Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Аксуский район

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 29.03.2019
Просмотры: 1452 Печать страницы

 

 

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының

төрағасы

М. Мұсаев________________

 

ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 

      

Талдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджеттің жоспарлануы және атқарылуы, аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылу мәселесі бойынша тиімділігін бағалау.

 Талдау объектілері:

«Ақсу ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.        

«Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Талдаумен қамтылған кезең: 2018 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың желтоқсанын қоса алған кезең.

Негізгі (талдамалық) бөлік

«Ақсу ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде

«Ақсу ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» Ақсу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсан №23-111 шешімі негізінде және Ақсу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсан «Ақсу ауданының 2018-2020 жылдарға  арналған бюджеті  туралы»  Ақсу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 желтоқсан №23-111 шешімін іске асыру туралы» №426 қаулысына сәйкес аудан бюджетінің кірісі мен шығысы 7027713,0  мың. теңге болып бекітілген.

Жыл ішінде бекітілген аудан бюджетіне бюджеттің атқарылуы барысында облыстық, аудандық маслихат шешімдерімен, жергілікті атқарушы органның шешімдері мен қаулыларымен 7 рет нақтылаулар жасалып, толықтырулар мен өзгерістер енгізілген. Жиынтық жоспардың көлемі 2018 жылғы 1 қаңтарға 7 130 967,0 мың теңге болған немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 1 081 678,0 мың.теңгеге, оның ішінде  573 174,0 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер, 401 935,0 мың теңге  даму нысаналы трансферттер 3 608,0 мың теңге кредиттер, 33961,0 мың теңге бюджет қаражаттарының бос қалдықтары, 1 012 678,0 мың теңге өз кірістері есебінен көбейген болса, ауылдық округтер бойынша жергілікті атқарушы органның шешімдері және қаулыларымен 3 рет нақтылаулар  жасалып 2018 жылғы 1 қаңтарға 191080,0  мың теңгеге көбейген.

Аудан бюджетіне облыстық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер барлығы 1 712 871,0  мың теңге болып аудан бюджетінің 21,0 пайызын құраған.

Бюджет кодексінің 4 бабының 12 тармағына сәйкес тиімділік принципі - бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу болып табылады.

2018 жылы бюджеттің нақтыланған шығын жоспары 8 212 645,0 мың теңге, кассалық шығындары 8 208 193,4 мың теңге, немесе 99,9%.  

2018 жылдың соңына 4 451,6 мың теңге аудандық бюджет қаражаты игерілмеген, соның ішінде:

- ауылдық округтерінен (МСУ) Матай 1 275,9 мың теңге, Қызылагаш 1 881,2 мың тенге салықтар бойынша түсімдер жок болуына байланысты, Ақсу ауылдық округ 358,7 мың тенге үнем.

- жұмыспен камту жэне әлеуметтік багдарламалар бөлімінен 410,4 мың тенге халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік төлемдер нақты есептеуіне байланысты.

- басқа да қалдықтар дөңгелету есебінен.

Ақсу ауданы бойынша 2018 жылға кредиторлық берешегі жоқ, жыл басынан келе жатқан аванстық төлем нәтижесінде туындаған дебиторлық берешек соммасы – 36024,4 мың тенге. Аудандық білім бөлімі тарапынан Алматы облысының мамандырылған ауданаралық экономикалық соттың 2015 жылдың 26 наурызында №2-881/2015 жылғы шешіміне сәйкес 22656,5 мың теңге берешекті және 996,2 мың теңге тұрақсыздықты өндіруге талап арызы беріліп, сот шешімі негізінде «Астана-ресурс-2000» ЖШС мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп танылды және  «SV VELES»   ЖСШ  13 367,9  мың теңге берешек  жоғарыда аталған соммалар мемлекеттік мекеме мен мемлекет пайдасына өндірілуі тиіс.

Бүгінгі күнге берешекті өндіру мақсатында Алматы облысының мамандырылған ауданаралық экономикалық соты тарапынан Астана қаласының Сот актілерін орындау Департаментіне хат жолданған, хатқа жауап берілген жоқ.

01.01.2018ж.бухгалтерлік баланс бойынша активтер есепті жылдың басына  3 814 449,5 мың теңгені, жыл соңына  4778 458,8  мың теңгені құраған, оның ішінде: негізгі құралдар  4 766 237,2 мың теңге, материалдық емес активтер 12 221,6  мың теңге. Активтер 964 009,3 мың теңгеге көбейген.

«Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  мемлекеттік мекемесінде Ақсу ауданының 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы Ақсу ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы  №36-175 шешімімен бекітіліп, Ақсу ауданы әкімінің 2019 жылғы 10 қантардағы  №12 қаулысымен Ақсу ауданы бойынша 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда бекітілді.

Ақсу ауданының 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы  мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттары негізінде бесжылдық кезеңге арналып әзірленеді. Аумақтарды дамыту бағдарламасы негізгі бағыттарды, мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, қажетті ресурстарды қамтиды.

Аумақтық даму бағдарламасында 2018 жылы орындалуы тиіс 69 индикатор жоспарланған, оның 62 индикаторы орындалған.

«2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2018 жылдан кәріз жүйелерін және Ақсу ауданының магистральды жылу жүйелерін реконструкциялау жобалары жүзеге асырылуда. 2018 жылы - 1,8 км жылу жүйелері төселіп, 13,1 км кәріз жүйелері салынып, 289 жиынтық құдық құрастырылды. Жобаларды жүзеге асыру 2019 жылы жалғастырылады.

Қабылданған шаралар

Қабылданған шаралар болған жоқ.

Талдау  қорытындысы бойынша тұжырымдар

1. Ақсу ауданының 2018 есепті қаржы жылы басындағы бөлінген бюджет кірісі 7 130 967,0  мың теңге, нақтыланған бюджет кірісі 8 069 686,0 мың теңге, өзгертулер мен толықтырулар енгізілген бюджет кірісі 8 212 645,0 мың теңге, нақты кіріс 8 257 619,8 мың теңге болып 100,5 % орындалған.  

2018 жылы бюджеттің нақтыланған шығын жоспары 8 212 645,0 мың теңге, кассалық шығындары 8 208 193,4 мың теңге, немесе 99,9%.

Ақсу ауданының 7 ауылдық округі бойынша бюджетінің меншік өз кірісі – 103 254,0 мың теңге немесе олаудан бюджетінің 16 пайызын құраса, қалғаны 553 012,0 мың теңге жоғары тұрған бюджеті есебінен берілген трасферттерден берілген.

2018 жылы бюджеттің нақтыланған шығын жоспары 8 212 645,0 мың теңге, кассалық шығындары 8 208 193,4 мың теңге, немесе 99,9%.

2. Ауданның 2018 жылдағы аумақтық даму бағдарламасында көзделген     индикаторлардың басым бөлігі орындалған. Дегенмен экономиканың дамуы бағыты бойынша жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі жоспар бойынша 96% бекітілген, 92% ғана орындалған, орындалмау себебі ұн және кондитер бұйымдары мен сүт өнімдерін өндіру үлесін төмендеу себепші болды. Шағын және орта кәсіпкерлікті және сауданы дамыту бойынша  тіркелгендердің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі жоспар 89,8%, орындалғаны 89,2%, орындалмау себебі шаруа қожалықтары санының азаюы салдарынан тиімді жұмыс істемеуі.

  3. 2018 жылдың соңына 4 451,6 мың теңге аудандық бюджет қаражаты игерілмеген, соның ішінде:

- ауылдық округтерінен (МСУ) Матай 1 275,9 мың теңге, Қызылагаш 1 881,2 мың тенге салықтар бойынша түсімдер жоқ болуына байланысты, Ақсу ауылдық округ 358,7 мың тенге үнем.

- жұмыспен қамту жэне әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 410,4 мың тенге халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік төлемдер нақты есептеуіне байланысты.

- басқа да қалдықтар дөңгелету есебінен.

  4. Аудандық бюджеттің атқарылу қорытындысы бойынша 36024,4 мың теңге сомасына дебиторлық берешекке жол берілген. Аудандық білім бөлімі тарапынан Алматы облысының мамандырылған ауданаралық экономикалық соттың 2015 жылдың 26 наурызында №2-881/2015 жылғы шешіміне сәйкес 22656,5 мың теңге берешекті және 996,2 мың теңге тұрақсыздықты өндіруге талап арызы беріліп, сот шешімі негізінде «Астана-ресурс-2000» ЖШС мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп танылды және  «SV VELES»   ЖСШ  13 367,9  мың теңге берешек  жоғарыда аталған соммалар мемлекеттік мекеме мен мемлекет пайдасына өндірілуі тиіс.

Бүгінгі күнге берешекті өндіру мақсатында Алматы облысының мамандырылған ауданаралық экономикалық соты тарапынан Астана қаласының Сот актілерін орындау Департаментіне хат жолданған, хатқа жауап берілген жоқ.

 5. 2018 жылы негізгі капиталға 9928,5 млн. теңге инвестиция тартылды. Бюджеттен тыс инвестициялар үлесі 24,5% немесе 2429 млн.теңгені құрады.

Негізгі капиталдағы  инвестициялардың  нақты  көлем  индексі 2018 жылы 2,9 есе артық орындалды.

 6. Бақылау іс-шараларының қорытындылары айқындалған бұзушылықтар жергілікті бюджет қаражаттарын және мемлекет активтерін пайдаланған кездегі қаржылық тәртіптің шын мәнінде әлсіздігін, уәкілетті органдар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті бюджет қаражаттарын пайдаланғанда тікелей бақылау объектілері басшылары тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігін,  сондай-ақ лауазымды тұлғалармен бюджеттік қаражаттарды пайдаланған кезде қолданыстағы бюджет заңнамасы нормаларының сақталмауын куәландырады.

7. 2018 жылы аудандық бюджеттің негізгі параметрлері толықтай жүзеге асып, мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 8. Ауданда жыл нәтижесі бойынша жалпы әлеуметтік-экономикалық дамудың макроэкономикалық тұрақтылық сақталған.

Талдау қорытындысы бойынша ұсынымдар

Ақсу ауданының әкімдігіне, аудандық бюджеттік бағдарламаларәкімшілеріне ұсынылады:

1.Жергілікті бюджетті кірістер және шығыстар бойынша қалыптастыру және атқару кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және өзге заңнамалары басшылыққа алуды.

2. Қандай да болсын түсімдер мен шығыстарды бюджеттің жобасына енгізу қажеттілігін айқындайтын бюджеттік жүйе қағидаттарының, нормативтік құқықтық актілердің және өзге құжаттардың негізінде жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін жоспарлау және олардың көлемінің негізділігі, сондай-ақ бюджеттік қаражатты және мемлекет активтерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асыруға.

3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларда, аумақты дамыту бағдарламасында жоспарланған тура және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөнінде шаралар қабылдауға.

4. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджет, зейнетақы және басқа да қорларалдындағы тиісті төлемдерді уақытылы аударылуын қамтамасыз ете отырып, дебиторлық берешектерді жою, алдағы уақытта жол бермеу жұмыстарын жандандыруға.

5. Бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету.

6. Ауданның аумақтық даму бағдарламасында көзделген индикаторлар көрсеткіштеріне жоғары дәрежеде қол жеткізу бойынша жұмыстар жүргізу.

           

Тексеру комиссиясының мүшесі                           Ж. Ноғайбеков

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ