Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Қарасай ауданы қорытынды

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 28.05.2019
Просмотры: 1354 Печать страницы

Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуына  Алматы облысы Қарасай ауданында жүргізілген аудиторлық іс-шара бойынша

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

«Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының

Төрағасы

М.Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

I. Кіріспе бөлік

      1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға және мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

  1. «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  2. «Қарасай ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  3. «Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»мемлекеттік мекемесі;
  4. «Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  5. «Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  6. «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  7. «Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  8. «Қарасай ауданының  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  9. «Қарасай ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  10. «Қарасай ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  11. «Қарасай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  12. «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  13. Қарасай ауданының денешынықтыру және спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  14. «И.Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі;
  15. «Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  16. «Қарасай ауданының Іргелі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  17. «Қарасай ауданының Жаңашамалған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  18. «Қарасай ауданының Қаскелең қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  19. «Қарасай ауданының Әйтей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  20. «Қарасай ауданының Ұмтыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  21. «Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  22. Қарасай ауданының Бірінші май ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  23. «Қарасай ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  24. «Қарасай ауданының Шамалған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  25. «Қарасай ауданының Жандосов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  26. «Қарасай ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып):

Топ жетекшісі бөлім басшысы - мемлекеттік аудитор А.Қадір (№1483), бас маман - мемлекеттік аудиторлар: Ө.Абеубакиров (№0197), М.Ботабеков (№0302), С.Елубаева (№0303), С.Желдібаев (№1349), Б.Кенесжан (№0307), Г.Қожағұлова (№0308), А.Тауханова (№1353), С.Мухашев (№0314), М.Нұраленова (№0315), Н.Нұрғалық (№0316), Ж.Нұрханов (№1351), Қ.Молдашев (№1274), Ж.Үсенбаев (№1193), Ш.Сыздыкова (№0318) және жетекші маман – мемлекеттік аудитордың ассистенті Б.Рысхан.

1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың  желтоқсанын қоса алғандағы кезең.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Алматы облысы Қарасай ауданына бөлінген бюджет қаражатының атқарылуына талдау жасау:

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде  Қарасай ауданына бюджет есебінен жергілікті деңгейде аудан көлеміндегі барлық аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері арқылы жергілікті деңгейде мемлекет саясатын іске асыруға жалпы соммасы 34 782 354,5 мың теңге. Осы көрсетілген қаражаттың ішінде тексерілетін жылдар бөлінісінде: 2017 жылы –                 15 927 850,9 мың теңге, 2018 жылы – 18 854 503,6 мың теңге мемлекеттік аудитпен қамтылды.

Мемлекеттік аудит барысында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бюджет қаражатын пайдаланғанда, бұзушылықтардың басым бөлігі бухгалтерлік есепті жүргізу, мемлекеттік сатып алу, коммуналдық меншік пен коммуналдық желілерінің құрылысын жүргізу кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы, еңбек ақы, сыйақы, мемлекеттік мекемелерде бекітілген лимиттер және іс-сапар шығындары бойынша Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақтамағандықтан орын алған.

Мемлекеттік аудитте пайдаланылған көрсеткіш мәнділік  және нәтижелілік бойынша жалпы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың көлемінен анықталған бұзушылықтардың көлемі 0,4 % құрағанын ескерсек, ауданда жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізуге бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланған деген тұжырымға келуге болады.

2.2. Алматы облысы Қарасай ауданында жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

Осы мемлекеттік аудитпен барлығы 25 мемлекеттік аудит объектісі қамтылып, жалпы сомасы 34 782 354,5  мың теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылды. 

Аудиторлық іс-шара республикалық және жергілікті бюджет есебінен бөлінеген қаражаттың жұмсалуы, осы қаражатты жұмсау кезінде мемлекеттік аудит объектісінің келесі көрсеткіштерге сай қызмет атқаруы, мәнділік және нәтижелілік аудиторлық тәуекел деңгейлері, іріктеу параметрлері, көлемі және әдістерін нақтылау арқылы анықталған мемлекеттік аудит объектісінің қаржылық және шаруашылық операцияларын жасауы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының талаптарынан ауытқуы және мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес ең жоғары жол берілетін мөлшері айқындалатын, қабылданатын шешімдерге ықпал ететін өзге де қателердің көлемі. Әрбір қызмет бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы.

Қарасай ауданының мемлекеттік мекемелерінде аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 34 782 354,5 мың теңге мың теңге қаражат қамтылып, 206 906,3 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды.

Оның ішінде: бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтары – 5705,8 мың теңге, активтерді пайдалану кезіндегі бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтары – 28 164,1 мың теңге, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау кезіндегі заңнама бұзушылықтары – 114 381,2 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы – 58655,2 мың теңге. Анықталған бұзушылықтардың қалпына келтіруге жататыны – 142 446,6 мың теңге және 5450,8 мың теңге өтелуге жатады. Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны – 35 бірлікті құрады.

2.2.1. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен Мекемелерге бөлінген бюджет қаражаттарының аудит көрсеткіштеріне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнама нормаларының талаптарына сәйкес игерілуі:

1. «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Аудиторлық іс-шара жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиhазымен және мемлекеттік органардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының және Алматы облысы әкімінің 2018 жылғы 04 сәуірдегі №36-ө н/қ өкімінің 2 қосымшасының талаптарына қайшы мекеменің теңгерімінде жалпы құны 14 817,0 мың теңгені құрайтын лимиттен тыс «Лада 21214», «Toyota Camry» және «Skoda Super B6» 3 автокөліктер тіркелген.

2. «Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1. Мекемемен Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты ШЖҚ «Таусамалы» МКК-мен, Алматы облысы Қарасай ауданы Әйтей ауылындағы Өмір Ұзақ шағын ауданындағы электр жүйелерінің ағымдағы жөндеуге жасалған келісім-шарт бойынша 800,0 мың теңгеге жұмыстар қажетті мерзімнен 52 күнге кешіктіріп орындаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2018 жылдың 23 тамыздағы №46 келісім-шарттың 8 тармағының 8.3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші өнім берушіден өз міндеттемелерін толық орындамағаны үшін 41,6 мың теңге тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстамаған және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағы 3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талап-арызбен сотқа шағымданбаған.

2. Осыған ұқсас, Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты ШЖҚ «Таусамалы» МКК-мен, Алматы облысы Қарасай ауданы Әйтей ауылындағы Өмір Ұзақ шағын ауданындағы кәріз жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жасалған келісім-шарт бойынша 800,0 мың теңгеге жұмыстар қажетті мерзімнен 52 күнге кешіктіріп орындаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2018 жылдың 23 тамыздағы №47 келісім-шарттың 8 тармағының 8.3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші өнім берушіден өз міндеттемелерін толық орындамағаны үшін 41,6 мың теңге тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстамаған және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағы 3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талап-арызбен сотқа шағымданбаған.

3. Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты ШЖҚ «Таусамалы» МКК-мен, «Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Батыр Бабалар» мұражайына су ұңғымасын бұрғылау» жұмыстарын жүргізуге жасалған келісім-шарт бойынша 4300,0 мың теңгеге жұмыстар қажетті мерзімнен 52 күнге кешіктіріп орындаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2018 жылдың 23 тамыздағы №48 келісім-шарттың 8 тармағының 8.3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші өнім берушіден өз міндеттемелерін толық орындамағаны үшін 223,6 мың теңге тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстамаған және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағы 3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талап-арызбен сотқа шағымданбаған.

4. «ЭЛАЙ» ЖШС-мен «Алматы облысы Қарасай ауданы Қайнар ауылының кәріз жүйелерін жаңғырту және құрылысына» жобалау-сметалық құжаттамасын дайындауға жасалған келісім-шарт бойынша 7056,4 мың теңгеге жұмыстар қажетті мерзімнен 90 күнге кешіктіріп орындаған және 1055,6 мың теңгеге қажетті мерзімнен 148 күнге кешіктіріп орындаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2017 жылдың 16 қарашадағы №66 келісім-шарттың 8 тармағының 8.3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші өнім берушіден өз міндеттемелерін толық орындамағаны үшін 791,3 мың теңге тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстамаған және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағы 3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талап-арызбен сотқа шағымданбаған.

5. «Алматы облысы Қарасай ауданы Мерей ауылы көппәтерлі тұрғын үйлердің аула алаңдарын күрделі жөндеу» жобасы бойынша жұмыстар аяқталып, қабылданған. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N242 Заңының 60-бабының 1-тармағын сақтамау нәтижесінде жобалау-сметалық құжаттамада көзделген уақытша ғимараттар мен құрылыстарға қарастырылған қаражаттан 358,4 мың теңге қайтарымды сома мердігер мекеме «Құрылысты механикаландыру» ЖШС-нен жергілікті бюджетке қайтару қамтамасыз етілмеген.

Аталған сомма аудит барысында 2019 жылғы 11 сәуірдегі №65 төлем тапсырмасы негізінде бюджет есебіне қайтарылды.

6. «Алматы облысы Қарасай ауданының Еңбекші ауылындағы аула алаңдарын аббатандыру» жобасы бойынша жұмыстар аяқталып, қабылданған. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N242 Заңының 60-бабының 1-тармағын сақтамау нәтижесінде жобалау-сметалық құжаттамада көзделген уақытша ғимараттар мен құрылыстарға қарастырылған қаражаттан 246,0 мың теңге қайтарымды сома мердігер мекеме «Қарасай ауданы әкімдігінің  «Таусамалы Қызмет»МКК-нен жергілікті бюджетке қайтару қамтамасыз етілмеген.

7. «Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы Қаскелең өзенін жағалауын абаттандыру ІІ кезең (жалғасы)» жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасын дайындауға жасалған келісім-шарт бойынша 487,2 мың теңгеге жұмыстар қажетті мерзімнен 52 күнге кешіктіріп орындаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2016 жылдың 14 желтоқсандағы №36 келісім-шарттың 8 тармағының 8.3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші өнім берушіден өз міндеттемелерін толық орындамағаны үшін 317,2 мың теңге тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстамаған және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағы 3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талап-арызбен сотқа шағымданбаған.

Аталған сома аудит барысында 2019 жылдың 04 сәуірдегі №72 төлем тапсырмасымен бюджет есебіне қайтарылды.

8. Мекемемен «НҰРЛЫ-АВТО» ЖШС-мен автокөліктер сатып алуға жасалған келісім-шарты негізінде (Мусоровоз Foton BJ1129VHPEG –F1) көлігін келісім-шартта қарастырылған жеткізу мерзімінен 17 күнге кешіктіріліп жеткізген. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2018 жылдың 08 қарашадағы №69 келісім-шарттың 7 тармағының 7.3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші өнім берушіден өз міндеттемелерін толық орындамаған үшін жалпы            391,0 мың теңге тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстамаған және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағы 3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талап-арызбен сотқа шағымданбаған. Аталған сома аудит барысында 2019 жылдың 16 сәуірдегі №114 төлем тапсырмасымен бюджет есебіне қайтарылды.

3. «Қарасай ауданының жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Аудиторлық іс-шара жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиhазымен және мемлекеттік органардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының және Алматы облысы әкімінің 2018 жылғы 04 сәуірдегі №36-ө н/қ өкімінің 2 қосымшасының талаптарына қайшы мекеменің теңгерімінде жалпы құны 1179,5 мың теңгені құрайтын лимиттен тыс «Ваз 21312 м/номері «В 1796 DВ» автокөлігі тіркелген.

4. «И.Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі:

1. Қазақстан Республикасының 23.01.2001 жылғы  №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының 01.03.2011 жылғы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 4-бабы 1,2- тармақтарының № талаптары сақталмай, мемлекеттік мекеменің теңгеріміндегі мектеп-интернаттың балалары жататын орнының (спальный корпустың) бастапқы құны 5844,5 мың теңгені құраған Балалар жататын орны жылжымайтын мүлікке мемлекеттік меншік құқығы «И.Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінің атына бүгінгі күнге дейін тіркелмеген.

2. Қазақстан Республикасының 23.01.2001 жылғы  №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының 01.03.2011 жылғы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 4-бабы 1,2- тармақтарының № талаптары сақталмай, 2017-2018 жылдары пайдаланып жүрген «Skoda Octavia» маркалы №B596DA жеңіл автокөлігіне және «Gaz-3221132288» маркалы №B198DD автокөлігіне облыстық білім департаменті тарапынан лимиті жеткізілмеген. Және, мемлекеттік мекеменің теңгеріміндегі «ГАЗ-31005411» маркалы жеңіл автокөлігі мекеменің теңгерімінен шығарылмаған.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» 9- бөлімінің  272- тармағының № талаптары сақталмай, мемлекеттік мекемесінің 2018 жылға арналған жылдық есебі (балансы, бас кітабы) бойынша мекеменің теңгеріміндегі жанар-жағар майдың қалдығы мен қозғалысының есебі арасында 53,7 мың теңге айырмасы орын алған. Бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректерi дұрыс көрсетілмей, бухгалтерлік есебі әдістерін бұза отырып жүргізілген және қаржылық есептілікті бұрмалау жағдайына әкеп соққан. Аудит жүргізу барысында түзету бухгалтерлік проводкасы берілді.

5. «Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1. «Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» ММ-ң «Қарасай ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» КММ ғимаратын күрделі жөндеу» ЖЖ» жұмыс жобасы бойынша жұмыстар жүргізілгенде мекемемен «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңының 68 бабының 12 тармағының талабы сақталмай, мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдардан, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаны, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейiн алынбаған.

2. Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңының 60 бабының 1 тармағының талабы сақталмай, мердігер мекемемен жобалау-сметалық құжаттамамен қарастырылған қайтарылуға жататын сомасы 172,2 мың теңге бюджет есебіне қайтарылмаған. Аталған сома 2019 жылдың 11 сәуіріндегі №202 және 2019 жылдың 16 сәуіріндегі №82987669 төлем тапсырмаларымен бюджетке аударылған.

6. «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N77 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қаулысының 8 бөлім, 30 тармағының талаптары сақталмай 2017 жылғы қаңтар айынан бастап, 2018 жылғы желтоқсан айын қоса алған кезең аралығында 1026,5 мың теңге көлемінде еңбекақы негізсіз есептеліп, төленген.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» қаулысының 4 қосымшасының талаптары сақталмай, жалпы есепте 584,8 мың теңге біліктілік деңгейі үшін қосымша еңбекақы негізсіз есептеліп, төленген.

3. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы №202-V Қазақстан Республикасының Заңының 28 бабы, 1 тармағының және аталған заңның 1 қосымшасы, 5 тармағының талабы сақталмай, Көлащы ауылындағы орта мектептің ғимаратын газбен жылытуға «Garant Telekom» ЖШС-мен жобалау-сметалық құжаттамасын дайындауға жалпы сомасы 2280,0 мың теңге тиімсіз игерілген. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығына 1 қосымшасының бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасына қайшы келіп, білім бөлімімен Көлащы ауылындағы 600 орындық орта мектепті газбен жабдықтау бойынша жұмыстарды күрделі шығындар санатына емес, ағымдағы шығындар санатына жатқызылған, 431 Жаңа объектілерді салу және қолдағы объектілерді реконструкциялау ерекшелігімен емес, 159 Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу ерекшелігімен 55804,0 мың теңге сомасындағы бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланып, игерілген.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңының 64-1 бап, 2 тармақ, 2 тармақшасының талаптары сақталмай, газбен жабдықтау бойынша жұмыстар сараптамадан өтпеген жобалау сметалық құжаттама бойынша орындалған.

Бөліммен «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңының 17 бабының талаптары сақталмай келесі бұзушылықтарға жол берілген:

- жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеудiң, сараптамадан өткізудің және бекiтудiң белгiленген тәртiбiнен ауытқу, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттамадан ауытқу не бекiткен инстанцияның рұқсатынсыз оған өзгерiстер енгiзу;

- «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпей құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу;

- осы заңда мiндеттiлiгi көзделген жағдайда, құрылысты сәулет-құрылыс бақылауын мен қадағалауын, техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргiзбей жүзеге асыру.

7. «Қарасай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1. Қазақстан Республикасының  2015 жылдың 23  қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 1 бабының 10 тармақшасы  және  Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылдың 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысына қайшы негізсіз 68,3 мың теңге сыйақы төленген.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» 9 бөлімінің  272 тармағы № талаптарына қайшы, құрылысы аяқталған және пайдалануға берілген құрылыс объектілерінің қабылдау актілері негізінде, оларға жұмсалған жалпы сметалық құны 104689,4 мың теңгені құрайтын шығындары уақытында есепке алынбаған.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» 18,20,32 тармақ № талаптарына қайшы, 619,0 мың теңгені құрайтын кредиторлық қарыз, мекеменің бухгалтерлік есебінде көрсетілмеген.

8. «Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1. Мекемеге 2018-2020 жылдарға арналған байланыс қызметтерiне ақы төлеуге арналған 255,0 мың теңге негізсіз көбейтіліп бекітілген.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну бекіту туралы №511 қағиданың 1 бөлігінің 39 тармағының талабы басшылыққа алынбай, 2018-2020 жылдарға арналған Бюджеттік өтінімдері бойынша 136  «Техникалық персоналдың ел ішіндегі іссапарлары мен  қызметтiк жол жүрулері» мен 161  «Ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар» ерекшіліктерінің есептерінде , ел iшiнде және елден тысқары жерлерге қызметтiк iссапарларға жоспарланатын шығыстарды негiздеу үшiн ағымдағы жылға арналған iссапарлардың бекiтiлген жоспарларын және жоспарлы кезеңге арналған iссапарлар жоспарларының жобаларын ұсынбаған.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиhазымен және мемлекеттік органардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының және Алматы облысы әкімінің 2018 жылғы 04 сәуірдегі №36-ө н/қ өкімінің 2 қосымшасының талаптарына қайшы мекеменің теңгерімінде жалпы құны 4277,6 мың теңгені құрайтын, лимиттен тыс «Toyota Corolla» автокөлігі тіркелген.

9. «Қарасай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Мекемемен «Проект Аида» ЖШС-мен «Қарлығаш» шағын ауданында 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы» жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуге келісім-шарт бойынша 478,9 мың теңгеге жұмыстар қажетті мерзімнен 268 күнге кешіктіріп орындаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2017 жылдың 09 наурызындағы №9 келісім-шарттың 8 тармағының 8.3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші өнім берушіден өз міндеттемелерін толық орындамағаны үшін 128,4 мың теңге тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстамаған және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағы 3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талап-арызбен сотқа шағымданбаған.

Осыған ұқсас, «Проект Аида» ЖШС-мен «Алматы облысы, Қарасай ауданы Қаскелең қаласында «Қарлығаш» шағын ауданында 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы» жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуге келісім-шарт бойынша 330,4 мың теңгеге жұмыстар қажетті мерзімнен 56 күнге кешіктіріп орындаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2017 жылдың 13 қарашадағы №24 келісім-шарттың 8 тармағының 8.3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші өнім берушіден өз міндеттемелерін толық орындамағаны үшін 18,5 мың теңге тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстамаған және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағы 3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талап-арызбен сотқа шағымданбаған.

10. «Қарасай ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы берілген 2014 жылдың 28 қарашасындағы Салық кодексінің 67, 160, 161, 158-бабтарына қайшы 2018 жылы жалпы сомасы 216,7 мың теңге әлеуметтік салығы кем есептелініп салық декларациясында көрсетілмеген. Аудит барысында жоғарыда көрсетілген сомаларды қосымша декларациямен мемлекеттер кіріс басқармасына тапсырылды, Аталған сома жергілікті бюджетке төлеуге жатады.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 1-тармағы сақталмай, Қарасай ауданының «Елтай ауылдық округіндегі Исаев ауылындағы су құбырын жөндеу  жұмыстарының сметалық құжаттамасында қайтарылуға жататын сомасы 36,1 мың теңге, Таусамал ЖШС-н бюджетке қайтарылмағаны анықталды. Аталған сома аудит барысында  мердігерлер есебінен бюджет кірісіне қайтарылды.

11. «Қарасай ауданының Жамбыл ауылдық округі аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиhазымен және мемлекеттік органардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының және Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі «Қарасай ауданы әкімінің мемлекеттік органдарындағы қызметтік  автомобильдерінің тиесілік нормативі және техникалық қызметкерлер санының лимиті туралы» № 46-ө н/қ өкімінің 1 қосымшасының талаптарына қайшы мекеменің теңгерімінде жалпы құны 1950,0 мың теңгені құрайтын, лимиттен тыс «Лада 21214-197» автокөлігі тіркелген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» талаптарының 244-тармағы, және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010жылы № 281 бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының  бұйрығының» 16 тармағы басшылыққа алынбай, 8546,0 мың теңгеге салынған шағын футболдық алаңы мекеменің теңгеріміне қойылмаған. Аудит барысында шағын  футболдық алаңы бухгалтерлік есебіне алынды.

12. «Қарасай ауданының Жаңашамалған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиhазымен және мемлекеттік органардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының және Алматы облысы әкімінің 2018 жылғы 04 сәуірдегі №36-ө н/қ өкімінің 2 қосымшасының талаптарына қайшы мекеменің теңгерімінде жалпы құны 1580,0 мың теңгені құрайтын, лимиттен тыс «Lada 21214» автокөлігі тіркелген.

2. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу»  Ережесінің 116, 117,118-тармақтарының талаптарының сақталмауынан, мемлекеттік мекеменің 2018 жылдың 1 қаңтарының жағдайы бойынша өткен жылдардың қарызы ретінде бухгалтерлік баланстың 155,1 мың теңге қысқа мерзімді кредиторлық берешек көрсетілмеген.

13. «Қарасай ауданының Жандосов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1.  Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылдың 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының  4.2. тармағына қайшы 2018 жылдың  мамыр айында 140,7 мың теңге көлемінде негізсіз ақшалай сыйақы  төленген.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 қаулысына қайшы  37,0 мың теңге іс-сапар шығындары негізсіз артық төленген.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу ережесінің» талаптарына қайшы 18,0 мың теңге мекеменің 01.01.2017 ж. бухгалтерлік есепке кредиторлық қарыз ретінде көрсетілмеген.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылдың 11 желтоқсан айындағы № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алу  ережесін бекіту туралы» 419 тармақ талаптарына қайшы 2018 жылдың  желтоқсанын айында 3 келісім-шарты жасалынған.

5. 2017 жылдың 18 мамыр айындағы  №18 келісім- шарттың 8.3 тармағы бойынша жұмыстарды уақытында орындамағаны үшін «Таусамалы» ШЖҚ МКК жалпы сомасы 501,5 мың теңге құрайтын тұрақсыздық  айыппұлы өндірілмеген.

14. «Қарасай ауданының Бірінші май ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиhазымен және мемлекеттік органардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының және Алматы облысы әкімінің 2018 жылғы 04 сәуірдегі №36-ө н/қ өкімінің 2 қосымшасының талаптарына қайшы мекеменің теңгерімінде жалпы құны 1580,0 мың теңгені құрайтын, лимиттен тыс «Lada 21214» автокөлігі тіркелген.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» 2-бөлімі,9-тарауы, 244-тармағының талаптары және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылы № 281 бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының  бұйрығының» 16 тармағының талабы бұзылып, №2018 жылдың  наурыз айында жалпы құны 300,0 мың теңгеге сатып алынған тауарлар бухгалтерлік есепке  негізгі құралдар ретінде қойылмаған. Аталған бұзушылық мемелекеттік аудит барысында қалпына келтіріліп Мекеме кірісіне алынды.

15. «Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» (өзгертулер мен қосымшалармен) қаулысының қағидасының 2 тармағының талаптары орындалмай, 45,0 мың теңге негізсіз төленген. Аудит барысында бюджет есебіне қайтарылды.

16. «Қарасай ауданының Ұмтыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысымен бекітілген «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің 6-тармағының 2) тармақшасының талабына қайшы, негізссіз 32,5 мың теңге сыйақы төленген. Аудит барысында бюджет есебіне қайтарылды.

17. «Қарасай ауданының Шамалған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиhазымен және мемлекеттік органардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының және Алматы облысы әкімінің 2018 жылғы 04 сәуірдегі №36-ө н/қ өкімінің 2 қосымшасының талаптарына қайшы мекеменің теңгерімінде жалпы құны 1580,0 мың теңгені құрайтын, лимиттен тыс «Lada 21214» автокөлігі тіркелген.

2. Мекемемен «Қарасай Құрылыс Сәулет» ЖШС-мен, «Шамалған ауылдық округінің ғимаратын күрделі жөндеу» жобалық-сметалық құжаттамасына өзгертуге жасалған келісім-шарт бойынша 2000,0 мың теңгеге жұмыстар қажетті мерзімнен 16 күнге кешіктіріп орындаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2018 жылдың 08 ақпанындағы №16 келісім-шарттың 7.3 тармағының талаптарына қайшы тапсырыс беруші өнім берушіден өз міндеттемелерін толық орындамағаны үшін 32,0 мың теңге тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстамаған және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағы 3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы талап-арызбен сотқа шағымданбаған.

Келесі мемлекеттік аудит объектілерінен бұзушылықтар анықталмады:

  1. «Қарасай ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  2. «Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  3. «Қарасай ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  4. «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  5. Қарасай ауданының денешынықтыру және спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  6. «Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  7. «Қарасай ауданының Іргелі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі«Қарасай ауданының Қаскелең қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  8. «Қарасай ауданының Қаскелең қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

«Қарасай ауданының Әйтей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлік құжаттарын құқық қорғау органдарымен алып қойылуына байланысты мемлекеттік аудит тоқтатылды.

2.2.2      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің толықтығы мен сапасын жиынтық талдау:

Мемлекеттік аудитте пайдаланылған тиімділік және мәнділік көрсеткіші бойынша жалпы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі 34 782 354,5 мың теңгені құрап, анықталған бұзушылықтардың көлемі 206 906,3 мың теңгені құраған.

Оның ішінде: бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтары – 5705,8 мың теңге, активтерді пайдалану кезіндегі бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтары – 28 164,1 мың теңге, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау кезіндегі заңнама бұзушылықтары – 114 381,2 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы – 58655,2 мың теңге. Анықталған бұзушылықтардың қалпына келтіруге жататыны – 142 446,6 мың теңге және 5450,8 мың теңге өтелуге жатады. Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны – 35 бірлікті құрады.

III. Жиынтық бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар :

Мемлекеттік аудит барысында жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасынан 3 523,1 мың теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылды, соның ішінде:

- «Қарасай ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде – 36,1 мың теңге;

- «Қарасай ауданының  Шамалған  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде - 32,0 мың теңге;

- «Қарасай ауданының Ұмтыл ауылдық округінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде – 32,5  мың теңге;

- «Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде- 45,0  мың теңге;

- «Қарасай  аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде –   146,8 мың теңге;

- «Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік  мекемесінде – 1619,4  мың теңге;

- «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 1611,3 мың теңге.

Ал «Қарасай ауданының Бірінші май ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде - 300,0 мың теңгеге, «И.Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінде - 53,7 мың теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында 08.05.2019 ж. №02-17-969-1626 хатпен «Қарасай ауданының Жамбыл ауылдық округі аппараты», 08.05.2019 ж. №02-17-953-1634 хатпен «Қарасай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», 02.05.2019 ж. №02-17-914-1530 хатпен «Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі», 23.04.2019 ж. №02-17-914-1439 хатпен «Қарасай ауданының Жаңашамалған ауылдық округі әкімінің аппараты», 23.04.2019 ж. №02-17-907-1435 хатпен «И.Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернаты», 16.04.2019 ж. №02-13-599 хатпен «Қарасай ауданының «Бірінші май ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелері бойынша материалдар жіберілді.

Алматы облысының «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында «Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша материалдар 30.04.2019 ж. №45-45/1881/1636 хатпен және «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша материалдар 20.05.2019 ж. №02-13/841 хатпен жіберілді.

Мемлекеттік аудит шараларын жүргізу барысында «Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесімен «И.Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі А.Жумабековаға,  Қарасай ауданының Жаңашамалған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы Г.Сатыбалдиеваға, «Қарасай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің статисті М.Хусайноваға, «Қарасай ауданының Жамбыл ауылдық округі аппараты» мемлекеттік мекемесінің және «Қарасай ауданының «Бірінші май ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелердің жауапты мамандарына  Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 бөлігі 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды. «Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы А. Ашимбайға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 10 тармағына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды. «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ақпаратына сәйкес, «Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша материалдар Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жолданған.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Жалпы алғанда ауданның әр саладағы мемлекеттің саясатын жүзеге асыруға берілген қаражаттардың басым бөліктері тиімді өз мақсаттарына жұмсалғанына қарамастан, жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижесінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнама талаптарының сақталмай осы арқылы бюджет қаражатының негізсіз шығындалуы және тиімсіз пайдаланылуы орын алғандығына көз жеткізілді.

Атап айтқанда жол берген бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» №242 Заңының талаптары;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" №1127 қаулысының талаптары;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйегіндегі №1428 «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегендегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» қаулысының талаптары;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының талаптары;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке  алуды жүргізу  қағидаларының» талаптары толық сақталмағандығы байқалады.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

1. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға және мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына жүргізілген аудиторлық ісшара қорытындысы бойынша Қарасай ауданында жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесін қарау.

2. Қарасай ауданы Әкімі келесіге назар аударсын:

- жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын пайдаланғанда Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақталуына және осы аудиторлық іс-шара барысында анықталған бұзушылықтарды келешекте болдырмауына.

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке  алуды жүргізу  қағидаларының» сақталуына.

3. Қарасай ауданының Әкімі келесі шараларды қабылдасын:

- «Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 791,3 мың теңге;

«Қарасай ауданының Жандосов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 501,5 мың теңге бюджет есебіне аударылуы қамтамасыз етілсін.

Аудан бойынша барлығы 1292,8 мың теңге бюджет есебіне аударылуы қамтамасыз етілсін.

 

- «Қарасай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 105 308,4 мың теңге;

«Қарасай ауданының Жандосов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ;

«Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 14 817,0 мың теңге;

«Қарасай ауданының жер қатынастар бөлімі»  мемлекеттік мекемесінде 1179,5 мың теңге;

«И.Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінде 1200,0 мың теңге;

«Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 4532,6 мың теңге;

«Қарасай ауданының Жамбыл ауылдық округі аппараты» мемлекеттік мекемесі 10496,0 мың теңге;

«Қарасай ауданының Жаңашамалған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 1735,1 ;

«Қарасай ауданының Бірінші май ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 1580,0 мың теңге;

«Қарасай ауданының Шамалған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 1580,0 мың теңге қалпына келтірілуі қамтамасыз етілсін. Аудан бойынша барлығы 142446,6 мың теңге қалпына келтірілуі қамтамасыз етілсін.

- Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтарына жол берген лауазымды тұлғалардың  тәртіптік жауапкершілігі қаралсын.

3.4. Қосымша: Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (№1, 2, 3 үлгі) 17 парақта

Тексеру комиссиясының мүшесі                              Қ. Манамұратов

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ