Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Жетісу әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қорытынды

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 30.01.2019
Просмотры: 1284 Печать страницы

vvvv

Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануа  «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» Акционерлік Қоғамында  жүргізілген аудиторлық іс-шара бойынша

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

«Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының Төрағасы

М. Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдаланудың дұрыстығы.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануына аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» Акционерлік Қоғамы.

1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып):

Алматы облысы бойынша  тексеру комиссиясының бас маман-  мемлекеттік аудиторы Жүнісбеков Арман Мұратбекұлы топ жетекшісі мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы 2016 жылғы 05 желтоқсандағы  № 0193  сертификат, және бас маман-  мемлекеттік аудиторлар Қазақбеков Ғабит Закіржанұлы 2016 жылғы 05 желтоқсандағы № 1350  сертификат, Искакова Гүлжанат Тәңірбергенқызы 2016 жылғы 05 желтоқсандағы № 0305  сертификат, Сағынбеков Шалқар Жолдыбайұлы 2017 жылғы 01 қарашадағы № 1297  сертификат, Әлімханов  Дінмұхамет Әлімханұлы 2016 жылғы 05 желтоқсандағы № 0198  сертификат, Бектенова Шынар Әскенқызы 2016 жылғы 05 желтоқсандағы № 1163  сертификат.

1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2011 жылдың                       қаңтарынан бастап, 2015 жылдың желтоқсанын қоса алғанда.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1.   2011-2015жж. аралығында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының «екiншi бағыты кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу» бағдарламасымен берілген бюджеттік кредиттер уақытылы қайтарылмағандықтан, айыппұлын ескермегенде бюджетке 845436,8 мың теңге түспей отыр.

2.2.    Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану дұрыстығына  жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

Мемлекеттік аудитпен 2011 жылдың қаңтарынан бастап, 2015 жылдың  желтоқсанын қоса алған кезеңге 2018 жылдың 14 қаңтарынан  бастап 25  қаңтары аралығында тексеру комиссиясының тапсырмасы бойынша «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» Акционерлік Қоғамы қамтылды.

Мемлекеттік  аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 2397845,0  мың теңге қаражат қамтылып, 1039676,8  мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 1039676,8  мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны –9- бірлік анықталды.

                 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының «екiншi бағыты кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Алматы облысының кәсіпкерлік және өндірістік басқармасы» ММ мен «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ-арасында 2011-2015жж. аралығында 7 келісім шартпен жалпы берілген бюджеттік кредиттер - 2057400,0 мың теңге, кредиттік пайыздық мөлшерлемесі – 340445,0 мың теңге, жалпы қайтаратын сомасы 2397845,1 мың теңге.

2011-2018 жж. аралығында қайтарылған бюджеттік кредиттердің жалпы сомасы - 1 218 440,1 мың теңге оның ішінде: негізгі қарыз – 966 448,0 мың теңге, кредиттік пайыз – 251 992,0 мың теңге.

Аудит жүргізілген уақытта «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» АҚ-ы «Алматы облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ-не бюджеттік кредит бойынша берешегі – 845436,8 мың теңге, оның ішінде: негізгі қарызы – 765798,5 мың теңге, кредиттік пайызы – 79638,3 мың теңге, сонымен бірге аудитпен анықталған айыппұл сомасы – 194240,0 мың теңгені құрады.

Соның ішінде келесі келісім шарттар бойынша:

1) Несие сомасы - 375 000,0 мың теңгені құрайтын 2012ж. 29 мамырындағы жасалған №54 кредиттік келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Бюджет кодексінің» 191 бабының 5 тармағының және  осы кредиттік келісім шарттың 11.2. тармағының талабына сәйкес 37500,0 мың теңге айыппұл бюджет есебіне есептеліп қайтарылмаған.

2) Несие сомасы - 340 000,0 мың теңгені құрайтын 2013ж. 23 сәуіріндегі жасалған №17 кредиттік келісім шарт бойынша, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» АҚ-ң бюджетке берешегі 322 808,3 мың теңгені құрайды.

     Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Бюджет кодексінің» 172 бабының 1), 3) тармақшаларының, 191 бабының 1,5 тармақтарының, 192 бабының 8 тармағының талабына сәйкес анықталған  322 808,3 мың теңге бюджеттік кредитті және осы кредиттік келісім шарттың 11.2. тармағының талабына сәйкес 34000,0 мың теңге айыппұл бюджет есебіне есептеліп қайтарылмаған.

3) Несие сомасы - 200 000,0 мың теңгені құрайтын 2013ж. 01 қазанындағы жасалған №12-56/13 кредиттік келісім шарт бойынша, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» АҚ-ң  бюджетке берешегі 215466,7 мың теңгені құрайды.

    Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Бюджет кодексінің» 172 бабының 1), 3) тармақшаларының, 191 бабының 1,5 тармақтарының, 192 бабының 8 тармағының талабына сәйкес анықталған  215466,7 мың теңге бюджеттік кредитті және осы кредиттік келісім шарттың 11.2. тармағының талабына сәйкес 20000,0 мың теңге айыппұл бюджет есебіне есептеліп қайтарылмаған.

4) Несие сомасы - 520 000,0 мың теңгені құрайтын 2014ж. 28 наурызындағы жасалған №17 кредиттік келісім шарт бойынша,  «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» АҚ-ң бюджетке берешегі 145780,2 мың теңгені құрайды.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Бюджет кодексінің» 172 бабының 1), 3) тармақшаларының, 191 бабының 1,5 тармақтарының, 192 бабының 8 тармағының талабына сәйкес анықталған  145780,2 мың теңге бюджеттік кредитті және осы кредиттік келісім шарттың 11.2. тармағының талабына сәйкес 52000,0 мың теңге айыппұл бюджет есебіне есептеліп қайтарылмаған.

5) Несие сомасы - 507 400,0 мың теңгені құрайтын 2015ж. 27 сәуіріндегі жасалған №12-34/15 кредиттік келісім шарт бойынша, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» АҚ-ң бюджетке берешегі 161381,6 мың теңгені құрайды.

     Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Бюджет кодексінің» 172 бабының 1), 3) тармақшаларының, 191 бабының 1,5 тармақтарының, 192 бабының 8 тармағының талабына сәйкес анықталған 161381,6 мың теңге бюджеттік кредитті және осы кредиттік келісім шарттың 11.2. тармағының талабына сәйкес 50 740,0 мың теңге айыппұл бюджет есебіне есептеліп қайтарылмаған.

Аудитпен анықталған қаржылық бұзушылықтар барлығы1039676,8 мың теңге бюджетке қайтаруға жатады.

Сонымен бірге аудитпен 9 рәсімдік бұзушылықтар анықталған, атап айтқанда:

 -       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы      18 шілдедегі № 819 қаулысымен бекітілген «Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге кредит берудің белгiленген қағидасының 2 тарауының 12 тармағының 2 тармақшасының талаптарына сәйкес микроқаржыны алуға үміткерде тапсырылған құжаттардың арасында бизнес жоспар болуы тиіс, алайда төменде аталған ұйымдарда бизнес жоспарлары жоқ болып шыққан:

-  «Нұрлы Тау» Кредиттік  серіктестігі» ЖШС-гі;

-  «Сарқан- Қаракөз» Кредиттік  серіктестігі» ЖШС-гі;

- «Игілік Шенгелді» Кредиттік  серіктестігі» ЖШС-гі.

-   «Қасым» Кредиттік  серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

-  «Алакөль-Казына» Кредиттік  серіктестігі» ЖШС-гі.

-  «Нұрай- Несие» Кредиттік  серіктестігі» ЖШС-гі.

-  «Несие 2020» Кредиттік  серіктестігі» ЖШС-гі.

-  «Текелі- Несие» Кредиттік  серіктестігі» ЖШС-гі.

-  «АлМаНа» Кредиттік  серіктестігі» ЖШС-гі.

-  «Бастанғы Несие» Кредиттік  серіктестігі» ЖШС-гі.

-  «Бірлік Несие» Кредиттік  серіктестігі» ЖШС-гі.

        -  «Несие мекен» Кредиттік  серіктестігі» ЖШС-гі.

 -  «Ақжайық» Кредиттік  серіктестігі» ЖШС-гі.

-        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысымен бекітілген «Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге кредит берудің белгiленген қағидасының 3 тарауының 19 тармағының талаптарына сәйкес, конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық құжаттаманы, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді қабылдап, конкурстық комиссияның конверттерді  ашу жөніндегі отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды дайындауы және оны өткізгеннен кейін отырыс хаттамаларын ресімдеуі тиіс, алайда «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен отырыс хаттамалар  ұсынылмаған себебінен аудит жүргізу мүмкіндігі болмады.

-        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысымен бекітілген «Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларын бекіту туралы»  қағидасының  11-қосымшасы несие берудің типтік келісім шарт нұсқасының 5-тарауының 5.3.8. тармағы бойынша кредиторға кез-келген екінші деңгейлі банктерде ашылған банк шоттарын оқшалау (блокировка счетов) құқығы берілген,  Алайда «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Ұлттық компаниясы»  АҚ тарапынан  2011-2017 жылдары аралығында несие алушыларда  мерзімі өткен берешек қарыздары  бола тұра, өздеріне берілген құқықтарын жүзеге асырмай, тек 2018 жылдың қазан айыннан бастап оқшалау жұмыстары жүргізілген.

-        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысымен бекітілген «Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге кредит берудің белгiленген қағидаларының» 6 тармағының  4) тармақшасы және 5 тарауының  63 тармағының талаптары сақталмай,  «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» АҚ-ы тарапынан Кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуына және олардың  уақтылы өтелуіне мониторинг жүргізілмеген.

-        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасының» 90 тармағының талабы орындалмай «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» АҚ-ы тарапынан Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы, кредиттік серіктестік не қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым Бағдарламаға қатысушыларға берілген микрокредитті қайтаруға мониторинг жүргізеді және есептерді, сондай-ақ ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне қарай ұсынуы тиіс болған.

«Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» Акционерлік Қоғамы   2057400,0 мың теңге бюджеттік кредитті   өз тарапынан, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын бекіту туралы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысы аясында 2011-2015 жылдары 2- микрокредиттік ұйым (МКО) және 18-кредиттік серіктестіктерге  (КТ) таратқан.

    Жалпы берілген  негізгі сома 2057400,0 мың теңге, кредиттік пайыз мөлшері  376397,0  мың теңге, бюджеттік кредиттің барлық қайтаруға жататыны 2433796,5 мың теңгеге келісім шарттар жасалған.

    Мемлекеттік аудит басталған күнге 14.01.2019 жылға  қайтарылған сомасы 1245020,0 мың теңге,  қайтарылмаған мерзімі өткен берешек қарызы  сомасы  859069,7 мың теңге, оның ішінде негізгі сомасы 803272,3 мың теңге, кредиттік пайыз мөлшері  55797,4  мың теңге.    Есептелген айыппұл сомасы  280509,5 мың теңге, мерзімі өткен берешек қарыз сомасы айыппұлмен қоса есептегенде 1139579,2  мың теңгені құрады. Бүгінгі күнге барлық  қарыз сомасы 1188776,7 мың теңге, оның ішінде негізгі сомасы 1121951,9 мың теңге, кредиттік пайыз мөлшері  66824,8  мың теңгені құрады.

              Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысымен бекітілген «Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларын бекіту туралы»  қағидасының  2-тарауының 8- тармағының, және осы қағиданың 11-қосымшасы несие берудің типтік келісім шарт нұсқасының 5-тарауының 5.3.6. тармақшасының талаптары сақталмай жоғарыда аталған несие алушы серіктестіктер Кредиторға оның ағымдағы шотына ақша аудару арқылы осы Шарттарда және төлемдер кестесiнде белгiленген мерзiмде негiзгi қарызын және олар бойынша кредиттік пайыз мөлшерін уақытылы өтеуге тиіс болған.

         Кредиттік серіктестіктер тарапынан алынған несие бойынша заң бұзушылықтарға жол берілген, соның ішінде анықталғаны:

         1). Ақсу ауданы:  ЖШС «ГОХА и К» Несие серіптестігі «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын бекіту туралы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 Қаулысы аясында, серіктестік 2013-2015 жылдары 3-келсімшарт бойынша жалпы сомасы 283000,0 мың теңге несие алған, несие бойынша жалпы қайтарылатын сомасы 338084,4 мың теңге, оның ішінде негізгі сомасы 283000,0 мың теңге, кредиттік пайыз мөлшері 55084,5  мың теңге. Мемлекеттік аудит басталған күнге жалпы қайтарылған сомасы 135479,6  мың теңге,  қайтарылмаған мерзімі өткен берешек қарыз сомасы 164103,3 мың теңге.  Бүгінгі күнге барлық берешегі 202604,8 мың теңге, оның ішінде  негізгі сомасы 197846,0  мың теңге, кредиттік пайыз мөлшері  4758,8  мың теңге.

     2018 жылдың 05 ақпанында серіктестік құрылтайшыларынң № 1 жалпы жиын хаттамасының негізінде ЖШС «Гоха» кредиттік серіктестігінің төрағасы Қылышбеков Жақан Сайлауовичтің (Жеке куәлігінің №035353605, берілген күні 30.09.2013ж.) орнына Дюсекенов Даурен Есенбекович (Жеке куәлігінің №  040698363 берілген күні 27.09.2016ж.) тағайындалып, 22 ақпан 2018 жылы №2 бұйрығымен, бірінші қол құқығымен және басқа да қаржылық құжаттарды, сонымен қатар кредиттік серіктестіктің мүлкін қолдану құқығымен  тағайындалған. Сонымен  қатар кредиттік серіктестігінің бұрынғы төрағасы Қылышбеков Жақан Сайлауович кассалық есебінде 163883,6 мың теңге бола тұра, «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы  «Ұлттық компанниясы» АҚ-на несие  берешектерін  қайтармай, 21 ақпан  2018 жылы  нақты  жиналған  қаржыны өткізу туралы  ЖШС «Гоха» кредиттік серіктестігінің төрағасы Кылышбеков Жақан Сайлауовичпен азамат Дюсекенов Даурен Есенбекович арасында келісім шартымен 163883,6 мың теңгені өткізіп-қабылдап алынған.

      Серіктестік пен кредитордың арасындағы жасасқан несие берудің типтік келісім шарттар нұсқасының 5-тарауының 5.3.6. және 5.3.7 тармақшасының талаптары сақталмалмаған. Ол жерде, Кемiнде бiр ай бұрын кредиторды өзiнiң болатын немесе болжанатын таратылуы/қайта құрылуы, өз құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу не мекенжайының, банк деректемелерiнiң, қосымша кредиттiк қаражат тарту, кепiлдiк мiндеттемелер беру және де басқа осы Шартқа сәйкес Кредит берушiнiң алдындағы қабылданған мiндеттемелердiң орындалуына ықпал ететiн өзгерiстер туралы хабардар етуге, серіктестік міндетті болған, алайда  серіктестік кредиторды хабардар етпеген.

     Алайда, ЖШС «Гоха» кредиттік серіктестігінің  кәзіргі төрағасы Дюсекенов Даурен Есенбекович бүгінгі күнге дейін «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы  «Өнірлік даму институты» АҚ-на несие берешектерін  белгісіз себептермен қайтарылмаған және бұл азаматтан түсініктемесін алуға мүмкіншілік болмады.

    2). Кербұлақ ауданы:  ЖШС «НҰРЛЫ ТАУ» Несие  серіптестігі 2015  жылдың 01 маусымында «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ-мен   № 12-40/15  келісім шарты бойынша жалпы сомасы 69000,0  мың теңгеге жасалған. Несиенің қайтару мерзімі  кредиттік пайыз  мөлшерімен  2020 жылдың 20 наурызы. Несие бойынша жалпы қайтарылатын сомасы 83660,2 мың теңге, оның ішінде негізгі сомасы 69000,0 мың теңге, кредиттік пайыз мөлшері  14660,2  мың теңге.  Мемлекеттік аудит басталған күнге  жалпы қайтарылған сомасы  38052,8 мың теңге,  қайтарылмаған мерзімі өткен берешек қарыз сомасы 17797,2 мың теңге, Бүгінгі күнге барлық  берешегі  45607,4 мың теңге, оның ішінде  негізгі сомасы 37805,3  мың теңге, кредиттік пайыз мөлшері  7802,1  мың теңге.  

     Аудитке берілген «Нұрлы Тау» кредиттік серіктестігі» ЖШС-ң 06.05.2015-18.03.2016жж. аралығындағы банктік көшірмесінен (банковская выписка) анықталғаны. С.С.Карипжанов  06.05.2015-18.03.2016жж. аралығында «Нұрлы Тау» кредиттік серіктестігі» ЖШС-ң есеп-шотынан алған қаржысы жалпы 68723,0 мың теңгені құраған.

«Нұрлы Тау» кредиттік серіктестігі» ЖШС-ң төрағасы С.С.Карипжановтың аудитке берген түсініктемесінде: «Нұрлы Тау» кредиттік серіктестігі» ЖШС-ң есеп-шотына «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен 69000,0 мың теңге түскен. 23 мүше болып құрылған серіктестіктің 5 мүшесі 3000,0 мың  теңгеден алып, бөлініп шыққан. Қалған 18 мүше 54000,0 мың теңгеге 100 бас асыл тұқымды ірі  араны  Қостанай қаласынан  сатып  алған, берілген түсінектеме бойынша оның 40-басы жерсінбей өліп, 60-басы қалған, олар қазіргі кезеде Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылындағы «Абай» Шаруа қожалығында орналасқанын түсіндіреді. Бірақ, осы аудитке бағдарлама бойынша алған бюджеттік кредитті түпкілікті алушыларға бергені, таратқаны, мақсатты пайдаланғаны туралы құжат жүзінде растамады. Сонымен бірге,  С.С.Карипжанов  кейбір айларда есеп шоттан алған қаржысы 100,0 мың теңгеден 500,0 мың теңгеге дейін алған.  Ал, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен түпкілікті алушыларға берілетін кредиттің көлемі бір адамға 3000,0 мың теңгеге дейін берілуін ескерсек, мұндай көлемде есеп-шоттан алған қаржысы мақсатсыз алынған болып табылады.

     3). Көксу ауданы: ЖШС «АҚ-БИІК» Несие серіптестігі,  «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын бекіту туралы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 Қаулысы аясында, серіктестік 2013-2015 жылдары 4-келсімшарт бойынша жалпы сомасы 120400,0 мың теңге несие алған, Несие бойынша жалпы қайтарылатын сомасы 144956,9 мың теңге, оның ішінде негізгі сомасы 120400,0 мың теңге, кредиттік пайыз мөлшері  24557,0  мың теңге. Мемлекеттік аудит басталған күнге жалпы қайтарылған сомасы 30783,8 мың теңге,  қайтарылмаған мерзімі өткен берешек қарыз сомасы 81123,6 мың теңге. Бүгінгі күнге барлық  берешегі  114173,0 мың теңге, оның ішінде  негізгі сомасы 102019,3  мың теңге, кредиттік пайыз мөлшері  12153,7  мың теңге.  

    Аудитке ұсынылған «Ақ Биік» несие серіктестігі» ЖШС-ң 01.01.2013-10.10.2018жж. аралығындағы банктік көшірмесінен (банковская выписка) анықталғаны. Е.М. Мухашов «01.01.2013-10.10.2018жж. аралығында «Ақ Биік» кредиттік серіктестігі» ЖШС-ң есеп-шотынан алған қаржысы жалпы 158628,2 мың теңгені құраған, соның ішінде жылдар бөлінісінде:

2013 жылы – 21 105,0 мың теңге:

2014 жылы – 19 942,0 мың теңге;

2015 жылы – 95 239,0 мың теңге;

2016 жылы – 15 172,2 мың теңге;

2017 жылы – 4 290,0 мың теңге;

2018 жылы – 2 880,0 мың теңге;

      «Ақ Биік» кредиттік серіктестігі» ЖШС-ң төрағасы М.С.Мухашов  аудитке берген түсініктемесінде: «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен 120400,0 мың теңге кредит алғанын, баласы Е.М.Мухашовқа сенімхат бергенін, нақты қанша кредит алушыларға бергенін білмейтіндігін, «Ақ Биік» кредиттік серіктестігі» ЖШС-і сауда саттықпен айналыспайтынын, берілген кредиттің барлығы 2015 жылдың күзіне дейін таратылғандығы және осы жылдың күзінен басқа ешкімге кредит таратпағанын түсіндіреді.

Ал, төрағасының баласы Е.М. Мухашовтың аудитке берген түсініктемесінде: «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен түскен «Ақ Биік» кредиттік серіктестігі» ЖШС-ң есеп-шотынан қаражатты сенімхат арқылы алып, әкесіне яғни, М.С. Мухашовқа бергенін түсіндіреді. Бірақ, осы аудитке бағдарлама бойынша алған бюджеттік кредитті түпкілікті алушыларға бергені, таратқаны, мақсатты пайдаланғаны туралы есептері құжат жүзінде растамады. Сонымен бірге,  Е.М. Мухашов кейбір айларда есеп шоттан алған қаржысы 45,0 мың теңгеден 600,0 мың теңгеге дейін алған.  Ал, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен түпкілікті алушыларға берілетін кредиттің көлемі бір адамға 3 000,0 мың теңгеге дейін берілуін ескерсек, мұндай көлемде есеп-шоттан алған қаржысы мақсатсыз алынған болып табылады.

     «Ақ Биік» кредиттік серіктестігі» ЖШС-ң «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» АҚ-на берешегі бола тұра, 2018ж. өзінде Е.М. Мухашов «Ақ Биік» кредиттік серіктестігі» ЖШС-ң есеп-шотынан 11.09.2018ж. 2500,0 мың теңге, 18.09.2018ж. 380,0 мың теңге барлығы 2880,0 мың теңгені мақстасыз шешіп алған.

     «Ақ Биік» кредиттік серіктестігі» ЖШС-ң есеп-шотынан 2015ж. 13 қарашасында «BAIL» ЖШС-нен тауар алуға 210,0 мың теңге аударған, 02.02.2016ж. «Тоговый дом Богатырский продукт «Север» ЖШС-нен тауар алуға 4285,2 мың теңге аударған.

     Бұл, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасының» 7 тармағы 3) тармақшасына қайшы Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру мынадай шарттарды қамтиды: 3) микрокредит және шағын кредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарын өтеуге және жылжымайтын тұрғын мүлікті сатып алуға, сондай-ақ сауда  саласындағы қызметтердi жүзеге асыруға берiлмейдi;

                  III. Жиынтық бөлік

          3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар: 

          Мемлекеттік аудит барысында кредиттік келісім шарттардың талабына сәйкес 194240,0 мың теңге айыппұл есептелді.

3.2.Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар: «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» Акционерлік Қоғамы бойынша  Мемлекеттік  аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 2397845,0  мың теңге мың теңге қаражат қамтылып, 1039676,8  мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 1039676,8  мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны –9- бірлік анықталды.

       Аудиторлық есептің негізгі бөлігінде көрсетілген аудит бағдарламасының мәселелері бойынша қаралған сұрақтың, аудит барысында анықталған бұзушылықтар сомасы аудитпен қамтылған қаражаттың шамамен 43,3 пайызын құрап отыр. Аудит бағдарламасының басқада мәселелері бойынша жоспарланып, жұмсалған қаражаттардың, жүргізілген шығыстардың белгіленген күтілетін кезеңге, қойылған мақсаттар мен міндеттері орындалған.   

       Алайда берілген бюджеттік кредиттерді уақытында қайтаруда олқылықтар болғаны анықталды, бұл жерде  «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын бекіту туралы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 Қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысымен бекітілген «Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларын бекіту туралы»  Қағидасының, «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 Қаулысының, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV «Бюджет кодексінің» талаптары толық сақталмай, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» АҚ-ы тарапынан Кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуына және олардың  уақтылы өтелуіне мониторинг жүргізілмеген.

      Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша АҚ-да аудит мақсатына сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің бюджеттік кредиттер беруі мен орындауы  кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының талаптарынан ауытқуы және мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес ең жоғары жол берілетін мөлшері айқындалатын, қабылданатын шешімдерге ықпал ететін өзге де қателердің көлеміне, ал мекеменің қазіргі лауазымды тұлғаларының заң бұзушылықтарға жол бермеуіне жауапкершілік алуларын, бюджеттік кредиттерді уақытында қайтарудың көлемі  аудитпен қамтылған қаражат көлеміне шаққанда пайыздық мөлшері жоғары екенін ескере отырып, қанағаттанарлық  емес деңгейде деген пікір ұсынылады.

3.3 Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Негізгі (талдамалық) бөлікте аталған мәліметтерді назарға ала отырып:

1.Мемлекеттік аудит іс-шарасының қорытындысы Тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

2.«Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» Акционерлік Қоғамы  басшылығы  келесі шараларды қабылдасын:

-  ҚР заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтарына жол берген лауазымды тұлғалардың  жауапкершілігі қаралсын.

-  «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» АҚ-ы бюджеттік кредит бойынша  барлығы  1039676,8  мың теңге бюджет есебіне аударылсын және Акционерлік Қоғамы басшысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және келешекте қаржылық бұзушылықтарға жол бермеулері бойынша Тексеру комиссиясының Нұсқамасы ұсынылсын.

-  «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына: «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» АҚ-ның  тарапынан бюджеттік кредит бойынша  берешегі – 845436,8 мың теңге, оның ішінде: негізгі қарызы – 765798,5 мың теңге, кредиттік пайызы – 79638,3 мың теңгені құрайды. Сонымен бірге аудитпен анықталған айыппұл сомасы – 194240,0 мың теңге, барлығы 1039676,8 мың теңге бюджет есебіне қайтаруын қамтамасыз етуін қадағаласын.

- «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» Акционерлік Қоғамында  жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері Құқық қорғау органдарына құқықтық бағалауға жолдансын.

-  «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» Акционерлік Қоғамында жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану дұрыстығына жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындысы бекітілсін.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің ЖИЫНТЫҚ ТІЗІЛІМІ   (4 парақ).

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                               Қ. Манамұратов

 

 

 

    

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ