Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Қарасай ауданы қорытынды
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 28.03.2019 | |
Просмотры: 1370 | Печать страницы |
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджетті жоспарлаудың және атқарылуын бағалау Алматы облысы Қарасай ауданында жүргізілген аудиторлық іс-шара бойынша |
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ |
|
«Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ |
|
|
|
|
Алматы облысы бойынша
тексеру комиссиясының
Төрағасы
М.Мұсаевқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлік
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджетті жоспарлаудың және атқарылуын бағалау.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондайақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға және мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына аудит жүргізу
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:
1. «Қарасай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
2. «Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып):
Топ жетекшісі бөлім басшысы - мемлекеттік аудитор Базарбаев ДидарТемірғалиұлы (№0301), бас маман - мемлекеттік аудитор: Абеубакиров Өркен Дүйсембекұлы (№0197).
1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың желтоқсанын қоса алғандағы кезең.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік:
2.1. «Қарасай ауданының қаржы бөлімі» және «Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне бөлінген бюджет қаражатының атқарылуына талдау жасау:
Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде «Қарасай ауданының қаржы бөлімі» және «Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне (Бұдан әрі - Мекемелер) бюджет есебінен жергілікті деңгейде аудан көлемінде мемлекет саясатын іске асыруға жалпы сомасы 777 954,6 мың теңге. Осы көрсетілген қаражаттың ішінде тексерілетін жылдар бөлінісінде: 2017 жылы – 471 421,0 мың теңге, 2018 жылы – 306 533,6 мың теңге мемлекеттік аудитпен қамтылды.
Мемлекеттік аудит барысында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бюджет қаражатын пайдаланғанда, бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақтамағандықтан орын алған.
Мемлекеттік аудитте пайдаланылған көрсеткіш мәнділік бойынша жалпы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың көлемінен анықталған бұзушылықтардың көлемінің төмендігін ескерсек, Мекемелер жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізуге бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланған деген тұжырымға келуге болады.
2.2. Алматы облысы Қарасай ауданында жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:
Осы мемлекеттік аудитпен барлығы 2 мемлекеттік аудит объектісі қамтылып, жалпы сомасы 777 954,6 мың теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылды.
Аудиторлық іс-шара республикалық және жергілікті бюджет есебінен бөлінеген қаражаттың жұмсалуы, осы қаражатты жұмсау кезінде мемлекеттік аудит объектісінің келесі көрсеткіштерге сай қызмет атқаруы, тиімділік және мәнділік мемлекеттік аудит объектісі қаржылық және шаруашылық операцияларын жасауы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің талаптарынан ауытқу, сондай-ақ ең жоғары жол берілетін мөлшері мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, қабылданатын шешімдерге ықпал ететін өзге де қателер.
Мекемелерде аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 777 954,6 мың теңге қаражат қамтылып, 81,6 мың теңгеге қаржылық, 6 рәсімдік бұзушылықтар және 400 000,0 мың теңге көлемінде қаражат тиімсіз жоспарланғаны анықталды.
2.2.1. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен Мекемелерге бөлінген бюджет қаражаттарының аудит көрсеткіштеріне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнама нормаларының талаптарына сәйкес игерілуі:
1. «Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Аудиторлық іс-шара жүргізу барысында 2017 жылдың қаржылық есептілігінің жасалуы мен тапсырылуының анықтылығы заңдылықтарын сақтауда мемлекеттік мекеме тарапынан – 81603,72 теңгенің дебиторлық қарызы («Қазақтелеком» АҚ-ның «Алматы телеком» филиалы) мекеменің 2018 жылдың 1 қаңтарының жағдайы бойынша өткен жылдардың қарызы ретінде бухгалтерлік баланстың 019 жолында «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» ретінде және №8 Қосымшасында «Дебиторлық берешек туралы есеп» көрсетілмегені анықталды. Мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілікке жауапты тұлғасы сектор меңгерушісі Қ.Молдабекованың тарапынан 2017 жылдың дебиторлық берешегі көрсетілмей бұрмаланған қаржылық есептілік жасалып отыр, бұл өз кезегінде «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 114, 115,118-тармақтарының талаптары бұзылған.
Қарасай ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджетін бекіту барысында 2018 жылға «Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы аудандық әкімдік ғимаратын реконструкциялау және жапсаржай салу» жұмыс жобасы бойынша 400000,0 мың теңге қарастырылып бюджеттік бағдарлама әкімшісі Қарасай ауданының құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесінің 005000431 бағдарламасына отырғызылып Қарасай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №22-3 шешімімен бекітілген. Алайда осы бөлінген қаражат аталған жұмыс жобасының қымбаттығына байланысты игерілместен Қарасай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпандағы №25-3 шешімі негізінде азайтылып жоғары тұрған бюджет (облыстық бюджет) кірісіне қайтарылып берілді. Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 4-бап 6- тармағының талабы «нәтижелілік қағидаты» және 12- тармағының талабы «тиімділік қағидаты» бұзылып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» № 931 Жарлығына сәйкес Қарасай ауданының 2016-2020 жылдарға арналған өңірлерді дамыту бағдарламасының 2018 жылда орындауға 85 нысаналы индикаторлар жоспарланып, 15-не қол жеткізілмеген.
Келесі мемлекеттік аудит объектілерінен бұзушылықтар анықталмады:
1. «Қарасай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
2.2.2 Мемлекеттік қызметтер көрсетудің толықтығы мен сапанын жиынтық талдау:
Мемлекеттік аудитте пайдаланылған тиімділік және мәнділік көрсеткіші бойынша жалпы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі 777 954,6 мың теңгені құрап, анықталған қаржылық бұзушылықтардың көлемі 81,6 мың теңгені, 6 рәсімдік бұзушылықтарды және тиімсіз жоспарланған қаражат 400 000,0 мың теңгені құраған.
I I I. Жиынтық бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар :
Мемлекеттік аудит барысында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында 05.03.2019 ж. №02-13/336 хатпен «Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша материалдар жіберілді.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:
Жалпы алғанда ауданның әр саладағы мемлекеттің саясатын жүзеге асыруға берілген қаражаттардың басым бөліктері тиімді өз мақсаттарына жұмсалғанына көз жеткізілді.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:
1. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджеттің жоспарлауын және атқарылуын, аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылу мәселесі бойынша тиімділігін бағалау бойынша Мекемелерде жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесін қарау.
2. Қарасай ауданының Әкімі келесіге назар аударсын:
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» сақталуына.
3. Қарасай ауданының Әкімі келесі шараларды қабылдасын:
- жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын пайдаланғанда Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақталуына және осы аудиторлық іс-шара барысында анықталған бұзушылықтарды келешекте болдырмауын қадағаласын.
- Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (№1, 2, 3 үлгі) 8 парақта
Тексеру комиссиясының мүшесі Қ. Манамұратов