Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Талгарский район
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 25.03.2019 | |
Просмотры: 1200 | Печать страницы |
«Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы Талғар ауданы бойынша жергілікті бюджетінің атқарылуы туралы есебі
(жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды)
Жауапты орындаушылар:
Тексеру комиссиясының мүшесі – Б.Мұхамеджанов
Бас маман-мемлекеттік аудитор –С.Желдібаев
Талдықорған қаласы: 2019 жыл.
Талғар ауданының 2018 жылғы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебіне Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытынды ЕСЕБІ
КІРІСПЕ |
I БӨЛІМ. ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ |
II БӨЛІМ. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ |
2.1. Жергілікті бюджетке түскен түсімдердің атқарылуын бағалау 2.4 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын талдау |
III БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ |
3.1. 2016-2020 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалау |
IV БӨЛІМ. ЖЕКЕЛЕГЕН БАҒЫТТАР БОЙЫНША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ |
4.1. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігін бағалау
|
V БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІК |
5.1. Тұжырымдар |
ЕСЕПКЕ ҚОСЫМШАЛАР |
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қарашадағы № 392-У Заңының 51-бабына сәйкес Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы-мен (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) 2018 жылға арналған Талғар ауданының бюджетінің атқарылуы туралы есебіне (бұдан әрі – Есеп) қорытынды есебі әзірленді.
Есептің бірінші бөлімінде Талғар ауданының 2018 жылға арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қысқаша талдамасы көрсетілген.
Есептің екінші бөлімінде Талғар ауданының бюджеттің атқарылуына талдау жүргізілген. Бөлімде кіріс түсімдері, салықтық және салықтан тыс түсімдер, түсімдер бойынша шығындардың орындалуы, мемлекеттік қаржылық активтерді сатып алу, аудандық бюджеттің дебиторлық және кредиторлық берешектері, аудандық бюджеттің тапшылығын (профицитті) қаржыландыру және оның қаржыландыру көздері бойынша талдау деректері көрсетілген.
Үшінші бөлімде бақылау және талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша Талғар аудандық бюджеттің негізгі параметрлерінің орындалуын бағалау, соның ішінде Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің принциптеріне сәйкес, жергілікті мемлекеттік органдармен тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуін, Қазақстан Республикасы заңнамасына аудандық бюджет қаражаттарының пайдаланылуын бағалау ұсынылған.
Төртінші бөлім бақылау объектілерімен бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда, бюджеттік және өзге де заңнамаларды сақтау бойынша Тексеру комиссиясының негізгі тұжырымдары мен ұсыныстарынан тұрады.
I БӨЛІМ. ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Аудандағы 399 өнеркәсіп орындарымен өндірген өнім көлемі 36467,0 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі 109,2%. Өндірілген өнімнің 81,3% өңдеу өнеркәсібінің үлесінде.
Еламан ауылында «Интермед Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктістігі медициналық және биологиялық қалдықтарды жоятын зауыты ашылған. Даулет ауылында «Аль-Сафа» жауапкершілігі шектеулі серіктістігі шойыннан жасалған бұйымдарды шығаратын зауты ашылған. Панфилов ауылында «NUR KAGAZY» өңделген материалдардан қағаз өндіру зауыты, Талғар қаласында пластикалық бұйымдар шығаратын «УППКОС», Панфилов ауылындағы сүт өнімдерін шығаратын «Ақни» кәсіпорындарында кеңейту жұмыстары жүргізілді. Оларда 197 адам жұмыспен қамтылып, аудан экономикасына 2,5 млрд. теңге инвестиция тартылған.
2018 жылы ауыл шаруашылығында 48716,6 млн. теңгенің жиынтық өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 101,7 %. Ылғал сақтау технологиясымен 5000 га дәндік дақылдар алқабы, тамшылатып суару әдісімен 777 га, жаңбырлатып суару әдісімен 1400 га алқапта ауыл шаруашылығы дақылдары өсірілді. Жоспар 100 % орындалды.
1,9 млрд теңгеге 3 инвестициялық жоба іске қосылды:
1.«Баймене» ЖШС – 40 га алқапқа қарқынды бақ отырғызу, жоба құны – 520 млн.теңге. Жұмыспен орнымен қамтылғандар саны – 10 адам;
2.«Алматы» АШӨК – 800 басқа арналған сүт тауарлы фермасын салу, жоба құны – 1369,0 млн.теңге. Жұмыспен қамтылғандар саны – 20 адам.
3. «Исаева» ШҚ – жылдық қуаттылығы 350 тоннаны құрайтын сүт өнімдерін шығаратын цех салу, жоба құны – 5,0 млн.теңге. Жұмыспен қамтылатын адамдар саны – 5 адам.
10431 белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп, 26700 адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Аудан бюджетіне кәсіпкерлік саладан 14346,5 млн. теңге түсімдер жиналып, жалпы бюджеттің 56,3% құрайды. Ал өндірілген өнім көлемі 70000,0 млн.теңге.
42 шағын бизнес субъектілері ашылып, 445 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген (3 көлік жуу, 2 АЗС, 1 асхана, 9 дүкен, 3 қонақ үй,5 тойхана, 3 кафе, 2 сауда кешені, 1 сауда павильоны, 1 автоорталық және т.б.), 4,6 млрд.тенге инвестиция тартылған.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 3,2 млрд теңгеге 33 жоба қаржыландырылған.
Аудан экономикасын дамытуға 63762,7 млн. теңге инвестиция тартылып, нақты индекс көлемі 102,9 % құрады.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының»:
-бірінші бағытымен - 3 айлық кәсіптік оқуға 452 адам жолданып 38,8 млн.теңге игерілген, 90 адам жұмыспен қамтылған;
-екінші бағытымен -«Бастау бизнес» жобасы бойынша 206 адам оқуға жолданып, 193 оқуларын аяқтаған.
-«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 80 адам 402,4 млн. теңгеге несие алған, қосымша 65 жаңа жұмыс орындары құрылған;
-үшінші бағытымен - 92 жұмыссыз азамат әлеуметтік жұмысқа жолданып, 19 мекемемен келісім-шарт жасаған. Жастар практикасына 92 түлек ауданның 32 мекемесіне жолдама алған. Қоғамдық жұмыстарға 811 адам жіберілген.
Өтініш білдірген 3972 жұмыссыз азаматтардың 3144 түрлі салаларға жұмысқа орналасқан (79,2%).
Аудан көлемінде өнеркәсіп орындарын ұлғайту, кіші және орта кәсіпкерлік нысандарын ашу аясында 1610 жаңа жұмыс орындары ашылған.
Жұмыссыздық деңгейі 4,2 % құрады.
2936 азаматқа 92,8 млн.теңгеге жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген.
Туризм саласындағы объектілер үстіміздегі жылы 2,5 млрд. теңгеге жуық ақылы қызметтерін көрсетіп, оның ішінде ішкі туризм бойынша 45,2 мың адам демалған.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 25811,1 млн. теңгеге жеткізіліп, нақты индекс көлемі 132,3 % құрады. 141,9 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді.
«Нұрлы Жер» бағдарламасымен Талғар қаласында 60 пәтерлі 5,4 мың ш. м. құрайтын несиелік тұрғын-үй құрылысы аяқталды.
Талғар қаласы, Панфилов, Нұра, Қайнар, Тұздыбастау, Бесағаш, Белбұлақ ауылдық округтердің жолдарына ағымды жөндеу жұмыстарына бюджеттен 456,7 млн. теңге бөлініп 25 км жолдары жасалған.
II БӨЛІМ. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ
2.1. Жергілікті бюджетке түскен түсімдердің атқарылуын бағалау
Талғар ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджеті қ мәслихаттың 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 22-113 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы негізінде бекітілген.
2018 жылы бюджет түсімдерінің түзетілген жоспары 18236033,0 мың теңге болып, орындалғаны 18365554,0 мың теңге, немесе 100,7%-ға орындалған. Бюджеттің шығыс бөлігінің түзетілген жоспары 18776434,0 мың теңге болып, орындалғаны 18768320,3 мың теңге, немесе 100,0 %-ға орындалған, оның ішіндегі өзгерістерімен бірге есепке алғанда 2018 жылдың бюджет орындалуының жалпы нәтижесі келесідей кесте бойынша сипатталады:
- кірістер бойынша жылға бекітілген бюджет 14937005,0 мың теңге, жылдық нақтыланған бюджет 18660333,0 мың теңге, жылдық түзетілген бюджет 18236033,0 мың теңге, ал орындалуы 18365554,0 мың теңге болып, орындалуы 100,7 % құраған;
- шығыстар бойынша жылға бекітілген бюджет 14937005,0 мың теңге, жылдық нақтыланған бюджет 19200734,0 мың теңге, жылдық түзетілген бюджет 18776434,0 мың теңге, ал орындалуы 18768320,3 мың теңге болып, орындалуы 100% құраған;
2.2. Жергілікті бюджет кірістерінің атқарылуын бағалау
2018 жылы Талғар аудандық мәслихатының шешімдерімен 4 рет нақтыланған. Олар: 2018 жылғы 28 ақпандағы № 25-128, 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 29-142, 2018 жылғы 6 тамыздағы № 33-163, 2018 жылғы 22 қарашадағы № 36-170 шешімдері. Бұдан басқа Талғар ауданының әкімдігінің 2018 жылдың 07 ақпандағы № 02-43, 2018 жылдың 24 сәуірдегі № 04-203, 2018 жылдың 22 мамырындағы № 03-268, 2018 жылғы 25 маусымдағы №06-327, 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №12-720 қаулылармен түзету жасалған.
Бұл шешімдермен қаулылар бойынша бюджеттің кіріс бөлімі 18117968,0 мың теңгеден 17694419,0 мың теңгеге дейін азайтылды, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2111703,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 18798,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 550320,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 15013598,0 мың теңге, оның ішінде:
ағымды нысаналы трансферттер – 4938939,0 мың теңге.
нысаналы даму трансферттер – 2301107,0 мың теңге.
субвенциялар – 6556350,0 мың теңге болып өзгертілген.
Жыл бойындағы нақтыланулар нәтижесінде бюджеттің кіріс бөлімі 18660333,0 мың теңгеден 18236033,0 мың теңгеге дейін көлемінде нақтыланып түзетілді, бюджеттің кіріс бөлімдерінің нақты түсуі 18365554,0 мың теңге, яғни 129521,0 мың теңгеге бюджет кірістері артық атқарылған. Орындалуы 100,7 %.
2.2.1. Салықтық түсімдерді талдау
Аудандық бюджеттің кірістер жоспар бойынша бекітілгені 3870393,0 мың теңге, нақты орындалғаны 3926290,9 мың теңгеге орындалды, немесе 101,4 пайыз, 55897,9 мың теңгеге артық түсті.
2.2.2. Салықтық емес түсімдерді талдау
Салықтан тыс түсімдер бойынша түзетілген бюджет 19588,0 мың теңге,нақты түскені – 37367,0 мың теңге немесе 190,8 пайыз, 17779,0 мың теңге артық түскен, бір жолғы төлемдер бойынша түскен түсімдер.
2.2.3. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерді талдау
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер түзетілген бюджет 550320,0 мың теңге, нақты түскені 606164,1 мың теңге, 55844,1 мың теңге артық түсіп, немесе 110,1 пайызға орындалды.
2.2.4. Трансферттер түсімдерін талдау
Есепті қаржы жылына трансферттүсімдері бойынша бюджет 10211704,0 мың теңге бекітілген, оның ішінде облыстық бюджеттен түсетін ағымды нысаналы трансферттер –2811283,0 мың теңге, нысаналы даму трансферттер –844071,0 мың теңге, субвенциялар -6556350,0 мың теңге. Есепті қаржы жылы бойында трансферт түсімдері бойынша нақтылынғаны 14220032,0 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен түсетін ағымды нысаналы трансферттер –5269754,0 мың теңге, нысаналы даму трансферттер –2393928,0 мың теңге, субвенциялар -6556350,0 мың теңге. Есепті қаржы жылы бойында түзетілгені 13795732,0 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен түсетін ағымды нысаналы трансферттер –4938939,0 мың теңге, нысаналы даму трансферттер –2300443,0 мың теңге, субвенциялар -6556350,0 мың теңге. Орындалуы 100,0 %. Қазқстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы N 95-IV Бюджеттік Кодексінің 44 бабы 7 тармағына сәйкес өткен қаржы жылында бөлінген, облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша пайдалануға (толық пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін, оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады. Есепті жылдың трансферттерінің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомасы 4077,1 мың теңгені құрайды.
Талғар ауданына бөлінген барлық жоғары тұрған бюджет трансферттері 7672124,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттік қаражат есебінен –2548700,0 мың теңге, жергілікті бюджеттік қаражат есебінен – 5123424,0 мың теңге. Игерілгені 7238216,6 мың теңге құрады немесе 99,9 % орындалды, оның ішінде республикалық бюджеттен – 2545755,8 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 5122291,1 мың теңге. Игерілмегені 4077,1 мың теңгені құраған.
Ағымдағы нысаналы трансферттердің орындалуы – 3041849,3 мың теңге жоспар бойынша 3043566,0 мың теңге. Нысаналы даму трансферттердің орындалуы 4520919,0 мың теңге жоспар бойынша 4518414,6 мың теңге.
2.3. Жергілікті бюджет шығыстарының атқарылуын бағалау
Жыл бойынша Талғар ауданының 2018-2020 жылдарға арналған мәслихатының шешімдерімен 4 рет нақтыланған. Олар: 2018 жылғы 16 наурыздағы № 03-104, 2018 жылғы 10 мамырдағы № 05-231, 2018 жылғы 28 тамыздағы № 08-474, 2018 жылғы 27 қарашадағы № 11-687 шешімдері. Бұдан басқа Талғар ауданының әкімдігінің 2018 жылдың 7 ақпандағы № 02-43, 2018 жылдың 24 сәуіріедегі № 04-203, 2018 жылдың 22 мамырдағы № 05-268, 2018 жылдың 25 маусымдағы № 06-327, 2018 жылдың 11 желтоқсандағы № 12-720, қаулылармен түзету жасалған.
Шығыстар 18236033,0 мың теңге:
Таза бюджеттік кредит беру 108432,0 теңге, оның ішінде:
Қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге;
Бюджет тапшылығы (профициті) – 653833,0мың теңге;
Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) 653833,0 мың теңге болып өзгертілген.
Есепті қаржы жылына бекітілген жергілікті бюджет шығындары 14937005,0 мың теңге, есепті қаржы жылы бойында нақтылынғаны 19200734,0 мың теңге, есепті қаржы жылы бойында түзетілгені 18776434,0 мың теңге,нақты бюджет шығындарының атқарылуы 18768320,3 мың теңге, немесе 100,0%.
2.3.1. Жергілікті бюджет шығындарының атқарылуын талдау
Бюджеттің шығыс бөлігі түзетілген бюджет көлемі 18776434,0 мың теңге орындалғаны 18768320,3 мың теңге, немесе 100,0 пайызға орындалды. Орындалмай қалған қалдық 8114,0 мың теңге; оның ішінде:
Құрылыс бөлімі бойынша 3757 мың теңге :
-2911,0 мың теңге ОБ Талғар қаласындағы 60 квартиралық кредиттік тұрғын үйдің құрылысы (байлау) – мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаражат ;
- 227,0 мың.теңге – 5 қабатты 50 пәтерлік жалгерлік тұрғын үйдің инжерлік коммуникациялық жүйесіне және аббаттандыруына жобалық сметалық құжат дайындау объектісін мемлекеттік сараптамадан өткізу- 5 % объектінің аяқталуына қалған қалдық;
- 340,0 мың теңге - 5 қабатты 60 пәтерлік жалгерлік тұрғын үйдің инжерлік коммуникациялық жүйесіне және аббаттандыруына жобалық сметалық құжат дайындау объектісін мемлекеттік сараптамадан өткізу- 5 % объектінің аяқталуына қалған қалдық;
- 279,0 мың теңге - Алма-Тау тұрғын үй кешенінің негізгі инженерлік желілері мен құрылыстарын салу (газдандыру)- 5 % объектінің аяқталуына қалған қалдық;
Тұрғын үй комуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бойынша 1000 мың теңге :
- 1000 мың теңге ОБ - Талғар қаласындағы Автобаза шағын аудандардағы жеке үйлерді газбен жылыту қазандығын орнатуға ЖСҚ даярлау – мемлекеттік сатып алудың қорытындысы шығарылмады (қаражат қараша айындағы мәслихат шешімімен бөлінді)
Білім бөлімі бойынша 1700 мың теңге:
- 1700 мың теңге- тасымалдаушылардың жұмысты орындамауына байланысты және үнемделген қаражат қалдықтары.
- 656 мың теңге – өзге де шығындар бойынша үнемделген қаражат(МБ).
-200 мың теңге аудан бойынша еңбек ақыдан үнемделген қаражат;
- 800 мың теңге – жолдарды жөндеу жұмыстарынан үнемделген қаражат.
Басымдық тәртіпте қаржыландыру, уақытысындағы еңбекақыны төлеуге, салық пен арнайы зейнетақы жарналарын аудару мен коммуналдық қызмет төлемдерін төлеуде жүргізілген. Солай, жалпы Талғар ауданы бюджет шығынынан еңбекақы және аударымдар 8526711,0 мың теңге, немесе 45,4% құрады. 2018 жылғы аудандық бюджет резерв қорына 33761,0 мың теңге қарастырылған.
2.3.2. Бюджеттік кредиттердің пайдалануын талдау
2018 жылға арналған аудан бюджеті шығыстары бойынша Талғар ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджеті аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 22-113 шешіміне сәйкес таза бюжеттік кредиттеу бойынша 108519,0 мың теңге бекітілген, оның ішінде бюджеттік кредиттер 126263,0 мың теңге, бюджеттік кредиттерді өтеу 17744,0 мың теңге. Түзетілген бюджет бойынша 108432,0 мың теңге, оның ішінде бюджеттік кредиттер 126176,0 мың теңге, бюджеттік кредиттерді өтеу 17744,0 мың теңге;
2.3.3 Қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығындарды талдау
2018 жылға қаржы активтерін сатып алу бойынша түзетілген бюджет бойынша 2018 жылға арналған аудан бюджеті шығыстары бойынша Талғар ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджеті аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 22 қарашадағы №36-170 шешіміне сәйкес 5000,0 мың теңге бөлініп, толығымен 100 пайызға игерілді.
2.3.4. Дебиторлық және кредиторлық берешектерді талдау
Талғар ауданы бойынша жылдың басындағы дебиторлық берешек 2019 жылдың 1-ші қаңтарына дебиторлық қарыз- 8778,5 мың теңгені құрады. Қалыптасқан қарыздар бойынша:
Білім бөлімінің №49 орта мектебінде тауарларды сатып алуға жеке кәсіпкерлерге қаражат аударылып, заттар толық әкелінбегендіктен- 1519,0 мың теңге қарыз қалыптасқан, істері сотқа берілген.
Талғар ауданының білім бөлімі бойынша: Алматы облысының мамандандырылған экономикалық сотының 2015 жылғы 16 ақпандағы шешімімен Талғар ауданының білім бөліміне «SV VELES» ЖШС-нің білім бөліміне 54038 тонна-6646,7 мың теңгеге сұйық отынды алып келмеуіне байланысты орын алған. Алматы қаласы әділет департаменті Бостандық аумақтық бөлімінің Алматы облысының білім басқармасына жолданған 2017 жылғы 5 мамырдағы хатына сәйкес борышкердің Ақмола облысы Бурабай қаласында жер мүлігі тіркелуіне байланысты атқарушылық өндірісі аумақ бойынша, Ақмола облыстық Әділет департаментіне жолданған.
«Талғар аудандық мәслихаттың аппараты» ММ-де -472,0 мың теңге "Петро Трейд Групп" ЖШС-нің бағаның көтерілуіне байланысты таллон бойынша сатып алынған 4540 литр бензинді құйып бермеуіне байланысты орын алған, іс сотқа берілген. Алматы облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылғы 28 тамыздағы шешіміне сәйкес аударылған қаражатты жергілікті бюджет есебіне қайтаруға міндеттелген.
«Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ -140,8 мың теңге "Петро Трейд Групп" ЖШС-нің бағаның көтерілуіне байланысты таллон бойынша сатып алынған 1440 л. бензинді құйып бермеуіне байланысты орын алған. Алматы облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылғы 20 қазандағы шешіміне сәйкес аударылған қаражатты жергілікті бюджет есебіне қайтаруға міндеттелген.
Аудан бойынша 2018 жылдың 1-ші қаңтарына кредиторлық берешек 1636,8 мың теңгені құрады. Алматы облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылғы 8 маусымдағы шешімімен ауданның білім бөліміне «Компания Ани» ЖШС-нің талап арызымен Қызыл-Қайрат ауылындағы №19 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына қосымша келісім шартқа сәйкес жасалынған жұмыстарына -54559,2 мың теңге өндіріп алынып, 1636,8 мың теңге мемлекеттік баждың сомасы, 2018 жылдың 05 сәуірінде №4648074/18-1944 төлем тапсырмасымен жабылды.
2.4 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын талдау.
Талғар ауданы бойынша 1 қала, 10 ауылдық округтер 4 деңгейлі бюджетке өткен.
4 деңгейлі бюджетке түскен түсімдердің атқарылуы «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 23-121 шешімімен Талғар ауданының Талғар қаласы мен ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттері 2018 жылға мынадай көлемде бекітілген.
Кірістер – 1882568,0 мың теңге, салықтық түсімдер – 1882568,0 мың теңге, салықтық емес түсімдер – 0 теңге, трансферттер түсімі – 0 мың теңге, шығындар – 1882568,0 мың теңге, таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, бюджеттік кредиттер 0 мың теңге, бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0 мың теңге.
2018 жылдың аралығында аудандық мәслихаттың сессияларында 3 рет аудандық бюджетті нақтылау жасалды.
Осы нақтылаулар есебінен бекітілген бюджетпен салыстырғанда нақтыланған бюджетте кірістер -161453,0 мың теңгеге немесе 92,1 есе артты.
2018 жылы қала және ауылдық округтер бюджетінің түзетілген кірістер болжамы барлығы 2044021,0 мың теңге, 1983562,4 мың теңгеге немесе 97% орындалып, 60458,6 мың теңгеге орындалмады.
2018 жылы түзетілген қала және ауылдық округтер бюджетінің салықтық түсімдер жоспары 1758690,0 мың теңге,1689920,8 мың теңгеге немесе 96,1 % құрады.
2018 жылғы Талғар аудандық 4 деңгейлі бюджетінің өз кірістер болжамының орындалуы туралы
мың теңге
|
Бекітілген жылдық жоспар |
Нақтыланған жылдық жоспар
|
Нақты түскені |
Жоспардың орындалуы,+ - |
Жергілікті бюджет |
1882568 |
1759480 |
1699021,4 |
-60458,6 |
оның ішінде: |
|
|
|
|
Салықтық түсімдер |
1882568 |
1758690 |
1689920,8 |
- 68769,2 |
Салықтан тыс түсімдер |
0 |
790 |
9100,6 |
8310,6 |
2018 жылы трансферттердің түсімі түзетілген бюджет жоспары 284541,0 мың теңге, түскені 100%, оның ішінде:
- ағымдағы нысаналы трансферттер 284541,0 түскені 100%.
Бекітілген бюджеттен түзетілген бюджет трансферттердің түсімдері 164217,0 мың теңгеге немесе 42,2 % көбейген.
4 деңгейлі бюджетінің шығындары 2018 жылы 5 функционалды топтардан құралды, олар 11 бюджеттік бағдарлама әкімшісімен іске асырылған.
Қала және ауылдық округ бюджетінің функционалдық топтары бойынша шығындар құрамы мынадай:
1) «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» фунционалдық тобының жоспары 320339,0 мың теңге, игерілуі 320000,8 мың теңге немесе 99,9%, игерілмегені 338,2 мың теңге (жалпы шығыстардың жоспарынан 15,7%);
2) «Білім беру» фунционалдық тобының жоспары 232606,0 мың теңге, игерілуі 232555,5 мың теңге немесе 100,0%, (жоспардан 11,4%);
3) «Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобының жоспары 153550,0 мың теңге, игерілгені 153505,5 мың теңге немесе 100%, игерілмегені 44,5 мың теңге(жоспардан 7,5%);
4) «Басқалар» функционалдық тобының жоспары 120324,0 мың теңге, игерілуі 120323,6 мың теңге 100 %, игерілмегені 0,4 (жоспардан 5,8%);
5) «Трансферттер» функционалдық тобының жоспары 1217202,0 мың теңге, игерілуі 1092026,8 мың теңге 89,7%, игерілмегені 125175,2 мың теңге (жоспардан 59,5 %); Себебі түсімдер жоспарының орындалмауы есебінен бюджетік алып қоюлар бағдарламасы бойынша шығындар жоспары орындалмады.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша қаражаттың игерілуі келесі көрсеткіштермен айқындалады.
2018 жылы жоспарланған шығыстар бойынша 4 деңгейлі бюджет 20440021,0 мың теңге шығындарды игеру мақсатында бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан 1918456,0 мың теңгеге міндеттемелер қабылданып, оның 1918412,1 мың теңгесі игеріліп, 125608,9 мың теңгесі игерілмеген, 125565,0 мың теңгесіне міндеттемелер қабылданбаған.
Қала жәна ауылдық окргуг бюджетінің кірістері 7 бюджеттік сыныптама кодтары бойынша жоспарланып, 4 бюджеттік сыныптама кодтары бойынша жоспардан артық түскен, 3 бюджеттік сыныптама коды бойынша жоспар орындалмады. Сонымен қатар жоспардан тыс 4 бюджеттік сыныптама кодтары бойынша кірістер тіркелген.
Аумақтық даму бағдарламасының орындалуын нақтыланған жоспармен салыстырғанда 4 көрсеткіш бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізілген.
III бөлім. Бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын бағалау
3.1. 2016-2020 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалау
Талғар ауданы мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 51-294 шешімімен ауданының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілген.
2018 жылғы 30 қарашадағы № 37-175 аудандық маслихат шешімімен Талғар ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы жаңа редакцияда бекітілген.
Талғар ауданы әкімдігінің 28.12.2017ж. «Талғар ауданы бойынша 2016-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 12-761 қаулысы қабылданған.
Әлеуметтік даму бағдарламасы 6 бағыт, 19 мақсаттан құралған.
Аумақтың даму бағдарламасындағы белгіленген нысаналы индикаторлар орындалған.
Атап айтқанда: 1 БАҒЫТ - Экономика
1-мақсат- Индустриалды –инновациялық даму арқылы жоғары технологиялық, экспортқа бағытталған өнеркәсіп саласындағы өндірістің құрылымдық дамуы бойынша
- Өндеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі жоспар бойынша 113% бекітілген, 117% орындалған.
2-мақсат. Агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша:
-Азық-түлікөндірісінің негізгі капиталына салынған инвестициялардың НКИ жоспар бойынша 108,3% бекітілген, нақты орындалғаны 172,6%
-Ұйымдастырылған шаруашылықтарда ірі қара мал және ұсақ мал басының үлесі жоспар бойынша 45,5 % бекітілген, 48,4% орындалған.
-Жоспар бойынша ет экспортау 20 тонна бекітілген, 100 % орындалған.
3-мақсат. Су және орман шаруашылығының қалыпты дамуына жағдай жасау бойынша:
- Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы орман шаруашылығындағы орман алқабы жоспар бойынша 16450 га бекітілген, 16450 га 100 % орындалған.
4-мақсат. Кіші және орта кәсіпкерліктің дамуы бойынша:
- Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көлеміндегі белсенділердің үлесі жоспар бойынша 76,9% бекітілген, 78,3% орындалған.
-Көтерме бөлшек сауданың НКИ жоспар бойынша 103 % бекітілген, 109,2% орындалған.
5-мақсат. Инновацияларды дамыту және инвестициялар тарту бойынша:
-Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны жоспар бойынша 106 % бекітілген, 106,3 % орындалған;
-Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі 3,0 % бекітілген, 2,4% орындалды;
-Шикізаттың емес сектордың негізгі капиталына салынған
инвестициялардың 2018 жылға өсімі (мемлекеттік бюджеттен салынған инвестицияларды қоспағанда) жоспар бойынша 124,7 % бекітілген, 106,3% орындалған.
6-мақсат. Экономикалық өсім орталықтарын дамыту ( Талғар қаласы) бойынша:
- Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көлеміндегі белсенділердің үлесі жоспар бойынша 77,2 % бекітілген, 77,5% орындалған;
- Жұмыссыздық деңгейін төмендету жоспар бойынша 3,9 % бекітілген, нақты орындалғаны 3,9 % ;
- Мемлекеттік атауы әлеуметтік көмек алушылардың үлесі (шартты қолма-қол ақшалай көмек) жоспар бойынша 14,5 % бекітілген, 14,5 % орындалған;
- Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін арттыру жоспар бойынша 75,5 % бекітілген, 75,5 % орындалған.
2-БАҒЫТ. Әлеуметтік сала
1-мақсат. Білім беру сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделерін қорғау және күзету жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша:
-Үш аусымды мектептер саны жоспар бойынша – 3 бірлік бекітілген, нақты орындалғаны -3 мектеп;
-Мектеп бітірушілерінің жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білім бағдарламаларын үздік (жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі 53,1 % құрады, жоспар толығымен орындалды;
-Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі жоспар бойынша 8,6 % бекітілген, 8,6 % орындалған;
-Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамту жоспар бойынша 98,7 % бекітілген, 98,7 % орындалған;
2-мақсат. Халықтың денсаулығын жақсарту бойынша:
-100 мың тірі туылғандарға шаққандағы ана өлімі жоспар бойынша тіркелменген;
-1000 тірі туғандарға шаққанда нәресте шетінеуінің азаюы жоспар бойынша 4,8 жағдай бекітілген, 6,0 жағдайға орындалған.
-100 мың халыққа шақандағы онкология ауруларынан өлгендердің азаюы жоспар бойынша 66,8 жағдай бекітілген, 56,0 жағдайға орындалған.
3-мақсат. Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша:
-Жұмыссыздық деңгейі жоспар бойынша 4,3 % бекітілген, 4,2 % орындалған;
-Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жас) жоспар бойынша 2,6% бекітілген, 2,6 % орындалған;
-Әйелдердің жұмыссыздық деңгейі жоспар бойынша 5,5 % бекітілген, 5,5 % орындалған;
-Еңбеккке жарамды мүгедектердің жұмысқа орналасу саны жоспар бойынша 85 адам бекітілген, 85 адамға орындалған;
-Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген тұлғалар қатарынан жұмысқа орналасқандар үлесі жоспар бойынша 76,9% бекітілген, 79,2 % орындалған;
- Арнайы әлеуметтік қызмет алатындардың үлесі жоспар бойынша 99,9 % бекітілген, 99,9 % орындалған.
4-мақсат. Мәдениеттің дамуы
-1000 адамға шаққанда мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны жоспар бойынша 417 адам бекітілген,421 адам орындалған;
-1000 адамға шаққанда кітапханаларына келушілердің орташа саны жоспар бойынша 785 адам бекітілген, 790 адам орындалған.
5-мақсат. Бұқаралық спортты дамыту және туризм индустриясын дамыту бойынша:
-Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту жоспар бойынша 28,9 % бекітілген, 28,9 % орындалған;
-Жалпы балалар мен жасөспірімдер санынан балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде, спорт клубтарында дене шынықтырумен және спортпеншұғылданушы 7-ден 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді қамту жоспар бойынша 8,8 % бекітілген, 8,9 % орындалған.
6-мақсат. Үштілділікті дамыту үшін жағдай жасау бойынша:
-Мемлекеттік тілді меңгерген ересек халықтың үлесі жоспар бойынша 82,3 % бекітілген, 82,15 % орындалған.
3-БАҒЫТ. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бойынша:
-Көшелерде жасалған қылмыстардың үлестік салмағы жоспар бойынша 11,8 % бекітілген, 10,9 % орындалған;
-100 зардапшегушілерге шаққанда жол-көлік оқиғаларында қайтыс болғандар санының азаюы16,8 % бекітілген, 9,9 % орындалған;
-Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың үлестік салмағы
жоспар бойынша 2,9 % бекітілген, 8,8 % орындалған.
4-БАҒЫТ. Инфрақұрылым
1-Мақсат. Азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдануға ауысуына жәрдемдесу бойынша:
-Интернет пайдаланушыларының үлесі жоспар бойынша 63 %
бекітілген, 63,2 % орындалған.
2-мақсат. Құрылысты дамыту бойынша:
-Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі жоспар бойынша 110,0 % бекітілген, 132,3 % орындалған;
-Қолданысқа енгізілген тұрғын ғимараттарының жалпы алаңы жоспар бойынша 159,6 мың ш.м. бекітілген, 141,8 мың ш.м. орындалған.
3-мақсат. Көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша:
-Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі жоспар бойынша 76 % бекітілген, 76,2 % орындалған.
4-мақсат. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының дамуы бойынша:
-Орталықтандырылған су жүйесіне қосылған халық санының үлесі жоспар бойынша 89,1 % бекітілген, 95,9 % орындалған.
5-БАҒЫТ. Экология жән жер ресурстары бойынша:
-Атмосфералық ауаға шығарылатын заттар жоспар бойынша 4,6 мың тонна , 4,6 мың тоннаға орындалған;
Егістік жерлердің құрамында ауыспалы егістің үлесі жоспар бойынша 44,2 % бекітілген, 44,2 % орындалған.
6-БАҒЫТ. Мемлекеттік басқару
Таза мемлекеттік қызметшілердің ауысушылығы жоспар бойынша 6,1 % бекітілген – 4,9 % орындалған.
3.2. Өңірде басқа да бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы туралы ақпарат.
Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасағанда 2018 жылға арналған аумақтық даму бағдарламасы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасымен Талғар қаласында 60 пәтерлі несиелік тұрғын үй құрылысына 593,4 млн теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілген.
Нұра ауылдық округіндегі 2 шағын ауданға инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысын аяқтауға жергілікті бюджеттен берілетін трансферттер есебінен - 130,0 млн теңге бөлініп, нысан іске қосылды. Бесағаш ауылдық округіндегі «Алматау» тұрғын үй кешенінің инженерлік - коммуникациялық желісінің құрылысына- 44,4 млн теңге, Панфилов ауылдық округіндегі «КОК Алатау» тұрғын үй кешенінің инженерлік - коммуникациялық желісінің құрылысына - 50,0 млн теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары толығымен 2019 жылы аяқталады.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 120,3 млн. теңге бөлініп, 10 елді мекеннің 72,8 мың шаршы метр ауылішілік жолдарын ағымдағы жөндеу, 1 елді мекенде жол жиегіне бордюрлар орнату, 1 елді мекенде көше бойларындағы кіреберістерге трубалар орнату жұмыстары жүргізілген.
Қаратоған ауылының су жүйесінің жөндеу жұмыстарына 63,1 млн.теңге бөлініп, жұмыстар аяқталған.
Тереңқара, Еркін, Нұра, Өстемір, Кеңдала,Туғанбай ауылдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оларға 1081,7 млн. теңге бөлінген. Жұмыстар 2019 жылы аяқталады.
Талғар қаласындағы Мелиоратор және Бозторғай шағын аудандардағы блочно- модульный қазандығын орнатуға 472,1 млн теңге бөлініп, 23 көппәтерлі тұрғын үйлері газбен жылу жүйесіне қосылған.
400,0 млн теңгеге «Лесная сказка» тау шипажайына баратын 6,2 км жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жұмыстың аяқталуы – 2019 жыл
IV БӨЛІМ. ЖЕКЕЛЕГЕН БАҒЫТТАР БОЙЫНША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ.
4.1. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігін бағалау.
Даулет ауылында 300 орындық орта мектептің құрылысына 67,2млн теңге жергілікті бюжеттен берілетін трансферттер есебінен, 400 млн теңге республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен қаражат жұмсалды.Құрылыс жұмыстары 2019 жылғы аяқталады. «Нұрлы жер» бағдарламасымен Талғар қаласында 60 пәтерлі несиелік тұрғын үй құрылысына 455,9 млн теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілген.5352,3 шаршы метрді құрайтын пәтер, қолданысқа берілді. Нұра ауылдық округіндегі 2 шағын ауданға инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысын аяқтауға жергілікті бюджеттен берілетін трансферттер есебінен - 130,0 млн теңге бөлініп, нысан іске қосылды.Ұзындығы 50,887 км көшелер 88,471 км арық жүйесі 39,059 км сумен жабдықтау желілері 11,199 км электр желілері салынды.
60 пәтерлік жалгерлік тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық жүйесіне және абаттандыруының құрылысына – 28374,0 мың теңге бөлініп, қаржы толығымен игеріліп, нысан іске қосылды. 123 метр жылу жүйесі , 102 метр сумен жабдықтау желілері, 160 метр кәріз жүйесі, 100 метр электр желілері, 2,225 км сыртқы байланыс желілері жасалынды.
Бесағаш ауылдық округіндегі «Алматау» тұрғын үй кешенінің инженерлік - коммуникациялық желісінің құрылысына- 44,4 млн теңге, Панфилов ауылдық округіндегі «КОК Алатау» тұрғын үй кешенінің инженерлік - коммуникациялық желісінің құрылысына - 50,0 млн теңге бөлінді.Құрылыс жұмыстары 2019 жылы аяқталады.
Нұра ауылындағы Бәйдібек шағын ауданы, Төле би, Дулат ықшам ауданындағы сумен жабдықтау жүйесін салуға 621,7 мың теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталады.
Кеңдала, Өстемір, Тереңқара, Туғанбай ауылдарын сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғыртуға және салу жұмыстарына 460,0 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы аяқталады.
Еркін ауылындағы сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғыртуға және салу жұмыстарына 27,7 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді.Нысан іске қосылды. 40 шақырым жерді құрайтын су жүйесі салынды.
Талғар қаласындағы Мелиоратор және Бозторғай шағын аудандардағы блочно- модульный қазандығын орнатуға 472,1 млн теңге бөлініп, 23 көппәтерлі тұрғын үйлері газбен жылу жүйесіне қосылған. 400,0 млн теңгеге «Лесная сказка» тау шипажайына баратын 6,2 км жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жұмыстың аяқталуы – 2019 жыл.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 120,3 млн. теңге бөлініп, 10 елді мекеннің 72,8 мың шаршы метр ауылішілік жолдарын ағымдағы жөндеу, 1 елді мекенде жол жиегіне бордюрлар орнату, 1 елді мекенде көше бойларындағы кіреберістерге трубалар орнату, 2 елді мекенде су ағызу канализацияларын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
4.2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша қаражаттың игерілуі келесі көрсеткіштермен айқындалады.
2018 жыл үшін шығыстар бойынша аудандық бюджет 100 % атқарылды, игерілмеген қаржы 8115,0 мың теңгені құрады. Оның ішінде: республикалық және облыстық бюджеттерінен берілген трансферттер – 4077,1 мың теңге, жергілікті бюджеттің қаржылары – 4037,9 мың теңге.
2018 жылы жоспарланған 18776434,0 мың теңге шығындарды игеру мақсатында бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан 18770161,2 мың теңгеге міндеттемелер қабылданып, оның 18768320,3 мың теңгесі игеріліп, 8115,0 мың теңгесі игерілмеген, 6272,8 мың теңгесіне міндеттемелер қабылданбаған.
4.3. Мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалау.
2018 жылға ауданға қарасты 78 мемлекеттік мекеме заңды тұлға ретінде тіркелген. Соның ішінде: 42 – орта мектептер және 2 – мектеп интернат, 11 – қалалық/ауылдық округтер аппараттары, 18 – мемлекеттік орган (аудан әкімінің аппараты, мәслихат аппараты, бөлімдер), 5 – мемлекеттік мекеме (2- Спорт мектебі, кітапхана, жұмыспен қамту орталығы, жас натуралистер станциясы) 2018 жылға бухгалтерлік баланс бойынша активтер есепті жылдың басына 15723488,1 мың теңгені, жыл соңына 16913620,9 мың теңгені құраған, оның ішінде: негізгі қорлар 16904404,4 мың теңге, материалдық емес активтер 9216,5 мың теңге. Активтер 1190132,8 мың теңгеге өскен.
4.4. Квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалау.
2018 жылға ауданға қарасты 16 мемлекеттік кәсіпорындар тіркеліп 601984,0 мың теңгемен қаржыландырылған.2018 жылы жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің,бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақытылығына, сондай ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығы 12 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында және 1 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында аудит жүргізіліп, аудит нәтижесі бойынша 88,8 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған.Талғар ауданы бойынша 2018 жылы анықталған қаржылық бұзушылықтар толық бюджетке өтелген. Жергілікті бюджет қаражатын пайдалану кезінде қаржылық бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
V БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІК
5.1.Тұжырымдар
Жалпы алғанда, бюджеттің атқарылуы ауданның негізгі экономикалық көрсеткіштеріне оң әсер етуде, ауданда жаңа жұмыс орындары, білім беру саласы қарқынды дамуда.
Аумақтық даму бағдарламасының орындалуын нақтыланған жоспармен салыстырғанда 43 нысаналы индикатордың 3 нысаналы индикатор орындалмаған, яғни белгіленген мақсаттар мен нысаналы индикаторларының 7 пайызы орындалмаған.
Ауданда жоғары тұрған бюджеттерден және де жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражаттың толық және сапалы игерілуі бойынша біршама кемшіліктер жіберілген.
Жалпы аудан бюджетінде кірістер 23 бюджеттік сыныптама кодтары бойынша жоспарланып, барлық бюджеттік сыныптама кодтары бойынша жоспардан артық түскен. Сонымен қатар жоспардан тыс бюджеттік сыныптама кодтары бойынша кірістер тіркелген.
Жалпы аудан бюджетінің 2018 жылғы меншікті кірістері бойынша 3926290,9 мың теңгені құраған 2017 жылы 3541116,8 мың теңгені құраған. Түзетілген бюджет бойынша шығыс жоспары 18776434,0 мың теңге, ал кассалық орындалу 18768320,3 теңгені құраған немесе 100,0 пайызға орындалған,.
5.2. Ұсынымдар
1. Ауданда білім беру, спорт, өнеркәсіп ауылшаруашылығы саласын дамытуға бағытталған тың іс-шаралар жүргізу.
2. Жергілікті бюджетті кірістер және шығыстар бойынша қалыптастыру және атқару кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және өзге заңнамалары басшылыққаалуды.
3. Республикалық трансферттер есебінен және жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражаттардың сапалы жәнеде уақытылы игерілуін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан толыққанды ұйымдастыру.
4. Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша орын алған өткенжылдардағы дебиторлық берешегінің сомасы азаматтық-құқықтық мәміленің талаптарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) беру арқылы не тиісті бюджеттің кірісіне қайтарылу арқылыөтелуі қарастырылсын.
5. Ауданның 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасында көзделген индикаторлар көрсеткіштеріне жоғары дәрежеде қолжеткізу бойынша жұмыстар жүргізілсін.
Есепке қосымшалар:
1.Қосымша материалдар (кестелер).
1) 2018 жылғы Талғар ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есебі;
2) 2018 жылғы Талғар ауданы бюджетінің атқарылуы туралы түсіндірме жазбасы, шешімдер.
Бас маман мемлекеттік аудитор С.Желдібаев