Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Алакөл ауданы қорытынды

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 06.06.2019
Просмотры: 1383 Печать страницы

 

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы______________________ М. Мұсаев

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

1.Кіріспе бөлік

Аудиторлық іс-шараның атауы:

 Жергілікті бюджет қаражатының Қазақстан Республикасының бюджеттік  заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы.

Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Жергілікті бюджет қаражатының, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға және мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына аудит жүргізу.

 Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Алакөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2. «Алакөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;

3. «Алакөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4. «Алакөл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5. «Алакөл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6. «Алакөл ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7. «Алакөл аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

8. «Алакөл аудандық  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

9. «Алакөл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

10. «Алакөл аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

11. «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

12. «Алакөл ауданының Ынталы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

13. «Алакөл ауданының Жағатал ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

14. «Алакөл ауданының Арқарлы ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі;

15. «Алакөл ауданының Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

16. «Алакөл ауданының Қызылашы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

17. «Алакөл ауданының Тоқжайлау ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

18. «Алакөл ауданы Жайпақ ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

19. «Алакөл ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

20. «Алакөл ауданы Қайнар ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі;

21. «Алакөл ауданының Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

22. «Алакөл ауданының Лепсі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

23. «Алакөл ауданының Екпінді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

24. «Алакөл ауданының Актүбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

25. «Алакөл ауданының Үшбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

26. «Алакөл ауданының Теректі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

27. «Алакөл ауданының Жыланды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

28. «Алакөл ауданының Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

29. «Алакөл ауданының Қабанбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

30. «Алакөл ауданының Сапақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

31. «Алакөл ауданының Көлбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

32. «Алакөл ауданының Үшарал қалалық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме;

33. «Алакөл ауданының Ырғайты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

34. «Алакөл ауданының Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

35. «Алакөл ауданының Жанама ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

 

36. «Алакөл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

37. «Алакөл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алакөл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

38. «Алакөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Алакөл ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып):

Топ жетекшісі - бөлім басшысы- мемлекеттік аудитор Қалқаев Нұрғанат Көшербайұлы (№1192), бөлім басшысы – мемлекеттік аудитор Есенаманов Қуаныш Бекмұратұлы (№0194), бас маман - мемлекеттік аудиторлар: Шағжанов Жасқайрат Іңкарұлы (1354), Әлімханов Дінмұхамет Әлімханұлы (№0198), Пирмаков  Нұрман  Шаметұлы (0887), Елубаева Салтанат Сламғалиқызы (0303), Үсенбаев Жарқынбек Орынбасарұлы (1193), Шиғамбаева  Сәуле  Сағындыққызы (№1355), Мусина Динара Жүрсінғалиқызы  (№0313), Молдашев Қуат Жұмаділұлы (1274), Өтегенов Ермек Қазыбекұлы (0321), Тұрсынбаев Саят Есболғанұлы (№0320), Қалдарбекова Гульвира Қуандыққызы (№0306), Жұмашев Бөкейхан Қанабекұлы (№1395), Бектенова Шынар Аскенқызы (№1163),  Муджаев Сәрсен Абдолдаұлы  (№0312), Қазақбеков Ғабит Зәкіржанұлы (1350), Искакова Гүлжанат Тәңірбергенқызы (0305), Нұрғалық Нұрлан  (0316), Нұрханов Жұмахан Мұханұлы  (1351), жетекші маман - мемлекеттік аудитор ассистенті Рысхан Батыр Мұхитұлы.       

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:

  2017 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың  желтоқсанын қоса алған кезең.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Алматы облысы Алакөл ауданына бөлінген бюджет қаражатының атқарылуына талдау жасау:

Мемлекеттік аудитпен кезеңде Алакөл ауданында бюджет есебінен жергілікті деңгейде аудан көлеміндегі барлық аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері арқылы жергілікті деңгейде мемлекет саясатын іске асыруға 2017 жылы – 7 967 392,3 мың теңге, 2018 жылы – 10 577 090,4 мың теңге, жалпы 18 544 482,7 мың теңге бөлініп, игерілген. Осы көрсетілген қаражаттың нақты аудитпен қамтылғаны 18 544 482,7  мың теңге, оның ішінде тексерілетін жылдар бөлінісінде: 2017 жылы – 7 967 392,3 мың теңге, 2018 жылы – 10 577 090,4 мың теңге немесе жалпы ауданның шығыстарына қарастырылған қаражаттың 100 % мемлекеттік аудитпен қамтылды.

Мемлекеттік аудит барысында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бюджет қаражатын пайдаланғанда бұзушылықтардың барлығы Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларын тікелей сақтамағандықтан орын алған, олардың басым бөлігі еңбек ақы, сыйақы, мемлекеттік мекемелер бекітілген лимиттер және іс-сапар шығындары, мемлекеттік сатып алу заңнамалары бойынша.

Мемлекеттік аудитте пайдаланылған көрсеткіш МӘНДІЛІК бойынша жалпы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың көлемінен анықталған бұзушылықтардың  көлемі 7,3% құрағанын ескерсек ауданға жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізуге бөлінген қаражат қанағатанарлық деңгейде пайдаланылған деген тұжырымға келуге болады.

2.2. Алматы облысы Алакөл  ауданына жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

Мемлекеттік аудитпен 2017 жылдың қаңтарынан бастап, 2018 жылдың  желтоқсанын қоса алған кезеңге 2019 жылдың 23 сәуірінен 08 мамыр аралығында тексеру комиссиясының тапсырмалары бойынша 38 мемлекеттік мекемелер мемлекеттік аудитпен қамтылды.

Алакөль ауданының мемлекеттік мекемелерінде аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 18 544 482,7 мың теңге мың теңге қаражат қамтылып, 1 354 624,7 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптары бұзылғаны анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 1 353 124,7 мың теңге (5980,8 мың теңгесі өтелуге (мемлекеттік аудит барысында өтелгені 703,8 мың теңге), 1347 143,9 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады), тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 1500,0 мың теңге.

Осылармен қатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны – 6 бірлікті құрады.

Оның ішінде жеке мекемелер бөлінісінде:

1. «Алакөл  ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Мекеменің теңгерімінде «Toyota Land Cruiser 200» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі 222VV05, 2010 жылы шығарылған, «Kia» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі 020VV05, 2012 жылы шығарылған, «Skoda Superb B6» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі 232VV05, 2013 жылы шығарылған,  «Skoda Superb B6» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі 242VV05, 2013 жылы шығарылған, «Kia» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі 203VV05, 2012 жылы шығарылған, «Kia» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі 252VV05, 2011 жылы шығарылған  (алты) қызметтік автокөлік және  «Kia Optima» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі 079 VV 05, 2014 жылы шығарылған кезекші автокөлік бар.

Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиhазымен және мемлекеттік органардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының және Алматы облысы әкімінің 2018 жылғы 04 сәуірдегі №36-ө н/қ өкімінің 2 қосымшасына сәйкес бекітілген  лимит бойынша мекемеде 4 дана қызметтік автокөлік және 1 дана кезекші автокөлік болуы тиіс,  алайда мемлекеттік аудит жүргізу барысында мекеменің 2019 жылдың 1 қаңтарына ұзақ мерзімді активтердің түгендеу  тізіміне сәйкес  мекеменің теңгерімінде 6 қызметтік және 1 кезекші автокөлік тіркелгені анықталды. Белгіленген лимиттен артық қызметтік автокөліктің саны 2 бірлікті құрайды.  

2. «Алакөл  ауданының Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 қаулысы және оған кейінгі енгізілген толықтырулар мен өзгертулері талаптары бұзылып, 2018 жылдың 14 мамырында мекеменің бас маманы А.Садвакасовқа 7000 теңге, 2018 жылдың  30 шілдесінде  мекеменің бас маманы Б.Бигазиноваға 7000 теңге, 2018 жылдың 12  және 26 қарашасында мекеменің әкімі К.Кайранбековке 5000 теңге және 14500 теңге, барлығы 33500 теңге іссапар шығындарының  пәтер ақысы негізсіз артық аударылып төленген.

Аудит барысында негізсіз артық төленген іссапар шығындары 33,5 мың теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

3. «Алакөл ауданының Жайпақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» (өзгертулер мен қосымшалармен) қаулының 9 тармағының 6 тармақшаларының талаптары орындалмай, 2017 жылы  02 қарашадағы №7 өкімі негізінде Ж. Жиенбаевқа аванстық есебі бойынша жол шығынының растайтын құжаты тіркелмей 15400 теңге іссапар шығындары негізсіз төленген. Сонымен қатар, жоғарыда аталған қаулының 9 тармағының 2 тармақшаларының талаптары орындалмай, 2018 жылы  01 ақпандағы №1 жқ өкімі негізінде Ж. Жиенбаевқа аванстық есебі бойынша пәтер ақысын растайтын құжат болмағанына қарамастан 7595 теңге негізсіз төленген.

Аудит барысында негізсіз артық төленген іссапар шығындары 23,0 теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

4. «Алакөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

 «Сұйық отын, жанар жағар май сатып алу» ерекшелігі бойынша 2018 жылдың 19 сәуірінде «Алакөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен жеке кәсіпкер «Алакөл Каримов Д.Е.» арасында Сұйық отын, жанар жағар май сатып алуға 248606,9 мың теңгеге №190 келісім шарт жасасқан. Келісім шартыттың 1 қосымшасына сай тауарды жеткізу мерзімі 2017 жылдың мамыр айы болып айқындалған.

       Алайда, жеке кәсіпкер «Алакөл Каримов Д.Е.» негізгі келісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерінің 8607,1 мың теңгесін құрайтын дизель отынын 22 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны анықталды. Бұл ретте негізгі келісім шарттың 7.3 тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне келісім шарттың орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан (31.05.2018 - 22.06.2018 жыл 8 607 125 теңге*0,1%*22 =189 357 теңге.) 0,1% тұрақсыздық айыпұл немесе 189,3 мың теңге аудит барысында жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.   

 «Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу» ерекшелігі бойынша «Алакөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Демеу» Мүгедектер қоғамдық бірлестігі арасында 375,0 мың теңгеге құжаттар салатын шкафтар сатып алуға №311 келісім шарт жасасқан. Келісім шартыттың 1 қосымшасына сай тауарды жеткізу мерзімі 2017 жылдың 31 тамызы болып айқындалған. 2017 жылдың 28 қыркүйегіндегі №128 шот фактурасымен қабылданып алынған.

         Алайда, «Демеу» Мүгедектер қоғамдық бірлестігі келісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін 28 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны анықталды. Бұл ретте негізгі келісім шарттың 7.3 тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне келісім шарттың жалпы сомасынан (31.08.2017 - 28.09.2017 жыл 375000 теңге*0,1%*28 =10500 теңге.) 0,1% тұрақсыздық айыпұл немесе 10,5 мың теңге аудит барысында жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

2017 жылдың 28 маусымында «Үшарал – көркейту» ЖШС-мен Алматы облысы Алакөл ауданы Қарабұлақ ауылындағы «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Қарабұлақ орта мектебінің» ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 388607,0 мың теңгеге №241 келісім шарт жасалған. Келісім шартыттың 1 қосымшасына сай жұмыстарды аяқтау мерзімі 2017 жылдың қыркүйек айы болып айқындалған.

2017 жылғы 25 қыркүйегіндегі қабылдау актісімен жұмыстар аяқталып қабылданып алынған.

Алайда, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдесінгеді №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңының 60 – бабы  1 – тармағының талаптары және Қазақстан Республикасының 8.02–09–2002 жылғы құрылыс нормаларының жиынтығының 3 бабы 3.4 тармағының талаптары және Қазақстан Республикасының 8.02–09–2011 жылғы құрылыс нормаларының жиынтығының 4 бабы 4.3 тармағының талаптары сақталмай, мердігер «Үшарал – көркейту» ЖШС–нен жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардың 15 пайызын құрайтын 633,4 мың теңге сомасы жергілікті бюджет есебіне қайтарылмаған, аудит қорытындысымен осы сома жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

Сол сияқты, 2018 жылдың 12 маусымында «Үшарал – көркейту» ЖШС-мен Алматы облысы Алакөл ауданы Көктұма ауылындағы «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Көктұма орта мектебінің» ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 321583,9 мың теңгеге №269 келісім шарт жасалған. Келісім шартыттың 1 қосымшасына сай жұмыстарды аяқтау мерзімі 2018 жылдың тамыз айы болып айқындалған.

2018 жылғы 31 тамызындағы қабылдау актісімен жұмыстар аяқталып қабылданып алынған.

Алайда, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдесінгеді №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңының 60 – бабы  1 – тармағының талаптары және Қазақстан Республикасының 8.02–09–2002 жылғы құрылыс нормаларының жиынтығының 3 бабы 3.4 тармағының талаптары және Қазақстан Республикасының 8.02–09–2011 жылғы құрылыс нормаларының жиынтығының 4 бабы 4.3 тармағының талаптары сақталмай, мердігер «Үшарал – көркейту» ЖШС–нен жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардың 15 пайызын құрайтын 367,3 мың теңге сомасы жергілікті бюджет есебіне қайтарылмаған, аудит қорытындысымен осы сома жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

2018 жылдың 12 маусымында «Үшарал–көркейту» ЖШС-мен Алматы облысы Алакөл ауданы Ақтүбек ауылындағы «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ақтүбек орта мектебінің» ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 541695,6 мың теңгеге №270 келісім шарт жасалған. Келісім шартыттың 1 қосымшасына сай жұмыстарды аяқтау мерзімі 2018 жылдың тамыз айы болып айқындалған.

2018 жылғы 31 тамызындағы қабылдау актісімен жұмыстар аяқталып қабылданып алынған.

Алайда, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдесінгеді №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңының 60–бабы 1–тармағының талаптары және Қазақстан Республикасының 8.02–09–2002 жылғы құрылыс нормаларының жиынтығының 3 бабы 3.4 тармағының талаптары және Қазақстан Республикасының 8.02–09–2011 жылғы құрылыс нормаларының жиынтығының 4 бабы 4.3 тармағының талаптары сақталмай, мердігер «Үшарал–көркейту» ЖШС–нен жобалау-сметалық құжаттамалармен қарастырылған уақытша салынған ғимараттар мен қондырғылардың 15 пайызын құрайтын 851,4 мың теңге сомасы жергілікті бюджет есебіне қайтарылмаған, аудит қорытындысымен осы сома жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

     5. «Алакөл ауданының Үшарал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 22.09.2000 жылғы №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» қаулысының 12-тармағы және 9-тармағы 1-2-тармақшаларының талаптары бұзылған, атап айтқанда:

               Мекеменің 31.07.2017 жылғы №20 өкімі негізінде 31 шілде күні мекеме басшысы М.Сайдильдинов Талдықорған қаласына 1 күнге іс-сапарға жіберілген. Алайда, оған тәулік ақы 4538 теңгеге және пәтер ақы шығындары 2269 теңгеге 1 күнге артық төленген, барлығы негізсіз артық төленген 6807 теңге;

               Мекеменің 23.11.2017 жылғы №28 өкімі негізінде 2017 жылдың 23-24 қарашасында 2 күнге жетекші маман есепші А.А.Касетова Талдықорған қаласында іссапарға жіберіліп, 5000 теңгеге пәтер ақы шығындары негізсіз артық төленген;

               Мекеменің 14.05.2018 жылғы №16 өкімі негізінде 2018 жылдың 14-18 мамырында 5 күнге жетекші маман есепші А.А.Касетова Талдықорған қаласында іссапарға жіберіліп, 10000 теңгеге пәтер ақы шығындары негізсіз артық төленген;

               Мекеменің 2018 жылдың 09-13 сәуірінде 5 күнге жетекші маман есепші А.А.Касетова Талдықорған қаласында іссапарға жіберіліп 7500 теңгеге пәтер ақы шығындары негізсіз артық төленген.

               Аудит барысында негізсіз артық төленген барлығы 29,3 мың теңге іссапар шығындары жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

6. «Алакөл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алакөл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

               Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 22.09.2000 жылғы №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» қаулысының 12-тармағы және 9-тармағы 1-2-тармақшаларының талаптары бұзылып, Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 01 қарашадағы №36-3-36/2131 хатына сәйкес мекеменің 05.11.2018 жылғы №63 бұйрығы негізінде және «Алакөл ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың 05 қарашадағы №653-Ө бұйрығына сәйкес 17-25 қарашасы аралығында жаттықтырушы Л.Ложников пен оқушы Д.Тұяқбай Павлодар облысының Ақсу қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өтетін республикалық жарысқа 9 күнге іс-сапарға жіберілген. Соның ішінде 7 күнге тамақтануға күніне әр адамға бекітілген норматив бойынша 1086 тенге қаралған, алайда нақты 8 күнге төленген. Соның салдарынан екі адамға 2162 теңге артық төленген.

                Сол сияқты, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 22.09.2000 жылғы №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» қаулысының 12-тармағы және 9-тармағы 1-2-тармақшаларының талаптары бұзылып, мекеменің 06.12.2018 жылғы №68 бұйрығы негізінде 2018 жылдың 06-09 желтоқсанында 4 күнге жаттықтырушы Д.Какенов Талдықорған қаласында самбо күресінен ересектер арасында өтетін Қазақстан Республикасының чемпианатында күш сынасуға іссапарға жіберілген. Осы аталған жаттықтырушыға мекеменің қаржыландыру жоспарында қаралмасада бюджет қаражаты есебінен 20 944 теңгеге іссапар шығындары негізсіз өтелген. Оның ішінде: тәулік ақысы бұйрықпен қарастырылған 4 күнге 4344 теңге, 3 күнге пәтер ақысы 12 000 теңге және 4600 теңге жол ақысы негізсіз төленген. Аудит барысында 20,9 мың теңге негізсіз артық төленген іссапар шығындары жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

    7. «Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі:

Азаматтық қызметкерлердің айлық еңбекақыларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 2 тармақтың 2 тармақшысының және 2 қосымшаның талабы бұзылып, 2018 жылы Г.М. Алпысбаеваның жұмыс өтілі дұрыс есептелмей 49584 тенге артық төленген, яғни тарификациялық тізімі бойынша 20 жыл 9 ай еңбек өтелімімен айлық жалақысы 86361 тенге бекітілген, бірақта еңбек кітапшасындағы жазбаларға сәйкес еңбек өтілі 18 жыл 6 ай, яғни 82229 тенге боп бекітілуге тиіс болған                Аудит барысында негізсіз артық төленген 49,6 мың теңге еңбекақы жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

8. «Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

   ҚР Үкіметінің «ҚР аумағында іссапар ережесін бекіту туралы» 2000 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1428 (кейінгі толықтырулар мен өзгертулер енгізілген) қаулысының 9-тармағының 1-2 тармақшасының талаптары сақталмай, негізсіз артық төленген іссапар шығындары барлығы 40,8 мың теңгені құрады, атап айтқанда: мекеменің 19.10.2017 жылғы №36 бұйрығына сәйкес бөлім басшысының орынбасары Р.Асқарбекова 2017-жылдың 19-20 қазанынаТалғар қаласына 2 тәулікке қызметтік іссапарға жіберілген, аванстық есеп өткізуде 2 тәуліктің орнына 3 тәулікке тәулік ақы төленіп кеткен және 2-тәулікке пәтерақы төленген сомасы 24152 теңге, төленуге тиістісі 17345 теңге, 1 тәулікке негізсіз артық төленген іссапар шығындары 6807 теңгені құрады; мекеменің10.07.2017 жылғы №16 бұйрығына сәйкес бөлімнің маманы Г.Сагимбаева 2017-жылдың 10 шілдесінен 14 шілдесіне дейін Астана қаласына 4 тәулікке қызметтік іссапарға жіберілген, аванстық есеп өткізуде 4 тәуліктің орнына 5 тәулікке тәулік ақы төленіп кеткен, төленген сомасы 41228 теңге, төленуге тиістісі 36690 теңге, 1тәулікке негізсіз артық төленген іссапар шығындары 4538 теңгені құрады; мекеменің22.08.2017 жылғы №27-ж бұйрығына сәйкес бөлімнің сектор меңгерушісі Д.Саметова 2018-жылдың 22 тамызынан 26 тамызыаралығына Астанақаласына 5 тәулікке қызметтік іссапарға жіберілген, аванстық есеп өткізуде 5 тәуліктің орнына 6 тәулікке тәулік ақы төленіп кеткен, төленген сомасы 74874 теңге, төленуге тиістісі 70336 теңге, 1 тәулікке негізсіз артық төленген іссапар шығындары 4538-теңгені құрады; мекеменің 26.09.2017 жылғы №32-ж бұйрығына сәйкес бөлімнің әлеуметтік көмек бөлімшесі меңгерушісі Ж.Сатыбалдина 2018-жылдың 27 қыркүйегінен 28 қыркүйегі аралығына Талдықорған қаласына 2 тәулікке қызметтік іссапарға жіберілген, аванстық есеп өткізуде 2 тәуліктің орнына 3 тәулікке тәулік ақы төленіп кеткен, төленген сомасы 25214 теңге, төленуге тиістісі 20676 теңге, 1 тәулікке негізсіз артық төленген іссапар шығындары 4538 теңгені құрады; мекеменің 30.07.2018 жылғы №32-ж бұйрығына сәйкес бөлімнің бас маманы М.Омарова 2018-жылдың30 шілдесінен 17 тамызы аралығына Талдықорғанқаласына 19 тәулікке қызметтік іссапарға жіберілген, аванстық есеп өткізуде 19 тәуліктің орнына 20 тәулікке тәулік ақы төленіп кеткен сомасы 4810 теңге және бір тәулікке 6000 теңге қонақүй ақысы артық төленіп кеткен, жалпы төленген сомасы 214500 теңге, төленуге тиістісі 203690 теңге, 1 тәулікке негізсіз артық төленген іссапар шығындары 10810 теңгені құрады; мекеменің12.02.2018 жылғы №9-ж бұйрығына сәйкес бөлімнің бас маманы Г.Нұмұхамбетова 2018-жылдың 12 ақпанынан 16 ақпаныаралығына Талдықорғанқаласына 5 тәулікке қызметтік іссапарға жіберілген, аванстық есеп өткізуде 5 тәуліктің орнына 7 тәулікке тәулік ақы төленіп кеткен, төленген сомасы 61470 теңге, төленуге тиістісі 51850 теңге, 2 тәулікке негізсіз артық төленген іссапар шығындары 9620 теңгені құрады.

Негізсіз артық төленген іссапар шығындары  40,8 мың теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

     9. «Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлім» мемлекеттік мекемесі:

 «Ұшарал қаласының орталық саябақты күрделу жөндеу» жұмыстарын жүргізу ретінде «Алакөл жылу» ШЖҚ МКК-мен жалпы сомасы 82442,0 мың теңгені құратын 29.03.2017 ж. №10 келісім-шартқа 13.02.2018 жылы № 1қосымша келісім  жасалған. 2018 жылы аталған нысана бойынша 82442,0 мың теңге жұмыстар атқарылып қаражат толығымен игерілді.

Нысананы қабылдау комиссиясының құрылысы біткен объектіні пайдалануға қабылдау туралы 27.08.2018 жылғы актісімен қабылданған.

ҚР ИДМ ҚТКШК 19.12.2014ж. №136-НҚ бұйрығы «Уақытша  ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған шығындардың сметалық нормалары жинағы» бойынша «Алакөл жылу» ШЖҚ МКК уақытша салынған ғимараттардың жалпы құнының 15% бюджетке  сомасы 489,6 мың теңге қаражатты жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

«Ақши ауылындағы Алакөл көлінің жағалауын жайластыру» жұмыстарын жүргізу ретінде «Ұшарал көркейту» ЖШС-мен жалпы сомасы 6409,0 мың теңгені құратын  1.07.2017 жылғы №35 келісім-шарты жасалған, жұмыстарды орындау мерзімі – шілде айы.   

2017 жылы аталған нысана бойынша 3205,0 мың теңгеге  жұмыстар атқарылып қаражат толенген, орындалмаған міндеттемелердің сомасы 3204,0 мың теңге.

Алайда, қалған 3204,0 мың теңгеге жұмыстар атқарылған жұмыстар актісі бойынша дәлелденбеді, яғни  орындалмаған.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 24 тармағы және 2017 жылдың 01 шілдедегі №35 келісім-шартың 8 тармағының 3 тармақшасының талаптарына қайшы тапсырыс беруші өнім берушіден өз міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы соммасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстамаған (өндіріп алмаған).

Келісім-шарт бойынша жалпы тұрақсыздық айыппұлдың көлемі 640,9 мың теңгені (он пайыз келісім шарт сомасынан) құрайды, аталған сома жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

Мекемемен және «Қарасай құрылыс» ШЖС-мен  «Алматы облысы Алакөл  ауданы Жайпақ ауылындағы  сумен жабдықтауды қайта жаңарту»  жөндеуге 13.11.2015 ж. №76 келісім шартына сомасы 6109,0 мың теңгеге 7.04.2017 жылы №3 келісім шарты жасалған. Жұмыстар акт бойынша уақытылы орындалып, орындалған жұмыстардың актілері негізінде мердігердің атына 6109,0 мың теңге аударылған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» № талаптарына қайшы 2017 жылдың сәуір айында жұмысты орындау 13.11.2015 ж.  №76 шартқа №3 косымша келісімге сәйкес  формалды сипатқа ие, өйткені қабылдау комиссиясының 30.09.2016 жылы актісіне сәйкес нысана пайдалануға қабылданған. Яғни, мекеме қызметкерлері 2017 жылдың 1 қантарына  бухгалтерлік баланс  жасау кезінде  сомасы 6109,0 мың теңге кредиторлық берешекті көрсетпеген және оны өтеу үшін қолдану мерзімі өтіп кеткен келісім шартқа  косымша келісім жасаған.

 «Алакөл ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен қабылдап-алу актісіне сәйкес өтеусіз сенімгерлік басқаруға арнайы техникалар берілген, оның ішінде:

- 24 бірлік техниканы 1 жылға «Алакөл Тазалык» ШЖҚ МКК (шарт 02.07.2018 ж);

- 4 бірлік техниканы 3 жылға «Авиакомпания Жетысу» АҚ (шарт 02.07.2018 ж).

 «Алакөл ауданының  тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Алакөл Тазалык»- ЖШС-мен және «Авиакомпания Жетысу» АҚ-мен жасалынған келісім шарттар жасасқан, олар бойынша техникаларды сенімді басқаруға беру «Мемлектік мүлік туралы» 2011 жылғы 01 наурыздағы №413-IV ҚР Заңының 8 бабының 2 тармағына және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 15 қантардағы №17 «Мемлектік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» бұйрығының 1 бабының 2 тармағының 5 тармақшасына қайшы келеді. Себебі техникаларды сенімді басқаруға беру «Алакөл ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына жатпайды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қабылдау комиссиясының объектіні пайдалануға қабылдау туралы актілеріне сәйкес жалпы теңгерімдік құнына 4 объект қабылданған

- «Қарлығаш ауылындағысумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту»163540,653 мың теңге сомасында,

  • ауылындағы  сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту»    265872,643 мың теңге сомасында,
  •  
  • объектілер  пайдалануға қабылдау актісіне сәйкес пайдалануға тапсырылып, алайда пайдаланушы ұйымның (бөлімнің) балансына уақытында берілмеген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» 9 бөлімінің  272 тармағы № талаптарына қайшы 2017-218 жылдары құрылысы аяқталған және пайдалануға берілген объектілерінің қабылдау актілері негізінде оларға кеткен шығындар толық сомада, яғни құрылыс мақсатында жұмсалған сметалық құны 880 178,4 мың теңге  шығындары уақытында есепке алынбаған.

Ұшарал қаласындағы «орталық саябақты күрделі жөндеу» жұмыстары қабылдау комиссиясының құрылысы біткен объектіні қабылдау туралы 17.08.2018 жылғы актісімен 326314,5 мың теңге сомасында, оның құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу, авторлық және техникалық қадағалаушылардың шығындары құрайтын деп қабылданған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» 9 бөлімінің  272 тармағы № талаптарына қайшы 20118 жылдары құрылысы аяқталған және пайдалануға берілген объектілерінің қабылдау актілері негізінде оларға кеткен шығындар толық сомада, яғни құрылыс мақсатында жұмсалған сметалық құны 326314,5 мың теңге  шығындары уақытында есепке алынбаған.

Алакөл ауданы «Достық ауылыкөше жарығының орнату жұмыстарын жүргізу» үшінжұмыстары қабылдау комиссиясының құрылысы біткен объектіні қабылдау туралы 27.08.2018 жылғы актісімен қабылданған. 140651,0 мың теңге сомасында, оның құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу, авторлық және техникалық қадағалаушылардың шығындары құрайды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесінің» 9 бөлімінің  272 тармағы № талаптарына қайшы 20118 жылдары құрылысы аяқталған және пайдалануға берілген объектілерінің қабылдау актілері негізінде оларға кеткен шығындар толық сомада, яғни құрылыс мақсатында жұмсалған сметалық құны 140651,0 мың теңге  шығындары уақытында есепке алынбаған.

Барлығы жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жататын сома 1130,5 мың теңге, бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілуге жататын сома 1347143,9 мың теңгені құрайды.

      10. «Алакөл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

 Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Қазақстан  Республикасының  бюджет кодексінің» 104-бабының талабына сәйкес,  2017 жылы Алакөл ауданы, Үшарал қаласындағы үш 60 пәтерлік және алты 20 пәтерлік жалдамалы тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникацияларын және аббатандыру жұмыстарының құрылысын» жүргізуге жобалық сметалық құжатнама  әзірлеуге 1000,0 мың теңге тиімсіз жоспарланып игерілмей қалған. Бұл рәсімдік бұзушылық жыл аяғында ауданның мәслихатының шешімі мен қаржы бөлінгенімен, мемлекеттік сатып алу конкурсын қорытындысы 28 желтоқсанда шығу себебінен орын алған.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Қазақстан  Республикасының  бюджет кодексінің»  104-бабының талабына сәйкес,  2017 жылы Алакөл ауданы Достық ауылында салынатын 600 орынды мектеп құрылысына жобалық-сметалық құжатнама әзірлеуге 500,0 мың теңге тиімсіз жоспарланып игерілмей қалған. Бұл рәсімдік бұзушылық жыл аяғында ауданның мәслихатының шешімі мен қаржы бөлінгенімен, мемлекеттік сатып алу конкурсын қорытындысы 28 желтоқсанда шығу себебінен орын алған.

"Алакөл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Тапсырыс беруші деп аталады) Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласындағы жекеменшіктегі тұрғын үйлердің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы (сумен жабдықтау жүйесі)» және(электрмен жабдықтау желері)» даярланған жобалау-сметалық құжаттамасына Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысын алуға«Қазақстан сараптау қауымдастығы «КAZEXPERTIZA» ЖШС-стігі мен 11.09.2018 жылы №21 құны 1868,5 мың теңге құрайтын келісім шартқа отырған. 2018 жылға қарастырылған қаржы толығымен игерілген.

Шартың 2.2 тармағының 2 тармақшасында көрсетілген сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (1- қосымшасына) сәйкес жұмыстың орындалуы мерзімі 15.10.2018 жыл белгіленген. Құрылыс-монтажжұмыстары бойынша шарттық міндеттемелер, шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге банк кепілдіктері бар.

«Қазақстан сараптау қауымдастығы «КAZEXPERTIZA» ЖШС-стігі жұмыс жобасы бойынша» №ҚСҚКАZ-0357/18 ( сумен жабдықтау жүйесінің қорытындысын 2018 жылдың 14 желтоқсанда берілген.

«Қазақстан сараптау қауымдастығы «КAZEXPERTIZA» ЖШС-стігі жұмыс жобасы бойынша» №ҚСҚКАZ-0357/18 ( электрмен жабдықтау желісінің қорытындысын 2018 жылдың 06 желтоқсанда берілген.

«Қазақстан сараптау қауымдастығы «КAZEXPERTIZA»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізгі Шартың 4.1 –тармағының 1)-тармақшасының талабына қайшы, Шартың 2.2-тармағында аталған 1 қосымшасына сәйкес өзіне қабылдаған міндеттерінтиісінше орындамай 60 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындаған. Бұл ретте негізгі келісім шарттың 8.3-тармағына сәйкес орындаушы жұмыстарды кешіктірген әр күнтізбелік күніне орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% тұрақсыздық айыпұл (12.10.2018-14.12.2018 жыл1868458 теңгеден*0,1%*60 күн= 112107 тенге) немесе 112,1 мың теңге аудит барысында жергілікті бюджет есебіне қайтарылды. 

11. «Алакөл ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдесінгеді №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңының 60 – бабы  1 – тармағының талаптары сақталмай, Молдағұлова мен Жансүгіров көшелерінің жолдарын күрделі жөндеу кезінде жергілікті бюджеттен 104849,8 мың теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген уақытша ғимараттар мен құрылыстарға жалпы сомасы 2253,6 мың теңгеге қайтарылмаған сома анықталды. Аталған сома жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

12. «Алакөл ауданының Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

2018 жылдың 29 мамырдағы №37-ж Алакөл ауданының әкімі Ә.Жақанбаевтың өкімі негізінде мекеменің басшысы Н.Бейсембаевқа ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. Алайда, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.08.2001ж. №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармақ, 1 тармақшасының талаптары сақталмай, мекеме басшысы Н.Бейсембаевқа 2018 жылдың 09 қарашадағы және 2018 жылдың 16 қарашадағы өкімдері негізінде  155,7 мың теңге мөлшерінде сыйақы негізсіз есептелініп, төленген. Аталған сома жергілікті бюджет есебіне қайтарылды..

13. «Алакөл ауданының Екпінді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.08.2001ж. №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 4.1 тармағының талаптары сақталмай, Алматы облысы Алакөл ауданының әкімінің 2018 жылғы 28 наурызында №24-ж бұйрығымен «Алакөл ауданының Екпінді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкіміне Қыстаубаев Әділхан Какенұлына ескерту түрінде тәртіптік жаза жарияланған, алайда Алакөл ауданының әкімінің 2018 жылдың 17 сәуіріндегі № 19-ө өкімі негізінде 2018 жылдың 27 сәуірінде № 1241142/18-106 төлем шотымен Қазақстан халқының бірлігі – 1 мамыр және Жеңіс күні – 9 Мамыр мемлекеттік мерекелер құрметіне мекеменің әкіміне 77,7 мың теңге мөлшерінде сыйақы негізсіз төленген. Аталған сома жергілікті бюджет есебіне қайтарылды.

Келесі мемлекеттік мекемелерде бұзушылықтар анықталмады:

1. «Алакөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2. «Алакөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

3. «Алакөл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4. «Алакөл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5. «Алакөл аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6. «Алакөл ауданының Ынталы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

7. «Алакөл ауданының Жағатал ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

8. «Алакөл ауданының Арқарлы ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі;

9. «Алакөл ауданының Қызылашы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

10. «Алакөл ауданының Тоқжайлау ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;

11. «Алакөл ауданы Қайнар ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі;

12. «Алакөл ауданының Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

13. «Алакөл ауданының Лепсі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

14. «Алакөл ауданының Актүбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

15. «Алакөл ауданының Үшбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

16. «Алакөл ауданының Теректі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

17. «Алакөл ауданының Жыланды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

18. «Алакөл ауданының Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

19. «Алакөл ауданының Қабанбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

20. «Алакөл ауданының Сапақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

21. «Алакөл ауданының Көлбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

22. «Алакөл ауданының Ырғайты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

23. «Алакөл ауданының Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

24. «Алакөл ауданының Жанама ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

25. «Алакөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Алакөл ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі.

III. Жиынтық бөлік

Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында жалпы анықталған 1 359 233,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың сомасынан 703,8  мың теңге жергілікті бюджет есебіне қайтарылды, соның ішінде:

- «Алакөл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алакөл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде: 23,1 мың теңге бюджет есебіне өңдірілді;

- «Алакөл ауданының Үшарал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде: 29,3 мың теңге бюджет есебіне қайтарылды;

- «Алакөл  ауданының Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 33,5 мың теңге бюджет есебіне қайтарылды;

- «Алакөл ауданының Жайпақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 23,0 мың теңге бюджет есебіне қайтарылды;

- «Алакөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 199,8 мың теңге бюджет есебіне қайтарылды;

- «Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінде 49,6 мың теңге бюджет есебіне қайтарылды;

- «Алакөл ауданының Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 155,7 мың теңге бюджет есебіне қайтарылды;

- «Алакөл ауданының Екпінді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 77,7 мың теңге бюджет есебіне қайтарылды;

- «Алакөл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 112,1 мың тенге бюджет есебіне қайтарылды.

«Алакөл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алакөл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Алакөл  ауданының Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде, «Алакөл ауданының Жайпақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде, «Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінде,  «Алакөл ауданының Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде,   «Алакөл ауданының Екпінді ауылдық округі әкімінің аппараты», «Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылыққа жол берген жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң «Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында   «Алакөл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде  2 материал жіберілді.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға және мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығы және дұрыстығы бойынша сәйкестік аудитімен Алакөл ауданында 38 мемлекеттік мекемелер бойынша  18 544 482,7 мың теңге қаражат қамтылып, 13 мемлекеттік мекемелерде жалпы сомасы 1 354 624,7 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтарына жол берілгені анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 1 354 624,7 мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 1500,0 мың теңге.

 Жалпы анықталған 1 354 624,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың 5980,8 мың теңгесі бюджет есебіне қайтарылуға жатады, қалпына келтіруге жататыны 1 347 143,9 мың теңге, мемлекеттік аудит барысында 703,8 мың теңге бюджет есебіне қайтарылды.

Осылармен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны – 6 бірлікті құрады.

Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатты игеруге қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол толық жеткізілмеген және жекелеген мемемелер бойынша барынша пайдалы нәтиже алу көрсеткіштері толық орындалмаған. Анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтары қолданыстағы бюджеттік және басқада заңнамалардың талаптары бұзылғаннан орын алған.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

  Негізгі (талдамалық) бөлікте аталған мәліметтерді назарға ала отырып:

1. Мемлекеттік аудит іс-шараның қорытындысы Тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

  1.  

3. Алакөл ауданының әкіміне:

- «Алакөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 1852,1 мың теңге, «Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 40,8 мың теңге, «Алакөл ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2253,6 мың теңге, «Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 1130,5 мың теңге барлығы 5277,0 мың теңге жергілікті бюджет есебіне қайтаруды қамтамасыз етілсін.

- «Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 1347143,9 мың теңгеге есептілік бойынша қалпына келтірілуі қамтамасыз етілсін.

  • «Алакөл  ауданы әкімінің аппараты», «Алакөл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі», «Алакөл ауданының құрылыс бөлімі», «Алакөл ауданының автомобиль жолдары жолаушылар көлігі бөлімі», Алакөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемелерінде Қазақстан  Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтарына  жол берген мекеме басшыларымен  лауазымды тұлғалардың  тәртіптік жауапкершілігі  қаралсын.   

Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (20 парақта), мемлекеттік аудит объектілерімен жергілікті бюджетке қайтарылған және қалпына келтірілген қаражаттар туралы ақпарат (2 парақта).

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесіҚ. Манамұратов

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ