Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Қарасай ауданы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 10.04.2025
Просмотры: 34 Печать страницы

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлім

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Қарасай ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Қарасай ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

        1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:

1.  «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2. «Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;

3. «Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің "Қарасай аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4. «Қарасай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5. «Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6. «Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7. «Қарасай ауданының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі;

8. «Қарасай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

9. «Қарасай ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; 

10. «Қарасай ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

11. «Қарасай ауданының Жандосов ауылдық округі әкімінің аппараты»   мемлекеттік мекемесі;

12. «Қарасай ауданының Іргелі ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

13. «Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

14. «Қарасай ауданының Ұмтыл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

15. «Қарасай ауданының Шамалған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

16. «Қарасай ауданының Қаскелең қаласы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2023 жылдың 1-қаңтарынан бастап, 2024 жылдың  31-желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік.

          2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау

Аудан тұрғындарының негізгі тіршілігі өнеркәсіп және ауылшаруашылық өндірісімен байланысты. Қарасай ауданы облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Аумағы 2,0 мың шаршы км құрайды, 47 елді мекен орналасқан, аудан орталығы Қаскелең қаласы болып табылады.

Өткен жылы өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 621,8 млрд. теңге немесе 2023 жылмен салыстырғанда 45,8 млрд. теңгеге артық орындалды, (2023ж.- 576,1млрд. тг)нақты көлем индексі 109,4%-ды құрады. Облыстық өнеркәсіп өндірісіндегі ауданның үлесі – 32,7%.

Өнеркәсіптің дамуы бойынша ауданда 18 ірі өндірістік кәсіпорындар, ал сапа менеджменті және халықаралық стандарт ИСО жүйесі бойынша 16 өнеркәсіп мекемелері, сонымен қатар 7 жүйе құраушы кәсіпорындар жұмыс істеуде.

Ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі өткен жылдың 11 айы бойынша 67,5 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңінен 3,7млрд. теңгеге кем орындалды (2023 ж. 11 ай – 74,9 млрд.тг). Нақты көлем индексі 100,0%. Облыстағы үлесі – 11,4%.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы жердің көлемі 126,3 мың га, оның ішінде жайылымдық жерлер 70,3 мың га құрайды.

Ауданның шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 32 827 субъект тіркелген. Шағын кәсіпорындар саны –  4 940, жеке кәсіпкерлер саны – 26 271. Ауылшаруашылығы саласында 2 132 нысан жұмыс атқаруда, бүгінгі күні кәсіпкерлікте 55 250 адам жұмыспен қамтылған. 2024 жылы ШОБ субъектілерінен бюджетке салықтар мен төлемдер түсімдері 48,6 млрд.  теңгені құрады.

Инвестиция саласы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестициялар 224,2 млрд. теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 70,0 млрд. теңгеге артық орындалды (2023 ж-154,2 млрд. тг). Нақты көлем индексі 140,4% орындалып отыр. Облыс көлеміндегі ауданымыздың үлес салмағы –22,9%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі  2024 жылы 73,1млрд. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 4,1 млрд. теңгегеартық орындалды, (2023ж. – 69,0 млрд. тг). Нақты көлем индексі 137,9%. Облыс көлеміндегі ауданның үлес салмағы – 17,0% құрап отыр.

Тұрғын үйлерді іске қосу бойынша  2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы алаңы 245,6 мың. шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,2 мың. шаршы метрге артық орындалды немесе 108,9% (2023ж. – 225,4 мың ш.м). Бұл көрсеткіш бойынша облыстағы үлесіміз 25,7%.

Халықты жұмыспен қамту бойынша жұмысқа орналасуға 13122 адам өтініш білдірді, оның ішінде бүгінгі күнге 5319 адам жұмысқа орналастырылды. Аудан бойынша 7722 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Білім саласы бойынша ауданымызда 73 білім беру мекемелері бар, оның 58-і мемлекеттік және 15-і жеке меншік мектептер.

2024-2025 оқу жылында 88 012 оқушы білім алуда. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 5073 оқушыға артты (өткен оқу жылы 82939). Білім сапасы – 62,8%.

Денсаулық сақтау саласына келсек аудан бойынша 1 аудандық көпсалалы аурухана, 3 алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы, 19 дәрігерлік амбулатория, 12 фельдшерлік-акушерлік пункті, 3 медициналық пункті және жеке меншік нысанындағы 5 денсаулық сақтау ұйымдары қызмет көрсетеді. Аталған салада 466 дәрігер,  1340 медбике және 712 техникалық персонал жұмыс істейді.

Салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша 2024 жылдың қортындысына сәйкес жалпы бюджетке 104,3 млрд. теңге түсіп, 2023 жылмен салыстырғанда 19,3%-ға көбейді (2024 ж. 12 айға жоспар – 103,0 млрд. теңге, 101,3%).

Ауданда өткен жылы 224,2 миллиард теңгеге инвестициялар тартылған, 73,1 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа 246,6 шаршы метр тұрғын үй берілді және Нұрлы-жер бағдарламасы аясында Әйтей ауылдық округіне қарасты «Өмірұзақ» тұрғын үй кешенінде 30 га жер теліміне 2 қабатты 520 пәтерлі - 130 «Таунхаус» үйлердің құрылысы толық аяқталды. Сметалық құны 11,1 млрд. теңге. Жалпы алаңы 38 129 шаршы метрді құрайды.

Аудан бойынша әлеуметтік, өндірістік, ауыл шаруашылық және басқа да салалар бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:

Қарасай ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 23 327 994,0 мың теңге қамтылды және жалпы сомасы 4 393 147,6 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 1 405 319,3 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар (оның 11258,5 мың теңгесі өтелуге, 1 394 060,8 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады);

- 2 753 584,9 мың теңге тиімсіз жоспарлаулар;

- 234  243,4 мың теңгеге тиімсіз пайдаланулар.

Сонымен қатар 18 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға жол берілген.

Бұдан басқа, 14 бірлік әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды.

Аудит қортындысы бойынша 5 адам тәртіптік жазаға тартылды.

1. «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. 2023-2024 жылдары мекеме тарапынан бюджеттік бағдарламалардың бекітілгеннен кейін күнтізбелік 3 күн ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб–сайтында орналастырылмағандығы анықталды.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсанындағы №195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларының» 22 тармағының талабы сақталмағандығы анықталған.

2-тармақ. 2023 жылға арналған қаржыландыру жоспарын жасау кезінде 001-015 бюджеттік бағдарламасының 116 ерекшелігі бойынша 1 832,0 мың теңге жоспарланған, қаржы жылы ішінде бюджет қаражатының қажеттілігінің болмауына байланысты 116 ерекшелік бойынша 112 ерекшелікке жылжыту жүргізілген, яғни, 2023 жылы 1 832,0 мың теңгеге артық қаржыландыру жүргізілген.

Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.

Осылайша, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсанындағы №95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабының 1-тармағы, 12-4) тармақшасы және 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай 2023 жылы 1 832,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған.

3-Тармақ. Мекеменің 2023 жылғы 16 ақпандағы №49-ө бұйрығы негізінде мекеменің заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маман Исмаилов Жандос 20 ақпан мен 03 наурыз күндері Қонаев қаласына жіберілген. 2023 жылдың 16 ақпанныдағы №025 аванстық есеп негізінде тәуліктік 11 күнге 75,9 мың теңге төленген,  тұрғын үй-жайды жалдау 12 күнге 183,8 мың теңге, барлығы 259,7 мың теңге төленген.

Алайда, тәуліктік 12 күн 82,8 мың теңге, тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары 11 күнге 168,5 мың теңге, барлығы  251,3 мың теңге төлеу керек болған, яғни 2023 жылдың ақпан айында И.Жандосқа 8,4 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары артық есептеліп төленген.

Бұл, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу» туралы Қағидаларының 2-тарау 3-тармағының 1), 2) тармақшаларының талаптарын сақтамау салдарынан орын алған бұзушылық сомасы бюджке өтелді.

4-тармақ. «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі теңгерімінде 1С Бухгалтерия бағдарламасынан алынған мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта Мекеменің теңгерімінде барлығы 6 (алты) бірлік жеңіл автокөліктер (HYUNDAI EIANTRA 880AV05, Skoda SUPER B8 777VV05, Chevrolet Malibu 037ZZ05 , Skoda Kodiaq 707AU05, HYUNDAI EIANTRA 777WW05, Chevrolet Malibu 909AX05 маркалы) тіркелген.

Ал, «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту» туралы № 179 бұйрығының 1-қосымшасы және Алматы облысы әкімінің 2023 жылғы 21 шілдедегі №68-өн/ө өкіміне байланысты техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлер санының лимиті 5 (бес) бірлік қызметтік автокөлік тиесілі, 2023 жылдың 3 тамызында қабылдау-тапсыру актісі бойынша «Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ-сінің балансынан «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі балансына «Chevrolet Malibu» автокөлігі VIN MX1CMAA0PK552182 - 1 дана қабылдау - тапсыру жүргізілген.

Демек, «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі теңгерімінде бекітілген лимиттен тіс 1 (бір) қызметтік автокөлігі мемлекеттік нөмірі 037 ZZ05 Chevrolet Malibu тіркелген, яғни  мекеменің лауазымды адамдары тарапынан қызметтік автокөліктер бойынша бекітілген заттай нормалардан асыру фактісіне жол берілген.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 234-1 бабымен мемлекеттік органдармен бекітілген заттай нормалардан асырған үшін әкімшілік-құқықтық жауапкершілік қарастырылды.

5-Тармақ. 2024 жылы 007 «Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 931,9 мың теңге бюджет қаражаты жұмсалынған, соның ішінде: 149 «Өзге де қорларды сатып алу» ерекшелігі бойынша «Белуха Андрей Николаевич» ЖК-мен 1 келісім шарт жасалынып, 2024 жылдың 15 қазанындағы №1221005/24-619 төлем шоты бойынша 1 931,9 мың теңгеге 23 - өрт костюмдері сатып алынған.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсанындағы №95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабының 1-тармағы, 12-4) тармақшасы және 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, 1 931,9 мың теңгеге сатып алынған 23 - өрт костюмі тиімсіз пайдалану болып табылады, өйткені осы уақытқа дейін қолданылмаған және оларға қажеттілік болмағандықтан, қоймада сақталып тұрғаны анықталды.

6-Тармақ. Қарасай ауданының әкімдігі 2024 жылғы 23 тамызда 107-«Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасының 165 ерекшелігі бойынша 2023 жылғы 30 қарашадағы №1952-24-00-2/3792 жауапкер Н.Н.Паримбетовтың талап арызына қатысты азаматтық істер бойынша жалпы сомасы 112 360,5 мың теңгеге төлем жасалынған.

Алайда,  Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 19-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №325 қаулысының 2.2-тармағына сәйкес, көзделмеген шығындар – көзделмегендігіне байланысты ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 20 - бабының 2-тармағына сәйкес, шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады).

Н.Н.Паримбетовтың талап арызына қатысты азаматтық істер бойынша төленген 112 360 533 теңге көлеміндегі шығын көзделмеген шығындарға жатпайды, өйткені Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 115 «Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау» бюджеттік бағдарлама бойынша жоспарлау қажет болған.

Яғни, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 19 - бабы 1-тармағы, 3-бабының 1-тармағы, 12-4) тармақшасының талабы сақталмай, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №325 қаулысының 2.2-тармағы және «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығы сақталмай, жалпы сомасы 112 360,5  теңгеге тиімсіз жоспарланып, тиімсіз пайдаланылған.

2. «Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ.  2023 жылға арналған қаржыландыру жоспарын жасау кезінде 001-015 бюджеттік бағдарламасының 159 ерекшелігі бойынша 200,0 мың теңге жоспарланған, қаржы жылы ішінде бюджет қаражатының қажеттілігінің болмауына байланысты 159 ерекшелік бойынша 149 ерекшелікке жылжыту жүргізілген, яғни, 2023 жылы 200,0 мың теңгеге артық қаржыландыру жүргізілген.

Демек, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсанындағы №95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабының 1-тармағы, 12-4) тармақшасы және 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай 2023 жылы 200,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2 Тармақ. Мекеменің 2023 қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес 032-015 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының 421 ерекшелігі бойынша 5607,0 мың теңге бекітілді.

Осы бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатын игеру бастапқыда шындыққа жанаспады, өйткені мекеме Қарасай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 02 қазандағы № 470 қаулысымен қайта ұйымдастырылды және тек төртінші тоқсанда құрылды (Шарт талаптарын жасасу және орындау үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу үшін уақыт қажет және т.б.). Нәтижесінде, осы бағдарлама бойынша қаражатты игеру жүргізілген жоқ, өйткені басқа бағдарламаларға, атап айтқанда 5 507,0 мың теңге сомасына 001 жылжыту жүргізілді, ал 100,0 мың теңге 2024 қаржы жылының соңында игерілмеген күйінде қалды.

Осылайша, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсанындағы №95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабының 1-тармағы, 12-4) тармақшасы және 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, жалпы сомасы 5607,0 мың теңгеге бюджет заңнамасының бұзушылықтары 2023 қаржы жылында бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған болып табылады.

3 Тармақ. 2024 жылдың тамыз айында 032 - 015 бюджеттік бағдарламасының 414 ерекшелігі бойынша жалпы сомасы 2 228,5 мың теңгеге аяқ массажерлері, массаж креслолары, жүгіру жолдары, спорттық тренажерлік велосипед және теннис үстелдері сатып алынған.

Алайда, 032-015 "ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстары"бюджеттік бағдарламасы бойынша қаражаттың игерілуіне қарамастан, "Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ бұл спорттық жабдықтарды ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға берудің орнына өзінің бухгалтерлік есебіне кірістеген.

Демек, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсанындағы №95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабының 1-тармағы, 12-4) тармақшасы және 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, жалпы сомасы 2 228,5 мың теңгегенің шығындары бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану болып табылады.

4 тармақ. 2024 алынған спорттық құрал-жабдықтар мекеменің балансы бойынша уақтылы кіріске алынған, атап айтқанда:

- 2360 қосалқы шоты бойынша аяққа арналған массажерлер, массаж креслолары;

- 2370 қосалқы шот бойынша жүгіру жолдары (331,5 мың теңге), жаттығу велосипедтері (390,0 мың теңге), жүгіру жолдары, үстел теннисі үстелдері (175,0 мың теңге).

Алайда, «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 Бұйрығының 16 тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2360 шотына жататын жалпы сомасы 896,5 мың теңгеге тренажерлік велосипедтер, жүгіру жолдары және үстел теннис үстелдері (спорттық снарядтардың 6 позициясы) 2370 шотына қате көрсетілген. Бұл 2024 жылы қаржылық есептіліктің бұрмалануы болып табылмайды, өйткені 2300 шотының жалпы сомасы өзгермейді.

5 Тармақ. 2024 жылғы 20 желтоқсанда № 4571030/24-426 төлем шоты 032 - 015 бюджеттік бағдарламаның 421 ерекшелігі бойынша «Бекболат ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеу» жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлегені үшін 21 704,7 мың теңге сомасына "Казгражданстройпроект" ЖШС-не төлем жүргізілген.

Алайда, бұл ғимарат (шот 2321) баланстық құны 56 395,0 мың теңге және жер (шот 2310) баланстық құны 3 936,0 мың теңге "Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ-нің балансында 2023 жылдың қазан айынан бастап, мекеме қайта құрылған кезден бастап тіркелген.

Яғни, 032-015 "Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша төлем жүргізе отырып, мемлекеттік мекеме ғимараттың жобалау-сметалық құжаттамасын өз балансында қаржыландырды.

Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсанындағы №95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабының 1-тармағы, 12-4) тармақшасы және 4-бабы 12) тармақшасын сақтамау салдарынан жалпы сомасы 21 704,7 мың теңгеге бюджет қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.

Үстеме тексерудің қысқаша нәтижелері: «Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай аудандық мәдениет үйі» комуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынында:

1-Тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсанындағы №95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабының 1-тармағы, 12-4) тармақшасы және 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, мұражайлар мен цирктерге субсидия төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы №354 бұйрығының, «Қарасай ауданының аудандық мәдениет үйі» КМҚК-ның 5, 6, 8 және 9-тармақтарын сақтамау үшін негізсіз қажетті есептер жүргізілді, қызметін атқармайтын №4 филиалдың қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен жалақы сомасын есептеу және төлеу, бұл бұзушылықтар жүйелі сипатқа ие, бірнеше жыл бойы бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану нәтижесінде туындаған, тек аудитпен қамтылған есепті кезеңде бұзушылық сомасы 7 593,0 мың теңгені құрады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне даму жоспарларының орындалуы бойынша бекітілген есептер де ұсынылмады.

2-Тармақ. Жоғарыда айтылғандай, бұл бұзушылықтар жүйелі сипатқа ие, бірнеше жыл бойы бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану нәтижесінде туындаған.

«Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысының 2025 жылғы 17 ақпандағы №5 бұйрығымен «Қарасай ауданының аудандық мәдениет үйі» қазыналық кәсіпорнының Директорына жіберілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жаза қолданылды, мәдениет үйінің штаттық кестесіне өзгерістер енгізу және таратылған филиал қызметкерлерін қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

3-Тармақ. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары»-ның 1 тарауының 3 тармақтары мен «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңының 4, 5, 6, 20-бабын сақтамау салдарынан «Қарасай ауданының аудандық мәдениет үйі» КМҚК бухгалтерлік есебінде жалпы сомасы 40 712,3 мың теңгеге жер кірістелмеген.

Аталған бұзушылық 2025 жылғы 17 ақпандағы Дт-2310, Кт-6330 бухгалтерлік жазбасымен бухгалтерлік есепте 2310 шоты бойынша 40 712,3 мың теңгеге жер кірістелді.

3. «Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің "Қарасай аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысымен бекітілген 2-қосымшасының талаптарын сақтамау салдарынан 2023 жылы 116,8 мың теңге көлеміндегі қаржы негізсіз артық төленген. Аудит барысында толығымен бюджетке өтелді.

2 тармақ.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысымен бекітілген 1-қосымшасының талаптарын сақтамау салдарынан 2023 жылы 66,4 мың теңге көлеміндегі қаржы негізсіз артық төленген. Аудит барысында толығымен бюджетке өтелді.

3 тармақ.  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №209 «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығының 337-тармағына сәйкес қызметкерлердің біліктілік талаптарын сақтамау салдарынан 2023 жылы төленген 2539,1 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражаты тиімсіз пайдалану болып табылады.

4 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысымен бекітілген 2-қосымшасының талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы 111,6 мың теңге көлеміндегі қаржы негізсіз артық төленген. Аудит барысында толығымен бюджетке өтелді.

5 тармақ.  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №209 «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығының 337-тармағына сәйкес қызметкерлердің біліктілік талаптарын сақтамау салдарынан төленген 2884,9 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражаты тиімсіз пайдалану болып табылады.

4. «Қарасай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. 2024 жылға шығындарға арналған  жиынтық есебінің Бюджеттік өтініміне сәйкес «Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде қызметтерге ақы төлеу» (001-015-155) ерекшелігі жергілікті бюджет есебінен 9 551,0 мың теңге бөлінген. 2024 жылдың 31-желтоқсаны жағдайына жасақталған 4-20 есебі бойынша 155-ерекшеліктен 1 550,0 мың теңге игерілгені 8 001,0 мың теңге қаражаттың әлеуметтiк тапсырыс шеңберiндегі қызметтеріне қажеттілігінің болмағандығы болып табылады.

Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.

Алайда, Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, Мекеме 2024 жылға жоспарланып берілген 8 001,0 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2-тармақ. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңының                                  43-бабының 24-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан Мекеме «Контракт» ЖШС-мен 604,8 мың теңгеге түзілген келісім шартқа сәйкес Жағар майды жеткізу мерзімін 9 күнтізбелік күнге кешіктіргені үшін 5,5 мың теңге көлеміндегі айыппұлды есептемегені анықталды. Аудит барысында толығымен бюджетке өтелді.

3-тармақ. Сондай-ақ, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңының 12-бабы 4-тармағының 3) тармақшасын бұза отырып, Мекеме «Контракт» ЖШС-н мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

4-тармақ. Еңбек кодексінің 115-бабы 2-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы ұсталуға тиіс 339,0 мың теңге көлеміндегі қаржының Мекеменің бұрынғы басшысы А.Б.Искаковтың еңбекақысынан ұсталмағаны анықталды. Аудит барысында толығымен бюджетке өтелді.

5-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйегіндегі №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» қаулысының 2-тармағы сақтамау салдарынан 20,7 мың теңге іс сапар шығындарының негізсіз төленгені. Аудит барысында толығымен бюджетке өтелді.

5. «Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

1-Тармақ. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Бұйрығының 243, 244 -тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан 2023 жылы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы қамтамасыз етілген жалпы сомасы 139 350,5 мың теңгені құрайтын протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және жүріп тұру құралдары Мекеменің теңгеріміне алынбағаны анықталды. Бұл  қателіктер қаржылық заңбұзушылықтарға жатады. Аудит барысында есепке алынды.

№468 Есептілік қағидасының 27-тармағына сәйкес Теңгерімнің «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің 114 «Негізгі құралдар» (2310, 2320, 2330, 2340, 2350, 2360, 2370, 2380, 2390) жолы бойынша баланстық құны бойынша жер, ғимараттар, құрылыстар, беру құрылғылары, көлік құралдары, машиналар мен жабдықтар және басқа негізгі құралдар (жинақталған амортизация және негізгі құралдарды құнсыздануына арналған резервті шегергендегі бастапқы құны) көрсетіледі.

Және де, аталған Мүгедектердің арнайы құралдары Есептілік қағидасының 79-тармағына сәйкес қаржылық есептіліктің ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанына толтырылады.

2-Тармақ. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы 27, 79 –тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан жалпы сомасы 139 350,5 мың теңгені құрайтын Мүгедектердің арнайы құралдарының есепке алынбауы 2023 жыл қорытындысы бойынша жасақталатын Бухгалтерлік баланстың 114  «Негізгі құралдар» жолының және  ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының сомасы бұрмаланғаны анықталды.

Бұл жағдай, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабы 1-тармағы 2-тармақшасы талаптарына сәйкес: бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепке алуда көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, бухгалтерлік құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған ақпаратты енгізу, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою  – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3-Тармақ. Мекеме тарапынан №393 Есеп қағидасының 243, 244 -тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы қамтамасыз етілген жалпы сомасы 135 672,3 мың теңгені құрайтын протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және жүріп тұру құралдары Мекеменің теңгеріміне алынбағаны анықталды. Бұл  қателіктер қаржылық заңбұзушылықтарға жатады. Аудит барысында есепке алынды.

6. «Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

1-Тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 16 тармағы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары»-ның 236, 244, 245 тармағының талаптары сақталмай, жалпы сомасы 1 009 230,1 мың теңгенің ұзақ мерзімді активтері есепке алынбаған. Бұл  қателіктер қаржылық заңбұзушылықтарға жатады. Аудит барысында есепке алынды.

2-Тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары» бұйрығының 1 тарауының 3 тармақтары мен  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары»-ның  236, 243, 244-тармақтарының бұзылып,     1009230,1 мың теңгенің ұзақ мерзімді активтері  есепке алынбағаннан кейін активтер сомасы  азайып, жылдық есептілік бұрмаланған.

Бұл жағдай, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабы 1-тармағы 2-тармақшасы талаптарына сәйкес: бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепке алуда көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, бухгалтерлік құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған ақпаратты енгізу, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою  – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3-Тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы  №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 9 тармағы толық басшылыққа алынбай, Мекемен мен «КазТехГеостар» ЖШС арасында «Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелен қаласында ұңғыма бұрғылау» нысаны бойынша 2024 жылдың 30-қыркүйегінде 32 928,0 мың теңгеге түзілген №71 келісім-шарттың қамтамасыз етуін 6 күнге кешіктіріп еңгізгені анықталды.

4-Тармақ. 2023 жылдың 19-желтоқсанында  Мекеме  030 бағдарламадан  « AlphaPro» ЖШС-мен 12108,1 мың теңгеге « Аулаларды абаттандыру көппәтерлі тұрғын үйлер Жанғозин көшесінің № үйлері 15, Қаскелең қаласының Арман көшесі № 12Б ЖСҚ жасау» бойынша №215 келісім-шартқа  отырған. Жұмыстардың аяқталу мерзімі Шарт жасалған күннен бастап 8 ай деп көрсетілген, яғни 19-тамыз 2024 жыл. 2024 жылдың 08 қазанында №215 келісім-шартқа  қаржы жылына арналған көпжылғы шартты ұзарту бойынша №1 қосымша жасалған. 2023 жылдың 27 желтоқсанынан жасалған жұмыстар актісі 5000,0 мың теңгеге, 2024 жылдың 14 қарашада 7108,1 мың теңгені құраған. Яғни «AlphaPro» ЖШС жұмыстарды 14 қарашада аяқтағаны 86 күнтізбелік күнге кешіктіргені үшін айыппұл 611230,00 (7108,1*0,1%*86 дня= 611230) тенгені құрайды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы орындалмаған міндеттемелер сомасынан 404,0 мың теңге тұрақсыздық айыбы ұсталмаған. Мекеменің негізгі қызметін қадағалау Мекеме басшысы С.Казиевтың міндетінде болған. 611,2 мың теңге жергілікті бюджетке қайтарылуға жатады.

5-Тармақ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу Заңының 12 бабының 4- тармағының 3) тармақшасы сақталмай, Мекеме өзімен жасалған келісім-шарт бойынша міндеттемелерді тиiсiнше орындамаған өнім берушіні жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбен. Бұл  қателіктер рәсімдік заңбұзушылықтарға жатады. Мекеме келісім-шарттың орындалуы мерзімін кешіктіргенімен, мекеме сотқа уақытында жүгінбеген.

Бұл жағдай ,Қазақстан Республикасының  2014 жылдың 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10-тарағы бойынша Мекеменің бірінші басшысына айыппұл салу қарастырылған.

7. «Қарасай ауданының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі.

1-тармақ.  1-Тармақ: Аудит барысында 2023 жылдың аяғында 001 «Жергілікті деңгейде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» арналған бағдарламадан 138,6 мың теңге игерілмей қалған.

Игерілмегей қалған қалдықтар Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 4-бабы 12 тармағының нәтижелілігі мен тиімділігі қағидатын сақтамауға алып келді, мұнда бюджеттік бағдарламаларда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару, сондай-ақ ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттілігінен бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалану  және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмегені және бюджет қаражатының қалдықтарын пайдалану жөніндегі талаптары сақталмағаны болып саналады.

2-Тармақ. Аудит барысында 2023 жылдың аяғында 052 «Ауыл-Ел бесігі жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру» арналған бағдарламадан 36315,2 мың теңге игерілмей қалған. Игерілмегей қалған қалдықтар Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 4-бабы 12 тармағының нәтижелілігі мен тиімділігі қағидатын сақтамауға алып келді, мұнда бюджеттік бағдарламаларда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару, сондай-ақ ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттілігінен бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалану  және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмегені және бюджет қаражатының қалдықтарын пайдалану жөніндегі талаптары сақталмағаны болып саналады.

3-Тармақ: Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының(әрі қарай - Заң) 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған 30.01.2025 жылға Мердігерге 29 күнге кешіктіріліп орындалғанға тұрақсыздық айыбы 28,3 мың теңге есептелінген (976353 теңге *0,1%* 29 күн).

Нақты 20.02.2025 жылға 259 күнге тұрақсыздық айыбы 3114,4 мың теңгені құрайды (23438000 теңге *0,1%* 117 күн=2742,2)+(12776600 теңге*01,%*18күн=230,0)+(4976100 теңге *0,1%*6күн=29,9)+(976400 теңге*0,1%*115=112,3)(Мекеме басшысының түсініктемесі, келісім-шарт көшірмесі, жұмыстардың атқарылу актілері көшірмесі аудиторлық есепке 33 бетте тіркеледі №6 қосымша).

4-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 12 бап 4 тармағы 3 тармақшасына сәйкес, Мекеме «СтройОазис»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызын Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына тек 238 күн өткенен кейін жүгінген.

Бұл  қателіктер рәсімдік заңбұзушылықтарға жатады. Мекеме келісім-шарттың орындалуы мерзімін кешіктіргенімен, мекеме сотқа уақытында жүгінбеген. Қазақстан Республикасының  2014 жылдың 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10-2 тармағы бойынша мекеменің бірінші басшысына айыппұл салу қарастырылған.

5- тармақ. «КазГерСтрой»  ЖШС-гі  келісім шарты бойынша алынған міндеттемелерді орындамаған себептерімен, Мекеме өз тарапынан Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына  20.10.2023 жылы №1 талап арызымен жүгінгең.

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 17.01.2024 жылғы №1912-23-00-2/2573 жеке ұйғарымымен «КазГерСтрой»  ЖШС-не соттың шешімі кұшіне енгеңнен кейін 6(алты) кейін жұмысты аяқтау міндеттелген. 

Оз міндеттемелерін мезгілінде орындамағандықтан үшін шартты біржақты тәртіппен бұзу туралы  «КазГерСтрой»  ЖШС-не 19.08.2024 жылы хабарлама жіберілген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бап 12 тармағына сәйкес өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда, енгізген сома  өнім берушіге қайтарылмайды және тиiстi бюджет есебіне 1294,1 мың теңге бюджетке қайтаруға жатады. Аудит барысында толығымен бюджетке өтелді.

6-Тармақ.12.08.2024 жылы №89 келісім шарты «СтройОазис»  ЖШС- мен Қарасай ауданы Қырықауылды ауылы Садовая көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына 29063,2 мың теңгеге  жасалынып игерілген, аяқталу мерзімі ведомстволық қорытындыға сәйкес және жұмыс жүргізу құқығына рұқсат алған күннен бастап 2 ай, талон 12.08.2024 жылы берілген, жұмыс орындалған Актілері  бойынша нақты орындалған жұмыс көлемі 25796,1 мың теңге құрайды (16.09.2024ж.-12066,8 мың теңге;11.11.2024ж.-7507,2 мың теңге; 12.11.2024ж.-6222,0 мың теңге;) орындалмаған жұмыс көлемі 3267,1 мың теңге.

Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының(әрі қарай - Заң) 43 бабы 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған тұрақсыздық айыбы 30.01.2025 жылға Мердігерге 109 күнге кешіктіріліп орындалғанға тұрақсыздық айыбы 356,1 мың теңге есептелінген(3267145,6 теңге *0,1%* 109 күн). Нақты 20.02.2025 жылға 129 күнге тұрақсыздық айыбы 819,5 мың теңгені құрайды.

7-Тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 12 бап 4 тармағы 3 тармақшасы сақталмай, Мекеме «СтройОазис»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызын Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына тек 109 күнен кейін жүгінген.

Бұл  қателіктер рәсімдік заңбұзушылықтарға жатады. Мекеме келісім-шарттың орындалуы мерзімін кешіктіргенімен, мекеме сотқа уақытында жүгінбеген. Қазақстан Республикасының  2014 жылдың 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10 тарағы бойынша мекеменің бірінші басшысына айыппұл салу қарастырылған.

8-Тармақ. 12.08.2024 жылы №92 келісім шарты «СтройОазис»  ЖШС- мен Қарасай ауданы Исаев ауылы Суюнбай Аронұлы көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына 81351,0 мың теңгеге  жасалынып игерілген, аяқталу мерзімі ведомстволық қорытындыға сәйкес және жұмыс жүргізу құқығына рұқсат алған күннен бастап 2,5 ай, талон алған күні 12.08.2024 жылы, жұмыс орындалған Актілері  бойынша нақты орындалған жұмыс көлемі 72913,1 мың теңге құрайды(25.09.2024 жылға-32702,3 мың теңге, 19.11.2024 жылға-21153,5 мың теңге, 20.11.2024 жылға-19057,2 мың теңге) орындалмаған жұмыс көлемі 8437,9 мың теңге.

Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының(әрі қарай - Заң) 43 бабы 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған тұрақсыздық айыбы  30.01.2025 жылға Мердігерге 94 күнге кешіктіріліп орындалғанға тұрақсыздық айыбы 793,2 мың теңге есептелінген(8437926 теңге *0,1%* 94 күн).

Нақты 20.02.2025 жылға 113 күнге тұрақсыздық айыбы 1797,9 мың теңгені құрайды (486487000 теңге *0,1%* 21 күн=1021,6)+(8437900 теңге*0,1%*92 күн=776,3). 

9-Тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 12 бап 4 тармағы 3 тармақшасы сақталмай, Мекеме «СтройОазис»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызын Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына тек 94 күнен кейін жүгінген. Бұл  қателіктер рәсімдік заңбұзушылықтарға жатады. Мекеме келісім-шарттың орындалуы мерзімін кешіктіргенімен, мекеме сотқа уақытында жүгінбеген.

 Қазақстан Республикасының  2014 жылдың 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10-2 тармағы бойынша мекеменің бірінші басшысына айыппұл салу қарастырылған.

10-Тармақ. Аудит барысында 2024 жылдың аяғында 052 «Ауыл-Ел бесігі жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру» арналған бағдарламадан 31936,4 мың теңге игерілмей қалған.

Игерілмегей қалған қалдықтар Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 4-бабы 12- тармағының нәтижелілігі мен тиімділігі қағидатын сақтамауға алып келді, мұнда бюджеттік бағдарламаларда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару, сондай-ақ ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттілігінен бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалану  және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмегені және бюджет қаражатының қалдықтарын пайдалану жөніндегі талаптары сақталмаған болып саналады.

8. «Қарасай ауданының құрылыс бөлімі» ММ.

1-тармақ. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы №405-V ҚРЗ Заңының 28-бабының 1-тармағын бұза отырып, 4 қызметкер бойынша (Байдаулетова А. М. ЖСН 901002401026, Жапаров Д. Е. ЖСН 870627300871, Сәрсенаева Б. Т. ЖСН 630503401337, Сұлтанов е. и. ЖСН 921024300481) МӘМС 2023 жылдың қыркүйек айына жалпы сомасы 18 275,00 теңге жарналар сомасы негізсіз аударылғаны анықталды. Аудит барысында толығымен бюджетке өтелді.

2-тармақ. Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4-тармақшасын, 4-бабы 12-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылға ерекшелік бойынша (003-034-431) жоспарланған 2 513 978,0 мың теңге сомасындағы қаражаттардың негізсіз жоспарланғаны анықталды, өйткені аталған қаражат аудан мәслихатының шешімімен шегеріліп тасталған.

Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдаланубюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.

Демек, 2024 жылға жоспарланып, бөлінген 2 513 978,0 мың теңге сомасындағы қаражаттар тиімсіз жоспарланған болып табылады.

9. «Қарасай ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

1-тармақ: «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз №1127 қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасы талабы бұзылып, сыйақы беру туралы 2023 жылдың 6 наурызындағы  №58 бұйрықпен алынбаған тәртіптік жазалары бола тұра (Қарасай ауданының  әкімінің 14.12.2022 жылғы №361-ө өкімімен ескерту берілген) Б.Махатовқа 123,6 мың теңге сыйақы төленген, негізсіз төленген сыйақы жергілікті бюджет есебіне өндірілуі тиіс. Аудит барысында толығымен бюджетке өтелді.

2-Тармақ. Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысының 2023 жылғы 4 мамырдағы №76-3-10/431-И хаты негізінде Елтай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 5 мамырдағы №7 өкімімен мемлекеттік қызметшілерді және өзге де тұлғаларды қайта даярлау қурстары мен олардың біліктілігін арттыру семинарына 2023 жылғы 10-12 мамыр күндері аралығында Қонаев қаласына бас маман М.Сальменов оқуға жіберіліп 86,2 мың теңге іссапар шығындары төленген, нақты іссапар шығыны 73,0 мың теңге құрайды (тұрғын үй-жайды жалдау өтеу 24150*2, тәулiкақыларды өтеу 6900*3, жолақысы 2000*2).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының талаптары сақталмай 13,2 мың теңге(86,2-73,0) іссапар шығындары артық төленген, артық төленген іссапар шығыны жергілікті бюджет есебіне өндірілуі тиіс. Аудит барысында толығымен бюджетке өтелді.

Тармақ 3. Келісім шарты бойынша воркауытты орнату мерзімі 15 күн  көрсетілген. Яғни орнату жұмыстары аяқталу мерзімі 04.10.2023 жылы болатын.

Бірінші жұмыс орындалған Актісі 3332,4 мың теңгеге 06.10.2023 жылы тапсырылған, яғни  1 күнге кешіктіріп орындаған,айыппұл соммасы 6664,8 теңге құрайды(6664800*0,1%).

Екінші жұмыс орындалған Актісі 3332,4 мың теңгеге 30.10.2023 жылы тапсырылған,яғни 25 күнге кешіктіріп орындаған, айыппұл соммасы 83,3 теңге құрайды(33324000*0,1%*25).

Айыппұл сомасы 90,0 мың теңгені(6,6+83,3=90,0) құрайды және осы сома жергілікті бюджет есебіне өңдірілуге жатады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 - тармағы орындалмаған міндеттемелер сомасынан 90,0 мың теңге тұрақсыздық айыбы есептелініп ұсталмаған. Аудит барысында 07.02.2025 жылдың №213 төлем шотымен 90,0 мың теңге жергілікті бюджетке қайтарылды.

Тармақ 4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағы сақталмай, Мекеме өзімен жасалған келісім-шарт бойынша міндеттемелерді тиiсiнше орындамаған өнім берушіні жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбен. Бұл  қателіктер рәсімдік заңбұзушылықтарға жатады. Мекеме келісім-шарттың орындалуы мерзімін кешіктіргенімен, мекеме сотқа уақытында жүгінбеген. Қазақстан Республикасының  2014 жылдың 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10 тарағы бойынша мекеменің бірінші басшысына айыппұл салу қарастырылған.

10. «Қарасай ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

1 тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы№414-V Еңбек кодексінің 103 бабының 1 тармағы талабы бұзылып, бас маман Султанбаева Гулмира Бегалиевна 2024 жылдың 23 желтоқсанында  Қарасай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 43-ө ж/қ өкіміне сәйкес 23 және 27 желтоқсан аралығында  еңбекақысы сақталмайтын демалысқа кеткеніне қарамастан желтоқсан айының еңбекақысы толық төленген немесе 58 461 теңгеге артық төленіп кеткен. Аудит барысында артық төленген еңбек ақы сомасы бюджетке толығымен өтелді.

11. «Қарасай ауданының Жандосов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Тармақ 1. Мекеменің тарифтік тізімі бойынша бас маман Ж.Еркінбекованың айлық лауазымдық жалақысы 207 518,00 теңгеге бекітілген, ал Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аударылған сыйақы 274 000,00 теңгені құраған, яғни Ж.Еркінбековаға Мемлекеттік қызметшілер күніне 66 482,00 теңге сыйақы артық төленген, яғни Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 9-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан бас маман Ж.Еркінбековаға Мемлекттік қызметшілер күніне орай сыйақы 66,5 мың теңге көлеміндегі қаржыға негізсіз артық аударылғаны анықталды. Аудит барысында толығымен бюджетке өтелді.

Өйткені, Мекеменің 2023 22-масуымдағы №54 н/қ өкімінің 1-тармағына сәйкес 2023 жылдың қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органгдарды ұстауға ескеріліп, үнемделген қаржы есебінен Жандосов ауылдық округі ікәмә аппаратының қызметкерлеріне бір айлық лауазымдық жалақылары мөлшеріне дейін Мемлекттік қызметшілер күніне орай сыйақы берілу туралы шешім қабылданған.

Тармақ 2. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Бұйрығының 243-тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары» бұйрығының 3 тарау 27, 79-тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан 2023 жылы Жандосов ауылдық округіне қарасты ауылдардың 4 көшесіне салынған жалпы сомасы 7 769,8 мың теңгенің жарықтандыру желілері Мекеме теңгеріне алынбағаны анықталды.

Жалпы сомасы 7 769,8 мың теңге көлеміндегі қаржыны құрайтын 4  Жарықтандыру желілері 2025 жылғы 7-ақпандағы бухгалтерлік анықтамамен Мекеменің теңгеріміне алынды.

Бұл жерде, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабы 1-тармағы 2-тармақшасы талаптарына сәйкес: бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепке алуда көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, бухгалтерлік құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған ақпаратты енгізу, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою  – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Тармақ 3. Мекеме тарапынан Бюджет кодексінің 4-бабы 12-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2023 жылдың 5-сәуірінде түзілген №22 келісім шарттың 2.2 тармағында көрсетілген жалпы сомасы 250,0 мың теңгенің 255 дана (күл 100 дана, қарағаш 55 дана, қайың 100 дана) ағаш көшеттерінің орнына басқа ағаш көшеттері отырғызылғаны анықталды.

Бұл жерде, №22 келісім шарттың 2.2. тармағы бойынша қарастырылған 255 дана (күл 100 дана, қарағаш 55 дана, қайың 100 дана) ағаш көшеттерінің орнына басқа 255 дана (үйеңкі 155 дана, қарағай 100 дана)  отырғызылғаны 250,0, мың теңге қаржының тиімсіз пайдалауына әкеліп соққан.

12. «Қарасай ауданының Іргелі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Тармақ 1. ҚР 2015 жылдың 23-қарашасындағы №414-V Еңбек кодексінің 103-бабы 1-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2023 жылы Мекеменің қызметкерлеріне 901,8 мың теңге сомасындағы еңбекақы төлемдері негізсіз төленген. Аудит барысында 595,2 мың теңге көлеміндегі қаржы бюджетке өндірілді.

Тармақ 2. ҚР Үкіметінің 2001 жылдың 29-тамызындағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 1-2, 9 тармақтары талаптары сақтамау салдарынан 2023 жылы 875,7 мың теңге көлеміндегі қаржылар негізсіз төленген. Аудит барысында 500,0 мың теңге көлеміндегі қаржы бюджетке өндірілді.

Тармақ 3. ҚР Үкіметінің 2001 жылдың 29-тамызындағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 1-2, 9 тармақтары талаптары сақтамау салдарынан 2023 жылы 398,4 мың теңге көлеміндегі қаржылар негізсіз төленген. Аудит барысында 398,4 мың теңге көлеміндегі қаржы бюджетке өндірілді.

Тармақ 4. ҚР Үкіметінің 2001 жылдың 29-тамызындағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 1-2, 9 тармақтары талаптары сақтамау салдарынан 2023 жылы 163,0 мың теңге көлеміндегі қаржылар негізсіз төленген. Аудит барысында 163,0 мың теңге көлеміндегі қаржы бюджетке өндірілді.

13. «Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

1 тармақ. Мекемемен жыл бойын қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтауларға сәйкес, аталған сома жыл бойы игерілмей, жыл аяғында бюджет есебіне қайтарылған. Бұл, Бюджет Кодексінің 3-бабы 12-4) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік қағидатының сақталмағанды, яғни бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару шаралары атқарылмағандығы болып табылады.

Бұл жерде, қолданыста болмаған Қарасай ауданы Бұлақты ауылы, Жаңа дәуір көшесі 36Б мекен жайында орналасқан ғимаратқа жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарының 26 295,6 мың теңге көлеміндегі қаржы тиімсіз жұмсалынған болып саналады, өйткені аталған ғимарат 2024 жылдың 15-тамызында «ҚР жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу орталығы» РММ-ң филиалына Республикалық меншікке берілген.

Тармақ 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Бұйрығының 236, 243- тармақтары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Бұйрығының 16-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан жалпы сомасы 12 303,7 мың теңгеге орнатылған 2  тарнсформатор Мекеменгің бухгалтерлік есебіне кірістелмегені анықталды. Аудит барысында 12 303,7 мың теңгеге орнатылған 2 дана  трансформаторлар Мекеменің бухгалтерлік есебіне кірістелді.

14. «Қарасай ауданының Ұмтыл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі.

Тармақ 1. «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысының 2 тарауы, 2 тармағының талабы сақталмай, Ұмтыл ауылдық округі Әкімінің 2023 жылғы Ұмтыл ауылдық округі Әкімінің 2023 жылғы 05 мамырдағы №5-24-Н/Қ Өкіміне сәйкес және 10.06.2022ж. №6 аванстық есебі бойынша мекеменің бас маманы Ш.Б.Тулегеноваға 2023 жылдың 10 – 12 мамырында Қонаев қаласында болған іс-сапарының шығындарын өтеуде 2 күнге  48 300 теңгені құрайтын пәтер жалдау және тәулік шығындары артық өтелген. Оның ішінде: (екі күнге 2 Х 17 250 = 34 500 теңгеге пәтер ақы төлемдері және 2 Х 6 900 = 13 800 теңгеге тәулік шығындары).

Сол сияқты, Ұмтыл ауылдық округі Әкімінің 2023 жылғы 12 маусымдағы 05 мамырдағы №6-30 Н/Қ Өкіміне сәйкес және 12.06.2023ж. №3 аванстық есеб бойынша мекеменің бас маманы А.Д.Әскербекке 2023 жылдың 12 – 30 маусымында Қонаев қаласында болған іс-сапарының шығындарын өтеуде 41 400  теңгені құрайтын пәтер жалдау және тәулік шығындары артық өтелген. Оның ішінде: (екі күнге 2 Х 17 250 = 34 500 теңгеге пәтер ақы төлемдері және 1 Х 6 900 = 6 900 теңгеге тәулік шығындары). Аудит барысында артық төленген 89,7 мың теңгенің іс-сапар шығындары бюджетке өтелген.

15.  «Қарасай ауданының Шамалған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Тармақ 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 41-тармағын, Бюджет Кодесінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасы және осы Кодекстің 4 бабының 9 тармағын бұза отырып, Мекеме Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 2 прайс-парақшасы тігілген. Аудит барысында мекеменің ағаштарды кесу, көгалдарды суғару және арам шөптеперді шабу жұмыстарын сатып алуға жұмсалатын шығын көлемін есептеу кезінде  10 000,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны анықталды. Мекемеде бюдеттік өтінімдерге жауапты бас маман-есепші А.Базаркуловада.

Тармақ 2.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 16 тармағы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары»-ның 236, 244, 245 тармағының талаптары сақталмай, орнатылған трансформаторлар  2890,0 мың теңге қаржы ұзақ мерзімді активтерді  2340 шотына есепке көрсетілмеген. Бұл  қателіктер қаржылық заңбұзушылықтарға жатады. Аудит барысында есепке алынды.

Тармақ 3.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары»-ның 1 тарауының 3 тармақтары мен  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары»-ның  236, 243, 244-тармақтарының бұзылып,     2890,0 мың теңге қаржы ұзақ мерзімді активтері   2370  шотына есепке көрсетілмеген активтер сомасы барлығы 2890,0мың теңге азайып, жылдық есептілік бұрмаланған. Қазақстан Республикасының  2014 жылдың 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы бойынша Мекеменің бас есепшісіне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу қарастырылған.

Тармақ 4. Бюджет Кодесінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасы және осы Кодекстің 4 бабының 12 тармағының талаптары толық орындалмай, 341,9 мың теңгенің «Полиция бөлімі ғимараты» қолданыста болмауы, аталған нысанға бөлінген қаржыны тиімсіз пайдалану болып табылады.

16. «Қарасай ауданының Қаскелең қаласы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі.

1-тармақ. Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4-тармақшасын, 4-бабының 12-тармақшасын бұза отырып, Қаскелең қаласы әкімінің аппараты 2024 жылы 1 690,0 мың теңге ақшалай қаражатты 001-015-158 Ерекшелігі бойынша негізсіз артық жоспарлаған.

Бұл жерде, Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, Мекеме 2023 жылға жоспарланып берілген 1 690,0 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2-тармақ. Қаскелең қаласы әкімінің аппараты тарапынан Еңбек Кодексінің 103-бабының 1-тармағын бұза отырып, мекеменің бас маманы Г. С. Рахимбаеваға 2024 жылғы наурызда негізсіз (жұмыс істемеген уақыт үшін) жалпы сомасы 155,2 мың теңгеге жалақы төлегені анықталды. Аудит барысында толығымен бюджетке өтелді.

3-тармақ. Қаскелең қаласы әкімінің аппараты тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Бұйрығының 243-тармағын және 3-тараудың 27-тармағын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары» бұйрығының 79-тармағын бұза отырып, мекеме бухгалтерлік есепте және 2024 жылғы 01 қаңтардағы және 2025 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша қаржылық есептілікті жасау кезінде жалпы сомасы 10 838,8 көшені жарықтандырудың 7 желісі балансқа қабылданбаған және бухгалтерлік баланста көрсетілмегені анықталды. Аудит барысында аталған нысандар бухгалтерлік есепке алынды.

Бұл жағдай, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабы 1-тармағы 2-тармақшасы талаптарына сәйкес: бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепке алуда көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, бухгалтерлік құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған ақпаратты енгізу, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою  – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4-тармақ. Қаскелең қаласы әкімінің аппараты тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Бұйрығының 243-тармағын және 3-тараудың 27-тармағын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары» бұйрығының 79-тармағын бұза отырып, мекеме бухгалтерлік есепте және 2024 жылғы 01 қаңтардағы және 2025 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша қаржылық есептілікті жасау кезінде жалпы сомасы 35 293,3 мың теңгеге көшені жарықтандырудың 14 желісі балансқа қабылданбаған және бухгалтерлік баланста көрсетілмегені анықталды. Аудит барысында аталған нысандар бухгалтерлік есепке алынды.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): _______________________________________________________

                                        (болған жағдайда)

III. Қорытынды бөлім.

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін бюджет қаражатын   пайдалану   кезіндегі  бұзушылықтар бойынша аудит объектілерімен 1 394 060,8 мың теңгеге тиісті бухгалтерлік жазбалармен түзетілді, 3895,1 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өтелді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  234-1-бабы негізінде 1 аудит объектісінің басшысына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл қысқартылған түрде бюджетке өтелген.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабы негізінде 6 аудит объектілерінің басшыларына және 238-бабы негізінде 7 аудит объектілерінің есепші қызметкерлеріне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға, Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хаттар   жолданды.

Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде 4 әкімшілік іс қаралды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1. Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 23 327 994,0 мың теңге жұмсалған қаржы қамтылды және жалпы сомасы 4 393 147,6  мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 1 405 319,3 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі қаржылық бұзушылықтар (оның 11258,5 мың теңгесі өтелуге, 1 394 060,8 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады);

- 2 753 584,9 мың теңге активтерді тиімсіз жоспарлаулар,

-    2342 43,4 мың теңге активтерді тиімсіз пайдаланулар.

Осылармен қатар 18 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудит кортындысы бойынша 5 адам тәртіптік жазаға тартылды.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы заңының, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту» туралы № 179 бұйрығының 1-қосымшасы және Алматы облысы әкімінің 2023 жылғы 21 шілдедегі №68-өн/ө өкімінің талаптарын сақтамау салдарынан орын алған.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.

Қарасай ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. Қарасай ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

2. Аудит объектілері тарапынан тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін анықталған қаржылық бұзушылықтар бойынша бюджет есебіне 3895,1 мың теңгенің өтелуі мен бухгалтерлік есепке алу жолымен 1 394 060,8 мың теңгеге қалпына келтіру шаралары назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілсін.

3. Аудит барысында анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында тиісті аудит объектілеріне 7364,3 мың теңге бюджет есебіне өндіруді қамтамсыз ету және жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы Нұсқамалар жолдансын.

3.4. Қосымша: анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (18 парақта).

Тексеру комиссиясының мүшесі                                    Қ.Есенаманов

 

Аудит тобының жетекшісі, 

№1 мемлекеттік аудит бөлімінің

басшысы-мемлекеттік аудитор                                     Ж. Үсенбаев

 

Талдау, сапаны жоспарлау және

бақылау бөлімінің басшысы

-мемлекеттік аудитор                                                       С. Елубаева

 

Әкімшілік-құқықтық

бөлімінің басшысы

-мемлекеттік аудитор                                                       А. Кұлмұхамбетова

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ