Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Алакольский район
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 28.03.2019 | |
Просмотры: 1365 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
М. Мұсаев________________
ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Талдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджеттің жоспарлануы және атқарылуы, аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылу мәселесі бойынша тиімділігін бағалау.
Талдау объектілері:
«Алакөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
«Алакөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Талдаумен қамтылған кезең: 2018 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың желтоқсанын қоса алған кезең.
Негізгі (талдамалық) бөлік
«Алакөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде
Алакөл ауданының мәслихат сессиясының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Алакөл ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» №24-1 шешімі бойынша бекітілген бюджет шығындары мен кірістер соммасы 9115067,0 мың теңге, одан жеке кірістері – 1 888 925,0 мың теңге, трансферттері – 7226142,0 мың теңге. 2018 жыл бойы қала бюджетіне 5 нақтылану еңгізілген.
Бюджет кодексінің 4 бабының 12 тармағына сәйкес тиімділік принципі - бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу болып табылады.
2018 жылы бюджеттің нақтыланған шығын жоспары 12 652 351 мың теңге, кассалық шығындары 12 630 557,4 мың теңге, немесе 99,8%.
Игерілмегені 1 831,6 мың теңге (Оның ішінде: республикалық және облыстық бюджеттерінен берілген трансферттер – 1009,6 мың теңге, жергілікті бюджеттің қаржылары – 822 мың теңге:
- 1 млн 097 мың теңге аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инпекциясы бөлімінде мемлекеттік сатып алу қортындысымен келісім-шарт жасаудан үнемделген қаражат.
- 225 мың теңге құрылыс бөлімінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау және әзірлеу жұмыстарынан, мемлекеттік сатып алу қортындысымен келісім-шарт жасаудан үнемделген қаражат.
- 509 мың 600 теңге 19 бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен 24 ауылдық округтерден қалған қалдықтар.
2019 жылдың 01 қаңтарына орын алған дебиторлық қарыз 28 516,5 мың теңгені құраған, оның ішінде: 28 399,1 мың теңге - «464» -«аудандық білім бөлімі» бюджеттік бағдарлама әкімшісінің - «003» бағдарламасы бойынша аудан мектептеріне жеткізілмеген суйық отынның қаржысы.
- 71,5 мың теңге - «124»-« Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің «001» бюджеттік бағдарламалары бойынша байланыс шығындары.
- 16,6 мың теңге - «451» -«Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі» бюджеттік бағдарлама әкімшісінің «001» «011» «014» бағдарламалары бойынша байланыс қызметтерiне ақы төлеуге және өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге.
- 29,3 мың теңге - «465» - «Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру» бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің «017» бағдарламасы бойынша коммуналдық қызметтерге ақы төлеу төлемдері.
2019 жылдың 01 қаңтарына қалыптасқан кредиторлық қарыз 2061,0 мың теңгені құраған, оның ішінде:
- 18,0 мың теңге - «123» -«қала және ауылдық округ әкімдерінің аппараттары» бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің «001» бағдарламасы бойынша төленетін іссапар шығындары.
-267,4 мың теңге - «124» - « Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің «001» бюджеттік бағдарламалары бойынша әлеуметтік салық, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар, іс сапар шығындары, байланыс қызметтерiне ақы төлемдері.
-36,2 мың теңге - «463» -«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі» бюджеттік бағдарлама әкімшісінің «001» бағдарламасы бойынша іс сапар шығындары.
- 1705,2 мың теңге - «464» -«аудандық білім бөлімі» бюджеттік бағдарлама әкімшісінің - «003» бағдарламасы бойынша коммуналдық қызметтерге ақы төлеу қаржысы.
- 34,2 мың теңге - «465» -«Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру» бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің «017» бағдарламасы бойынша коммуналдық қызметтерге ақы төлеу төлемдері.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы.
Алакөл ауданы бойынша 24 ауылдық округтың 13 округі 4 деңгейлі бюджетке өткен.
4 деңгейлі бюджетке түскен түсімдердің атқарылуы «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Алакөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 24-5 шешімімен Алакөл ауданының Үшарал қаласы мен 12 ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттері 2018 жылға мынадай көлемде бекітілген.
Кірістер – 893808,0 мың теңге, салықтық түсімдер – 300492,0 мың теңге, салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге, трансферттер түсімі – 593316,0 мың теңге, шығындар – 893808,0 мың теңге, таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, бюджеттік кредиттер 0 мың теңге, бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0 мың теңге.
2018 жылдың аралығында аудандық мәслихаттың сессияларында 5 рет аудандық бюджетті нақтылау жасалды. Осы нақтылаулар есебінен бекітілген бюджетпен салыстырғанда нақтыланған бюджетте кірістер 29836,0 мың теңгеге азайды.
2018 жылы түзетілген Үшарал қаласы мен 12 ауылдық округтерінің бюджеттің кірістер болжамы (қарыздардың түсімі мен несиені өтеуді есепке алғанда) барлығы 293714,0 мың теңге, 346500 мың теңгеге немесе 118 % орындалып, 52786 мың теңге болжамнан артық түскен.
2018 жылғы бюджеттің атқарылуы барысында аудандық бюджеттің өз кірістерінің нақтыланған болжамы 296375 мың теңге 346500 мың теңгеге немесе 117% орындалып, 50125 мың теңге артық түскен.
2018 жылғы бюджеттің атқарылуы барысында салықтық түсімдердің жоспары 296375 мың теңге, 346500 мың теңгеге немесе 117%құрады.
«Алакөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінде
Алакөл ауданының 2016-2020 жылдарға даму бағдарламасы 7 бағыттан тұрады.
Бағдарламада 2018 жылы қол жеткізуге қарастырылған 6 бағытта 95 нысаналы индикатордың ішінде 89-на қол жеткізілді немесе жалпы санына 93,7%, 6 индикаторға немесе 6,3% жартылай қол жеткізілді.
Соның ішінде:
1) 1-ші бағытта. (экономика сферасында):
Мақсаттың жоғары технологиялық, экспортқа бағытталған өндірістерді құрумен үдемелі индустриалды-инновациялық даму арқылы өнеркәсіпте құрылымдық өрлеу, нысаналы индикаторы - өңдеу өнеркәсібінде шығарылған өнім өндірісінің нақты көлем көрсеткіші жоспары 100,9 пайыз болса, нақты орындалғаны 84,2 пайыз;
2) 2-ші бағытта (әлеуметтік сферасы): Мақсаттын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін және еңбек құқықтарын қорғауды арттыру, нысаналы индикаторы - нысаналы топтағылар ішінде жұмысқа орналасқандар үлесі жоспары 87 пайыз болса, нақты орындалғаны 85 пайыз.
Мақсаттың бұқаралық спортты дамыту және туризм индустриясын тұрақты дамыту, нысаналы индикаторы - ішкі туризм бойынша орналастыру орындарында көрсетілген қызметпен демалушылар санын өткен жылмен салыстырғанда ұлғайту (резиденттер) жоспары 200 пайыз болса, нақты орындалғаны 135,4 пайыз.
Мақсаттың бұқаралық спортты дамыту және туризм индустриясын тұрақты дамыту, нысаналы индикаторы - өткен жылмен салыстырғанда көрсетілген тәулік-төсек орындар санын көбейту жоспары 205 пайыз болса, нақты орындалғаны 162,7 пайыз.
3) 3-ші Бағыт. (Қоғамдық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiп): Мақсаттың қоғамдық қауiпсiздiкті және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету, нысаналы индикаторы - жол көлік апаттарынан өлім санының төмендеуі жоспары 2,1 пайыз болса, нақты орындалғаны 10,5 пайыз.
Мақсаттың қоғамдық қауiпсiздiкті және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету, нысаналы индикаторы - кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыстардың үлесі жоспары 0,6 пайыз болса, нақты орындалғаны 0,7 пайыз.
Қабылданған шаралар
Қабылданған шаралар болған жоқ.
Талдау қорытындысы бойынша тұжырымдар
2018 жылы аудан бюджетінің халықтың әлеуметтік мәселелерін қамту бағытындағы көрсеткіштері орындалған, бюджеттік инвестициялардың игерілуі, түпкілікті нәтижеге қол жеткізу, құрылыс салу нысандарын жоспарланған мерзімде пайдалануға берілген.
Ауданның 2018 жылдағы аумақтық даму бағдарламасында көзделген 6 индикаторлары толық орындалмаған.
Аудан бюджеті параметрлерінің түзетілуіне және нақтыланылуына қарамастан, шығыс бөлігі бойынша бюджеттік қаражаттардың 1831,6 мың теңге сомасы игерілмеген.
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің уақыттылық принциптерін сақталмай аудан бюджетке бересі көлемі 45608,0 мың теңге.
Аудандық бюджеттің атқарылу қорытындысы бойынша 28516,5 мың теңге сомасына дебиторлық берешекке жол берілген. Кредиторлық берешек 2061,0 мың теңгені құрады.
Бақылау іс-шараларының қорытындылары айқындалған бұзушылықтар жергілікті бюджет қаражаттарын және мемлекет активтерін пайдаланған кездегі қаржылық тәртіптің шын мәнінде әлсіздігін, уәкілетті органдар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті бюджет қаражаттарын пайдаланғанда тікелей бақылау объектілері басшыларының тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігін, сондай-ақ лауазымды тұлғалармен бюджеттік қаражаттарды пайдаланған кезде қолданыстағы бюджет заңнамасы нормаларының сақталмауын куәландырады.
Бюджетке түсетін түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган өзі әкімшілік жасайтын түсімдердің толық және уақытында түсуін өз дәрежесінде жүзеге асырмаған.
2018 жылы аудандық бюджеттің негізгі параметрлері толықтай жүзеге асып, мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Аудан жыл нәтижесі бойынша жалпы әлеуметтік-экономикалық дамудың макроэкономикалық тұрақтылық сақталған.
Талдау қорытындысы бойынша ұсынымдар
Алакөл ауданының әкімдігіне, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне ұсынылады:
Жергілікті бюджетті кірістер және шығыстар бойынша қалыптастыру және атқару кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және өзге заңнамалары басшылыққа алуды.
Қандай да болсын түсімдер мен шығыстарды бюджеттің жобасына енгізу қажеттілігін айқындайтын бюджеттік жүйе қағидаттарының, нормативтік құқықтық актілердің және өзге құжаттардың негізінде жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін жоспарлау және олардың көлемінің негізділігі, сондай-ақ бюджеттік қаражатты және мемлекет активтерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асыруға.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларда, аумақты дамыту бағдарламасында жоспарланған тура және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөнінде шаралар қабылдауға.
Дебиторлық және кредиторлық берешектерді жою, алдағы уақытта жол бермеу жұмыстарын жандандыруға.
Қаржы жылға жоспарланған жұмыстарды уақытында аяқтау.
Бюджетке түсетін түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган өзі әкімшілік жасайтын түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етуін және олардың түсуіне, түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу шотына есепке жатқызылуына мониторингті жүзеге асыруын қадағалауға.
Ауданның 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасында көзделген индикаторлар көрсеткіштеріне жоғары дәрежеде қол жеткізу бойынша жұмыстар жүргізу.
Тексеру комиссиясының мүшесі Қ. Манамұратов