теңге көлеміндегі шығындар тиімсіз жоспарланған;
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 190 бұйрығымен бекітілген «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жұмыскерлеріне қосымша ақыларды төлеу туралы» қағидаларының 4-тармағының талаптары сақталмай 353,0 мың теңге қосымша ақы негізсіз төленген.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысымен бекітілген 24-қосымшасының талаптары сақталмай 146,0 мың теңге сый ақы негізсіз төленген;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі № 1428 қаулысы (кейінгі енгізілген толықтырулар мен өзгертулерімен) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының талаптары сақталмай, іс-сапар шығындарына 144,0 мың теңге негізсіз (артық) төленген.
4. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Талғар қаласындағы Андрей Кивилев атындағы велоспорт бойынша олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен 114, 115 және 118-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 9 тармағының талаптары сақталмай қалыптасқан әлеуметтік салық бойынша 837,5 мың теңгеге кредиторлық қарыздар жылдық есептілікте (бухгалтерлік баланста) анықталған берешектер көрсетілмеген немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі № 1428 қаулысы (кейінгі енгізілген толықтырулар мен өзгертулерімен) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының талаптары сақталмай, іс-сапар шығындарына 206,4 мың теңге негізсіз (артық) төленген.
5. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жігер спорттың Олимпиадалық түрлері бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
- Мекеменің 04.01.2023 жылғы 04 қаңтарындағы №87/1 ж/қ «Жанар-жағармай материалдары шығыстарының нормалары туралы» бұйрығының талаптары сақталмай нормадан тыс 57,0 мың теңге сомасына 278 литр мөлшерінде АИ-92 бензині және 33,0 мың теңгеге 112 литр мөлшерінде дизель отыны барлығы нормадан тыс 90,0 мың теңге құрайтын жанар-жағармай есептен шығарылған;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі № 1428 қаулысы (кейінгі енгізілген толықтырулар мен өзгертулерімен) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының талаптары сақталмай, іс-сапар шығындарына 45,0 мың теңге мөлшерінде тәуліктік шығыстар негізсіз (артық) төленген.
6. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 3-тармағы 2-тармақшасының және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылдың 22-қарашасындағы №107 «Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы» бұйрығының талаптары сақталмай, барлығы 130,0 мың теңге көлемінде іс-сапар шығындары артық төленген
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының (әрі қарай - Заң) 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған шаралар қолданылмай 199,9 мың теңге тұрақсыздық айыбы өндірілмеген және өнім берушілерді жосықсыз деп тану туралы сотқа жүгінбеген.
7. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Алматы облысының Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің жекпе-жек түрлері бойынша мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
- «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің» 133 бабының 2 тармағының және «Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №907 бұйрығының 4 тармағы талаптары сақталмай еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар 106,9 мың теңге негізсіз (артық) төленген;
- «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегiндегi iс сапарларының ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi №1428 қаулысының 2 тарау, 3 тармағының, «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарлар бойынша шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысының 2 тарау, 3 тармағының, 3 тарау, 7 тармағының талаптары сақталмай іс-сапарлар шығындарына 68,2 мың теңге негізсіз (артық) төленген.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):
Аудитпен қаралған мәселелер шеңберінде Алматы облысындағы спорт саласын талдауда аса назар аударуды талап ететін төмендегідей негізгі мәселелерді ұсынамыз:
1) Алматы облысының бөлінуіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы №886 «Әкімшілік-аумақтық құрылыстың кейбір мәселелері туралы» Жарлығы негізінде Алматы облысының бөлініп, Жетісу облысының құрылуына байланысты көптеген беделді, әрі белсенді спортшылардың және де олардың жаттықтырушыларының Жетісу облысына ауысып, Алматы облысында олардың санының күрт азаюына қарамастан, облысымызда қызметі Спорттық ұйымдарды бақылау және инспекциялаумен шектелетін мекемелердің саны өскені анықталып отыр.
Оның ішінде, 2022-2024 жылдары облыстық деңгейдегі 3 (үш) келесідей дирекциялар құрылған:
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спортты дамыту дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының спортты дамыту дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Айта кететін жағдай, бұл Мекемелер (ұйымдар) құрылғанға дейін қазіргі кезде атқарып отырған функционалдық міндеттер «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесімен атқарылған.
Аталған Мекемелердің (ұйымдардың) құрылуы сәйкесінше олардың қызметін іске асыруға қаражат қажет етеді. Аудитпен қамтылған екі жыл ішінде ғана облыстағы бақылаушы мекемелерді қаржыландыру мөлшері 3,5 млрд. теңгені құраған.
Ал, облыс бойынша спортшылардың жетістіктерін талдау барысында халықаралық жарыстарда, атап айтқанда негізгі жарыстарда (олимпиадаларда) облыс атынан қатысатын спортшылардың саны азайып келетіні байқалады, мәселен 2024 жылы облыс атынан 5 спортшы қатысып, олардың тек біреуі ғана медаль жеңіп алған, облыс спортшылары Олимпиадалық лицензияларды тек екі спорт түрінен алған: күрес және садақ ату (2020 жылғы Олимпиадада облыстан спорттың 6 түрінен 11 спортшы (садақ ату, жеңіл және ауыр атлетика, велоспорт, ескек есу және күрес) қатысып, нәтижесінде, ауыр атлетика түрінен 2 медальға ие болған).
Осы айтылған негіздемелерді қорытындай келе, жоғарыда аталғандай жаңа мекемелерді ашу шаралары олардан күтілген маңызды нәтижелерге қол жеткізілмей тұр деген пікірдеміз.
2) Спорт түрлері бойынша көрсеткіштердің төмендеуіне жаттықтырушылар құрамының сапасы да маңызды роль ойнайды. Айта кету керек, облыс аумағында спорт кадрлары даярлайтын бірде-бір жоғары оқу орны немесе колледждар жоқ. Облыс аумағында бірде-бір мамандандырылған спорт мектеп-интернаты жоқ.
Сонымен қатар, облыста спорттық жабдықтар шығаратын кәсіпорындар да жоқ, бұл оқу процесінің сапасына да әсер етеді.
Спортшылардың денсаулығын қолдау саласын талдау көрсеткендей, ең жақсы спорттық нәтижелер технологиясы озық мен медицинасы дамыған елдердің үлесінде, себебі оларда бұл мәселе ғылыми тұрғыдан қаралады.
Облыста тек 2024 жылы ғана дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері ашылған, алайда бұл мекемені қаржыландыру мөлшері облыс бойынша спорт мекемелері мен ұйымдары арасында ең төмен болып отыр (32794,0 мың теңге), бұл спортшылардың денсаулығына деген көзқарас деңгейін білдіріп отыр.
Төмендегі статистикаға назар аударсақ, облыс аумағында тұратын мүгедектер саны 42416 адам, оның ішінде 6743 балалар. Спортпен шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 4214 адамды немесе жалпы санының 11,7% құрайды, олардың негізгі бөлігі спортпен шұғылдану барысында жарақаттар алғандар және сапалы медициналық көмек көрсетілмегендер.
Қорытындылай келе, «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы шеңберіндегі шараларды іске асыру мақсатында қажетті сауатты кадрларды тарту үшін дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің, оңалту орталықтарының санын көбейту, сәйкесінше оларды жеткілікті қаржыландыру ұсынылады.
3) Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қыркүйек айындағы Жолдауында айтқандай, «Дені сау жастарды тәрбиелеу және бүкіл ұлттың денсаулығын нығайту керек. Ол үшін бұқаралық және балалар спортының дамуына серпін беру керек».
Жалпы, бұқаралық спортқа балаларды мектеп жасынан бейімдейді. Бұл дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасында да бекітілген.
Ал Алматы облысында бұқаралық спорт іс жүзінде жоқтың қатарына қосуға болады. Бұқаралық спорт түрінің бірі – Футболдан қалалық және аудандық мамандандырылған мектептерде оқитын балалар қатысатын ауқымды спорт жобалары аудандарда, тіпті облыс орталығында да мектеп сыныптары арасында іске асырылмайды, себебі, мұндай іс-шараларды қолға алып ұйымдастыру білім бөлімдеріне жүктелген, ал олардың негізгі функционалдық міндеттері өзгеше.
Аталған іс-шаралардың спортты дамыту шеңберінде болғандықтан, осындай іс-шараларды бақылауды дене шынықтыру және спорт басқармасына жүктеу, және де қарапайым сыныптар мен мамандандырылған үйірмелер арасында спорттық ойын түрлері бойынша жарыстарды жеке-жеке өткізу ұсынылады.
4) Сондай-ақ, қазіргі уақытта даму деңгейі олимпиадалық емес спорт түрлері қатарында екендігін ескере отырып, спортшылардың Ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық деңгейдегі жетістіктері деңгейін көтеру мақсатында Спорт резервін және жоғары сыныпты спортшыларды тәрбиелеу және даярлау саласындағы қызметтерге қаражат қарастыруда ұлттық спортымызды – ұлттық құндылығымызды жаңғыртуға аса назар аударуды ұсынамыз.
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Жоғарыда көрсетілген заңбұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін өтелуге тиіс қаражаттардың 2132,2 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өтелді және 13 609,4 мың теңгенің бұзушылықтары қаржылық есептілікте қалпына келтірілді.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 9 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:
1. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Алматы облысының спортты дамыту дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 20.01.2025 жылғы № 15 бұйрығымен бас есепші Н.Ж.Акмадиева «Сөгіс» түрінде және 27.01.2025 жылғы № 17 бұйрығымен жаттықтырушылар Б.С.Кубаев, М.М.Ибрагимов, Ж.Б.Казыбеков «Ескерту» түрінде тәртіптік жазаға тартылды.
2. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жігер спорттың Олимпиадалық түрлері бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 27.01.2025 жылғы № 47 ж/қ бұйрығымен оқу ісі жөніндегі орынбасары М.А.Жұмагереев «Ескерту» түрінде тәртіптік жазаға тартылды.
3. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 05.02.2025 жылғы № 31 ж/қ бұйрығымен оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Ғ.Жорабеков «Ескерту» түрінде тәртіптік шараға тартылды.
4. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Талғар қаласындағы Андрей Кивилев атындағы велоспорт бойынша олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 29.01.2025 жылғы № 01-20/10 бұйрығымен бас есепші А.В.Очеретина «Ескерту» түрінде тәртіптік жазаға тартылды.
5. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Алматы облысының Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің жекпе-жек түрлері бойынша мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 21.02.2025 жылғы № 18 ж/қ бұйрығымен есепші Ж.К.Айтказинова «Сөгіс» түрінде тәртіптік жазаға тартылды.
6. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 03.02.2025 жылғы № 04-03/33А бұйрығымен бас есепші Е.И.Карелина «Ескерту» түрінде тәртіптік шараға тартылды.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабына сәйкес 1 материал және 207 бабының 10 тармағына сәйкес 4 материал әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін жолданып, қазіргі уақытта қаралуда.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулыларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының талаптарының сақталмауынан орын алған.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.
«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің спорт резервін және жоғары сыныпты спортшыларды тәрбиелеу және даярлау саласындағы қызметінің тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
- Аудит объектілері тарапынан анықталған заңбұзушылықтардың салдарын барынша азайтуға бағытталған шаралар, атап айтқанда өтелуге тиіс қаражаттардың 2132,2 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өтелуі және 13 609,7 мың теңгенің бұзушылықтары қаржылық есептілікте қалпына келтірілуі фактілерін назарға алу және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізу.
- «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына негізсіз (артық) төленген 9 000,0 мың теңге сый ақы, 34 725,5 мың теңге негізсіз (артық) үстеме ақы, 6 750,0 мың теңге ақшалай көтермелеу, барлығы 50 475,5 мың теңге сомаларын тиісті бюджет есебіне өтелуі қамтамасыз ету, баланстық құны 1 441 823,3 мың теңге құрайтын нысанын (атқыштар клубы) бухгалтерлік есепке тиісті түрде алу арқылы қаржылық есептілік қалпына келтіру және заңбұзушылықтарға жол берген жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі қарау туралы Нұсқама жолдау.
3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.
Тексеру комиссиясының мүшесі Қ.Есенаманов
Аудит жүргізуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Сәді
Сапа бақылауына жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева
Құқықтық сүйемелдеуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Құлмұхамбетова
Аудит тобының жетекшісі А.Сәді